Материалдар / Бар әлем-мен үшін.Тренинг сабақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бар әлем-мен үшін.Тренинг сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Құқықтық сауаттылық.Тренинг
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Ақпан 2021
1504
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Бар әлем – мен үшін...
Мақсаты: Оқушының құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін толықтыру. 
Оқушыларды адам құқықтарына оқыта отырып, түрлі өмірлік жағдайларда өз мүмкіндіктерін жеке және қоғам пайдасына сәйкес шешім қабылдай алу әрекеттерін дамыту. Оқушылардың өмірге қызығушылығын арттыру, өмірді мәнді де, сәнді өткізуге құштарлығын қалыптастыру;Өмірдің мәнді болуы - ел тыныштығына, бейбіт өмір сүруге, ата - анасының аман есен болуына, өздерінің бақытты өмір сүруіне,ниет - тілектерін айтқызу, ой - пікірлерімен бөлісу. Сабақтың түрі: тренинг,саяхат 
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Бала құқықтары туралы» Конвенция. Барысы: 
І. Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық 
Шаттық шеңберінде амандасып 
Мақсатымыз, білім алу 
Міндетіміз, еңбектену 
Әр оқушы өз құқығын білу, 

Оны өмірде пайдалану. 

Бүгін біз неше түрлі бекеттерден өтеміз.
«Түсініктеме» бекеті 

Біздің еліміздің негізгі құжаттарымен және оқушылардың құқықтарымен танысамыз. 
Бірде адамдар жер шарының барлық бұрышынан бір жерге жиналуды ұйғарыпты. Біреулері шығыстан, енді біреулері солтүстіктен, оңтүстіктен, батыстан, сонымен қатар бай елдерден және кедей елдерден келіпті. Онда ер азаматтармен қатар әйелдер де болыпты. Олардың бір-бірінен айырмашылығы ұлтына, нәсіліне және де әр түрлі тілді сөйлеуімен ерекшеленіпті. 
Көпшілігі соғыс жүріп жатқан жерлерден кейбіреулері өз діндерін және саяси көзқарастары үшін қадалайтын мемлекеттерден келді. 
Барлығын біріктіретін бір ғана тілек:ешқашанда соғыстың болмауы, ешкімде қорқыныш пен үрейдің болмауы, ешқашан адамдарды жазықсыз кінәламау. 
Сондықтан да жер бетіндегі әр адамның оның ішінде балалардың да құқық тізімдері көрсетілді. Осы құқықты білу, құрметтеу үшін олар бірігіп Заң құжатын жазды. 
Адам баласы туғаннан бастап мемлекеттің қарамағында қорғауда болады. Себебі ол осы мемлекеттің азаматы. Сендердің де әр қайсысылардың осы мемлекеттің азаматтарысыңдар. Ол дегеніміз әрқайсысымыздың құқықтарымыз бен міндеттеріміз бар екенін білдіреді. Ол туралы Конституцияда жазылған. 
Конституция дегеніміз не? 
Конституция – бұл Қазақстан Республикасында тұратын барлық азаматтардың құқықтары мен міндеттері белгіленген құжат. 
Біздің еліміз Конституция күнін қашан мерекелейді? /30 тамыз/ 
Балалар, өздерің айтқандай Конституцияда Қазақстан республикасында тұратын адамдардың құқықтары мен міндеттері жазылады. Осы заңға бағынатын, оны орындайтын адамдарды кімдер дейміз? /азаматтар/ 
- Осы азамат деген ұғымға сендерде жатасыңдар. 
Ендеше, балаларға арналған олардың құқықтары мен міндеттерін анықтайтын арнайы құжат бар. 
Оның аты – Конвенция деп аталады. 
Конвенция – арнайы бір мәселе жөніндегі мемлекеттердің өзара келісімі. 
Бұл Конвенцияда Біріккен Ұлттар Ұйымына қатысатын бірнеше елдің өкілдері бірлесе отырып, осындай халықаралық шарт 1989 жылы 20-қарашада қабылданды. 
Ол «Бала құқықтары туралы» Конвенция деп аталады. Ол Конвенция 54-баптан тұрады. Конвенцияның басты міндеті – 18 жасқа дейінгі тұлғалардың құқығын қорғау. 
Бұл БҰҰ дүниежүзілік балаларына арналған Конвенцияны басшылыққа ала отырып, біздің елімізде де «Бала құқықтары туралы» заң бар. 
Ол 2002 жылы 8 тамызда елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасындағы «Бала құқықтары туралы» заңына қол қойды. 
Ең бастысы әр азаматтың негізгі құқығы – ол өмір сүру құқығы. 

«Шеңбер» бекеті

Осы шеңберде әркім өз ойын ашық айту арқылы, өз өмірлеріңізге ризашылықтарыңызды айтуға мүмкіндіктеріңіз бар! Ол үшін ”Мен өміріме ризамын...” сөйлемін жалғастыру керек.
 Балалар сендер не істеуге құқылысыңдар? 
• Өмір сүруге 
• Ата-тегін алуға 
• Отбасында тәрбиеленуге 
• Жеке бас бостандығына 
• Азаматтық алуға 
• Білім алуға 
• Баспана алуға 
• Дүние мүлікке 
• Демалуға 
• Денсаулықты сақтауға 
• Сөз бостандығына 
• Қоғамдық жұмыстарға араласуға 

«Өзіммен – өзім»
Сәл өзімізбен өзіміз болайық.
Тынышталып, еркін тыныс алып,
Көзімізді біраз жұмып, жайлап дем алайық.
«Мен өміріме ризамын, себебі ең бірінші өзімнің бар екендігіме осы дүниеде өмір сүретіндігіме қуанамын. Мен өміріме ризамын, себебі өзімді дүниеге алып келген ата - анам бар, олар мені жанындай жақсы көретіндігіне сенімдімін. Мен өмірге ризамын, себебі достарым бар. Мен өмірге ризамын. Әсем табиғатты жерімнің барына, күннің
әдемі шуағына, таңымның арайлап атқанына. Мен өмірге ризамын,”Еліміздің тыныштығына, денімнің саулығына,”Егеменді елім, туған жерім барына. Мен өмірге ризамын, өмірде бар болғаныма!»
«Ертегі» бекеті. 
Оқушыларға ертегі кейіпкерлерінің суреттері таратылады (бірнеше қиықтарға бөлінген). Мозайкаларды жинап, ертегі кейіпкерлері арқылы адамның қандай құқығы бұзылған. 
«Мыстан кемпір» - /ертегілерде үнемі балалардың өміріне қауіп төндіреді/. 
«Карлсон» - /шулайды, қоғамдық орнында тәртіп бұзады/. 
«Тоты құс» - /адамдардың тұрғылықты жерлерін қиратады, бау-бақшадан алтын алмаларды ұрлайды, сондықтан осы қылмысы үшін торда қамалған/. 
«Ойлан, тап» ойыны. 
Ертегі кейіпкерлерін айтамын, егер жағымды кейіпкер болса, шапалақтаймыз. Жағымсыз кейіпкер болса, онда аяқтарыңмен сартылдатасыңдар. 
• Ер Төстік + 
• Мыстан кемпір – 
• Жеті лақ ертегісіндегі қасқыр – 
• Шық бермес Шығанбай – 
• Байлық пен ақыл ертегісіндегі, кенже ұлы + 
Өте, тамаша! Бүгін жақсы еңбектендіңдер! 
Өздеріңе қажетті жаңа білім алдыңдар. Енді сендер біздің еліміздегі бала құқығын білесіңдер. Сонымен қатар адамның құқығы мен міндеттері бір-бірімен тығыз байланысты, оларды бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. 
Ал, енді сендер оқушы ретінде өз міндеттеріңді білесіңдер ме? 
Қорытынды:
Менде сиқырлы қарындаш бар, бұл қарындаш кімнің қолына тисе, сол адам бүгінгі күнгі әсерімен бөліседі.

Бүгінгі тренинг барысында қандай сезімде болдыңыз?

Оқушының міндеттері: 
• Әркім Қазақстан Республикасының Ата заңын сақтауға; 
• Қазақстан Республикасын қорғау әрбір азаматтың міндеті; 
• Әрбір адамның ар мен намысын құрметтеуге; 
• Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге; 
• Тарихи мәдени мұраларды сақтауға; 
• Тарихи ескерткіштерді қорғауға; 
• Табиғат және табиғат байлықтарын қорғауға; 
• Мектеп ғимараты мен оның аумағын үнемі тазалықта ұстауға; 
• Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет танытуға; 
• Ата-анаға қамқорлық көрсетуге. 

































Тақырып: «Өзіңді өзің басқаруды үйрен» Шляпа әдістемесі.

Мақсаты: аутодеструктивтік жағдайдың алдын алу.

Міндеті:

-Жасөспірімдерге болып жатқан жағдайларды сараптауға үйрету.

-Қандайда бір жағдайдан шығу жолдарын табуға үйрету.

- Ата аналарымен, достарымен, үлкен адамдар арасындағы қарым қатынаста, өзінің қылығына, таңдауына жауапты екенін үйрету.

-Өзінің «Мен» позитивтік образын қалыптастыру.

Өткізу формасы: тренинг

Қатысушылар: 4-9 сынып оқушылар.

Құралдар: әр түрлі шляпалар (6 түсті), мәтін жазылған парақ, таза парақтар.


Сабақтың құрылымы.

Мотивациялық блок.

Екі топқа бөлініп бугінгі күнің тақырыбын анықтау.

  1. Топ.

Біздің эрамызға дейін V ғасырда грек жауынгері Марафоннан Афинаға дейін 42 километрді жүгіріп келіп. Персыларды гректардың деңгенін айтып, мерт болды. Сол жауынгердің естелігі ретінде ең ұзын жеңіл атлетика аты берілген (42 километр 195 метр ) марафонка аты берілді.

  1. Топ.

Бір соғыс кезінде Напалеонға бір жауынгер келіп. Ол хатты беріп тұрып отырған жерінде шайқалып.

-Сіз жаралысыз ба? – Напалеон сұрады.

- Жоқ, өлдім!- деп аттан құлап өліп барады.

Бүгінгі сабағымызда біз не жайлы айтамыз?

Бұл методиканың авторы әйгілі психолоғы Эдвард де Боно. Жағдайы ол әр бір ойлау бағытымен шешуді ұсынады. Әр бір шляпаның өзінің бір ойлауға міндетті. Алты әр түрлі шляпа беріледі. Не себепті, шляпаны қолданамыз? Автордың айтуынша, бас киім арқылы біз оның әлеуметтік рөлін көреміз. Өздеріңіз ойлаңызшы. Біз: бейсболдың кепкасын, медбикенің косынкасын, әскердңғ бас киімін киеміз. Бізге ол жаңа әлеуметк ролді береді. Сол арқылы біз қошаған ортаға басқаша жаңаша көзқарасымен қараймыз. Маңыздысы ол шляпаны оңай шешіп тастау.

Ақ шляпа – ол нақты дәлел, сандар, ақпарат. Біз қандай мағлұматты білеміз? Қай ақпарат маңызды?

Қызыл шляпа – сезім, эмоция, алдын ала сезу. Мен осы проблемаға байланысты не сезінемін?

Қара шляпа – шындық, абай болу, нақты ойлау. Фактыларға нақты келу. Көмектесе ме бұл? Қаншалықты қауыпты? Осы ойын жүзеге асам?

Сары шляпа – пайда, не үшін солай істеу?

Мүмкіндік. Қорытындысы қандай болады? Осылай – жасауға- бола – ма?

Жасыл шляпа – зерттеу, жаңа ойлар, ұсыныс. Мүмкіндік, алтернатива, осы жағдайда не жасауға болады. Альтернативты ойлар бола ма?

Көк шляпа – ойлау процесін қадағалау. Осы этапта қорытындысын шығару. Келесі ойлаудың қадамын жасау.


Қара шляпа – нақты ой. Осы мүмкіндік бола ма?

Сары шляпа – пайда. Не үшін олай жасау?

Жасыл шляпа – жаңа ойлар, ұсыныстар.

Көк шляпа – қабылданған шешімді орындау керек па?



Жағдаятты тыңдаймыз. Енді өзіңізді осы басты кейіпкердің орнына қойып өз шляпаңыздың атынан осы жағдайды шешіңіз.


Лида отбасындағы сұлу тұңғыш қызы еді. Жолдас қыздары солай ойлайтын еді. Қара ұзын қолаң шашы, қара көздері. Өзі сондай тартымды. Ол өзі сондай ашық, ақжарқын, сыныпта барлығымен жақсы қарым қатынаста. Сыныптастарының ішінде оған Слава ұнайтын. Олар бір партада отыратын, сабақта бір біріне әрдайм көмектесетін, сабақтан соң Слава Лиданы үйіне дейін шығарып салады. Үш ай бұрын олар келіспей қалған. Слава қазыр бөлек отыратын болды, ол менде қазыр оңай кезең емес деп айтты. Қыздың өзімшілдігіне бір соққы болды.

Лида күнделікті таңғы сағат 7 оянды, сабағына жиналып мектепке кетті. Жолда келе жатып ол Слава жайында ойлады. Оның мұндай қылығы мазасын алды. Осы кезде оған бір ой келді.

«Ата анамнан туған күнімді жасау үшін ақша сұраймын. Өз достарымды шақырамын,Салаваны да шақырам. Ол мені көргеннен кейін менімен қайтадан араласқысы келетінін түсінеді. Не болмаса мен оған өзім барып, қайтадан дос болайық деп айтамын.» деп ойлады Люда.

Тек қана ата аналарымды ақша беруге көндңрсем болды. Әкем рұқсат береді, ал анам мүмкін бермес, қарсы болар.

- «Лида сен олай неге айтасын! Біз саған 8 наурызда ақша бердік, тапсырыспен киім тіеіздік, туфли алдық! Ал, сен тағыда ақша сұрап тұрсың. Бұл сондай шығын ғой! Осыдан кейін қалай өмір сүреміз? Біз миллионер емеспіз! Біз былтыр сенің туған күніңді жасадық қой. Осы жылы шыдай тұр.» - қызының өтінішіне осылайша ансы ашулана қабылдады.

- Маған өтте қажет туған күнімді жасау. Мен бүгін жолдас қыздарымды шақырып қойдым.

-«Жоқ» - деп әкеі айтты. – бұл жерде қойылым қоюдың қажеті жоқ. Өзің ақша таба бастаған кезде қанша рет туған күніңді жасағың келеді сонша рет жасайсың. Бөлмеңе бар!

Әкесінің айтқан сөзі төбесіне жай түсіргендей болды. Қызы көз жасына әзер ие болды. Бөлмесіне барып жылай бастады. Оның жоспары жүзеге аспады. Ең өкініштісі ол бүгін шын достарын, Славаны да туған күніне шақырып қойған. Енді барлығымен хабарласып болмайтынын айту керек. Бірақ олай жасасам барлығы мазақ қылады. Жеңілі өліп қалу! Өлу! Несі бар дұрыс ой! Сол кезде барлығы өздерінің істеріне өкінеді, ата анамда, Салавада.

Лида өзінің жерлеу рәсімін елестеті. Барлығы қабірдің қасында тұрып жылайды да «Қандай сұлу, қандай жақсы болып еді.» деп айтады. Әкесі оған ұрысқанына өкінеді дем «Оған ақша беруім керек еді. Несі бар үнемдеп жүрер едікм » деп. Ал, Слава болса ұзақ уақытқа дейін ешкіммен араласпас еді.


Енді Лиданың роліне кіреміз. Мен Лида.... Мен Лида.

Қазыр Лиданың атынан осы жағдаяттың шешімін айтасыңдар. Мен сіздерге прарқты таратам 10 минуттай ойлана тұрыңыздар. Қағазға өз жауаптарығызды жазуға болады.

Сонымен

АҚ ШЛЯПА ақпарат. Не болды, қандай шешім қабылдадың? Осы шешімді не себепті қабылдадың?

ҚЫЗЫЛ ШЛЯПА эмоция, сезім. Мен не сезіндім?

ҚАРА ШЛЯПА нақты ой. Осым іске асама?

САРЫ ШЛЯПА пайда, неге солай жасаймын?

ЖАСЫЛ ШЛЯПА жаңа ой, ұсыныс.

КӨК ШЛЯПА қабылданған шешімді іске асыру керек па?


Рольдік ойын: мен Лида емеспін, мен....


Сонымен, ойларыңызға рахмет. Ойларыңды әйгілі американдық психологтың сөзімен жалғастырайын деген. Анны Анастази: «Тағдырдың соққысына әр түрлі жауап беруге болады, күйзеліспен, депресиямен, мүмкін өзіне –өзі қол салумен не болмаса бар күш жігеріңді жинап тағдырға қарсы тұру». Осы сөздермен келісесіздер ме? Келіссеңдер онда осы қиын жағдайлардан қалай шығу керек екенін ойластырайық.

1 – қадам. Өзіңізге қиын болған жағдайда ең алдымен не істеуіміз керек?

Тақтада: ТОҚТА! БАРЛЫҚ БОЛЫП ЖАТҚАН ҚИЫНДЫҚТЫҢ БАҒАСЫ МЕНІҢ ӨМІРІМ БА?

Осы жағдайды бағалау.


2- қадам. Не, не болмаса кім, сізге көмектеседі? Өзіңнің қиындығыңмен біреумен бөлісуге бола ма?

Тақтада:ЕҢ АЛҒАШ АУЫР ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ЖАҒДАЙДАН ШЫҒАРАТЫН КӨМЕКТЕР: КҮШ ЖІГЕР, ӘН, АДАМДАР.


3- қадам. Қалай шешеміз, не қолданамыз?


Тақтада: ШЕШІМ! ЖАҒДАЙДЫ ЖАҚСЫ ЖАҒЫНА ӨЗГЕРТЕМІН, ЕГЕРДЕ ...........


4- қадам. Жаса


Рольдің шешімі. Мен Лида емеспін, мен......

Жүргізуші: Қазыр мен сіздерге ойын ұсынамын «Катастрофа».

Елестетіңдер бүкіл адамзатты катастрофа тосып тұр. Барлық тіршілік жойылады. Бірақ ғалымдар уақытша емделу тәсілін табады. Ол тірі емес бір заттқа айналуды ұсынды. Сендер қазыр ойланыңдар, қандай заттқа айналатыныңды. Қандай затқа айналар едіңіз, ақ параққа осы затыңызды толық сипаттап беріңіз: түсі, оның өлшемі, осы зат сіздің меніңізді толық сипаттау керек. Сол заттан кейін, өайтадан адамға айналамыз.

Осы тапсырманы орындауға 5 минут уақыт беріледі. Барлық парақтарды жинап алып оқылады да оқушылар тауып алу керек.

Рефлексивтік блок.

Сабақта не қиынға соқты?

Сабақта не оңай болды?


Сабақтың қорытындысы.









«Алты  шляпа» әдістемесі Эдвард де Боно

«Алты шляпа» әдісі таныстырылып өтіледі. Әр бір топтан қалауы бойынша  қатысушылар  шығып, қалаған түсті шляпасын алып өз ойын білдіреді.

Тақырып: Қарағанды қаласының болашағы зор, немесе Қарағанды – болашақтың қаласы

  • Ақ шляпа – таза ой, дұрыс ойлау.Ол тек нақты бар фактілерге, сандарға ғана сүйенеді. Тек бар нәрсеге ғана қарап отырып, алуға болатынды ғана аламыз. Ақ түс қағаз туралы ойға әкеледі. Осы режимде біз тек қолымызда бар немесе шешім қабылдауға қажетті ақпаратқа ғана сүйенеміз: тек қана фактілер мен сандар.

  • Қызыл шляпа бұл эмоциялар, оқыстан көздің ашылуы және интуиция. Қызыл шляпаны киген адам басқа адамдардың мүмкін болатын эмоционалды реакцияларын зерттейді. Қызыл шляпа – бұл қызу сөлейтін, тілі мен жағына сүйенген адам және көпшіліктің дәл қазіргі сәттегі бағытын байқай білетін саясаткер. Қызыл түс от туралы ойға әкеледі. Қызыл шляпа интуициямен, сезімдермен және алдын ала сезулермен байланысты. Мұнда еш нәрсені негіздеудің қажеті жоқ. Сіздің сезімдеріңіз бар және қызыл шляпа Сізге оны білдіруге көмектеседі.

  • Қара шляпа – бұл штаттағы пессимист. Алайда, ол аргументтері бар пессимист болуы керек. Өзінің көңілсіз «қолдарыңыздан не келер дейсінін» айта отырып, ол өз көзқарасын дәлелдейтін баяндама айтуы керек. Байқаңыз: «қара шляпа» киген адам саны «1» аспау керек. Пессимистердің көбейіп кетпеуі үшін біреуі ғана жеткілікті.

  • Сары шляпа бұл «позитивті» Күн. Сары шляпа – болашаққа деген ең оптимистті көзқарасты білдіреді. Ең Жақсысысын, Ең Сәттісін аңғарады. Барлық топқа оптимизм жұқтырады. Сары шляпа «негативтен» «позитив» таба білуі керек. Сары түс күн мен оптимизм туралы ойға әкеледі. Сары түстен біз жетістіктер мен артықшылықтарды іздеуге тырысамыз.

  • Жасыл шляпа бұл сайқымазақтың шляпасы. Жасыл шляпаны киген адам ең оқыс, күтпеген, ерекше ойлар білдіруі тиіс. Жасыл шляпа – бұл қиял-елестің ұшқындауы, ең батыл және творчестволық идеялардың көзі. Жасыл түс  өсімдіктер, өсу, энергия, өмір туралы ойға әкеледі. Жасыл шляпа – бұл шығармашылық, жаңа идеяны іздестіру, стандартты емес әдістер мен альтернативті көзқарастардың жиынтығы.

  • Көк шляпа бұл барлық үрдісті ұйымдастырушы. Көк шляпаның рөлі – бұл үйлестіруші, спикер болу – барлық шляпаларға сөз беріп, соңынан қорытындылау. Талқылаудың басында да қолданылады, ойлаудың міндетін қойып, соңынан қандай мақсатқа жеткізгісі келетінін анықтайды. Бұл барлық үрдісті бақылау және оны басқару (мақсатты қалыптастыру, қорытынды шығару және т.с.с.).






Геометриялық фигуралардан адам бейнесін салу.

Маккони графологи

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!