Материалдар / Барадос Мурзагалиев
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Барадос Мурзагалиев

Материал туралы қысқаша түсінік
Барадос атамыздың Ұлы Отан соғысына қатысқандығы туралы материалдар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қараша 2024
63
0 рет жүктелген
1900 ₸
Бүгін алсаңыз
+95 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +95 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


МАЗМҰНЫ

1.Аннотация

2.Кіріспе.

а) Мақсаты

3.НЕГІЗГІ БӨЛІМ.

а) Барадос атайдың өмірі.

ә) Соғыс жылдарында

б) Соғыстан кейінгі кезең




4.ҚОРЫТЫНДЫ.

а) Ұсыныстар.

б) Әдебиеттер.

в) Күнделік









Аннотация

«Ерлікке тағзым» жұмысында ауылдағы өмірден өткен ардагердің өмірбаяны мен тарихының негізгі фактілері көрсетілген, құжаттар да болған тарихи жағдайлар жөнінде мәліметтер енгізілген. Бұл жұмыс өз өлкесінің адамдарының тарихын білуге ұмтылған жасөспірім ұрпаққада кез келген адамдарға да өте қызықты.



Жетекші мұғалім: А.Аубакова




















Мақсаты:


  1. Ұлы Отан соғысы , оның зардаптары, Ұлы жеңістің мән-маңызы туралы мағлұмат беру.


2. Оқушылардың тіл байлықтарын, ойын, мәнерлеп оқу дағдыларын ұштау.

3.Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, қазіргі таңдағы арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерліктерін үлгі ете отырып , оларды құрметтеуге

тәрбиелеу; Отансүйгіштікке, елжандылыққа, батылдыққа шыншылдыққа баулу.





















Кіріспе


Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы 2015 жылы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерімен қатар Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойын атап өтті. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 2015 жылдың 7 мамырында сөйлеген сөзінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығымен және Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, «Екінші дүниежүзілік соғыста біздің ержүрек отандастарымыз жауынгер бабаларының даңқты жолын лайықты жалғастыра білді. Олар қазақтың қайсар, рухы биік, батыр халық екенін дүние жүзіне дәлелдеп берді. Арын-байрақ, намысын- найза еткен ерлердің қаһармандығы аңызға айналды. Жасанған жауды біз жұмылған бірлігімізбен жеңдік. Қанқұйлы соғыс жылдарында бүгінгі Қазақстан халқының мызғымас бірлігі қалыптасты. Біз ел басына түскен зұлмат жылдардың зілдей салмағын жан-жүрегімізбен сезініп өстік. Сондықтан біз адамзат баласына орны толмас қайғы-қасірет әкелген сұм соғыстың жер бетінде енді қайталанбауын тілейміз» деп айта келе, Елбасы соғыста қаза тапқандардың рухы мен Ұлы Отан соғысының қазірде көзі тірі майдан және тыл ардагерлеріне ерекше құрметпен қарауға шақырады.

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстан тарихының тарихнамасы мен мәселелерін зерттеудің қоғамдық-саяси маңыздылығымен қатар, диссертация тақырыбының өзектілігі өзіндік ғылыми білімнің жинақталу қажеттілігімен анықталады. М.В. Нечкинаның дәл анықтамасы бойынша, «ғылымдағы ең өзектісі оның одан әрі өсуі үшін аса қажеттісі» болады . Бүгінде жалпыодақтық және қазақстандық ғылыми орталықтармен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстан тарихы бойынша зерттеулердің көлемі орасан екендігін атап өту керек. Сондықтан, біздің ойымызша, жақын болашақта 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстан тарихын зерттеуде отандық дәстүрлерді жалғастыратын, жаңа әскери-тарихи және жалпы тарихи зерттеулерді жасау үшін тарихнамалық негізді дайындау аса қажет болып табылады. Біз тек 1941-1945 жылдардағы Қазақстан тарихының тарихнамасындағы отандық дәстүрлерді жалғастыру ғана Ұлы Отан соғысының қатаң жылдарындағы Қазақстан тарихын зерттеуде сабақтастықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деп есептейміз. Сонымен қатар, кеңестік және қазіргі отандық тарих ғылымында танымдық жағдайдағы өзгерістерді ескеретін тарихнамалық өзіндік тану тәжірибесінің жоқтығына байланысты біз 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстан тарихын зерттеп білу тарихына назар аударуды жөн көріп отырмыз. Берілген тарихнамалық мәселе деңгейінде зерттеу, біздің ойымызша, Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстан тарихын, сонымен қатар Қазақстан тарих ғылымының тарихын зерттеуде жаңаша нұсқалар мен көзқарастарды іздеуге қарапайым үлесімізді қосудың талпынысы болады.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жағдайында отандық тарихнамадағы методологиялық негіздерді жаңарту қажет. Ұлы Отан соғысы тарихының тарихнамасындағы марксистік кезеңнің әлсіз және күшті жақтарын обьективті талдау, казақстандықтардың Ұлы Отан соғысының шайқастарына, партизандық қозғалысқа қатысуын, Қазақстанның күшті майдан арсеналына және Кеңес Одағының әскери-өндірістік базасына айналуын, әскери сынақ жылдарындағы білім, ғылым, мәдениеттің жағдайын әділетті қарастыру ұлтаралық қатынастар мәдениетін қалыптастыруда және жастарды әскери өнерге баулуда, патриоттық тәрбие беруде ғылыми негізделген қорытындылар мен ұсыныстарды жасауға мүмкіндік береді.

Зерттеу жұмысының обьектісі: Кеңестік және тәуелсіздік жылдары жарық көрген зерттеушілердің Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан тарихы тақырыбы аясындағы монографиялар, ғылыми мақалалар, тарихи еңбектерге берілген сын пікірлер, көркем әдеби шығармалар, публицистика.

Зерттеу жұмысының пәні: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанның саяси, қазақстандықтардың соғыс қимылдарына қатысуының қысқаша тарихнамасы.

Тақырыптың зерттелу деңгейі: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандық жауынгердің қысқаша өмір баяны.

Зерттеудің мақсаты мен міндеті: Зерттеу жұмысының басты мақсаты -1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі соғысқа бастан аяқ қатысып елеусіз қалған атайдың өмірі.

Белгіленген мақсатқа сәйкес төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:

- Ұлы Отан соғысы жылдарындағы әр ауылдағы соғысқа қатыысып елеусіз ғұмыр кешкен адамдар туралыы дерек жинау.

- жалпы қазақстандықтардың жеңіске қосқан үлесі туралы тұжырымдарды талдау, қорытындылар жасау;

- кеңестік тарихнамадағы қазақстандықтардың майдан мен тылдағы ерлігі туралы қарастырылмаған мәселелерді анықтап, олардың қазіргі отандық тарихнамада зерттелу деңгейін сараптау;

- қазіргі отандық тарихнамадағы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан тарихы бойынша жарық көрген еңбектерді, арнайы зерттеулерді, мерзімдік баспасөз материалдарын, соғыс және тыл ардагерлерінің естеліктерін тарихнамалық тұрғыдан қарастырып, алдағы уақытта зерттелуді қажет ететін мәселелерді анықтау;

- тарихи ой-тұжырымы мол тәуелсіздік кезеңдегі зерттеушілердің Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан тарихының түрлі мәселелерін зерттеген еңбектеріне бүгінгі тарих ғылымы талаптары деңгейінде баға беру. Белгілі болған мәселелерге сүйене отырып, тарихнамалық нақты талдаулардың нәтижесінде, қолданбалы қорытындылар мен ұсыныстар енгізу.

Ақ ниетті адамзат гитлерлік фашизм талқандалған Ұлы Жеңіс күнін биыл 73-ші рет атап өткелі отыр. Бұл Жеңіс көп қиындықпен, зор құрбандықпен келгені әлемге аян. Кеңес халқы гитлерлік фашизмге қарсы қанды шайқаста 27 миллион азаматынан айырылды. 1418 күн мен түнге ұласқан қияпат қырғынның әр күні ғана емес, әр сағаты, әр минуты мен секунды ажал оғын төгіп тұрды. Әрбір алты секундта бір адам, әр минут сайын он адам, әр сағатта 588 адам, әр тәулікте 14-104 адам аранын ашқан ажалға тап болып, қыршынынан қиылып жатты.

Ел қорғауға аттанған азаматтардың дені 18-30 жастың арасындағы арыстар еді ғой. Ұлынан айрылған ата мен ана қасіреті, жарынан жесір қалған апалар мен жеңгелердің уыз махаббаты мен ыстық көз жасы, әкеден жаутаңдап жетім қалған ұл мен қыз қайғысы, асқар таудай ағаға арқа тірей алмай жерге қараған қарындас пен іні мұңы, осының бәрі әлі күнге дейін көкіректі удай ашытып, жүрек сыздатар, жанарға жас үйіріп, бой мұздатар сұмдықтар. Иә, ол бір біздің еліміз үшін қасіреті де мол, халықтық қасиетімізге қатал сын да болған кезең еді. Адамзат тарихындағы ең ауыр, ең қырғын-қияпат осынау соғыста өмір мен өлім, жақсылық пен жамандық, ізгілік пен жауыздық, адамгершілік пен апаткершілік шешуші айқас алаңына шықты. Біздің халқымыз барлық ауыртпалықты арқалай отырып, қанқұйлы фашизмді тас-талқан етіп күйретті; оның ордасын ойран етіп, шаңырағын опырып түсірді. Ал бүгінде айтуға оңай болғанмен, ол кезде тіпті де қиын еді. Біздің еліміз соғыс күші кем дегенде екі есе басым, жарты Еуропаны жаулау үстінде әскери-соғыс әдісі әбден жетіле түскен, жеңімпаздық желігі бойын кернеген, халық тілімен айтқанда, азу тісі балғадай жаумен айқасты. Біздің бір жауынгерімізге дұшпанның екі баскесері, бір танкімізге төрт танкі, бір самолетімізге төрт самолеті жабылды.

Мұнша күш, қару-жарақ опырып-жапыра шекарадан шұғыл өткенде өзіміздің де басқыншыларды қайратпен қарсы алып, қақ тұмсықтан ұруға әзірлігіміз әлсіз екені көрінеді. Соғыстың алғашқы кезінде айқаса отырып шегіну себебіміз де содан. Қашанда тұтқиылдан шабуыл жасау қарсыласына үлкен шығын әкеледі. Мысалы, соғыстың тек алғашқы алты айында ғана кеңес әскерлері 3138 мың адамнан айырылса, бүкіл соғыс барысындағы қаза тапқан солдаттар мен офицерлердің 40 пайыздайы осы қанқұйлы 41-жылдың үлесіне тиеді екен. Оның ішінде 1941 жылдың маусым-қараша аралығында Қызыл әскер майданында күніне екі дивизиядай, яғни, 24 мың адамынан айырылса, соғыс аяғында күнделікті шығындар 20 мың адамды құраған. Міне, жағдай осылай болуына қарамастан кеңес халқы опасыздықпен соқтыққан аранын ашып келген ажалға тайсалмай қарсы шауып, жауынгерлік ерлік пен батырлықтың баға жетпес үлгісін көрсетті. Кеңес солдатының ересен ерік-жігері, қайтпас қайрат-қажыры, төгілген қаны арқылы, тыл еңбеккерлерінің күні-түні тыным таппаған, тәуліктеп нәр татпаған табандылығы мен төзімділігі арқылы жеңіске қол жетті.

Шекаралық шептерде-ақ, күші басым жау ел шетіне ентелеп кіре бастаған шақта да жігері жасымаған жауынгерлеріміз Брест пен Ленинградты, Киевті, Одессаны, Севастопольды қорғау кезінде, Смоленск шайқасында, Мәскеу түбіндегі ұрыстарда қаһармандықтың небір үлгілерін көрсетті. Ал Сталинград, Курск, Днепр бойында жүргізілген ұрыстарда жаппай берілген соққылардан соң жау әбден-ақ есеңгіреді. Бұдан әрі ол келеге келуден кетті. Ұрыс шептері еліміз шекарасынан әрмен қарай өтіп, жауға үсті-үстіне соққылар берілді. Сөйтіп Кеңес Армиясы енді өзінің азаткерлік қызметін атқарып, Еуропа халықтарын фашистік езгіден құтқарды. Жеңіс, Ұлы Жеңіс осылай келді. Фашист басқыншыларына, фашизм мен озбырлық атаулының бәріне халықтар атынан шығарылған лағнет-қарғыс үкімі осылай орындалды. Соғыстың соңғы кезінде антигитлерлік коалацияға елуден астам мемлекетті топтастырған тарихқа қажеттілік осылай жүзеге асқан.

Кеңес елінің осынау Ұлы Жеңіс шежіресінде Қазақстан еңбекшілерінің де майдандағы, тылдағы ересен зор ерліктерімен жазылған қымбат беттер бар.

Қазақстан соғысқа 1 млн. 366 мың адамды аттандырып, Отан қорғауға 5183 қыз-келіншектер қатысыпты. Осы орайда республикадан 12 атқыштар дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы, 4 атты әскер дивизиясы және 2 артиллериялық, 4 минометтік, 3 авиациялық полктар, 14 жеке батальондар құрылып майданға жіберілген. Мұнымен қоса, соғыс кезінде республикадан тыс жерлерде жасақталған әскери құрамалар мен бөлімдерді, сондай-ақ Балтық Флотының Қызыл тулы «Киров» крейсерін Қазақстан адам ресурстарымен жабдықтады. Қазақстанда жасақталған дивизиялардың көбі 1941 жылдың шілде айынан бастап әскери дайындықтан шұғыл түрде өтіп, бірер айдан соң майданға аттандырылып жатты.

Негізгі бөлім

Республикада жасақталған әскери құрамалар Ұлы Отан соғысының басты майдандарында болып, жеңіс жолында аянбай жаумен шайқасты. Солардың бірі болып Мурзагалиев Барадос атай еді. Ол 1919 жылы Батыс Қазақстан обылысы Тасқала ауданында Семиглавый Мар ауылында дүниеге келген. Отбасы көп балалы болған . Ата-аналарынан ерте жетім қалған. .Әжесінің тәрбиесінде кішкене тентектеу болған, әжесі қайтыс болғасын балаларды балалар үйіне жастарына қарай тапсырылған, сол кезде бауырларынан айырылған. Сосын 16 жасынан еңбекке араласып, ФЗО-ға барған. 1937 жылы 18 жасында Отан қорғау борышын өтеуге аттанады. Содан 1939 жылы елге қайтамын деп жүргенде Кеңес- Фин соғысы басталып сол соғысқа қатысқан. 1941 жылы 26 маусымда артиллерияның 595 гвардиялық құрама полкінде болып, соғыс басталған күннен кейін 5 –інші күні соғысқа кірген. 1942 жылдың шілде айында сол көзінен жарақат алып бір көзінен айырылған , содан кейін жарақатына байланысты соғыстан босатамыз дегеніне көнбей қайтадан соғысқа сұранған, ауылға келместен соғысқа қайтадан қатысқан. 1942 жылы атайға Қызыл орденмен марапатталған. Ол соғыста барлаушы болған. Украйна жерінің картасын жатқа білген қай жерде қай ауыл екенін соғыстан кейінде айтып жүрген. Ол дерек қалай қалғаны туралы мынадай естелік бар. Атай соғыстан кейін Вавилин ауылында тұрған сол ауылда геолог қызметін атқарған Қиясова Гуля деген болған сол геолог жұмысты Украйнада істеген кейін денсаулығына байланысты жұмыстан қалған Ол да осы ауылда тұрған екен. Екеуі әңгіме айтады екен сол кезде Барадос атайдың Украйнаның барлық ауылын картаға қарамай жатқа айтқанына өте таң қалатын көрінеді екен. Барадос атай өте зиялы адам болған деседі, киінгені жүріс-тұрысы адамдармен қарым –қатынасы және немістілі мен француз тілінде еркін сөйлеген. Ол туралы оның жалғыз қызы Света апай былай «Менің достарымның бірі Алматы қаласында шет тілінде бес жыл оқығандары бар үйге қонаққа келетін сонда мен оларға әкем французша білем дейді сөйлесіп көрші десем сөйлескенде өте таң қалды. Біздер бес жылда тілімізді бұрап кейбір сөздерді айтуға қиналамыз сенің әкең қайда оқыған еш қиналмай сөйлеп отыр» деді. Соғыста қандай қызмет атқарғаны туралы өзі айытпаған тек соғыстан кейінгі жылдары қайта-қайта әскери адамдар алып кетіп қайтадан әкеліп тастаған туралы деректерді әйелі мен балалары айтады. Неліктен алып кетті? деп сұраған кісілерге мынадай жауап қатады екен: «Менің фамилиямен ұқсас Мурзагалиев деген аудармашы болған солмен шатастырып алып кеткен ғой». Енді аудармашы шатастырмаған сияқты себебі Ол кісі жоғарыда айтып кеткендей неміс тілі мен француз тілінде өте жақсы сөйлеген және соғыс болған жерлерді өте жақсы картасыз-ақ біледі екен соған қарап әрі барлаушы, әрі аудармашы болған шығар деп ойлаймын. Соғыстағы әскери билеті жоқ екен, басқа құжаттарының барлығы бар неліктен әскери билетін бермеген екен сол билетте қандай қызмет етілгені жазулы тұрады ғой. Сол кезде барлығы құпия болды емеспе. Аудан мұрағатында ешқандай дерек жоқ. Берлин қаласында шайқасқа қатысып, Германияны азат еткені үшін медальмен 1945 жылы марапатталған, осы жазу әскери міндеттен босатылғаны туралы куәлікте жазылған және тағы да мынадай жазулар «21 тамыз 1944 жылдан 18 наурыз 1946 жылға дейін 3320 арнайы тексеру пунктінде болған» бар, аман есен елге тек 1946 жылы оралғаны туралы көз көргендерде айтады. Ауылға Отан соғысының батыры Шамов Михайльмен бірге 1946 жылдың желтоқсан айында осы Семиглавый Мар станциясынан түскен екен. Содан соң еңбекке араласып барлық адамдар сияқты жұмыс істеген. Ол кісі соғыс ардагерімін деп ешқашан мақтанбаған, қарапайым балған, тек сәл тентектеу мінезі қалмаған.Ауылға келгеннен кейін үйленген бір бала бір қыздары болған. Балаларының анасы ауырып 1954 жылы әйелі қайтыс болған. Екі баламен жетім қалған сондада мойымай екі баласына ана болар анаға үйленген . Ол Жұпар апай еді , балаларды өз баласынан кем көрсетпей өсіріп жетілдірді. Бір бала мен екі қызды қатарынан кем қалдырмай өсіріп тәрбиелеп отырды. Сол апайдан жалғыз қызы ауылда әкесінің қара шаңырағында отыр. Жалғыз ұлын аяқтандырып екі қызын құтты орынға қондырып бақытты ата-ана аттанды. Колхозда қой баққан. Содан соң басқа да жұмыстар істеген. Ұлы Отан соғысының 20 жылдығына орай КСРО-ның Жоғарғы Кеңесінің бұйрығымен 7 шілде 1965 жылы мерей той мебальмен марапатталды. Кеңес Одағының қарулы күштеріне 50 жылдығымен мерей той мебальмен марапатталды. Ұлы Отан соғысының 25 жылдығына орай 1970 жылы мерей той мебальмен марапатталды. « Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі үшін » КСРО-ның қорғаныс министрі Кеңес Одағының Маршалы А.Гречко. Ұлы Отан соғысының 30 жылдығына орай КСРО-ның Жоғарғы Кеңесінің бұйрығымен 25 сәуір 1975 жылы мерей той мебальмен марапатталды. Кеңес Одағының қарулы күштеріне 60 жылдығымен мерей той мебальмен марапатталды. Ұлы Отан соғысының 40 жылдығына орай КСРО-ның Жоғарғы Кеңесінің бұйрығымен 12 сәуір 1985 жылы мерей той мебальмен марапатталды . Кеңес Одағының қарулы күштеріне 60 жылдығымен мерей той мебальмен марапатталды. 28 қаңтар 1988 жыл. Еңбектегі ерлігі үшін 29 қазан 1981 жылы марапаталған. 1979 жылы зейнеткерлікке шыққан. Зейнеткерлікке шықсада шаруасыын дөңгелетіп 30 шақты қой мен 4 бас сиыр ұстап баққан. Атай 1996 жылы 77 жасында 7 қарашада дүниеден өткен. Қасиетті де киелі адам болған екен, барлық сан 7 киелі санда болған.

Қорытынды.

Қазақ – жаратылысынан жауынгер халық, олар найза мен қылыштың заманында ғана емес, автоматты қару мен моторлы соғыстың заманында да өзінің қайсар қайтпас халық екенін көрсете білді, өздерінің даңқты ерліктерімен соғыс тарихының беттеріне есімдері алтын әріппен жазылды. Көптеген қазақстандық жауынгерлер жау тылында қоршауда қалып, партизандық күреске араласты. Соғыс жылдары 3,5 мың қазақстандық партизан отрядтарында болды. Ұлы Отан соғысында Кеңес Одағы бойынша орден және медальдармен марапатталғандардың ішінде 96.638 қазақ жауынгері бар. 11.695 адам Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды, осылардың 497-сі қазақстандық, бұлардың жүзге жуығы қазақтар, 110 қазақстандық «Даңқ» орденінің үш дәрежесіне де ие болды. Бұрын айтылып, жазылып жүрген, тіпті ғылыми еңбектер мен үкімет адамдарының ресми баяндамаларында 500-дей адам деп көрсетіліп жүрді. Қазір олардың саны 106 батыр деп жазылды. Бұлар соғыстағы ерліктері үшін ештен-кеш жақсы дегендей, әділеттік салтанат құрып, «Алтын Жұлдызын» алған адамдар.

Ұлы Жеңістің мерейтойына байланысты Кеңес Одағы Батырларының санын миллион адамға шағып, ғылыми талдау жасаған едік. Миллион адамға шаққанда Батырлар саны қазақта 35 адам болды, ал түркменде – 20, қырғызстанда – 18, өзбекте – 16, тәжіктерде – 14 адам. Бір ғажабы Сталиндік өктемдіктен өткен, ендігі жерде «біздің қазақтардың соғыста көрсеткен ерліктері өз дәрежесінде бағалана алды ма» деген сұрақ туады. Меніңше, жеткілікті бағаланған жоқ. Пікірімізді нақты фактілермен дәйектейік.

Бірінші дерек – 1941 жылы Панфиловтың тірі кезінде Бауыржан Момышұлы Ленин орденімен марапаттауға ұсынылған, ал, генерал И. Серебряков 1942 жылы жаңа жыл қарсаңында оған «Кеңестер Одағының Батыры» атағын беруді ұсынған болатын-ды. Өкінішке қарай, бұл екі награда да Баукеңе бұйырмады. Себебі, жоғарғы әскери басшылар Баукеңнің өздерінен бұрын әскери романға бас кейіпкер болғанына «риза» болып жүрген. Демек, «қайдағы жоқ киргиз» біздерден бұрын әскери-тарихи романға кіріп кетті деген көпе-көрнеу көре алмастықтан жолы кесілді. Осы себепті Александр Бекке де Сталиндік сыйлықты бергізбей қойды. Баукеңді дивизия командирлігіне тағайындау кезінде оны Жуков: «Мен полковникті соғыстың қаһарманы екен десем, кітаптың қаһарманы екен ғой», – деп кекетеді. Баукең сөзден ұтылсын ба, оның бет-жүзіне қарамай, бірауыз сөзбен «Нокаутқа» түсіреді. Жуков өзінің ойланбай сөйлегені үшін, Баукеңнен кешірім сұраған екен.

Екінші дерек – Рейхстагқа жеңіс туын бірінші болып тіккен Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатовтар да атақсыз қалып қойды. Бұларды 150-ші дивизия командирі Шатилов құшақтап сүйіп, қуанышын жоғары жақтағы командирге баяндайды. Олар болса, екінші рет Жеңіс туын қайта тіркеуге бұйрық беріп, біреуі – орыс Егоров, бір грузин Кантария дегендерді жіберіп, екінші Жеңіс туын тіктіреді. Бұл – 1 мамыр күні еді. Ал, Қошқарбаевтар 30 көкек күні түстен кейін тіккен болатын. Ұлы Жеңістің 36 жылдығы қарсаңында қазақстандықтар үшін үлкен қуанышты жаңалық болды. Ұлы Отан соғысының Батыры Рақымжан осы ерлікті айқындайтын құжаттарды еліміздің мемлекеттік мұражайының қорына табыстады.

Біздің Барадос атамыз соғысқа бастан аяқ қатысып өз дәрежесіне лайық орын ала алмай отыр, ол кісінің облыстық немесе республикалық дәрежеде зерттеліп тарихтан өзіне лайықты орын алса деп едік.

Жеңіспен аяқталған осы соғыстың тура және жанама шығындары сан рет өліп, сан рет тірілген қазақ халқы үшін 30 жылға (1916 –1945) созылған қасіреттің ойранымен де тікелей ұштасып жатыр. Соғыс басталар алдында КСРО бойынша қазақ халқының саны 3 млн. 250 мыңға жетіп, апатты оқиғалардан кейін қайта толығып келе жатқан болатын. Демографиялық деректерге қарағанда, тікелей майданға 500 мың қазақ азаматы атанған. Соның 350 мыңы, яғни 70 пайызы соғыста қазаға ұшыраған. Сонымен қатар елге қайтпағанмен, соғыста қолға түсіп тірі қалғандары да жоқ емес. Соңғы кезеңде ғана белгілі болып отырған бір шындық бойынша – 5,3 миллионға жуық солдат жау қолына түскен болса, соның кемінде 75 мыңы қазақ азаматтары болған. Олардың бірқатары аман-есен елге оралған. Осы жерде бізді сорлатқан тағы бір шындық, сол елім-жерім деп келген азаматтың көбісін «сатқын» деген жаламен түрмеге жауып тастаған кезеңдерді де бастан кешкен халықпыз. Сөйтіп, Ұлы Отан соғысы жылдарында қазақ сияқты халықтың өзінен ғана 300-350 мың азамат қазаға ұшыраған. Бұл жеңістен кейін дүниені жаңа бөліске салған АҚШ сияқты ұлы державаның екінші дүниежүзілік соғыстағы адам шығынынан (191 мың) бір жарым-екі есе дерлік көп шығын десе де болады..

Бұл Жеңіс – бүкіл соғысқа қатысушылар мен тыл еңбеккерлерінің қажымас қайраты мен рухының жеңісі. «Ат ауыздығымен су ішіп, ер етігімен қан кешіп», Отан үшін отқа түскен өршілдік пен елшілдіктің өшпес айғағы. Аталарымыз бен аналарымыздың тылдағы маңдай терінің арқасы. Міне, содан бері талай ұрпақ жаңғырып, заман жаңарды. Әйтсе де, соғыс табы әлі де толық жойыла қойған жоқ. Қайта сол соғыстағы Ұлы Жеңістің айбыны алмастай жарқырап, арта түсті. Ол да болса бейбіт заман, берекелі тірліктің жемісі. Қазақ Қазақ болғалы қаншама сұрапылды, зар заман зұлматты көрді. Осынау сайын даланы қорғап қалған бабалаларымыз да, сол даланың сай-төбелеріндегі сан мыңдаған мазарлар да жанкешті шайқастардың, жарқын жеңістердің куәсі. Дана Халқымыздың даңқты шежіресі, еліміздің тағлымды тарихы.

Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына 65 жыл болды. «Уақыт – ұлы дәрігер» дегендей, халқымыз бастан кешірген сұрапыл қайғы мен қасірет жеңілденді, ер-азаматтарымыздың төгілген қаны мен тері өзінің жемісін беруде. 2000 жылдың 1 қаңтарындағы дерекке қарағанда, майдангерлердің қатарында 75 мыңнан астам адам бар еді. 2005 жылғы 9 мамыр қарсаңындағы мәліметте олар 35 мың 300-ге түскендігі көрсетілген. Ал 2009 жылдың 1 қаңтарындағы цифр бойынша біздің республикамыздағы Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерден 12 мың 879 адам қалған.

Ұлы Жеңістің 73 жылдығы қарсаңында біздің осы адал ниетіміз, жақсы тілегіміз соғыс ардагерлеріне арнаған құттықтауымыз болсын! Ал, бұл күнге жете алмай, көз жұмған ардагер батырларымыздың, боздақтарымыздың аруақтары осы тілегімізді қабыл алсын! Сонымен бірге, жас ұрпаққа ардагерлеріміздің ерлігі үлгі-өнеге, өсиет болғай!

Біз соғысты көрмеген ұрпақпыз. Алайда, соғыстың халыққа қасірет, қайғы әкелетінін жақсы түсінеміз.Соғыс ардагерлерімен болған кездесулерде қатты тебіренеміз, олардың ерлігіне бас иеміз

Олар кімдер? Олар да ет пен сүйектен жаралған қарапайым адамдар. Олар алдарына үлкен мақсат қойып, бейбіт өмірді бастан кешті. Жалындаған жастық кезеңін кенеттен от шарпыды. Амалсыздан қолына суық қару алып, ел-жұртын фашизмнің қанды шеңгелінен қорғауға аттанды.Соғыста теңдесі жоқ ерлік көрсетіп,қанқұйлы жауды ойсырыта жеңді. Олардың әрқайсысы батыр деп аталуға лайық.

Батыр дегеніміз- ел басына күн туған шақта ел-жұртын жанын аямай қорғай білу. Қазақ халқы- ежелден батыр халық. Бұған сан ғасырлық тарихымыз, батырлық дастандарымыыз айғақ. Сол шайқастарда талай боздақтарымыз қыршыннан қиылды, елінің болашағы үшін жанын пида етті.












































ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:



1.Төлеуханқызы А. Ұрпақтарымыз ұмытпайды.// Егемен Қазақстан. 8 мамыр, 2010 ж. № 178-180.


2. История и историки. Историографический вестник. К 100 летию академика М.В. Нечкиной. М.,2001. с.7


3.Казахстан в первый год Отечественной войны против немецко-фашистских захватчиков.-Алма-Ата, 1943.-325с. История Казахской ССР с древнейших времен до наших дней.-Алма-Ата: Наука, 1943.-485с.


4.Абишев Г. Казахстан в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг. А.-А.: Казгосиздат, 1958.; Козыбаев М. Компартия Казахстана в период Великой Отечественной войны (1941-1945 гг.).- Алма-Ата: Казахстан, 1964.-363 с; Козыбаев М.К. Казахстан-арсенал фронта. Алма-Ата. Казахстан. 1970. 471 с., Ұлы ерлік.-Алматы: Қазақстан, 1980.156 с. Майдангер студенттер.-Алматы,1985.-105с.



5. Отбасының жеке құжаттары.































Қосымшалар:

Соғыс кезінде досымен бірге





Соғыстан кейінгі кезде.



Әскери міндеттен босатылғаны жөніндегі куәлігі.

Марапаттаулардың құжаттары.

Picture 3 Picture 4 Picture 2 Picture 2 Picture 3 Picture 2

Picture 2 Picture 3 Picture 2 Picture 3 Picture 2 Picture 3



Picture 3 Picture 2





Семиглавый Мар жалпы білім беретін орта мектебі















Ерлікке тағзым

( Ғылыми зерттеу «Сөнбес жұлдыз» секциясы )











Орындаған :

сынып оқушысы

Жетекшісі:












2024-2025 оқу жылы





Күнделік





Мерзімі

Жұмыс барысы

Ескерту

Маусым айы

Мектептегі жетекшіммен Ғылыми – зерттеу жұмысы бойынша «Ерлікке тағзым» атты тақырыпты таңдап алдық. Осы тақырып бойынша жобаның мақсатын, жоспарын, міндеттерін құрдық. Тақырыбымызға байланысты аудан мұрағатынан, аудандық әскери бөлімше мұрағатынан керекті материалдар қарастырдық.



Шілде айы

Қажетті материалдар іздеу мақсатымен жетекшім Алмагуль Орынтайқызымен ауылдағы Мурзагалиев Барадостың қызының үйіне іздеп бардық. Сол жерде тақырыбымызға байланысты отбасының жеке құжаттарымен жұмыс істеп, керекті материалдарды жазып алдық.



Тамыз

айы



Тасқала ауданы мен ауылда Барадос атаны танитын адамдармен кездесіп, мәліметтер алдық.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!