Бәрі де, ана бір өзіңнен басталады

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бәрі де, ана бір өзіңнен басталады

Материал туралы қысқаша түсінік
ана туралы эссе
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталады.

Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы Теректі негізгі мектебінің мұғалімі Жалмұқанова А.А.


Ана! Неткен ғажап, асыл, керемет сөз десеңші! Мағынасы зор, ғибратты ұғым десек артық етпес! Ана – бұл әрбір адамның өміріндегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ардақтысы. Аты әлемге әйгілі болған ержүрек батырлар да, ғасырлар бойы өзінің мол мұрасымен халықты сусындатып, халықтың сүйіктісіне айнала білген ақын-жыраулар мен сал-серілер де, ғылым білім жолында керемет жаңалықтар ашқан ғұлама ғалымдар да анадан туған. Сондықтан да әлемдегі барлық адам баласы, жалпы тіршілік иелері осы дүниеде жер басып жүргені үшін аналарының алдында қарыздар.

Әйел жерден шыққан жоқ,

Олда еркектің баласы.

Ерлер көктен түскен жоқ,

Әйел- оның анасы, - деп А.Тұрмағамбетов айтпақшы жер бетіндегі барлық адамзат анадан туған. Ана” дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ. Осы үші қана әріптен тұратын “ана” сөзінің астарында ұшан теңіз ой жатыр. Ана – әрбір адам баласы үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. Адамзат баласы алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. Адамның аузынан шығатын ең алғаш сөзі де – “ана”. Міржақып Дулатов атамыз айтқандай, бізді сүйетұғын, күйетұғын, әрқашан қамымызды ойлап жүретұғын абзал жанды адам, бұл – ана. Алдыңа қойған мақсатыңа жетуің үшін ана жанын қиюға да дайын. Ана баласының үлгілі азамат боп өсуі үшін бар күшін салып, тер төгеді. Шыныңда да, осыншама қиналып, көз жасн төге жүріп, бізді өсірген анаңа қолыңнан келгеніңнің бәрін істесең де, оның бәрі анаңның түн ұйқысын төрт бөлген бір күніндей ғана. Өз парызыңды өтеу, бұл – ана алдындағы парызды өтеу. Қаншама байлық иесі болсаң да, әлемге әйгілі адам болсаң да, анаңды, оның саған жасаған жақсылығын ұмытпау – сенің өмір бойы борышың. Қай адам қолынан келген сый-құрметін жасамады десеңші, шіркін! Бірақ соның бәрі анаңның бір ауыз жылы сөзіне жетпейді. Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтың қызығы – ананның қолында. Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымсен әлемді тербетеді. Ізгілік атаулының бәрі күннің нұры мен ананың ақ сүтінен жаралған- дейді дана халқымыз. Ана- тіршіліктің алтын арқауы екені әмбеге аян. Асыл ана туралы қасиетті де құдіретті сөздеер, аңыз –әңгімелер жеткілікті. «Жәннат – ананың табанының астында- делінген қасиетті хадисте. Осы керемет сөздердің астарында теңіздей терең мағына жатқаны ақиқат. Өмірге келген әрбір жанның басына берілетін бақ пен Алланың әмірімен жазылған өмір жолы, тағдыры болады. Әр адам өз арман-мақсаттарымен, алған тәлім тәрбиесімен ерекшеленеді. Сол тәрбиені беруші – әлпештеп отырған ата-анамыз. Ең бақытты жандар – ата-ананың мейірімін, қамқорын көріп, қасында жанашыр анасы мен қамқор әкесі барын біліп, жан жылуын сезініп өскендер. Ал сол бақыттың Қадірін ұғына алып жүрміз бе? Ата-анамыз өзіне тиісті құрметті көріп жүрме?

Анашым! Асыл анам, есіл анам,

Елжіреп есіркеймін есіме алам.

Мен үшін сен суалтқан ақ сүтіңді,

Ақтамасам, боп жүрмін несіне адам? – деп хан тәңірінің мұзбалағы Мұқағали ақын жырлағандай әр адамның анасының алдындаға парызы бар екені рас. Осы барша құрметке ие аналарымызды кейде қу дүниенің соңында жүріп қамықықтырып, нәзік жандарына кірбең түсіріп қоятынымыз бар. Кірбең түсірмек түгілі қартайған шағында асырап-бағудан бас тартып жатқандар қаншама? Дана халқымыз «ата-анаң жынды болса байлап бақ» демедіме. Ендеше неге үлкейгенде бір бала болған аналарымыздан теріс айналамыз? Барлық адам ана алдындағы парызын өтеп, ақ сүтін ақтап, ананың шашына ақ түсірмей, тек осы киелі жандардың бақытты болуын ойлау керек. Себебі ең бақытты адам – анасы бар адам. Жер бетіне жақсылық нұрын себетін аналарымыз аман болсын! Алладан анамызға барлық жақсылықты тілеуді ешқашан ұмытпайық! Аналарымыз барына әрқашан тәубә етейік!


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.11.2024
130
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі