Материалдар / Бәрі де ана бір өзіңнен басталады сынып сағаты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бәрі де ана бір өзіңнен басталады сынып сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Бәрі де ана бір өзіңнен басталады тәрбие сағаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Сәуір 2024
91
4 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты


Күні


Сынып жетекші:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Бәрі де, Ана, бір өзіңнен басталды»

Сабақтың мақсаты:

 Нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау. Оқушылардың оларға деген ізгі ниеттерін көрсету.



Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал

Бір түрлі кәмпит алғандарды

1-топқа «», ал екіншісін таңдағандарды 2-топқа «» тобына бөлемін.

Ой қозғау

"Бәрі де, Ана,
Бір өзіңнен басталды.
Сен деп жаздым алғаш өлең, дастанды.
Қуандым ба,
Өзің бар деп қуандым.
Жыладым ба,
Өзің жоқ деп жас тамды.
Бәрі де, Ана,
Бір өзіңнен басталды", - деп Қадыр Мырзалиев жырлағандай бұл өмірдің мәні де, сәні де аяулы аналарымыз. Сондықтан мейірім шуағын төккен абзал жандардың мерекесіне орай ақындардың жүрекжарды жазбаларын назарларыңызға ұсынбақпын.

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді.

Психологиялық ахуал


Оқушылар

дың пікірі тыңдалады






















Компьютер






















Сабақ басы (13 мин)












«Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды». Расында да, анамыз барда жасымыз жүздің асуынан асса да, өзімізді әрқашан бейкүнә сәбидей сезінеміз. Небары үш-ақ әріптен құралған сөзде қаншама мән-мағына жатыр. Түн ұйқысын төрт бөліп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, әрдайым баласы үшін шыр-пыр болып жүретін анамыздың жұмақ иісі аңқыған, балдай тәтті ақ сүтінің алдында мәңгілік қарыздармыз. «Анаңды үш рет Меккеге арқалап апарсаңда ақ сүтін ақтай алмайсың» деген халық даналығы бұл сөзімнің айғағы болмақ.

Тұманбай МОЛДАҒАЛИЕВ

Ана

Құлайын деп бара жатам құлдырап,

Көңілім жүдеп, көзім алды бұлдырап,

Сол кезде бір ән естимін жақыннан,

Аққан бұлақ секілденген сылдырап.

Есім жиып, өз бойымды тік ұстап,

Тіршіліктің әуенімен тыныстап,

Сергимін де, сезім гүлін құлпыртам,

Кел дегендей болады бір күміс бақ..

Сөндім-ау деп, өлдім-ау деп ышқынып,

Қалған кезде бойымдағы күш бұғып,

Сөнбейсің деп дауыстайды анашым,

Мен орнымнан жығыламын үш тұрып.

Ойнап шығам содан кейін құрақтай,

Жарқылдаймын жүрегімді жылатпай,

Мүмкін, ана махаббаты шығар бұл,

Мені сүйеп келе жатқан құлатпай.

суреттер

 










Ортасы (20 мин)


І топ

1. Балдан тәтті не? ( бала)

2. Қара шаңырак иесі кім? ( кенже ұл) 

3. Балаға кім сыншы?  (ата)

4. Әкеден балаңа берілетін зат ( мұра)

5. Үйдегі алтын адам кім?  ( ана)

ІІ топ

Тәрбие мен білімнің ордасы ( мектеп)

18 жасқа толмаған адам ( бала)

Екі адамның бір-біріне деген адалдығы ( достық)

Бес асылды атаңыз  (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)

Үш арсызды ата? ( ұйқы, тамақ, күлкі)



Көрініс «Әжесі мен немересі» «Дүниеде не қымбат?» Немересі: - Әже деймін, әже, Сұрақ қойғым келеді сізге. Мен түсінбейтін бір жәйт бар. Түсіндірші соны бізге. Бірінші сұрағым сізге: Дүниеде не қымбат? Әжесі: - Адам қымбат, қалқам. Немересі: - Адамға не қымбат? Әжесі: - Бала қымбат, қалқам. Немересі:- Балаға не қымбат? Әжесі: - Ана қымбат, қалқам. Немересі: - Иә, десеңші әже! Түсінбеппін осы жайды. Тағы бір сұрағым бар сізге, Қатты мен жұмсақ жайлы. Әжесі: - Сұрай ғой, қалқам. Не сұрасаң да жауап берейін. Немересі: - Әже дүниеде не тәтті? Әжесі: Ананың сүті тәтті. Немересі: - Дүниеде не қатты? Әжесі: - Атаның жүрегі қатты. Қарағым, сауал қойдың көп маған. Бір ақыл айтайын саған Тату болса – ағайын жақын, Ақылшы болса - апайың жақын. Бауырмал болса - інің жақын, Алдыңа тартқан адал асың, Қимас жақын қарындасың. Немересі:- Түсіндім, әже. «Дүниеде не қымбат екенін?» енді мен айтайын: Алтын ұяң - Отан қымбат, Құт берекең - атаң қымбат. Аймалайтын - анаң қымбат. Мейірімді - әжең қымбат. Асқар тауың - әкең қымбат. Бәрінен де ұят пенен ар қымбат! Жарқыраған қызыл гүлдей Болсын әсем өміріңіз Сәуле шашқан әсем күндей Көтерілсін көңілдеріңі


Төлеген Айбергенов

Ана

Арманыңды ақтармын ба жүрегімде тербесем?

Айға сіңілі, қарындассың қасиетті Жерге сен.

Мен өзіңді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем,

Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен.

 Сұлу әлем, әлем сұлу сен жаратқан адаммен,

Көк жолының қарсылығын қағып тастап барам мен.

Сендік қуат болар, бәлкім, басын иді көк маған,

Әркез сенен туғанымды есіме алсам, тоқтаман.

 Ал ұмытсам, ұмыт болып қаларымды білемін,

Ұмыт қалмау үшін менің шарқ ұрады жүрегім.

Шат жүріп-ақ қас қаққанша боламын мен шерменде,

Жетім емес кей ананың жетімдігін көргенде,

Көз алдымда жас дөңгелеп булығам да ызадан,

Маған тіпті сөз келмейтін ұяттардан қызарам.

Бұл дүниеге онсыз-дағы кеткен жоқ па көп есең,

О, аналар, кей пасықты жаратасың неге сен?!

Тасбауырлар дүниеге келсін де, тез кетсін де,

Әлде өзгелер ондайлардан жиіркенсін дейсің бе?

Қай кеудені жылытады лапылдаған отпенен,

Өз кеудесін жылытуға құдіреті жетпеген.

Анаң саған керек болса, балаңа да сен керек,

Кезекпенен ауысатын ғұмыр ғой бұл дөңгелек.

Ана керек, о, адамдар, ана керек адамға,

Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда.

Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы,

Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы!  

 

             ***

  Мұқағали Мақатаев

«Шеше, сен бақыттысың»

 

 Шеше, Сен бақыттысың! Жыламағын.

Жай түсіп жатқанда да құламадың.

Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның,

Сондықтан жыламағың, жыламағын!  

Бармын ғой, Тірімін ғой, Қасыңдамын.

Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын!

Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағың,

Байырғы берекеңді қашырмағың!  

Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа,

Өзім кепіл тот басып тозбасыма.

Екі жыр жазсам саған бірін арнап,

«Шеше» деп жаздым ылғи сөз басына.

(Тәңірім кеше көрсін кесірімді.)

Аспанға жазам сенің есіміңді!!!

Шеше! Сен бақыттысың, тербете бер,

Құба талдай иілген бесігімді…

         






Соңы







Бүгінгі тәрбие сағатымның мақсаты : Ана жайлы ұлағатты сөздер арқылы ана мейірімін, махаббатын, жақсылығын түсіндіру; ананы сүю арқылы елі- жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Ана еңбегін бағалауға үйрету Ер бала мен қыз бала арасындағы татулықты нығайту болатын міне менің ойымша осы мақсатыма жеттім деп және бұл мақсат әрі қарай жандана береді деп сенемін. Біз ғана емес, Қадір тұтқан бабалар, Ана – деген тіршіліктің тірегі, Мерекеңмен қасиетті аналар! – деп аяктаймыз Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет! «Менің сабақтан кейінгі әсерім» кестесін толтыр.

Қандай ой пайда болды?

Не сезіндім?

Не ұнады?






Рефлексия жасайды.

Сабақтан кейін қандай әсер алғанын, не сезінгенін, не ұнағанын айтып, алған әсерімен бөліседі









презентация



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!