Материалдар / Барлық шығармалардың талдауы

Барлық шығармалардың талдауы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ әдебиеті пәнінен барлық шығармалардың талдауы
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
«Ежелгі дәуір әдебиеті»
«Алып Ер Тұңға» дастаны
« Тақырыбы: Алып Ер Тұңғаның ерлігін, батырлығын, беделін, басынан кешкендерін сыр
шерту(жоқтау)
« Идеясы: Тұран елін сыртқы жаудан қорғау, түркі жұртын ішкі ынтымақ-бірлікке үндеу,
туған жердің абырой-даңқын арттыру.
« Жанры: Дастан, жоқтау жыры
« Кейіпкерлері:(қосымша)
Алып Ер Тұңға - Тұран елінің көсемі, «алып» сөзінің мағынасы қаһарман, мықты қолбасшыға берілетін әскери титул. «Тұңға» сөзінің мағынасы жолбарыс текті аң.
Барысхан деген ұлы мен Қаз есімді қызы болған(Қазойын - серуен құрған шаһары,
екінші қаласы - Қазсуы, Ілеге құятын өзен бойында).
Қаздың күйеуі - Сияуыш.
« Маңызды деректер:
«Тұран» – Тұр елі – түркілер елі деген сөз. Иран патшалары мен Афрасиабтың соғысы
Сейхұн (Сырдария) – Жейхун (Әмудария) шегарасында болған.
Алып Ер Тұңға өлімінен бастау алатын жоқтау.
«Замана түгел күйреді,
Білімді жақсы сиреді...»
«Білімді батыр жүнжіді,
Замана аты жаншыды.
Ізгілер тәні жидіді,
Жерге тиіп сүртілер,..» - деген жолдарда Алып Ер Тұңға өлімін жалпы замана, өмңрге
байланыстыра жырлаған.
Халықтың қайғысы қатты болғанын «Бөрідей жұрт ұлысып» деп жеткізген.
Батырынан айырлған халықтың қандай күйге түскенін «Замана түгел күйреді» деп сипаттаған.
Көркемдік құралдар: жоқтау, арнау, кейіптеу, градация, метафора, теңеу, эпитет және т.б.
« Алып Ер Тұңға өлді ме?
Опасыз дүние қалды ма?
Заман өшін алды ма?
Енді жүрек жыртылар...
Бектер атын болдырып,
Қайғы оларды солдырып,
Меңді жүзі сарғайып,
Запыран рең сүртілер.
Бөрідей жұрт ұлысып,
Айқаймен жаға жыртысып,
Өкірген үнін өшіртіп,
Жылаған көзден жас өрер.
Көңілім ішті жандырды,
Жазылған жара жаңғырды.
кешкен күндер көзге ұрды,
Күн-түн демей ізделер.

Тағдыр кезін келтірді,
Ұры тұзағын ілдірді.
Бектердің бегін ап кетті,
Қашса қалай құтылар?
Тағдырдың күнін тербетер,
Пенденің күшін меңдетер,
Пәниді жұрттан тазартар,
Қашсаң, тағы артылар.
Тербетер салты мұндай-ақ,
Бұдан да басқа сыр көп-ақ,
Заман атса кезеп-ақ,
Таулардан басы күйрелер.
Оған атса дәл кезеп,
Кім тоқтатар көлбеу кеп?
Тауды атса көзден кеп,
Шың шатқалы қарқырар.
Замана түгел күйреді,
Білімді жақсы сиреді.
Жаман-жәутік түптеді,
Ізгі бектер шертілер.
Білімді батыр жүнжіді,
Замана аты жаншыды.
Ізгілер тәні жидіді,
Жерге тиіп сүртілер.
« Шеңгелін ажал салды ма,
Ер Тұңғаны алды ма,
Сұм дүние артта қалды ма...
Қайғылы жүрек жыртылды-ау.
Сұм ажал бүгін жылатты,
Құрығын салып құлатты,
Бектердің бегін сұлатты.
Қыршын да ғұмыр қырқылды-ау.
Өмірдің күні зырлайды,
Адамның күшін ұрлайды,
Ғұмыр да мәңгі тұрмайды,
Құтылмас ешкім ажалдан.
Тәңірім торын құрғанда,
Тұтылмай адам тұрған ба,
Кертілер алып шыңдар да,
Тағдырдың оғы қадалған.
Ажалмен тәңірім сынаған,

Тұра алар қарсы кім оған,
Құздар да одан құлаған,
Құтылып ешкім кетпедің.
Аш арландай аларып,
Қадалғаннан қан алып,
Нұрлы жүздер қабарып,
Тұр қайғыға қамалып
Жауға шабар бектерім.
Ерлікті қаза сынады,
Бектерім жасын бұлады,
Бөрідей ұлып жылады,
Жоқтады жыртып жағасын.
Көңілімді қайғы жандырды,
Жазылмас жара қалдырды,
Кешегі күнге зар қылды,
Кеткенді қайдан табасың?
Жалғанның туып заманы,
Жауыздар қаптап барады,
Ашылды сұмның араны,
Сиреді қайран бектерім.
Біліктілер қалмады,
Заман оны жалмады,
Сүрінді бектің тарланы,
Салды жанға жараны.
Ажал жұтып ағаны,
Жауыз жайлап барады,
Жақсының өшіп жанары,
Дүние азып барады. (Аударған Фариза Оңғарсынова)
« Ұлттық құндылық: Жоқтау жыры көрініс табады.
« Түсінік+өз ойым: Алып Ер Тұңғаны жоқтау түркі халқының ежелгі дәуірдегі ерлігін баяндайтын қаһармандық жырдың бір бөлігі ғана болып табылса да келер ұрпаққа мол мұра
болып қалады және оның есімін еш уақытта ұмытпауға шақырады.
« Ұқсас шығарма: Фирдоуси «Шаһнама»(Афрасиаб - «дүлей қара күш иесі»)

«КҮЛТЕГІН» жыры
« Тақырыбы: Ерлік пен ел қорғау, тәуелсіздік жолындағы күрес.
« Идеясы: Күлтегін батырды Түркі қағандығында құдіретті тұлға ретінде көрсету, Түркі
елінің билеушілерін дәріптеу.
« Жанры: Жыр
« Ұлттық құндылық: Ежелгі дәуір әдебиетінен сыр шертеді.
« Түсінік+өз ойым: Мәңгілік ел болу идеясының темірқазығы іспеттес шығарма, батырлық
жырлардың қалыптасуына әсер еткен.

« Ұқсас шығарма: «Тоныкөк», «Онгин» ескерткіші, «Орхон-Енисей жазбалары»
« Кейіпкерлері:
Күлтегін - басты кейіпкер, қолбасшы, «Көк түркінің семсері» атанған атақты батыр.
Білге қаған - Күлтегіннің ағасы, Екінші Шығыс Түрік қағанатының қағаны.
Елтеріс(Құтлық) - қаған, Күлтегін мен Білгенің әкесі, әскербасы.
Тоныкөк - Күлтегін батыр мен Білге қағанның ақылшысы, кеңесшісі.
Ұмай ана - ұрпақ жалғастырушы, береке-молылық тәңірісі, түркілердің қасиетті аруағы.
«Мектеп» баспасы
« Композициялық талдау:
Басталуы: Елтерістің қазасы
Байланысуы: Он жасар Күлтегіннің ер атануы
Дамуы: Күлтегіннің ерлік жолы
Шиеленісуі: Тоғу кентіндегі шайқас
Шарықтау шегі: Күлтегіннің қаза болуы
Шешімі: Білге мен елдің қайғысы. Күлтегінді жоқтау
« Маңызды деректер:
Елтеріс қаған(әкелері) қаза болғанда Күлтегін 7 жаста болған.
10 жасында Ұмай текті шешеден ер атағын алған.
16 жасқа келгенде ел-жұртын молайтты; алты чуб, соғдыларға аттанады; Табғаш,
оңтұтықтың бес мың әскерімен соғысып, жауға жаяу ұмтылды.
21 жасында Чача Сеңүнмен айқасты.
26 жасында қырғыздарды Көгмен жерінде ұйқыда басты.
27 жасыда Қарлық халқы еркіндік алып жау болды.
30 жасында Тамағ шыңында қарлықтармен соғысты. Алып шалшы ақ атқа мініп, қос батырды найзамен шанышты.
Бір жылда 5 рет шайқасты; ең ілкі Тоғу кентінде шайқасты.
47 жасында Күлтегін қаза табады.
Чуб, Табғаш(Қытай), Соғды, Оңтұтық, Қарлық - халық, ел аттары.
Ұмай текті шешенің ер атағын беруі секілді ежелгі дәстүрлер кездеседі.
«Арман-ПВ» + «Атамұра» баспасы
« Композициялық талдау: «1-жыр»
Басталуы: Білге қағаннң таққа отыруы. Елі, жері үшін соғыс. Халық жағдайының жаөсаруы.
Байланысуы: Күлтегіннің қазасы. Шайқастағы асқан ерлігі мен күштілігі.
Дамуы: Күлтегіннің жауға шабуы. Мінген аттары.
Шиеленісуі: Отыз жасар Күлтегін, ел қанаты
Шарықтау шегі: Бір жылдағы бес айқас. Күлтегіннің ойраны.
Шешімі: Күлтегіннің қазасына қатты қайғырған Білге қаған.
« Маңызды деректер:
Жер-су аттары: Қадырхан, Кері-Кену(түркі халқы мекен еткен аймақтар)
Көк тәңірі, көк аспанға табынған.
Терістікте - оғыздар, шығыста - құқайлар, татабы мен қытай бар, түстіте -табғаштар.
Білге қаған олармен он екі рет соғысты.
Соғды, Оңтұтық, Табғашты қуған, соғысқан.
Алдымен, Тадық Чурдың боз атына мінді.
Ышбар Ямтардың боз атына мінеді.
Йегін Сілікбектің торы атын да мінді. Үш ат та зорығып өлді.

1.
2.
3.
4.
5.

Отыз жаста(31) Қара көлде аздармен соғысты.
Алып шалшы боз мініп, аздарға қарсы шапты.
Тоғу кентінде боз мініп, алдаспанын сілтеді, 6 жауды түйреп, 7-сін сүйреді.
Құшлағатта едіздермен шайқасты. Қарагерге мініп, 1 дұшпанын түйреп, һәм тоғызын күйретті.
Оғыздарға қарсы күрес.
Һүш үстінде түркіге қарсы. Тоңыралық он ерді Таңатегінде ұстады.
Езгенді Қадазда оғыздармен соғысты. Қарагер атпен, екі жауды құлатты. Мағы қамалын
қыстап, аздап демалды.
Боз ат мініп, 9 жаудың жартысы құлап, бой бермеді. Күлтегін қаза болды. Ел, Білге қаған
қатты қайғырды, жоқтау айтты.

« Композициялық талдау:(2-жыр «Кіші жазу»)
Басталуы: Қағанның өз халқына айтқан үндеуі.
Байланысуы: Түркі қағандығының жерінің кеңдігі. Жорықтар туралы
Дамуы: Табғаш халқының қастандығы. Алданған Түркі халқы.
Шиеленісуі: Түркі халқының қырылып, азаюы.
Шарықтау шегі: Білге қағанның түркі халқының даңқын көтеруі.
Шешімі: Ескерткішті жазудағы себеп болған жайттар мен авторы.
« Маңызды деректер:
Шад, апа бектер, тархан - әскери атақтар.
Кексіз түркі қағаны Өтүкен қойнауында отырса елде мұң жоқ.
Ілгері Шаңтүң жазыққа дейін жауладым, теңізге сәл жетпедім.
Түстікте - Тоғыз Ерсенге дейін жаулап, Тибетке сәл жетпеді.
Батыста - Інжу өзенін кешіп, Темір қақпаға дейін жаулады.
Терістікте - Байырқы жеріне дейін жауладым.
Ел тұтатын нағыз иесі жоқ жер - Өтүкен. Осында табғаштармен табысты.
Сөзі тәтті, бұйымы асыл - табғаш халқы.
Жазуды жаздырғанның аты Иоллығтегін.
« Композициялық талдау:(2-жыр, «Үлкен жазу»)
Басталуы: Көк тәңірі. Түркі халқының қалыптасуы.
Байланысуы: Білге қағанның абырой-даңқы. Бумын мен Елтеріс қаған.
Дамуы: Дарынсыз қағандардың таққа отыруы.
Шиеленісуі: Табғаштардың алдауы. Іргенің шайқалуы.
Шарықтау шегі: Түркі халқының шарасыздығы.
Шешімі: Түркілердің қайта орнауы.
« Маңызды деректер:
Биікте Көк Тәңірі, төменде қара жер жаралғанда, ортасында адам баласы жаралған...
Ата-тегі: Бумын, Істемі қаған - түркі халқын қалыптастырған.
Ілгері Қадырхан қойнауынан, кері - Темір қақпаға дейін жайлаған.
Жылаған халықтар: Бөклі шөлінің елі, табғаш, тибет, авар, үрім, қырғыз, үш құрықан,
отыз татар, қытай татабы.
«Табғаш халқына бек ұлдары құл болды, Пәк қыздары күң болды.»
Әкесі - Елтеріс, шешесі - Елбілге.
Түркі халқы қолдарынан түк келмей бағынды. Елтеріске 17 ер ерді, кейін 70, сосын 700 ер
болып, ата-баба мекенін қайта орнатты.

«Бәмсі-Байрақ туралы жыр»
« Тақырыбы: Бәмсі-Байрақтың ерлігін көрсету.
« Идеясы: Туған жерге деген сүйіспеншілік, ата-анаға құрмет, махаббатқа адалдықты, батырлықты дәріптеу.
« Жанры: жыр
« Композициялық талдау:
Басталуы: Баяндүр ханның той жасауы. Байбөрінің қайғысы.
Байланысуы: Байбөрі мен Байбіжанның балаларын атастыруы.
Дамуы: Бәмсінің ер жетуі. Ерлік істері.
Шиеленісуі: Бәмсі мен Банудың танысуы.
Шарықтау шегі: Бамсының тұтқындалуы.
Шешімі: Бәмсі мен Банудың үйленуі.
« Кейіпкерлері:
Баяндүр - хандардың ханы.
Байбөрі - Бәмсінің әкесі, бір перзентке зар болған бек.
Байбіжан - бір перзентке зар болған жан.
Қара Бодақ - Қара Көне баласы, Ораз - Қазанның баласы, Иекенк - Қазылық оғыз
бектің баласы.
Қазан-Салор - бүкіл оғыз елінің тірегі, Баяндүр ханның күйеу баласы.
Қорқыт - Бәмсіге ат қойған әулие, абыз, жырау.
Бәмсі- басты кейіпкер, батыр, ер
Бану-Шешек - Бәмсіге атастырылған, сүйген жары.
Дели Қарашар - Банудың ағасы. «Дели» - тентек.
Жарташұқ - Жалғаншы баласы. Бануды алмақшы болады.
« Маңызды деректер:
Қам-Ғанұлы Баяндүр бір күні төсегінен тұрып, қара жерге өзінің ақ шатырын тіккізді.
Ішкі және тысқы оғыздардың барлық бектері Баяндүр хан тойына жиналды.
Баяндүр ханның қарсы алдында найзасына сүйеніп, Қара Кене баласы Қара Бодақ, оң
жағында Қазанның баласы Ораз, солында Қазылық Оғыз бектің баласы Игенек тұрған еді.
Байбөрінің қайғысын көріп, бектер қолдарын жайып, жүздерін көкке жая жалбарынып,
«Тәңірі саған ұл берсін», - десіпті. Ол заманда бектердің алғысы да, қарғысы да қате кетпей, дұғасы қабыл болушы еді. Сол кезде перзентсіз Байбіжан да қыз сұрайды.
«О, бектер, егер Көк Тәңірі маған қыз беретін болса, оны мен Байбөрінің баласына бесікте жатқанда қоссам деймін, осыған сіздер куәлік етіңіздер», – дейді Байбіжан.
«Ер қаруы - бес қару».
Саудагерлер Рум еліне барады. Стамбұлдан сыйлық алады.
Бәмсіге теңіз жылқысын(су жылқысын), емен садақ, күрзі(шоқпар) алады. елге жеткенде
Бәмсі 16 жаста болады.
Оник қамалы - Басин аумағындағы қамал, ниеті қара 500 гәуір күтіп отырған жер(Грузия
жері). Кейбір жерде Қара Дербент қақпасы, Евнук қаласы деп беріледі. Көпестердің
соңғы қонған жері - Қара сайдағы Пасаң даласы.
Бәмсіні қонақ қылған адам - жылқышылардың бастығы.
Байшұбар - Қорқыттың Бәмсіге берген тұлпарының аты. «Бамш» деп атап жүр едің, енді
«Бамсы-Байрақ» болсын деп бата береді.
Оғыз елінің бектері бұл билікке қол көтеріп, жақсы тілек білдірді. «Ұлыңның аты өзіне
сай болды, бақытты болсын!» – деп бата берді.
Кең жазира даласында қыз бен жігіт ойнайтын ойын: «Қыз бөрі».
Қыз бен жігіт бір-біріне жүзік сыйлайды. Құдалыққа Қорқыт барады. Оны шаппақ

болғанда, Қаршардың қолы қарысып қалады.
Қалың мал: мың үлек, мың айғыр, мың қошқар, мың ит, мың бүрге.
Үйлену тойы болғанда, Бәмсіні тұтқындап әкетеді. Көп жыл зынданда жатып, қобыз тарту өнерімен қашып құтылады. Көп қиыншылықтар көріп барып, Бану-Шешекке үйленеді.
« Ұлттық құндылық: Қазақ халқының оғыз дәуірінен сақталған рухани мұрасын, салтдәстүрін айғақтайды.
« Түсінік+өз ойым: Бүкіл түркі халықтарына ортақ ұрпақтан-ұрпаққа тарап келе жатқан
бұл жыр - Бәмсі-Байрақ сынды батырлар арқылы батырлықты, ерлікті дәріптеуге шақырады, тарихи құнды туынды болып табылады.
« Ұқсас шығарма: «Алпамыс» жыры

«Құтты білік»
« Тақырыбы: Халыққа құтты өмір сыйлау, бақытт, әділетті қоғам құру.
« Идеясы: Әділдік, бақ-дәулет, ақыл-парасат, қанағат ынсап мәселесі жайында.
« Жанры: Дастан
« Композициялық талдау:
Басталуы: Күнтуды патшаның әділдігімен жер-жаһанға есімі мәшһүр болуы.
Байланысуы: Айтолдының уәзір болып сайлануы, бақ-дәулеттің артуы.
Дамуы: Айтолдының қазасы. Өгдүлмішке қалдырған өсиет сөзі.
Шиеленісуі: Өгдүлміштің ел басқару ісі.
Шарықтау шегі: Одғұрмышпен кездесу, патшамен келіспей, барлығынан бас тартуы.
Шешімі: Одғұрмыштың өлімі. Өгдүлміштің өз ісін жалғастыруы.
« Кейіпкерлері:
Күнтуды - ең үлкен әмірші, қатаң тәртіп, заңның, әділдіктің бейнесі.
Айтолды - Күнтуды әміршінің бас уәзірі, бақ-дәулет.
Өгдүлміш - Айтолдының баласы, ақыл-парасаттың бейнесі, әміршінің ақылшысы.
Одғұрмыш - уәзірдің туысы, дәруіш, қанағат-ынсаптың бейнесі.
« Маңызды деректер:
Күнтудының өз-өзіне берген мінездемесі: “Жарқыраған Күнді көр де, көр мені; Күн сөнсе
егер, тіршіліктің өлгені” деп өзінің айнымас адалдығын мақтан тұтады.
Айтолдының өз-өзіне берген мінездемесі: “Мен де Айдай жаңаланып тұрамын, Бірде бармын, бірде жұмбақ тұрағым”
Өзінің әділ саясатымен жер-жиһанға есімі белгілі болатын патша -Күнтуды.
Сол патшаны іздеп, алыс жолға аттанған данышпан - Айтолды.
Айтолды жазылмас дертке шалдығып, артынан қалған баласы Өгдүлміш пен Күнтуды
патшаға өсиет-уағыз айтады.
Өгдүлміш жас болса да, іскерлігімен, адамгершілігімен, білгірлігімен көзге түседі, патшаның ең сенімді жақын адамы болады. Осы кезде мемлекет гүлстанға айналады.
Күнтуды патшаның көмекші болуға жарайды деп іздеген адамы - тау кезіп кеткен дәруіш
Одғұрмыш болады.
Патша Өгдүлмішті үш рет жұмсап, Одғұрмышты қайта-қайта шақырады. Бірақ дәруіш
патша сарайына бармайды. Күнтуды үшінші рет шақыртқанда дана-дәруішті қызметке
емес, менімен жай әңгімелесіп, қонақ болып кетсін, бізге өсиет-ғибрат айтсын деп сәлем
айтады. Сонда ғана Одғұрмыш патшаға келеді.
Ақылы көл-көсір дәруіштің бұл қылығы Өгдүлмішті ауыр ойға салады. «Адам жасы
келіп, қолына таяқ ұстағанда бұл өмірдің күнделікті күйбең істерінен безіп, арғы дүни-

елік дәруіш болып кетуі керек пе? Әлде әркім өзінің ғұмыр бойы жасап келген жұмысын
өле-өлгенше істей бергені жөн бе?»
Дәруіш оған: «Бұл өмірде адам дар үшін еңбек ету – сауап іс, сондықтан өз міндетіңді
бұрынғыша адал атқара бер»,– деп кеңес береді. Өгдүлміш оған ризалығын білдіріп, өз
қызметіне қайтып оралады.
Одғұрмыш ауыр науқас болып дүниеден өтеді, ал Өгдүлміш өз ісін одн әрі жалғастыра береді.
Адам баласының қадір-қасиеті біліммен, ақылмен екендігі айтылады:
 «Білік берді – адам бүгін жетілді,
Ақыл берді талай түйін шешілді.»
 «Ақыл қайда болса, ұлылық толады,
Білім кімде, сол біліті болады.»
 «Күллі ісіңді ақылыңмен баптағын,
Уақытыңды біліміңмен сақтағын.»
Тіл өнерінің қасиет-сипаты мен пайда зияны айтылады:
 «...Тіл қадірлі етер, ерге бақ қонар,
Қор қылар тіл, кететұғын бас болар.»
 «Біліп айтқан сөз – даналық деседі,
Білікті сөз – қайран басты кеседі!»
 «Тіліңді бақ, басың аман болады,
Сөзді қысқа айт, жасың ұзақ болады.»
Білім, ақылдың қасиеттерін, пайдасын айтады:
 «...Ақылды ерге ақылы ес, дос болар,
Наданға аты-ақ қоңыраулатып қас болар.»
 «...Біліктіні тыңда, ақылдың бұлағы,
Білімді сөз – шырын, жанның құнары.»
« Ұлттық құндылық: Ел басқарудың қандай болу керектігін, ненің ең маңызды екенін
айтып, болашақ ұрпаққа өсиет еткен.
« Түсінік+өз ойым: Бұл шығармада білім мен ақылдың, әділдіктің, қанағат пен бақ-дәулеттің ең бірінші тұратынын байқай аламыз. Осы қасиеттер табылса ғана мемлекет гүлденіп,
қазынасы алтын-күміске толады, халқы бақытты болады деген пікір айтады.
« Ұқсас шығарма: «Ғылым таппай мақтанба» Абай Құнанбаев

«4 тентек»
« Тақырыбы: Мөңкенің алғашқы билігі.
« Идеясы: Бала болса да, ақыл айтуға болатынын, жас болса да бас болуға болатынын
айтқысы келеді, Бала Мөңкенің тапқырлығы мен әділ шешім-билігі.
« Жанры: әңгіме
« Композициялық талдау:
Басталуы: Бай ауылының су бойына кеп қонуы.
Байланысуы: Су бойындағы бір топ баланы байдың қуамын деп жан тапсыруы.
Дамуы: Құн сұрау мен бітіспеген сөз.
Шиеленісуі: Жеті жасар баланың сөзіне ешкімнің құлақ аспауы.
Шарықтау шегі: Ақсақалдардың Мөңкеге жүгінуі.
Шешімі: Баланың әділ шешімі. Билікке риза болған халық.
« Кейіпкерлері:

Бай - жоқ сұрауға келе жатып, қаза болған адам.
Балалар - ауыл жанында асық ойнап жүргендер.
Мөңке - жеті жасар ақылды бала
Қарапайым халық, ақсақалдар - дауды шеше алмай, Мөңкеден көмек сұрағандар.
« Маңызды деректер:
Көш алдында жоқ сұрауға келе жатып, балалардан жол сұраған, асау байтал мінген, балаларды қуамын деп мерт болған - бай.
Ақсақалдардың дағдарып ақырында айтқандары: «Қой асығы демеңіз, жақса сақадай, жасы кіші демеңіз, ақылы жақса атадай.»
Бала Мөңкенің айтқан билігі: «Ердің құны жүз жылқы, бұл істе тентек төртеу. Әуелі - ойнап жүріп, жылқыны үркіткен бала тентек, екінші - оны қуған бай тентек, үшінші - бастан
ұшқан бөрік тентек, төртінші - үріккен байтал тентек. Төрт тентекке жүз жылқыны бөлу
керек.»
Сонда жүз жылқының үш бөлігі байдың өзіне түсіп, бір бөлігін ғана бала жағы төлейді.
Бала бидің билігіне барлығы разы болады. Сол бала «Үш жүзге блгілі Мөңке би» атаныпты.
« Ұлттық құндылық: Шешендік өнердің бір үлгісі
« Түсінік+өз ойым: Бала Мөңкенің даналығын және тапқыр шешімін көрсеткен.
« Ұқсас шығарма: «Бала Мөңкенің тапқырлығы»

«Ердің бақыты - әйел»
« Тақырыбы: Әйел қадірі
« Идеясы: Төле бидің төрелігін көрсету, әйелдің қадірін, «әйелі жақсы болмай, ел оңбайтынын» көрсету.
« Жанры: әңгіме
« Композициялық талдау:
Басталуы: Төле бидің әйел, жар туралы ойлары, келін ііздеуі.
Байланысуы: Түркімен еліндегі дауды шешу. Данагүлдің тәрбиесі мен ізгілігі.
Дамуы: Төле бидің Алакөздің үйіне қонақ болуы. Келінді түсіру. Данагүлдің ел аузына
ілігуі.
Шиеленісуі: Төле бидің тұтқынға түсуі, тапқырлығы.
Шарықтау шегі: Данагүлдің даналығы. Жұмбақтың шешімін дұрыс табуы.
Шешімі: Төле бидің төрелігі. «Қырық ағайынды»
« Кейіпкерлері:
Төле би - Ұлы жүздің бас биі, «Қарлығаш әулие».
Данагүл - Төле бидің таңдап алған келіні, дана, ақылды қыз.
Алакөз - Данагүлдің әкесі, кедей адам.
Қырық қарақшы - қырық рудан қашқан, ұрлықпен күн көрген адамдар. Төле бидің
төрелігінен кейін «Қырық ағайынды» атанып, бақытты өмір сүреді.
« Маңызды деректер:
«Балама әйелді өзім таңдап алып беремін. Байдың байлығына қызықпаймын, бидің билігіне
қызықпаймын, асыл пышақ қап түбінде жатпайды деген. Келінім ақылды болса, ұлымның елге даңқы кетеді. Би түскендей үй болу – әйелден. Әйелі жақсы болмай ер оңбайды. Ердің
бақытын кетіретін де – әйел, ерге бақыт әперетін де – әйел», – деп келінді өзі таңдауға бекінген екен.

Төле би Данагүлді Түркімен елінен дауды шешіп келе жатқанда кездестіреді.
Данагүл - Сиқым ауылынан, Алакөздің қызы. Жалғыз көк шолақ атына мінген.
«Халқым үшін, кедейлерді есіме алмасам, онда әділет бола ма? Байға жак боп, кедейдің
ақысын жібермесем, онда жұрт әділетті деп айтар ма еді!?» - деген Төле би.
Төле би өзіне ұртын алып, Данагүлге құлақ пен таңдай ұсынады. Бұл бидің өсиеті болатын.
Бірде Төле би алыстағы жегжатын туысшылап барып, аткосшысы екеуі ғана қайтады…
Бұлар келе жатқан шөлді қырық қарақшының жайлап жүріп, оларды ұстап алады.
«Сендерге мал керек пе, жан керек пе?» - деп Төле би қарақшылармен келісімге келеді.
Төле би өзің Тосқауыл деп таныстырады.
Төле би хатында: «Қырық құнан атан, жиырма бура, сегіз ақ бас атаным бар еді. Соны
берсін. Оң босағамда көмген алтыным, сол босағамда күмісім бар еді соны да берсін,» дейді.
Данагүлдің жұмбақты шешуі: Атам қырық қарақшының қолына тұтқын болып түскен екен.
Қырық құнан атан берсін дегені – қырық мықты жауынгер жігіт берсін дегені, жиырма бура
берсін дегені - жиырма палуан берсін дегені, сегіз ақ бас атан берсін дегені – сегіз ақсақал
берсін дегені. Оң босағадағы алтыны мен едім, сол босағадағы күмісі баласы еді. Атам мені
артық көруші еді. Жұмбағымды шешер деп ойлаған екен. Алтынымды түгел берсін дегені мені алып келсін дегені, - дейді.
Төле би соңында: «Ғұмыр - біреу, кезек - екеу деген. Сендерге өлім керек пе, өмір керек пе?»
- деп сауал қойып, төрелігін айтады, қырығын да ауылына алып келеді, жұрт оларға «қырық
ағайынды» деген ат қояды.
« Ұлттық құндылық: Шешендік өнер, бата беру, әйел адамның қадірі
« Түсінік+өз ойым: Бұл шығармада Төле би әйел затының орны ерекше екенін айтады
және әңгіме барысында бұл дәлелденеді.
« Ұқсас шығарма: «Ұлпан» Ғ. Мүсірепов

«Майқы мен Шыңғыс хан»
« Тақырыбы: Майқы би мен Шыңғыс хан
« Идеясы: Майқы бидің шешендігі мен тапқырлығын көрсету
« Жанры: аңыз әңгіме
« Композициялық талдау:
Басталуы: Шыңғыс ханның аң аулауы, аяғын мертіктіруі.
Байланысуы: Шыңғысты арбаға мінгізу, үйіне апару
Дамуы: «Екі ақсақ бірге отырайық» деп Майқының да арбаға отыруы.
Шиеленісуі: «Шыңғыстан соң үйге кім кіреді?» деп таласу
Шарықтау шегі: Майқы бидің жауабы, тапқырлығымен көзге түсуі.
Шешімі: Майқының Шыңғысты қолтықтап үйге кіруі. Ел басқару ісіне араласа бастауы.
« Кейіпкерлері:
Шыңғыс хан - тарихта аты қалған атақты билеуші.
Майқы би -тапқыр, шешендігімен көзге түскен Шыңғыс ханның кеңесшісі.
« Маңызды деректер:
Шыңғыс хан аңда жүргенде аяғын мертіктіріп алады да арбаға отырады.
«Екі ақсақ бірге отырайық» деп Шыңғыс ханның жанына отырып алған Майқы(арамыы)
Шыңғыстың үлкен шешесінің үйіне барады.
«Шыңғыстан соң үйге кім кіреді?» деп таласып жатқанда Майқының айтқаны: «Әдетте,
арбаға жегілген өгіз есік алдында қалып, оны айдаған адам үйге кірмеуші ме еді?»

« Ұлттық құндылық: Шешендік өнер көрініс табады.
« Түсінік+өз ойым: Майқы бидің тапқырлығы мен сөз тапқыштығын байқай аламыз.
« Ұқсас шығарма: Төле бидің айтқаны

«Қасқакөл дауы»
« Тақырыбы: Жер дауы
« Идеясы: Қазақ халқындағы жер дауы мен шешендік өнер үлгісін көрсету, әйел адамның
даналығын айту.
« Жанры: әңгіме
« Композициялық талдау:
Басталуы: Қасқакөл көліне талас
Байланысуы: Төле би мен Әйтеке бидің айтқаны
Дамуы: Ормамбеттің жауабы
Шиеленісуі: Даудың шешілмеуі
Шарықтау шегі: Ормамбетке анасының айтқан ақылы
Шешімі: Көлді ынтымақпен бөлісу
« Кейіпкерлері:
Төле би - Ұлы жүздің бас биі.
Әйтеке би - Кіші жүздің би-шешені.
Ормамбет би - Орта жүз биі, Қасқакөлді бөліскісі келмеген жан.
Ормамбеттін анасы - даудың шешілуіне себеп болған, Ормамбетке ақылын айтқан дана.
« Маңызды деректер:
Төле би, Әйтеке би, Орта жүз Ормамбет би - үшеуі Қасқакөл деген көлге таласып, даулы
болды. Дауды шешу үшін Айқынкөлге үй тігеді.
«...Ешкімге опа кылмас дүние! Ей, Ормамбет, сен бізден кіші боласын, біз барып қайттық,
сен ілгері барасың, біз енді көп жүрмеспіз, көмілерміз, сен жас едің көнілдегінді аларсың!» деген Төле би.
Әйтеке бидің айтқаны: «Бай болсан, халқына пайдан тисін.
Батыр болсан. дұшпанға найзан тисін.
Бай болып пайдан тимесе,
Батыр болып найзан тимесе,
Жұрттан алабөтен үйің күйсін...»
Ормамбеттің айтқаны: «Екі би, айтқан сөзін жарасады,
Еншіге әркімдер-ақ таласады.
Бұл Қасқакөл Орта жүздін көлі еді.
Айтқандарын қиянатқа жанасады.
Қанағатсыз билерді қабан деген,
Қамшылатқан жүйрікті шабан деген.
Біреудін ақысына зорлық қылса,
Акыретте мұндай істер жаман деген.»
«Бардан пайда, жоқтан залал» деген, не берсе қайырын тілеп көр. Үш жүздің ортасында
Қасқакөлді берсе, қайырын тілеп көр. «Үш жүздің ортасында Қасқакөл бар, Әр жерде су
ішетін басқа көл бар. Үш бөліп енші қылып алысайық, жер жетер, көңіліңді ұстама тар», дейді Төле.
Даудың шешілуіне себепші болған жан: Ормамбеттің анасы.

Төле былай дейді: «Әйел жақсы болса, білім несі батыр туады. Әйел жақсы болса, ердің
басшысы емес пе? Бұрынғылар осылай демес пе?»
« Ұлттық құндылық: Әйел адамның даналығы, шешендік сөз.
« Түсінік+өз ойым: Осы қысқа ғана әңгіме арқылы әйел адамның ақылдылығын, даналығын көрсетіп отыр, сонымен қоса үш жүздің билерінің шешендігі көрініс табады.
« Ұқсас шығарма: «Ердің бақыты - әйел»

«Керқұла атты Кендебай» ертегісі
« Тақырыбы: Керқұла атты Кендебайдың ерлігі
« Идеясы: Батырлықты дәріптеу, ерлікті көрсету
« Жанры: ертегі
« Композициялық талдау:
Басталуы: Кендебайдың дүниеге келуі
Байланысуы: Кендебайдың көкжалды өлтіріп, құлынды құтқаруы
Дамуы: Керқұла құлынды асырап, онымен аң аулап, елге қамқорлық жасауы, қозы
баққан баламен кездесуі
Шиеленісуі: Керқұла атты Кендебайдың ұзақ жолға аттануы
Шарықтау шегі: Кендебайдың ерлік істері, басынан өткендері
Шешімі: Баланың ата –анасын құтқарып, еліне аман –есен оралуы
« Кейіпкерлері:
Кендебай – ертегінің бас кейіпкері, батыр, шыдамды, жанашыр, ақылды, кішіпейіл, қамқор,
қайырымды, өжет. «Торсық шеке, аппақ ұл, алты күнде күліпті, алпыс күнде жүріпті, алты
жылда жігіт болыпты».
Қазанғап – Кендебайдың әкесі, кедей, құс атып күн күретін аңшы.
Керқұла – Кендебайтың аты. «Қуса жетіп, қашса құтылатын, аузымен құс тістеген ерен жүйрік», нағыз дос, ақылды арғымақ.
Қойшы бала – жетім, мұңды, зарлы бала, басы таз, киімі өрім-өрім. Мергенбай батырдың
жалғыз баласы.
Хан – қаһарлы, айбынды, ақылды, көп елді шапқан.
« Маңызды деректер:
Оқиға Қаратаудың ойында, Қарасудың бойында болады.
Қазанғап құс атып, күн көреді екен, әйелі ау тоқып, жамау жамайды екен.
Бір күндері Кендебай көкжал қасқырды құйрығынан бұлғап жіберіп өлтіріпті, құлынды аман
алып қалып, оны құлан сүтімен асырайды. Алты айдың ішінде алты кез ат болып шығыпты.
Жетім баланың ата-анасы жау қолына түскен екен, өзі Тасқара байдың қозысын бағып жетім
қалыпты.
Кендебайды іздеп келген алты аққу құс бар екен, Кендебайдың қолында алтын кебіс қалып
қояды.
Кендебай күн жүреді, түн жүреді, ай жүреді, апта жүреді, аспанмен тірескен бір биік тауға
жекенде Керқұла атқа тіл бітеді. «Мына таудан әрі ассаң, ағып жатқан өзенді көресің. Өзеннің ортасында бір арал бар. Ол аралда адам перісінің ханы тұрады. Сенің қолтығыңдағы алтын кебіс – осы хан қызының кебісі. Баяғы қойшы баланың әке-шешесі де осы ханның қолында. Таудың арғы беткейінде сиыр бағып жүрген зор денелі бір адам бар. Ол – жорықта
қолға түскен адам, қазір ханның құлы. Сен сол адамға бар да, жолына жетерлік пұл бер.

Оның киімін өзің ки де, өзіңнің киіміңді оған кигіз. Сөйтіп, әлгі адамды азат ет те, өзің сиырды бағып қал. Қазір құйрығымнан бір тал қыл ал да, мені қоя бер, сауыт-сайман, құрал-жабдықтарыңды менің үстіме сал. Әзірге саған менің де, құралдың да керегі жоқ. Егер керек бола қалсам, құйрығымнан алған қылды тұтат. Сонда мен дайынмын.»
Кендебай: «Айырылғырдың суы айырыл!» – деп еді, өзеннің суы екіге айырылып, ортадан
жол ашылады.
Күндерде хан қара биенің тоғызыншы рет құлындауын, олардың жоғалып кетуін айтып, екі
баласын соны күзетуге жібереді, Кендебай да тығылып күзетеді. Екі баласы ұйықтап қалғанда, бие алтын құйрықты, құндыз жүнді арғымақ құлын туады. Сол кезде аспаннан бұлт түйіліп келеді де, құлынды көтеріп ала жөнеледі, Кендебай алтын құйрықты шап беріп ұстай
алады, құйрық жұлынып қалады.
Хан құлындарды тауып әкелуді бұйырады. От дариясында Кендебай көзін жұмады. Аралдан
алтын құйрықты сегіз құлын мен құйрығы жоқ біреуін тауып алып, Керқұланың айтуымен
науаны ұстап жолға аттанады. Бәйтерек басындағы самұрық алты айда бір азық іздеуге кетеді
екен.
Жолай Кендебай бір үлкен таудан жеті басты дәуді кездестіреді, оның бастарын жеті айналып шоқпарымен ұрып, көздерін қоржынына салып алады. Кендебай жаяу жүріп, арыстанды
кездестіреді. Оны тартып ала жөнелген леп арыстанның аузының лебі болып шығады. Қылышпен арыстанды екіге бөледі, азуын алады. Кендебай енді сұлу қыз кейпіндегі жәдігөй кемпірді кездестіріп, оның да басын алады. Елге аман оралады. Ханға келу себебін айтады. Хан
оған шындығын айтып, тапсырмаларын орындағаны үшін кенже қызын беріп, құлдағы
адамдарды азат етеді.
Кендебай елге аман орады, содан бері бұл ел «Керқұла атты Кендебай батырдың елі» атанады.
« Ұлттық құндылық: Ерлікті, батырлықты дәріптейді.
« Өз ойым+түсінік: Балаларға арналған ертегі болса да берер тәрбиесі мол, жақсы істер
жасауға және ештеңеден қорықпауға шақырады.
« Ұқсас шығарма: «Ер Төстік» ертегісі

«Қобыланды батыр» жыры
« Тақырыбы: Қобыланды батырдың ерлігі
« Идеясы: Жері мен елін сыртқы жаудан қорғау, осы жолда ерлік көрсеткен ер-азаматтардың батырлық істерін көрсету.
« Жанры: Эпос (батырлар жыры)
« Композициялық талдау:
Басталуы: Қобыланды батырдың дүниеге келуі
Байланысуы: Қобыланды мен Құртқа қыз
Дамуы: Тайбурылдың тууы, өсуі
Шиеленісуі: Қобыланды мен Қараман батырдың жорыққа аттануы
Шарықтау шегі: Екі батырдың Көбікті хан еліне жасаған шабуылы, Қарлыға қыз
Шешімі: Қобыландның Алшағырды жеңіп, елін жаудан азат етуі
« Кейіпкерлері:
Қобыланды – негізгі кейіпкер
Аналық пен Тоқтарбай – Қобыландының ата-анасы
Қарлығаш – Қобыландының қарындасы
Естеміс – Тоқтарбайдың жылқышыларының, тоқсан құлының бастығы

Көктім аймақ – Қызылбас елінің ханы
Құртқа – Көктім аймақ ханның қызы, Қобыландының сүйген жары
Қызыл ер – Қызылбас елінің батыры
Қазан – Қызылбас елінің батыры
Сейілдің ұлы Қараман – Қобыландының жолдасы, Қазанға қарсы күресетін батыр
Алшағыр – қалмақтың ханы
Тайбурыл – Қобыландының тұлпары
Көбікті – хан
Қарлыға – Көбікті ханның қызы
« Маңызды деректер:
Тоқтарбайдың жасы 80-ге, Аналықтың жасы 50-ге келгенде Қобыланды мен Қарлығаш дүниеге келеді.
Қобыланды бала күнінен ерекше болып өседі: «...Өзі алты жасында / Кәмшат бөркі басында,
/ Тобылғы торы ат астында, / Қаршығасы қолында, / Тазысын ерткен соңында...»
Арыстан туған Қобыланды алты жасында қазынадан қамқа киген.
Алты жасында атқа мініп, беліне садақ байлайды, күнде киік аулайды, кейін «Ай астындағы
теңгені екі бөліп ұшырып», Құртқаға үйленеді.
Қобыланды батыр үйде емес, түзде, далада шынығады. Оны әкесі Тоқтарбайдың Естеміс деген ері баулиды: «Тоқтарбайдың жылқыда / Тоқсан құлы бар еді. / Тоқсанының бастығы, /
Естеміс деген ер еді. / Қобыландыны барғасын / Естеміс ерің баулиды.»
Тоқтарбайдың жайлауы - Көздікөл, қыстауы - Қараспан. Руы - қыпшақ.
Қобыланды батырға лайық тұлпардың келген жолы: Құртқаның көрегендігімен қалап
алынады.
Тайбурылды ерекше күтімге алған ару қыз, батырдың жары бурылдың тұяғын жерге
тигізбей, алтын тонға орап баптаған адам: Құртқа
Қобыландыны Қызылбастың еліне, Құртқа қызға жібергісі келмей, тоқтау салған адам:
Естеміс // Қызылбас елі: Иран елі
“Қазақтың ері келді,” - деп, Қобыландының айбатынан сескеніп, кезек берген хан: Көктім
Аймақ.
«Ерлер жаннан түңілді,
Аш күзендей бүгілді,
Екеуінің ақ сауыт
Шығыршықтап сөгілді.
Сол уақыттар болғанда
Артық туған Қобыланды,
Найзасын ырғап ендірді,» - деген үзіндідегі шайқасып жатқан екі батыр: Қобыланды мен
Қазан
Қазаннан Сырлы қаланы Қобыланды 12 күнде алады.
Қазан ердің Ноғайлы жерінен басып алған екі қаласы: Қырлы қала, Сырлы қала; (Қырлы
қала (оған бектерін орналастырған) және Сырлы қала (оған жендеттерін орналастырған).
Қобыландыны алғаш жекпе-жекке шақырған батыр: Қызыл ер
Қобыланды батыр Қызыл ерді жеңеді.
“Ноғайлының жеріне Қызылбастарды қондырып қоюымыз сүйекке таңба емес пе?!” - деп,
жорыққа шығатын батыр: Қараман
Құртқаның Тайбурыл туралы айтқаны: “Әлі де қырық үш күндік кемдігі бар”.
Қараман мен Қобыланданы қолға түсіріп, аяқ-қолына кісен салған батыр: Көбікті
Көбікті киген сауыттың осал жері: кіндігінің тұсында.
Көбікті ханның қолына түскен Қараман мен Қобыландының еркіндікке шығуына
көмектескен кейіпкер: Қарлыға
Қобыланды батыр жоқта елін шауып кеткен қалмақтың ханы: Алшағыр
Жыр соңында Қобыланды Алшағырды жекпе-жекке шақырып, жеңеді. Елін азат етеді.

«Сонда Бурыл гуледі,
Табаны жерге тимеді,
Көлденең жатқан көк тасты,
Тіктеп тиген тұяғы
Саз балшықтай иледі…» Көркемдік тәсіл: Әсірелеу (гипербола)
« Ұлттық құндылық: Батырлардың ерлігі, отбасылық құндылықтар
« Өз ойым+түсінік: Жыр Қарақыпшақ Қобыланды батырдың өмірде болған, ерлік істерімен еліне танылып, құрметіне бөленген батыр болғанын дәлелдейді.
« Ұқсас шығарма: «Керқұла атты Кендебай»

«Қыз Жібек»
« Тақырыбы: Қазақи дәстүрлер мен жастардың ғашықтық сезімі, ел тұрмысы мен қоғамының ауқатты кезі суреттелетін махаббат оқиғасы. (дееп созыып жіберсең)
« Идеясы: Махаббат пен аманатқа деген адалдықты, ата-анаға деген ізгілікті дәріптеу.
« Жанры: Лиро-эпостық жыр
« Композициялық талдау:
Басталуы: Жүз Жағалбайлы елінде болған жайт.
Байланысуы: Төлегеннің жар іздеуі. Төлегеннің Жайық қыздары жайлы естіуі. сырлыбай көші.
Дамуы: Қаршығаның көмегі. Жібекпен кездесіп, құда түсуі. Қыз Жібектің түсі. Еліне
оралған Төлеген.
Шиеленісуі: Базарбайдың теріс батасы. Бекежанның Төлегенді өлтіруі.
Шарықтау шегі: Бекежанның Жібекке Төлегеннің өлімін естіртуі. Хорен ханның Жібекті
айттыруы.
Шешімі: Хорен хан мен Сансызбайдың айқасы. Жібектің Сансызбайға әмеңгерлікпен қосылуы.
« Кейіпкерлері:
Жібек - 14 жасар Шекті руынан шыққан Сырлыбай ханның қызы. Ақылына көркі сай өте
сұлу. Жырдағы сипаты:
«Ақ маңдайы жылтылдап,
Танадай көзі жарқылдап
Алтын шашбау шашында.
Қыз Жібектің шаштары Қоғалы көлдің құрағы.
Көз сипатын қарасаң,
Сегіз бейіш ішінде
Хорлардың жаққан шырағы
Дүрі- гауһар сырғасын
Көтере алмай тұр құлағы
Қыз Жібектің ақтығы
Наурыздың аппақ қарындай,
Ақ бетінің қызылы,
Ақ тауықтың қанындай.
Екі беттің ажары
Жазғы түскен сағымдай,

Білегінің шырайы
Айбалтаның сабындай.
Оймақ ауыз, құмай көз,
Іздеген ерге табылды-ай
Өткірлігін байқасаң
Ұсталар соққан кетпендей,
Нұр тұқымын еккендей.
Бір ауыз сөз сөйлескен,
Мұратына жеткендей.
Тірісі түгіл, Жібектің,
Өлігіне адам қайырылып,
Бетінен келіп өпкендей.»
Төлеген - Базарбайдың зарығып күткен ұлы, 16 жасқа келіп, қалыңдық іздеп жолға шығады. Жағалбайлы елінен, Көкжорға атымен. Көрген әр сұлуға бір жорғадан беріп отырады.
Жібектің ғашығы.
Базарбай - өзі сексенге, кіші әйелі қырық төртке келгенде Төлегені дүниеге келеді. Өзі
бай болады.
Сансызбай - Төлегеннің батыр інісі. Кейін Қыз Жібекті әмеңгерлік дәстүрмен алған, Хоренді айқаста жеңген.
Шеге - Сансызбайдың ақын, батыр досы. Қыз Жібекті алуға көмектескен.
Қаршыға - Сырлыбай ханның ақылшысы. Төлеген мен Жібектің кездесуіне себепші жан.
Бекежан - сұм, қу бейне ретіндегі кейіпкер. Қособада Төлегенді өлтірген арғыннан
шыққан Жібекке ғашық жандардың бірі.
Хорен - Жібекті алғысы келген қалмақ ханы.
Төлегеннің анасы, Сырлыбай хан, Жібектің жеңгесі мен анасы.
« Маңызды деректер:
Жүз Жағалбайлы елі мекен еткен жер: Мекке жолындағы тылсым дария, Қара теңіз жағасы.
Жер атаулары: Ақжайық - Шекті елі, Қособа, Қара теңіз
Базарбай сексенге келгенде, кіші қатыны қырық төртке келгенде бір ұл тауыпты, аты Төлеген. Оның артынан тоғызыншы жылда тағы бір ұл туыпты, оның аты Сансызбай.
Екеуіне де База
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Төлеубек Шағала
01 Ақпан 2024
5047
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі