Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп,адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмысын өсіп-өркендеуі өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне даму бағытына байланысты.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру

 

Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдамасында:  «12 жылдық білім берудің басты мақсаты: Өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзыретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру», — деп нақты көрсетілген. Сонымен қатар мектеп түлегінің негізгі құзырлылығы құндылықты-бағдарлы, мәнедиет-танымдық, оқу-танымдық комуникативті,ақпараттық-технологиялық, әлеуметтік-еңбек және тұлғаны өзін-өзі дамыту құзыреттіліктері бойынша анықталатындығыда белгіленген .

 Елбасының «Жаңа әлемдегі- жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтқандай ,біздің еліміздің кез келген азаматы біліміне сәйкес білікті мамандық алып ,әлем елдерінің талабына сай сұранысқа ие болатын деңгейге жеткенде ғана,еімізде жасалып жатқан білім беру реформасының жетістікке жеткенінің куәсі бола аламыз.Сондықтан,Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Біздің ұлттың бәсекелестікке қабілеттілік деңгейі оның білімінде» дегенін естен шығармауымыз керек.

Олай болса,білім адамның дүниені тану процесін қалыптастыру арқылы жүйелі біліммен іс-әрекет тәсілдерін игеру, дағды,іскерлікті дамыту арқылы жеке тұлғаны қалыпиастыра аламыз.Сонымен тұлға дегеніміз кім?

Тұлға — ол қалыптасқан эстетикалық талғамы жоғары,өрісі кең,рухы биік,

өзін-өзі дамыта алатын, әлеуметтік белсенділігі жоғары азамат

Тұлға – мазмұнды күрделі ерекше әлеуметтік ұғым. Оның өсуі мен қалыптасуы ортасы мен қоғамдық өмірге тәуелді

Қай мағынасы оқыту үдерісінде бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыруға анықтама бола алады?

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаты да экономиканың орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру деп көрсетілгені де мұғалімдерге үлкен жауапкершілік жүктейді. Оқу мақсаты басымдылығының өзге­руі білім мен тәрбие мазмұнына елеулі түрде ықпал етіп, оны жа­ңар­тудың ең басты бағытттарын айқындауға және нақтылы міндет­тер белгілеуге мүмкіндік береді. Жаңа мазмұнды оқытудың нәти­желілігі мұғалімнің шеберлігі мен ізденісіне көп байланысты. Бәсе­кеге қабілетті тұлғаны қалыптас­тыру ұстаздың білімділігін, жан-жақтылығын және кәсіби шебер­лігін талап етері сөзсіз.

Мұғалім білімін көтермей, кәсіби шеберлігін шыңдамай, өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие береміз деу қазіргі заман талабына сай келмейді. Оның үдерісінен шығу – біздің міндетіміз. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі Ұлттық жоспардың қабылдануы – білім саласын жаңарту туралы бастамалардың бірі. Оның мақсаты – алған білімді өмірде тиімді қолдана білуге үйрету. Нәтижесінде тәжірибелік бағыттылығын қамтамасыз ететін қазіргі заманғы технологиялар мен ұстанымдар педагогтардың практикасына табысты енгізілуде. Белсенді оқыту формасында ортақ талқылау мен тәжірибелік тапсырмалар тереңірек игертуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыруға қол жеткізу міндеті іске асырылуда.

Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп,адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмысын өсіп-өркендеуі өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім  жүйесінің деңгейіне даму  бағытына байланысты.ХХІ ғасыр өркениеттің алға басуымен сипатталатын болса,ол әр адамның жаратушылық болмысы  нәтижесі. Ұлттың  шығармашылық әлеуеті де әр жеке тұлғаның  шығармашылық деңгейімен анықталады. Белгілі нәрсе туралы абстрактылы түрде ойлай алатын, мәселені шешудің өзіндік жолын таба білетін,заман талаптарына орай өзін саналы түрде өзгерте алатын шығармашыл адамдар-қазіргі білімнің идеалы, мұраты,осы тұлға

Адамның тұлғалық қалыптасуы – үздіксіз және күрделі процесс. Демек, оқушыға білім бере отырып, біз оқушының жан-жақты дамуына мүмкіндік жасауымыз қажет. Білім беру барысында оқушының жеке тұлға ретінде ерекшеліктерін ескеру – баланың өзін-өзі жан-жақты дамыту мәселесін оңтайлы шешуге мүмкіндік береді. Бүгінгі ұрпаққа әлемдік білім беру стандартына сәйкес жаңаша білім беруімізді өркениетті дамудың өзі талап етіп отыр. Жеке тұлғаның дамуының қозғаушы күші мен оның көзі – тұлғаның сол кезге дейінгі жинақталған интеллектуалдық, адамгершілік және рухани потенциалын пайдалана отырып, өзін — өзі жетілдіру мен жеке дамуға бағытталған қажеттілігі болып табылады.

Сондықтан да тұлғаны дамытудағы басты рөл атқаратын адам ол ұстаз. Ұстазға қойылатын талап – орта мектепті бітіруші түлектің бәсекелесу мүмкінділігін тудыра алуын қадағалау . Оның басты мақсаты-бала бойындағы табиғи қабілеттерін дамытудың сапасын арттыра отырып,жеке тұлға мен қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру.Жаңа иновациялық үрдісті кеңінен пайдалану,ғылымның соңғы жаңалықтарын тиімді пайдалану.

Сондықтан да оқушының әр түрлі өмірлік жағдайларда мектепте алған білімін, білігі мен икем, дағдылары тиімді қолдана отырып, сәтімен шыға білуіне жағдай жасау, сабақ үрдісінде де, сабақтан тыс жүргізілетін жұмыстар арқылы да тиімді ұйымдастыра білу 12 жылдық білім беру табалдырығын атағалы тұрған мұғалімдерге үлкен жауапкершілік жүктейді. Мұғалім мақсаты бүгінгі заман талабы, білімді, білікті, өздігінен тығырықтан шығар жол таба білетін іскер адам тәрбиелеуді қажет етіп отырғандықтан, мектеп қабырғасында жеткіншектердің жеке тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасау.

Оқушыға нәтижеге бағытталған білім беруде күтілетін тұлға құзыретілігін төмендегіше сипаттауға болады:

-өзінің даралығын сезініп, өзін-өзі дамыта білуі;

-өзінің қызметін бағалай білуі;

-түйіткіл мәселені шешудің ең тиімді жолдарын таба білу;

-өз алдына мақсат коя білуі және оны жүзеге асыра білуі;

-өз әрекетінің нәтижелерін бағалай білуі;

-өз бетінше алынған ақпаратты таңдай білуі;

-түрлі өмірлік жағдайларында пайдалы, тиімді шешім қабылдай білуі;

Ал екінші сатыдағы тұлғаның кәсіби бағдарлануын қалыптастыру үшін 8-9 сыныптардағы бағдар алды дайындық құрамдас үш бөлікте ұйымдастырылады:

  1. Кәсіби бағдарлау бойынша ақпарат беру. Оқушылардың мамандықтар аясы туралы ақпараттармен қамтамасыз ету ең өзекті мәселе.

  2. Кәсіби бағдарлау бойынша таңдау курстарын ұйымдастыру. Ол оқушыларды бағдарлы сыныптың бағытын таңдауға негіз болатындай мақсатты көздеуге қызмет ету керек.

  3. Психологиялық көмек беру. Оқушылардың өз мүмкіндіктерін тануына бағыт бағдар беру          Бүгінгі күні ұрпақ өз таңдауына шексіз мүмкіндік туған заманда өмір сүріп жатыр. Бүгінгі оқушыны дұрыс таңдау жасау, ұтымды шешім қабылдау, сондай-ақ өзінің өміріндегі өзгерістер ағымына икемделу қабілетіне байланысты өмір сүру талабы күтіп тұр.

Мектептегі білім беру міндеттерінің бірі оқушыны шынайы өмірге дайындау. Оқушыны ойлануға, қай жаста болмасын алдынан шығатын түрлі проблеманы шешуге қажетті әрекет тәсілдеріне үйрету міндеті тұр. Қазіргі мектепті философтар адамзатты өзіне өзі қойған қақпаны деп айтып жүр. Мектеп тәжірибесінде оқушыны тапсырманы орындаушы ретінде тәрбиелеу басым бағыт алып отыр. Оқушының өз бетімен ойлануына, өзінің пікірін білдіруге кері ықпалын тигізуде.

. Қорытындылай келе, оқушылардың шығармашылығын, қызығушылығын дамыта отырып, ғылым саласында олимпиада, байқауларға дайындай отырып, көсемдігі мол, шығармашыл, білімді, ізденімпаз, тапқыр, қабілетті зор оқушы шығару — әрбір ұстаздың міндеті.
Бүгінгі күннің негізгі талабы білімді адамды әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, шығармашылық таныммен тікелей қатынас жасай алатын, жаңаша ойлай алатын
шығармашыл адамға айналдыру.

ХХІ ғасырда айналадағы әлеммен дұрыс қарым-қатынас жасаған әрбір азматтарды тәрбиелеу үшін өткен тәжірбиені жаңашыл үрдістерді тиімді кіріктіре қолдануға тиіспіз Бұл жағдай жаңалыққа жақын болуды жүрекпен ойлауды, көзқарастар мен дүниетанымды өзгертуді, өзіңді танып, өзіңнің ішкі мүмкіндіктеріңді іске қосудың тетіктерін білуді алдыңғы қатарға шығарады

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы.

2Бахишева С. «12 жылдық білім беру және оқушы тұлғасы».Білім кілті.[№1, 2006]

3 Жазықбаева Ұ. «Жеке тұлғаны қалыптастырудағы 12 жылдық білім берудің тиімділігі». Білім әлемі. [№1, 2007]

4 Дәулетов Н. «Бала қабілетіне қарай білім беру – бұл өмір талабы». Егемен Қазақстан. [19 қазан,2005]

5Жұмабаев М. Педагогика. Алматы: Ана тілі,1992 kaz-news.ru | ekhut.ru | omsk-media.ru | samara-press.ru | ufa-press.ru

 



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.01.2018
645
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі