Материалдар / Баскетбол: Допты әріптесіне беру әдіс - тәсілдері.

Баскетбол: Допты әріптесіне беру әдіс - тәсілдері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспарымен бөлісу
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Бөлім

Спорттық ойындар

Педагогтың аты-жөні

Махамбаев Ж.Т.

Күні

15.03.24ж

Сынып 8

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы


Баскетбол: Допты әріптесіне беру әдіс - тәсілдері.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

8.1.3.1 - арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті жетілдіру және қорытындылау


Сабақтың мақсаты


Баскетбол ойынының әдіс-тәсілдерін үйрету арқылы спортқа қызықтыру және күш, икемділік, шапшаңдық қасиеттерін дамыту.

Құндылықтарды дарыту

Жеке және командамен жұмыс жасай білу

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы 10 мин

Сапқа тұрғызу. Салемдесу

Қауіпсіздік нұсқауды орындау керек екенің ескерту.

Оқушылардың белсенді қатысуы үшін арнайы жалпы дамыту жаттығулары

Саптық жаттығулар:

Оңға, солға бұрылу

Жүру жаттығулары:

Аяқтың ұшымен, өкшемен, жартылай отырып, толық отырып

Жүгіру жаттығулары:(Тыныс алу жаттығуы)

Жалпы дамыту жаттығулары:

Оқушы өз жұбын табады

Әдіс арқылы қайталау

Сұрақ жауап орындайды

«Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.




Қол шапалақ

Әр түрлі белсенділік үшін үлкен,бос кеңістік.

Ортасы 25 мин

Жаңа сабақ. Ойын техникасының дағдысын дамыту.

Баскетбол ойынындағы допты берудің әдіс-тәсілдері. Оқушылар екі топқа бөлініп бір сызықтың бойына бір-біріне қарама-қарсы тұрған қалыптан допты берудің әдіс-тәсілдерін орындайды.

1 . Екі қолмен кеудеден лақтыру. Бастапқы жағдайда доп кеуде тұсында болады. Бір аяқ ептеп алдыға қойылуы мүмкін. Аяқтар ыңғайлы, орнықты жағдай жасап тұру керек. Денеге жоғары бағытталған қозғалыс беретін аяқтың созылуымен қатар олар жоғарыға қарай созылуы керек, допқа доға тәріздес траектория жасалу керек.


2 . Екі қолмен иықтан беру. Бастапқы жағдайда доп иық тұсында бір қолдың білезігінде болады. Екінші қолы оны демеп тұруы мүмкін. Кезену кезінде баскетболшы доп беретін жаққа қолы бұрылып дененің қарсы қимылмен қолды алдыға созып допты қажетті бағытқа жібереді. Бастапқы жағдайда доп беретін қолмен әр аттас аяқ алға қойылады.


3 . Жоғарыдан бір қолмен беру. Доптың бастапқы жағдайы, бір қолының білезігінде. Алға қозғалғанда қол жазылады да, білезік допты орап, берілімді аяқтайды.




4 . Екі қолмен төменнен беру. Бастапқы жағдайда доп. жамбас тұсында, бір қолдың білезігінде болады, алақан жоғары қарап, саусақтар алға созылады. Аз ғана кезенуден соң алға айналуды бастайтын қозғалыспен орындалады. Білезік бірте-бірте ашылып, доп одан сырғанап түскендей болады. Ұшу биіктігі білезіктің қай мезетте ашылғанына байланысты болады. Қолды соза берген уақытта әр аттас аяқ алға адымдайды.


1- тапсырма. Оқу тапсырмасының ережелері мен қауіпсіздік ережелерін еске түсіріңдер, жаттығулар барысында сақтаңдар.

Допты лақтыру әдістерін орындаңдар.



ҚБ. «Баc бармақ» әдісі арқылы топтар бір-бірін бағалайды.


Сұрақ-жауап: Ойын кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет пе? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыз?

Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды?


2- тапсырма. Өткізілетін оқу тапсырмасының ережелері мен қауіпсіздік ережелері айтылып еске түсіріледі. Осыдан кейін білім алушылар жұпта жұмыс жасайды.

  1. Баскетболшының тұрысын, допты алып жүру тәсілдерін орындаңдар.

«Қолды жұмысқа жұмылдыру» әдісі


Баскетболшының тұрысы:










а) Допты бір орында оң және сол қолмен алып жүру;
б) Бір қолдан екінші қолға ауыстырып алып жүру;

в ) Қозғалыста допты оң және сол қолымен алып жүру.







ҚБ. Бір- біріне кері байланыс береді.


Сұрақ - жауап:Баскетболмен айналысқан кезде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?

  • Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды?

Ойындар олардың физикалық және спорттық дағдыларын дамытуға көмектесетіндігі туралы өз түсініктерін көрсете және сипаттай алады.


Жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;

  • Бір қолмен иықтан беру әдісін дұрыс орындайды;

  • Екі қолмен кеудеден лақтыру әдісін дұрыс орындайды;

  • Жоғарыдан бір қолмен беру әдісін дұрыс орындайды;

  • Бір қолмен төменнен беру әдісін дұрыс орындайды;


Дескриптор

Білім алушы

-Жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;

  • -Бір қолмен иықтан беру әдісін дұрыс орындайды;

  • -Екі қолмен кеудеден лақтыру әдісін дұрыс орындайды;

  • -Жоғарыдан бір қолмен беру әдісін дұрыс орындайды;

  • -екі қолмен төменнен беру әдісін дұрыс орындайды;


Дескриптор

Білім алушы


  • Баскетбол сабағындағы қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;

  • Жаттығуларды орындау кезіндегі үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын қолданады.



Смаликтер арқылы


ҚБ


өзін өзі бағалау








Әрбір қызмет түрі үшін үлкен бос кеңістік.


Мұғалімге арналған ысқырық, секунд өлшегіш, бор, шеңбер, резеңке доп, фишкалар, қағаз, қалам.


Сабақтың соңы

5 мин

Оқушыларды сапқа тұрңызу. Сабақты қорытындылау.Кері байланыс

1.Сіз үшін жаңа ақпарат...

2.Не қиын болды?

3.Не оңай болды?

4.Нені ескеруім керек?

Үйге тапсырма:Жаттығулар

Сау болыңыздар!

Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды. Оқушылар сабақ барысында өз-өзін бағалайды. Әңгімелесу әдәсәмен өз жетістіктерін айтады.


Рефлексия парағы






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ