Материалдар / Баскетбол элементері бар ойындар
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Баскетбол элементері бар ойындар

Материал туралы қысқаша түсінік
Топтық әрекет аясында бірігуді түсінуді талқылау, оқиғаға негізделген әрекеттердің, ізіне түсу әрекетінің мәнін түсіндіру үшін: • ереже, қатер, қауіпсіздік; • оқиға, стратегия; • талқылау, жоспарлау, қарау, бағалау, есептеу; • қарқындылық: төмен, біршама, жоғары. Денсаулықты нығайту мен сақтау, ағзаның дұрыс дамуын қамтамасыз ететін гигиеналық ережелерді ұстану және орындау дағдыларын қалыптастыру бағыттарын қарастыру. Адамды құрметтеу, оған сену, әдептілік, кішіпейілдік, қайырымдылық, жанашырлық, ізеттілік, инабаттылық т.б.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Ақпан 2024
71
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
1500 тг 1125 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6-бөлім: Бірлескен және шытырман тапсырмалар арқылы оқыту.

Ортақ тақырып:Қоршаған ортаны қорғау.

Мектеп: Ұзын ата жалпы білім беретін мектеп

Күні: 05.04.2024ж

Мұғалімнің аты-жөні: Таңжаров М

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Баскетбол элементері бар ойындар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.1.3.1. Дене қасиетін дамытуға жаттығулардың дұрыс орындалуын көрсету.

4.2.4.1 Бірлескен және жеке жұмыста, рухани -адамгершілік құндылықтар мен патриоттық сезімді көрсету.

Сабақ мақсаттары

Қауіпсіздік ережесін сақтау, жалпы дамыту жаттығуларын бірлесіп орындау және тапсырмалар арқылы адамгершілік құндылықтарды, патриоттық сезімді ұстану.

Жетістік критерийі

Бірлескен тапсырмаларда допты дұрыс игеру, жалпы дамыту жаттығуларын ұтымды, үйлесімді көрсетеді және ойындарда құндылықтарды, патриоттық сезімді анықтайды, алға тартады.

Тілдік мақсаттар

Топтық әрекет аясында бірігуді түсінуді талқылау, оқиғаға негізделген әрекеттердің, ізіне түсу әрекетінің мәнін түсіндіру үшін:

  • ереже, қатер, қауіпсіздік;

  • оқиға, стратегия;

  • талқылау, жоспарлау, қарау, бағалау, есептеу;

  • қарқындылық: төмен, біршама, жоғары.

Құдылықты ұластыру

Денсаулықты нығайту мен сақтау, ағзаның дұрыс дамуын қамтамасыз ететін гигиеналық ережелерді ұстану және орындау дағдыларын қалыптастыру бағыттарын қарастыру. Адамды құрметтеу, оған сену, әдептілік, кішіпейілдік, қайырымдылық, жанашырлық, ізеттілік, инабаттылық т.б.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, дүние тану.

Ақпараттық технологияны қолдану дағдылары

Фото және бейне материалдарды оқушыларға қозғалыс өнімділіктерін өлшеу және нығайту үшін өзін-өзі бағалау, бағалау техникалары үшін қолдану;Көшбасшылық, ынтымақтастықhttps://summercamp.ru/%D0%98%D0%B3%D1%80%D1%8B_%D0%BD%D0%B0_%D0%BB%D0%B8%D0%B4%D0%B5%D1%80%D1%81%D1%82%D0%B2%D0%BE

Ұсынылатын алдын ала білімдер

Бұл бөлім оқушыларға координацияны ойын әрекеті арқылы дамытуға көмектеседі. Ол қозғалу дағдыларын дамытуға бағытталады. Әртүрлі идеялары, ережелері мен құралы бар физикалық белсенділікке оқушылардың қызықты оқиғаларға қызығушылығын дамыту үшін негізделеді.

Жоспарлардағы әрекеттер

Б = барлық сынып ЖЖ = жұптық жұмыс Тәж = оқушы тәжірибесі

ф = формативтік бағалауды қолдайды Т = топтық жұмыс

Ж = жеке жұмыс К = оқытушы көрсетеді

Сабақ барыс

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

15 минут

Уақытты жоспарлау: Дайындық бөлім: 12-15 мин.

Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Қатардағы жаттығулар. Адымның ұзындығына көңіл бөу. Жүрістегі жаттығулар. Арақашықтықты сақтау.

Жаттығуларды біркелкі, үйлесімді, дұрыс орындау. Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен жиі-жиі, тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар кешені. Бірте- бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу, демді ретке келтіру. Кең шеңбер жасап тұру.

Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары. Жаттығуларды барынша біркелкі реттілікті сақтап орындау, қандай да бір бұлшық еттің, буынның қозғалысына тиімді әсер ету. Жаттығуларды негізгі бөлім бойынша арнайы бағытта орындату. Арнайы қозғалыстар үшін әр түрлі бұлшық еттерді дайындау жаттығуларын ұқыптылықпен қайталату.

Үлкен, бос ойын кеңістігі.

Мұғалімге ысқырық, секундомер.


Сабақтың ортасы











(Б, Т, Ф) Барлық ойыншылар екі командаға бөлінеді. Команданың ішінде нөмір бойынша есептеу жасалады. Әр командадан бірдей қашықтықта доптар жатады. Мұғалім ойыншының нөмірін өз бетінше атайды. Аталған нөмірдегі оқушылар жүгіріп келеді, допты көтеріп, оны белгіленген сызыққа дейін жеткізеді (екі командаға қашықты бірдей болуы керек), содан кейін бұрылып, допты жүргізе отырып қайтып келеді және бастапқы қалыпқа тұрып, допты қояды. Жеңімпаз тобына 1 ұпай алып келеді.

(Б,ф) Оқушыларға келесі ойынды ойнауды айтыңыз: «Аушы және ұстап алушы».

Ойыншылар шеңбер бойы тұрады, қолдарына доп бар. Шеңбердің ортасында екі ойыншы тұрады: аушы және ұстап алушы. Шеңбер бойы тұрған ойыншылар бір-біріне допты береді және ыңғайлы сәтті пайдаланып, аушыға допты береді. Аушы допты алу үшін ашылуға тырысады. Ал, ұстап алушы аушыны жауып, допты ұстап алуға ұмтылады. Әр минут сайын ұстап алушылар ауысып отырады. Ойын барлық ойыншы ұстап алушы рөлінде болып біткенге дейін жалғасады. Аушыға допты аз жеткізген ойыншы жеңімпаз болады.

Ойын алаңы, баскетбол доптары, бор.








Баскетбол доптары, секунд өлшеуіш, ысқырық.


Сабақтың соңы 5 минут

Рефлексия. Кері байланыс.
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізіледі:

Допты игеру ойындарындағы қиындықтарды анықтайды, маңыздылығына назар аударады, жаттығулардың дұрыс орындалуына анықтамалар береді. Оқушылар таңдаған белгілі қозғалыс әрекеттерін анықтап, оңтайлы қозғалыс дағдыларына әдістемелік нұсқаулық беру.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.



Бірлескен іс- әрекеттегі қозғалмалы ойындар бойынша жалпылау. Баскетбол элементтері бар ойындарды жүйелей білуге негізделеді. Дене қасиетін дамытуға негізделген жаттығулардың мағынасын ашу. Баламалы нұсқаларының әзірлеу, орындалуын анықтау.Бірлескен, жеке жұмыста рухани -адамгершілік құндылықтар мен патриоттық сезімді анықтау, ұстану.

Оқушылардың өз бетінше демді ретке келтіру әдістерін белсенді орындау, өз бетінше қателерін түзеу. Үйлесімділікті, реттілікті дамытуға ынталану. Бірлескен іс әрекетте ойындардағы жаттығулар элементтерінің орындалу маңыздылығына көңіл бөлу. Жүйелі жаттығулар жинағының орындалуының үйлесімділігі, белсенділік таныту. Бірлескен, жеке тапсырмалар барысында бейресми қалыптастырушы бағалаулар.

Сабақ барысында ойында, бірлескен іс әрекетте, қиындықтар мен тәуекелдерді анықтап, еңсеру, техника қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау. Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу.

Дене қуатын үнемдеу шарттары.

Дұрыс тыныс алу.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаты негізгі бөлімдегі тапсырмалардың орындалуына, күрделендіруге байланысты қойылған.

Оқушылар оқу мақсатының мағынасын анықтап, белсенді түрде ынталанып, ойынның баламалы нұсқаларын әзірлеу, қателерді түзету, әр түрлі деңгейлі тапсырмалардың орындалуына қол жеткізу.

Әр тапсырмаға бөлінген уақыт жеткілікті болды.

Әр түрлі деңгейдегі жаттығулардың орындалу нұсқаларын бақылау, саралау, қозғалыс үйлесімділігін, техника ережесін назарда ұстау.

Жоспарланған іс-әрекеттер кезеңдері бойынша толығымен меңгерілді.

Жекелеген оқушыларға үйлесімділігін, дағдысын қалыптастыруға тапсырмалар берілді, әр түрлі деңгейдегі қимыл-қозғалыстар қарастырылды.

Жалпы баға. Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Жүйелі жаттығулар жинағына, қозғалыс әрекеттерінің шартына, мағынасына, сапасына көңіл бөлу. Топтың деңгейін, ынтымақтастық белсенділігін анықтау.

2: Әр-түрлі қозғалыс дағдыларының орындалу үйлесімділігінің сақталуы. Өзін-өзі, дене өзгерістерін бақылау.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Саралап, деңгейлі тапсырмалар беру. Түрлі деңгейдегі тапсырмалар.Тапсырмалардың, жаттығулардың айырмашылығы.

2: Негізгі дене жаттығуларының орындалу үйлесімділігі. Әр-түрлі қозғалыс дағдыларының мағынасын ашу. Танымдылығын дамыту. (Когнитив)

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Сыныптың белсенділігін, ынтымағын ұстану. Бірлескен және жеке жұмыстарда әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар беру, ұсыну әдістерін қарастыру. Баскетбол элементтері бар ойындардың, негізгі дене жаттығуларының орындалу үйлесімділігіне байланысты сұрақтар қою. Танымдылығын дамыту. Қимыл-қозғалыстарды бірнеше рет қайталап көрсетуге мүмкіндік беру.




















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!