Баскетбол ойынының шабуылдау тәсілдері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баскетбол ойынының шабуылдау тәсілдері

Материал туралы қысқаша түсінік
5 сынып оқушыларына баскетбол ойын ережесімен таныстыру
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сабақ: Дене тәрбиесі

Мектеп: Е.Айшуақұлы атындағы орта мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Сатыбалдиева Қ.

Сыныбы: 5-сынып

Қатысқан оқушы саны :17

Қатыспағаны:0

Сабақтың тақырыбы:

Өзгертілген командалық ойындар

Баскетбол ойынының шабуылдау тәсілдері

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары


Шапшаңдықты,жылдамдықты,дәлдікті дамыту

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Баскетбол ойынында техникалық әдістерді меңгереді

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Бір немесе бірнеше техникалық іс – қимылды меңгереді.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Шабуылдай алады

Тілдік мақсаттар:





Пәнге қатысты сөздік қор мен термииндер

Оқушылар келесі ұғымдарды біледі және қолдана алады. Допты алып жүру,аут,пас,фол,бір-біріне беру

Диалог құруға арналған пайдалы тіркестер:

Командалық ойындар дегеніміз не?

Талқылауға арналған сұрақтар: Допты беру және қабылдау үшін қолдың дұрыс қойылуы қалай болуы тиіс?

Не себепті ... деп ойлайсыз?

Дұрыс қабылданбаған доп балаға травма әкелуі мүмкін

И шара:

Дене қимыл іс-әрекет арқылы білдіру.




Алдыңғы оқу:

Эстафеталық ойындар

Жоспар

Ұзақ,орта,егжей-тегжейлі қысқа мерзімді жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы:

10 мин


Білу және түсіну

Қауіпсіздік ережесімен танысу.

«Жылы лебіз» шаттық шеңбері;

ЖДЖ жаттығулары.

Саптық жаттығулар-бір орындағы бұрылыстар

Жәй жүгіріс

-тізені жоғары көтеріп жүгіру;

-аяқты артқа сермеп жүгіру;

-жылдамдыққа жүгіру;

-180º-қа айналу

Жанымызбен жылжу

-кеудеден доп лақтыру қалпын салып оң және сол жақ жанымызбен жылжу.

Жәй жүріс:

-қол жоғары, аяқтың ұшымен жүру;

-қол желкеде немесе жанымызда,өкшемен жүру;

-аяқтың сыртымен жүру;

-аяқтың ішімен жүру.

Әр бір белсенді қозғалыс үшін үлкен бос кеңістік.


Сабақтың ортасы:

25 мин.

Қолдану

Шабуыл кезіндегі іс - әрекеттер.

А) үшеу: А - ойыншысы ортада, Б;В ойыншылары екі жақ қапталда. Бір-біріне доп жеткізе алға допты шеки жылжи қарсы жақтың себетіне допты салу.


Ә) Үшеу қарсы алаңға жылдам кіру: А ойыншысы қалқаннан қайтқан допты қағып алып, оң жақ қапталдағы Б ойыншысына доп жеткізе өзі допсыз алға «Айып» алаңының тұсына жүгіреді. Б ойыншысы сол жақ қапталмен «Айып» алаңына жеткен В ойыншысына допты бірден себетке лақтырады, А ойыншысы да себетке ұмтылады.

Б) үшеуі де «Сегіздік» шабуылы: ортада А ойыншысы Б ойыншысына допты беріп, Б-ның артынан айналып ортаға жүгіреді. В ойыншысынан доп алып, диагональ допты шеки жүгіре, қарсы келген Б-ға доп беріп, себеттің сол қапталына келеді. В-ның себетке лақтырған добына ұмтылады. Бұл уақытта Б ойыншысы, В-ға доп беріп, В-ның артына сол жақ қапталға өтіп, оңға бұрыла диагональ А-дан доп алға ұмтылады. В А-ға доп беріп, А-ның артына өтіп, оң жақ қапталдан солға бұрыла себетке жақындай Б-дан доп алып, себетке доп лақтырады

Доп үшін күрес. Баскетбол алаңында екі топ ойнайды. Мұғалім алаң ортасынан капитандар арасына допты ойынға қосады, олар допты өз жағына қағып алуға тырысады.Ойыншылар допты қағып алғаннан кейін, допты бір-біріне жалғайды, ал қарсылас топ допты қағып алуға тырысады.10рет допты жалғаған топ өз еншісіне ұпай алып келеді.Осыдан кейін ойынды ортадан бастайды. Өз қоржынына көп ұпай жинаған топ жеңімпаз болып саналады.

Бұл тапсырмаға бағалау дескрипторы:

-Допты жалғауды дұрыс орындау

-Допты тартып алу кезінде ережені бұзбау

Талдау

«Жина және жауап бер».

Оқушыларға «жұлып алу», «жалғау», «допты алып жүру», «екі адым», «себетке лақтыру», «допты ұтып алу», «доп үшін күрес»-атты сөздер жазылған парақшалар беріледі.

Оқушылар белгілі бір уақыт ішінде сөздерді реттілігі бойынша жинайды және неліктен реттілік бойынша тұрғанын түсіндіреді.

(Б, Т,)Жеңілдетілген ережемен баскетбол ойыны.

Бұл тапсырмаға бағалау дескрипторы:

- Допты жерге соқпай алып жүру баскетбол ойыны,доппен екі адым жасауға рұқсат беріледі.

Үлкен ойын кеңістігі,жарыс өткізуге қажетті құрал жабдықтар.

Сабақтың соңы:

5 мин

Сабақтың соңында оқушылармен сабақта не үйрендің? Не үйренгің келеді? Рефлексиясын жасайды:


Стикерлер, маркерлер, қаламсаптар

Қосымша ақпарат

АКТ-дан Қазақстанныңең үздік баскетболшыларының өмірін білу


Саралау:

Саралауға – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?Қабілетті оқушыға тапсырмасы қалай түрлендіресіз?

Топтық және командалық жұмыстар қолдану арқылы  үлгерімі жақсы оқушылардың көмегімен қабілеті төмен оқушыларға қолдау жасауды жоспарладым. Жоғары қабілетті оқушыларға команда капитаны немесе өз командаларын басқаруды ұсынамын

Бағалау:

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Қалыптастырушы бағалау кретерийісін жасақтау. Ішкі жиынтық бағалау

Сабақ барысын бағалау, мұғалімнің мынадай бақылауынан тұрады:

1 оқушыларды бақылаумен

2 оқушыларға ауызша сұрақ қою

3 оқушымен жекелей әңгіме жүргізу

- белсенді оқушыларға

- жетістік критерий

-теориялық біліміне

Пәнаралық байланыс – физика

математика

Денсаулық және қауіпсіздік

Таза ауада өткізілген сабақ ағазаға қосылған дәрумен, АКТ – мен байланыс.

Бейне жазба Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі).ынталандыруға, ұйымшылдыққа,топтық жұмыс.

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма ? Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма ? (тапсырмалар сәйкес болды ма ?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Сабағымның мақсаты орындалды.Баскетбол әдіс –тәсілдері,өзін-өзі бағалауды,топтық жұмыс арқылы ұйымшылдықты үйренді.Сабақтағы ойнатылған ойындар арқылы оқушылар сараланды.Уақытты тиімді пайдаландым.


Қортынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты )

Шабуылшы қорғаушы спорттық ойында көптеген қабілеттер: дәлділікті,шапшаңдылықты,төзімділікті.

саралау

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)

Шынайы бағалау

Ынталандыру

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім ?

кері байланыс жүргізу

қимыл-қозғалыс ойындары арқылы баскетбол ойынын жетілдіру.














Тапсырма

Бағалау критерийі

Дескриптор

Сабақ тапсырмалары

Білім-гі

1балл

Ептілігі 2балл

Шап-ғы

3балл

Дәлділігі 4балл

Мергендігі 5балл

Ішкі жиынтық бағалау

Үйтапсырмалары







Шаттық шеңбері







1ойын







2 ойын







3ойын







Кері байланыс








«5» - 12-15балл

«4» -8-11балл

«3»- 0-7 балл



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2018
3726
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі