Факультатив жоспары
Мұғалім: Айтқалиев
Е.Қ.
Сабақтың тақырыбы: Басқа планеталардың
атмосферасы.
Мақсаты: оқушыларға Жерден басқа Күн
жүйесінің планеталарының атмосфералары жайлы мәлімет беріп, білім
дағдыларын қалыптастыру; оқушылардың ой-өрісін
дамыту.
Көрнекіліктері: суреттер,
бейнеролик.
Орындалу тәртібі:
І.
Ұйымдастыру кезеңі.
ІI.
Факультативтің барысы:
Атмосфера – бұл әлем кеңістігінде
планетамен бірге қозғалатын, планетаның газды қабығы. Күн жүйесінің
барлық планеталарында атмосфера болады, бірақ тек жер
атмосферасында өмір сүру мүмкін болып келеді. Планеталардың
атмосферасында аэрозольды бөлшектер: планетаның қатты қабығынан
көтерілген шаң-тозаңдар, атмосфералық газдардың конденсациясынан
пайда болған сұйық немесе қатты бөлшектер, метеорлық шаң болады.
Күн жүйесінің планеталарының атмосфераларының ерекшеліктерін және
құрамын толығырақ қарастырайық.
Меркурий.
Бұл планетада атмосфераның
қалдықтары бар: гелий, аргон, оттек, көміртек және ксенон табылған.
Меркурий бетіндегі атмосфераның қысымы өте төмен: жердің қалыпты
атмосфералық қысымының екі триллиондық бөлігін құрайды. Бұндай
сиретілген атмосферада желдер мен бұлттардың пайда болуы мүмкін
емес, ол планетаны Күн ыстығынан және космостық сәулеленуден
қорғамайды.
Шолпан. 1761 жылы Михаил Ломоносов
Шолпаның Күн дискінен өтуін бақылай отырып, планетаны қоршайтын
жұқа құбылмалы шеңберді (тоненький радужный ободочек) байқады.
Осылай Шолпан атмосферасы ашылды. Бұл атмосфера өте мықты болып
келеді: планета бетіндегі қысым Жер бетіндегі қысымнан 90 есе үлкен
екен. Шолпан атмосферасы 96,5%-ға көмірқышқыл газынан тұрады, азот
мөлшері 3%-ынан аспайды. Сонымен қатар, инертті газдардың (ең
әуелі, аргонның) қоспалары табылған. Шолпан атмосферасындағы
жылыжай эффектісі температураны 400 градусқа
көтереді!
|
|
Шолпанның аспаны сары-жасыл
реңкті болып келеді. Атмосфераның ең жоғарғы қабаты шамамен
толығымен сутектен тұрады. Шолпан Атмосферасының қалыңдығы 5500 км.
Атмосфера Шолпанның айналу бағытымен бірдей бағытта, шығыстан
батысқа қарай айналады. Температуралық профилге байланысты Шолпан
атмосферасы екі бөлікке бөлінеді: тропосфера және термосфера.
Шолпанның бетіндегі температура + 460°С-қа тең, ол күндіз және
түнде аз өзгеріске ұшырайды. Тропосфераның жоғарғы шекарасында
температура -93°С-қа дейін төмендейді.
Марс.
Бұл планетада аспан біз
ойлағандай қара түсті емес, қызғылт түсті. Ауада қалқып жүретін
шаң-тозаң күн сәулесінің 40%-ын жұтады, осыдан түстік эффект пайда
болады. Марс атмосферасының 95%-ын көмірқышқыл газы құрайды.
Шамамен 4%-ын азот пен аргон құрайды. Оттек пен су буы марсиандық
атмосфераның 1%-ынан аз бөлігін құрайды. Планета бетіндегі
атмосфераның қысымы Шолпандағыдан 15000 есе кем, және Жер
бетіндегіден 160 есе кем. Жылыжайлық эффект бетіндегі орташа
температураны 9°С-қа көтереді.
Марста
температура жиі өзгеріске ұшырайды: күндіз температура +27°С бола
алады, ал таңертең -50°С бола алады. Бұның себебі, Марстың
сиретілген атмосферасы жылуды ұстай алмайды. Температураның лезде
өзгеруінің көріністерінің бірі, жылдамдығы 100 м/с-қа дейін жететін
өте күшті желдер болып табылады. Марста әр түрлі формалы бұлттар
кездеседі: шарбы, ирек бұлттар.
Ю питер – үлкен, тез қозғалатын сұйық
шар болып табылады. Оның атмосферасы қалың, 1000 км дейін жетеді.
Атмосфера негізінен сутектен және гелийден тұрады. Бұнда түрлі
түсті бұлттар және иірілген атмосфералық дауылдар байқалады. Кейде
өте үлкен найзағайлар жарқылдайды. Жарқын қызыл, қызғылт және қоңыр
бұлттар әр түрлі химиялық қосылыстармен боялуы және әр түрлі
тереңдікте орналасуы мүмкін. Әйгілі Үлке Қызыл дақ – бұл өте үлкен
атмосфералық дауыл болып табылады. Үш жүз жылдан артық уақыт бойы
ол өзінің көлемін, жарығын және түсін өзгертіп отырды. Үлкен Қызыл
дақ сағат тіліне қарсы айналады. Оның ені 14000 км, ұзындығы 40000
км. Атмосфераның жоғарғы қабатындағы бұлттардың температурасы
-130°С.
Сатурн.
Оның динамикалық атмосферасы
белдеуліктер мен аймақтарға ие. Көрінетін бұлттардың үстінде – өте
қалың тұман қабаты болады. Бұлттардың жоғарғы шекарасының маңында
температура шамамен -180°С, жылдамдығы 600 км/сағ артық желдер
үрлейді, найзағайдар жарқылдайды және поляр жарқылы жарқырайды.
Сатурн атмосферасы негізіне сутектен, гелийден және метаннан
тұрады.
У ран мен Нептун алып егіздер секілді көрінеді.
Екі планетада да сутекті-метанды бұлттардан тұратын қалың қабат
бар. Уранның атмосферасының қалыңдығы 8000 км-ден асады. Оның
шамамен 83%-ын сутек, 15%-ын гелий және 2%-ын метан құрайды.
Метанды түтін күнің қызыл сәулелерін жақсы жұтады, сондықтан Уран
көгілдір болып көрінеді. Оның жылдам араласатын бұлттар сызықтары
болады. Орта белдікте желдер 40-тан 160 м/с-қа дейінгі жылдамдықпен
үрлейді. Платың магнит өрісінің әсерінен, атмосфераның жоғарғы
бөлігінде полярлық жарқырау байқалады.
Н ептун
атмосферасы негізінен сутектен, гелийден және аздаған метан
қоспаларынан тұрады. Нептун, Уран секілді, метанның күнің қызыл
сәулелерін жақсы жұтуы әсерінен көк болып көрінеді. Нептунда өте
күшті желдер, үлкен борандар мен дауылдар байқалады. Желдер
планетаның экваторына параллель қозғалады. Күн жүйесіндегі ең күшті
желдер, осы Нептунда үрлейді, жылдамдықтары 700 км/сағ дейін
жетеді. Нептундағы желдер батыс бағытта, планетаның айналу бағытына
қарсы үрлейді.
Қорытынды сөз: Біз бүгін Жер
планетасынан басқа Күн жүйесінің планеталарының таныстық. Сендер әр
планетаның атмосфераларының өз ерекшеліктері, өзгешелігі бар екенін
байқаған шығарсыңдар. Олардың атмосфералары әлі де толықтай
зерттелген жоқ, бірақ жалпы атмосфералары жайлы қазірге белгілі
мәліметтер осындай.
ІII.
Рефлексия:
-
Атмосфера
дегеніміз не?
-
Меркурий
бетіндегі атмосфералық қысым қандай?
-
Шолпан
атмосферасы қалай ашылды?
-
Шолпан
атмосферасы неше және қандай бөліктерден тұрады?
-
Марстың
аспаны қандай түсті? Неліктен?
-
Юпитердің
атмосферасы қандай?
-
Сатурн
атмосферасы негізінен қандай газдардан тұрады?
-
Алып
егіздер деп қандай планеталарды атайды?
Бүгінгі сабағымыз аяқталды, сау
болыңыздар!