БАСҚАРУ ПСИХОЛОГИЯСЫ БІЛІМІНІҢ КӘСІБИ ІСТЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ: МЕНІҢ ТӘЖІРИБЕМ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

БАСҚАРУ ПСИХОЛОГИЯСЫ БІЛІМІНІҢ КӘСІБИ ІСТЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ: МЕНІҢ ТӘЖІРИБЕМ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Қолданбалы және есептеу математикасы» мамандығының магистрантының Басқару психологиясы курсынан алған білімін, яғни мотивация, жеке-типологиялық қасиеттерді талдау және қарым-қатынас қызметтері туралы теорияларды кәсіби тәжірибесінде (банк қызметкері және жас ғалым ретінде) қалай қолданғаны туралы жеке баяндамасы. Негізгі ойы – математикалық және ғылыми білімдермен қатар, психологиялық білімнің ұжымдық жұмыста, конфликттерді шешуде және тиімді шешім қабылдауда өте маңызды екендігін дәлелдеу. Басқаларға пайдасы – кез келген кәсіби маманға, әсіресе топты басқаратын немесе ұжымда жұмыс істейтін адамдарға, психологиялық принциптерді қолдану арқылы жұмыс тиімділігін арттыруға және адамдармен қарым-қатынасты жақсартуға болатынын көрсететін нақты тәжірибелік мысал.
Материалдың қысқаша нұсқасы

БАСҚАРУ ПСИХОЛОГИЯСЫ БІЛІМІНІҢ КӘСІБИ ІСТЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ: МЕНІҢ ТӘЖІРИБЕМ

Қазіргі таңда Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде «Қолданбалы және есептеу математикасы» мамандығында оқып жатырмын. Бұл мамандықты менің бакалавр деңгейімнің жалғасы әрі тереңдетілген білім беру түрі деп санап, ғалым болуға тағы бір қадам жақындадым. Математика және компьютер ғылымдарымен айналысу – қазіргі заманның бәсекеге қабілеттілік талаптарының бірі.

Осы тұста, әрине, айнамалызда болып жатқан құбылыстар, жаңалықтар осы мамандықпен тығыз байланыста деп атап өтуге міндеттімін. Мысалы, атмосферадағы болып жатқан құбылыстар, әсіресе, Алматы қаласында өзекті болып тұрған ауаның ластануы, көлік қозғалысының экологияға әсері секілді проблемалардың шешімі – математика мен супер компьютердің есептеуінсіз зерттелмейді. Магистратурада алып жатқан жаңа білімдерім осындай актуалдылығы жоғалы мәселелермен, оларды математикалық модельдеу және компьютерде есептеумен тығыз байланысты. Әрбір қозғалыстың, процесстің түп-тамырына жетіп, баға беруді үйреніп жатырмын. Осы магистратура курсы маған әлемдегі қозғалыстардың математикаға тамыры байланғандығын көрсетті, жас ғалым ретінде зерттеу жүргізуді үйретті.

Әрине, ғалым, ұстаз болу тек қана фундаменталды білімді ғана қажет ететін мамандықтардың қатарынан емес. Топ болып зерттеулер жүргізу, проекттермен айналысу, қарамағыңдағы топты басқара алу, студенттермен жұмыс жасау белгілі бір деңгейде педагогикалық және психологиялық білімді қажет етеді. Сондықтан да, басқару психология курсын білім беру бағдарламасына қосқан.

Курста аталған тақырыптардың барлығын өте маңызды деп атай аламын, себебі магистрант және компания жұмысшысы ретінде бұл тақырыптар – күнделікті өмірде кездесетін практика. «Басқару жүйесіндегі мотивацияның қызметі мен түрлерін (сыртқы-ішкі, оң-теріст.б.) талдау. Қызметкерлердің индивидуалды - типологиялық қасиеттер (мінез, темперамент, қабілет) ерекшеліктерін талдау» тақырыбы менің жеке тұлға ретіндегі күнделікті өмірде дамуыма өте жақсы әсерін тигізді. Бұл тақырып профессионалды карьерада ғана емес, күнделікті адамдармен тілдесу, қарым-қатынас құрудың негізі болатын теориялар жиынтығы. Сонымен қатар, мамандығым бойынша жұмыс жасап жатқан банк қызметкері әрі жас ғылым ретінде алған білімдерім де көп болды. Атап өтсек, «Басқару қызметіндегі тұлғалық қабілеттердің маңызы және ұжымдық еңбек өнімділігіне әсері», «Басқару жүйесіндегі қарым-қатынас қызметтері. Тұлғалық қарым қатынас түрлері мен формалары» тақырыптары менің ұжымдағы қарым-қатынасымды дұрыстауға итермелейтін тақырыптар болды. Бұрын өзім байқамаған ұжымдық қара-қатынастағы қателіктер, түсініспеушіліктерді сыртынан көріп, анализ жасағандай әсер туғызатын салмақты тақырыптардың қатарына жатқызамын.

«Басқару жүйесіндегі мотивацияның қызметі мен түрлері» тақырыбында адамның әрекетін қозғалтатын сыртқы және ішкі ынталандыру факторлары қарастырылады. Ішкі мотивация – адамның қызығушылығы, өзін-өзі дамытуға деген қажеттілігі, ал сыртқы мотивация – марапат, сыйақы, мансаптық өсу сияқты сыртқы әсерлердің жиынтығы. Басқаруда бұл екі мотивация түрін тең қолдану қызметкердің өнімділігіне тікелей ықпал етеді. «Қызметкерлердің индивидуалды-типологиялық қасиеттерін талдау» бөлімінде адамның мінезі, темпераменті және қабілеттері басқару стилін таңдауда шешуші рөл атқаратыны түсіндіріледі. Мысалы, холерик тез шешім қабылдаса, флегматик бірқалыпты жұмыс пен жүйелілікті талап етеді; осыны ескеру командалық жұмысты әлдеқайда тиімді етеді. Ал «Басқару қызметіндегі тұлғалық қабілеттердің маңызы және ұжымдық еңбек өнімділігіне әсері» тақырыбы лидердің эмоционалды тұрақтылығы, жауапкершілігі, коммуникативтік дағдылары және ұйымдастырушылық қабілеттері команданың жалпы атмосферасына және нәтижесіне ықпал ететінін көрсетеді. Соңғы аталған – «Басқару жүйесіндегі қарым-қатынас қызметтері» тақырыбы топ ішіндегі ақпарат алмасудың түрлерін (вербалды, вербалды емес), олардың формаларын (ресми, бейресми) және тиімді коммуникация принциптерін түсіндіреді. Дұрыс қарым-қатынас орнату конфликттің алдын алып, жұмыс процесін үйлестіруге жол ашады. Осы теориялар жиынтығы менеджердің де, оқытушының да, кез келген кәсіби маманның да тиімді жұмыс істеуі үшін қажет психологиялық негіз болып табылады.

Шын мәнінде, бұл курсты оқымас бұрын ұжымға, жұмысқа деген қарым қатынасым мүлде басқа болғандай. Мүмкін, бұның себебі – оларға аса мән бермегенімде. Алайда, курсты өткеннен кейінгі менің ұжыммен, айналамдағы жандармен қарым-қатынасым айтарлықты өзгергенін, конфликтті сәттердің азайғанын, туындаған жағдайда – тез шешіле кететіндігін айту керек. Бұл білім шешім қабылдаудың эмоцияға емес, ақылға салынуы керектігін түсіндірді. Ең алдымен мотивация теориясы маған өзімді де, айналамдағы адамдарды да жақсырақ түсінуге мүмкіндік берді: қандай жағдайда адам белсенді әрекет етеді, қандай кезде кері тартады – осыны білу жұмыс процесін тиімді жоспарлауға көмектеседі. Ұжымдағы әріптестерімнің индивидуалды-типологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырмаларды бөліп беру, коммуникация құру, әр адамға сәйкес тіл табу едәуір жеңілдеді. Бұрын эмоциямен қабылдайтын жағдайларды қазір мінез, темперамент, қабілет тұрғысынан талдап, мәселені жүйелі түрде шешуге тырысамын. Сонымен қатар, қарым-қатынас психологиясы бойынша алған білім жұмыстағы түсініспеушіліктерді азайтып, ресми және бейресми диалог жүргізуде сенімділік тудырды. Лидерлік пен тұлғалық қабілеттерге қатысты теориялар басқару және ұйымдастыру міндеттеріне деген көзқарасымды өзгертіп, жауапкершілікті дұрыс бөліп, командадағы атмосфераны сақтауға ықпал етті. Жалпы алғанда, басқару психологиясы пәнінен алған білімім тек кәсіби салада ғана емес, адамдармен күнделікті қарым-қатынасымда, шешім қабылдау процесінде, өзін-өзі дамытуда қолданылып, менің жеке басымның өсуіне нақты нәтиже беруде.


Ақылбекқызы Ақтолқын

1 курс магистранты,

Болтаева Алия Масакбаевна

психология ғылымдарының кандидаты

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.12.2025
15
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі