Басқатырғыштар, ребустар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Басқатырғыштар, ребустар

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзім сияқты әріптестерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Математика Мұғалім:

Күні: Қатысқандар саны:

Сынып: 1 «Ә» Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы

Басқатырғыштар, ребустар

Оқу мақсаттары

1.4.2.2 **бірдей цифрлары, фигуралары, ребустары бар жұмбақтарды шешу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Тарқырлыққа үйренетін қызықты тапсырмаларды шешіп үйренеді.

Көптеген оқушылар: Жасырын сандарды таба біледі.

Кейбір оқушылар: Басқатырғыш тапсырмаларды орындап шығарып біледі.

Бағалау критерийлері

Белгілі бір заңдылыққа сүйеніп басқатырғыш тапсырмаларды табуға, жинау не бөлу,қандай да бір орын ауыстыру немесе босатып алып тастау арқылы сандық есептер мен басқатырғыштардың бірнеше түрін шешеді.

Тілдік мақсаттары

Ребус

Құндылықтарды дарыту

Бір біріне құрмет көрсету, оқушылардың бойына ұқыптылық жауапкершілік, нақтылық құндылықтарын дарыту.

Пәнаралық байланыс

Сауат ашу, дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

кесілген суреттер салынған 4 конверт;сегіз сіріңкенің шиі бар конверт;тапсырмалар салынған конверт; үйдің кескіні бар конверт.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут


Психологиялық дайындық
Оқушылар көңілді шеңберге жиналады.
Біз қандаймыз, қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Ренжуді білмейміз.
«Кір жайғыш»
Топқа бөлу


Шаттық шеңбер






Әр түсті қыстырғыштар

Сабақтың ортасы

8 минут



(Т) Мағынаны тану

Ребус-бұл шешетін сөздер немесе жасырын сөйлемдер, суреттермен бірге әріптермен немесе цифрлармен берілген жұмбақ. Ребустардың қиындығы әртүрлі деңгейде болатынын түсіндіру.

(Т) Оларға қазір төрт орталық бойынша қозғалу қажеттігін ескертіңіз. Әр орталықта оларды конверттердегі тапсырмалар күтіп тұрады. Оны орындаған соң келесі орталыққа ауысу керек.

1-орталық.

Суретті құрастыр.

(Әр топқа кесілген суреттің бөліктерін конвертке салып дайындап қою керек.) Оқушылар оларды біріктіріп салып, бір бет қағазға желімдеуі тиіс.

2-орталық.

8 сіріңке шиінен 4 үшбұрыш жина (Конвертке

8 сіріңке шиін салып қой).

3-орталық.

Қолыңды қағаз бетінен алмай үйді сызып шық.

4-орталық.

Жауабын жаз.

Қозылар маған қарсы жүгіріп келеді: біреуі екеуінің алдында, біреуі екеуінің арасында және біреуі екеуінің артында. Барлығы неше қозы жүгіріп келеді? (3)

Тапсырманы қағазға жазып, конвертке салып қойыңыз. Тапсырманы топпен орындап болған соң, оқушылардың жауабын талдаңыз және қай топтың қанша дұрыс тапсырма орындағанын анықтаңыз.

Оқушыларды ребус туралы ұғыммен және осы сабаққа ғана қажетті ережелермен таныстырыңыз. Оқулықтағы ребусты қарап, жауабын талдатыңыз.

Олардан неліктен осы сөздің шыққанын сұраңыз. Ребустарды шеш. Жұмысты топпен ұйымдас-

тырып, ребусты шешуді ұсыныңыз. Содан кейін оқушылардан басқа топпен жауапты бөлісуді сұра-ңыз. Жауабы бірдей болмаған кезде қатесі бойынша талдау жүргізіңіз.

Жауабы:

Бестас, Жетісу, кекіл.


Дәптермен жұмыс

Сана және шығар. Оқушыларға “1” санының артында жасырынып қалған әріптер ғана керекті болғандықтан, алдымен барлық түсіп қалған сандарды тауып алу керек. Тапсырманы орындауды жеңілдету үшін түсіп қалған сандарды әріптердің үстіңгі жағына жазып алу қажет, содан кейін керектісін таңдап алуға болады. Тапқыр оқушыларға екі сөзді де шешуге болады.
Жауабы: кит, тау.

Суретті кестелер

АКТ









Цифрлар, конверт, желім, шырпы



































Жұмыс дәптері

Сергіту сәті

1 минут

«Жаңа күн»

Сергіту сәтіне арналған жинақ

Қызықты тапсырма

12 минут

Логикалық тапсырмалар
1.Қосындыны табуға арналған есептер :1.Дымбілмес алдында 4 құлпынай , содан кейін 3 құлпынай жеді.Дымбілмес барлыға неше құлпынай жеді?

2.Айнұр 2 пирамида, ал Гүлнұр 3 пирамида құрастырды.Екі қыз неше пирамида құрастырды?

3. Алпамыс аптасына 3 кітап, ал Берік сонша кітап оқыды.Балалар қанша кітап оқыды?
4.Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды?
( балықтар ағашта отырмайды және ұшпайды.)
5.Алма ағашында 10 алма, ал үйеңкі ағашында одан 2 алма аз өсіп тұр. Үйеңкі ағашында неше алма өсіп тұр? (Үйеңкіде алма өспейді)

Цифрлар

Аяқталуы


12минут




(Т) Орындап көр. Оқушыларды басқатырғыштар-мен таныстыруды жалғастырыңыз. Оларға жұппен жұмыс жасауды ұсыныңыз. Оқулықтағы сурет бойын-ша 15 шаршы табу керектігін айтыңыз. Тапсырманы орындауға уақыт беріңіз. Содан кейін тапсырманы тақтаға шығарып, 15 шаршы тапқан оқушыларға өз шешімін көрсетуді ұсыныңыз. Тапсырма оқушылардың кеңістіктік ойлауын дамытады.

(Ж) Ойлан. Оқушыларға тапсырманың жауабын топпен іздеуді ұсыныңыз. Олардың әрқайсысына өз пікірін айтқызып, ал содан кейін бір шешімді таңдап алуды сұраңыз. Барлық топтың жауабын тыңдаңыз. Содан кейін оқушыларға тапсырманы көрсетіп, олар-ға шешімдерінің дұрыстығына өз бетінше қорытынды жасауды ұсыныңыз.

Жауабы: 3 тиін.


Суреттер







Сабақтың соңы

2 минут


Рефлексия
«Белгілер» әдісі


Белгі түрлері

Бағалау

Оқушылар сабақтың соңында:

ребус туралы ұғымды;

ребусты шешудің бірнеше ережелерін мең-гереді.

Оқушылардың бүгінгі сабақта алған білімі мен дағдысын тексеру үшін мына сұрақтарды қойыңыз:

Ребус дегеніміз не?

Сендер ребус туралы қандай ережелерді есте сақтадыңдар?

Сендер тағы қандай тапқырлыққа берілген тапсырмалармен таныстыңдар?

Сендер қандай да бір басқатырғышты біле-сіңдер ме? Оны өз сыныптастарыңа айтып бере аласыңдар ма?

Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалау жұмысын өткізіңіз.

Жетістік баспалдағымен”



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.06.2018
5082
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі