БАСШЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ҰЖЫМЫН
БАСҚАРУДАҒЫ
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ ЖӘНЕ
ҮЙЛЕСТІРУ
Қазіргі білім беру
саясатының негізгі мәселелерінің бірі жеке тұлғаның дамуы мен
функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған міндеттерді
шешу болып табылады. Ал сапалы білім беру қызметін көрсету – білім
беру ұйымдары, педагогтар алдында тұрған басты
міндет.
Басты идея: тұтынушының,
яғни оқушының талаптарын қанағаттандыруға бағытталған мектеп
әкімшілігінің жауапкершілігі, материалдық-техникалық база (МТБ),
оқу-тәрбие процесін басқаруды жүзеге асыру, оқу-тәрбие процесі,
өлшеу, талдау, жақсарту циклдерінен тұратын
іс-әрекеттер.
Ия бүгінгі қоғам жедел
өзгеріске ұшырауда. Үлкен масштабта алар болсақ, қайсы бір сала
болмасын барынша заманға лайықты, ыңғайлы, тиімді инновациялық
қарқынды даму кезеңін бастан
кешіруде.
Жалпы
өзгеріс қандай да бір мақсаттарға қол
жеткізу үшін енгізіледі. Егер қызметкерлер өзгерсе компания да
өзгереді ол нәтижеге ықпал етеді. Ал ұжымның жалпы нәтижесі - бұл
әр қызметкердің нәтижелерінің жиынтығы болып табылады. Олай болатын
болса әрбір жеке тұлғаның дамуы
маңызды.
Басшы ретінде алдымен ұжымға
өзгеріс енгізіп оның даму көрсеткішіне бақылау жасалады. Өзгеріске
әсер етуші ішкі жіне сыртқы күштердің динамикалық ықпалы мен әсерін
бақылау және басқару үлкен қажырлы еңбекті талап
етеді.
Айталық өзгерістерді басқаруда
мына тәсілдерді қолданып, нәтижесін саралап терең талдауды
ұсынамын.
-
Дағдарысқа
қарсылық: ол ең қысқа мерзімде жақсы
нәтижеге қол жеткізу қажет болған жағдайларда
қолданылады. Мұнда қолданылатын әдіс -
реинжиниринг. Оның мәні қолданыстағы жүйені толығымен қайта құру
болып табылады. Бұл тәсіл қызметкерлердің
арасында көптеген сұрақтар мен қарсылықтарды
тудырады.
-
Үздіксіз
жетілдіру: бұл тәсіл қызметкерлерді
қорқытпайды. Себебі, белгілі бір кезеңде ұйымның әрбір элементіне
әсер ететін өзгерістер біртіндеп енгізіледі. Тәсілді қолдану үшін
арнайы технологияларды (Just-in time, Кайдзен, 5S-методика, Канбан
т.б.) қолдану тиімді.
-
Бейімделу
тәсілі: бұл алғашқы екі тәсілдің
бірігуі. Мұндағы өзгерістер де кезең-кезеңімен жүзеге асады, одан
кейін әр ұжым қызметі өзгеріссіз қалатын уақыт кезеңі болады. Содан
кейін өзгерістердің келесі кезеңі
басталады. Бұл тәсілді жасау
үшін арнайы әдістер
(жобаны басқару, Деминг немесе
Болдридж марапаттары) жасалады. Марапат дегенде
арнайы ақшалай
түрде
сыйақы, материалдық көмек,
әлеуметтік мәртебе, жұмысқа деген ішкі
қанағаттану.
Жоғарыда келтірілген
идеяларды басшылыққа ала отырып, жалпы білім беретін орта мектепті
басқаруда сапа менеджмент жүйесінің төмендегі моделінде жұмыс
жасауды ұсынамын. Сапаны жақсартудың бұл жүйесі әрбір басшының
күнделікті жұмыс дағдысына айналуы
тиіс.
Сапаны
бақылау – білім беру ұйымының
бақылау талаптарына сәйкестігін бағалау қызметі болып табылады.
Бағалау қызметіне өлшеу, талдау, қадағалау, мониторинг, тексеру
және т.б. алдын ала белгіленген, бақыланатын процестер нәтижесі
енеді.
Сапаны
қамтамасыз ету
– ол анықталған талаптарға сай
болатын жүйелі (ұдайы) қызмет болып табылады. Оған оқу-тәрбие
процесін басқару, білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық және
оқу-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету, ақпараттық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету т.с.с. жұмыстар
кіреді.
Сапаны
жоспарлау – білім беру ұйымының
жоспарланған нәтижелерінен ауытқуына, сонымен қатар келеңсіз
салдарды барынша азайту және пайда болатын мүмкіндіктерді барынша
пайдалану болып табылады. Сапаны басқарудың нысанына білім сапасына
әсер ететін процестер (білім беру ұйымын басқару,
оқу процесі, тәрбие процесі, қосымша білім беру
т.с.с.)
жатады.
Сапаны
жақсарту – сапаны қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру
бойынша күнделікті тұрақты атқарылатын жұмыстар. Біз қарастырып
отырған сапа менеджменті тұтастай
алғанда ҚР СТ ISO 9001-2016 сериялы стандарт
негізінде білім беру ұйымының сапаға
қатысты процестерін, басқаруды
және ұйымдастыруды
қарастырады.
Жаңа қоғамның және
мемлекеттің талаптарына сәйкес білімнің жоғарғы сапасын қамтамасыз
ету басты міндет болып тұр. Бұл міндеттің жетістікпен жүзеге асуына
көптеген факторлар ықпал етеді. Айталық осы тұста ұжымдағы
бағыныштылардың жай-күйі мен өзіндік білім берудегі ұстаным
деңгейін де айтуға болады. Басшы ретінде әрбіріне жеке-жеке
тоқталып қарсы амал жасау білім мен біліктілікті талап
етеді.
Енді мұны У. Деминг
үлгісі бойынша қарастырып
көрейік:
-
Бағыныштылардың көңіл-күй
аясы. Деминг (Уильям Эдвард
Деминг американдық ғалым, менеджмент кеңесшісі)
қызметкерлердің жазалау немесе жұмыстан шығудан қорқуды жою қажет,
оларды тәлімгер рөлінде болатын басшы мен қызметкерлер арасындағы
оң қарым-қатынаспен алмастыру керек деп
есептейді;
-
Бағыныштылардың мотивация
аясы. Деминг цифрлар арқылы берілетін
ұрандар мен бос ұрандардан бас тартуды ұсынады, өйткені олар
мотивациялық факторлар емес;
-
Адам ресурстарын
дамыту. Деминг білім алу мен өздік
білім алуды қолдауды ұсынады;
-
басшылар мен оларға
бағынатындар арасында өзара қарым-қатынас. Деминг басшының міндеті бақылау емес, керісінше қол
астындағы адамдардың жұмыстарына көмек көрсету деп есептейді. Өз
жұмысына өзара түсіністікті секілді мадақтау түрлерін енгізу
керек;
-
әртүрлі
бөлімдер (кафедралар,
бірлестіктер) арасындағы өзара
қарым-қатынас. Деминг бөлімдер арасындағы тосқауылды
жоюмен қатар өзара көмекті мадақтау керектігін
ұсынады.
Сол
сияқты көшбасшы ретінде
бағыныштыларды өзіңізге тартудың Д.Карнеги
ұсынған жолдарын күнделікті өмір
салтына айналдыру да табысты болмақ. Бұл қарекет арқылы өз
бағыныштыларыңызға арада сыйласымдық қатынас орнатуға
болады.
Мысалы
сіз:
-
Басқа адамдарға шынайы
қызығушылық
танытыңыз;
-
Үнемі күліп
жүріңіз;
-
Адам үшін ең жағымды сөз оның
есімі;
-
Жақсы тыңдаушы
болыңыз;
-
Сұхбаттасыңыздың қызығушылығы тұрғысынан
әңгімелесіңіз;
-
Сұхбаттасыңыздың орны ерекше
екендігін шынайы
білдіріңіз.
Ал бағыныштыларды өз ойыңызбен
келісуге итермелеудің тәсілдері
деп:
-
Пікірталаста табысты нәтижеге
қол жеткізудің ең тиімді тәсілі – пікірталастан ауытқу.
Пікірталаста жеңіп шыға
алмайсыз.
-
Жаныңыздағы адамдардың ойына
құрметпен қараңыз. Ешқашан оған дұрыс емес деп
айтпаңыз.
-
Егер сіздікі дұрыс болмаса сол
сәтте мойындаңыз және оны шын көңілмен
жасаңыз.
-
Адамның ақыл парасатына
апаратын ең дұрыс жол – басында достық қарым-қатынаста
екендігіңізді
білдіру.
-
Басынан Сіздің сұхбаттасыңыз
«иә, иә» деп жауап беретіндей болсын. (Сократтың
құпиясы)
-
Сізден қарағанда сұхбаттасыңыз
көбірек сөйлейтін
болсын.
-
Сұхбаттасыңыз ойды өзінікі деп
ойласын. Бұл сізге ынтымақтастықта болуға мүмкіндік
береді.
-
Басқа адамның ойымен санасуға
тырысыңыз.(Өзіңізді оның орнына қойып
көріңіз)
-
Басқа адамдардың ойы мен
арманына тілектестік білдіріңіз. Мұны әр адам
қалайды.
-
Игілікті іске шақырыңыз! Өз
идеяларыңызды көрнекі етіңіз, оны сахналаңыз. Мұны кино жасайды,
радио жасайды. Неге сіз
жасамасқа?
Ұлт ұстазы Ахмет
Байтұрсынұлы: «Ұлтына, жұртына қызмет қылу –
білімнен емес, мінезден» деген екен. Осы бір нақыл
сөздің түбіне терең бойласақ, айтпақ ойы салмақты деуге болады.
Бүгінгі ғұлама ғалымдардың айтып жүрген көшбасшы үшін маңыздылығы
жоғары саналатын «эмоционалдық интеллектсі» де тікелей осы мінезге
тәуелді. Ақын Шәкәрәм Құдайбердіұлының: «Ең әуелі сөзіңді түзе, ол
сенің әдетің болады, онан соң, әдетіңді түзе ол сенің мінезің
болады, онан соң, мінезіңді түзе ол сенің тағдырың болады» дегені
тағы бар.
Десек те «өзгенікі
қаңсық, өзімдікі таңсық» дегеннен де арылу керек-ақ. Егер көшбасшы
болғыңыз келсе «өзім білемін» мен «өзімшілдік» сізді алға
жылжытпайды.
Ия қашанда өркеиетті дамыған
елдердің прогрессивті тәжірибесіне сүйене отырып жоғарыда айтып
өткен тиімді әдістермен педагогтарды қолдау
маңызды. Мектеп
басшысы білім берудің ағымдық
жағдайына талдау жасап осы уақытқа дейін қалыптасқан білім беру
жүйесінің шын мәнінде ескіргендігін, оны ұйымдастыру және
құрылымдық жағынан түбегейлі өзгерту керектігін әр кез қаперге алу
керек. Сол сияқты білім берудің мега
тенденцияларын, қоғамдық-экономикалық мәселелерді, заңдылықтарды
жетік білуі қажет. Өйткені педагогикалық үрдіс – тек оқу мен тәрбие
ғана емес. Ол өмірдің барлық құралдарын ескеретін біртұтас құбылыс.
Сол себепті жалпы білім беретін мектепті басқаруда педагогикалық
үрдістің әр сатысына тиімді жағдай жасалғанда ғана негізгі мақсат
шешімін табады.
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі:
-
«Халықаралық сапа менеджмент
жүйесі негізінде мектепті басқару»
С.Т. Мұхамбетжанова, А.Ш.
Орақова, Б.Т. Тәжібаев, М.Т. Белденбаева – Алматы,
2017.
-
«Білім беруді цифрлфық
трансформациялау жағдайындағы инновациялық менеджмент» (курс
бағдарламасы) Ж.А. Жартынова, А.С. Тен – Алматы
2022ж.
-
«Операциялық менеджмент» Б.
Садықов – Алматы 2022
ж.