Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРҒА АРНАЛҒАН ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР ЖИНАҒЫ»

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдістемелік құралдың мақсаты жас педагогтарға оқушылармен өзін - өзі бағалауын көтеруде қолданылатын психологиялық,технологиялар және практикалық жұмыс түрлерімен таныстырып, тәжірибе алмасу. Әдістемелік құралда оқушылардың жас ерекшілігіне сай негізгі қажеттіліктері қарастырылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

«№9 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

Жанаева Нұрайна Қайратқызы















«БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРҒА АРНАЛҒАН

ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР

ЖИНАҒЫ»

Әдістемелік құрал

























Құлсары 2025



« №9 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі Жанаева Нұрайна «Бастауыш сыныптарға арналған дидактикалық материалдар жинағы» тақырыбында лицензиялық жұмысына жазылған


РЕЦЕНЗИЯ



Ойлау – баланың таным әрекетінің ең жоғары түрі. Баланың ойлау қабілеттерін дамыту әр ұстаздың басты мақсаттарының бірі болып табылады. Сабақ барысында ойын түрлерін, логикалық есеп-тапсырмаларды, жұмбақтарды, құзыретті тапсырмаларды пайдаланудың маңызы зор. Қазіргі таңда баланың тілін дамыту, тілді меңгерту жолдары өте көп.

Бастауыш сынып мұғалімі Л.М.Уристимбаеваның «Бастауыш сыныптарға арналған дидактикалық материалдар жинағы» тақырыбында жазылған жұмысында ойындар, логикалық есеп-тапсырмалар, жұмбақтар, метаграммалар, құзыретті тапсырмалар жинағынан тұрады.

Аталған жұмыс әр түрлі жастағы балалардың ойлау мен сөйлеу қабілеттерін дамытуға арналған. Дидактикалық материалдарды орындау барысында балалардың ойлау, сөйлеу, жүйелеу, өздігінен жұмыс жасау, салыстыру, қорытындылау қабілеттері қалыптасады. Л.М.Уристимбаеваның алып отырған дидактикалық материалдар арқылы ойын - тіл дамытудың ең тиімді құралы табылатыны сөзсіз. Л.М.Уристимбаева әр сабағында оқушылардың сөздік қорын молайтуға, дұрыс сөйлеуге, сөйлеу мәдениетіне айрықша назар аударып отырады және оқудың жаңаша әдіс-тәсілдерін сабақтарында тиімді қолдана біледі. Л.М.Уристимбаеваның лицензиялық жұмысы бастауыш сыныптарда өтетін сабақтарында пайдалануға тиімділігі зор. Балаға тілді меңгерту, сол тілде өз ойын жеткізуге қалыптастыру, тілге деген қызығушылығы мен танымдылық қабілеттерін, құзыретті қабілеттерін дамыту мәселесі кеңінен қойылып жүр.

Сөзімді қорыта келе, аталған жұмыстың баланың дамуында пайдасы зор жұмыс екенін айтқым келеді.



« №9 жалпы орта білім беретін мектеп » КММ

Бастауыш сынып мұғалімі:

Мулдагалиева Р.К. _______

(қолы)



Бастауыш сыныптарға арналған дидактикалық материалдар жинағы» ;

Әдістемелік құрал/Автор: Жанаева Н.Қ.-Құлсары; « №9 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ;2025 ж.-37 бет



Әдістемелік құралдың мақсаты жас педагогтарға оқуiылармен өзін - өзі бағалауын көтеруде қолданылатын психологиялық,технологиялар және практикалық жұмыс түрлерімен таныстырып, тәжірибе алмасу. Әдістемелік құралда оқушылардың жас ерекшілігіне сай негізгі қажеттіліктері қарастырылған.

Мазмұны:

  1. Түсінік хат................................................................... 5-бет

  2. Мақсаты мен міндеттері ......................................... 6-бет

  3. Дидактикалық материалдар арқылы жеке тұлғаны дамыту 7-бет

  4. Ойын түрлері және шарттары.................................. 8-17-бет

  5. Логикалық есеп-тапсырмалар..................................... 18-25-бет

  6. Жұмбақтар, метаграммалар, анаграммалар............ 26-34-бет

  7. Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер............ 34-37-бет

  8. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................ 38-бет







































Түсінік хат

Ұсынылып отырған «Бастауыш сыныптарға арналған дидактикалық материалдар жинағы» мұғалімдерге әдістемелік нұсқаулық ретінде арналған. Аталмыш дидактикалық материалдар жинағының мақсаттары: оқушылардың құзыреттіліктерін дамыту, пәндерге деген қызығушылықтарын арттыру, дидактикалық материалдар арқылы сапалы білім беру, қызықты сабақ өткізу.

Дидактикалық материалдар – қоғамдық тәжірибені қалыптастыру бағытындағы іс-әрекеттің бір түрі, өзін-өзі басқаруды жетілдіреді. Білім беру саласында жиі көтеріліп жүрген мәселелердің бірі –оқушыларды өзін-өзі басқаруға үйрету. Осы мақсатты алға қойып, өз тәжірибеме оқыту жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында әрбір сабағымда ұсынылып отырған дидактикалық материалдарды түрлендіріп өткізу әдістерін еңгіздім.

Жаңа технология әдістері оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырып, өз бетімен жұмыс істеуге, қорытындылар жасауға, жүйелі білім алуға жетелейді.

Ұсынылып отырған «Бастауыш сыныптарға арналған дидактикалық материалдар жинағы» сауат ашу, қазақ тілі, математика сабақтарында қолданатын ойындардан, жұмбақтардан, логикалық есептерден тұрады.

Осы жинақта берілген материалдар мен тапсырмалар бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігіне негізделіп құрастырылған.



























Мақсаты:

  1. Оқушыларды ойын арқылы жеке тұлға ретінде дамытуға көмектесу.

  2. Ойын барысында балалардың жан дүниесін тану, оны сыртқа шығару жолдарын меңгерту.

  3. Әр баламен жеке жұмыс жасауға мүмкіндік беру.

  4. Бірлікке, достыққа, шапшаңдылыққа тәрбиелеу.



Міндеттері:

  1. Жеке тұлғаны өнегелі бағытта болуын тәрбиелеу.

  2. Жеке тұлғаны шығармашылық қабілеттілігінің дамуына жағдай жасау, білім алуға қызығушылықтарын арттыру.

  3. Оқушылардың ойын, құзыретті тапсырмалар арқылы өздігінен білім алуларына, ізденулеріне мүмкіндік беру.

































Дидактикалық материалдар арқылы жеке тұлғаны дамыту.

Әр адамның болашақта жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінен бастап, балабақша, мектеп, жоғары оқу орнында алған тәрбиесі мен білімнің маңызы зор. Баланы ұлттық рухта қалыптастыруда басты нысана жас ұрпақтың кішкентайынан өз тілін меңгеріп, ұлттық тәрбиені бойына сіңіріп, қазақы болмысты сезіне өсуі. Ұлт болып қалыптасу жолында барлық соған апарар мүмкіншіліктерді пайдалана білу қажет. Әрбір педагогтың белсенді іс-әрекеті, түйінді шешімі, үлкен ізденісті рухани дамыған, бәсекелестікке дайын, құзыретті қабілеттері дамыған жеке тұлға ретінде жетілдірген ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған жөн. Жеке тұлға белгілі бір әрекеттер нәтижесінде қалыптасады. Тұлға үнемі даму үшін әрекет шығармашылықпен байланыста болу керек. Менің ойымша, жеке тұлға қалыптастыруда негізгі құралдардың бірі – дидактикалық материалдар (ойын, логикалық есеп-тапсырмалар, жұмбақтар, метаграммалар, анаграммалар, құзыретті қабылеттерді қалыптастыруға бағдарланған тапсырмалар).

Дидактикалық материалдар бастауыш сынып оқушыларына өте тиімді. Дидактикалық материалдардың негізгісі – ойын. Ойын арқылы оқыту мен тәрбиелеу баланы жалықтырмайды, қызығушылығын оятады, белсенділіктерін арттырады, денсаулықтарын нығайтады. Балалардың ертеңгі үлкен азаматтыққа жалғасатын жеке басының ерекшеліктері, беделдері оның бүгінгі ойын әрекеті үстінде қалыптаса бастайды. Ойын арқылы баланың шығармашылық мүмкіндіктері, эмоционалдық көңіл-күйі және ерік-жігері бүршік атып, білінеді.

Ойын – баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятады. Сонымен қатар, ойын – тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиял мен қанат беретін ғажап нәрсе.

Дидактикалық материалдар бастауыш сынып оқушыларының сабаққа белсенді де қызығушылықпен қатысуына әсерін тигізеді.

12 жылдық білім беруге көшу мақсатында мұғалім құзыретті болуы тиіс. Осыған байланысты оқушылардың да құзыретті қабілеттерін дамыту қазіргі заман талабы. Құзыретті тапсырмалар арқылы бала өмірге бейімделіп, ақпаратты қабылдап, қарым-қатынас жасай білуді үйренеді.

Дидактикалық материалдарды пайдалану нәтижесінде оқушылардың бойында ойлау, тапқырлық, шыдамдылық, белсенділік, өмірге бейімделуі, құзыретті қабілеттері, ұйымдастырушылық қасиеттері қалыптасады.

Ойындар және шарттары..

«Дыбыстар әлеміне саяхат» ойыны.

Ойынның мақсаты:әріптер туралы білімдерін тексеру, ойлау қабілеттерін дамыту.

Ойынның шарты: Әр балаға жеке-жеке әріптерді тарату. Сол әріп туралы айту. Сөз құрау.



Сөз ойла, тез ойла!

Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту.

Ойынның шарты: Шашылған әріптерден бірнеше сөз құрау.



«Достасқан буындар»

Ойынның мақсаты: оқушылардың ойау қабілеттерін дамыту.

Ойынның шарты: Қатар отырған оқушылар ауызша орындайды. Орындау тәртібі бойынша бірінші оқушы қа буынын айтса, екінші келесі буынын тауып сөз құрауы керек



Жоғалған сөз”

Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін, ауызша тілдерін дамыту.

Ойынның шарты: берілген мәтіндегі көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қою



... келді. ... еріді. Құстар жылы жақтан ... ... . Ағаштарда ... жарылды. Гүлдер ... . Адамдар ... киінді. Малдар ... ... .



«Кім көп біледі?» ойыны.

Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Ойынның шарты:
1. «Б» дыбыстан басталатын сөзге мысал ойла.
2. Білгіштің хаты.
Біз Білгішбектен хат алдық. Ол өзенге барып балық аулапты. Жинаған балықтарының атында «б» дыбысы бар екен. Ол сендерден көмек сұрайды. Қандай балықтар екенін айтып жіберейік. (бекіре, табан, алабұға, камбала) (Дыбыс таңдау» ойыны. Сөйлемдегі сөздер бірдей дыбыстан басталу керек.
Мысалы: Оспан орманнан оралып, орындыққа отырды.


«Жоғалған әріп» ойыны.

Ойынның мақсаты: ойлау қабілеттерін дамыту.

Ойынның шарты: Берілген сөздерде көп нүктенің орнына жоғалған әріпті таңдап қою керек.

... ор, ... алық,...ота, та... а,... оран.



«Кім тапқыр?».

Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.

Ойынның шарты: Антонимдері бар мақал-мәтелдер жазу. Мысалы:
Ашу-..., ақыл-...


«Жалғасын тап» ойыны.

Ойынның мақсаты: оқушылардың ауызша тілдерін дамыту.

Ойынның шарты: Оқушылар мақал-мәтелдің жалғасын тауып, түсінгендерін ауызша айтады.
1. Отанды сүю... ... ...

2. Досы көпті жау алмайды, ... ... ... ...
«Сөзден сөз тер» ойыны.

Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.

Ойынның мақсаты: Кез келген сөздер беріледі. Оқушылар берілген сөздегі әріптерден бірнеше құрастыру керек. Мысалы: бБауырсақ сөзі - бауыр, бал, су, ара, ар, ауа, қас, бақ ас, қар, сақ, қуыр, рас, сау.


Сөйлем қуаласпақ”

Ойынның мақсаты: оқушылардың көру, есту, ойлау қабілеттерін, ауызша тілдерін дамыту.

Ойынның шарты: Сынып екі топқа бөлінеді. Әр топқа суреттер үлестіріледі. Әр топтың оқушылары бір-бір сөйлемнен айтып, сол сурет бойынша ауызша мәтін құрастырады.





«Синтаксистік касса» ойыны.

Ойынның мақсаты: ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Ойынның шарты: Карточкада бірнеше суреттер көрсетіледі (адам, құс, т.б.) беріледі және қойылатын сұрақтар карточкасы жасалады. Суреттің үстіне сұрақтары айтылып қойылады.



«Кедергіден өту» ойыны.

Ойынның мақсаты: ойлау қабілеттерін дамыту.

Ойынның шарты: Интерактивті тақтадан «кедергілер» көрсетіледі. Әр кедергінің өз тапсырамасы тақтадан көрінеді. Тапсырмалар топқа беріледі. Осылайша ойын соңында кедергілерден өтіп мәреге жеткен топ жеңіске жетеді.



«Шашылған әріп» ойыны

Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.

Ойынның шарты: оқушыларға бірнеше әріптер беріледі. Сол әріптерден оқушылар сөз құрастырып шығарады. Мысалы, заж (жаз); ақба(бақа); рақ (қар); ғаша(ағаш); лмаа (алма); Аталау (Алатау); іпл (піл).





«Вагон құрау» ойыны.

Ойынның мақсаты: Оқушыларды шапшаңдылыққа тәрбиелеу.

Ойынның шарты: Әр топқа бірнеше вагондар беріледі. Әр балаға 1 вагоннан. Вагонның артындағы тапсырманы орындаған оқушы вагонды ретімен тақтаға келіп іледі. Қай топтың вагондары алдымен құралса, сол топ жеңіске жетеді.



«Атын айт» ойыны.

Ойынның мақсаты. Оқушылардың сөздік қорларын молайту.

Ойынның шарты: Интерактивті тақтадан бір-бірімен араласқан бірнеше суреттер тұрады. Оқушылар кезекпен шығып суреттерді «белгісі» арқылы топтан себебін түсіндіреді.







«Тізбек» ойыны

Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін арттырады.

Ойынның шарты: ойын жүргізуші кез-келген бір сөзді айтады., ал келесі оқушы сол келтірілген соңғы әрпінен басталатын сөзді тауып айтуы қажет. 
Мысалы: Бақша-ана- Асхат- тарақ- қалам 
Берілген уақытта ең көп сөз атаған оқушы жеңімпаз атанады. 


«Алтыбақан» ойыны

Ойынның мақсаты: ойлау қабілеттерін дамыту.

Ойынның шарты: сөздердің басқы әріптері қағаздың екі жағына жазылады. Топ мүшелері әріп таңдап алады. Қай топ көп сөз айтса , сол топ жеңіске жетеді.



«Адасқан дыбыстар» ойыны

Ойынның мақсаты: есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Ойынның шарты: бастауыш сынып оқушысына оқи отырып сөз мағынасын түсінуге көмек береді. Ойын ережесі бойынша, оқушы адасқан әріпті тауып, керекті әріппен ауыстырады. Мысалы: Күл деген жазуы бар көл суреті. Осы ойынға арналған сөздік материал: қыс- қыз, жас-жаз, қас- қаз, төрт-торт, орман –арман, 


«Шекараны сыз» ойыны.

Ойынның мақсаты: ойлау қабілеттерін дамыту.

Ойынның шарты: оқушыға әртүрлі сөз жазылған парақтарды таратып беру, бұл сөздер Кім? Не? елдеріне, үй жануарлары мен жабайы аңдарға, үй құстары мен дала құстарына, ... тиесілі. Оқушыға басқа елде бір сөз қалмайтындай екі ел арасында шекара жүргізу тапсырмасы беріледі. Оқушы тапсырманы орындау үшін, оқып қана қоймай «даулы» жағдайда сізден кеңес сұрауы мүмкін. Аю- кім? немесе не?




Заттың атын айт”

Ойынның мақсаты: көру қабілеттері, ауызша тілдері дамытылады.

Ойынның шарты: Бірнеше балаға суреттер үлестіріледі. Әр оқушы өзінің суретін қалған оқушыларға сипаттайды, бірақ атын айтпайды. Заттың атын оқушылар тауып, айту керек.

Сиқырлы сандықша”

Ойынның мақсаты: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, ауызша тілдерін дамыту.

Ойынның шарты: Оқушылар шеңберге тұрады. Музыка ойнап тұрады. Шеңбер бойымен “сиқырлы сандықшаны” оқушылар бір-біріне жібереді. Музыка тоқтаған кезде, кімнің қолында сандықша қалады, сол бала сандықшаның ішіндегі берілген тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдер, әндер, өлеңдер айтады.



«Орамал тастамақ»

Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, ауызша тілдерін дамыту.

Ойынның шарты: Балалар шеңбер жасап тұрады.Бастаушы балаларды айнала жүріп бір баланың артына орамал тастап кетеді. Артына орамалды тастағанын сезген бала менің артмда деп жауап береді. Артына орамалдың тасталғанын сезбесе ол өлең,тақпақ айтуы керек.

Балалар шеңбер бойында көздерін жұмып тұруы керек.Ойын осылай жалғаса береді.



«Жаңа ертегі»

Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін, ауызша тілдерін дамыту.

Ойынның шарты: Жүргізуші отырған балаларға ертегі кейіпкерлерін атайды, суреттерін көрсетеді. Мысалы: кемпір, шал, түлкі, арыстан, тышқан т.б. Аталған кейіпкерлерді біріктіре отырып жаңа ертегі мазмұнын құрастырып айтуды ұсынады. Балалар ертегі құрастырады. Ең қызықты ертегі ойлап тапқан бала жүргізуші болып ойын жалғастырады.



«Ойлан тап» ойыны

Ойынның мақсаты: Оқушы буындар арқылы сөзді қатесіз, анық айтуға дағдыланады.

Ойынның ережесі: Бірнеше буындар жазылған қима қағаздар таратылады. Сол буындарға сәйкес буындар тауып жаңа сөз құрайды.







«Өлең шумағын дұрыс оқы» ойыны.

Ойында оқушылар Абай Құнанбаевтың жасырылған өлең шумағын табады. Мұғалім ойын ойнамас бұрын оқушыларға ойын ережесін таныстырып, Абай Құнанбаевтың басқа да білетін өлеңдерін айтып беруді талап етеді. Оқушылар Абай Құнанбаевтың өмірі мен өлеңдеріне тоқталып өтеді. Және содан кейін тақтаға таңдалған өлең шумағы жазылған тор көзді іліп қояды.

Ойынның мақсаты: Оқушылардың дыбыстардан сөз құрау, сөздерден сөйлем құрау дағдыларын жетілдіру. Өлең шумағында кездескен дауыссыз дыбыстардың тіркесу жолдарын үйрету, ауызша тілдерін дамыту.

Ойын ережесі: Оқушылар тор көзде жасырылған өлең шумағын дыбыстарды дұрыс тіркеу арқылы өлеңді оқиды. Табылған өлең шумағының мағынасын өз сөзімен айтып береді. Дауыссыз дыбыстарға талдау жасайды.



«Дыбыс таңдау» ойыны

Ойынның мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырып, сөздік қорын дамыту.

Ойын ережесі: Оқушылар таңдаған дыбыстан басталатын сөз тіркесінен сөйлем құрайды.

Ойын кезеңдері: Ойын екі кезеңнен тұрады. Мұғалім ойын ережесімен таныстырады.

Бірінші кезең: балалар дыбыс таңдайды;

Екінші кезең: сол дыбыстан басталатын сөз тіркестері арқылы сөйлем құрайды.

Ойын тиімділігі: Оқушылардың ой - өрісі, сөздік қоры дамиды, белсенділігі артады.

Мысалы: Ойын нәтижесінде мынандай сөйлемдер құрауға болады:

Талғат таңертең тұрып, тауға тартты.

Бақыт бүгін бақшаға барды.



"Синонимін табайық" ойыны.

Ойынды "Синоним" тақырыбын бекіту сабағында немесе сабақтың мақсатына қарай өткенді еске түсіре отырып өткізуге болады.

Ойынның мақсаты. Оқушылардың "Синоним" тақырыбынан меңгерген білімдерін тексеру, жылдам ой қорытуға баулу, сөздік қорын байыту.

Ойынға синонимдік қатар түзуге болатын мақсаттағы сөздерді интерактивті тақтаға еңгізеу.

Ойынның шарты. Оқушыларға бір уақыт аралығында синонимдік қатар тузу тапсырылады.

Ойын соңында ауызша синонимдік қатардан сөйлемдер құралады.



«Кім тез?» ойыны

Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін, ауызша тілдерін дамыту.

Ойынның шарты: Интерактивті тақтада бірнеше суретті көрсету. Әр қатардан 4 оқушы сурет бойынша сөйлем ойлап айтады. Интерактивті тақтадағы суреттерді (қозы, аңшы, бор, нан, алма, бота, күн, қыз, сүргі, ай, тышқан) қатыстырып тез сөйлем ойлайды. Қозы, аңшы, бор, нан т.б. сөздерден дыбыс құрамын, нан т.б. сөздерден дыбыс құрамын, буын санын айтады.



«Зымыран сұрақ».

Үш топқа бір уақытта бірдей сұрақтар қойылады. Әрбір топ мүшелері жылдам жауап беруі қажет. Бұл бөлімде біліммен қатар жылдам ой қорытып, нақты жауап беруі талап етіледі. Ойланып жауап беруге 15 секунд белгіленеді.

- Сөйлем мүшелері неше түрге бөлінеді?
- Бастауыш қай сөз табынан жасалады? Мысал келтір.
- Баяндауыш қай сөз табынан жасалады?
- Тұрлаусыз мүше дегеніміз не?
- Бастауыштан кейін қай уақытта сызықша қойылады?



«Ой жинақта, талдаумен»

Тапсырмаларды таратып береді. Берілген нұсқа бойынша сөйлем құрау. Сөйлемнен сұрақ қойып тұрлаулы, тұрлаусыз мүшені тап. Ойлануға 2 минут беріледі. Ауызша орындалады.

1 топ тапсырмасы: Кім? Нені? Не істеді? (Зайра шәй жасады)
2 топ тапсырмасы: Не? Неден? Не істеді? (Мал төлден өседі)
3 топ тапсырмасы: Кім? Қайда? Не қылды? (Мұғалім сыныпқа кірді)







«Сиқырлы жапырақтар» ойыны

Ойынның мақсаты: Оқушылаодың ойлау қабілеттерін дамыту.

Ойынның шарты: Тақтада ілулі тұрған ағаштың кез келген жапырағын алып, сол жапырақтың тапсырмасын орындайды.

Тапсырмалар: жапырақта жазылған.

  1. Дыбыс деген не?

  • Дыбыс ауызбен айтылады, құлаққа естіледі.

  1. Әріп деген не?

  • Естіген дыбысты таңбалап жазсақ ол әріп болады. Әріпті оқимыз, жазамыз.

  1. Дауысты дыбыстар қалай айтылады?

  • Дауысты дыбыстар созылып, әндетіп айтылады, өзі буын құрай алады.Мысалы: ы, а, ә, і.

  1. Даусыссыз дыбыстар қалай айтылады?

  • Дауыссыз дыбыстар созып, әндетіп айтуға келмейді. Ауыз қуысында кедергіге ұшырап, қысқа айтылады. Өз бетімен буын құрай алмайды. Мысалы: с, ш , л, р.



«Қыз қуу» ойыны.

Мақсаты: оқушылар бір-біріне сұрақ оқып, келесі оқушы сол сұраққа жауап береді.. Сол сұраққа жауап берген соң, келесі оқушыға сұрақ оқиды. Осылай жалғастырады.



  1. Қос сөздер дегеніміз не?

  2. Қос сөздің арасына қандай тыныс белгі қойылады?

  3. Қайталама қос сөздер дегеніміз не?

  4. Қайталама қос сөздерге мысал келтіріңіздер.

  5. Қосарлама қос сөздер дегеніміз не?

  6. Қосарлама қос сөздерге мысал келтіріңдер









«Орнын тап» ойыны:

Мақсаты: Қос сөздердің түрлерін ажырата білуге үйрету, тездікке, аңғарымпаздыққа тәрбиелеу.

Қосарлама қ айталама Күйшейткіш буын арқылы жасалатын қос сөздер


темір-терсек кезек-кезек киім-кешек


үйрек-қаз ап-анық жора-жолдас


топ-топ үп-үлкен қып-қызыл


сөйлей-сөйлей талай-талай дұп-дұрыс



«Тақия тастамақ» ойыны

Ойынның мақсаты. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.

Ойынның шарты: Бір оқушы тақияны шеңбер бойымен жүріп, кез келген баланың басына кигізеді. Басында тақиясы бар бала түбір және туынды сөзді айтады. Ойын осылай жалғаса береді.



«КІМ БІЛГІР?» ойыны

Тақтадан заттардың, жан-жануарлар суреттері көрсетіледі. Суретке байланысты айтылған мақал-мәтелдерді кім біледі? (көп айтқан оқушы жеңімпаз болады)



«КІМ ТАПҚЫР?» ойыны

Ішінде антоним сөздері бар мақал-мәтелдерді тауып айтыңдар.

  1. Ашу-...,

Ақыл-...

  1. Ақылдан... жоқ.

Ашудан... жоқ.

  1. ... тауып айтады,

... қауып айтады.

  1. Дос...

Дұшпан...

  1. ... жарқырап жүреді,

.... қалтырап жүреді.

  1. ... дос жанынды сақтайды,

... дос малыңды сақтайды.

«Кім жылдам?» ойыны

Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, шапшаңдылыққа тәрбиелеу.Ойынның шарты: сыныпты 2-3 топқа бөлуге болады. Топтарға бірдей тапсырма беріледі. Топтар берілген тапсырманы жылдам есептеп шығаруы тиіс. Бірінші шығарған топ, ең жылдам атағына ие болады.

«Қалқанқұлақтың қатесін тап» ойыны.

Ойынның мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.

Ойынның шарты: тақтаға өрнектер жазылған парақтар ілінеді. Оқушылар қате жазылған өрнектерлі табуы тиіс.

8 + 2 = 9                                                    3 + 3 = 9                                                10 6  -  2 =4                                                    4 + 2 =6                                                   4 6
5 + 3 = 7                                                    7 -  5 =2                                                   2


« Көрші санды тап» ойыны.

Ойынның мақсаты: сандар қатарын еске түсіру, ойлау қабілеттерін дамыту.

Ойынның шарты: тақтаға сандар ілінеді. Кез келген санды атап, сол санның көршілерін атауы керек. Мысалы, 4 десе, 4 санының көршілері 3 пен 5 деп жауап беруі керек.

«Артық фигураны тап» ойыны

Ойынның мақсаты: геометриялық фигураларды естес сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.

Ойынның шарты: тақтаға геометриялық фигуралар ілінеді. Мысалы, төртбұрыштардың саны 4 болса, үшбұрыштың 1-еуін ғана ілу керек. Содан соң оқушылар үшбұрыш артық фигура деп атайды. Бұл төртбұрыштарды өткен кезінде пысықтауға арналған дидактикалық ойын.

«Көкпар» ойыны

Бұл ойында оқушыларды екі топқа бөлеміз. Екі топқа да бірдей бірнеше тапсырмалар беріледі. Әр топтың басшысы алдын ала сайланады. Тапсырманы бірінші орындап біткен топ шығарған есептерін дәлелдейді. Сұрақтарға жауап береді. Егер дұрыс болмаған жағдайда 2 топ басшысы дәлелдеуге болады. Осылай екі топ мүшелері арасында математикалық көкпар болады.







Логикалық есеп-тапсырмалар.

1.Төрт сөмкеде 99 алма бар. Бірінші, екінші сөмкедегі алмалар бірдей.Үшіншісінде біріншідегінің жартысындай. Ал төртіншіде екіншіге қарағанда 2 есе артық..Әр сөмкеде неше алма бар?

2.Бұзау сиырдан 5 есе жеңіл.Ал олардың жалпы массасы 480 кг. Бұзау мен сиырдың әрқайсысының массасы қанша?

3.Әуежайдың ұшу алаңының ұзындығы 928 м. Оның үстіне әр 8м сайын белгілер салынған. Осы ұшу алаңында неше белгі бар?

4.Белгісіз санның жазылуында (1-ден 28-ге дейін) 1,5 және 7 цифрлары жоқ.Ол тақ сан және 3-ке бөлінбейді.Осы санды тап.

5.Көгалда қояндар мен қаздар жүрді. Қояндардың аяқтарының саны қаздардың аяқтарының санына тең. Қояндар көп пе, әлде қаздар көп пе?

6.Кез келген екі таңбалы саннан сол санды жазу үшін қолданылған цифрлардың қоСоңғысындысының мәнін азайт.Алынған айырманың мәні әрқашанда 3 және 9 сандарына бөлінетінін тексер.

7.Зәуре, Айнұр, Қымбат және Самалдың біреуі:6 наурызда, екіншісі 7 сәуірде, үшіншісі 6 шіледеде, төртіншісі 20 наурызда туған. Айнұр мен Қымбат бір айда туды, ал Қымбат пен Зәуренің туған күндері бірдей.Әр қыздың қай күні және қай айда туғанын анықта.

8.Ойыншық жасау үшін қыз бала 4 жолақ кесті.Әр келесі жолақты ол алдыңғысынан 2 есе қысқа кесті.Егер төртінші жолақтың ұзындығы 42 см болса, бірінші жолақтың ұзындығын тап.

9.Дымбілиес пен оның достары 3 алты орынды зымыранмен Айға ұшпақшы болды.Егер зымыранда 9 орын болса, неше зымыран қажет болады?

10.Екі қызда барлығы 9 шар болды.Бірінші қыздың 2 шары, ал екінші қыздың 3 шары ұшып кеткенде, қыздардың шары тең болды. Әр қыздың қолында неше шардан болды?

11Динарада үш түсті 66 қағаз бар.Көк түсті қағаздар қызыл түстілерден 2 есе артық.Ал қызыл түсті қағаздар ақ түсті қағаздардың үштен бір бөлігін құрайды.Динарада әр түстен неше қағаз бар?

12.Оқушылардың математикаға деген ынтасын арттырады, қызығушылығын оятады, өз білімдерін тереңдетуге, қабілетінің кемелденуіне мүмкіндік береді.

13.Бірінші қатарға бір-бірінен 2 м қашықтықта 112 ағаш отырғызылды. Екінші қатарға бір-бірінен 1м қашықтықта 222 ағаш отырғызылы. Қай қатар ұзынырақ?

14.Арман дүкеннен бір пакет кәмпит сатып алды. Бірінші күні ол оның бестен бір бөлігін жеді. Екінші күні пакетте қалған кәмпиттің жартысын жеді. Үшінші күні ол екінші күннен қалған кәмпиттің жартысын жеді. Сонда пакатте 5 кәмпит қалды. Әуелде пакетте неше кәмпит болды?

15.Мерей бір сан ойлады. Оны 10-ға көбейтіп, нәтижеге 50-ді қосты. Қосындының мәнін 5-ке бөлді.Сонда 130 шықты. Мерей қандай сан ойлады?

16.1,2,3,123,133,234 сандарының ішінен қалған үш санның көбейтіндісінің мәні мәні 369-ға тең болатындай етіп, үш санды алып таста.

17.Аня атасы туралы әр кезде жаңаша айтуға тырысады: «менің әкемнің әкесі», «менің әкемнің бауырының әкесі», «менің әкемнің қызының әкесінің әкесі», «менің бауырымның әкесінің әкесінің бауыры». Аня неше рет қателесті?

18.4 тең квадрат қалатындай етіп 8 шырпыны алып таста.




















19.Гүлдана достарына 9 балмұздақ сатып алды. Гүлдана 316 теңге төледі ме, әлде 315 теңге төледі ме?

20.3 жәшікте 90 кг шеге бар. Бірінші және екінші жәшікте 66 кг, ал екінші және үшінші жәшікте 54 кг. Әр жәшікте неше кг шеге бар?

21.2.Бабаханның Ұланннан 5 есе артық кітабы бар.Егер Бабаханның 20 кітабын Ұланға сыйласа,олардың кітаптарының саны бірдей болады. Бабаханның неше кітабы бар? Ұланның ше?

Шешуі:

(Х*5)-20=Х Ұланда-10 кітап

(10*5)-20=30 Бабаханда-50 кітап

50-20=30

30=30

22.Сенің жасыңды 3 есе арттырса, менің жасымдай болады.Ал менің жасымнан сенің жасыңды алып тастаса, 20 қалады. Мен нешедемін? Сенің жасың нешеде?

Шешуі:

(3*Х)-Х=20 Сен-10 жастасың

3*Х-Х=20 Мен-30 жастамын

2*Х=20

Х=20:2

Х=10

(3*10)-10=20

20=20

23.Сыныптағы 30 оқушының жартысы ағылшынша, жартысының үштен бірі әрі ағылшынша әрі немісше, қалғаны тек немісше оқиды. Оқушылардың нешеуі немісше, нешеуі ағылшынша, нешеуі әрі ағылшынша әрі немісше оқиды?

Шешуі:

I тәсіл.

Барлық оқушы-30

Оның жартысы-15

Жартысының үштен бірі-5

Қалғаны-10

(30:2):3=5

30-(15+5)=10

Жауабы: 15, 10, 5.

II тәсіл.

Барлығы 30 оқушы.

Ағылшынша+немісше-Х

Немісше-2Х

Ағылшынша-3Х

Х+2Х+3Х=30

6Х=30

Х=30:6

Х=5

2Х=2*5=10

3Х=3*5=15

Жауабы:15, 10, 5.

24.Баянда 6 фигура бар. Ол 3х3 өлшемді шаршыны құрастырғысы келеді. Фигуралардың әртүрлі жинақтарын қолданып осыны қанша тәсілмен жасай алады?





























25.1*2*3*4*5=100 өрнегінде жұлдызшалардың орнына амал таңбалары мен жақшаны дұрыс орналастыр.

26.Аликтің анасының жасы оның жасынан 4 есе үлкен.Ал әкесі анасынан 3 жас үлкен. Үшеуінің жастарының қосындысы 84-ке тең. Алик қанша жаста?

27.Лимония елінде үш ауыл бар: Шыншылдар, Өтірікшілер,Қулар.Шыншылдар ауылының тұрғындары тек шындықты айтады.Өтірікшілер ауылының тұрғындары тек өтірік айтады. Ал Қулар ауылының тұрғындары кезек-кезек кейде шындық, кейде өтірік айтады.Бірде кезекші өрт сөндірушіге біреу қоңырау шалып: «Біздің ауылда өрт болып жатыр»,-дейді. Ай ауылды» деген сұраққа «Қулар ауылында» деген жауап алады. Қай ауылдың тұрғыны телефон шалған және кезекші не істеу керек?

28.8 8 8 8 8 8 8 8 8 8 8 8 жазылуындағы кейбір цифрлардың арасына «+» және «*» таңбаларын 2008 саны шығатындай етіп қой.

29. 5.Ойлаған санның төрттен бір бөлігіне 26-ны қосқанда 70 шықты.Ойлаған санды тап.

(Х : 4)+26=70

Х : 4=70-26

Х : 4=44

Х=44*4

Х=176

(176:4)+26=70

70=70

30.4 бала екі доңғалақты және үш доңғалақты велосипед теуіп жүр.Егер велосипедтердің барлық доңғалақтарының саны 9 болса,екі доңғалақты велосипед нешеу,үш доңғалақты велосипед нешеу?

I тәсіл.

Х+У=4 ________ Х=4-У

3Х+2У=9 _______ 3(4-У)+2У=9_____12-3У+2У=9

У=12-9_________Х=4-3___________Х=1

У=3 __________Х=1____________ У=3

Жауабы: 1, 3.

Яғни, екі доңғалақты велосипед-3

үш доңғалақты велосипед-1

3*2=6

3*1=3

6+3=9 болады.

31. Дананың ойлаған санынан ең үлкен бір таңбалы санды азайтып, нәтижеге ең кіші екі таңбалы санды қосқанда 100 шықты. Дана қандай сан ойлады?

(Х-9)+10=100

Х-9=100-10

Х-9=90

Х=90+9

Х=99

(99-9)+10=100

100=100

32.Нұрсұлтан саяжайдан алма жинады. Барлық жиналған алманың үштен бір бөлігін, яғни 12 алманы Нұрсәулеге, ал қалғанының үштен бір бөлігін және 1 алманы Кәмшатқа берді. Нұрсұлтанның өзінде 15 алма қалды. Нұрсұлтан неше алма жинаған еді?

Шешуі:

(а-12):3+1=15

(а-12):3=14

а-12=14*3

а-12=42

а=42+12

а=54

(54-12):3+1=15

15=15

Жауабы: 54 алма жинаған.

33.Қорапта 200-ден жаңғақ бар.Оларды тең етіп 2,3,4,5,6 балаға бөліп беруге болады. Қорапта қанша жаңғақ бар?

34.«5» цифрын 20 рет қолданып, «+» таңбасын қой. Нәтижесі 1000 шығу керек.

35. 1,2,3,......., 99 сандарында 5 цифры неше рет кездеседі?

36.Сенің жасыңды үш есе арттырса, менің жасымдай болады. Ал менің жасымнан сенің жасыңды алып тастаса 20 қалады. Мен нешедемін?

37.Үстел үстінде 5 май шам жанып тұр еді.Нұржан оның 4-еуін өшіріп тастады. Үстел үстінде неше май шам қалды?

38.10 таяқшаның неше ұшы бар? Ал он жарым таяқшаның ше?

39. 2,3,5 сандарына бөлгенде 1 қалдық қалатын ең кіші санды тап.

40.Диас өзінің ойыншықтарын екеуден, үшеуден топтастыра бастады. Диастың ойыншықтарының саны төмендегі сандардың қайсысына сәйкес келеді.

72,75,93,100.

41. Қосындыны есепте:

1+3+5+7+9+.......+997+999

42.Жаңа жылғы сыйлықтар үшін 270 алма, 675 мандарин және басқа да тағамдар алынды.Әрқайсысындағы алма мен мандарин құрамдары бірдей болатындай етіп, ең көп дегенде неше сыйлық жасауға болатынын төмендегі сандардың қайсысы сәйкес келетінін көрсет.

135,75,125,270

43.Сынып оқушылары 203 оқулық сатып алды. Барлық оқушылардың алған кітаптары саны бірдей. Сыныпта неше оқушы бар?

44.100 санының әртүрлі бөлгіштерінің саны қанша?

45. Бір әтеш екі адамды оятса, 10 адамды ояту үшін қанша әтеш керек?

46. Сыныпта бірнеше ер бала және 16 қыз бала бар. Дене шынықтыру сабағында олар әр қатарда 9-дан 3 қатарға сапқа тұғызылды.сыныпта қанша ер бала бар?

Шешуі:

Х+16=9*3

Х+16=27

Х=27-16

Х=11

11+16=9*3

27=27 Жауабы:11 ұл бала бар.

47.Көжектер мен балапан.

Ішпейді екен көжені,

Қоянның қос көжегі.

Бұған тағы қосйық,

Дән шоқитын шөжені.

Екі көжек, балапан-

Бәрі қанша ,балақан?

Қателессең байқамай,

Тағы қайта санатам.

2+1=1

48.Тиіннің жаңғағы.

Үшеу еді қолында,

Бірі қалды оның да.

Неше жаңғақ, есепте,

Түсіп қалды жолында?

3-1=2

49.Батыр бақалар

Үш құрбақа батыр ма,

Үш ноянға татыр ма?

Қоян көріп жағадан,

50.Қанша қой?

Бес қой қосу екі қой

Жалпы саны.......ғой.

Екі қой-қайта алғаным,

Айтшы қанша қалғаны?

5+2=7

7-2=5

51.Кірпінің олжасы

Бір алмасы солында,

Екі алма оңында.

Неше алма барлығы,

Бірі жатса жонында?

1+2+1=4

52.Мерейдің кәмпиттері

Алты кәмпит көп еді.

Сараңдығым жоқ еді.

Бір кәмпитім атаға,

Бір кәмпитім апаға,

Екі кәмпит мамаға,

-15-

Бірін берсем көкеге,

Өзіме де жете ме?

Жауабы: жетеді, өйткені

6-1-1-2-1=1

































АДАСҚАН АТАУЛАР


Қолына алып қаЗықты

Ашқарақ асқа асықты


Жарасқа бәрі күліпті.

Жазда еСік киіп жүріпті


Көпен қатты ысқырды,

КепСерлерді ұшырды.


Балық аулай барғанмын мен,

Шортан ілдім Бармағыммен.


Қол бұлғайды балалар,

Келеді ұшып тырМалар


Атам шАпан байырғы

Қойын кері қайырды


Түні бойы бҰқалар

«Бақ-бақ»-десіп жақ талар


Татты да сорпаны,

Мұз салды ол тағы


ЕЛекті ерттеп алады,

Базарға атам барады.



Інім менің мүскентай

Қолқанатқа жарады-

Қалтасымен кішкентай

Күнде отын жарады

.

Айман апай айналды

Бәрін жиып қасына:

Бір-бір бантик байлады

Бес қАзының шашына.


Ойны қанбас Тілектің,

Күнімен асық атады.

Сыбанып ап білекті,

Бақасын баптап жатады.


Жазда ауылда атама

Шөп шабыстым шаҢғымен

Қыста қарап жатам ба-

Қырдан астым шалғымен


Екі жасар шамасы

ҚарындаШы Қымбатты

Жеті жасар аТасы-

Жомарт келіп жұбатты.



КЕРІ ОҚЫП КӨР

«УА!»-десіп отырар

Кейде үлкендер білсендер

«УА!»-дан тағы сөз туар,

Кері оқып көрсеңдер.


«АУ!» болады ол сөзін

Екі әріптен тұрады-

Көріп жүрген күнде өзің

Балықшының құралы.


«СҮТ»-сүйікті тамағың,

Теріс оқып қарағын:

Кейде ұйқыда көретін

«ТҮС» боп шығар жаңағын.


Көп қой ыдыс түрлері,

«КЕСЕ» деген және бар.

Көп жүк артып жүреді,

«ЕСЕК»-күшті жануар.



Оңға қарай оқысаң,

ҚАМЫТ-әбзел бұйымы.

Солға қарай оқысаң,

ТЫМАҚ –қысқы киімін.


Кері оқуға келетін

Тең мағына беретін.

Қызық сөздер тағы бар,

Оны өздерің табыңдар!


АНАГРАММАЛАР

Жылқышының қолында-

«Ұ» әрпімен,

Ондық саны тобында-

«Ы» әрпімен.

(Құрық-қырық)


«С»-мен айтсаң,

Тағам ішем онымен.

«З»-мен айтсаң,

Қағам жерге оны мен.

(Қасық-қазық)

«Ж»-дан бастасаң,

Жыл мезгілі болады.

«Қ»-дан бастасаң,

Құсқа айнала алады.

(Жаз-қаз)

«Қ»-мен егер бітірсең,

Ыдыс-аяқ ол бірі.

«Н»-мен егер бітірсең,

Балықтың ол бір түрі.

(табақ-табан)


ЖАҢЫЛТПАШТАР

ЖАЛҒЫЗ ЖОЛ ЖАҢЫЛТПАШ

Жаңылтпаштарымнан

жаңылысыңқырағандарың

жаңылысыңқырамағандарыңды

Жаңылыстырмасаңдарсайшы!

ЖЕТІ ЖОЛ ЖАҢЫЛТПАШ

Бүлдіршіндерді

Күлдіргендер

Бүлдіргендер екен десек,

Бүлдіргендерді

Бүлдіргендер-

Сөйтіп бәрін күлдіргендер

Бүлдіршіндер екен, білсек.


Талқы

(Жалғауларын қойып оқы)

Қып-қызыл күнделігі

Көр қыз...Моншақ атты.

Ол жайлы мен де бүгін

Айтамын сонша қатты.

Ойынға үйір неме

Сабақ... оқымайды.

Келмейді үйірмеге,

Кестеде тоқымайды.


Теңеді халық оны

Түз... жел, құйынына.

Сынадық салып оны

Ұландар жиынына.


Сын оған бір... өтті

Садақтың жебесіндей.

Моншағым терлеп кетті

Монша... төбесіндей


«МАҒЫНАСЫН ТАП» ойыны

Н-ЖАТТЫҒУ

Төбе деген жарық,

Түсті одан жарық.


Жауып еді бұршақ,

Сынды содан бұршақ.



Жоғалса да атың,

Жоғалмасын атың.


Ұйқасқан көп сөздің,

Айтшы несін сездің?


ҰЙҚАСЫН ТАП

Мына тұрған арғымақ,

Мінем оған...

Тістемейді, теппейді,

Бос қойсам да...


Мына тұрған тайлағым,

Келмейді оны...

Сирақ, мойын көрік деп,

Жүр жирафқа...


Мына тұрған торайым,

Танауына...

Шалшыққа кеп аунайды,

Нас баладан...


«ЖАЛҒАСЫН ТАП» ойыны

1.Ұяда...

Ұшқанда...


2. Көп...

Терең...


3. Ата көрген...

Ана көрген...


4. Істі...

Икемді...


5. Туған жер...

Туған ел...



ӘЗІЛ ЖҰМБАҚ- ОЙЫНЫ

  1. Бірі айтылады да естіледі,

Екіншісі жазылады көрінеді.

  1. Өз құрамында 3 буын, 7 әріп,

Жалпы қарауындағы әріптері құрамындағыдан алты есе көп.

  1. Бір ағашта 36 алма,

  2. оны алып жемек болсаң

  3. Он шақтысы тамағыңнан еркін өтеді,

  4. Қалғандары қақтығып барып өтеді.


БҰЛ ҚАЙ СӨЗДЕР?



А


А




А




Ы



Ы


Ы



Ы



А


А


А



А



А



Т


Т




Т





СӨЗЖҰМБАҚ ОЙЫНЫ

1.Егер Ж –дан басталса, жыл мезгілі,

Қ-дан басталса, онда ол құс белгілі.

Ол қай сөздер?


2. К-ден басталсам,

Маған қарап сабақ айтады.

П-дан басталсам,

Маған балалар жүгін артады.


3.Басы-ашық, аяғы-қысаң,

Екі-ақ дыбыс, есеп қылсаң.

Саған да ол керек болар,

Өзен-көлге жақын тұрсаң.


4.Қалай қарай оқыса да, бірдей мағына беретін басқы және саңғы дыбыстары бірдей сөздерді кім тауып жаза алады?

Е-е н-н

Қ-қ с-с

К-к а-а

М-м ы-ы


ФОНЕТИКАЛЫҚ СҰРАҚТАР

Дыбыс емес, таңба

Оқылмайды, жазылады.

Бірақ сөзден табылады

Ол қай әріп еді?

Ойлап көрші, есіңде бар ма?


1.Бір дыбыстан құралған қандай сөздерді білесіңдер?

2.Әрі дауысты, әрі дауыссыз, әрі жуан, әрі жіңішке дыбыстар қатарында қолданылатын қай дыбыс? Кім мысалмен дәлелдеп бере алады?

3.Бес дыбыспен айтылып, алты әріппен жазылатын қай сөз, ол кімнің аты?

4.Мына сөздерде неше дауысты, неше дауыссыз дыбыстар бар?

Қауын, жуан, миуа, қияқ, жуу.



ЖShape1

ҰМБАҚТАР:

Жайлаған дүниені бір ғажайып,

Тік көтеріп отырар адамдарды. (Орындық) 




ӘShape2

, керемет, бір ит бар,

Үй бағады, үрмейді.

Аяғы жоқ жүрмейді.

Темір тықсаң сөйлейді.

Тілін адам білмейді.

Рұқсатсыз ол иттен,

Адам үйге кірмейді. (Құлып)

ҚShape3

арап тұрсаң өзіне,

Сурет түсер көзіңе.

Ол суретің ұқсайды

Дәл қазіргі кезіңе.

                          (Айна)


Shape4


Жылмаң-жылмаң етеді,

Жылмаңдап сайдан өтеді.

Із-міз тастап кетеді.

                  (Ине)




БShape5

ас-аяғы теп-тегіс болып біткен,

Селкілдесе денесі дір-дір еткен,

Өзіне қандай жуан кез келсе де,

Күшімен қақ айырып бөліп кеткен.

                      (Темір арба)



Shape6


Әншейінде жекесің,

Қарай қалса екеусің.

              (Айна)



Shape7


Ерте тұрдым,

Алып тұрдым.

             (Есік)



Shape8


Бес ін, бес іннің

Аузы бір ін.

               (Қолғап)



ЕShape9

рте тұрдым, керек қылдым,

Қажетімді өтеп алып,

Босағаға тастадым.

              (Кебіс)


Shape10


Қуаты ыссы керемет,

Үйге лебін жаяды.

             (Пеш)


Shape11


Жаңа табақ түбі тесік,

Тақ-тақ етті,

Астынан ақ керуен өтті.

              (Елеуіш,ұн) 


КShape12

үндіз де жүреді,

Түнде де жүреді,

Аяғы жоқ, қолы жоқ,

Не жүрген жолы жоқ.

Ол не, кім біледі?

                              (Сағат) 

Shape13


Шыр-шыр етеді,

Құлағыңнан өтеді.

Ұстай алсаң,

Сөйлеп кетеді.

                    (Телефон) 


МShape14

енің үш көзім бар.

Бір көзім: «Кідір!» дейді,

Бір көзім: «Жүгір!» дейді,

Бір көзім: «Абайла!» дейді

«Қарап ал, маңдайға!» дейді.

                   (Бағдаршам) 





Оқытудағы Жаңа Әдіс-Тәсілдер

«Аяқталмаған сөйлем» тәсілі

«Мұғалімге жеделхат» тақтасына оқушылар стикер жапсыру арқылы орындалады.

Оқушылар өздеріне жақын сөйлемді таңдап, айтылған ойды жалғастырады:

- бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.

- бүгін сабақта қуантқаны.....

- мен өзімді.....үшін мақтар едім.

- маған ерекше ұнағаны.....

- сабақтан соң маған........келді.

- бүгін маған..........сәті түсті.

- қызықты болғаны.....

- ......қиындық тудырды.

- менің түсінгенім.....

- енді мен......аламын.

«Әйнек арқылы сөйлесу»

Топ жұпқа бөлінеді. Бірінші адамға сөздің көмегінсіз екіншісін киноға шақыру тапсырылады. Басқа жұптарға басқа тапсырма беріледі. Барлығы араларында дыбыс естілмейтіндей әйнек бар секілді сөйлесу керек.


«БББ»

Жаңа тақырып бастар алдында оқушылар үш бағаннан тұратын сурет салады - Олар нені біледі?

Олар нені білгісі келеді?

Олар нені білді?

Миға шабуыл өткізгеннен кейін оқушылар алғашқы екі бағанды толтырады және бөлімді оқып біте бастағанда, үшіншіге қайта оралады (немесе бөлімді оқу барысында толтыруы мүмкін).

Ұсыным: «Қалайша оқып-үйренетін боламын?» деген қосымша баған қосуға болады.

«Арқаға сурет салу»

Бұл ойында барлық әрекеттерді үнсіз жасау керек. Оқушылар екі топқа бөлініп, бірінің артынан екіншісі тұрып, сап түзейді. Мұғалім ең артында тұрған оқушыларға бір заттың атауы жазылған қағаз ұсынады (мәселен, алма, алмұрт, жүзім, гүл, кітап, ағаш,автомашина т.б). Тапсырма: соңында тұрған оқушы үндемей, алдында тұрған оқушының арқасына әлгі заттың суретін саусағымен салады. Арқасына сурет салынған оқушы алдында тұрғанның арқасына өзінің арқасына салынған затты салады. Суреттер салынып біткеннен кейін мұғалім соңғы оқушыдан арқасына салынған заттың атын сұрап, оны қағазда жазылғанмен салыстырады


«Алфавит»

Оқушылар әрқайсысы алфавиттің бір-бір әрпін алып, жыл көлемінде оқыған материалдарынан өздеріне түскен әріпке сәйкес тақырыптарды айтып шығады. Мысалы, «Қаратпа сөз, қыстырма сөз, қосарлы айқындауыш, қарсылықты салалас, қарсылықты сабақтас т.с.с.» Қорытынды сабақтарда, емтиханға дайындықта, есте сақтауын дамытуда көмекке келеді.

«А Ә Б В»

Сыныптағы оқушының әрқайсысына А, Ә, Б және В әріптерімен қоса төрт-төрттен үлдірленген карточкалардың жинағын дайындаңыз. Жауаптың төрт нұсқасы бар сұрақтар қойыңыз, оқушылар дұрыс жауапқа сәйкес келетін карточкаларын көрсетуі керек. Олардан қалғандарының карточка-жауаптарына қарамауын өтініңіз.

1-қадам. А сұхбаттайды Б тыңдайды, В сұхбаттайды Г тыңдайды;. 2-қадам керісінше. 3-қадам әр оқушы өз жұбы туралы ақпаратпен төрт адамдық топта бөліседі.

«А,В,С»

А - сұрақ қояды.

В - жауап береді.

С – айтқан жауаптарды бақылайды, толық болмаса толықтырады.

Оқушылар топта үшеуден отырады. А — сұрақ қоюшы, В – жауап беруші, С — бақылаушы рөлін атқарады. Бақылаушы қажетті жерлерін түртіп алып, әңгіме соңында қорытынды береді.

Оқушылар осы сұрақтарға жазбаша стикерге жауап береді. Ұсыныс, тілектерін айтады.




«Көршіңе әңгімелеп бер»

Бұл әдіс оқушылар өз ойларын дауыстап айтып беру үшін пайдаланылады.

· сұрақ қойыңыз, ойластыруға уақыт беріңіз;

· одан кейін оқушылардан өз ойларын көршілерімен бөлісуді сұраңыз;

·оқушыларға жаңа тақырыпты айтыңыз және осы тақырып бойынша өздері білетін барлық жағдайды көршісіне айтуын ұсыныңыз.


«Кубизм»

Кубиктің көмегімен төмендегі тапсырламарды бөлу:

1. Суретте (түсі, пішіні, өлшемі).

2. Салыстыр (неге ұқсас, неге ұқсамайды?).

3. Байланыстыр (бұл туралы ойлағаныңызды көзге елестетіңіз).

4. Таңда (Неден жасалған? Неден тұрады? Не үшін?).

5. Қолдан (бұнымен не жасауға болады?).

6. Дәлелде («ия», «жоқ» деп оған дәлел келтіру, бұл жақсы ма, әлде жаман ба? Неге?)

Әр топ кубик бойынша өздеріне берілген тапсырмалармен жұмыс жасайды, тақырыпқа сәйкес әр оқушының жеке жауабы тыңдалады.

Жазған мәліметтерін топта талқылайды, топтың атынан ортақ жауап дайындайды және презентацияға дайындық жасайды. Жасаған жұмыстары бойынша презентация, бағалау.


«Қағаздағы сұрақтар»

Әрқайсысы қағаз қиындысына өзі білгісі келген немесе өзі жауап бергісі келген сұрақтарды жазып, қалташаға салады. Араластырылған сұрақтар еркін түрде қатысушыларға таратылып беріледі. Әркім өзіне түскен сұрақтарға жауап береді. Бұл - үй тапсырмасын сұрағанда қолдануға тиімді тәсіл.

«Қателескен мұғалім»

Мұғалім мәтінді оқу барысында қате жібереді. Оқушылар тыңдап отырып, қателескен тұсты бірден тауып, дұрыстау керек. Мұғалім қате жіберетін болғандықтан, оқушылар асқан қызығушылықпен мәтінді қалт жібермей тыңдайды.Мұнан соң қате басылған әңгімені оқушыларға таратылады. Енді «Жаңсақ басылған мәтін» ойнына ауысады

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.Жеке тұлғаны қалыптастыру. Р.Көккөзова. 2004 ж.

2.»Ойын – оқушы білімін берік меңгерту құралы». А.Рысқұлбекова. 2005 ж.

3.»Бастауыш сынып» журналы. 2012 ж.

4.»Бастауыш мектепте оқыту» журналы. №11, 2011 ж.

5. «Мұғалім-әдіскер» журналы. №1,№2, 2012 ж.

6. Ойнайық та, ойлайық. Р.Кашенова. Поиграем, поговорим. Алматы, Ана ӨҺ\тілі, 1996 ж.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.02.2025
268
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12