Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Құрметті ата- аналар, ұстаздар, оқушылар!
Сіздер «Бастауышым – балбұлағым» атты бастауышпен қоштасу кешіне жиналып отырсыздар. Қадамдарыңыз құтты болсын! Алдарыңызда тұрған балалар осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкентай балдырғандар еді. Енді, міне, бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыш сыныпта білім алып, аяқтап, жоғарғы сыныпқа өткелі отыр. «Талаптарына нұр жаусын» деп ертеңгіліктерін ашуға рұқсат етіңіздер.
Қош бол, бастауыш!
1 - жүргізуші: Мына жердің сондай құлпырғанына жол болсын. Диана,
мұнан сенің қандай хабарың бар?
2 - жүргізуші: Жанкелді - ау, қандай хабарың бары не?! Бұл жерде
үлкен мереке. Ой, сенің осы әдетің - ай, үнемі жаңалықтан құр
қалып, кеш естисің де жүресің.
1 - жүргізуші: Олай болса мен естімеген қандай жаңалық? – Ойхой,
мына қыздардың биін қара, көңіл - күйін қара? бұл керемет билеп
жатқан кімдер?
2 - жүргізуші: Бұлар бастауышпен қоштасып жатқан 4 - сынып
оқушылары. Біле білсең Жанкелді , бұлар біздің сыныптас достарымыз.
– Жанкелді, сенің көңіл - күйің жоқ сияқты ғой?
1 - жүргізуші Дұрыс айтасың Диана, қуанышпен қатар көңіліме кірбің
ұялап тұрғанын да жасыра алмаймын. Өйткені біз бүгін білімнің
бастауы болған бастауышпен, ең қиыны ең алғаш қолымызға қалам
алдырып, әріптерді жаттатқызып, әліппені үйреткен алғашқы
ұстазымызбен де қоштасамыз.
2 - жүргізуші: Ияяя, Жанкелді ... мұңайма. Бұл біздің кішкене болса
да есейгеніміздің белгісі. Одан да өткен 4 жылға шегініс жасап,
алғашқы мектеп табалдырығын аттаған сәттерімізді еске
түсірейік.
1 - жүргізуші: Жарайды айтқаның болсын.
Бәрі есімде, мектепке алғаш барған күн,
Күлімдеп бір, нұр жүзіміз жанған күн
Сыңғыр қағып қуанышпен қоңырау,
Шақырғаны алға бізді арман мың.
2 - жүргізуші: Әсем бөлме, терезелер жап - жарық
Қойған дерсің шырағданнан шам жағып
Қара тақта, аппақ парта қаз қатар
Отырдық біз сипап бәрін таң қалып.
1 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар, аяулы достар, қадірменді ата - аналар! Бүгін бізде қуаныш, үлкен той. Бүгін біз төрт жыл бойы білім беріп, ой санамызды дамытқан, адалдыққа тәрбиелеп, білімнің соқпағынан ғылымның арнасына кең жол ашқан бастауыш сыныппен қоштасқалы отырмыз.
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,
4-ші сыныпты ортамызға.
Музыка әуені мен бастауыш сынып оқушылары кіреді.
«Мектебім» хор 4 сынып орындауында.
2-жүргізуші: Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар!
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан.
Өмір деген үлкен жолда тарландар.
1-жүргізуші: Бүгін міне, қоштасады бастауышпен балбұлақ
Әніменен жырына тарландарым сал құлақ.
Кеше сәби, бүгін міне, жас ұлан.
Лаулап жансын болашағың шамшырақ.
2- жүргізуші:
Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.
Алдарыңызда жауқазындай құлпырған
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
Қош келіпсіз,өр тұлғалы әкелер,
Қыран құстай болашағын мәпелер.
Бүгін міне, бастауышпен қоштасады
Азамат боп, кешегі сәби-еркелер.
Жүргізуші бірге: Қош келіпсіздер,құрметті қонақтар!
Хормен: Мектеп – кеме, Білім-теңіз,
Барар жолға тез жетеміз.
Адаспаймыз ұлы жолда
Ұстаз берген білім қолда.
1-жүргізуші: Шашу, шашу, шашайық,
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке, бұл тойдың
Бастаңғысын жасайық.
(шашу шашылады)
2-жүргізуші: Бастауышпен қоштасып отырған оқушылардың дайындаған монтаждарына тыңдаңыздар!
1-оқушы: Жанель
Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны
Айқара есік ашып тастағаны
Бір мереке думан боп осы маңда
Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны.
Енді міне, сағымдай боп өте шықты
4 жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті,
Ұстаз ана жасады мына бізден
Ел таңғалар азамат бір-бір мықты.
2-оқушы: Б. Диана
Үйретіп бізге алғаш әліппені,
Ұстазым ғылымға жол салып берді.
Адамның ой-арманы мақсаттары,
Оқудың сәулесімен жарық көрді.
3-оқушы: Дарын
Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,
Алфавитті алғаш сенен жаттадым.
Ұстаз- ана естен кетпес мәңгілік,
Мейіріммен жаурынымнан қаққаның.
4-оқушы: Гүлдесің
Жүзің жылы, құшағың кең
Сенен түлеп ұшамын мен.
Өзің берген біліміңмен
Биіктерге шығамын мен.
5-оқушы: Даниал
Ақылшы асыл ұстазым
Өзіңе мен де ұқсармын.
Жеткенше қайрат күш-әлім
Биікке самғап ұшармын.
6- оқушы: Алишер
Оқындар ұл-қыздар деп,
Күлімдеген, ұстаздар.
Ән арнадық, арнайы,
Тағзым ете, ұстазға!
2-жүргізуші: Ендігі кезекті «Қара жорға» биіне берейік!
7-оқушы: Еңлік
Байсалды мінезіңнен бір қалыпты,
Менің де көкейімде із қалыпты.
Ұстаттың қағаз, қалам қолыма өзің
Ерінбей үйреттің де әр әріпті .
Қоссаңдар бірді екіге үш болады-
Деуші едің,-біліммен күш толады.
8- оқушы: Сұлтан
Алғыр бол, әдепті бол, сабырлы бол
Ақылмен іс істесең іс болады.
Беруші еді бізге айтып өлең, тақпақ
Таласып алушы едік біздер жаттап
Өзіңіз баға қойған күнделікті
Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап.
9- оқушы: Аяулы
Әлі есімде мектепке алғаш барғаным
Өз қолыммен «Әліппені» алғаным.
Санай ашып «Әліппенің» парағын
Әріптерге үнсіз ұзақ қарадым.
10- оқушы: Арсен
Мектеп, мектеп – ашық жарқын көңілім
Мектеп, мектеп – шаттық толы өмірім
Мектеп, мектеп, әнім болып төгілдің,
Мектеп, мектеп, жан анам боп көріндің.
11- оқушы: Жансая
Мектебім – мәңгі бапкерім,
Қарызбыз саған бәріміз.
Өзіңе деген парызды,
Ақтаймыз талай әлі біз.
2-жүргізуші: «Нағыз қазақ -қазақ емес,
Нағыз қазақ -домбыра! -дей келе келесі кезекті күйге берейік!
Еңлік пен Гүлдесің орындауында «Кеңес күй – Еркем -ай!» күйі
1-жүргізуші: Өнерлі бала өнерінді көрсеткін!
Көрініске назар аударйық!
1-жүргізуші: Таусылмасын осыменен өнеріміз,
Биік қой әлі алар белесеміз
Тамашалап отырған ата-аналар
Қарсы алыңыздар балапан өнерлерін-деп ортаға танымал Ұлы дала баласы-Т. Төрәлінің әнін шырқайды Амандық Темірлан «Қазақ қызға үйленем!»
2-жүргізуші: «Ұстаз!» Осы бір сөздің өзінде қаншама мән мағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. «Жақсы мұғалім – мектептің жүрегі» - деген Ыбырай Алтынсарин атамыз. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі, небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бірі бір адамға қарыздар. Ол – ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп оны адамзат атандырудың өзі бір үлкен күш, сондықтан да ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек.-дей келе 4 сынып оқушыларының орындауында «Ұстазым!» әнін қарсы алыныздар.
12- оқушы: Дәулет
Бастаушым-балбұлағым,
Алдым сенен балдың дәмін.
Әріп танып, білім алып,
Рахметімді жаудырам.
Бастауышым – балқұрағым,
Лаулап жансын шам-шырағың.
Өзің берген біліміңмен
Самғап ұшты тау қыраным.
Өтті сенде қызық шағым,
Бастауышым – балбұлағым.
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын.
13-оқушы:
Дана
Мектеп деген білім кені, жыр
кені,
Мектеп деген ғылымның ең
үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші
адамға,
Мектеп деген даналардың
мекені.
14- оқушы:
Арон
Ұлылықты ардақ тұтар
үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға
киелі.
Қанат қаққан білім алып
өзіңнен,
Күллі шәкірт саған басын
иеді.
15- оқушы:
Диас
Ыстық - ау кім - кімге де әке деген,
Суыққа шалындырмай мәпелеген.
Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген.
2-жүргізуші: Жанкелдінің орындауында «Әке-ана» әнін қарсы алыңыздар!
16- оқушы:
Темірлан
Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,
Болармын күні ертең - ақ мақтанышың.
Білім алып, тер төгем, еңбек етем,
Өзіңнің сенімінді ақтау үшін.
17-оқушы: Інкәр
Өнерлі өрге жүзер талаптанып,
Қыран биік самғайды қанат қағып.
Адам үшін парызымыз ғой өнер іздеу,
Жүрген соң адам деген атақты алып.
18-
оқушы:Аида
Жас жүректің өмірлік құштары -
гүл
Бағбан - ұстаз баулыған
құстары бұл,
Сол құстардың бір тобы ұшқалы
тұр.
19- оқушы: Т.
Диана
Қоштасып тұрып
қимадым,
Бастауыш мектеп
сырласым,
Сен маған білім
сыйладың.
20- оқушы: Тұрсынжан
Білімнің қайнар бұлағы,
Өнердің жарық шырағы.
Тұрағы өзің, мектебім.
Шәкірттің асыл қырағы.
1-жүргізуші: Келесі тамашалайтыңыз «Жалқаубек» әні Бақытқали Диана
21-оқушы: Нурали
Жаттадық өлең, сан жырды
Тарыдай едік тез міне,
Түгестік шырын бар жылды.
Қызықты бір күн, бір күннен.
Мектебім балғын ғұмырым
Япыр-ау бұрын кім білген
Қоштасудың бұл ұиының
Мектепте қалып барады-ау
Балалық шағым қылығым!
22-оқушы: Сәбина
1-жүргізуші:
Жамандықтан сақтандырған,
Жақсы істі мақтан қылған.
Білім берген ұстаздарды,
Билерімен шаттандырған.
4 сынып «Флешмоб» қарсы алыңыздар!
1-жүргізуші:
Бәркелді қандай өнерлі
оқушылар.
Бірдей біздің ойымыз да сырымыз,
Бір мектептің ұлы менен қызымыз.
Бірдей өстік оқуда да, еңбекте,
Күліп, ойнап біріміз бен біріміз
Диана, Жанкелді және Жанельдің орындауында ерекше әнді қарсы алайық!
2-жүргізуші: «Білім кілті – бастауышта» атты- слайдқа назар аударуларынызды сұраймын.
Ата – аналарға сөз.
2-жүргізуші:
Кезекті 4 сынып оқушысы
Жанельдің орындауында «Анашым» әнін қарсы
алыңыздар!
Барлығы:
Бастауышым-балбұлағым,
Білмдегі бал
құрағы!
2-жүргізуші:
Жетекші боп жүрдіңіз
түлегіңе,
Біздерді ойлап көңіліңіз
жүдеді де.
Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз
сөзін,
Сіздерге арнап айтар тілегін
де.
1-жүргізуші:
Қағылды міне әуенге бөлеп,
Қағылды соңғы қоңырау.
Қалайша төрт жыл тез өтіп кеткен,
Шындық па осы япыр-ау!
Ұстаз тілегі:
2-жүргізуші: Диананың орындауында «Ұстазым» әнін қарсы алыңыздар!
«Көктемгі вальс» 4 сынып қушылары
Соңғы қоңырау соғылады.
Қорытынды: Осымен ертеңгілігіміз аяқталды.
Келгендеріңізге көптен көп рақмет. Қош сау болыңдар!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Бастауыш-балбұлағым

шағым қалдыра аласыз