Қызылорда облысы Шиелі ауданы
№148 қазақ орта мектебі КММ- нің бастауыш сынып мұғалімі Жамгужаева
Гульнара Алиибековна
Бастауыш білім беру
жүйесінде білім сапасын арттыру
жолдары
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев:
«Болашақта еңбек етіп, өмір
сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай
тəрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан, ұстазға
жүктелетін жүк ауыр» деген болатын. Қазіргі заман
мұғалімінен тек өз пəнінің терең білгірі болу емес,
педагогикалық-психологиялық сауаттылық, жан-жақты тарихи таным,
саяси экономикалық білімділік жəне ақпараттық сауаттылық талап
етілуде. Ол заманына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар,
шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тəрбие ісіне еніп, оқытудың
жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен
білімі жоғары тұлға ретінде ұлағатты саналады.
Қазіргі уақытта тәуелсіз
елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру
кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі
өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім берудің жүйесі
өзгерді, білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша
қарым-қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие
мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің
ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің
бірі. Білім беру саласы
қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі –
оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп, жаңартып отыру және
қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру болып
отыр.
Инновация – жаңалық,
жаңашылдық, өзгеріс деген ұғымды білдіреді. Инновация құрал және
процесс ретінде әлдебір жаңалықты ендіру деген сөз. Педагогикалық
процесте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері, мақсаты
мен мазмұнын, мұғалім мен оқушының бірлескен қызметін ұйымдастыруға
жаңалық енгізуді білдіреді.Қазіргі кезде білім, ғылым саласында
педагогикалық технологиялар қаншалықты маңызды болса, бастауыш
сынып оқушыларын оқыту мен тәрбиелеуде де педагогикалық
инновациялық технологиялар ұғымы кеңінен қолданылатын ұғымдардың
бірі болып отыр.
Бастауыш сынып оқушыларын
дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан
бастауыш сынып оқушыларын оқыту мен тәрбиелеудің негізгі мақсаты –
баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы болып отыр. Жаңа заман
баласы ертеңгі еліміздің болашағы. Жаңа заман баласын
қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның
қыр-сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай
туғызу қажет. Әрине, ол үшін бастауыш сынып оқушылырының жеке
басының қалыптасуы мен дамуында педагогтардың инновациялық
технологияларды қолдана білу сауаттылығына да байланысты. Яғни,
инновациялық технологияны қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін
дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына
жағдай жасау қазіргі таңдағы әрбір мұғалімнің міндеті. Қазіргі
мұғалім педагогикалық үрдісінде жүйелі жұмыс істей алатын;
өзгерістерге тез төселгіш; жаңаша ойлау жүйесін тез меңгере алатын;
ортада тіл тапқыш; ақпарат технологияларын меңгерген; әділетті;
ұстамды; өз құқығын қорғай алатын; ізденгіш; білімді, шебер, іскер
болуы тиіс. Білім беру жүйесінде қолданылып жүрген педагогикалық
инновациялық технологиялар: саралап-деңгейлеп оқыту, модульдік
оқыту, дамыта оқыту, проблемалық оқыту, ірі блокпен оқыту, жобалау
әдістемесі, сын тұрғысынан ойлау, жеделдетіп ойлау, алдын-ала
оқыту, тұлғалық гумандық технологиясы, шоғырландырып қарқындап
оқыту, жүйелілік тұрғысынан оқыту, интербелсенді оқыту, өздігінен
даму технологиясы, ойын арқылы оқыту. Білім берудің алғашқы
деңгейінің бірі бастауыш сыныптардан басталады. Мақсаты – бастауыш
сынып оқушыларының білім алуына бірдей бастапқы мүмкіндіктерді
қамтамасыз ету. Кез келген оқыту технологиясы мұғалімнен терең
теориялық, психологиялық, педагогикалық әдістемелік білімді,
педагогикалық шеберлікті, балалардың жан дүниесіне терең үңіліп оны
ұғына білуді талап етеді.