«Математика» пәні бастауыш білім берудің
мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға маңызды үлес қосады.
Математика бойынша бастапқы білім сын тұрғысынан ойлау қабілетін
дамытады, зерттеу және қарым-қатынастың, математикалық білімді
өмірде қолданудың алғашқы дағдыларын
қалыптастырады.
Математиканың бастапқы курсын оқып үйрене отырып,
оқушылар талдау, синтездеу, жіктеу, салыстыру, себеп-салдарлық
қатынастар мен заңдылықтарды анықтауды үйренеді, түрлі заттар мен
қоршаған орта құбылыстарын сипаттау үшін математикалық тілдің
негіздерін игереді, білім мен іс-әрекет тәсілдерін меңгереді, мұның
барлығы жинақтала келе оқи білуге негіз
болады.
Бастауыш математиканың кезең-кезеңге бөлініп,
жүйелі түрде берілген, қоршаған ортадағы заттардың мөлшерлік
қатынастары мен кеңістіктегі формаларын сипаттаудан тұратын оқу
курсының негізгі
мақсаты – оқушылардың математикалық таным негіздерін
меңгеруіне және тиісті дағдыларын қалыптастыруына мүмкіндік жасау.
Бұл оқу пәні математиканы қоршаған ортаны бейнелеу мен түсіну
тәсілі ретінде қабылдауды дамытуға бағытталған және оқушылардың
қабылдауы мен танымын кеңейтуді, математика ғылымына қызығушылығын
талап етеді. .
Бастапқы математикалық білімнің негізгі
мақсаттарына сәйкес, оқу пәні бірқатар міндеттерді
айқындайды.
Атап айтқанда:
-
логикалық ойлауды, кеңістіктік елестетуді және
математикалық терминдерді пайдалану біліктілігін
дамыту;
-
оқу
және тәжірибелік проблемаларды шешу, арифметикалық алгоритмдерді
пайдалану, геометриялық салулар мен математикалық зерттеулер
жүргізу қабілеттерін дамыту;
-
сын
тұрғысынан ойлауды, шығармашылық қабілеттерді
дамыту;
-
математиканы әлемді суреттеу, модельдеу және
түсіну тәсілі ретінде қабылдау;
-
өзінің математикалық білімі мен біліктерін басқа
пәндерді меңгеруде, күнделікті өмірде қалай пайдалану керектігін
түсіну;
-
білуге құштарлық, мақсаттылық, жауапкершілік,
сенімділік және тәуелсіздік сияқты тұлғалық қасиеттерді
дамыту;
-
түсінудің, түсіндірудің, талдаудың, синтездің,
жүйелеудің, қолданудың және суреттеудің
когнитивтік дағдыларын
дамыту;
-
коммуникативтік және әлеуметтік дағдыларын,
топпен жұмыс істеу және өз көзқарасын
білдіру, басқа адамдардың пікірін құрметтеу,
көшбасшылық қасиеттерін көрсету, өз жұмысын жазбаша және ауызша
түрде таныстыру дағдыларын дамыту;
Оқу үдерісін ұйымдастыруда қолданылатын
педагогикалық тәсілдемелер
Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары
«білім алуды
үйрету»
ұстанымын негізге алады, ол ұстаным бойынша өз бетімен білім алуға
ұмтылатын, ынталы, қызығушылығы жоғары, өзіне сенімді,
жауапкершілігі мол және зияткерлік тұрғыдан дамыған тұлға
қалыптастыру көзделеді. Оқушылардың бойында бұл қасиеттерді
қалыптастыруда мұғалімдер түрлі технологиялар мен әдіс-тәсілдер
қолданады деп күтіледі, олар:
— оқушылардың жеке пікірін тыңдай білу, бұған дейін
алған білімдері мен қалыптасқан түсініктерін одан әрі дамыту үшін
оларды қолданудың маңыздылығын құптау;
— жеке және саралай оқыту тәсілін
қолдану;
— проблемаларды және оларды шешу стратегияларын
құрастыру;
— оқушылардың жетістіктерін бағалау арқылы олардың
оқуына қолдау жасау;
— оқушылардың зерттеу іс-әрекеттерінің негізінде
белсенді оқуға ынталандыру;
— оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын
дамыту.
Математиканы оқыту
стратегияларының үлгілері:
— оқушылардың ойын әрекетін, шығармашылық және
жобалық жұмыстарын ұйымдастыру;
— түсіндіру, идеяларды таныстыру, диалогтарға
қатысу, мәтінмен жұмыс, алгоритмдер, нұсқаулықтар құру,
математикалық тапсырмаларды орындау әдістерін сипаттау және
түсіндіру барысында оқушылардың коммуникативтік дағдыларын
дамыту;
— мұқият таңдап алынған тапсырмалар мен іс-әрекет
түрлері арқылы оқушыларды ынталандыра және дамыта
оқыту;
— оқушылардың өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыру: жеке
және топтық жұмыс;
— бірін-бірі оқыту;
— түрлі дерек көздерінен ақпарат іздеуді талап
ететін есептерді шығаруға көмектесу, АКТ-ның мүмкіндіктерін
пайдалану;
— математиканың практикада қолданылуын пайдалана
отырып оқушылардың іс- әрекетін
ұйымдастыру;
— оқушыларды өз жұмысын талдауға және түзетуге
ынталандыру (рефлексия).
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды
қолдану
Математикада сандық технологияларды қолдану
құзыреттілігі оқушылардың жұмыс барысында, бос уақытында
технологияларды сенімділікпен және шығармашылықпен пайдалануын
қамтиды. Бұл АКТ-ны пайдаланудың бастапқы дағдылары арқылы
қалыптасады.
«Математика» пәнін оқу бағдарламасы төмендегідей
мәселелерді қамтиды:
оқушыларға негізгі ақпараттық технологияларды
пайдалануды үйрету;
ақпаратты іздестіру және оны таңдауға байланысты
өздігінен жұмыс істеу дағдысын дамыту;
математиканың түрлі бөлімдерін оқу кезінде
презентациялар құру үшін керекті компьютерлік бағдарламаны қолдану,
математикалық тапсырмаларды орындау барысында фото/видео әзірлеу
(геометриялық фигураларды, оригами жасау);
өз
бетінше жоспар мен графиктер құру.
Оқушылардың
коммуникативтік дағдыларын
дамыту
Білім беру бағдарламасының мақсаттарының бірі ─
түрлі әлеуметтік қауымдастыққа сәйкес тіл табысуға қабілетті
азаматтарды тәрбиелеу. Осы мақсатқа жетуге қажетті коммуникациялық
дағдыларды дамыту үшін ынталандырушы және қолдаушы қарым- қатынас
ортасын құру керек.
Оқыту барысында оқушылардың ауызша және жазбаша
қарым-қатынаста математикалық тілді сауатты қолдану дағдыларын
дамыту қажет.
Математиканы оқытуда оқушылардың тыңдалым және
айтылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін жұмыс
үлгілері:
-
топтық және сыныптық жұмыстар (түсіндіру, ойларын
айту);
-
жобалардың презентациясын
жасау;
-
талқылауларға қатысу;
-
сұрақтар құрастыру және сұрақтарға жауап
іздеу;
-
мұғалімдермен және оқушылармен диалогке
қатысу.
Математиканы оқытуда оқушылардың оқылым
дағдыларын дамытуға ықпал ететін жұмыс үлгілері:
Математиканы оқыту үрдісінде оқушыларда жазылым
дағдыларын дамытуға ықпал ететін жұмыс үлгілері:
-
тапсырмаларды орындау үшін нұсқаулықтарды,
алгоритмдерді құру;
-
математикалық есептерді ауызша және жазбаша шешу
тәсілдерін сипаттау және түсіндіру;
• тапсырманы орындау барысына талдау жасау (ауызша
және жазбаша)