Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бастауыш мектеп математикасындағы құзіреттілікке бағытталған тапсырмаларды қолданудың маңыздылығы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ
ҒАНИ МҰРАТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖЕТІСАЙ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: Математика теория негіздері және бастауыш сыныпта математиканы оқыту әдістемесі
Тақырыбы: Бастауыш мектеп математикасындағы құзіреттілікке бағытталған тапсырмаларды қолданудың маңыздылығы
Шифр, мамандығы: 0105000 «Бастауыш білім беру»
Шифр, біліктілігі: 0105013 «Бастауыш білім беру мұғалімі»
Тобы: МБТ 18-1
Орындаған студент: Бердалиева Х.
Жетекшісі: Жакупова Ұ.
«Математика, физика» кафедра отырысында қаралды
Хаттама №___ « »______2020ж
Кафедра төрағасы: Абсаматова Қ _
(аты-жөні) (қолы)
Жетісай – 2020
ЖОСПАРЫ:
І.
КІРІСПЕ………………………………………………………………….....
3
ІІ.НЕГІЗГІ
БӨЛІМ
І тарау. Оқу-тәрбие үдерісінде құзыреттілікті қалыптастырудың теориялық негізі ……………………………………………………………….5
-
Математика пәнін оқытуда құзыреттілікті қалыптастырудың мәні.................................................................................................
-
Оқушы құзіреттілігін арттыру - математикадан сапалы білім берудің басты кілті
-
Оқу-тәрбие үдерісінде құзыреттілікті қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі
ІІ тарау.
Бастауыш сыныпта математика
пәнінен оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру
жолдары………………………………………8
2.1. Құзыреттілікке бағытталған
тапсырмалардың маңызы………………….9
2.2. Бастауыш сыныпта математика
пәнінен құзыреттілікке бағытталған
тапсырмалар …………………………………………………………….13
2.3. Эксперименттік жұмыстың
нәтижесі...…………………………………18
ІІІ.
ҚОРЫТЫНДЫ …………………………………………………………...24
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі…………………………………….…27
І. КІРІСПЕ
Қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістердің адамзат баласының жеке тұлғалық сапалық қасиеттерінің қалыптасуына ықпалы бүгінгі таңдағы көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр. Ол туралы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында (2007ж.) қарастырылады. Білім берудің маңызды мақсаты – адамды әдеттегі үйреншікті сана-сезім шеңберінен алып шығып, білімнің деңгейін көтеру, өз дүниетанымы мен адамзат табыстарына негізделген өзіндік сенім көзқарастарын қалыптастыруға, құзыреттілігін дамытуға мүмкіндік тудыру көздейді.
Жеке тұлғаның құзіреттілігін дамыту- бүгінгі заманның басты талабы. Құзыреттіліктің негізі және оның маңызы туралы құнды ой-пікірлер туралы қазақ даласындағы ұлы ғұламалар әл-Фараби, Махмұд Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Қ.А.Яссауи және т.б. ағартушылар Ы.Алтынсариннің, Ш.Уәлихановтың, А.Құнанбаевтың, қазақ зиялылары Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев т.б. болашақ ұрпақты адалдық, парасаттылық, шыншылдық сынды қасиеттерге тәрбиелеудегі халық даналығын жоғары бағалағандығы және соған талпынғаны да аңғарылады.
Мектеп оқушыларына математика пәнінен білім беруде құзыреттілікті тәрбиелеу мәселесін зерттеуде Ш.Амонашвилидің ауқымды үлесін және жеке тұлғаны тәрбиелеу мен оның психологиялық жағы Л.М.Божович, Л.С.Выготский, С.Т.Шацкий, С.Л.Рубинштейн, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский, Л.И.Рувинский, Ю.Азаров және т.б. ғалымдардың еңбектерінде баяндалған.
Тәрбие бағыттары және тәрбие үдерісінде этнопедагогикалық оқу материалдарын пайдалануды негіздеу, жүзеге асыру жұмыстары Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, Ш.Х. Құрманалина, Л.К.Керимов, С.А.Ұзақбаева, К.Ж.Қожахметова, Ж.Р.Баширова, Ә.Табылдиев, Р.Дүйсембінова, А.Қаплиева, С.Байсарина, Ш.Майғаранова, Р.Ибрагимов және т.б. педагог-ғалымдар тарапынан жүзеге асырылды.
Оқушылардың іс-әрекетінде құзыреттілікті тәрбиелеу бағыттарына сәйкес оқу-тәрбие үдерістерін ұйымдастыруға дайындау бойынша жұмыстарды С.А.Ұзақбаева, Қ.Бөлеев, Ш.Х.Құрманалина, Л.А.Байсерке, Ж.Асанов, Е.О.Омар, А.С.Магауова, Л.С.Сманов, Ұ.Әбдіғаппарова, Қ.Ералин және т.б. орындады.
Сонымен, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге жасаған талдау жалпы орта білім беру жүйесінде математика пәнін оқытуда құзыреттілік қасиеттерін қалыптастырудың теориялық негіздері, мүмкіндіктері және негізгі ұғымдары мен оларды оқу-тәрбие үдерісінде оқушылардың құзыреттілік қасиеттерін қалыптастыруда толық мәнде пайдаланбауы оқушылардың оқу-тәрбие үдерісінде құзыреттілікті қалыптастырудың тиімді ғылыми-әдістемелермен қамтамасыз ету қажеттілігі және оның практика жүзінде талапқа сай іске асырылмауы арасындағы қарама-қайшылықтар айқын байқалады.
3
Бұл қайшылықтардың шешімін іздестіру зерттеу мәселесін айқындауға және тақырыпты «Бастауыш мектеп математикасындағы құзіреттілікке бағытталған тапсырмаларды қолданудың маңыздылығы» деп таңдауымызға себеп болды.
Тақырыптың көкейкестілігі:
Оқу-тәрбие үдерісінде құзыреттілікті дамыту туралы көлемді зерттеу жұмыстарын жүргізіп, өздерінің зерттеулерінде құзыреттілік қарым-қатынастардың қалыптасуы мен дамуы, олардың заңдылықтары мен қалыптасу әдістерін қарастыру педагог-ғалымдардың назарынан тыс қалмады. Оқушыларда құзыреттілікті қалыптастыру мәселесіне қатысты А.А.Бейсенбаева мектеп білімін ізгілендірудің теориясы мен практикасы, Қ.Т.Әтемова оқушыларда құзыреттілікті қалыптастыруда мектеп пен отбасының бірлескен жұмысы, М.Ералиева жалпы білім беретін орта мектепте оқу-тәрбие үдерісін құзіреттендіру, Г.Ерғалиева рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде студенттердің өзін-өзі тәрбиелеудің педагогикалық шарттары бағытындағы ғылыми-зерттеулерде құзыреттілікті дамытудағы тәлім-тәрбиенің мәні ғылыми тұрғыда қарастырылған.
Зерттелетін объект: бастауыш мектеп оқушыларында құзыреттілікті қалыптастыру жүйесі.
Зерттеу мақсаты: математика пәнін оқытуда құзыреттілікті қалыптастыру жүйесін жасау және аталған жүйені тиімді жүзеге асырудың педагогикалық шарттарын айқындау, осы бағытта берілетін тапсырмаларды талдау.
Зерттеудің міндеттері:
1. Оқу-тәрбие үдерісінде құзыреттілікті қалыптастырудың теориялық негізін айқындау;
2. «Құзыреттілікті қалыптастыру» ұғымына анықтама беру;
3. Құзыреттілікті қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін жасау және оның педагогикалық шарттарын айқындау;
Гипотеза: егер, математиканы оқыту үдерісінде құзыреттілікті қалыптастыру теориялық тұрғыдан негізделсе және құрылымдық-мазмұндық моделі жасалып, өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлері анықталса және құзыреттілікті қалыптастыруға арналған тапсырмалар жасақталып, қолданылса, онда оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыру нәтижелі болар еді.
Зерттеудің жетекші идеясы: оқу-тәрбие үдерісін адамгершілік құндылықтар негізінде ұйымдастыру оқушылардың құзіреттілігін қалыптастырудың басты тетігі болып саналады.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: жеке тұлғаның дамуы және өзін-өзі дамытуы жөніндегі ғылыми тұжырымдар, құзыреттілікті қалыптастырудың, рухани-адамгершілік және өзін-өзі тәрбиелеудің теориялық қағидалары, т.б.болып табылады.
Зерттеу көздері: педагогтардың таным, тұлға туралы, танымдық әрекет, құзыреттілікті қалыптастыру, өзін-өзі тану теориясы мен тәжірибесі, білім
4
беруді демократияландыру мен ізгілендірудің нормативті құжаттары, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, «Қазақстан - 2030» стратегиясы, Мемлекеттік «Білім» бағдарламасы, «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту» тұжырымдамалары,т.б.
Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша, педагогикалық, психологиялық және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, нормативтік құжаттарды, озық тәжірибелерді, педагогикалық басылымдарды зерделеу, модельдеу, талдап қорыту.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық мәнділігі:
-
«Құзыреттілік» ұғымының нақтыланған анықтамасы; кәсіби даярлау мазмұнына қоятын қазіргі жаңа талаптар тұрғысынан олардың құзәреттілік қасиеттерін оқу-тәрбие үдерісінде қалыптастыру жүйесі жасалды;
-
Құзыреттілікті қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі жасалды және педагогикалық шарттары айқындалды;
-
1-4 сыныптардағы математика пәнінен құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар жинағы жасақталды.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
1. Зерттеу жұмысының нәтижелілігін арттыру мақсатында құзыреттілік қасиеттердің деңгейлік қалыптасуы үшін математика пәнінен педагогикалық тапсырмалар дайындалды;
Зерттеудің құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
5
І тарау. Оқу-тәрбие үдерісінде құзыреттілікті қалыптастырудың теориялық негізі
1.1 Математика пәнін оқытуда құзыреттілікті қалыптастырудың мәні
Бүкіл әлемдік білім кеңістігіне ену мақсатына сәйкес бүгінгі таңда Қазақстанның білім беру саласында түбегейлі өзгерістер жасалуда. Қазіргі жүргізіліп жатқан түрлі бағыттағы сол өзгерістер білім беру жүйесінің қызметін жаңа уақыт талабына сай жетілдіруді, педагогика ғылымындағы табыстарды сын көзбен саралай отырып, тәжірибеде кеңінен қолдануды, білім алушыларды өзгермелі қоғамда өмір сүруге жан-жақты дайындауды қажет етеді. Ал мұның барлығы да оқыту үдерісін жаңаша ұйымдастырудың жолдарын таба алу мүмкіндіктерін кеңейтумен тығыз ұштасып жатыр.
Қазақстан Республикасының «Орта білім беруді дамыту» тұжырымдамасында: «Әрбір баланың жеке тұлғалық қасиеттерін ашу, оның мүмкіндігін, өмірдегі мәнін көрсету арқылы білімге тереңірек ұмтылуына, сондай-ақ ізденісіне, бейімділігіне көмек беру, жағдай туғызу және оған өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру – білім берудің түпкілікті мақсаты» [1] екендігі айқындалған.
Осы орайда, Елбасы Н.Назарбаевтың: «...Бізге бұрынғы қай кездегіден де білім мен ғылымның баға жеткізгісіз қорын барынша арттыру, оны қазіргі заманға сай ету қажет... Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде жеке адамды қалыптастыруға және жоғарғы деңгейде шыңдалуға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деген сөзі егеменді еліміздің білім беру жүйесін дамытудың басым бағыттарын айқындауға тірек болды. Осы кешенді міндеттердің маңызды бір арнасын құрайтын оқыту технологияларын жетілдіру мәселесі заманауи талапқа сай және жаһандану үдерісін бастан кешіп отырған әлеуметтік ортада өмір сүруге бейім дара тұлғаның құзңреттілігін қалыптастырумен ұштасып жатыр. Ал, оқушының дара тұлғалық қабілеттерін шыңдау, ең алдымен, оның өздігінен іздену, өздігінен әрекет ету, кез келген жағдаятта өз бетінше оң шешім қабылдай алу дағдыларын дамытумен тікелей байланысты. Оқыту технологияларын таңдауда және оның ұтымдылығын бағалауда басты критерий етіп оның оқушы игеруі тиіс құзыреттіліктерді қалыптастыруға қаншалықты мүмкіндік туғызатындығы алынатыны да сондықтан.
Оқыту технологиясы білім беру жүйесін жетілдірудің басты тетігі екендігін соңғы кезеңдерде мектепте математиканы оқыту үдерісінде кең қанат жайған деңгейлік оқыту, дамыта оқыту, жобалай оқыту, сын тұрғысынан ойлау, коммуникативтік оқыту, жеке тұлғаға бағдарлай оқыту және т.б. технологиялардың кең зерттеле бастауы да дәлелдейді. Өйткені осы аталған оқыту технологияларының қай-қайсысының да түпкі мақсаты
6
оқушыны әлеуметтендіру, оның білім, біліктерін өзіндік әрекет тұрғысынан меңгерту, құзыреттілікті қалыптастыру болып келгені аян. Оқыту технологияларының түрлерін зерттеп, ғылыми негіздеп, оны мектеп өміріне енгізген Ш.А.Амонашвили, И.Я.Лернер, В.П.Беспалько, Н.Ф.Талызина, Б.Т.Лихачев, М.Чошанов, В.К. Дьяченко және т.б. ғалым-зерттеушілер тұжырымдаған бұл технологиялар отандық білім беру жүйесін сапалық жаңа деңгейге көтеруде маңызды орын алды. Әйтсе де, бүгінгі өзгермелі дүние жағдайындағы жаңа талаптар оқушыға берілетін білімді оның өмірлік тәжірибесіне, тілдік машықтарына ұластырып, күнделікті өмір дағдысына сіңіре отырып меңгертуге негізделген жаңа жолдарды табуды қажет ете түсуде. Сондықтан да оқушы бойында білім мен білікті біртұтас бірлікте дамытуға мүмкіндік беретін, білімнен тәжірибе жинақтауға, одан өмірлік дағды қалыптастыруға жол ашатын жаңа технологиялық жүйені анықтау, оны жүзеге асырудың кешенді моделін зерттеу, зерделеу, сол жүйені білім саласының даму бағытына сәйкестендіре отырып мектепке енгізу бүгінгі күн тәртібіндегі көкейкесті мәселелердің біріне айналып отыр. Өйткені білім саласын халықаралық деңгейге көтеру үшін «білім беру жүйесінің басты міндеті етіп ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» қажет.
1.2.Оқушы құзыреттілігін арттыру - математикадан сапалы білім берудің басты кілті
Қазіргі кезеңдегі ең өзекті мәселенің бірі – бәсекелестікке қаблетті, еңбек нарығында сұранысқа ие бола алатындай математика пәнінен білімді шәкірттер дайындау. Қазіргі әлеуметтік – экономикалық өзгерістер жағдайында біздің қоғамымызда өздігінше шешім қабылдай алатын және оны жүзеге асыра алатын әлеуметтік белсенді, шығармашыл тұлғаға сұраныс күшейеді. Осыған орай, әр тұлғаның кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудың маңыздылығы да арта түседі. Жоғары дәрежелі кәсіби құзыреттілік оұушының бәсекеге қаблеттілігін арттырады. Өздігінше еркін ойлау қаблеті бар, тәрбие – білім беру үрдісін модельдей алатын, тәрбие беру және білім берудің жаңа технологиялары мен жаңа идеяларын өздігінше іске асыра алатын бүгінгі оқушы - болашақ маманның кәсіби құзіреттілігінің деңгейін арттыру – өзекті мәселе, себебі, біріншіден, кәсіби құзіретті мұғалім мектептің тәрбие – білім беру процесінде математика пәні бойынша шығармашыл оқушылардың қалыптасуына дұрыс әсер етеді; екіншіден, өзінің оқуында шәкірттер жақсы нәтижелерге қол жеткізе алады; үшіншіден, кәсіби мүмкіндіктердің іске асуына ықпал жасайды.Білім беру жүйесіндегі оқушының құзіреттілігінің теориялық негізін айқындап алу үшін, осы терминнің дербес анықтамасын келтірейік. «Құзыреттілік – жеке тұлғаның кәсіби іс – әрекетті арттыруға ториялық және практикалық әзірлігі мен
7
қабілеттілігінің бірлігі». Яғни, оұушының құзіреттілігі – жеке тұлғаның білімі мен тәжірибесін нақты бір жағдайда қолдана білу іскерлігімен байланысты тұлға қасиетін білдіретін ұғым деуге болады.
Кей зерттеушілер «біліктілік» ұғымын «құзыреттілік» ұғымымен нақтылайды. Алайда, осы екі ұғымды салыстыра отырып, «құзыреттілік» ұғымының мағынасы кең екенін аңғаруға болады. Себебі, оған біліктілікті сипаттайтын таза біліммен және іскерлікпен қоса топқа, әлеуметтік ортада жұмыс істеуге, коммуникативтік қабілет, оқу, бағалау, логикалық ойлау, ақпаратты алу және пайдалану т.б. іскерліктер жатады.
Құзыреттілік мәселесін зерттеген ғалымдардың ой – тұжырымдарын терең талдай отырып, білім беру жағдайында математика пәнінен білім алатыноқушы құзыреттілігін мынадай үш аспектімен бірдей кешенде сипаттауға болады:
1. Мәндік аспект, яғни ахуалды жете түсіну, оны ұғыну және оған деген қарым – қатынас, бұл жағдайда оқудың теориялық негізін, өткір мәселелерді ұғыну;
2. Проблемалық практикалық аспект: бұл осы жағдайда оқушының алдына мақсат орындау жолдарын , міндет нормаларын қойып, анықтауды сипаттайды;
3. Коммуникативтік аспект: бұл-оқушының оқу үрдісіне, ахуалға қатысын және өзара ықпал жасауын қамтамасыз етеді.
Баланың тұлға ретінде дамуына,оның ішінде шығармашылық потенциалы мен шығармашылық қабілітінің дамуына проблемасы маңызды болып отыр. Бұл мәселе бірнеше зерттеулерде (В.Взагвязинский, А.К. Макарова, В.А. Сластенин жене т.б.) қарастырылған. Мектептер осындай шығармашылық әлеуеті бойынша берілген мектеп жағдайында өзінің даму мен жетілдіру процесіне қатысады, өзінің кәсіби функциаларын сапалы жүзеге асыруға психологиялық-педагогикалық дайындығының құраушылары мен жаңа ойлары қалыптасады.
Өзіндік талдау шығармашылық әрекеттің тиімділігі үшін қажетті білік ретінде қарастырады. Ол жетістіктер мен кемшіліктердің себептерін анықтауға мүмкіндік береді, сондықтан музыка мұғалімінің кәсіби -тұлғалық өсуі үшін қажетті шарт болып табылады.
Л.С.Выготский «педагогикалық процесті зерттеу – педагог пен оқушының ісі» деген. Сондықтан, ең алдымен, оқушыларды өздік талдаудың «құралдарымен» жабдықтау және оларды қолдануды үйрету керек.
Оқушының құзырлылығы оның өзіне деген сенімділігінен, өзін-өзі көрсетуінен басталады, осыдан барып жетіктік іс- әрекет көрініс