Материалдар / Бастауыш мектепте көрнекілікті қолданудың теориялық негіздері мен ұйымдастырушылық-педагогикалық шартта
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бастауыш мектепте көрнекілікті қолданудың теориялық негіздері мен ұйымдастырушылық-педагогикалық шартта

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мәлімет ретінде жазылған жұмыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қараша 2020
818
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мазмұны


Кіріспе.............................................................................................................

3

1. Көрнекілік-нәтижелі оқудың негізі.........................................................

6

    1. Оқытудағы көрнекіліктің маңыздылығы................................................

6

    1. Көрнекілікті пайдаланудың тиімді жолдары мен әдіс-тәсілдері..........

10

1.3 Бастауыш сыныбында көрнекі құралы арқылы оқушылардың сөйлеу жүйесін дұрыстау...........................................................................................

15

2. Бастауыш сыныбының сабақтарында көрнекілікті қолданудың тиімділігі.........................................................................................................

20

2.1 Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағында көрнекі құралдарды пайдалану тиімділігі.......................................................................................

20

2.2 Бастауыш сыныбында математикадан көрнекі құралдарды пайдаланудың тиімділігі................................................................................

24

2.3 Бастауыш сыныбында әдебиет сабағында көрнекілікті қолданудың тиімділігі мен әдіс-тәсілдері..........................................................................

36

2.4 Бастауыш сыныбында дүниетанудан көрнекі құралдарды пайдалану тиімділігі.........................................................................................................

44

Қорытынды..............................................................................................

57

Әдебиеттер тізімі............................................................................................

58



Кіріспе


Көрнекілік педагогика саласындағы дидактикалық тәсіл. Ол ақпараттың, дәрістің, үгіт-насихаттың, жарнаманың танымдылығы мен пәрмендігін арттыру жолдары, оқытуда заттар мен құбылыстардың әрқайсысының өзіне тән жаратылыс бітімі мен әр сыр сипаттарын сезім мүшелері арқылы байқау мен қабылдауға баулиды. Адам қоршаған ортаны, дүние мен құбылыстарды түйсігімен сезінеді. Оның ішіндегі ақпаратты ең көп қабылдайтын – көру түйсігі болып саналады. Адам жадында терең танбаланатында осы көзбен көрген ақпараттар. Құбылыстардың мәнін адам санасында ойлау мен пайымдау қабілеті ғана суреттеп, бейнелейді.

Көрнекіліктің көмегімен қоршаған ортадағы құбылыстарды салыстырумен қатар, оны ойлап, пайымға салып қабылдау арқылы, сана-сезімі қалыптасады. Сонымен қатар, ақпараттар оқу міндеттеріне байланысты, талданып, қорытылады. Көрнекі құралы оқушыларға бейнелі түсінік беру үшін ғана емес, оқушылардың ұғымын қалыптастырып, абстрактілік байланыс пен тәуелділік түсіндіру үшін қолданылады.

Көрнекілікті чех педагогі Я.А.Коменский 17 ғасырда еңгізген болатын. Одан кейінгі педагог швейцар И.Г. Песталоцци, неміс А. Дистерверг, орыс педагогі К.Д, Ушинский т.б зертттеген болатын.

Көрнекіліктің үлгісін пайдалануға Ы.Алтынсарин зор көңіл бөліп, «Қазақ жастары ғылым өнерді кітап сөзі деп қана қарамай, заттай көзімен көріп, ажырата білуін» мақсат етті. Қазіргі кезде жанды және жансыз табиғатты пайдаланудың мәні зор. Қазіргі дәуірде ғылым, техника, көркемөнер салаларында мол дамыған шынайы деректерді т.б едәуір күрделі бейнеулерді көру үшін арнайы кабинеттер мен кабиналар ұйымдастырылды. Осыған орай оқу барысында кинопроекторлар, кинофильмдер, теледидар, оптикалық аспаптар және де т.б қолданылады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі» деген.

Бізге экономикалық және қоғамдық жаңарту қажеттіліктеріне сай келетін білім беру жүйесі қажет.

Білім беру жүйесінде ынталандыру мақсатында және сектор мен мемлекет арасындағы серіктестікті нығайту кезінде мемлекеттік немесе жекеменшік білімін нығайту керек делінді. Ал оның негізі бастауыш сыныбынан бастап қаланбақ. Осыған орай оқушылардың іскерлігі мен білімдігін шығармашылықпен қолдану мен дағдыларын, ой-өрісін дамыту болып табылады. Сондықтан бастауыш мектептерінде көрнекілікті қолдану балалардың ой-өрісін дамыту кезіндегі көкейкесті мәселесі болып табылады.

Қазіргі уақытта оқытудың бастапқы кезеңінде көрнекіні қолдануға көбірек көңіл бөлінеді. Бұл көрнекілікті қолдану әдістері құбылыстардың дамуын, олардың динамикасын көрсетуге, белгілі бір мөлшерде білім беру ақпараттарын жеткізуге және оқытудың жеке процесін басқаруға мүмкіндік беретіндігіне байланысты. Көрнекі құралдар оқушылардың танымдық қызығушылықтарын оятады, белгілі бір жағдайларда оқушылардың оқуға деген эмоционалды көзқарасын қалыптастырады, бейненің жан-жақты қалыптасуын қамтамасыз етеді, білімді терең игеруге ықпал етеді, ғылыми білімдердің өмірмен байланысын түсінеді және мұғалімдерге уақытты үнемдейді. Оқыту кезінде көрнекіні қолдану және оны бастауыш сынып сабақтарында қолдану туралы тақырып көрнекі құралдардың жаңа түрлерінің пайда болуына және жас оқушыларды оқытудағы олардың мүмкіндіктеріне байланысты психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде көбірек танымал бола бастады. Сондықтан зерттеу мәселесінің мәні жас оқушылардың оқу материалын меңгеруіне әсер ететін көрнекілік оқыту әдістерін қолдануға қойылатын талаптар мен оларды сабақта қолданудың практикалық деңгейі арасындағы сәйкессіздік жатыр.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі жеделтету, демократияландыру жағдайларында Қазақстан Республикасында Басты міндеттердің бірі – ұлттық ерекшеліктерді еске алып, жастарға терең білім беру мен тәрбие беру ісін одан әрі дамытып жетілдіру. Бұл бастауыш сыныптардағы сабақтарда көрнекі әдістерді қолдану оқу процесінің нәтижесі мен білімді игеруге өте тиімді әсер ететіндігінде, сонымен қатар бастауыш сынып мұғалімдеріне көрнекі құралдарды қолданудың тиімді әдістерін енгізу қажеттілігі туындайды.

Балаларға ана тілін үйретуде көрнекіліктің алатын орны жөнінде К.Д.Ушинский «Көрнекілікке үйретудің ана тілінде үйретуден бөлу мүлде қате» деген болатын. Өйткені көрнекілік бақылағыштығын сөзбен дұрыс айтып беруге, логикалық қорытындылар шығаруға дағдыландырады.

Оқу сабақтарында көрнекілікті қолдану мүмкіндігі орасан зор. Айнала, қоршаған дүниені бақылау, экскурсияға шыққанда бақылау, оқушылардың өздері жинаған гербарилер, жануар мен өсімдіктердің тұлыбы, модульдер, макеттер, кинофильмер, диофильмдер және портреттер, оқулықтар суреттер т.б.

Міне осыдан қоғамға жан-жақты білімді, жоғары мәдениетті, жұмысын шығармашылықпен істей алатын тұлға қажет. Біздің қоғамдағы нарықтық қатынастарды игеру, алдыңғы қатарлы дамыған елу елдің қатарына қосылу, үдемелі ақпараттар ағыны мен ғаламдық компьютерлік жүйеге өту қазіргі заманда өмір сүріп отырған адамның өз білімін үнемі жетілдіріп, икемділігін тәрбиелеп отыруына көзін жеткізеді.

Зерттеу міндеттері:

  1. Көрнекіліктің ұғымын негіздей отырып, оның сабаққа қолданудағы рөлін анықтау.

  2. Оқу сабақтарында қолданатын көрнекіліктің түрлері мен қойылатын талаптарына сипаттамалар беру.

  3. Сабақтың барысында көрнекілікті қолданудың тиімділігін анықтау.

  4. Бастауыш сыныбында көрнекі құралдары арқылы сөйлеу жүйесін дамыту.

Зерттеу мақсаты: Көрнекілікті пайдалану арқылы балалардың сабаққа ынтасын, қызығушылығын ояту. Балаларға көрнекілік әдістері арқылы ойлау жүйесі мен логикасын, сөйлеуін, сезіну түйсіктерін жетілдіру.

Зерттеу әдістері: Зерттеу тақырыбы бойынша жазылған ой-пікірлерге, психологиялық-педагогикалық, әдістемелік оқулықтарына, мемлекеттік құжаттар мен оқулықтарға теориялық талдау жасау әдісі; оларды зерттеу кезіндегі негізгі мәселелер мен негізгі ұғымдарды, мазмұны мен түрлерін контент-анализ әдісі арқылы анықтау, озат мұғалімдердің іс-тәжірибелерімен таныса отырып, әңгімелесу, бақылау, ізденушілік пен зерттеушілік жұмыстары.

Зерттеу объектісі: Көрнекіні қолдану тиімділігі мен талаптарын зерттеп, қазақ тілі, математика, сауат ашу кезінде оқушыларды көрнекіліктер арқылы пәнге қызығушылығы мен ынтасын ашу.







1. Тарау көрнекілік нәтижелі оқудың негізі


1.1 Оқытуда көрнекіліктің маңыздылығы


Есте сақтау қабілеті дегеніміз ол бір-бірімен байланысты әрекеттен тұратын психологиялық үрдіс. Ол тәжірибе жинақтап, сақтау мен оны пайдалануға мүмкіндік беретін үрдістің бір түрі. Ал білім беру барысында осы дағдыны бекіту көрнекілікке байланысты болып келеді.

А.Смирнов пен П.И.Зинченко зерттеулерді есте сақтау қабілетін үрдіс ретінде пайдаланып,оқушылардың есте сақтауын көрнекі арқылы дамытудың заңын ашқан болатын. Есте сақтауқабілетін қандайда бір жеке қызметпен емес, ол тұлғаның қызығушылығы мен ынтасына байланысты. [1]

Оқушылардың есте сақтауын көрнекі арқылы жақсарту өте тиімді әдіс. Есте сақтау қабілетін зерттеумен медицина, генетика және психология саласы айналысады.

Көрнекілік педагогика саласындағы дидактика тәсілінің бірі. ОЛ ақпарат, дәріс немесе үгіт-насихаттың танымалдығын арттыру жолдарының бірі. Адам сыртқы ортаны бес мүшесі арқылы таниды. Оның ішінде ақпаратты сақтаудағы ерекшелігімен көру жүйесі ерекшеленеді. Адамның есте сақтауынада осы көру жүйесі арқылы сақталып қабылданған ақпарат. Бірақ көру түйсігі ішкі құбылысты өздігінен бейнелей алмайды. Құбылыстың мәнін, адам санасында ойлау мен пайымымен бейнеленеді. Сонымен қабылжанған ақпар оқу міндетіне байланысты талданады және қорытады. Көрнекілік оқушыларға бейнені түсіну үшін ғана емес, олардың ұғымын қалыптастырып, абстрактілі байланысы мен тәуелділігін түсіндіру үшінде қолданады. Бұл дидактика ғылымының басты қағидасы болып саналады. [2]

Көрнекілікті Я.А: Коменский XVII ғасырда еңгізген болатын. Одан кейін И.Г.Песталоции, А.Дистерверг және де К.Д.Ушинский т.б көрнекілік жүйесін оқуға байланыстырып, қалыптастырды. [3]

Естесақтау қабілеті – психикалық өмірдің сипаттамасы болып саналады. Есте сақтау қабілеті «танымдық» үрдісінің дамуы мен қызмет етуіне байланысты болып келеді. Есте сақтау қабілеті екіге бөлінеді.

Shape1

Есте сақтау



Shape3 Shape2

Сапалық Сандық


Сапалық есте сақтау – бұл есте сақтау қабілетінің жылдам және беріктігі, ұзақтығы мен дәлдігі. Сапалық көру, есту, қимыл және т.б түрлерін есте сақтауымен ерекшеленеді. Аталғандар барысында барлығының басым болу мағынасында есте сақтау қабілетінің бұл түрі «таза» сирек кездеседі. Көбіне біз іс жүзінде болуын көру мен есту арқылы немесе іс-қимылын, есте сақтауды түрліше қабылдаймыз. Мысалыға ғалымдардың көбінде мағыналық және қисынды естесақтау өте жақсы дамыған, ал кейбірінде механикалық есте сақтауы нашар.

Оқыту үрдісінде оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту үшін көрнекіліктің мәні зор. Қазіргі кезде көрнекілік дамуында компьютерді ерекше қолданады. Мектептерде электронды кабинетті құру әліде дамуда. Компьютер көрнекіліктің оқыту процесінде қолдануда көп мүмкіндігін береді.

Оқытуда көрнекіліктің негізгі шарттары бар. Мысалы:

  1. Көрнекіліктің оқушының жасына сәйкестігі;

  2. Көрнекілікті сабақта керек кезде ғана пайдалану;

  3. Көрнекілікті барлық оқушының көре алуы;

  4. Мәнісі нақты болуы;

  5. Құбылысты, түсінікті мұқият ойластырып, жасау;

  6. Көрнекілік берілген материалмен сәйкес болуы;

  7. Көрнекілікте және демонстрациялық қондырғыдан мәліметті табуға оқушыныңда қатысуы;

  8. Сабақта көрнекіліктің алуан түрімен жұмыс жасау, бірақ көрнекілік тым көп болмауы тиіс. Себебі: Оқушының назары басқа жаққа ауып, берілген материалды түсінбейқалуыда мүмкін;

  9. Көрнекілікті қолдану кезінде оқушының сезімдерінеде назар салу. Қалыптасқан түсінікке сүйене отырып, нені меңгергенін нақтылау;

  10. Көрнекілікті оқушылармен бірге жасағанда өте тиімді. Өйткені өзі жасағандарын оқушы тез есте сақтап қала алады;

  11. Көрнекі арқылы оқушылардың зейінін, ақыл ойын тәрбиелеу.

  12. Көрнекілікте заттық көрнекілікке қарағанда символдық көрнекілікті қолдану.[4]

Оқушы өз көргенін өздігінше қабылдайды. Бұл өмір қажеттілігінен туындайтын құбылыс. Олардың ой-өрісі, ір-әрекеттері тіршіліктін ағынымен дамып отырады. Ол табиғаттын сыйлаған байлығы. Сол байлықты баланың бойына жинап, жылдар бойы жоғалтпай, игілігіне пайдаландырып отыратын нәрсе ол ес. Ес – бейне архив сияқты. Ес арқылы адамның есімдерін, табиғат құбылысын, оқыған кітабын, өткен күндерін еске түсіріп, көз алдына елестетеді.[5]

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің міндетінін бірі – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарын, ғылым және практика жүзінде жеке адамды қалыптастырып, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталып білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» Қазақстанның Білім беру тұжырымдамасында мектеп міндеті – әр оқушыға терең білім беріп, оқушының ойлау қабілетін дамытып, ұрпаққа саналы білім мен сапалы тәрбие беруде, оқушылардың саналы түрде материалды түсініп, есінде берік сақтауын қамтамасыз етуде көрнекіліктің маңызы зор» делінген [6]

Көрнекілік – оқытуда заттар мен құбылысты, дыбыстары өз сезімімен сезінуге баулитын құбылыс.

Көрнекілік оқытушылардың шығармашылық ізденісі мен әдістемелерге карап, солар арқылы оқу барысында оны шебер пайдалана алуы тиіс. Көрнекілікті пайдалануда қазақтың ұлы педагогы Ы. Алтынсарин көп көңіл бөлген. Ол «Қазақ жастары өнер мен ғылымды кітап көзінен қарамай көзбен көріп ажырата білуі тиіс» деген. [7]

Н.Назарбаевтың «Қазақстан 2030» барлық өсіп өркендеуі мен қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» туралы Қазақстан халқына жолдауында айқындалған негізгі басым бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыруда, білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқыту әдістерінің қолдануында тиімділігін арттыруын айтқан болатын. [8] Бұл орайда оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруда көрнекі құралына көңіл бөлу маңызды.

Көрнекілік – оқытуда заттарды, құбылыстарды қолменен ұстап, көзбен көруге, оны естіп сезінуге болатын дидактика үрдісі.

«Көрнекі» сөзі әртүрлі сипатталады. Бұл терминнің түбірі "көру" болғанымен, қазіргі кезде оны сезінуді айтады.

Ұлы Абай Құнанбаевта өз шығармашылығында ақыл-ойды дамытып, шын ғылыми білім алу керектігін айтып өткен. Ол үшін ойлауды, зейінді, ер-жігер мен зейінді дамыту керектігіде айтылған. Мысалыға "Адам баласы көзбен көріп, құлақпен естіп, мұрынмен иіскеп сырттағы дүниеден хабар алады" – деген дана ойы көрнекінің маңыздылығын айтады.

Көрнекі құралдың бірнеше түрі бар.


Көрнекі құралдар

Shape7 Shape5 Shape6 Shape4

Табиғи Техникалық

Бейнелік Символикалық


  1. Табиғи көрнекілік – коллекциядағы кептірілген өсімдікер, жануарлар мен құстар тұлыбы тағы басқалар жатады.

  2. Бейнелеу –көркем суреттер, мүсін үлгісі мен архитектура жәнеде тағыда басқалары жатады.

  3. Символикалық - сызбалар, сандық кестелер немес тағыда басқалары.

  4. Техникалық – шындық дүние. Оларға дипозивтер, диафильмдер жәнеде тағыда басқа.

Сыныптағы оқушыларға оқу – тәрбие кезінде көрнекілік сабақ мазмұнына қарай қолданылады.

Педагогика сөздігінде "көрнекілік" сөзінің анықтамасы көп. Көрнекілік – оқушыларға тікелей әсер ететін дидактикалық үрдістің бір түрі. Оқыту процеесінде табиғат пен құбылыс заттары маңызды рөл атқарады. Оның өзіде көрнекі құралына жатады. Көрнекілік оқушылардың психологиялық-педагогикалық қызығушылығы мен бірге ынтасында арттырады. Көрнекілікті кез келген уақытта пайдалануға болады. Мысалыға жаңа материалды түсіндіретін кезде немесе бақылау кезінде, қайталау кездерінде пайдалануға болады. Көрнекі шарты екіге бөлінеді.


КShape8 Shape9 өрнекі

Көру Есту

Көру көрнекілігі: сызба немесе оқулықтар, суреттер, экранды немесе техникалық құралдары жатады.

Есту көрнекілігіне: техникалыққұралдар немесе қосымша ақпараттардан алынған әңгіме жатады.

Көрнекі құралын қолданғанда мұғалім өте мұқият болғаны жөн. Көрнекілікті қолданғанда өз тәртібіне сай қолдануы қажет. Көрнекілік оқушыларға алдымен эстетикалық әсерін беріп, мазмұнды түрде өз ықпалын тигізуі тиіс. Көрнекілік тақырыптың барысына сай қолдануы тиіс.

Көрнекілік қолдануына қарай төмендегідей қызметтері бар. Олар:

  1. Оқушының сезіміне әсер етеді.

  2. Ақпаратты меңгеруді жеңілдетеді.

  3. Объект жөніндегі ақпаратты ұғынуға мүмкіндік береді.

  4. Іскерлік пен дағдыны қалыптастырады.

  5. Оқу тәрбие жұмыстарында нәтижені бақылауға үлес қосады.

Көрнекі құралын қолдану сабақтың мазмұнына және мұғалімнің әдіс-тәсілді қолдануына қарай жүреді.

Көрнекіні қолдану кезінде оның бірнеше талаптары бар. Олар:

  1. Көрнекі құралы барлық оқушыларға көрінуі тиіс.

  2. Әрбір көрнекі өтілетін сабаққа сай болып, тақырыпты аша алуы керек.

  3. Көрнекілік ерекше безендірілген, бояуы анық болуы тиіс.

  4. Көрнекі оқушылардың назарын ерекше аударатындай болуы тиіс. Яғни, құралдар ерекше бояумен боялып, мәтініде тақырыпқа сай болуы керек.

  5. Көрнекіде мәселенің қайталанбағаны жөн.

  6. Көрнекілікте хронологиялық реттің сақталуын қадағалау керек.

  7. Көрнекіде әрбір мысал дау тудырмайтындай, түсінікті болуы тиіс.

  8. Көрнекілік өткізілетін материалды толық қамти алуы керек.

  9. Көрнекі көп уақытты алмайтындай болуы керек.

Көрнекі құралын жасау кезінде оны жасау мен ұйымдастыру дидактиканың негізінде оны пайдалана алу аумағында білген жөн. Сабақ барысында пайдаланылатын көрнекілік құрал қолдануға қолайлы, әр қағидаға сүйене отырып жасалуы тиіс. Осыған орай оларды жасауда мынадай қағидаларды білген жөн:

  • Дидактикалық, экономикалық қажеттілігін қарастыру.

  • Оқу бағдарламасына сәйкес болуы.

  • Ғылыми техникалық қазіргі заман талабына сай болуы.

  • Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру кезінде немесе бақылау жұмысы кезінде білімділік іс-әрекетінде сәйкес болуы керек.

  • Көрнекі принциптерге сай болуы тиіс.

  • Көрнекі оқушылардың белсенділігін арттыруы тиіс.

  • Оқушы мен мұғалім бір-бірімен еркін қарым-қатынаста жұмыс жасай алуы тиіс. Жұмыс істейтін о

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!