Бастауыш мектепте
математиканы оқыту барысында оқушылардың функционалды алгоритмдік
дағдыларын қалыптастырудың рөлі
Білімді, бәсекеге қабілетті, функционалдық
сауатты, алған білімін шынайы өмірде өзін-өзі жүзеге асыруға
қолдана білетін тұлғаны тәрбиелеуге және оқушылардың
математикалық мәдениетін және шығармашылық қабілетін
қалыптастыруға бағытталған жұмыс болып
табылмақ.
Тапсырмалары оқушылардың
өмірлік жағдаяттарда математиканы қолдана білу қабілеттерін
бағалауға, математиканы түрлі контекстерде тұжырымдауға, қолдануға
және түсіндіруге бағытталған. Ол
түрлі құбылыстарды сипаттайтын, түсіндіретін және болжам жасауда
математикалық ойлау мен математикалық түсініктерді, математикалық
білім мен құралдарды қолдану болып табылады. Бұл математиканың
бүкіл әлемдегі алатын орны мен атқаратын рөлін мойындауға ықпал
етіп, конструктивті, қызығушылығы мен ойлау мүмкіндігі жоғары
азаматтар үшін саналы көзқарасын қалыптастырып, ақылға салынған
шешімдер қабылдауға көмектеседі.
Оқушылардың математикалық сауаттылығын бағалауға
арналған тапсырмалар мазмұны халықаралық салыстырмалы (PISA, TIMSS
және т.б.) зерттеулерде қолданылатын тапсырмаларға ұқсас
келеді. Басты мақсат жалпы білім беретін
мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани
тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік
бейімделуі болып табылады. Мұндағы басшылыққа алынатын сапалар:
белсенділік; шығармашылық тұрғыда ойлау; шешім қабылдай алу; өз
кәсібін дұрыс таңдай алу; өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып
табылады. Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында
қалыптасады. Функционалдық сауаттылығын дамытудың жалпы бағдары
2021-2025 жылының бағдарламасында айқын көрсетілген. Елбасы Н.Ә.
Назарбаев: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін
заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған елдердің
қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім» екенін айта
келіп, ол үшін «Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару
қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет»,
– деп білім беру жүйесін жетілдіру мәселесін алға қойған болатын.
Математика сабағындағы негізгі сауаттылыққа мыналар жатады
:
- Математика
– ғылым болмысынан балама ұғымдар. Сондықтан да математика барлық
ғылымдардың логикалық негізі – күре тамыры ретінде қарастырылады. -
Математика ең алдымен оқушылардың дұрыс ойлау мәдениетін
қалыптастырады, дамытады және оны шыңдай түседі.
Бүгінгі күн талабына сай жан-жақты дамыған,
белсенді, өмірге талпынысы, қызығушылығы бар адамды мектеп
табалдырығынан дайындап шығарудың ең бір тиімді тәсілі ол –
оқытудағы математикалық сауаттылық.
Математикалық сауаттылық – математиканың әлемдегі
рөлін анықтау және түсіну, әр түрлі формада берілген сандық
ақпараттарды оқу, талдау, түсіндіріп беру, дұрыс негізделген
математикалық пайымдаулар айту, есептерді шығарудың тиімді
тәсілдерін табу, орындау, өзін-өзі тексеру, өмірмен байланыстыру,
математикалық білімді өмірлік жағдаяттарда кездесетін түрлі
мәселелерді шешуде еркін қолдану болып табылады.
Оқушылардың математикалық сауаттылығының
қалыптасуы «математикалық құзыреттiлiктiң» даму деңгейлерімен
(танымдық салалармен) сипатталады:
- білу (еске
түсіру);
- қолдану (байланыстарды
орнату);
- ойлау (пайымдау).
Математикалық құзыреттілік – нәтижелерді
түсіндіру, талдау және түрлендіру, математикалық модель құрастыру,
қатынастарды анықтау, шынайы өмірде пайда болған мәселелерді шешу
үшін математиканы дәлме-дәл қолдану
қабілеттілігі.
Математикалық құзыреттіліктің деңгейлері
(танымдық салалар):
Білу (еске түсіру):
Терминдерді, сандарды қасиеттері бойынша суреттеу
және есептеу; график пен кестеден мәліметтерді
алу; құралдарды
қолдану;
классификациалау, математикалық объектілерді
танып білу.
Қолдану (байланыстарды
орнату):
Нәтижелі шешу тәсілін таңдау; математикалық
ақпаратты талдау және көрсету; модельдеу; тізбекке байланысты
тапсырмаларды орындау; стандартты есептерді шешу.
Ойлау (пайымдау,
тұжырымдау):
Объектілердің арасындағы тәуелділікке талдау
жасау; қорытындылау, әртүрлі шешу жолдарын синтездеу; дұрыс/бұрыс
айтылғандарды дәлелдеу; стандартты емес есептерді
шешу.
Зерттеу тұжырымдамасына сәйкес әрбір тапсырма
математиканың мазмұнды бөлімдерінің біріне сәйкес
келеді:
Біздің заманымыз ғылым мен техниканың ғарыштап
дамыған кезеңі, біз ұстаздар сол заманмен бірдей қадам басуға
міндеттіміз, себебі біз адам тағдырына, бала тағдырына жауаптымыз.
Сондықтан оқушылардың функционалдық математикалық сауаттылығын
арттыру үшін мынадай жұмыстар жүргізуіміз керек.
Сабақта практикалық мазмұнды есептерді,
әртүрлі форматтағы тест тапсырмаларын, стандартты емес жағдайларда
білімді қолдануға арналған қызықты есептер
шығарту;
Математика пәні сабақтарында, таңдау курстарында
алған білімдерін өмірмен ұштастыруға, оны практикада қолдануға,
логикалық есептер шығаруға үйрету. Математикалық құзыреттілік –
нәтижелерді түсіндіру, талдау және түрлендіру, математикалық модель
құрастыру, қатынастарды анықтау, шынайы өмірде пайда болған
мәселелерді шешу үшін математиканы дәлме-дәл қолдану
қабілеттілігі артады.
Оқушылардың математикалық
сауаттылығын арттыруда математикалық тапсырмалар нақты
өмірлік мәселелерге жақын, қоршаған өмірдің түрлі аспектілерімен
байланысты және өз шешімдері үшін математикалық талдауды талап
ететін, мектептің өмірі, қоғам, оқушының жеке өмірі, кәсіби
қызметі, спорт және тағы басқалар туралы мәлімет
ұсынады.
Осындай бағыттағы есептерді сабақ барысында
қолдану арқылы ғана біз – алған математикалық білімдерін
тиімді пайдалана алатын, өмірдегі кез келген жағдаяттарда
дұрыс шешім қабылдайтын, өзінің математикалық сауатты екенін
дәлелдей алатын функционалдық сауатты тұлға тәрбиелеп
шығамыз.
Білімді, бәсекеге қабілетті, функционалдық
сауатты, алған білімін шынайы өмірде өзін-өзі жүзеге асыруға
қолдана білетін тұлғаны тәрбиелеуге
негізделген.
Оқушылардың
математикалық мәдениетін және шығармашылық қабілетін қалыптастыруға
бағытталған сапалы дайындықты қамтамасыз етеді. Бастауыш сыныпта
теңдеулерді шешуді үйрету арқылы оқушылардың ақыл-ой белсенділігін
күшейту, оқушылардың математикалық ойлауының негізін қалау, сонымен
қатар алгоритмдік ойлауды дамытуға ықпал етеді. Есептерді шешу
нәтижесінде баланың теориялық білімі байытылып, білімдерін
бекітеді, оның есептеу дағдылары
жетілдіріледі.