Материалдар / "Бастауыш сынып әдіс тәсілдері"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Бастауыш сынып әдіс тәсілдері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған. Қазіргі сындарлы оқытудың мақсаты –бастауыш сынып оқушыларының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін кез келген жағдайда тиімді қолдана білуді көздейді. ҚР «Білім туралы» заңында айтылған «Білім беру жүйесінің басым міндеттерінің бірі – жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектісін дамыту» деген сөздерін басшылыққа ала отырып, бүгінгі білім беру саласының алдында жүйеленіп, дайындалып берген білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс жасай алатын, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілеттерімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қазан 2022
770
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Орта білім беру  жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген  танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы теориялық оқытуға  негізделген тәсіл кең тараған.   Қазіргі сындарлы оқытудың мақсаты –бастауыш сынып оқушыларының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін кез келген жағдайда тиімді қолдана білуді көздейді.

ҚР «Білім туралы» заңында айтылған «Білім беру жүйесінің басым міндеттерінің бірі – жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектісін дамыту» деген сөздерін басшылыққа ала отырып, бүгінгі білім беру саласының алдында жүйеленіп, дайындалып берген білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс жасай алатын, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілеттерімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр.

Оқытуда жаңа идеялар мен  әдіс-тәсілдерді  енгізу арқылы оқушылардың дивергентті ойлау қабілетін арттырудың өзектілігі сонда:

Оқушы бір мәселенің бірнеше шешімін іздеу арқылы шығармашылықпен  ойлауы дамиды, қажетті  дағдыларды дамыту бастауыш сыныптан бастап, яғни  кішкентай кезінен жүргізілсе  ең оңтайлы тәсіл болмақ.

Бастауыш сыныпта оқытудың әдіс тәсілдерінің мақсаты:

Оқушылардың шығармашылық ойлау әдісін, дүниетанымын  қалыптастырып, бір  проблеманың  бірнеше шешімін іздеуді,  өз бетінше ізденуін, өз ойымен өзгелердің ойын  сыни қарап, естігенің, білгенің талдап, салыстырып, реттеп, жүйелеп, білмегенің өзі зерттеп, дәлелдеп тұжырым  жасауға бағыттау, ойлау қабілетін  жетілдіру өз бетімен шығармашылық ойлауға, үйретуді көздеу.

Міндеттері:

  • оқытуды жаңаша ұйымдастыру;

  • оқушылардың  пәнге деген қызығушылығын арттыру;

  • жүйелі ойлап, қорытынды жасауға, өз ойын дәлелмен жеткізуге  мүмкіндік  жасау.

Күтілетін нәтиже: Бастауыш сыныпта оқытуда жаңа идеялар мен  әдіс-тәсілдерді  енгізу арқылы, оқушылардың дивергентті ойлау қабілетін арттырады, жеке тұлғаның өздігінен ізденіп, ой-өрісінің жан-жақты дамуына жағдай туғызылады, білім сапасы артады. Қазіргі кездегі қоғам дарынды, қабілетті адамдарды қажет етеді.

Оқытуда жаңа идеялар мен  әдіс-тәсілдерді  енгізу арқылы оқушылардың дивергентті ойлау қабілетін арттырудың ерекшелігі.

  • Оқушылардың бойында өз бетімен білім алу, өзін-өзі реттеу дағдыларын  дамиды.

  • Оқушының пәнді терең түсіну қабілеті дамып, алған білімдерін  сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді  пайдалана білуіне жол ашады.

  • Оқушының шығармашылық ойлауы артады, көкірегіне сенім ұялайды.

Оқушының  пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде,кез келген жағдайда пайдалана білуін қамтамасыз етуді көздей отырып, бастауыш сынып оқушыларының өзін-өзі реттеуге, өздігінен оқуға, өз бетімен шешім қабылдауға үйрету казіргі заман талабы екенін ескеріп, сабақтарымда  «оқытуда жаңа идеялар мен  әдіс-тәсілдерді  енгізу арқылы оқушылардың дивергентті ойлау қабілетін арттыру» мақсатында  жұмыстанып жүрмін. Әдетте оқушыларды дивергентті ойлату – орта мектептің жоғары сынып оқушылары мен жоғары оқу орнындағы оқушылармен байланыстырады. Алайда бір проблеманың бірнеше шешімін іздеуді   негіздерін кішкентай кезінен, қажетті  дағдыларды дамыту ең оңтайлы тәсіл болып отыр. Сондықтан 1-сынып оқушыларын ерте кезеңнен шығармашылық ойлауын дамыту мен үшін маңызды болды.  Бастауыш сыныптан бастап оқушылар бір мәселенің бірнеше шешімін ойлай білуін дағдыға  айналдырса, оқушының шығармашылық ойлауы, сын тұрғысынан ойлауы дамитыны сөзсіз.

Осы  дағдыларды әр пәнде де дамытуға болады.   Сабақтарымда жоғары жетісікке қол жеткізуге ұмтылудамын. Сондықтан сабақтарда, үзіліс кездеріңде тренингтер өткізіп, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруға баса назар аударамын. Себебі сапалы білім алу үшін ынтымақтастық атмосфера қалыптасуы қажет.  Сыныптағы бірлескен жұмыс оқытылатын пәннің мазмұнын берумен шектеліп қана қоймайды, ол сонымен қатар мұғалімнің ынтымақтастық атмосферасында оқуды қамтамасыз етуіне байланысты деп ойлаймын. Сабақтарымда  оқушылар топтарға бөлініп, ынтымақтастық оқу жағдайында оқушылар құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға және қорғауға, әртүрлі ұстанымдармен алмасуға,  басқа тұжырымдамаларға күмәнмен қарауға және белсенді қатысуға мүмкіндік алды. Құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын үнемі назарға алып отырамын. Түсінуді басты назарға ала отырып ынтымақтастықпен оқу немесе мәселені шешу үдерісі  оқушылардың тиімді дәлелдерді жүйелеу қабілеттерін жоғарлатады дегім келеді. Оқушының дивергентті ойлауына  сыныптағы диалогтің маңызы зор, диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын ескеріп, оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер тізбектелген сабақтарымда оқушылардың жас ерекшелігіне сай үнемі қолданудамын. Сондықтан 1-сынып оқушыларын ерте кезеңнен шығармашылық ойлауын дамыту мен үшін маңызды болды.  Көбіне сабақтарымда тапсырмаларды  жұптасып орындауды тапсырып отырамын. Себебі,оқушылар жұптаса отырып, қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдер қабылдауға , түрлендірілген тәсілдерді іс-әрекетімізге енгізуге дайын болуға үйренеді. Сабақтарда постермен,интелек картамен жұмыс, жұптық әңгіме арқылы оқушылардың  шығармашылық ойлау әдісін дамытамын. Әр сабақта 1-тапсырма жұпта ойлану, сосын топта талқылауға беріліп отырамын. Диалог барысында оқушыларға баламалы мүмкіндіктер беріліп, басқа адамның көзқарасын өзінің  тұжырымдамалық түсінігін тереңдетіп, өз ойын айтып, өз шешімін талдауға, саралауға мүмкіндік болады.

Оқушы дивергентті ойлау арқылы - өз ойымен өзгелердің ойын  сыни қарап, естігенің, білгенің талдап, салыстырып, реттеп, жүйелеп, білмегенің өзі зерттеп, дәлелдеп тұжырым жасауға бағыттау, өз бетімен шығармашылық жұмыстануға үйрету. Осы дағдыларды математика пәнінде дамытуға болады.      Математика пәні оқушылардың математикалық даму деңгейін қамтамасыз етіп қана қоймай, оқушылардың жалпы ақыл-ойының дамуына ықпал етеді. Бұл пәнде оқушылар есептер шығара отырып , әр тапсырмаға сыни ойланып жауап береді десе де болады. Ол үшін оқушыларды қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, баулу қажет. Сабақта балалардың өмірлік тәжірибесінен, олардың тапқырлығын ескере отырып шешілетін есептерді беремін.

  • Оқушылардың жақсы меңгерген материалы бойынша заңдылықты іздеу, байқау, жадында сақтау мүмкіндіктерін жаттықтыруға есептер беремін.

  • Тақтада есептер, теңдеулер мен олардың шешімдері жазылған, ішінде дұрыс жауаптары да, дұрыс еместері де бар. Сәйкес тексеру, талдау жұмыстарын жүргіземін.

  • Тақтада белгілі бір мысалдың шешуі немесе ең көп кездесетін қателері бар,  дәстүрлі есептер жазып,әрбір шешімнің логикалық жолына тексеру жүргізуді  ұсынамын.

  • Тақтада күрделі есепке сызба берілген және “миға шабуыл” әдісі арқылы оның шешімін табуға тапсырамын.

  • Алдыңғы сабақта берілген есептерді шешудің әр-түрлі әдістері қарастырылып,  ережеге сай бұл есептеу жүргізуді тапсырамын.

  • Үй жұмысына ертегі мазмұндау немесе математикалық кроссворд құрып келуге тапсырмаларды түрлендіріп отырамын.

1-сыныпта «Қосу амалындағы сандардың атаулары» тақырыбы тұсау кесер бөлімінде «Серпілген сауал»  әдісін  пайдалана отырып, оқушыларға  әр түрлі сұрақтар қойдым. Сол сұрақтың бірі: Санға бірді қосақ қандай сан шығады?- деген сұраққа жауап аларда, оқушылардан  әртүрлі жауаптар алдым. А деңгейлі М есімді оқушым «2»-десе ; А есімді оқушым «3»- деді; В деңгейлі Д есімді оқушым «4»-деп жауап берді. Тек С деңгейлі «М» есімді оқушым келесі  сан шығады деп жауап айтты.

Осы сабағымда «Визуалды айғақтар әдісі» бойынша топ оқушыларына  геометриялық фигуралар берілді. Осы геометриялық фигураларды топтастыруды тапсырдым.

-Қандай фигураларды бірдей деп айтуға болады?

-Олар қандай белгілері бойынша бірдей?

1- топ оқушылары фигура түріне қарап топтады , 2 - топ фигураның түсіне қарай топтады,  3,4 - топ оқушылары фигура түріне қарай топтады. /2-қосымша/.

Енді сол геометриялық фигураларды пайдаланып, өрнек құрастыруды тапсырдым. Сонда  сынып оқушыларының 50 пайызы  өрнек құрастыра білді.  Шыққан өрнектер арқылы қосу амалындағы сандардың атауларын енгізді.    Сандар құрамын анықтау. 1-жұпта «2» саны , 2- жұпта «3» санының құрамы , 3-жұпта  «4» саны,  4- жұпта «5» саны.Оқушылар жұпта бірлесіп, берілген санның құрамын таба білді./3-қосымша/. Бұдан шығатын қорытынды оқушылар өз ойларын тұжырымдап, қорытынды ой шығарып отыруға дағдыланады.

Мазмұнды есептер шешу барысында да есептің шығару жолының тиімді тәсі-

лін таңдап шығаруға машықтанады. Бірнеше шешімдер қабылданады.   Өз ойын дәлелмен жеткізуге  машықтандырып отырамын.

Әдебиеттік оқу пәнінде оқыған мәтін бойынша мазмұнын айтқызып қана қоймай,оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді қолданып, мысалы, «Кір жаятын жіп» әдісі оқушыларға мәтін мазмұнына бойынша сурет салғызып, салған суреттерін оқиға желісі бойынша орналастыру тапсырылды. Оқушылар өз түсінігі бойынша бейнелерді орналастырды. Бұдан шығатын қорытынды оқушының мәтіннің мазмұнын қаншалықты дәрежеде меңгергенін көруге болады./4-қосымша/

Қазақ тілі пәнінен оқушының жеке оқуға берілген сөйлемдерді оқудан және оның мазмұнын ұжымдық талдауға тапсырмалар беріп отырамын.  Оқушылар қойылған  сұрақтарға жауаптарын дәлелмен жауап беруін талап етіп отырамын. Сабақта оқушыларға тапсырмаларды түрлендіріп отырамын. Оқушының ой-өрісінің ұшқыр болуына көмектесу мақсатында мысалы:   «Сөз құрастыр» атты тапсырманы беруге болады.

Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді сабақтарымызда үнемі 7 модуль идеяларын ықпалдастырып өткізсек, оқушының жан дүниесі кеңейтуге, ауызша, жазбаша тілі, есептеу дағдысын,  ойлау, елестету қабілетін қалыптастыруға,  өзінше баға беріп, ой түйіндеуге баулу, креативті  идеяларға   жол ашу, сын тұрғысынан ойлауын дамыту, жеке -дара ерекшеліктерін ескеріп, шығармашылығын шыңдап  табысты оқуға қол жеткіземіз дегім келеді! .Кестеде математика пәнінен жоғары көрсеткіш болуының өзіндік себебі бар мен алғашқы жылдары осы математика пәнінен   оқытуда жаңа идеялар мен  әдіс-тәсілдерді  енгізу арқылы оқушылардың дивергентті ойлау қабілетін арттыруға  жұмыстанумын нәтижесі деп білемін. Қазіргі таңда әдебиеттік оқу, қазақ тілі, дүниетану пәндерінен де оқушылармның дивергентті ойлауына жұмыс жасап жатырмын. Сонымен әр сабақтарымда оқушыларды дивергентті ойлату арқылы  оқушылардың ой-әрекетін жоғары деңгейіне көтеріп, пәнді терең түсінуіне жол ашамын. Онымен қоса егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, өзіне — өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны ерекше.

Қазіргі заманғы ғылыми — техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына үлкен мақсаттар мен жаңа міндеттер жүктейді. Жас ұрпақты жан — жақты жетілген, ақыл — парасатты, ой — өрісі биік, бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеу — қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Бұл әр мұғалімнің шығармашылық ізденіспен жаңаша істеуін қажет етеді.
Білім негізі мектеп қабырғасынан басталатыны белгілі. Мектеп оқушысы не нәрсені болса да білуге құмар, қолымен ұстап, көзбен көргенді ұнатады. Зейіндері тұрақсыз болғандықтан бір сарынды оқудан тез жалығады. Сондықтан оқу мазмұны мен тәрбие әдістерін жаңарту бағытында оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру үшін жан — жақты іздене отыру керек.

Білім беру саласындағы бүгінгі басты міндеттерінің бірі – оқушыларға терең білім беру. Ал, оның негізі жалпы білім беретін мектептердің оқыту үрдісін жақсартуға білім саласына жаңа технологияларды енгізу болып табылады. Оқу – тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып өз бетімен ізденуге шығармашылық еңбек етуге жол салады. Пәндерді оқытуда тиімді әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, сабақты қызғылықты да тартымды өткізу мұғалімнің шеберлігіне байланысты екені баршамызға мәлім.Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендірудіт міндеттейді. Білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы – бастауыш саты. Келешекте арнаулы мамандықтарға талпынудың іргетасы да осы бастауыштан басталмақ. Жас бүлдіршіндердің ой-қиялын біліммен нұрландыратын, дүниетанымын кеңейтетін – ұстаз шеберлігі. Әсіресе, терең де тиянақты білім беруді ұлағатты тәрбиемен ұштастыруда бастауыш сынып пәндерінің өзіндік орны ерекше. Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы — заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, қарым-қатынас тілі – орыс тілі және ағылшын тілі – әлемдік кеңістікті тану тілін оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану – заман талабы болып отыр. Қазіргі таңда оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және жаңа технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Бастауыш сынып пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді. Негізінен, жаңартылған білім жүйесі – құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ-ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) үйретеді. Оқушыларды заманауи әдіс-тәсілдермен оқытып, ой-өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр. Жаңартылған оқу бағдарламасы, оқу жоспарлары, тілдік дағдылар, педагогикалық әдіс-тәсілдер және белсенді оқыту технологиялары да қарастырылды.Сол себепті қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрастыру барысында оқушылардың жас ерекшеліктеріне басты назарды аударып, мысалы, «Өрмекшінің өрмегі», «Қораптағы сұрақ», «Серпілген сауал» әдіс-тәсілдерін күнделікті қолдану барысында оқушылардыңт сабаққа деген қызығушылықтарының арттатындығын аңғардым. Сабақ барысында ресурстарды молынан қолдануға тырысамын. Әр сабақта қолжетімді ресурстарды дұрыс, әрі ұтымды пайдалану тиімді. «Алфавит тізбегі» оқушылар өткен тақырып бойынша алған білімдерін алфавиттегі әріптерден басталатын сөздерді кезекпен атап шығу керек. Сабақтарымды қызықты әрі оқушыларға жан- жақты жұмыс жасауға тиімді жақтарын қарастырып отырамын. «Маршрут» ойыны. Бұл ойын бас қатыру есебі – ойланып табылған сөздің әріптерін, алдыңғы сөздің соңғы әрпі, кейінгі сөздің алдыңғы әрпі болып табылатындай етіп, бірінің соңына бірі тізбектеле орналасқан торкөздерге сөздер толтырады.Мысалы, Алматы-ыдыс-сабын-нар-рахмет-тарақ, -қарбыз т.б. «Екі әріп» ойыны. Бірінші қатысушы бір сөз, зат есімді айтады. Келесі қатысушы сол сөздің соңғы екі әрпінен келетін сөзді ойлап табады, бірақ дауыстап айтпайды, тек өз сөзімен түсіндіреді, үшінші қатысушы мұның не туралы айтып жатқанын түсінеді де, сол сөздің соңғы екі әрпіне сөз ойлап табады. Бір қызығы балалар сөзді жасырушының не туралы айтып жатқанын біледі, бірақ ешкім оны дауыстап айтуына болмайды. «Еске түсіру» ойыны. Қатар отырған оқушылар бір-біріне теріс қарап отырады да, парталасының аты кім, көзінің түсі қандай, киімі қандай, аяқ киімі қандай, егер қыз бала болса юбкасының түсі қандай, құлағында сырғасы бар ма, осы сияқты белгілерді айтып шығады. Бұл ойын балалардың бір-бірін жақсы тануға, қарым-қатынасын реттеуге көмектеседі. Балалардың есте сақтау қабілеті, бақылағыштығы жақсарады. «Екі ассоциация» ойыны. Екі баған сызады да, оған төрт сөзден жазады. Бағанға кез келген адам, жануар, заттардың атын жазады. Осы екі жақтағы сөзді байланыстырып, ерекше бір ассоциация ойлап табуы керек. Мысалы егер бірінші бағанға мысық, екіншісіне жарық деп  жазылса, екі сөзді қосып «жарыққа жылынған мысық», «лампочка спиралы мысық мұртына ұқсайды», «лампочка сияқты» мысық томпақ және жылы», «мысықтың басы лампочка сияқты» т.б. ерекше ұқсастықтар табады. Орындауға 5 минут уақыт беріледі. Жазғандардың ішінен ең қызықты ассоциация таңдалады.«Қара жәшік» ойыны.Оқушылар екі топқа бөлінеді. Стол үстіне екі жәшік қойып, ішіне көзілдірік, түйме, гүл, желпуіш, айна т.б. заттарды салады. Ойыншының міндеті жәшік ішіндегі затты өмірде қай кезде, қалай қолданатынын сипаттап айтуы керек. Қарсы топ оларды жасырып отырған затын айтқан сөздеріне қарап табуы керек «Жолға шығу» ойыны. Ойын айналадағы заттарға талдау жасауға мүмкіндік береді. Жолға шыққан жолаушы қандай заттарды алады? деген сұрақ қойылады.Бір топ керекті заттар тізімін айтады, екінші топ ол заттар не үшін қажет екенін айтып беруі керек.«Кемпірқосақ» ойыны. Бір минут ішінде түстері әртүрлі бес түсті затты ретімен тез айтып шығуға тапсырма береді. Мысалы: қарбыз (қызыл), лимон (сары), аспан (көк), жапырақ (жасыл), топырақ (қоңыр). Кімде-кім түске сәйкес заттың атын таппай қалса, ойыннан шығады.

Қорыта айтқанда, бағдарламаға сәйкес алынған тәсілдерді сабақта тиімді қолданысқа енгізсеңіз, баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді, оқушылар оқудың қызықты жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды. Білім беру мазмұнын жаңарту аясында өз кәсіби біліктілігімізді шыңдап, құзыреттілігімізді қалыптастырсақ қана тиімді нәтижеге жетеміз деп сеніммен айта аламын.

 азіргі заманда өз ойын анық айта алатын, шешен сөйлей білетін ұрпақ тәрбиелеп өсіру-бүгінгі күн ұстаздарының алдында тұрған зор міндеттердің бірі. Заманымыздың заңғар жазушысы, ғасыр ғұламасы атанған атанған М. Әуезовтің «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе-білім», — деген сөзінің маңызы ешқашан жойылмақ емес, себебі кез-келген мемлекет мәдениетінің даму деңгейін, рухани мазмұнын, интелектуалдық қуатын айқындайтын бірден бір көрсеткіш-білім берудегі жүйелілік және сапалылық.

Оқушының ой-өрісінің, сана-сезімінің жан-жақты дамуы бастауыш сыныптан басталады. Бастауыш сыныпта оқушылардың тіл орамдылығын арттырып, өмірге көз қарасын қалыптастырса, ой-өрісін кеңейтіп, сөздік қорын байытады. Балаларды жақсыға үйретіп, жаманнан жиренуге тәрбиелейді.Біздің жарқын болашағымыз – өскелең жас ұрпақтың біліктілігімен байланысты. Жас ұрпақ-өркениетті тәрбие шуағына шомылса ғана, білім нәрімен сусындаса ғана мемлекетіміздің көсегесі көгереді, егеменді ел баянды болады. Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ екені ақиқат. Қазіргі таңда оқыту мен білім беру саласы оқушылардың жеке басын дамыту мен сапалы білім беру мақсатында оқытудың жаңа мазмұнын , тиімді әдістерін үнемі іздестіруді талап етіп отыр.

Осыған орай оқушының бойындағы барлық сапаны, дағдыны, қабілетті, білім мен біліктілікті тұтас сәйкестікте дамытуға бағытталған білім жүйесін қалыптастыру қолға алынуда. Жан-жақты білімді, өз ойын ашық айтатын, сөйлеу мәдениеті жоғары «жеке тұлғаны» бастауыш сыныптан бастап дайындауға ерекше көңіл бөлінуде.

Бастауыш сынып жасындағы балалардың сөздік қорын байытып, тілін дамыту әдістемесі оқушының тұлғалық ерекшелігін дамытуда ерекше орын алады. Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын дамытып, сөз мәдениетін қалыптастыру жұмысы жүйесіз, негізсіз, бағытсыз кездейсоқ іске асырылмайды. Бастауыш сынып кезеңі — баланың қалыптасатын кезеңі. Олай болса, тіл тазалығы, ой дәлдігінің атадан балаға мирас болып келетінінің бірі. Сөздік қор әдетте 5 жастан  бастап барынша молаяды. Бала тілінде синоним, антоним, бейнелеуіш сөздер пайда болады да еш қиындықсыз зат есімдерге жұрнақтар қосып, сөздерді түрлендіре айта алады. Кішкентайынан сөздік қорын байыту үшін сұраққа толық жауап беріп, қате айтса, жіберген қателерін қайтып қайталамайтындай етіп түзетіп отыру. Ертегі, әңгіме, өтірік өлеңдер шығаруларын қолдау.Өтірік өлең, жаңылтпаш баланың тілін сындыруға, дыбыстарды дұрыс айтуға мәжбүрлейді, кейіннен 2,3 сыныпта баланың тілі , сөздік қоры жақсы дамиды.

Тіл- тәрбиенің басты тірегі. Қазіргі заман талабына сай ұл мен қыз өсіру, оларға білім беру- әр ұстаздың басты мақсаты. Ана тілі арқылы жас жеткіншектерді халқымыздың озық ойымен, әдебиетімен, мәдениетімен, тіршілігімен таныстырамыз. Осының бәрін біліп қана қоймай, бала оны жеткізе де білуі керек. Сондықтан әр сабағымда бала тілін дамытып, сөздік қорын байытуға әр түрлі тәсілдерді қолданамын.

Оқулықтарында берілген тапсырмаларынан басқа қосымша тапсырмалар қолданылады. Мысалы бейнесөз шешу, мәтінді аяқтау, «Мақалды тауып оқы», «Керекті сөзді тап», «Қандай әріпті жоғалттым» және тағы басқалары. Заттың атын білдіретін сөздерді өткенде «Кім тез табады?» ойыны сабақ соңында ойналады. Берілген шашыранды әріптерден атақты адамдардың есімдерін құрастыру.

Тіл байлығын дамытуда қиял, ұшқыр ой қалыптастыру қажет. Мұнда оқушыға ертегі,әңгімені жалғастырып айту және аяқтау тапсырылады. Оқушы қиялға ерік бере отырып оқиғаны жалғастыра отырып шығармашылық жұмыс істейді. Өз бетінше іздену-шығармашылық және өз ойын жеткізе алудың көзі. Берілген тапсырманы түрлендіру бойынша жұмыс түрлерін, мысалы мәтінді өңдеу, диалог құрастыру, өз ойынан өлең, ертегі, әңгіме құрастыру да оқушының ойы арқылы тілін дамыта түседі.

Мақал –мәтелдер мен тұрақты тіркестерді ұдайы үйретіп отыру-мұғалімнің күнделікті жұмысының бір түрі. Үйренгендерін ұмытып қалмау үшін оны сөздік дәптеріне жаздырып, әр тоқсанда соларды көбейту кестесі тәрізді жатқа жаздырып, бақылау жұмыстарын алуға болады.

Оқушының оқыған әңгіме ертегісіне сараптаудың жолдары:

-түсінгенін әңгімелеу

-сұрақтарға жауап беру

-кейбір үзінділерді жатқа айтқызу

-оқыған шығармасы бойнша таныс емес сөздерді сөздік дәптерге жазып отыру

-кейіпкерлер іс-әрекетіне баға беру

әңгімелердің ұқсастығын салыстыру

ең соңында сол шығармаға ұқсас әңгіме жаздыру.

Бала – біздің болашағымыз. Болашақ ұрпаққа заман талабына сай білім беру талап етіледі. Бұл мақсат орындалу үшін бағдарламадан тыс қосымша тапсырмалар беру абзал. Алғашқы күннен бастап тілін дамыту үшін өлең, жаңылтпаш т.б.тапсырмаларды ата — ананың көмегімен жаттау қолға алынғаны дұрыс. Сюжетті суреттер бойынша сұрақтар жауап арқылы әңгімелеу, өз отбасы туралы әңгіме құрастыру, осы тақырып бойынша дайын мәтіндерді оқып беріп, суретін көрсету.Баланы өз ойын анық айтып, дұрыс сөйлеуге үйрету. Тереңдетіп оқыту арқылы сөздік қорын байыту үшін, әр оқушының сөйлеу деңгейін, ойлау қабілетін, шығармашылығын зерттеуді қажет етеді. Бұл тұста оқушылардың жазу сауатын да есепке алу керек.Тек диктант түрлері грамматикалық ережелерді әр оқушының қалай меңгергендігін және жазу сауатының қандай дәрежеде екендігін байқатады.Әр сабақтың тақырыбына байланысты диктант түрлері жүргізіледі. Диктанттардың ең күрделісі – шығармашылық диктант. Бұл оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын, білім деңгейі мен өздігінен жұмыс істеудегі шеберліктерін арттырады.Оқушылардың ойын жазуға үйрететін тағы бір әдіс — «Өз ұйқасын тап», «Әңгімені ары қарай жалғастыр» деген тапсырмалардың әсері зор.

Бұл тапсырмалар баланың ойлауына, ойлау қабілетінің артуына, сөздік қорының байуына, шығармашылығына жол ашары анық.

Тіл дамытудың басты құралы сөздік қорға жатады.Оқушының сөздік қорының неғұрлым көп болуы және оны тиімді қолдана білуі жүйелі еңбекті қажет етеді.Тіл дамыту жұмыстарында басшылыққа алатын басты мәселелердің бірі-оқушылардың сөздік қорды,ауызекі сөйлеу тілін тиімді ережеге сәйкес құра білуінде жатыр. «Тіл мәдениетінің жоғары деңгейі ол тіл арқылы өз ойын дұрыс,дәл және мәнерлі жеткізе алады».
Тіл дамытудағы тиімді тәсілдердің бірі – шығармашылық тапсырмалар.Шығармашылықтың түрі әр алуан,мәні біреу – ол жаңа мазмұн жасау.Шығармашылық жұмыстарды орындау арқылы әрбір бала өзінің таланттылығын,қабілеттілігін,бейімділігін көрсете алады.
Қорыта айтқанда,оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты түрлендіре жүргізілетін жұмыс – оқушылардың жүйелі ойлау қабілетін тудырып,шығармашылық ізденіске бейімделушілігін молайтады,тіл байлығын арттырады. Тіл дамыту жұмыстарында дамыта оқыту жүйесі іске асып әр оқушы өз бетінше жұмыс істеуге қалыптасады.Бала жұмысына сын көзбен қарап, бағалауға,ойын еркін,дұрыс, ашық айта білуге үйренеді.Оқушыға берілген тапсырманы біртіндеп күрделендіре түсіп, шәкірт бойындағы шығармашыл ізденісті тереңдете түсу менің және барлық ұстаздар қауымының негізгі мақсаттарының бірі болмақ деп есептеймін.

 




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!