2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАРЫ
«Ustaz tilegi» - Республикалық кәсіби педагогтар қауымдастығына қосылып, сайттағы 381 569 материалды тегін жүктеп алу мүмкіндігіне ие болыңыз
Толығырақ

БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАРЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада кәсіби – педагогикалық шеберлік мазмұны бастауыш сынып мұғалімдерінің педагогикалық іс-әрекетіне қойылатын жаңа тұжырымдаманың талаптары тұрғысынан қарастырылады.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАРЫ

Еркингалиева Гулим Жасуланкызы, Бастауыш сынып мұғалімі.

13 жалпы орта білім беретін мектебі.Орал қ.

Мақалада кәсіби – педагогикалық шеберлік мазмұны бастауыш сынып мұғалімдерінің педагогикалық іс-әрекетіне қойылатын жаңа тұжырымдаманың талаптары тұрғысынан қарастырылады.

Кілт сөздер: кәсіби педагогика, шеберлік, іс-әрекет, жаңа тұжырымдама.

Елбасы атап көрсеткендей, «Тек жоғары сауатты, дарынды, дана әрі отансүйгіш мұғалім ғана лайықты ұрпақ тәрбиелеп шыға алады. Бүгінде, мұғалім балаларға білімдер жиынтығын беріп қана қоймай, сонымен бірге, ең бастысы – оларды өмір бойы үйренуге үйретулері керек» .

Бүгінгі таңда барша ұстаздарды қатты толғандырып отырған мәселелердің бірі – болашақ мұғалімді балаларды өзіне үйренуге, одан кейін үйретуге үйрету. Сол себепті жоғары оқу орындарындағы оқу-тәрбие ісін ұйымдастыруда, жүзеге асыруда, оның қыры мен сырын әрбір студентке олардың өздеріне тән ерекшеліктерін ескере отыра жеткізіп, иландырып, сіңіруде қолданылатын инновациялар мен соңғы технологиялардың пәрменін осы міндеттерді ойдағыдай орындау ісіне пайдалануға тырысу қажет.

Педагогикалық теориялар мен тұжырымдамаларға сүйене отырып, «Жас бастауыш сынып мұғалімінің дидактикалық құзыреттілігі - оның бастауышта оқытылатын барлық пәннің ғылыми негіздерін, мазмұнын, оларды оқытудың ортақ және кейбір пәндердің жеке ерекшелігіне байланысты әдістемелерін, оқытуда қолданылатын технологияларды толық меңгеруімен, сабақ үдерісінде дидактикалық талаптарды (оқытудың ұстанымдары мен заңдылықтарын, оқыту формаларын, құралдарын, нәтижені бағалау әдістерін т.б.) жүзеге асыруға қажетті білім, білік, қабілет, дағдысы және тәжірибесінің болуымен анықталатын кәсіби сапасы» болып табылады .

Психологтар да, педагогтар да адамның рухани интеллектуалдық, кәсіби шығармашылықпен өзін-өзі дамытуы өмірінің әр кезеңінде әр қалай деп көрсетеді. Осы тұрғыдан алып қарағанда педагогикалық шеберлік- кәсіби әрекетті жоғары деңгейге көтеретін мұғалімнің жеке қасиеттерінің, оның білімі мен білігінің жүйесі .

Білім беру үдерісінде ақпараттық-компьютерлік технологияларды қолдануға бастауыш сынып мұғалімдерін дайындау тұжырымдамасын жүзеге асыру - ұзақ, әрі күрделі үдеріс және ол келесі кезеңдерден тұрады :

1) оқыту үдерісінде қолданылатын компьютерлік құралдарын игеру; білім беру мазмұнында оқу жұмысын ұйымдастыру түрі мен жаңа әдістерін игеру туралы жұмыстар жүргізу;

2) дәстүрлі оқу пәндерін оқытуда ақпараттық технология құралдарын белсенді түрде оқу үдерісіне енгізу; осының негізінде педагогтың оқу

жұмысының жаңа әдістері мен ұйымдастыру түрін жалпылама игеру; білім беру мазмұнын, оқу-тәрбие жұмысы әдістері мен дәстүрлі формасын түбегейлі қайта қарастыру, оны оқу-тәрбие үдерісінде практикалық жүзеге асыру;

3) үздіксіз білім беру мазмұнын оның барлық деңгейінде түбегейлі қайта құру; ақпараттық технология құралдарын қолдануға сәйкес келетін оқытудың әдістемесін толықтыру.

Ендеше бастауыш сынып мұғалім ізденімпаз, өзіне-өзі талап қоя білетін, кәсіби-құзырлық және шеберлік деңгейі жоғары, рухы биік, даралық сапалары жетілген, шығар тауы биік маман болуы қажет. Бүгінгі мұғалім биік білім мен ақпаратты тасымалдаушы ғана емес, ол тәуелсіз Қазақстанның білім жүйесін әлемдік деңгейге бағыттау мақсаты туындап жатқан қазіргі таңда педагогтік мамандыққа қойылатын талаптарға жауап бере алатын, білім мен іс-әрекеттің ұйымдастыру іскерлігі жоғары деңгейін көтеруі қажет.

Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады .

Қазіргі таңда жас бастауыш сынып мұғалімі «дайын» білім көзі ғана болмай, керісінше бастауыш мектеп оқушысының танымдық іс-әрекетін ұйымдастырушы және үйлестіруші бола білуі, білімнің құндылық ретінде сипатынан терең мән бере білуі, нәтижеге бағдарланған білім сапасын арттыруға жаңашыл жолдар мен әдістер табуға дағдылану .

Жаңа тұрпатты мұғалімнің әрбір сабағы-негізгі кеңістік, одан мұғалімнің барлық әрекеті көрінеді. Демек жас бастауыш сынып мұғалімі кез келген өзгерістерге бейім, оқу - тәрбие үрдісіне инновациялық технологияны тиімді енгізе алатын, қажетті өзгертулерді, түзетулерді жасай алатын, өз білімін толықтырып отыратын ұдайы ізденіс үстіндегі инновациялық-технологиялық іс-әрекетті меңгерген маман болуы тиіс.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Игілікова Ә. Жаңа тұрпатты бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін жетілдірудің дидактикалық мүмкіндіктері. Дип. жұмысы. 2013ж.

2. Сабыров Т.С. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары. – Алматы: Мектеп, 1978.

3. Ибраймова Г.Ж. Жаңа тұрпатты мұғалімді қалыптастыру мен дамыту арқылы шығармашыл тұлғаны қалыптастыру. //«12 жылдық білім беруге көшу жағдайында мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық дайындаудың нормативті қамтамасыз етілуі» атты Республикалық семинардың материалдары.Тараз: 2009ж.-169-173 б.



28 Ақпан 2024
320
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі