Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби дамуындағы,
жаңартылған бағдарламаның енуі
Ұстаз – ұлағатты сөз, ұстаз үнемі ізденіс үстінде болатын шығармашыл адам. Қазіргі жаһандану заманында мұғалім білімді де білікті маман, оқушыларды еліктіре алатын жан-жақты тұлға болып, оқушының сенімінен шыға білуі қажет.
Әлемдегі барлық адамдардың ішінен – мұғалімдер ғана үзіліссіз оқудың бағасын түсінеді. Оқу бір жерде тұрмайтынын, өзгерістің болмауы өсудің тоқтағанын білдіретінін түсінгендіктен өзгеру қажеттілігі туындайды.
Андреас Шлейхердің айтуынша : « Адамзатқа және қоғамға орасан зор проблема әкелетін жаһандану мен жаңғыртудың әсерінен айналадағы әлем түбегейлі өзгеріске ұшырауда. Мектептер оқушыларды түрлі мәдениет өкілдерімен әріптестік қарым-қатынас жасауды, алуан түрлі идеяларды, көзқарастар мен құндылықтарды ескеруді, адамдар өздерінің алуан түрлілігіне қарамастан, технологиялардың көмегімен кеңістік пен уақыт кедергілерін жеңе отырып, бір-біріне сенім білдіруін және әріптестікте жұмыс істеуін қажет ететін әлемде, адамдардың өмірі ұлттың шекаралар аумағынан тыс мәселелерге байланысты болатын әлемде өмір сүруге дайындалуы керек. Жиырма бірінші ғасырдың мектептері оқушыларды өмірде, жұмыста және азаматтық ұстанымында өзгелермен ынтымақтастықта өмір сүруге дайындай отырып, ұлттық және жаһандық пікір алуандығының шынайылығын ұғына отырып, өзіндік дербестігі мен ерекшелігін дамытуға көмектесу керек».
Бастауыш білім беру мақсты – білімдерді функционалдық және шығармашылық қолдану, сыни ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-коммуникативтік дағдыларды пайдалану, топта және жеке жұмыс істеу ептілігі, проблемаларды шешу және шешімдер қабылдау оқушы тұлғасының үйлесімді қалыптасуы мен даму үшін қолайлы білім беру кеңістігін құру.
Қазіргі бастауыш сынып мұғалімі осы аталған мақсаттар бойынша, жаңартылған бағдарламамен жұмыс жасау керек. Бұл жаңартылған бағдарламаның тиімділігі - әр пәнде барлық оқушы критерийлер арқылы бағаланып отырады.
Критериалды бағалау – бұл үдеріс, берілген жүйе бойынша оқушының оқу жетістігін алдын-ала барлық қатысушыларға белгілі,ол оқушы, мектеп әкімшілігі, ата-анасына және заң өкілдеріне анықталған, ұжымдасып жасалған критерийлермен салыстыруға негізделген. Бұл бағалау жүйесі ең алғаш оқушыларды жақсы оқуға жетелеп , оның өсу қарқыны мен біліміндегі ақауларды анықтауға бағытталған.
Критериалды бағалау жүйесі :
-
Қалыптастырушы бағалау.
-
Жиынтық бағалау.
Осы бағалау жүйесі – критерийлер арқылы жүзеге асады. Критерийлер – талапқа сәйкес бір нәрсені бағалауды қабылданатын ережелер немесе белгі, негіздеме. Критерийлер оқу тапсырмасының дұрыс орындалу жолдарының айқын , нақты көрсетілген көрсеткіштерінен тұрады. Көрсеткіш бойынша бағалау- оқушының белгіленген мақсатқа жеткен дәрежесін анықтау болып келеді.
Мысалы, «Э дыбысы мен әрпі» тақырыбын алатын болсам, ондағы бағалау критерийлерін мен былай алдым:
-
Э дыбысынан келетін сөздерді біледі және сипаттайды;
-
Сөздерге дыбыстық талдау жасайды. Осы критерийлер арқылы оқушы мақсатқа жеткен жетпегенін анықтадым.
Әр берілген критерийлерге, дескрипторлар қойылады. Дескриптор – оқушының ең жақсы нәтижеге жетудегі әрбір қадамын сипаттайтын нақты бір ұпай бойынша жетістік деңгейі, әрбір деңгей белгілі ұпай санымен бағаланады: жетістік жоғары болған сайын – сол критерий бойынша ұпай да көп болады.
Мысалы, «Эдыбысы мен әрпі» тақырыбында әр тапсырмаға дескрипторлар құрастырдым:
- мақал-мәтелдерді аяқтайды;
- техника қауіпсіздік ережелерін біледі;
- жұмбақтарды шешеді;
- Э дыбысының жазылуын біледі;
- Э дыбысының дыбысталуын айтады;
- Э дыбысынан келетін сөздерді атайды.
- Э дыбысынан келетін сөздерді қатесіз оқиды;
- Э дыбысын сауатты жазады;
- Берілген сөздерге дыбыстық талдау жасайды;
- шашылған буындардан сөздер құрастырады;
- шыққан сөздерді сипаттайды;
Осы дескриптор арқылы топтағы оқушылар өз-өздерін бағалап отырды.
Қалыптастырушы бағалау – сабақта немесе үйде күнделікті жұмыс үрдісінде білімі мен дағдысының ағымдағы дәрежесін анықтау, оқу үрдісінде оқушы мен мұғалім арасындағы байланысты жандандыру.
Өз сабақтарымда іс-тәжірибе кезеңінде, оқушы мен мұғалімнің арасындағы қарым-қатынас, оқушы мен оқушының арасындағы қарым – қатынаста еркін ойын жеткізу, өз пікірін ортаға салу, өзгенің жұмысына баға беру, өзін-өзі бағалау, т.с.с. қабілеттеріне қарай оқушылардың белсенділігін арттыру мен үшін бір үлкен еңбекті қажет ететінін түсіндім. Менің тек оқушылардың оқу үлгерімін ғана емес, оның берілген мәтіндерді түсініп оқуына, терең игеруіне ықпал еткім келеді. Оқушылардың сабағымда өз түсінігі мен пікірі қалыптасатындай етіп білімді игеріп, оны өмірде қалай қолдануға болатынын үйренгенін қалаймын. Әр сабақ сайын топқа бөлініп, топ ішінде көшбасшы сайлап үйренді. Топтың бір пайдасы, барлық оқушылар белсене қатысып отырады, және өз ойларын қағаз бетіне түсіріп үйренеді . Сол күнгі сабақ олардың естерінде қалады. Жасалған постерлерді қабырғаға ілеміз. Әр сабаққа қалыптастырушы бағалауды кіргіземіз. Қалыптастырушы бағалау әртүрлі формада іске асырылады. Мен өз сабақтарымда ауызша сұрау, жазбаша, практикалық жұмыстар, мадақтау, ынталандыру т.б. формада іске асырамын. Оқушыға оқу барысында кеткен кемшіліктерін түзетуге, қайта қарауға мүмкіндік береді. Қалыптастырушы бағалауды түзетуге болады. Күнделікті тәжірибемде оқушылардың ілгерілеуін, меңгеру деңгейін өлшеу үшін қалыптастырушы бағалаудың түрлі әдістерін қолданамын. «Бағдаршам», «Себеттер», «Керуен», «Білім ағашы», «Еркін микрофон», «Ақылды үкі», т.б.
Қалыптастырушы бағалау оқытудың ажырамас бір бөлігі болуы тиіс, ол қосымша жаттығу немесе тестілеу жұмысы ретінде қарастырылмайды.
Мұғалімнің әрекетіндегі қалыптастырушы бағалау үдерісі келесі кезеңдерді жүзеге асыруды талап етеді.
-
Қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру және жоспарлау
-
Қалыптастырушы бағалау әдістерін таңдау.
-
Қалыптастырушыф бағалау нәтижелерін талдау.
-
Кері байланыс беру.
Мұғалім , өз оқушыларының жеке ерекшеліктерін ескере отырып , тапсырмаларды құрастырады немесе іріктеп алады. Бағалау кезінде мұғалімнің шешімі анық болу үшін тапсырмалардың дескрипторлары дәл нақты болуы қажет. Бұдан басқа дескрипторлар оқушыға тапсырманы орындаудың қай кезеңінде қиындық туғызғанын анықтауға мүмкіндік береді.
Қалыптастырушы бағалаудың әдістерін оқу әрекеттерін ұйымдастырудың әр кезеңінде, тақырыпты түсіндіру, тапсырма орындау, оқушыларға кері байланыс беру кезінде қолдануға болады. Қалыптастырушы бағалаудың әдістерін жеке, жұптық және топтық жұмыстарды ұйымдастыру кезінде де қолдануға болады.
Мысалы, жаңа тақырыпта оқушы сабақтың мақсатына жетпеген болса, келесі күні мұғалім өткен сабақтың мақсатына жеткізу үшін тапсырмалар орындатып, бағаларын түзетуге болады. Қалыптастырушы бағалау жиынтық бағалауға дейін алынады. Сол жіберген қателіктерді түзету арқылы, сабақтың мақсатына жеткізу керек.
Жиынтық бағалау – белгілі бір мерзімдегі, тоқсан, жартыжылдық, жылдық оқу жетістігінің деңгейін анықтау үшін орындалатын оқушының жұмысы. Жиынтық бағалауда тест, сынақ, бақылау жұмысы және т.б. жұмыстар алуға болады. Жиынтық жұмысқа қойылған баға белгілі бір есепті мерзімді, тоқсан, жартыжылдық, жылдық қорытындылауды анықтайтын баға болып табылады. Әр бөлім аяқталғанда сын жұмыстарын аламыз. Сол сын жұмысына байланысты, алған баллдарын айтып, кері байланыс жасайды.
Кері байланыс сабақтың әр кезеңінде қолданылады, мұғалімнің оқушылармен үздіксіз өзара әрекет етуін жүзеге асыруға, нәтижесінде оқу үдерісін түзетіп, сабақты әрі қарай жоспарлауға мүмкіндік береді. Алдымен біреудің әрекеті мен жасаған ісін мақтаймыз, оның жағымды және тиімді жақтарын атап көрсетеміз, содан соң бұл жұмысты қалай жақсартуға болатындығы туралы ұсыныс айтамыз, бағыт-бағдар сілтейміз.
Мысалы: «Э дыбысы мен әрпі» тақырыбында оқушыларды қол шапалақтау және смайликтер арқылы ынталандырылып отырды.
Кері байланыс (ағылш. feedback) –
адамның өзі куә болған оқиғаға немесе басқалардың әрекетіне
айтылған пікірі, реакциясы. «Сырт көз сыншы» дегендей, мұндай сырт
пікірдің өз әрекеттерін реттеуге, жақсартуға тигізетін септігі өте
жоғары. Сол себепті бүгінде кері байланыс үйренудің (білім алу
жүйесінің) маңызды ұғымы деп есептелінеді. Кері байланыс арқылы
алынатын мәліметтер әсіресе өз біліміне түзету мен өзгертулер
енгізу ісінде өте құнды болып табылады.
Негізінен кері байланыстың үш незізгі қызметін ажыратуға болады:
әрекеттерді түзету мен реттеу, тұлға аралық қатынастарды реттеу,
өзін-өзі тану құралы. Сондықтан оның мазмұны жағымды, позитивті
болу керек. Кері байланыстың негізгі идеясы жасаған істі бағалау
емес ( оның жақсы не жаман жасалынғандығын анықтау), керісінше, не
жасалуы керектігін көрсету. Сонымен, кері байланыс оқу/оқыту мен
үйренудің / үйретудің қалай жүріп жатқандығын, оның сапасын анықтау
мүмкіндігін береді.
Кері байланысты ұсынғанда мынандай ережелерді ұстанған дұрыс:
Позитивті болу. Талданып жатқан әрекеттің жағымды, ұтымды жақтарын көруді ұмтылу қажет. Тіпті адамның мақтайтындай қасиеті болмаса, онда оның ниеті мен ынтасын жағымды деп тану керек. Ұсыныс жасағанда жұмысты жақсартатын мәселелерге тоқтаған дұрыс. Әңгімені өзгені жақтыру және сыйлау тұрғысынан жүргізу керек.
Бағалаушы болмау.
«Адамның
басқа адамдардан айырмашылығы – оларға ұқсамайтындығында» деген
қағиданы ұстанған орынды, яғни біз басқалардан артық та, кем де
емеспіз, тек өзгешеміз. Кері байланыста сол себепті өзімізді жоғары
да, төмен де қоймау керек, тек өз ойымыз бен түсінігімізді келтіру
қажет. Кеңес бермеу, үйретпеу, тек ұсыныс жасау. Адам біреуге кеңес
бергенді ұнатады да, алайда өзіне ақыл айтқанды ұнатпайтындығын
ұмытпау керек. Осыны есте сақтай отырып, ақылгөйсінбей, «Мынаны
жасау керек!», «Олай ету қажет!» немесе «Мен Сіздің орныңызда былай
жасар едім!» деген сөздерді айтпай, өзіміздің пікірімізді
келтірейік, ал оны қабылдау не қабылдамау – кері байланысты алушы
адамның құзыры. Мұнда кері байланыс берушінің сөйлеу интонациясы
сұраулы, ал ең жиі қайталайтын сөзі «мүмкін» болуы керек болар,
яғни ол ылғи да кері байланыс алушының пікірін сұрап, онымен
ақылдасып тұрғандай болады: « Мүмкін былай жасау керек
шығар?»
Мен кері байланыс беру
кезінде мынаны ескруге тырысамын :
-
Оқушылардың жақсы жақтарын ескеру;
-
Тапсырманың дұрыс орындалғанын нақты түсіндірмей тұрып, « олай емес», «дұрыс емес» деген сөздерді қолданбау;
-
Оқушылардың жұмысын жетілдіру немесе кемшілік тұстарын жөндеудің жолдарына ұсыныс беру;
-
Кері әсер ететін сөздерді, оқушыларды кекету, келемеждеуге қатысты, мысалы, «орынсыз жауап», «осыны ойлауға қалай ақылың жетті» деген сияқты сөздерді мүлдем қолданбауға тырысамын.
Жиынтық бағалау бойынша әдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалар үлгілеріне рубрикалар құрастырылып, ұсынылған.
Рубрика әр бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау рәсімдеріне құрастырады, әр критерий аясындағы оқу жетістігінің деңгейлерін көрсетеді. Бөлім, ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың қорытындысы туралы ата-аналарға арналған ақпарат (рубрикалар) беріледі. Ата-аналар осы рубрикалар арқылы баласы немесе қызы, жиынтық бағалауды қалай тапсырғандығы жөнінде, мұғалімнің пікірін оқиды. Оқушының оқу деңгейін біледі.
Осы кері байланыс жасау арқылы мұғалім сабағына рефлексия жазады.
«Рефлексия» сөзі латын тіліндегі «reflexio» – «артқа қарау»
деген ұғымынан туындайды. Джон Дьюи рефлексиялық ойлауды былай
сипаттайды: «Қандай да болмасын бір пікірді не білімнің ықтимал
көрінісін олардың негіздерін ескере отырып белсенді түрде, толассыз
және мұқият қарастыру, осының салдарынан туындаған қорытындаларды
талдау» (Дж.Дьюи, 1997, 15).
Жалпы алғанда рефлексия зерттеу секілді: адам мұнда өзінің ішкі
дүниесін жан-жақты қарастырады, яғни өзін өзі зерттейді. Бұл
зерттеудің басты тақырыбы адамның өзі болып табылады. Осы тұрғыдан
алғанда рефлексия адамның өзінің ішкі ахуалы мен өзгерістерін тануы
іспеттес: адам жасап жатқан әрекеттерін бір сәтке доғарып, өзінің
ішкі жан дүниесіне үңіледі, өзімен өзі әңгімелеседі, сырласады,
әрекеттерін талдап, оларға баға береді, өзіне «сырт көзбен»
қарайды. Осыдан кейін әрекеттеріне өзгерістер енгізеді,
кемшіліктерін түзейді, оларды болдырмаудың жолдарын қарастырады,
болашақта қандай істер жасайтындығын жоспарлайды. Жалпылама
алғанда, рефлексияның қадамдары мынандай болуы ықтимал: 1) Аялдама
жасау (тоқтау); 2) Артқа қарау: түсіну, талдау, бағалау; 3)
Өзгерістер енгізу; 4) Болашақты жоспарлау.
Рефлексия сыни ойлау арқылы жүзеге асырылады, өйткені мұнда дайын
жауап жоқ, оны іздеу керек, іздену қажет, жобалау мен жоспарлау
керек, болжам жасап, жаңалық ашу қажет. Рефлексия күмәндану мен
терең ойлануды қажет етеді, мұнда өз әрекеттеріңді, ойларыңды,
ұстанымдарыңды жан-жақты қарастыру керек, өзіңе өзің толассыз түрде
сұрақтар қойып, оларға жауап табуға ұмтылу. Бұл туралы Дж.Дьюи
«Егер пайла болған ой лезде қабылданатын болса, онда алдымызда сыни
ойлау емес, мұнда рефлексия minimum түрінде болады» деп айтқан да,
әрі қарай рефлексияны «затты жан-жақты зерделеу, ойлану, ойды
дамытатын және оны не құптайтын, не жоққа шығаратын қосымша
деректер мен жаңа жәйттерді іздестіру» (Дж.Дьюи, 1997, 22) деп
атайды.
Рефлексия - өзіндік тәжірибе, өзін-өзі тану мен өздігімен үйрену
туралы ойлану. Ол білім алушыларға өзінің үйрену әрекеттері мен
амалдарын айқындау мен нақтылау, үйренудің мақсат-міндеттерін
тұжырымдау, үйрену нәтижелерін сараптап, ой елегінен өткізу
мүмкіндіктерін береді.
Сонымен рефлексияда адам әрекеттерін бір мезетке тоқтатып,
жан-жағына байыппен қарап, өзіне мынандай сұрақтар қояды: «Мен
кіммін? Қандаймын? Не істеп жатырмын? Осы әрекеттерімнің мақсаты
қандай? Мен қалай әрекеттенудемін? Бұл маған не береді? Мен мұны
қалай қолданамын? Маған мұны қалайша өзгертуге болады? Енді не
істеймін?» Бұл сауалдарға ол өз алдында бүкпесіз шындық тұрғысынан
адал түрде жауап береді, басқа да сұрақтарды туындатып, оларға да
жауап іздейді. Адамның өзімен өзі жасаған диалогы осылайша жалғаса
береді, тіпті үздіксіз сипат алады. Осыған байланысты үйрену
адамның өзінің жасаған әрекеттерін есіне түсіріп, оларды нақты
айқындағанда ғана іске асырылады (мән-мағынасы, қиындықтары мен
оларды шешу жолдары, түрлері, құралдары, нәтижесі, т.б.), яғни
рефлексия арқылы әрекеттердің реті мен мазмұны қарастырылып (адам
әр қадамын өлшеп-пішіп алады), проблема шешіледі де адам осындай
тұжырымдау арқылы өзіндік пікір мен ұғым қалыптастырады. Үйрену –
рефлексияның нәтижесі.
Оқушыларды әр сабақта рефлексия жасауға үйрету керек. Өйткені бала
рефлексия жасай алмаған жағдайда, яғни өз әрекеттерін түсіндіріп,
оларға талдау жасап, бағалай алмаса, онда оның берілген оқу
әрекеттерін ғана орындап, бірақ олардың өзінің дамуындағы маңызын
түсінбейтіндігі анық. Басқаша сөзбен айтқанда, рефлексия жасай
алмайтын оқушы өзінің өзгерістерін де байқамайды.
Үйренуде рефлексия сабақ соңында оқушылардың тақырыпты қандай
деңгейде игергендігін білуге бағытталатын қарапайым бекіту мен
қорытындылау емес (мәселен, «Сонымен бүгінгі сабақта біз не
өттік/білдік/қарастырдық?» секілді сұрақтар арқылы).
Рефлексияда оқушы өзінің қалай үйренгендігін (үйренудің қадамдарын,
әдіс-тәсілдерін) талдап, оларды түсінуге тырысады. Ол өзінің
атқарған әрекеттерін зерделеп, олардың берген нәтижелерін
нақтылайды, оларды қалайша жақсарту болатындығы туралы ойланады.
Мұндай зерттеу жұмысы білім алушыға жасалынған іс-әрекеттерін
талдап, оларды бағалау мүмкіндігін беріп, оны сонымен бірге
болашақтағы үйрену амалдарын жоспарлап, өз білгендерін арттыруға
ынталандырады. Мәселен, сабақтан кейін өзіңізге мынандай сұрақтар
қойып, оларға жауап іздеуге болады:
- Сабақты өткізуім өзіме ұнады ма?
- Мен сабақта нақты мақсат қойдым ба?
- Мен мақсатыма жеттім бе? Оның дәлелдері қандай болды?
- Таңдап алынған тәсілдер тақырыпты тереңінен ашуға көмектесті
ме?
- Талқылауды жандандыратын ашық сұрақтарды қойып отырдым
ба?
- Барлық оқушылар сабаққа белсенді түрде қатысты ма?
- Мен оқушыларды сабаққа белсене қатысуын ынталандыра алдым ба?
- Мен оқушылардың сабаққа белсене қатысу ынтасын бәсеңдеткен жоқпын
ба?
- Өзіне өзі сенбейтін оқушыларды қолдап отырдым ба?
- Мен зерттеу сұрақтарын қойып, жорамалдау жасауға ынталандырдым
ба?
- Менің пікірім оқушылардың пайымдауларынан үстем болған жоқ
па?
- Мен әрбір әрекеттен кейін оқушылардан кері байланыс алып отырдым
ба?
- Менің ең сәтті шыққан әрекетім қандай болды?
- Менің ең сәтсіз шыққан әрекетім қандай болды?
- Бұл сабақ бұдан да мәнді болу үшін оған қандай өзгерістер енгізе
аламын?
Рефлексияның оқу процесінде алатын орны ерекше. Өйткені үйрену
деңгейі адамның өз әрекеттерін ұйымдастыру мен өзгертулерді қалайша
ойластыра білетіндігіне байланысты.
Халқымыздың ұлы перзенті, әлемге әйгілі ғалым, көрнекті ағартушы Шоқан Уәлиханов халық кемеліне келіп дамуы үшін екі-ақ нәрсе керек деп ерекшелеп көрсеткен: оның біріншісі — азаттық, екіншісі — білім. Бүгінгі күні осы қол жетпес байлықтың екеуі де біздің қолымызда бар. Бізден ендігі күтілетін нәтиже - сол құндылықтарды мәңгілік етуге білігі мен дағдысы жетерлік ұрпақ тәрбиелеу. Үкілі үміт, асыл арман біздің келешекке деген сенімімізді арттырып, болашаққа талпындырады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби дамуындағы, жаңартылған бағдарламаның енуі

шағым қалдыра аласыз