БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС ТӘСІЛДЕР.
Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуын ықпал етіп адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп өркендеуін, өркениетті дүниеде өзіндік орын алу оның ұлттық білімін жүйесінің деңгейіне, дамыту бағытына байланысты. Біз ұстаздар қауымы қандай болмасын жаңалыққа құлақ түре жүретініміз айқын. Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігін қашан да жолға қоярымыз анық. Педагогикалық шеберлікті арттыру орталығының ұйымдастыруымен “Назарбаев зияткерлік мектебі» курсы бағдарламасын меңгеруде түйгенім: Оқушыларға қалай оқу керектігін үйрету, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел –уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни ойлай алатын, пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыру.
-Біліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі мазмұнындағы модульдер: 1 Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.
2 Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
3 Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.
4 Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.
5 Талантты және дарынды балаларды оқыту.
6 Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес білім беру және оқыту.
7 Білім берудегі басқару және көшбасшылық.
1Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер:
Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер «Диалог негізінде оқыту және оқу» және метасана немесе «Қалай оқу керектігін үйретуді» қарастырады. Білім беру әдістері ішінде ерекше орын алатыны-диалог. Диалог оқушылардың сөйлесу әрекетін, сұрақты дұрыс қоя білуде, ақпарат алмасуда, жалпы тіл үйренуде таптырмас жұмыс түрі. Әр түрлі тақырыпта диалог құрғызу мынадай нәтиже береді:
-
Сабақта белсенділік жоғарылайды;
-
Сөздерді есте сақтау қабілеті дамиды;
-
Дұрыс сөйлемдер құруға дағдыланады;
-
Оқуға қызығушылықтары артады ;
«Қалай оқу керектігін» үйретудің қозғаушы күші метатану болып табылады. Метатану индивид қалай ойлайтынын қадағалау, бағалау, бақылау және өзгерту қабілетін түсінеміз. Білім алуды үйрету өз бетімен оқуды ойластыру және ойлау нәтижелерін сабақта қолдана алу үрдісі болып табылады. Бұл үрдісінде мұғалім оқушыға:
-білім міндеті қоятын талаптардың түсінуге;
-жеке ойлау үрдісін және олардың жұмыс қағидаттарын зерттеуге;
-міндеттерді орындау стратегияларын әзірлеуге және ойластыруға;
-нақты міндет үшін сәйкес келетін стратегияларды таңдауға көмектеседі. Қазір топқа бөлу тренингтерінен басталған әр сабақ сәтті өтіп отырады және әр тренингтен кейін оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артып отырады.Бұрын оқушы жыл бойына бір оқушымен ғана (парталас көршіс бірлесіп жұмыстанатын болса,тренингтер арқылы топқа бөлген уақытта оқушылар әр сабақта орындары ауысып сыныптағы барлық оқушылармен бірлесе жұмыстануға мүмкіндік алады.
Осы топтық жұмыстар барысында оқушылар берілген тапсырмалармен жеке, жұпта және топта жұмыстана отырып, тапсырманы бірнеше қайтара ой елегінен өткізеді. Бұл берілген ақпараттың оқушы есінде ұзақ мерзімге сақталуына себепші болады.
Сонымен қатар, оқушылар жұпта және топта өзара диалогты жүзеге асырады. Диалогтік оқытуды жүзеге асыруда пікірталас, рөлдік ойын, зерттеушілік әңгіме әдістерін пайдаланамын. Сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты арқылы оқушылар тақырып бойынша өз ойларын білдіреді, басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын түсінеді, өз идеяларын дәлелдеуіне, өзгенің ойын құрметтеуге үйренеді, сонымен қатар бұл әдіс мегн үшін оқушыларымның қандай деңгейде екенін түсінуге көмектеседі.
2.Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы.
Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не?
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы бойынша ол:
-шыңдалған ойлау, кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сын көзбен қарау;
-күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешімге қабылдауға құштарлық;
-үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым.
«Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту » технологиясын қолдану төмендегі нәтиже береді:
-білім алушының белсенділігін арттыру;
-пәнге қызығушылығын ояту;
-өзіндік көзқарасын білдіруге мүмкіндік беру;
-зерттеуге икемділігін дамыту;
-сөйлесім әрекеті белсенділігін арттыру;
-білім алушылар бір-бірімен қарым-қатынас жасай біледі;
-басқаларды тыңдауды, кез келген жауапқа сыйластық, түсіністікпен қарауға.
Жалпы, сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді болады, олар сұрақтар қойып дәлелдерді талдайды. «Сын тұғысынан ойлау - сынау емес, шыңдалған ойлау». Өз сабақтарымда сыни ойлауға бағытталған түрлі тапсырмалар арқылы тек ересектер емес, әр жастағы балалардың да бұл жұмысы дұрыс ұйымдастырылған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып белгілі бір жетістіктерге жететіне көз жеткіздім.
3.Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау
Бағалау- оқыту нәтижесін анықтау үшін қолданылатын тәсіл, оқушының берілген тақырыпты меңгерудегі кемшіліктерін жоюда, оның үлгерімінің нәтижелі болуына ықпал ететін фактор, мектеп тәжірибесіндегі бағалау баға қоюмен ғана шектелетін тәсіл емес, ол материалды меңгеру, меңгерумен фактісімен қатар оның себептерін анықтауға мүмкіндік беретін оқытудың маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Бағалау оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау деп екіге бөлінеді. Формативті бағалау әр сабақта жүзеге асатын үрдіс. Формативті бағалау сабақ барысындағы барлық іс-әрекет бойынша оқушының білім, білік деңгейіне қоса дербес ойлауы, түсінігі, тіпті тәртібі т.б.бағалау оқушының белгілі бір кезеңдегі бақылаулар, білімді тексеру тестісі кезінде көрінетін білім деңгейінің өлшемі.
Жалпы, бағалаудың барлық түрлері төмендегілерді қамтиды:
-
Бағалау.
-
Алынған мәліметтердің интерпретациясы.
-
Бұдан арғы іс-әрекетті анықтау үшін қолданылуы мүмкін шешімдерді қорытындылау.
Оқушылар өз алдына мақсат қойып, алдын –ала берілген бағалау өлшемдеріне сәйкес жұмыстануға жоғары баллға, қол жеткізуге тырысады. Алдына мақсат қоя білген адам соған ұмтылумен, үздіксіз жұмыстанумен болады. Бұрын әр сабақта 7-8 оқушыны бағалау мүмкіндігі болса, мұндай бағалау түрлері сыныпта 100%бағалауға мүмкіндік береді.
Тәжірбиеде өлшемдік бағамен қатар оқушы жетістігін мадақтап отырудың ерекше екенін түсіндім.«Дұрыс емес» сөзінің оқушы ынтасын қаншалықты төмендететіні туралы бұрын ойланып көрмеппін.Қазір бұл сөзді «Жарайсың», «Бағытың дұрыс», «тағы да ойланып көр» сияқты сенім білдіру, ынталандыру, қолдау көрсету сөздерімен алмастырғанда балалардың есімі артып,өзгелерді таңдай отырып, өз ойларын толықтыруға талпынысы байқалады. Мұндай әдістер, әсіресе, табиғатынан тұйық, өз ойын түсіндіруге шалағай, талданған мәселелерден, баяндалған тақырып мазмұнынан тиімді байлам, түйін жасауда жасқаншақтың байқататын оқушыларға пайдасы ұшан-теңіз деп ойлаймын.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияның тиімділігі келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскерлігі мен шығармашылығын еркін дамытуға жол ашатын педагогикалық-психологиялық жағдай жасауында.
Сондай-ақ, интерактивті тақта арқылы әр түрлі грамматикалық тапсырмаларды орындау, мәтіндерімен, жаңа сөздермен түрлі жұмыстар жүргізуде, сөздерге талдау жасауға, уақытты үнемді пайдалануға, оқушылардың ынтасын арыттыруға қажетті әрі пайдалы құрал. Әр түрлі тест тапсырмаларын жүргізіп, оқушылардың білім сапасын бақылауда компьютерлік технологияның үлесі зор. Қазіргі кезде қоғам ақпараттануы және компьютерлік техника құралдарының кеңінен таралуы білім берудің мазмұнына ғана үлкен әсерін тигізіп қоймай, оқу тәрбие үрдісінің әдістеріне ықпал етуде. Өз сабақтарында интерактивтік тақта мүмкіндіктері активойт арқлы тестілеу электрондық оқулықпен жұмысты жиі қолданамын, бұл әдістер мен үшін асқан жаңалық болғанымен осы курс барысында Wiki (войки ) беттерін voci.com (воки ком) сайты мүмкіндіктерін тиімді қолдану ақпаратты іріктеу жолдарын өзім үйреніп қоймай, оқушыларыма да үйрертудемін.

Дарындылық- адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет. Көбінесе «дарынды оқушы-бұл жақсы оқитын оқушы» деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологі П.Торранстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғызатын қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар ұнамайды. П.Торранстың зерттеулері нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігі айқындаған. Сондықтан мұғалімдер осы зерттеулердің нәтижесін есте ұстағаны жөн.
Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілеті іске асыруға дайындығы қалыптастыру. Ал мақсатқа жету-оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.
«...Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Олар дарынның табиғи құбылысына терең бойлай алмай,тұлпарды есекке айналдырып құртып тынады». Плутарх міне, ұстаз осындай келеңсіздікке жол бермеуі керек. Біз бұрын да қабілетті балалармен жұмыс жүргізіп келсек, осы курс аясында қабілетті балалармен жұмыстың жаңа тәсілдерін меңгердік. Өз тәжірибемде қабілетті балаларға шағын жобалар қорғау, жаңа тақырыпқа байланысты презентациялар құру мен таныстырылым жасау, Блум өлшемдері бойынша жоғары деңгейлі сұрақтармен көбірек жұмыстандыру әдістерін қолданамын. Нәтиже бар. Оқушылардың өздеріне берілген тапсырмаларға жақсы дайындалатын соншалық, сыныптағы өзге оқушылардың да қызығушылығы оянып, осы сынды тапсырмалардың орындауға деген сұраныс көбеюде. Оқушылар мұғалім көмегінсіз жоғары деңгейлі сұрақтарды құру мен ойлана жауап беруге үйренді.
6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту .
Еш нәрсеге бейімділігі жоқ, қабілетсіз бала болмайтыны педагогикада дәлелденген.
Мысалы, төрт жасар балалар көп сұрақ қояды және «қайда», «не», «кім», «неге», «қашан» сияқты көптеген сұрақтар пайдаланады. Олар бес сөзден тұратын сөйлемді пайдалана алады және олардың 1500 сөзден тұратын сөздік қоры бар. Бес жасар балалар бағыныңқы бөліктері бар алты сөзден сөйлем құрай алады және 2000 сөз пайдаланады... бірінші сынып оқушылары 6000 сөзге дейін пайдаланады, ал ересектер 25000сөз пайдаланады және 50 000 сөз біледі. Жалпы шәкірт бойына білім нәрін сіңіруде ең бастысы оқушының жас ерекшеліктерін ескеру қажет. Топтық жұмыс немесе диалог барысында оқушының жас ерекшелігін ескере отырып жұмыстану- бұл мұғалімнің жан-жақтан ойластырылған шеберлігін қажет етеді.Қандай да тапсырма немесе жұмыс түрін таңдау алдында міндетті түрде оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп отырамын.
7.Білім берудегі басқару және көшбасшылық.
Осы заманғы кез келген оқыту технологиясы оқу процесін ұйымдастыру кезеңінде технологияның бар мүмкіндіктерін үнемі шығармашылықпен пайдалану қажеттілігіне көңіл аударуда. Оқыту технологиясын оқыту процесін ұйымдастыру, басқару және бақылау деп түсіну керек. Осы орайда өз тәжірибемнің негізінде оң нәтижеге қол жеткізу үшін алдыма мынадай мақсат қойдым:
-заман талабыны сай білімді, білікті, дүниетанымы кең, шығармашылық қабілеті дамыған жеке тұлға қалыптастыру.
Осы мақсат негізінде алдыма қойған міндеттерім:
-жас ұрпақтың қабілеті мен талантын ашу;
-шығармашылық логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру;
-өз алдына мақсат қою арқылы оны жүзеге асыра білу;
-өз әрекетінің нәтижелерін бағалай білу.
Мұғалімнің көшбасшылық қабілеті ең бірінші сабаққа даярлықтан басталады, яғни, өтілетін сабақың жоспарын құру, оны өткізу әдістемесі, оқушылардың қабілеттері, жас ерекшеліктерн ескере отырып, иллюстрация техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды пайдалану. Мұғалімнің осы шығармашылық әрекеті арқылы оқушының шығармашылық қабілеті қалыптасады. Ал, көшбасшылық қабілеттер шығармашылық елес, шығармашылық ойлау арқылы жүзеге асады. Оқушының шығармашылық ойлауға, жылдамдыққа, икемділікке, тапқырлыққа үйрету ол мұғалімнің әр сабағында қалыптасып отыратын анық. Қазір оқушыларым тек жоғары баға алуға тырысып қана қоймай, әрқайсысы топта көшбасшы болуға тырысады. Бұрын «көшбасшы» ұғымын үздік оқушылармен байланыстыратын едім. Осы бағдарламаны меңгергеннен кейін және тәжірибе көрсеткендей, сыныптағы әр оқушы топта белсенді жұмыстана отырып, олардың әрқайсысы көшбасшы оқушы бола алатынына көзім жетті. Ең басты өзгеріс сабақта жетекшілік рөл мұғалімнен оқушыға ауысуы болды десем, мен бағыттаушы, нұсқаушы болып, оқушыларымды жетегіме ілестіре білуім, олардың білім- білік дағдыларын қандай-да бір деңгейде ілгері жылжытуым менің көшбасшылығым, яғни мұғалімнің көшбасшылығы деп түсінемін.
Ендеше, осы жеті модульді сабақтастыра өткізген сабақтардың оқушыларға берген оң әсерін олардың әр сабаққа асқан қызығушылықпен қатысуынан, сабақ соңындағы рефлексияларындағы «бүгінгі сабақ өзгеше өтті, ұнады, себебі әркім өз ойын ерікті жеткізеді», «бүгінгі сабақ ерекше өтті, әр топтың фантазиялары ұнады», «осындай сабақтар көп болса екен…» деген сияқты жазбаларынан байқауға болатын еді.
Бұл бағдарламаны меңгеруім оқушыларыма ғана емес, маған да үлкен өзгеріс әкелді. Бұрыннан білетін және тәжірибемде қолданып жүрген әдіс-тәсілдерге тереңінен, философиялық тұрғыдан қарауды үйрендім, айналағымдағылармен, оқушымен немесе әріптестеріммен қарым- қатынас жасау тәсілім өзгерді, қай нәрсеге де сыни тұрғыда қарап, тереңінен ойланып барып шешім шығаруды үйрендім. Сыныпта үйретуші мұғалімнен бағыттаушыға айналдым, ең бастысы «оқушыға қалай оқу керектігін» үйретуді меңгердім.
Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың «Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана, шәкірт жанына нұр құя алады»,-деген сөзі ізденімпаз, жаңаша ұстаздарға арналғандай. Мұны әрбір мұғалім жадында сақтауы тиіс. Ендігі мақсат –осы курста алған білімді жетілдіре, зерттей жүріп өз тәжірибеме лайықтап қолдану.Ұлы істер де осындай кішігірім істерден басталады...
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
«ІІІ деңгей бойынша Мұғалімге арналған нұсқаулық»
-
www.cpm.kz алынды.
Шурегеева Дариға Еңсеповна
«Назарбаев зияткерлік мектебі» курсының тыңдаушысы, ІІІ деңгей бағдарламасы бойынша сертификат иегері
Атырау облысы
Қызылқоға ауданы
Қаракөл орта мектебі
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС ТӘСІЛДЕР

шағым қалдыра аласыз