Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бастауыш сынып оқушыларына арналған танымдық ойын түрлерінің жинағы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Бастауыш сынып оқушыларына арналған
танымдық ойын түрлерінің жинағы
Құрастырушы:
бастауыш сынып мұғалімі
Шаукерова
Анаргүл
Амангелдіқызы
Мамлютка қаласы
Түсініктеме хат
Бастауыш сынып оқушыларына арналған танымдық ойын түрлерінің жинағы баланың білім алуына, ақыл- ой, логика, ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған. Бастауыш сынып оқушылары танымдық ойындар негізінде әлем туралы білімдерін шыңдап қана қоймайды, сонымен қатар толыққанды тұлғаның қалыптасуына, тәрбиелік мән- мағынасына да әсері мол екенін түсінеді. Танымдық ойындар оқушылар үшін оқыту мәселелерін оңай шешуге мүмкіндік туғызады. Өйткені ойынның негізінде оқушының оқуға деген қызығушылық танымы байқалады. Ойнай отыра оқушы өз алдына қойылған міндеттерді байқамай – ақ шешіп алады. Алдына қойған мақсатқа жету негізінде тәртіптілікті, табандылықты көрсете біледі. Танымдық ойындар арқылы бастауыш сынып оқушылары ақыл- ойын, сөздік қорын, тіл байлығын және шығармашылық, зияткерлік қабілеттерін көрсете алады. Бұл ойындар негізінде оқушылар салыстыра, талдай біледі, өзара байланыс байқалады. Бұл жинақта берілген танымдық ойын түрлерін әр сабақта , әр пәнді оқыту кезінде қолдануға болады. Мақсаты: оқушылардың зейінін, есте сақтау қабілетін, зеректігін, алғырлығын, шапшандығын дамыту көзделеді.
Мазмұны
-
«Мен қапшыққа не салдым?»
-
«Сөзге сөз қос»
-
«Мамандық»
-
Қарама- қарсы»
-
«Не өзгерді?»
-
«Ойлан, тап»
-
«Моншақ»
-
«Суретшінің қателігі»
-
«Цирктің әртістері»
-
«Сандар шатасты»
-
«Не үлкен?»
-
«Бұл қалай өзгерген?»
-
«Кім көп біледі?»
-
«Топтай біл»
-
«Суреттің жұбын тап»
-
«Зообаққа орналастыр»
-
«Үй құрастырайық»
-
«Сенемін- сенбеймін»
-
«Айтқыштар»
-
«Әңгіме құрастыру»
-
«Мен қапшыққа не салдым?»
Мақсаты: оқушының зейінін, есте сақтау қабілетін дамыту
М
ұғалім. «Мен қапшыққа алмұрт салдым»
- деп ойынды бастайды. Келесі ойыншы мұғалімнің айтқанын қайталап,
өзінің қапшыққа не салғанын айтады. Мысалы: Мен қапшыққа алмұрт
және банан салдым. Келесі ойыншы алдыңғы ойыншылардың сөздерін
қайталап, өзінікін қосып айтады. Бұл ойынды әріптерді қайталау
кезінде қолдануға болады. Ойында жеңіске жеткен, жеңілген ойыншы
болмайды.
-
«Сөзге сөз қос»
Мақсаты: оқушының есту қабілетін, сөздік қорын дамыту
Мұғалім кезкелген бір заттың атауын айтады, екінші оқушы қайталап, басқа сөз қосады. Үшінші оқушы алдыңғы екі сөзді қайталап, өзінің сөзін қосады. Ойын осылай жалғаса береді. Бұл ойынды бірнеше рет ойнау кезінде. оқушының сөздік қоры молаяды.
-
«Мамандық»
Мақсаты: тілдік- логикалық ойлау қабілетін дамыту, салыстыруға, саралауға үйрету.
Оқушылар шеңбер құрып тұрады. Мұғалім оқушыларға кезектеп доп лақтыра отырып, сұрақ қояды. Мысалы: Автобусты кім жүргізеді? Тамақты кім пісіреді? Киімді кім тігеді? Дүкенде кім жұмыс істейді? Кім емдейді? Үйлерді кім тұрғызады? Суретті кім салады? Балаларды кім оқытады? Әнді кім айтады? Киноға кім түседі? және т. Б
-
«Қарама- қарсы»
Мақсаты: оқушының зейінін, ойлау қабілетін дамыту.
Оқушылар шеңбер құрып тұрады. Мұғалім оқушыға доп лақтыра отырып бір сөз айтады, допты ұстап алған оқушы сол сөзге қарама- қарсы сөз айту керек. Келесі басқа оқушыға допты лақтыра отырып, сол оқушы өз сөзін айтады, ал допты ұстап алған оқушы сол сөзге қарама- қарсы сөз айтады. Ойын жалғаса береді. Мысалы: көңілді- көңілсіз, күн- түн, жылдам- ақырын, жуан- жіңішке, еңбекқор- жалқау, қыс- жаз, ыстық- суық, биік- аласа, ащы- тұщы және т.б.
-
«Не өзгерді?»
М
ақсаты: Көру арқылы ойлау қабілеттерін
дамыту
Мұғалім екі жолақты карточканы тақтаға іліп,
бірінші жолағына бір алмұрттың суретін, екінші жолағына көп алманың
суретін іледі де, балалармен бірге салыстырады. Содан кейін,
керісінше, бірінші жолаққа көп алманы, екінші жолаққа бір алмұрттың
суретін іледі. Бұдан не
өзгергенін сұрайды.
-
«Ойлан, тап»
Мақсаты: елестету, ойлау, сөздік қорын дамыту.
Бұл ойын үшін мұғалім бірнеше қағаздың ортасына сияны немесе бояуды тамызады. Ақ қағазды төртке бүктеп , оқушыларға береді. Оқушылар төртке бүктелген қағазды ашып, кезекпен шыққан суретті сөйлетеді. Ойын барысында кім көп сөз айтады, сол жеңіске жетеді, Шыққан суретті әрі қарай жалғастырып салуға болады.
-
«Моншақ»
Мақсаты: жуан жіңішке түбірлі сөздерді қайталау және ажырата білу.
Үлестірмелі парақшаларға жуан жіңішке түбірлі сөздерді жазып, оқушыларға тарату. Мұғалім сыныпты екі топқа бөледі. Уақытты белгілейді. Белгіленген уақыттан кейін әр топ бір жуан бір жіңішке түбірлі сөздерден жіпке моншақ тізу керек. Қай топтың моншағы бірінші тізілсе, сол топ жеңеді.
К
еректі сөздер: алма, сағыз, ине, жіп, мақта, ірімшік, қала, кесе,
сырға, сүт, киім, бала, мектеп, саңырауқұлақ,
кимешек.
-
«Дауыстап санау»
Мақсаты: дауыстап санауға , санды есте сақтауға үйрету
Оқушылар топқа бөлінеді. Мұғалім үстелді бірнеше рет соғады, оқушылар іштен санайды. Оқушылардың алдында жатқан сандарды көтеру арқылы қандай санды, үстелді соғу арқылы мұғалім айытпақшы болды. Сол санды тауып, жоғары көтеру. Санды дұрыс тапқан топ жеңіске жетеді.
-
«Суретшінің қателігі»
Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, суреттегі сәйкессіздікті таба алуға үйрету.
М
ысалы:
«Қыс», «Жаз», «Дүкенде», «Зообақта» және т.б тақырыбына салынған
сурет оқушыларға беріледі. Оқушылардан сол тақырыпқа салынған
суреттің бәрін дұрыс салғандығын тексеруді сұрайды. Оқушылар артық
көріністі тауып, қай тақырыпқа сәйкес келетінін
айтады.
-
«Цирктің әртістері»
Мақсаты:
балалардың 2 саны және цифры туралы алған
білімдерін бекіту.
Ковралан тақтада жануарлар бейнеленген
суреттер әр жерге орналасқан. Мұғалім бүгін циркте тек мұнда 2-ден
ғана бар әртістер өнер көрсететінің айтады. Балалар суретті таңдап,
оларды бөлек қойып санайды, көрсетеді, цифрды
атайды.
- Қандай әртістер бір-бірден қалды? (1 цифрын
көрсету, атау).
-
«Сандар шатасты»
Мақсаты:
Сандар қатарындағы сандардың орны жайлы
білімдерін нығайту.
Оқушылар мұғалімнің берген бұйрығы бойынша
көздерін жұмады. Мұғалім сандардың орнын ауыстырады немесе алып
тастайды. Оқушылардың көздерін ашып, сандар қатарындағы өзгерісті
тауып, оны жөндейді.
Тақтада Айболит және одан алыстау әр жерде
аңдар ілінген.
- Айболитке емделу үшін қанша аң
келді?
- Айболит бәріне жақындауды сұрайды. Енді
аурулардың саны неше болды? Неге
осынша?
- Қане, тексеріп көрейік
(санайды).
- Әр ауру Айболитке бәрінен бұрын жақын
келгісі келді. Қалай ойлайсыңдар, Дәрігер Айболит дауласпас үшін
аңдарға қандай ақыл берді? (Кезекке
тұру).
- Кім бірінші? Кім
екінші?
- Қане, аңдар естеріне сақтау үшін, олар реті
бойынша нешінші екенін бірге санап көрейік (бірінші, екінші,
үшінші...)
- Мүйізтұмсық өзінің нешінші екенін ұмытып
қалыпты, қанеки, көмектесіп
жіберіңдер.
- Түлкі де баласын тербетуге кетіп, келгенде
өзінің нешінші екендігін ұмытып
қалыпты.
- Арыстан ұялы телефонымен сөйлесіп тұрып,
дұрыс естімей қалыпты. Ол нешінші
еді?
Айболит барлығын емдеп, үйлеріне
жіберді
-
«Не үлкен?»
Мақсаты: қабылдау қабілетін дамыту
Отырған балаларға мұғалім
сұрақ қояды. Орындықтан не үлкен? Балалар кезекпен заттарды айтады.
Ойын ойнаған кезде мұғалімге атаған заттарды қайтадан айтуға
болмайды және балаларға қайталауға
болмайды. Кім екі рет шатасса, ойыннан шығады. Жеңімпаз
бала жүргізуші болады.
-
«Бұл қалай өзгерген?»
Мақсаты: дыбыстар мен әріптердің айтылу және жазылу ерекшеліктерін меңгерту
Ойын барысында сөз ішіндегі әріптердің дұрыс
жазылуына, бір әріптің өзгеруінен сөздің басқа мағынаға ауысып
кететіндігіне оқушылардың назарын аударуға
болады.
Бор-тор сұр-сүр
терек-зерек Тас – қас сан-сән көл-
төл
-
«Кім көп біледі?»
Мақсаты: сөздердің мағынасын ажырату
Оқушылар «мұғалімдер» және «оқушылар» болып
екіге бөлінеді. «Мұғалімдер» әртүрлі мағынасы бар сөздерді атайды,
ал «оқушылар» осы сөздердің мағынасын түсіндіреді. «Мұғалімдер» мен
«оқушылар» өз рөлдерін ауыстырып
отырады.
Мысалы:
1) ара-жәндік 2) алма-жеміс 3)
ою-зат
Ара-құрал алма-қимыл
ою-қимыл
-
«Топтай біл»
Мақсаты: оқушылардың ой-өрісін, заттарды белгілі бір тақырып бойынша топтай білуге, олардың не үшін қажет екендігін ажыратуға, қатесіз жазуға үйрету.
Оқушыларға үлестірмелі парақшаларда жазылған сөздер беріледі. Мысалы, сәбіз, қияр, алма, түйе, жылқы, жүзім, картоп, сиыр, алхоры тағы басқа сөздер беріледі. Оқушылар бұл сөздерді топтап жазады. Сәбіз,қияр, картоп-көкөністер т.с.с
-
«Суреттің жұбын тап»
Мақсаты: оқушының ойлау қабілетін, есте сақтауын және тілін дамыту
Мұғалім магниттік тақтаға ойынның суреттерін іледі. Суреттердің орналасуы: жоғарғы қатарына – фасоль, алма, шәйнек, қораз, аққу, құмырсқа, күрек, қызғалдақ, ешкі, қасқыр, кітап, сәбіздің суреттерін қояды. Төменгі жағына – бұршақ, анар, кесе, әтеш, шағала, шегіртке, тырна, раушан, қой, картоп, дәптердің суреттерін қояды.
Оқушыларға жоғарғы қатардан сурет таңдап төменгі қатардан сол суреттің жұбын тауып топтастыру керек екенін түсіндіреді. Балалар кезекпен жұптарын тауып және неліктен олай ойлайтынын айтады. Мысалы: фасоль суретіне мен бұршақтың суретін жұп қылып топтастырдым. Себебі екеуіде асқа жатады. Мұғалім негізгі дұрыс жауапты алғанан соң, суреттің орның ауыстырып жұптарын бірінің астына бірін қойып отырады. Содан соң балалардан қалған суреттердің жұптары қандай болғанын еске түсірулерін сұрайды.
-
«Зообаққа орналастыр»
Мақсаты: заттың көлеміне қарап,
салыстырып, талдау жасауға үйрету.
Жабайы аңдар мен жануарлары, құстардың дене
бітіміне қарап зообаққа орналастырып, оларға қамқоршы болуға
тәрбиелеу. Сөздік қорын молайту, ауыз екі сөйлеуін
жетілдіру.
Мұғалім зообаққа әкелінген аңдар мен құстар, үй
жануарларын суреттерін торларға орналастыру қажет. Балалар пілді,
түйені үлкен торға, қоян, тиін, т.б. кіші торға орналастыруы керек.
Бала неліктен олай орналастырғанын, яғни піл үлкен, қоян кіші,
сондықтан үлкен торға пілді, қоянды кіші торға орналастырғанын
айтады.
-
«Үй құрастырайық»
Мақсаты: түстерді ажыратуға жаттықтыру; ойлау
қабілеттерін, қабылдау, ес, зейін процесстерін
дамыту.
Мұғалім оқушыларға үйдің суретінің үлгісін
көрсетеді . Балаларға әртүрлі жолақшаларды, пішіндерді таратып
береді . Үлгіге қарап осы пішіндерден үйді құрастыруды
ұсынады.
-
«Сенемін- сенбеймін»
Мақсаты: зейіннің тұрақтылығын дамыту
Балалар шеңбер құрып отырады. Мұғалім допты
кез келген бір балаға лақтырып, былай деп
айтады:
- Піл ұшу
біледі;
- Құстар апанда
ұйықтайды;
- Балықтар құрлықта өмір сүреді,
т.с.с.
Балалар мұғалім тек шындықты айтқан кезде
ғана допты қағып алулары керек. Егер бала жаңылысып, допты қағып
алатын болса, онда оған ескерту карточкасы беріледі. Бір ескерту
алмаған бала «ең зейінді бала» болып
есептеледі.
-
«Айтқыштар»
Мақсаты: іс-әрекетін бақылай алуды
дамыту.
Мұғалім: - Балалар, мен сендерге сұрақ
беремін. Сұраққа тек
«Айт» деген команда берілген кезде
ғана жауап беру керек.
-
Сендердің сыныптарыңдағы
қабырғаның түсі
қандай?
- Бүгін аптаның
қай күні?
- 100+54
қосқанда неше болады?
-
«Әңгіме құрастыру»
Мақсаты: есту арқылы қабылдау қабілетін
дамыту.
Шеңбер құрып тұрған әр ойыншы кезекпен кезек
бір-бір сөзден айтып шығады, нәтижесінде ортақ әңгіме пайда болу
керек. Өз сөзін айтпастан бұрын алдыңғы сөздерді қайталап шығу
арқылы сөйлем құрау
қажет.
Қорытынды
Оқыту үдерісіндегі жеке тұлғаның даму мәселесі қашанда өзекті, маңызды мәселелердің бірі екенін естен шығармауымыз керек. Танымдық қызығушылық баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына негізгі көрсеткіштердің бірі болып табылады. Педагогикалық бақылаулар көрсеткендей: оқушының танымдық қызығушылығы, танымдық белсенділік қызметімен байланысты екенін, оқыту үдерісіндегі танымдық ойындар негізінде қалыптасатынына көз жеткіздік. Танымдық ойындар оқушының ойлау дағдысын, тілдік қабілеттерін дамытуға, талқылауға, қорытынды шығара білуге педагогикалық бақылаулар арқылы көруге болады.
Танымдық ойынның оқушыға әсерін берілген нәтижелер негізінде байқадық:
-
Адамгершілік қасиеті, ақыл- ойының дамуының қалыптасуы
-
Қиялы мен шығармашылық қасиетінің дамуы
-
Өзара қарым- қатынас кезіндегі мейірімділік, достық қасиетінің дамуы
-
Өзінің күш –қуатын анықтауындағы қуанышы
Осылайша ойын үстінде бала өзін еркін ұстайды, ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы. Сондай –ақ ойын баланың болашақ өміріне есік ашып, оның ізденімпаздық, тапқырлық қабілетін оятады. Осы тұрғыда баланың байқағыштық, зерттеп салыстыру, сезім қабілетін дамытуға, баланың заттарды белгілері бойынша тану, түйсіну қабілетін ұштап қана қоймай, сонымен қатар сөздік қорын молайтуда танымдық ойын түрлерінің орны ерекше болып табылатынын нәтижелер барысында көрдік.
Қолданылған ақпараттар тізімі
-
«Ойын арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту» / Л. Кеңесова / 2013 жыл.
-
«Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту» / К. Е. Джумагалиева /
2014 жыл.
-
«Ойын - бала тілі мен сөздік қорын дамыту құралы» / Г. С. Сманова /
2014 жыл.
Ғаламтор -ресурстар:
11