БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА РУХАНИ –1ЗГ1Л1К ТӘРБИЕ БЕРУДЕ ОТБАСЫНЫҢ
АЛАТЫН ОРНЫ
Аңдатпа. Мақалада бастауыш сынып оқушыларына рухани-ізгілік тәрбие
беру соның ішінде «Ақиқат», «Дұрыс әрекет», «Сүйіспеншілік», «Ішкі
тыныштық», «Қиянат жасамау» жалпыадамзаттық құндылықтарды бағалау
арқылы ішкі әлемдегі өмірлік бағдарды дамыту, ізгілік ақылдың
шешіміне, ізгі жүрек, ізгі сезім, махаббат пен жанашырлықтың саналы
және санадан тыс әрекеттердің дұрыс қалыптасуына негіз болатын
бағыттары қарастырылады. Тірек сөздер: Ізгілік, махаббат, мейірім,
адамгершілік, қиянат, дұрыс әрекет, тыныштық.
Қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси
өзгерістердің адамзат баласының жеке тұлғалық сапалық қасиеттерінің
қалыптасуына ықпалы бүгінгі таңдағы көкейкесті мәселелердің бірі
болып отыр. Ол туралы «Адам құқығы конвенциясында», қоғамымыздағы
демократиялық жаңғыруларға сай жалпы азаматтық ұлттық
құндылықтарға, адамгершілік ойларға негізделген «Қазақстан
Республикасындағы гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында» (1996
ж.) және Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында (2007 ж.)
қарастырылады. Білім берудің маңызды мақсаты – адамды әдеттегі
үйреншікті сана-сезім шеңберінен алып шығып, мәдениеттің биік
деңгейіне көтеру, өз гуманистік дүниетанымы мен адамзат табыстарына
негізделген өзіндік сенім көзқарастарын қалыптастыруға мүмкіндік
тудыру, жеке тұлғаның ізгілік қасиеттері мен мәдениеті арқылы
өркениетті көтеруін көздейді [1]. ХХІ ғасырдың басындағы еліміздегі
және әлемдегі болып жатқан әлеуметтік-экономикалық, саяси жаңарулар
жаңа проблемалардың пайда болуына әкеліп соқтыруда. Осы кезекте
еліміздің болашағы жас өркендердің бой түзеп, заманға сай тәрбие
алуы, адамгершілік құндылықтарды бойына сіңіруі жан-жақты азамат
болып қалыптасуының негізі отбасы тәрбиесін арттыру алдыңғы қатарлы
мәселелердің бірі болып отыр.Рухани-адамгершілік құндылықтар негізі
және оның тәлім-тәрбиелік маңызы туралы құнды ой-пікірлер туралы
қазақ даласындағы ұлы ғұламалар Әл-Фараби, Махмұд Қашқари, Жүсіп
Баласағұни, Қ.А. Ясауи және т.б. ағартушылар Ы.Алтынсариннің,
Ш.Уәлихановтың, А.Құнанбаевтың, қазақ зиялылары Ж.Аймауытов,
А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев т.б. болашақ ұрпақты адалдық,
парасаттылық, шыншылдық сынды қасиеттерге тәрбиелеудегі халық
даналығын жоғары бағалағандығы және соған талпынғаны да аңғарылады.
Мектеп оқушыларына ізгілік тәрбие беру мәселесін зерттеуде
Ш.Амонашвилидің ауқымды үлесін қосса, жеке тұлғаны жан-жақты
тәрбиелеу мен оның психологиялық жағы Л.М. Божович, Л.С. Выготский,
С.Т. Шацкий, С.Л. Рубинштейн, А.С. Макаренко, В.А. Сухомлинский,
Л.И. Рувинский, Ю.Азаров және т.б. ғалымдардың еңбектерінде
баяндалған. Жаңа ғасыр толқыны әкелген жаңалықтарға сәйкес қазіргі
заманда адамның тұлғалық дамуына баса назар аударылып, жас
жеткіншектерге берілетін білім негіздері олардың жеке даралық
қабілеттерін жетілдіруге қызмет етеді. Әр баланың ішкі мүмкіндігі
мен өзіндік қарымын дамытуға әсер ететін рухани адамгершілік
қағидалары жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуының, өзін-өзі ізгілік
тұрғыда жүзеге асыруының аса қажетті шарты болып табылады. Жоғары
ізгілік мұраттардың ең құндысы – руханилық. Өзін-өзі жетілдіретін
тұлға үнемі ізгілік ұстанымдарын өз бойында шыңдап, жетілдіруге
ұмтылады. Тұлғаның руханилық санасы – өмірдің мәнін, өз тағдырын
халықтың тағдырымен ортақ деп түсіну қабілетін дамыту, жақын
адамдарының алдындағы жауапкершілігін сезінуден басталып, өзінің
жеке басына тән азаматтық және адамгершілік парызын орындау болып
табылады. Әр тарихи кезеңнің өзіндік құндылықтар жүйесі қалыптасып,
оның өзегіне адам өмірінің мән-мазмұны, дүниеге деген көзқарасы
алынатыны белгілі. Қазіргі кезеңдегі тәрбиенің басты мақсаты –
жастардың тұлғалық қасиеттерін адамгершілік бағытта дамыту.
Адамгершілік жалпы алғанда дүниетаным принципі десек, адам
мүмкіншілігінің шексіз екендігін мойындау, өзін-өзі дамыту
қабілетіне деген сенімі мен ерік бостандығын және абыройын қорғау,
адамның бақытқа жету жолындағы құқығы мен оның барлық сұраныстарын
қамтамасыз ету – қоғамның түпкілікті мақсатына айналып отыр.
Адамзат жинақтаған тәжірибені келесі ұрпаққа беру мақсатында сақтай
отырып, оқытуды ізгілендіру үрдісінде негізгі бағдарды жеке
тұлғаның азаматтық белсенділігін арттыруға, рухани-адамгершілік
қуатын қалыптастыруға назар аударылуда. Рухани-адамгершілік
қасиетін қалыптастыру отбасынан басталып, орта балабақша мен мектеп
табалдырығында жалғасын табады. М.Жұмабаевтың «Жас бала – жас бір
шыбық. Жас күнінде қалай исең, өскенде сол иілген күйінде қатып
қалмақ. Теріс иіліп қалған шыбықты артынан түзейміз десең, сындырып
аласың», - деген пікірі ұрпақ тәрбиесімен айналысатын ата-аналар
мен педагогтарға үлкен жауапкершілікті жүктейді.
Рухани-адамгершіліктің мәні – адам еңбегіне құрметпен қарау,
шығармашылық күші мен мүмкіншілігін дамытудағы ролінен көрінеді. Ал
еңбек отбасындағы қарапайым күнделікті тіршіліктің
тәлім-тәрбиесінен бастау алатыны сөзсіз. Рухани-адамгершілік
мәдениеті жалпы адамгершілік тұрғысынан алғанда, ол адамның жемісті
іс-әрекеті болып табылады. Рухани-адамгершілік қасиеттер адамдардың
еңбек мәдениетінде, қоғамдық мәдениеттің көркем және эстетикалық,
ғылыми және білім беру компоненттерін өзара байланысын, қоғамдық
қатынастағы мәдениетін, рухани-адамгершілік көзқарасын
қалыптастырады. Осы сөздеріміздің дәлелі ретінде, әлемдік
ой-сананың асқар биігіне көтерілген Әл-Фараби бабамыздың «Адамға ең
бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім
адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне опат әкеледі» деген
сөздері, В.Г. Белинскийдің «Тәрбие ұлы іс, тәрбие арқылы адам
тағдыры шешіледі» деген, Д.И. Менделеевтің «Тәрбиесіз білім –
есуастың қолындағы қылыштай» дегені, Я.А. Коменскийдің «Тәрбиені
мойындамау–адамдардың, жан-ұяның, мемлекеттің және бүкіл әлемнің
құруы» деп айтуы әлі күнге дейін маңызын жоғалтпаған.
Рухани-адамгершілік туралы айтқанда біз тәрбие салаларын толық
қамтимыз. Себебі олар бір-бірімен тығыз байланысты. Тұлғаның
өмірге, еңбекке көзқарасын, дүниетанымын қалыптастыруда оқытуды
тәрбиелеуді өмірмен байланыстыруда рухани-адамгершілік яғни
адалдық, кішіпейілдік, ниеттілік, жомарттылық, жауапкершілік т.б.
қасиеттерді дамытады. Аталған сапалық қасиеттерді қалыптастыру
арнаулы орта білім беретін және жоғары оқу орындарында оқушыларды
рухани адамгершілікке тәрбиелеу негіздері курсын бөлек пән ретінде
оқытуды қажет етеді. Тәрбиелі мінез адам бойында ибалық
қасиеттердің бар екендігін көрсетеді. Рухани дүниесі бай,
қажеттіліктері мен қызығушылықтары, талғамы, ой-өрісі кең адамдарды
толық мінезді адам дейміз. Мінездің тұрақтылығы адамның
адамгершілік түсініктерінен туындайды. Рухани адамгершілік
тәрбиесінде тәрбиеші оқу шебері тұлға ретінде тани біліп қана
қоймай, үш кезеңді ескеруі, оның дамуын көре білуі
қажет:
-
бұрынғысы;
-
қазіргісі;
-
болашағы.
Мұғалімнің негізгі қызметтерінің ең бастысы оқушы тәрбиесіндегі сәттілікті айтуға болады. Қазіргі уақыттағы оқушыларды тәрбиелеу ісінде олардың ішкі жан дүниесі мен рухани әлемін тану, дамыту, жетілдіруге арналған бірнеше іс-шаралар жүзеге асуда. Халықтық дәстүр, рухани мәдениет негізінде баланы рухани адамгершілік тәрбиесін дұрыс жолға қою міндеттерін жүзеге асыру басты мақсат болатыны белгілі. Қазақ даласында тұңғыш рет мектеп ашып, болашаққа оқу-білім сәулесін таратқан халқымыздың ағартушы-педагогы, балалар әдебиетінің атасы – Ы.Алтынсариннің тәрбие саласындағы мұраларын жас ұрпаққа үлгі ету, тәрбие жұмысында пайдалану - баршамыздың парызымыз. Оның әңгімелерінің жастарға тәлім-тәрбие беруде маңызы өте зор. Ол жастарды әдептілікке, сабырлылыққа («Алтын шеттеуік»), қанағатшылдыққа («Қанағат»), мейірімділікке («Шеше мен бала»), ұқыптылыққа («Бір уыс мақта»), әділдікке («Әділдік»), еңбексүйгіштікке («Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш»), т.б. өнегелі істерге үгіттейді.Ғұлама Абай да адамның адамгершілік, имандылық, моральдық эстетикалық сезімдеріне айрықша мән береді. Осындай сезімдерді бойға дарытуда адам жаман мінездерден айрылып, өзін-өзі тәрбиелеуі керек деп есептейді. «Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез бұзылмасын! Көрсеқызарлықпен, жеңілдікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады», - деп ескертеді [2, 28 б.].«Қараңғы қазақ елінің көгіне өрмелеп шығып күн болуды» аңсаған әрі ақын, әрі ағартушы-педагог С.Торайғыров адамның әділ, адал болуы тәрбиеге байланысты, өмірдің өзгертуші, адам мінезін қалыптастырушы ұлы күш саналы тәрбиеде деп түйіндейді.Философ, шежіреші, өз бетімен ғылым-білім биігіне жоғары көтерілген ғұлама Ш.Құдайбердиевтің жастарға ұсынған адамгершілік жолы – адамдық пен ғылымды меңгеру. Осы екі жол кісіні қиындықтан құтқарады, надандықтан арылтады, адамгершілік қасиеттерге баулиды. Адалдық пен адамдықты борышым деп сана, дүниедегі не сұмдықтың бәрі араны ашылған қу нәпсіден, тойымсыздықтан туады деген терең тұжырым жасайды.Жан-жақты, жарасымды дамыған тұлғаны тәрбиелеу туралы орыс педагогы К.Д. Ушинскийдің пікірлері күні бүгінге дейін өз құндылығын жойған емес. Ол балаларды басқа адамдарға деген шынайы қарым-қатынасқа тәрбиелеу үшін адамгершілік, ізгілік туралы сөздердің биік мәнісін олар тек түсініп қана қоймай, сезіну керек дейді. К.Д. Ушинскийдің адамгершілік сана, сезім және мінез-құлықтың байланысы туралы идеяларының әрі қарай дамуы ағартушы-демократтар Н.Г. Чернышевскийдің, Н.А.Добролюбовтың педагогикалық еңбектерінен көрінеді.Отбасы әлеуметтенудің алғашқы сатысы, мұнда пікірлер, көзқарастар, құндылықтар мен мінез-құлықарды меңгере бастайды. Дәстүрлі отбасылар сияқты кеңейтілген отбасылар да әлеуметтік жүйе болып табылады, онда әрбір отбасы мүшесі басқа мүшелеріне тікелкй және жанама түрде ықпал ете алады. Отбасы жағымды ата-аналар бірлестігін, бір-бірін қолдаушы ата-аналар күшін құрай алатын болса, балалар неғүрлым жақсы тұрады.Отбасы сонымен қатар дамушы әлеуметтік жүйе болып табылады. Қоғамдық және мәдени ортаға енетіндіктен, барлық болып жатқан жағдайлар отбасының қызмет атқаруына ықпал етіп отырады. Отбасына әсер ететін әлеуметтік өзгерістерге, жалғызбасты ересектердің көпшілігі, неғұрлым кеш некеге тұру; туылудың азаюы; әйел адамдардың жұмысқа араласуы; толымсыз отбасылар және аралас отбасылар және де кедейлік жағдайда өмір сүріп жатқан отбасылар баршылық [3, 56-58 бб.]Отбасы-нақты өмірлік құндылықтарды, түсініктерді, қоғаммен өзара қатынаста бағыттар бірлігін білдіретін адамдар бірлестігі, мәдени бірлестік. Дәл осы қызметтердің сипаты бірлестігі,мәдени бірлестік. Дәл осы қызметтердің сипаты некенің мазмұны, формалары және тұрақтылық критерийлерін болжайды. Отбасы психологиялық ерекшеліктерден тұратын шағын топ ретінде әлеуметік психологияның зерттеу нысаны болып табылады.Отбасы әлеуметтенудің алғашқы сатысы, мұнда пікірлер, көзқарастар, құндылықтар мен мінез-құлықарды меңгере бастайды. Дәстүрлі отбасылар сияқты кеңейтілген отбасылар да әлеуметтік жүйе болып табылады, онда әрбір отбасы мүшесі басқа мүшелеріне тікелкй және жанама түрде ықпал ете алады. Отбасы жағымды ата-аналар бірлестігін, бір-бірін қолдаушы ата-аналар күшін құрай алатын болса, балалар неғүрлым жақсы тұрады.Бала ересектермен қарым-қатынастың белгілі бір кезеңінде жағымды эмоциялық қатынаста тапшылықты сезінсе немесе осындай қатынаста қандай да, бір ауытқулар байқалса, оның дамуында тежеушілік пайда болады. Бұл Н.М. Аксаринаның, Е.К. Когбериннің т.б. зерттеулерінде дәлелденді [3; 4].Ғылыми зерттеулерге теориялық талдау жасай келе отбасында жас жеткеншектердің тәрбиесінің келесі негіздері қаланатындығы анықталды: Біріншіден үздіксіз тәрбиенің негізі – ұлттық тәлім-тәрбие. Әр халықтың тәлім-тәрбиелік мұрасы – мәдениеттің құнды бөлігі. Қазақ халқының бағалы педагогикалық ой-пікірлерін әр отбасында құндылықтарға айналып, бала өмірінің тәрбиесінде жалғасын табуға көмектеседі. Өнегелі тәрбие ісін дүниежүзілік ғылыми және рухани қазынасы ұлттық мұрамен ұштастыруға отбасы негіз болады. Екіншіден жас ұрпақты адамгершілік іс-әрекетке баулу. Балалар мен жастарды ақыл-ой әрекетімен қатар іскерлік пен пысықтыққа машықтандыру, өнімді еңбек етуге бейімдеу отбасынан басаталады. Сонымен бірге ата-ана мен бала қарым-қатынас өзара сенімге, қайырымдылыққа, имандылыққа, бір-біріне сый-құрметпен қарауға негізделіп баланы қоғамғамдағы қоршаған ортаға толеранттылыққа тәрбиелеуге негіз болады. Тәрбие барысында психологиялық жағынан жайдарлылық, үйлесімділік ахуал туғызу, жас азаматтың өзіне деген сенімін арттыру, қамқоршылық сезімін дамытуға негіз болады.Ең бастысы ана сүтімен дарыған туған тілін дамыту отбасындағы қарым-қатынастан бастау алатыны сөзсіз. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғашқы рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларды игереді. Сондықтан отбасылық өмір жеке адамның азамат болып өсуінің негізі. Отбасы- оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Ол бала тәрбиесі жөнінде мектеппен тығыз байланысты болуды өте жақсы түсінеді. Өйткені бала тәрбиесінің отбасында, мектепте нәтижелі болуы осындай ынтымақтастыққа негізделеді. Отбасы тәрбиесі-бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата- аналардың борышы. Оған дәлел: балалар мекемелері жөнінде халықтың қажеттілігін толық қанағаттандыру, балалардың еңбек, спорт лагерлерінің, жас натуралистер станцияларының, ғылыми- техникалық және көркемдік шығармашылық үйірмелерінің жүйесін кеңейту; ананы, балалық шақты қорғауға ерекше көңіл бөлу; отбасы мүшелерінің демалуы үшін санаторийлердің, демалыс үйлерінің жүйесін кеңейту; аналар жағдайын еске алып, әйелдердің халық шаруашылығына қатысуын үйлестіру.Отбасында басты мәселелердің бірі - баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру. Бұған баланың күн ырғағы, міндеттері, қойылатын талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу- әрекеті бос уақытын ұйымдастыру жатады. Отбасы, барлық уақытта да, өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешуде үлкен мүмкіндіктерге ие болған. Қазіргі заманғы отбасының өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешудегі ерекшелігі – ата-ананың білім және жалпы мәдени деңгейінің жоғары болуы.Балалардың отбасынбағы тәрбиесі оның белгілі бір тұрақты әлеуметтік институт ретінде анықталады. Ол отбасы мүшелері арасындағы өзара қатынастардың қалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін адамдардың жақындығы, туыстық қатынастар, өзара үйелмендік, тұрмыстық өмір. Отбасы тәрбиесінің артықшылығы да осы қатынастарда, оны тәрбиенің ешкандай да түрі алмастыра алмайды.Отбасы – болашақ азаматтың әлеуметтену жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтын бастапқы адым. Ол балаға моральдық қалпы туралы алғашқы түсініктер береді, оны еңбекке баулып, өз-өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастырады. Ата-ананың іс-әрекеті мен мінез-құлқы, өмір сүру салты арқылы балаға дүниетанымдық, адамгершілік, әлеуметтік-саяси құндылықтар беріледі.Отбасы тәрбиесінің қоғамдық және мемлекеттік тәрбиеге қарағанда артықшылығы басым. Алайда, қазіргі қоғамдық өмірде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық және демографиялық өзгерістер отбасына белгілі бір қиыншылықтар туғызады. Ата-аналардың білім деңгейіне байланысты да отбасында ерекшеліктер орын алады. Мысалы: ата-аналардың білімі жоғары болған сайын олардың балалары мектепте жақсы оқиды. Қазіргі ата-аналар жұмыс басты болғандықтан бала тәрбиесі көбінесе білімі төмен ата мен әжелерге жүктеледі. Қоғамда жүріп жатқан тұрғындардың материалдық жағдайға байланысты жіктелуі отбасы тәрбиесіне материалдық жағдайы әртүрлі ата-аналардың қарым- қатынасына әсер етеді. Отбасында балаларға отбасылық бюджеттің 25-50% жұмсалады. Материалдық кірісі мол отбасыларда педагогикалық көзсоқырлық, тойынғандық жағдайға алып барады. Тойынғандық дегеніміз- өмірге,өмірдегі материалдық және рухани құндылықтарға деген жеккөрінішті, келекетті қатынас. Отбасы - адам баласының өсіп - өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасында өтіп жатады. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата - ана өздерінің негізгі борыштарын - тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі. Ата - ана да өздері жанұя құрған кезде бір - біріне шексіз сүйіспеншілікпен, махабббатық сезімдері табысқан кезде қалыптасады. Әке мен ананың арсындағы сыйластық, өз ара түсінушілік, олардың бір - бірін ұғынысуы, сыйласуы, қандай мәселер болсын, материалдық, әлеуметтік, қоғамдық және әкономикалық мәселерді шешуде пайымды шешімдер тауып жатса, бұл отбасының берекесі мен берері де мол болатыны мәлім. Осы мәселе қазіргі кезде еуропалық дәстүрге көбірек бой ұрып барады. Яғни қазақ болмыстан айырылып, бала тәрбиесі, отбасы берекесі келеңсіз жәйттерге бой ұра бастады. Ата - аналардың татулығы отбасының күре тамыры болып табылады. Өйткені ол балаға берілетін тәрбие және әлеуметтік мәселелердің тууына әкеп соқтыратын осыдан туындап жатады. Ал олардың атқаратын міндеттері шексіз де шетсіз де. Ата - аналардың балалары алдында олардың денсаулығының дұрыс жетіліп өсуі>
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Бастауыш сынып оқушыларына рухани-адамгершілік тәрбие беру" мақала

шағым қалдыра аласыз