Материалдар / Бастауыш сынып оқушыларыны оқу техникасын дамыту және тез оқуға үйрету
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бастауыш сынып оқушыларыны оқу техникасын дамыту және тез оқуға үйрету

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып оқушыларының оқу шапшаңдығын арттыру.
Авторы:
20 Ақпан 2024
375
12 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бастауыш сынып оқушыларының оқу техникасын дамыту және тез оқуға үйрету


Қарағанды обылысы

Қарағанды қаласы

2 оқушылар сарайының мұғалімі 

Багдат Юра

Функционалды сауатты адам қалыптастыру қазіргі мектептің маңызды міндеттерінің бірі. Функционалды сауаттылық  бастауыш сыныптарда қаланады.Бастауыш сатыдағы «Әліппе», «Ана тілі»,«Әдебиеттік оқу» пәндерінің басты мақсаты оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру, байланыстырып сөйлеуге үйрету балалар әдебиетінің озық үлгідегі шығармаларын жүйелі оқыту, оқырмандық мәдениетке баулу, оқушының әдеби сауатын ашу, рухани дүниесін байыту, көркемдік-эстетикалық талғамын байыту, ізгілікті, елжанды дара тұлға тәрбиелеу.

Сынып оқушысының тұлғасы дамуының ерекшелігін оның оқудағы жетістігі, оқу іс-әрекетінің компоненттерін меңгеруі, жалпы оқу біліктілігі мен дағдыларының бір саласы – оқу техникасы. Аталған дағдыны жоғары деңгейде қалыптастырмайынша оқушының әрі қарайғы  сапалы біліміне қол жеткізу мүмкін емес.

Бастауыш сынып оқушыларының оқу сабақтарында жіберген қателерді топтап көрсететін болсам:

  1. Әріп, буын немесе сөз қалдырып кететін оқушылар;

  2. Кейбір буындарды, сөздерді екі рет қайталап, ежелеп оқитындар;

  3. Тілі келмегендіктен немесе әдеттеніп кеткендіктен бір әріпті екінші әріппен алмастырып оқу7

Өз тәжірибемде  мұндай кемшіліктердің  алдын алуға, оқушыларды дұрыс оқуға үйрету үшін В.Н. Зайцевтің  («Резервы обучения чтению») технологиясындағы шапшаң оқуға үйретудің 8 резервін іс-тәжірибемде пайдаланамын.

  1. Дайындық жаттығуларының ұзақтығы емес жиілігі маңызды.

Балаларға қандайда бір біліктілікті меңгертіп, оны дағды деңгейіне жеткізу үшін  белгілі бір уақыт аралығында олармен күнде-күнде көлемі шағын жаттығулар жүргізу қажет. Біз күнделікті өмірде мынадай жайттарды жиі естиміз: «Мына ертегіні оқы, оқып болмайынша, ойнауға шықпайсың …» Баласының оқу шапшаңдығы төмен екенін біле тұра, анасы күрделі педагогикалық қате жібереді.  Сондықтан үйдегі дайындық әр 5 минут сайын шағын абзацты оқып, мазмұнын айтып берумен аяқталады. Бір екі сағаттан соң тағы 5 минут оқиды . Бұндай дайындық бір отырғанда  бір жарым, екі сағат отырып оқығанға қарағанда  әлдеқайда тиімді. Мен осы әдісті балаларға белгілі бір уақыт аралығында  сабақта, сабақтан тыс уақытта күнде-күнде көлемі шағын жаттығулар және тіл дамыту жаттығуларын жүргіземін.

  1. Ызыңдап оқу. Ол не? Бұл барлық оқушы бір мезгілде бөгет жасамас үшін жартылай дауыспен оқу. Әркім өз жылдамдығымен, біреулері тез оқыса, енді бірі баяу оқиды. Ызыңдап оқуды сабақтың кез келген жерінде жүргізе беруге болады. Математика сабағындағы есептің немесе кейбір пәндердің тапсырмаларының мазмұнын түсіну үшін оқудың осы түрін пайдаланған өте тиімді. Ызыңдап оқуды кез келген пәндерден, сабақтың кез келген кезеңінде жүргізу арқылы жалықтырмай оқуға деген қызығушылығын арттырамын.

  1. Әр сабақтағы 5 минуттық оқу. Бұл әдіс өте тиімді. Мұғалімнің үлесіндегі әр сабақ сайын (математика, қазақ тілі, дүниетану, әдебиеттік оқу, еңбекке баулу, дене шынықтыру, бейнелеу) балаға 5 минут оқуға мүмкіндік беру апталық жаттығуды 120 минутқа дейін ұзарта алады. Мысалға, түсініп оқитын балалар ғана математика пәніндегі мәтінді есепті шапшаң шығара алады.

  1. Ұйықтар алдындағы оқу. Ұйықтар алдындағы оқу жақсы нәтиже береді. Өйткені күннің соңғы сәттері адамның (жадында) көңіл-күйінде жақсы сақталады. Сегіз сағат ұйқының барысында адам сол сәттің әсерінде болады. Осы әдістің тиімділігін ата-аналармен пікір алмасуда айтып түсіндіріп отырамын.

  1. Үзінділермен оқу. Егер бала оқуды ұнатпаса, онда осы оқу түрін пайдалануға болады. Бұндай жағдайда балаға 1-2 жолдық үзінді оқуды ұсыну керек. Біраз демалып, содан соң оқу қайта жалғасады. Оқудың бұл түрін ата-аналарға кеңес ретінде беремін. Оқудың қай түрі болмасын балаға қолдау көрсетіп, мақтау, көмектесу керек екенін үнемі назарымда ұстаймын.

Көру диктанттарын жаздырту. Оқу техникасының қарқыны көп жағдайда оперативті жадының нашар дамуына байланысты тежелетіні анықталған. Ол қалайша? Мәселен, оқушы 6-8 сөйлемнен тұратын сөйлемді оқиды.Үшінші, төртінші сөздерді оқуға келгенде алғашқы бірінші сөзді ұмытып қалады. Соның әсерінен оқушы сөйлемнің мағынасын түсінбей қалады. Бұл жағдайда оқушының оперативті жадын жақсарту, жаттықтыру керек. Бұл профессор И.Т.Федоренко жасаған көру диктанттарының көмегімен жүзеге асырылады. Әрбір 18 жинаққа 6 сөйлемнен  енгізілген. Жұмыстың жүргізілу тәртібі: тақтаға 6 сөйлемнен тұратын алдын ала бірінші жинақ ілінеді. Балалар диктантты жазуға дайын болған кезде бірінші сөйлемді ашамыз. Бала сөйлемді оқып еске сақтайды. Берілген уақыт аяқталысымен мұғалім тақтадағы жазуды өшіреді. Оқушылар тақтадан есте сақтаған сөйлемді дәптерлеріне көшіреді. Осылайша келесі сөйлемдер ашылып отырады. Бастапқы кезде кейбір оқушылар естеріне сақтай алмай не істерін білмей  қалады. Мұндай жағдайда балаға  «әзірше көршіңнен қарап жаз, келесі сөйлемді өзің есіңе сақтауға тырыс» деген көмек беріледі. Әр диктантты жүргізуге 5-8 минут уақыт жұмсалады. Әр сабақта пайдаланып тұрса оқушының оперативті жады жылдам қалыпқа келеді.

  1. Бірнеше дүркін оқу. Бұл үш типті жаттығулармен жұмыс болып табылады.

а) бірнеше дүркін оқу  (жай ғана дауыстап оқу)

ә) жаңылтпаш қарқынмен оқу  (минутқа оқу)

б) мәнерлеп оқу (бір дауыспен  ұжым болып оқытылады)

Бұлардың барлығын дауыстап оқу шарт. Шамамен балалардың үштен бір бөлігі дауыстап оқуда қиналды. Бұл балалардың ауызша сөйлеу дағдысының дұрыс қалыптаспауынан. Көп жағдайда бұндай балалардың сөйлеуінің дамуында кемшіліктер бар. Мысалы тілі кеш шыққан балалаларда көптеген дыбыстарды дұрыс айтпайды, айтқан дыбыстары анық емес т.с.с. Бұндай балалар ерекше назар аудару тобына жататды. Өйткені бұндай балаларда тілінде аздаған кемшіліктер сақталып отырады. Бұл дыбыстың бұзылып айтылуы, сөздік қорының аздығы, сөзді дұрыс қолданбауы, суреттеу мен әңімелесудің балаға қиындық туғызуы. Сондықтан да осы балалармен тіл дамыту жұмыстарын жүргізу керек. Тіл дамуының жоғарғы деңгейі ғана баланың оқу жылдамдығын арттырады және бала оқып тұрғанын тез түсінеді.

Бірінші сыныптағы кейбір балалар мектепке оқып келеді. Бірақ оқу тәсілдері әр түрлі. Біреулері буындап  оқиды, енді біреулері буындап және тұтастай оқиды, үшіншілері тұтас оқиды, ал төртіншілері тұтас сөзбен  және сөздердің тобын оқитындай  дәрежеде. Яғни балалар оқу техникасын меңгерудің әртүрлі кезеңдерінде орналасады. Ал мектепте мүлдем басқа жағдай орын алады: бала буындап оқиды, яғни сөзді тұтас оқи алмайды, оның оқу техникасының деңгейіне сәйкес келмейтін мәтін ұсынылады. Әрі оқу жылдамдығын тексереді. Ғалымдардың пайымдауынша, баламен оның мүмкіндігінше  сәйкес жүргізілуі керек. Егер бала буындап оқыса, оған соғұрлым көбірек буын саны аз сөздер ұсынылуы қажет. Әрине мәтінді де оқу керек, бірақ оның көлемі шағын болғаны жөн. Егер бала буындап және тұтас сөзбен оқыса, онда буындық  құрылымы қарапайым  және күрделі сөздерді оқыту маңызды. Мәтіннің көлемі  ұлғая түседі, бала біртіндеп тұтас сөздер және сөздер тобын оқи бастайды. Әрі қарайғы міндет – бұл тәсілді  тұрақты ету, яғни оны дағдыға айналдыру. Авторлар бұны балалар көтерілетін баспалдақ  түрінде бейнелейді. Олар бұл баспалдақты әртүрлі игереді: біреуі тез көтеріледі, енді біреуі әр баспалдақтан бөгеліңкіреп барып жоғары өрлейді. Уақыт өте береді, баланың оқу қарқыны көтеріле түседі, мұғалім оның жетістігін дәптер арнап белгілеп отыруы тиіс.

Сыныптағы шапшаң оқитын оқушылар тобының динамикасы мен баяуырақ оқитын оқушылар тобының оқу жылдамдығының динамикасының көрсеткіштерін салыстыра отырып, оқу жылдамдығы мен оның динамикасының  өзара байланысын байқауға болады. Минутына 20 сөз оқитын оқушы минутына 70  сөз оқитынға қарғанда аз сөз қосады. Егер біріншілері 15 сөз қосса, екіншілері  екі есе көп 30 сөздей қосады. Минутына 20 сөз +  15 сөз. Минутына 70 сөз + 30 сөз. Енді оқудың дұрыстығы жөнінде. Оқудың дұрыстығы – бұл қатесіз оқу:

а) Әріптерді тастамай,түгел оқу;

ә) Әріптердің орнын ауыстырмау;

б) Артық әріп қоспау;

в) Басқа әріппен алмастырмау; (оқу стандарты)

Өз тәжірибемде мұндай кемшіліктердің алдын алуға, оқушыларды дұрыс оқуға үйрету үшін төмендегідей жұмыс түрлерін ұйымдастырамын.

Осылайша В.Н.Зайцевтің әзірлеген технологиясын шапшаң оқуға үйретудің бірнеше резервін құрайтын бұл тәсілдерін өз тәжірибемде кеңінен қолданамын.

  1. Жады. Аталған себептердің барлығы да балалардың оқу қарқынына әсер етеді.

Нәтижесінде  үнемі жүргізілген қосымша жұмыстардың арқасында сыныптағы оқуға қызығушылығы аз оқу шапшаңдығы талаптан төмен оқушылар қатары азаяды. Оны  кезекті оқу шапшаңдығын тексеру барысында тексерушінің жасаған маниторингісінен оқушылардың оқу шапшаңдығы  айтарлықтай өскендігін көруге болады.

Бүгінгі  таңда жалпы білім беретін оқу орындарындағы білімдік процестің дамымалы мүмкіндігінен елеулі маңыз беріледі. Сынып оқушысының  тұлғасының  дамуының ерекшелігін оның оқудағы жетістігі, оқу іс-әрекетінің компоненттерін меңгеруі, жалпы оқу біліктілігі  мен  дағдыларының қалыптасу деңгейі анықтайды.

Баланы оқуға үйретуде және ынтасын арттыруда, оқу материалын жүйелі

ұғынуында салыстыру ой операциясы зор маңызға ие. Салыстыру бір нәрсені

екінші бір дүниеден айырмашылығын анықтау немесе ортақ тұстарын табу

болғандықтан, ой үдерістерінің ерекше түріне жатады. Жапония мемлекетінде


оқуға деген талпынысын оятуда өз-өзімен салыстырып отыру керек дейді.

Мәселен, «Асқарға қара, сенен тез оқиды, тез қағып алады» деп емес, «кешегіге

қарағанда бүгін сен тапсырманы жақсы орындадың», «бұл тапсырманы

орындауға сенің қабілетің әбден жетеді» сынды мақтау, мадақтау сөздерін жиі

қолданады. Бұл арқылы бала өзіне мақсат қойып, оны дер кезінде және дұрыс

орындауға тырыса түседі.

Баланы оқуға деген көзқарасын дұрыс қалыптастыру мұғалім есіктен

кірген кезде-ақ басталуы тиіс. Мұғалім «ал сәлеметсіңдер ме, балалар! Қазір

қазақ тілі сабағы. Кім кезекші? Сыныпта кім жоқ?» деп басталатын дәстүрлі

оқытудың жаттанды сөздерінен бастамауы тиіс. Керісінше, «шаттық шеңберіне»

тұрғызып, бір-біріне ізгі тілектер тілеуден басталса, оқушыларда жағымды әсер

пайда болады. Сол арқылы баланың оқуға, мұғалімге деген сыйластығы артып,

алға талпынуға қадамдар жасай бастайды. Бұл арқылы ізгілік, жақсылық,

адамгершілік, бауырмалдық туралы терең тәрбие беріледі. Себебі оқуға

үйретуде тәрбие мен білім қатар жүруі тиіс, әл-Фараби көрсеткендей, «тәрбиесіз

берілген білім – адамзаттың қас жауы». Сондықтан қазіргі заман талабына сай

мұғалім баланың қызығушылығын ояту мақсатында оқыту мен оқудың жаңа

тәсілдерін ұтымды, шебер пайдалана алатын зияткер ұстаз бола білуі керек.

Бүгінгі таңда бастауыш сынып оқушыларының тапсырмалары жылдан

жылға түрліше өзгеріп, күрделеніп келеді. Бұрын кітапта қанша тапсырма

берілді, соншасы ғана мұғалім басқаруымен орындалатын. Ал қазіргі кезде

оқушыға жаңа білімді меңгертуде, оқуды үйретіп, оған деген ынтасын

арттыруда түрлі әдіс-тәсілдер қолданылады. Мысалы, жұптық, топтық жұмыс,

постер жазу және оны қорғау стратегиялары, сөзжұмбақ шешу, түртіп алу

(инсерт), оңай және қиын сұрақтар кестесін қолдана отырып тапсырмалар

орындағанда оқушылардың оқуға деген белсенділіктері жоғарылап, сабаққа

барлығы бірдей қатысуға тырысады.

Дұрыс оқу, түсініп оқу, шапшаң оқу, мәнерлеп оқу бәрі бір-бірімен тығыз

байланысты. Бастауыш сынып оқушылары мәтінді тез оқу арқылы тез түсінеді.

Ежектеп, әр сөзді дыбысқа бөліп оқыса, өзінің не оқығанын әсте түсінбейді.

Сондықтан дұрыс оқыған оқушы шапшаң оқиды, ал шапшаң оқыса, тезірек

түсінеді. Демек, бәрі бір-бірімен тығыз байланыстағы үдерістер.


Осы тұста мұғалім өзінің шеберлігіне қарай мәтінді түрліше оқытуына

болады. Мәселен:

- мәтінді толық оқыту;

- рөлдерге бөліп оқыту;

- сұрақтар қойып, сол сұрақтарға жауаптарды мәтіннен іздетіп оқыту;

- мәтінді оқытып ғана қоймай, мазмұнын айтқызу;

- абзац бойынша оқушыларға бөліп оқыту;

- мәтін мазмұнына сай бөлімдерге бөліп оқыту.

Қалай оқытса да, бұл жерде оқушы өзіне керекті білімді алады. Себебі өзі

немесе жұппен, ұжыммен оқып, әр сөйлемді көзбен іштей оқу арқылы бақылап

отырады. Демек, бұл әрекет баланы тек дауыстап оқуға ғана емес, іштей оқуға

да дағдыландырады.

Бастауыш сынып оқушыларын оқыту түрі екіге бөлінеді. Біріншісі –

дауыстап оқу, екіншісі – іштей оқу. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған

баланың дауыстап оқуы аса маңызды, себебі сол арқылы мұғалім әр оқушының

деңгейін анықтайды. Ал әліппені үйренген соң, баланы іштей оқи алуына назар

салынады, әр ұстаз өз әдісі бойынша дағдыландырады. Оқушыны іштей оқуға

үйретуде екі маңызды нәрсе іске асады. Біріншіден, бала сабаққа өзі

дайындалып үйренеді, дауыстап оқыса өзге оқушыларға кедергі келтіретіні

анық. Екіншіден, бала тек дауыстап оқып үйренсе, оның оқу жылдамдығы

артпайды. Өйткені оқу шапшаңдығын арттырудың ең басты жолы – іштей оқуға

дағдыландыру.

Ал оқушыны қалай дұрыс оқыта аламыз? Бұрын-соңды оқып көрмеген

баланың қате жіберетіні заңдылық. Көп кездесетін қиыншылықтар мен

қателіктерді сараптап, төмендегідей негізгі талаптарды шығара аламыз:

а-ә, ү-ұ, ы-і, ү-ө, д-т дыбыстарын шатастырмау;

сөз алды мен артынан немесе ортасынан артық дыбыс қоспау;

бір дыбысты қысқа қайырып, бір дыбысты ұзақ созбау;

бір дыбысты екі рет қайталатпау;

сөзді әріптетіп оқытпау.

Мұндай қателіктер болмау үшін ұстаз оқушы оқыған кезде-ақ бірден

түзеп отыруы тиіс. Себебі ескерту естімеген бала өзінікін дұрыс деп қабылдап,

ол дереу бала санасына сіңіп кетеді. Сонымен қатар түзетіп ғана қоймай, дұрыс

оқығанына көз жеткізу керек. Болмаған жағдайда ұстаз өзі оқып, балаға кері

қайталатуы қажет. Сонда ғана оқушы дұрыс оқуға дағдыланады, дұрыс оқыса,

мәнерлі және шапшаң оқуға бейімделеді.


Бірақ мәтіннің мағынасын оқушы түсінбесе, оның шапшаң оқығанынан

пайда азырақ. Ғалым Ушинский баланың мәтіннің мәніне үңілместен құр тез

оқып шығуына қарсы болған. Бұл туралы ғалым О.Андреев өз ойымен бірге,

ғалым пікірін қосып төмендегіше білдіреді: «Бала мәтінді нақ түсінген кезде

ғана тез оқи бастайды. Егер баланың түсінуінен гөрі оқуы шапшаңдау болса, ол

баланың түсінбегендігінің белгісі. Оқудың алғашқы кезінде шапшаң оқыту

керек емес, ол пайда емес, зиян әкеледі» [3, 141 б].

Психологтардың зерттеуінше, бастауыш сынып оқушыларының қиялға,

ой еркіне бой ұруы, әртүрлі оқиғаларға деген құштарлығы, өзін ертегі яки аңыз

кейіпкерлерінің орнына қойып, ойға алғанын іске асыруға әрекет жасауы басым

болады. Сондықтан баланы оқуға үйрету ең маңызды аспект – оның сөйлеуі.

Сөйлеу арқылы бала адамдармен қарым-қатынас жасап қана қоймайды,

сонымен бірге өзін қоршаған дүниені таниды, қоғамға сіңіседі. Тілі жақсы

дамыған бала өз ойын дәл жеткізеді және оқуды да ойдағыдай меңгереді.

Жалпы оқу дағдыларының бір саласы – оқу техникасы. Аталған дағдыны  жоғары деңгейде  қалыптастырмайынша оқушының әрі қарайғы  сапалы біліміне қол жеткізу мүмкін емес.

  Қорыта айтқанда, оқушыны түсініп әрі мәнерлеп шапшаң оқуға дағдыландырған сайын оқытудың да мәні арта түсері анық.

Қазір білім, ғылым, техника, ақпараттың дамыған заманы. Мектеп

бағдарламасымен, мектеп оқулықтарымен шектелу – ұстаз үшін үлкен сын. Сол

себепті білімді ғылыми негізге құра білген мұғалім өз шәкіртін биік шыңға

шығара алады. Ал мұның бәрінің алғашқы баспалдағы – бастауыш сынып!



Пайдаланған материалдар:

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1 Выготский Л.С. Собр. Соч. В 6-ти. Т.3. – Москва, 1983. - 510 с;

2. https://bilimainasy.kz/22-15-09-03/

3. Абуова М. Бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық әрекетінің

қалыптасу ерекшелігі // Білім көкжиегі, 2014. №1, 46-48 бб;



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!