Материалдар / Бастауыш сынып оқушыларының халық ауыз әдебиетін оқуға қызығушылығын ояту
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бастауыш сынып оқушыларының халық ауыз әдебиетін оқуға қызығушылығын ояту

Материал туралы қысқаша түсінік
Берілген мақалада халық ауыз әдебиетінің бастауыш сынып оқушыларының тәрбиесі мен дамуына қосатын үлесі, оқушылардың халық ауыз әдебиетін оқуға деген қызығушылығын арттыру жолдары ұсынылған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Наурыз 2024
297
3 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бастауыш сынып оқушыларының халық ауыз әдебиетін оқуға қызығушылығын ояту


Шаймуханова Зере Қанатқызы

Магистрант образовательной программы 7M01301 «Педагогика и методика начального обучения»

КЕаҚ «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті»

E-mail: zerealdazharova@mail.ru


Серикова Нагима Ухияновна

Педагогика ғылымдарының кандидаты

КЕаҚ «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті»


Аннотация: Берілген мақалада халық ауыз әдебиетінің бастауыш сынып оқушыларының тәрбиесі мен дамуына қосатын үлесі, оқушылардың халық ауыз әдебиетін оқуға деген қызығушылығын арттыру жолдары ұсынылған.

Кілт сөздер: халық ауыз әдебиеті үлгілері, тіл байлығы, тіл тазалығы, тәрбие беру, қызығушығын ояту, талдау, түсіну, мағынасын ұғыну.


Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Ұлттың ұлағаты – мәдениетте, мәдениеттің ұлағаты – оқу мен әдебиетте» - деген екен.

Халық ауыз әдебиетінде әдептілікті, адамгершілікті, адалдықты, батырлықты аса жоғары бағалап, аңыз-әңгімелерге, жыр-дастандарға қосып, ақылдылық пен ақымақтық, адалдық пен арамдық, жақсылық пен жамандықты қатар көрсете отырып, салыстыра отырып жырлаған. Ертегілердің бала тәрбиесінде маңызы зор. Ертегілерді оқу арқылы, тыңдау арқылы балалар мейірімді болуды, адалдық пен қарапайымдылық, кішіпейілділік пен адамгершілік сияқты асыл қасиеттерді бойына сіңіреді. Жаңылтпаштар бала тілінің қалыптасуына, таза сөйлеуіне, әр әріпті дұрыс айтуына ықпал етеді. Жұмбақтардың баланың терең ойлауына, ойлау қабілетін арттыруда көмегі зор.

Қазіргі қоғамда көптеген балалар осындай баға жетпес құндылықтарымызға деген қызығушылығын жоғалтуда, олар гаджеттерге, компьютерлік ойындарға, теледидар көруге құмар. Бейне және аудио техникасы дайын визуалды және есту бейнелерін береді, сондықтан балалардың кітапқа деген қызығушылығы, оқуды үйренуге деген ұмтылысы төмендейді. Балалар ертегілерді білмейді, ертегі кейіпкерлерін атамайды. Қазірде ертегі айтатын әжелердің де саны азайып кеткен, олардың орнын ютубтағы, әлеуметтік желілердегі мультфильмдер басқан.

Халық ауыз әдебиеті балаларды адамгершілік, ақыл-ой және эстетикалық тәрбиелеудің күшті құралы ретінде қызмет етеді. Кітап бейнелі, грамматикалық тұрғыдан дұрыс сөйлеуді қалыптастыруға, мектеп жасына дейінгі балалардың белсенді сөздік қорын байытуға үлкен әсер етеді, біртұтас монологиялық және диалогтық сөйлеуді дамытады, адамның жеке басы мен сөйлеу шығармашылығын дамытуда үлкен рөл атқарады. Бастауыш сынып балаларында есте сақтау, зейін, ойлау сияқты танымдық процестерді дамытудың маңызы зор, бұған кітап та көмектеседі.

Бірінші сыныпқа жаңа келген бала әлі оқи алмайды, оның оқуға деген қызығушылығын арттыруда басты рөлді ересек адам ойнайды, оның алдында өте маңызды міндет тұр — баланы көркем шығармамен таныстыру, идеяны ашу, кейіпкерлердің сезімдері мен тәжірибелерімен баурап алу, олардың іс-әрекеттерін талқылау, балалардың ауыз әдебиетін оқуға деген қызығушылығын жандандыру. [1]

Қазіргі күні балалардың тіл байлығының, сөздік қорының, тіл тазалығының азайғанын аңғаруға болады. «Тіл байлығы, тіл тазалығы –ұлт қасиетінің, салт-сананың негізгі өнеге, нағыз белгісі»- деген Б. Момышұлы. Бастауыш сынып оқушыларына білім беру – білім сатысының алғашқы баспалдағы, алғашқы қадамы, қиын да жауапты жұмыс. Мұғалімнің алдында тұрған басты міндет бастауыш мектеп баласына әріп үйретіп, санатып, білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту яғни сөйлеу, таза сөйлеу, толық сөйлем құрау, оқу, оқығанын түсіну, ойын дұрыс жеткізуге, салыстыра білуге үйрету. Сонымен қатар, балаға тәрбие беру, патриоттық сезімін ояту. Оқушылардың тілін ширату, сөздік қорын молайтуда халық ауыз әдебиетін оқытудың маңызы зор.

Қазақ халқының бай салт-дәстүрі мен әдебиетінің келер ұрпаққа берері көп. Соның ішінде халық ауыз әдебиетінің маңызы ерекше. Халық ауыз әдебиеті –халық шежіресі.

Халық ауыз әдебиетінің үлгілері көп. Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда бірінші сыныпта батырлар жырынан, ертегілерден үзінділер, жаңылтпаштарды, жұмбақтарды, санамақтар мен сұрамақтарды, мақал-мәтелдерді, пайдалана отырып балалардың тілін, ой-өрісін, дүниетанымын, қиялын дамытсақ сыныптары жоғарылаған сайын балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты берілетін ауыз әдебиетінің үлгілері де күрделене түседі. [2]

Бастауыш мектеп жасындағы балаларды оқуға қызықтыруда ертегіден бастаған дұрыс. Ертегінің бала санасына тәрбиелік ықпалы ерекше. Баланың қиялын дамытуда, бала бойында адамгершілік пен адалдықты қалыптастыруда, жақсы мен жаманды ажырата алуына көп көмектеседі. Ертегілерді тілі түсінікті, қанатты сөздер мен бейнелі тіркестерге бай болып келеді. Қазақ ертегілерін Ш.Уәлиханов, М.Көпеев, М.Әуезов, М.Ғабдуллин, Г.Н.Понанин, С.Сейфуллиндер зерттеп, жинақтап, ертегінің адам баласының қиялынан, арманынан, болашақтан күтетін үмітінен туған деп қарастырады. [3]

Мектепке жаңа келген ойын баласын кітапқа қызықтыру үшін қойылым ретінде өткізуге болады. Рөлдерге бөліп, көрініс қою арқылы бала ертегінің ішіне еніп, қиялға ерік береді, баланың қиялын дамыту артқылы, оның ертегі оқуға, кітап оқуға деген қызығушылын оятамыз. Қойылым соңында баладан осы көріністен не түсінгенін, қандай тәлім алғанын сұрап, сол арқылы қорытындылаған жөн. Балалардың өзіне ертегі үзіндісін алып келіп, әрі қарай жалғастыруға мүмкіндік беріп, 2-3 кейіпкерден тұратын шағын ертегіні өз ойынан құрастырту. Кейіпкерлерге қарапайым мінездеме берудің пайдасы мол. Ертегі кейіпкерлеріне берілген мінездеме кейіпкермен толығырақ танысып, оны тереңінен зерттеп, түсінуге жол ашады. Жағымды кейіпкердің жақсы қасиеттерін талдап, соған қарап бой түзеуге, жағымсыз кейіпкердің жаман қасиеттерін талдап, сондай қасиеттен бойын аулақ ұстау керектігін түсінеді.

Жаңылтпаштар - балаларға арналған халық ауыз әдебиетінің қызықты бір жанры. Тілдегі қиын айтылатын дыбыстар мен сөздерден, сөз тіркестерінен тұрады және сол арқылы баланың дұрыс сөйлеу, әр әріпті анық айтуға, бала тілін ұстартуға жаттықтыратын таптырмас құрал. Мектепке келгенде кейбір әріптерді анық айта алмайтын балалар үшін, балалардың тілі келе бермейтін дыбыстарды дұрыс, анық айтуға; сондай-ақ а-ә, о-ө,ұ-ү, ы-і, қ-ғ, з-с, ш-с, к-г,н-ң дыбыстары бар сөздерді алмастырмауға; кейбір дыбысталуы ұқсас, мағынасы басқа сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс айтуға үйретеді.

Мақал-мәтелдер баланың ойлануын және қиялын дамытады, сана сезімдерін сергітеді. Халық даналығына, сөз мағынасына мағынасына мән беріп қарауға үйретеді, баланы нақты ойлауға, сөз астарына терең бойлап, мән-мағынасын ұғынуға жетелейді. [4]

Мақал-мәтел, жаңылтпаштарға деген баланың қызығушылығын ояту үшін ұялы телефонда хабар алмасу үшін қолданатын смайликтерді мақал-мәтелдер мен жаңылтпашдары есте сақтау үшін қолданған тиімді. Оқушыға үйден қандайда бір тақырыпқа байланысты мақал мәтелдерді жаттап келуді тапсырып, сыныпта соны талдап, әр мақалдың мағынасын түсіндіріп, смайликтермен суреттеп бекітуге болады. Мысалы, бала білі – бал (???). Ойыннан от шығады (???). Жаңбырмен жер көгереді, Батамен ел көгереді (??????????). Смайликтер болуы міндетті емес, суретпен ребус ретінде жасырылса да болады, бұл баланың қиялына байланысты. Бірден суреттермен жасырылған мақалдардың карточкаларын үлестіріп, соған қарап мақалды табуға болады. Бұл тек мақал-мәтелді жаттауға, түсінуге емес, ойлау қабілетін, зейінін ашуға көмектеседі. Жасырылған мақалды тапқан соң міндетті түрде оны талдап, мағынасын балаға түсіндіру керек:«Неге олай айтылған? Қай кезде қолданамын?»- деген сұраққа жауап беру керек. Осы секілді жаңылтпаштарды да суреттеуге болады. Сабақ үстінде жұмбақтар қойып, олардың шешімін тапқан соң, балалардың өздеріне айналадағы кез келген затқа жұмбақ құрастырып көр деген тапсырма беруге болады. Осы арқылы ол жай көзбен көріп қана қоймай, ол затты суреттеуге түрлі заттарға теңеп, сөздік қорын, ойлау қабілетін түгелдей іске қосады.

Сонымен, сыныптағы кез келген жағдайда, күнделікті сабақ барысында мұғалім мақалмен, нақыл сөздермен, жұмбақтап сөйлеп отырса, баланың бойына ол сөздер сіңіп, қызығушылығын арттырады. Себебі, бала ұстазға қарап бой түзейді.

Қорытындылай келе, балаға жеке қойын дәптер немесе жетістік дәптерін бастатуды ұсынғым келеді. Онда ол оқыған ертегілерін, олардың кейіпкерлерін, әңгіме болса авторымен қосып, жаттаған мақалдарын, жұмбақ, жаңылтпаштарын жазып отырады. Қалай жазады ол өз еркі, суретқылып салады ма, жазбаша жазады ма, немесе, смайликтермен жазады ма, әрі қарай баланың қиялыына байланысты. Себебі оқыған, білген дүниені міндетті түрде бекітіп, сақтап қою керек. Сонда бала өзінің жетістіктерін өз көзімен көріп, ата-анасына да мақтанып, бір-біріне күнделіктерін көрсетіп, таласып, жарыса оқу арқылы қызығушылығы артады. Келесіде мен бұдан да көп оқуым керек деп алдына мақсат қойып, соған жетуге ұмтылады.


Әдебиеттер


  1. Богова, А.С. мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім беру мекемесіндегі Жобалық іс-шаралар арқылы көркем әдебиетті оқуға баулу / А. С. Богова. - Мәтін: тікелей / / мектепке дейінгі педагогика мәселелері. — 2021. — № 11 (48). — 16-18 ББ. - URL: https://moluch.ru/th/1/archive/211/6816 / (өтініш берген күні: 13.03.2024).

  2. Жукаева А.К. /Бастауыш сыныптарда халық ауыз әдебиетін сын тұрғысынан ойлау арқылы оқытудың тиімділігі 2017/ https://intolimp.org/publication/bastauysh-synyptarda-khalyk-auyz-diebiietin-syn-tu-rg-ysynan-oilau-ark-yly-ok-yt.html

  3. Кожагельдиева, С. С. Әдебиеттік оқу пәнінде қазақ халық ертегілері арқылы бастауыш сынып оқушыларына адамгершіллік тәрбиені қалыптастыру / С. С. Кожагельдиева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2018. — № 5.1 (191.1). — С. 49-51. — URL: https://moluch.ru/archive/191/48252/ (дата обращения: 27.03.2024).

  4. Ансабаева А. Бастауыш сыныптарда халық ауыз әдебиеті үлгілерін оқыту/ 29.08.2013, Білім шапағаты/ https://bsh.kz/news/6184

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!