400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ САПАСЫН АРТТЫРУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Біздің басты мақсатымыз – білім сапасы. Білімнің сапалы болуы тікелей мұғалімге, оның білім дәрежесі мен іздену шеберлігіне байланысты. Мұғалім – тікелей оқыту мен тәрбиелеу үрдісіне жаңалықты енгізуші, оқушымен бірлесе жұмыс істейтін белсенді әрекет иесі. Мектептегі оқу жұмысының сапасы мұғалімнің оқушылардың оқу әрекеті дұрыс ұйымдастыра білуіне, оның тиімділігін мейлінше жетілдіре білуіне байланысты болады. Оқушылар әрекетінің ең басты және жетекші түрі – оқу
Материалдың қысқаша нұсқасы

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ САПАСЫН АРТТЫРУ


Келебатырова Анар Бигалиевна

Алматы облысы Райымбек ауданы Сарыжаз ауылы «Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы орта мектеп» бастауыш сынып мұғалімі


Біздің басты мақсатымыз – білім сапасы. Білімнің сапалы болуы тікелей мұғалімге, оның білім дәрежесі мен іздену шеберлігіне байланысты. Мұғалім – тікелей оқыту мен тәрбиелеу үрдісіне жаңалықты енгізуші, оқушымен бірлесе жұмыс істейтін белсенді әрекет иесі. Мектептегі оқу жұмысының сапасы мұғалімнің оқушылардың оқу әрекеті дұрыс ұйымдастыра білуіне, оның тиімділігін мейлінше жетілдіре білуіне байланысты болады. Оқушылар әрекетінің ең басты және жетекші түрі – оқу.  Тәуелсіз еліміздің ертеңі, болашағы, қазіргі ұрпақ- мектеп оқушылары. Жас ұрпақты тәрбиелеу, білім нәрімен сусындату біздің, яғни мұғалімдердің негізгі міндеті деп түсінемін. Еліміздің болашағы жарқын болу үшін, жас ұрпақты білімді, әрі жан-жақты етіп тәрбиелеу.

Заман талабына сай оқу үрдісін ұйымдастыруда оқушыны өнімді әрекетке баулу арқылы өз мүмкіндігін сезінуге, ашуға, өз бетінен білімін толықтыруға үйрету, аса қабілетті балалардың танымдық мүмкіндіктеріне сай сұранысын қанағаттандыру аса маңызды. Осыған байланысты баланы зерттеу әрекетіне дайындау, оның зерттеушілік ізденіс білігі мен дағдыларын қалыптастыру қазіргі заманға білім беру ісінің маңызды міндеті болып есептеледі. Қазіргі таңда еліміздің барлық мектептерінде білімнің жаңа жүйесі енгізіліп жатыр. Мұндағы негізгі мақсат-жаһандану заманында білімнің бүкіләлемдік кеңістігіне енуі. Сондықтан жаңашылдық, яғни инновациялық жүйе негізінде оқушылардың белсенділігін арттыру, өзіне сенімділігін қалыптастыру, танымдық-шығармашылық қабілетін дамыту, яғни шығармашылық тұрғыдан ойлай білетін дара тұлғаға терең білім беру.

Мектептің бастауыш сатысындағы оқу пәндері бойынша оқу-тәрбие сапасын мониторингілеу, оқушылар білімін оқу пәндері бойынша мемлекеттік міндетті стандарт пен оқу бағдарламасына сәйкестігін тексеру, олардың білімді меңгерудегі кемшіліктер мен жетімсіздіктерді анықтау, оны жетілдіру мақсатында жүргізілетін бақылау. Мониторингілеу - «оқушы-оқытушы-ата-ана» арасындағы ынтымақтастық, байланыс, бірігіп жұмыс істеу, шығармашылық одақта болу, бірге басқару сияқты қарым-қатынастардың орнығуына ықпал етеді. «Оқушы- оқытушы -ата-ана жүйесінде мониторингілеу- оқушының білімін үздіксіз бақылау нәтижесінде оқушыны білімсіздіктен білімге қарай ұмтылдырады. Мониторинг-белгілі бір нәрсенің жай-күйін бақылау, талдау және болжау жүйесі , белгілі бір параметрлерді анықтаудағы бақылау құралы. Мониторинг бөлшектері мыналар: байқау, сараптау, бағалау, жетілдіру. Демек барлық оқушының сабақты жақсы оқуын қамтамасыз ету –әрбір мұғалімнің қолынан келетін іс.

Сабақта жаңа технологияларды тиімді пайдалану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады, шығармашылық қабілетін дамытады, қоршаған ортаны танымдық зерттеу барысында дидактикалық мақсаттар іс жүзінде асырылады. Педагогикалық ізденіс барысында оқушыларды тәрбиелеу мен оқытуда жаңа әдістемелерді қолдануды оқу үрдісіне енгізудің маңызы ерекше. Сабақтың тиімділігін оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру үшін тақырып материалдарын оқып үйренуде, олардың әртүрлі ізденушілік бағыттағы тапсырмаларды орындауларынан байқауға болады. Оқытудың осындай жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалануда мұғалім де, оқушы да табысқа жетіп, білімін шыңдай түседі. Қазіргі кезде мектептің оқу-тәрбие үрдісінде 50-ден астам педагогикалық технологиялардың қолданылып жүргені мәлім. Бұл технологиялардың бәрін бір сабақта қамту мүмкін емес. Сондықтан, мектептегі әрбір пәнді оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы оқушының білім жетістіктерін арттыруға болады. Мұнда оқушының әрекеті – технологияны қабылдауы, ынтасы, құштарлығына көңіл бөлінуі тиіс.

Осындай жұмыстарды іске асыруда, оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында көптеген әдіс — тәсілдер бірыңғай болмай, алмасып келіп отыруы керек. Бір типті жұмыстар баланы жалықтырып жібереді. Тек қана шығарма немесе мазмұндама ала берсең, бала дұрыс нәтиже де бермейді; немесе, математика сабағында мысал орындата берсең, есеп шығаруға қызығушылығын оята алмасаң, бала бойында өз бетімен жұмыс түгілі міндетті деңгейді де ұғындыру қиынға созады.

Өздігінен оқушының орындайтын тапсырмалардың түрлері:

  • теріп жазу;

  • бақылап белгілеу;

  • үлгіге қарап орындау;

  • құрастыру;

  • сәйкестендіру;

  • үйлестіру;

  • түрлендіру;

  • ВЕНН диаграммасымен салыстыру;

Осы әдіс — тәсілдерді алмастырсақ, баланың пәнге, оқуға қызығушылығын оятып, қабілеттерін ұштап отырсақ, өз бетімен ізденуге талпыныс пайда болады. Осындай игі жұмыстардың арқасында баланың өздігінен іздену, жұмыс істеуге талпыныстары күшейе түседі де, бойында белгілі бір қасиеттер пайда болады:

  • іс жүзінде білімін қолданып көру;

  • өз ойын жүйелеп жеткізу;

  • талас, пікірталас, ой талас;

Бастауыш сатыда әрбір пән бойынша оқушылардың оқу жетістіктерінің өлшеуіштер тәсілдері ретіндегі деңгейлік тапсырмалар жүйесін дайындауға болады. Оқушының дайындық деңгейін саралау оқушының жеке танымдық мүмкіндігін ескерудің басты тәсілі ретінде қарастырылуы тиіс. Тапсырмаларды білімді қабылдауға бағдарланған іс-әрекеттік модель ретінде қарастыруға болады. Оқытудан күтілетін нәтижелер тізбесін негізге ала отырып, әртүрлі деңгейдегі тапсырма түрлерін ауызша тексеру, жазбаша тексеру, тапсырма беру, жауапты талдау тапсырмалары, бір ғана дұрыс жауабы бар тапсырмалар, ашық және еркін жауабы бар тапсырмалар, түрлі практикалық сипаттағы тапсырмалар түрінде қарастыруға болады.

Жас ұрпақтың жаңаша ойлануына, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуында әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жанаша білім мазмұнын құру жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселе . Бүгінгі орта білім беру ісіне қойылар талаптар қай кездегіден де күрделі маңызды. Өйткені, бізді дамудың жаңа кезеңі күтіп тұр. Сол кезеңге лайық ұлттық санасы жаңғырған жаңа ұрпақ тәрбиелеу міндеті мойынымызда. Барлық кедергілерді жеңу, табысқа талпыну өз қолымызда деп білемін. «Оқусыз – білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» деген халық даналығы ешқашан мәнін жоғалтпақ емес.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
26 желтоқсан
208
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі