Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жетісу облысы

Кербұлақ ауданы

Сарыөзек ауылы

49 орта мектеп

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бастауыш сынып мұғалімі

Досимайлова Мөлдір Аманжолқызы


Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту

Оқушы бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы ретінде қарастырылады. Қазіргі бағдарламада оқушының еркін сөйлеуіне, пікір таластыруына, достарының ойын тыңдауға, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге бағытталған жұмыс түрлері іске асырылады.
Қазіргі таңдағы ұстаздың міндеті – оқушыны зерттеу, икемділігін анықтау, бағыт – бағдар беру, үйрету, қызықтыру және нәтижеге қол жеткізу, ынталандыру. Қажет кезінде ата –анамен тығыз байланыс орнатып, оқушының жұмыстарын көрсетіп, бағыт – бағдар беріп, ақылдасуға болады.

Қабілет дегеніміз не? Ол – адамның бір іс-әрекетті орындауда әрқилы деңгейде көрінетін жеке қасиеті. Оны данышпандар асыл мұраға да теңейді. Өйткені, кез келген адамда ерекше бір көзге түсетін қасиет болады. Егерде сол адам оны қастерлеп, өмірмен біте қайнасып жүруіне үнемі жағдай жасап отырса, онда оның қолынан келмейтін нәрсе жоқ.

Қабілет нышандарын дамыту барысында төмендегі міндеттер іске асқан кезде ғана нәтиже беріледі:

1. Оқушының жеке тұлғасының қалыптасуына жол беру.

2. Жеңілден ауырға қарай жеткізу, жоғарғы жетістіктерге апару.

3. Бала бойындағы қабілет нышандарының қай түрі байқалғанына қарай қабілетін тану, ортаға енгізу, жеке еңбектері мен жұмыстарын көтермелеу.

4. Балаға берілетін тапсырма толығымен, жаңадан өтетін тақырыппен байланысты берілуі керек.

5. Сабақта өтілген бір тақырыпқа жаңаша, басқаша көзқараспен қарауға үйрету, жеке тапсырма беру.

6. Баланың өз бетімен жұмыс істеуіне ерік беру.

Балалық кезеңдегі бала бойындағы қабілеттің нышандарын анықтау және оны дұрыс тәрбиелеу мұғалімдер баланың оқуға ынтасын қалыптастыру арқылы, олардың бойындағы қабілеттерінің дамуына кең жол аша алады.

Оқушы бойындағы дарындылықты табиғи талантпен шектеліп қалмай, табандылықпен еңбектенуге баулу.

Бастауыш сынып оқушылары жалпы алғыр, шапшаң, сезімтал, ештеңені жасырмай, нені болсада ашық, еркін айтады. Олар мұғалімнің жетегіне тез ілескіш, үлкендердің ой – пікіріне қатты сүйенеді. Сондықтан баланың шығармашылығын дамытуда ұстаз көп еңбек сіңіруі керек. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз – оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету.

Оқушыларды шығармашылыққа баулу үшін тағы бір қажеттілік – оларды психологиялық дайындықтан өткізу, яғни шабытын оятып, құлшындырып, еліктіріп отырып, «сенің қолыңнан бәрі келеді екен ғой», «өзің де бәрін біліп, үйреніп  аласың» деп олардың кішкентай жетістіктерін мадақтап, көтермелеп отыру керек.

Бастауыш мектепте шығармашылық қабілеттіліктері оқу әрекетінде көрінеді. Оқу әрекетінде мұғалім мен оқушы тығыз байланыста болуы керек. Ол үшін мұғалім бар күш – жігерін, педагогикалық шеберлігін оқушы бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға, үйлесімді дамытуға бағыттауы, шығармашылық жағдай жасауы қажет. Менің байқағаным, бастауыш сыныптарда шығармашылықпен жұмыс істеуге үйренген оқушы жоғарғы сыныптарда шығармашылық жұмыстың қай түріне болсын бейім болады және дұрыс жол табу үшін дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге тырысады. Оқушы не нәрсені болса да білуге құмар, қызыққыш, қолымен ұстап, көзбен көргенді жақсы көреді. Оқушылардың қызығуын арттыру жақсы ұйымдастырылған сабаққа байланысты. 

Шығармашылық жаттығу, ойын – тапсырмалардың мазмұны жеткіншектердің жас ерекшелігіне, қызығушылығына үйлесуі керек.

Оқушылардың шығармашылықпен айналысуына мектепте, сабақ үстінде, үйде қолайлы жағдай жасау. Шығармашылық бағытқа баланы жүйелі, саналы түрде қалыптастырып отыру.

Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыра түсіру үшін шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда әртүрлі әдіс – тәсілдерді қолдану болып табылады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.01.2024
129
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі