Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА АҒЫЛШЫН ТІЛІН ДЕҢГЕЙЛЕП ОҚЫТУ ТӘСІЛДЕРІ
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА АҒЫЛШЫН ТІЛІН
ДЕҢГЕЙЛЕП ОҚЫТУ ТӘСІЛДЕРІ
Бекмұрат Уахатов атындағы орта мектеп
Жоғары санатты ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Тусупханова Асия Машраповна
Ел дамуының ертеңгі бағыт-
бағдарын саралаған Елбасының Жолдауында білім беру саласына: Ұлттық
бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен
айқындалады. Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кірігу білім беру
жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз деп
ерекше мән берілген. Алайда, жаһандану дәуірінде қатаң бәсекеге
төтеп бере алатын мемлекет қана өркениет көшіне ілесе алады.
Мемлекеттің бәсекелестік қабілеті ең алдымен оның білімділік
сипатымен айқындалатынын ескере келе, білім мен тәрбие беру
саласының маңызы ерекше екенін мойындауымыз керек.
Адам қазіргі дамуында табиғаты мен ойының мөлшерсіз мүмкіндіктерін
игеруге ұмтылуы қажет. Қазіргі таңда мұғалімдердің негізгі міндеті
– ұлттық ділі жоғары, сана-сезімі дамыған, өзіндік көзқарасы бар
жеке тұлғаны қалыптастыру және оқушылардың өз бетімен білім алу
жолдарына үйрету.
Осыған орай оқушы оқыту үрдісінде, әрбір сабақта өзінің оқу
әрекетінің мақсат-міндеттерін анықтап, соларды іске асырудың нақты
тәсілдерімен амалдарын қолданып, өзін-өзі бақылап отыруға тиіс.
Міне, осындай жағдайда ғана балада білімге деген қажеттілік,
талпыныс, қызығу, танымдық белсенділігі қалыптасады.
Оқушыны оқу үрдісінің нысаны ретінде ғана санамай, оны сол үрдістің
тең құқықты мүшесі ретінде қабылдап, оқушыға бет бұру қазіргі
мектеп дамуының негізгі қарқынының бірі болып отыр. Қазақстан
Республикасы гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында білім берудің
гуманитарлық сипаты, онда адам тек жай зерттеу объектісі ретінде
ғана емес, ең алдымен, шығармашылық пен таным субъектісі, өзінің
шығармашылыққа деген құлшынысымен оқушыларды баурап әкететін
субъект ретінде көрінумен бедерленеді делінген. Осыдан білім беру
саласында ең алғашқы орында тұрған ол-мектеп мәселесі екенін аңғара
аламыз. Себебі мектеп бүкіл білім жүйесінің бастау алар тұсы,
білімділіктің іргетасы қаланар сынақ алаңы.
Бүгінгі күннің өзекті мәселесі сапалы білім беру үшін сапалы
мұғалімдер даярлау. Білімнің сапалы болуы үшін ең алдымен Білім
бұлағы-кітапта демекші жақсы көңілге қонарлық оқулық және білімді
оқушы санасына сіңіре білетін шебер мұғалім қажет.
Зерттеудің мақсаты білім беру сатылары арасындағы дамыта оқытудағы
сабақтастықты талдау және тәжірибе мен теория жүзінде
сабақтастықтың тиімділігін қалыптастыру. Оқытудың түрлері және
әдіс-тәсілдеріндегі сабақтастықтың дидактикалық шарттарын
тұжырымдау, оқушылардың үздіксіз математикалық дайындығындағы
сабақтастықтың теориялық, ғылыми-әдістемелік негізін жасау.
Бастауыш сыныпта және негізгі буында математиканы дамыта оқытуда
сабақтастықтың орындалу үрдісі.
Бастауыш сыныпта және негізгі мектеп математикасын сабақтастыра
отырып дамыта оқытудың мазмұны арасындағы, оқыту формасы және
әдіс-тәсілері арасындағы байланыс жүйесін қамтамасыз ету
жолдары.
Егер сабақтастық тұжырымдамасын белгілі бір мақсатта қарастыра
отырып, Бастауыш сынып оқытудың жетекші компоненттері мен
мұғалімнің іс-әрекеті стиліндегі негізгі ұстанымдар мен
дидактикалық шарттардағы сабақтастықты қамтамасыз етсек, онда
Бастауыш және негізгі мектептерде математиканы сабақтастық
негізінде дамыта оқыта отырып, оқытудың сапасын арттырып,
оқушылардың білімдерін кеңейтіп, тереңдеуін қалыптастырар едік,
өйткені үздіксіз математикалық дайындығында дамыта оқытудағы
сабақтастық оқушылардың қабілеттілігі мен құзреттілігін
қалыптастыруға жағдай жасайды.
Зерттеудің міндеттері. Оқыту және тәрбие процесінің диалектикасы
оның өзара байланысында, үздіксіз дамуында, жылжымалылығында және
қарама-қайшылылығында ашылады. Сондықтан қарама – қайшылықты шешіп,
сапалы білім беру үшін мектепте математиканы дамыта оқытуда
сабақтастықты қамтамасыз ету қажет.
1. Үздіксіз білім беруде математиканы дамыта оқытудағы
сабақтастықты анықтау.
2. Оқулықтардағы теориялық білім мазмұнындағы және есептер жүйесін
қосымша құрастырылған есептермен толықтырудың қажеттілігін
негіздеп, олардың негізгі міндеттерін ашып көрсету.
3. Оқулық құрастыруда тақырыптық сабақтастық мүмкіншіліктерін
анықтау және мектеп оқулықтарындағы теориялық білім мен есептер
жүйесін толықтыру мақсатында есеп құрасытырудың келесі бағыттарын
қарастыру:
а) әр түрлі тәсілдермен берілген мәтінді есептер;
б) логикалық есептер
в) геометриялық есептер
г) ЭЕҚ –на қатысты қарапайым салу есептері
4. Қосымша есептер жүйесін және мәтінді есептерді әртүрлі
тәсілдермен шығару әдістемесін мектеп практикасында қолдану
әдістемесін қарастыру.Дамыта оқыту технологиясы
қазіргі уақытта жаңа технологиялардың бірі деп келеді. Дамыта
оқытудың негізін Ян Амос Коменский өзінің 17 ғасырда «Ұлы
дидактикасында» айтып талдап берген. Содан кейін орыс ғалымдары
К.Д.Ушинский, Л.С.Выготский еңбектерінде қарастырылып, 1969 жылдары
Ресей ғалымдары Л.ВЗанков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов көтерді.
Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың зерттеулері оқушыны «субъект»
ретінде тануға бағытталды. Жаңа технологияны сабақ үрдісіне қолдану
үшін, әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушыларының жас
ерекшіліктерін ескере отырып, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап
алады.Жаңа технологияны жүзеге асыру үшін мұғалімге көп ізденіс
керек. Сонымен қатар, сыныбындағы оқушыларының қай пәнге қабілетті
екенін байқап, ары қарай дамытуға көп көмегін тигізу қажет. Мен
жаңа технология бойынша өз сыныбыма Ж.Қараевтың «Деңгейлеп оқыту»
технологиясын математика және қазақ тілі пәндеріне
қолданамын.Мұндағы мақсатым- өз бетімен дами алатын, әртүрлі
өмірдің қиындықтарына төзе білетін, белсенді, білімді оқушы
тәрбиелеу.Жылдар бойы сабақ жүргізу нәтижесінде оқушының білім
сапасын көтеруге, олардың пәнге деген қызығушылығын арттыру
барысында жан-жақтылыққа ұмтыламыз және ізденеміз. Алдыңда отырған
оқушының білім деңгейі, білімді менгеру дағдысы барлығында бірдей
болуы мүмкін емес жағдай.Деңгйлеп саралап оқыту технологиясы
оқушының да, мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытуға
бағыттайды.
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясында жұмыс міндетті үш деңгейлік, қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады. Оның басты мақсаты – сынып оқушыларын «қабілетті», «қабілетсіз» деген жіктерге бөлуді болдырмау. Сабақта қандай оқушы болмасын, жақсы оқитынына қарамастан жұмысты І деңгейден орындайды. І деңгей тапсырмаларын орындау мемлекеттік білім стандарты талаптарының орындалуына кепілдік береді. І деңгейді орындаған оқушы «3» деген бағамен бағаланады. Әрбір оқушы І деңгейді орындауға міндетті және одан жоғарғы деңгейдегі тапсырмаларды орындауға құқылы. Осы тұрғыдан алғанда «үлгерімі төмен, баяу» оқушы жақсы оқитын оқушыға ілесе алмай жатса не істеуге болады? — деген сұрақ туады. І деңгейден аса алмай жатқан жағдайда қалған тапсырмаларды үйде орындауға беру керек.ІІ деңгейдегі тапсырмалар өзгертілген жағдайда немес өткен сабаққа арналған тапсырмалар бойынша,ІІІ деңгейдегі тапсырмаларына талдау, жинақтау, қорыту барысында есептер, тапсырмалар беріледі.Ал ІҮдеңгейлік тапсырмалар оқушының шығармашылықпен жұмыс істей алатындай, ойын дәлелдей алатын қабілетті оқушылар орындау үшін беруге әр мұғалімнің тәжірибесіне байланысты. Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының екінші бір жағы – оқушыларды дүниежүзілік білім жүйесінде қолдананылаты рейтинг – ұпай жинау әдісіне баулу.
Деңгейлік тапсырмалар рейтинг-ұпай – балл жинау әдісімен бағаланатынын ескерсек, оқушылардың деңгейлік сабақ өткеннен кейін де сол тапсырмаларда жіберген қателіктеріне, тапсырмаларын орындауда қолданған тәсілдеріне анализ жасап, қателіктері мен кемшіліктерін анықтай білуге мүмкіндік береді. Келесі тапсырмаларда оқушы неғұрлым көбірек ұпай жинау үшін ізденіп оқытушыдан, жолдастарынан, қосымша материалдардан білім жинайды.Деңгейлік тапсырмалар бойынша бағалау «ұпайлық» жүйемен жүзеге асырылады. І деңгейді орындаған бала 5 ұпай жинаса «3»алады.ІІдеңгейді орындаған 10 ұпай жинаса «4» алады.ІІІ деңгейді орындаған 15 ұпай жинайды «5» баға қойылады.ІҮ деңгейге 20 ұпай «5» деген баға алады.
Деңгейлеп – саралап оқыту технологиясының әдіс – тәсілдерін қолдану
Сондықтан Қараевтың насихаттап жүрген деңгейлеп оқыту технологиясында оқушыны жан-жақты мүмкіндігін ескере отырып жеңілден аурына қарай деген принципті қолдана отырып, жүйелі түрде қойылатын мақсат – білім, білік дағдыларын тұрақты болуына, өз бетімен жұмыс істеу қабілетінің дамуына ықпал ету. Ол үшін оқушылар мынадай әдіс тәсілдерді қолдану қажет:
· Берілген тапсырмалардың ерекшелігіне көңіл бөлу;
· Берілген тапсырма қызықты, маңызды болған кезде ғана оқушылардың сабаққа қызығушылығы артады.
Деңгейлеп оқыту, біріншіден, білім алушының жеке қабілетін анықтауға, екіншіден, білім алушылардың бір-бірінен қалмауына мүмкіндік берсе, үшіншіден, әр білім алушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады, төртіншіден, әр білім алушы өз деңгейімен бағаланады.
Деңгейлеп – саралап оқыту технологиясының тиімділігі мен нәтижелері
Оқыту технологиясының тиімді жақтары:
1. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
2. Төменнен, жоғарыға қарай деңгейлік тапсырмалар беру;
3. Әр оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады
4. Оқушылардың тақырыптан алған білімдерін бекіту.
5. Күрделі тапсырмаға байланысты оқушының ойлау қабілеті артады.
6. Оқушылардың білімін қолма-қол бағалау.
Мақсаты:
1. Әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту.
2. денгейі төмен оқушылармен жеке жұмыс жасау, қолдау көрсету;
3. дарынды оқушының тереңірек білім алуына жағдай жасау;
4. оқушының ынтасын қабілетін арттыру.
Ерекшелігі:
1. Таланттылар, дарынды оқушылар өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте түседі, әлсіздер оқуға ниет білдіріп, сенімсіздіктен арылады.
2. оқушылардың оқуға деген ынтасы артады.
3. білім дәрежесі бірдей топтарды оқыту ісі жеңілдейді.
Күтілетін нәтиже:
1. Оқушылардың психологиялық ерекшелігін, ақыл-ойының дамуы және өзін-өзі жетілдіру.
2. Дарынды балалар болса қушының – зерттеу жұмыстарын дамыту.
3. Мұғалімнің жан-жақты дамуына мүмкіндік туғызады.
Осы нәтижелерге жыл басынан тәжірибе жасай отырып, өзім беретін 3 сыныпта ең әлсіз оқушылыр мен ең мықты деген оқушыларды іріктеей отырып, олардың шын мәнінде жаңа айтылған жоғарыдағы қасиеттер қажет ететінін байқадым. Олардың барлығы өздерімен жеке жұмыс жасауды қажет етеді. Оларды сыныпта отырған өзге оқушылардан артта қалмас үшін әр сабақ үстінде, сол өтілген тақырып бойынша оқулықтан тыс, жеңіл тапсырмалар беру арқылы жұмыс жасаймын. Содан соң барып, оқулықтағы ең жеңіл деңгейдегі «А»-нұсқасын орындауға жүгіндіремін. Соның нәтижесінед ол оқушылар өздерін қалған оқушылармен бірдей деңгейде жұмыс істеп отырмын деп санайды. Нәтижесінде жеңіл тапсырмаларды берудің барысында оқушының да ынтасы арта түседі.
Керісінше шамасы келмегеніне қарамастан басқалармен бірдей тапсымаларды орындағысы келеді. Бірақ, бұдан еш нәтиже шықпайды. Неге? Өйткені бұл балардың психологиясы жас ерекшелігіне қарай жеке талапты көп қажет етпейтін сияқты. Олар өзгелерден кем болғысы келмейді. Сөйте тұра олардың пәнге деген қызығушылығы да жоқ деп айта алмаймын. Олар кейде сабақ арасында айтылатын қызықты, логикалық есептерге көңіл бөле алады, ойлап, шешуге тырысады. Ал қазақ тілінен де оқушылардың білімін тексеруге болады. Мұндай кезде ондай оқушыларды қолдап, қолпаштап отыру керек «жарайсың» «мықтысың» деген сияқты сөздер айту керек.
Жалпы қызықты жаттығу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп отыру – сол тиімді әдістердің бірі. Қызықты жаттығулар балалардың ойлау белсенділігін арттырып, оларды есептеуге деген үлкен қызығушылық тудырады, осындай жұмыстар кезінде оқушылардың есте сақтау қабілеті арта түседі, математикалық тілі жетіледі.
Қазіргі қоғамда болып жатқан түбірлі өзгерістерге байланысты әрбір мұғалім оқытудың сан қилы әдістері мен формаларын білулері қажет.
Қазіргі білім берудің мақсаты – танымдық қызметке деген тұрақты қызығушылығы қалыптасқан, өз бетімен бағдарлай, қызмет жасай білетін, өздігінен даму дағдылары қалыптасқан жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Оқу процесінде оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру өзара тығыз байланысты екі міндетті есте тұтуды қажет етеді.
Оқушылардың өзіндік жұмыстары – бұл мұғалімнің тікелей қатысуынсыз, бірақ оның тапсыруымен, оның басшылығымен және бақылауымен орындайтын жұмыс.
Өзіндік жұмысты орындау кзінде оқушы теориялық білімін кеңейтеді, тереңдетеді, белсенді іс-әрект барысында ойлау қабілеттері дамиды, ал ең бастысы өзіне деген сенімі нығайып, жауапкешілікке сезіну қалыптасады.
Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруда жұмыстың міндетін түсіндіру, орындар алдында бағыт-бағдар, түсінік-нұсқау беру, оқушылардың мақсаты түрде жұмыс істеп, оның нәтижелі жемісті болуына ықпал етеді.
Дұрыс ұйымдастырылған өзіндік жұмыстардың оқу тәрбие процесіндегі мәні ерекше. Атап айтқанда:
· өзіндік жұмыс тапсырмалары арқылы оқушылардың математика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру;
· оқушылардың алған білімдерінің, дағдыларының алдағы өмірлеріне қажеттілігі мен оны қолдана алуларына қол жеткізу;
· оқушылардың істейтін жұмыстарының мақсатын айқындап, жұмысты өз еркімен ерік-жігерімен, қалауымен орындауы;
· оқушылар істейтін жұмысының қорытындысын шығарып, нәтижесін алу.
Қазіргі уақытта оқушыларға математикадан білім беру жүйесінің алдына келесі міндеттер қойылаған:
· оқытудың немқұрайлы жақтарын жою;
· оқытудың қолданбалы бағытын кеңейту;
· оқушыларға практикалық біліктілікті және дағдыларды қалыптастыру және т.б.
Оқушылардың білімдері біліктілік дағдыға айналу үшін, міндетті түрде
оқушылардың өздері талпыну керек.
Дегенмен, олар сол деңгейлерді өз бетінше орындауға талпынды.Деңгейлеп оқыту кезінде мұғалім өзіне:
1)Теориялық даярлық;
2)Сапалы сабақ жоспары;
3)Пәнаралық байланыс;
4)Уақытты тиімді пайдалану;
5)Көрнекілік-құралдармен,ойындармен түрлендіру;
6)Тәрбиелік мәні;
7)Ұлттық элементтердің тиімді қолдану талаптарын қоя білуі керек;
Мұнан кейін деңгейлік тапсырмаларды орындай білу керек. Тақырып бойынша жасақталған деңгейлік тапсырмалар жүйесі дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Өйткені, ол оқушының ойлауын, елестеу мен еске сақтауын, белсенділігі мен дағдысын, білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді.
Ұстаздық деген киелі мамандықтың сырын ашып, қыры мол, терең дүниеге еніп кеткелі көңілдегі арман толастамай, тоқу мен қуаныш қатар аралып мектеп деген үлкен дарияда жүзіп келе жатырмыз.Ұрпақ тәрбиесі- бұл болашақ тірегі, мемлекеттік маңызды іс. Жан жемісі, ең алдымен, оқу, білім,тәрбие десек, сол жемісті берер мәуелі ағашымыз- білім ошақтары емес пе? Білім деңгейі қасиет пен қабілетті бағалау жолдарымен жүзеге асады.Еліміздің басынан өтіп жатқан жанартаудай «сілкіністер» бүгінгі білім беру жүйесіне де түрлі өзгерістер енгізуде. Заман талабы «білу аз, сол білгенінді іске қолдана білу» дейді. «Әркім қолда барын ұсынады» деп немқұрайдылыққа салынсақ алдымызда отырған бейкүнә шәкірттердің тағдырына қиянат жасаған болар едік. Не ексең, соңы орасың. Қорыта айтқанда деңгейлік тапсырмалар арқылы оқытудың тиімділігі мынада:
-
Өтілген материалды толық меңгереді, өйткені сабақ сайын қайталанып, пысықталынып отырады.
-
Тақырыпқа байланысты оқулықта берілген тапсырмалар толығымен орындалады.
-
Оқушы өзін-өзі тексереді,өзінің жіберген қателерін біліп отырады.
-
Талдау жұмыстарын үнемі жүргізіп отырады.Талдаудың барлық түрінде сабақ сайын қайталап отырады.
-
Білім сапасы әр сабақ сайын тексеріліп отырады,алған білімдерінің нәтижесі айқын көрініп тұрады.
-
Ойлау қабілетін арттыратын тапсырмалар орындайды.
-
Әр оқушының әр пәннен 100% үлгеріміне қол жеткізудің кепілі болады және әр оқу пәнінің барлық тақырыбы бойынша ең болмағанда міндетті 1-деңгейді игеруін толық жүзеге асырады.
-
Әр деңгейдің барлық тапсырмаларын дұрыс орындағаны үшін оқушылар сол деңгейді игергеніне сәйкес балдық жүйемен ерекше бағаланады.
-
Сынып оқушыларын жаппай жұмыс істеуге әкеледі.
-
Бос отырған оқушы болмайды.
-
Таланттылар өздерінің қабілетті мен икемділігін одан әрі бекіте түседі, әлсіздер оқуға ниет білдіріп, сенімсіздіктен арылады.
Шәкіртіміздің білімін шыңдау, қабілетті, дарынды тұлға дайындау — біздің алдағы жауапкершілікті міндеттеріміздің бірі болып табылады.