Түркістан облысы
Отырар ауданы
№1 Жалпы білім беретін мектеп
«Бастауыш сыныпта оқу сауаттылығын дамытуға арналған тиімді әдістер »
Әдістемелік құрал
Шәуілдір-2025
Оқу –әдістемелік құрал Түркістан облысы, Отырар ауданы ,
№1 Жалпы білім беретін мектебінде бастауыш сынып бірлестігінде талқыланды.
№1 хаттама 28.04.2025ж
Құрастырушы:
Арқабаева Маржан Лесбекқызы - Түркістан облысы, , Отырар ауданы ,
№1 Жалпы білім беретін мектеп, бастауыш сынып пәнінің мұғалімі.
Пікір айтушы:
Айдарова Гүлназ- Түркістан облысы, Отырар ауданы , №1 Жалпы білім беретін мектеп, бастауыш сынып бірлестігінің жетекшісі.
Бұл әдістемелік құралда оқу сауаттылығын арттыру үшін тиімді әдістер мен стратегияларды қолданылған. Белсенді оқу, сыни ойлау, талдау, мәтінмен жұмыс, рөлдік ойындар және визуализация әдістері оқушылардың оқу дағдыларын дамытып, қызығушылығын оятады. Оқу сауаттылығы – білім алушылардың мәтінді түсінуі, негізгі ақпаратты саралап, талдай алуы және оны өмірлік жағдайларда қолдана білуі. Бұл дағдыны дамыту оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіруге, танымдық белсенділігін арттыруға және өз ойын еркін жеткізуге ықпал етеді.
Кіріспе
Қазақстандық білім беруде мектеп жүйесінің барлық элементтерін ұйымдастыруға жаңа көзқарасты талап етеді. Мемлекеттік білім бағдарламасында жоғары білім мен ғылымды ұштастыра жүргізу жан-жакты айқындалған. Осы міндеттерді жүзеге асыруда, біріншіден, педагогтін кәсіби біліктілігін арттыру, екіншіден, окушылардың оқу танымдық кажеттілігін ұйымдастыруда пән мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін дамыту талаптарын күшейту басты назарда болуы тис. Аталмыш міндеттер білім берудің манызды құрылымдық-мазмұндык компоненттерін шығармашылықпен жоспарлау мен реформалауды талап етеді. Осы тұрғыдан алғанда жаңартылған бағдарлама аясында оқушылардың оқу танымдық қажеттілігін ұйымдастыруда бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін дамыту, практикалык іс -әрекет түрі ретінде манызды болып саналады.
Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі- нәтижелі білім берудің негізі. Окушылардын оқу-танымдык кажеттілігін уйымдастыруда сабак үрдісінде қолданылатын әдіс-тәсілдер
арқылы ой белсенділігін, танымдық қабілеттерін өрістету олардың тұлға ретінде жетілуінің маңызды саласы болып табылады. Сондықтан оқушылардың оқу танымдық қажеттілігін, шығармашылық қабілетін дамытуға арналған тапсырмалар мен ойын түрлерін жүйелі қолдану кажет. Демек окушыларға тапсырмалар бергенде талдау, жинактау, салыстыру, топтауға арналған тапсырмалар олардың логикалық ойлауын, тілін дамытатындай болуы керек.
Қазіргі заманғы білім беру жүйесінде оқу сауаттылығы – оқушылардың негізгі құзыреттіліктерінің бірі. Бұл тек мәтінді дұрыс оқып, оны түсінумен шектелмейді, сонымен қатар оқыған ақпаратты талдау, салыстыру, бағалау және күнделікті өмірде қолдану дағдыларын қамтиды. Оқу сауаттылығын дамыту – оқушылардың ойлау қабілетін арттыруға, өз пікірін еркін білдіруге және ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған үздіксіз үдеріс. Сондықтан тиімді оқыту әдістері мен технологияларын қолдану арқылы білім алушылардың оқу сауаттылығын арттыру – білім беру сапасын жақсартудың маңызды шарттарының бірі.
Сауаттылық баланың тек оқи, жаза алуымен шектелмейді. Керісінше, күнделікті өмірде еңбек әрекетіне араласу барысында кез-келген жағдайға бейімделе алуы, тануы, шешім қабылдауы. Яғни, кез-келген ортада алған білімін, мүмкіндігін көрсете алуы. Біз көп жағдайда функционалды сауатсыз екенімізді қиындықпен бетпе-бет келгенде ғана сезіп жатамыз. Мысалы, аяқ астынан жағдай өзгергенде, кәсіп ауыстыруға тура келген кезде, қолымызға таныс емес зат тигенде, жаңа бағдарламамен немесе құрылғымен жұмыс жасарда, кесте, схема, карта, банкомат дәне тағы да басқалар. Демек, баланың әлеуметтік ортаға тез сіңісіп, өзін жариялай алуы үшін осындай жағдаяттардан жол тауып шығуға мектеп қабырғасынан бастап әр түрлі тапсырмалар арқылы үйретуіміз қажет. Әрине, алыстан іздеудің қисыны жоқ, қазіргі жаңартылған білім бағдарламасындағы оқу мақсаттарының бәрі оқушыны танып білуден, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау деңгейіне қарай жұмсауға бағытталған.
Нәтижеге бағытталған білім берудегі тиімді педагогикалық технологиялар
Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік және көптеген адами қабілеттерінің дамуына игі әсерін тигізеді. Өзін- өзі дамытып,оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Осы оқу мақсаттарына сай тапсырмаларды дұрыс құрастырып беретін болсақ, оқушыларымыз функционалды сауатты болып шығары сөзсіз. Осы айтылған ойымды өз тәжірибемнен мысалдар келтіре отырып дәлелдейін. 2-4 сыныптардың әдебиеттік оқу пәнінің бағдарламасында 2.1 «Оқу түрлерін қолдану» бөлімшесінде спиральді түрде берілген оқу мақсаттары мынадай:
|
2.2.1.2 шығарманы іштей оқып, ондағы қажетті ақпараттарды белгілеп оқу |
3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп, шолып, түртіп алып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып,сын тұрғысынан бағалап оқу |
4.2.1.2шығарманы іштей көз жүгіртіп, шолып, түртіп алып, сұрақтар қоя отырып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып оқу, талдау жасап оқу, сын тұрғысынан бағалап оқу |
Бұл мақсаттар оқушылардың оқу сауаттылығын біртіндеп күрделендіру арқылы дамытуға бағытталғаны көрініп тұр. Енді осы мақсаттарға жетуде қандай тиімді әдіс-тәсілдер арқылы қандай тапсырмаларды қолданғаныммен бөлісейін. Бұл оқу мақсаттадағы ең негізгі тұс-қажетті ақпаратты тауып оқу. Оқи отырып, шығармадағы қажетті ақпаратты ажырата алу білігін дамытуда суретті сызба, кесте, сұрақтар тапсырмалар арқылы орындату тиімді. Екінші сыныпта оқушылардың көпшілігінің іштей оқу дағдысы деңгейі көпшілігінде төмен болады, тек дауыстап оқығанда ғана мәтін мазмұнын түсінеді. Сондықтан, іштей оқи отырып, қажетті ақпаратты дұрыс белгілей алуы үшін оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып суретті кестелер бердім. Кестенің суретпен болатын себебі, 2-сынып оқушылары көп сөзбен берілген тапсырмадан гөрі суретпен немесе өзіне қызықты белгілермен берілген тапсырманы орындауға қызығушылығы жоғары болатыны белгілі. Қадыр Мырзаәлидің «Не үшін?» өлеңін оқымас бұрын оқушыларға мынадай суретті кесте таратылды. Тапсырма: Өлеңді оқып, суреттегі дене мүшелері не үшін қажет екенін жазып шық. Жұпта орындайды. Кесте:
|
Дене мүшесі |
Не үшін керек? |
Ақынның жауабы |
Сенің жауабың? |
|
|
|
|
|
Енді осы оқу түрлерін қолдану бөлімшесі 4-сыныпта күрделенген мақсатпен беріледі. Ол мақсатқа жетуде кестелер суретпен емес сұрақ түрінде күрделеніп келеді. Мысалы, 4-сынып. Ш.Садырхан. «Азамат бол!» Жеке жұмыс. Тапсырма: Өлеңдегі қажет ақпаратты тауып, сұраққа жауап жаз.
|
Әкесінің «Кім болсаң да, өзің біл» деген сөзін қалай түсіндің? |
Әкесінің айтқан ойларының қайсысы маңызды? |
Өлеңнің негізгі ойын білдіріп тұрған шумақты белгіле. Бұл нені аңғартады? |
|
|
|
|
Яғни, 2-сыныптан бастап шығармадағы ақпаратты тауып, іштей оқуға дағдыланған бала, 4-сыныпта мәтінді не өлеңді түсініп оқи алады, оқу сауаттылығы қалыптасқан, сондықтан сұраққа жауап бере алуы тиіс екенін білдіреді. Келесі тапсырмалар түрі мәтінмен тікелей сұрақтар бойынша құрастырады. Оқушы оқыған шығармасын қаншалықты түсініп оқығанын және алдыңғы білімдерін қаншалықты меңгергенін бағалауға болатын тапсырмалар. Мысалы, 4.2.7.1. Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау бөлімшесінің мақсатында көркемдеуіш құралдарды табу және қолдану берілген. Соған сәйкес мынадай тапсырмаларды орындатуға болады.
|
2.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы көркемдеуіш құралдарды (теңеу, кейіптеу) табу |
3.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы әдеби көркемдеуіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) табу |
4.2.7.1 шығармадан әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, кейіптеу, эпитет, аллитерация, әсірелеу) табу және оларды қолдану |
|
|
|
|
2-сынып. Тапсырма: мәтінді оқып, сурет пен сөз тіркесін сәйкестендір. Мәтін: Ақ лақ. Менің ешкім бар еді. Сол ешкім әдемі ала мойын аппақ лақ туды. Ол лағын өте жақсы көреді. Мейірленіп қасынан шықпайды. Бір күні қатты боран соқты. «Тоңатын болды — ау» деп қораға жүгіріп барсам, лағым жоқ. Енесі лағын таппай маңырады. Сөйтсем, қу лағым қорадағы шөптің қуысына тығылып, ұйықтап жатыр.
Шөптің қуысына тығылды
Таппай маңырады
Қасынан шықпайды
Ала мойын аппақ
Ұйықтап жатыр
Теңеу сөздерді тауып астын сыз: аппақ, қораға, ала мойын, шөптің, енесі, әдемі, соқты.
4-сынып. Тапсырма: Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап жаз. Атамекен. Түн. Мен далада сәкі үстінде жатырмын. Аспанда жұлдыздар жымыңдайды. Жұлдыздар арасында ай. Дала сүттей жарық. Тау жақтан салқын леп соғады. Жым-жырт тыныштық. Мен ояу жатырмын. Ұйқым келер емес. Қандай сүйкімді көрініс. Табиғат бір мезгіл тыныс алғандай. Тілмен айтып жеткізудің өзі қиын. Тіпті суретшілер де дәл осындай көріністі көз алдына келтіре алмас. Тек табиғаттың ғана қолынан келетіндей. Ауылыңнан алыс жаққа шықсаң, қайтып келуге асығасың. Келсең, таныс көшелер, үйлер, адамдар бәрі көзіңе оттай басылады.
1.Жымыңдайды сөзіне мағыналас сөзді белгіле:
А) қимылдайды
Ә) жылтырайды
Б) күлімдейді
В) жарқырайды
2. Эпитет сөздер қатарын белгіле:
А) алыс, таныс
Ә) қиын, ұйқы
Б) тыныс алғандай, оттай, сүттей
В) суретші, тыныштық
3. Мәтіннің қай түріне жатады?
А) пайымдау
Ә) әңгімелеу
Б) сипаттау.
В) дәлелдеу.
Бұл тапсырмаларды мен екі сыныппен қатар көрсетуімнің себебі, ЖББ-да оқу мақсаттарының шығыршық түрінде берілуі өте тиімді екендігін салыстырмалы түрде айтуға болады. Келесі тапсырма түрі кейіпкерлердің іс әрекетін бағалау бөлімшесі бойынша берілген оқу мақсатына бағытталған. Тапсырма: шығарманы оқып, ондағы кейіпкердің іс-әрекетінің өзгеру себебін тауып, кестені толтыр.
|
Сұрақ |
Жауап |
|
Кім? Не? |
|
|
Не істеді? Қайтті? |
|
|
Қандай? |
|
Бұл кестелерді толтыру кезінде оқушы шығармадағы кейіпкерді анықтап, оның бойындағы жақсы, жаман қасиеттерге және іс-әрекетіне баға береді. 4.2.1.2 шығарманы талдау жасап оқу, сын тұрғысынан бағалап оқу мақсатына сай «10 сұрақ» әдісімен берілген кестемен жұмысты «Өрмекші мен шыбын» мысалын оқығанда жүргіздім. Оқушылар бұл кестені толтыруда мысалға жан-жақты талдау жасайды: мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, оқиға желісін анықтайды (4.3.1.1), кейіпкерге баға береді (4.2.6.1), негізгі ойын табады (4.2.3.1), мысал келтіре отырып,өз ойын білдіреді (4.1.5.1). Тиімділігі бір кесте арқылы бір шығармаға талдау жасай отырып, бірнеше мақсатты орындайды. Бұл тапсырма қалыптастырушы бағалау ретінде бірнеше сабақтың соңында беруге өте ыңғайлы.
Оқу сауаттылығын дамытатын бірнеше әдістер ұсынуға болады:
- Фонетикалық дағдыларды қалыптастыру (дыбыстарды дұрыс айту, буындап оқу)
- Сөздік қорды байыту (жаңа сөздерді меңгерту, мағынасын түсіндіру)
- Мәтінді түсініп оқу әдістері (инсерт, негізгі ойды табу, сұрақтарға жауап беру)
- Сұрақ-жауап әдісі (ашық және жабық сұрақтар арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту)
- Ассоциациялық карталар мен диаграммаларды қолдану
Белсенді оқыту стратегиялары:
- Диалогтік оқыту (оқушылардың пікір білдіру дағдыларын жетілдіру)
- Дебат және пікірталас (оқушыларды өз ойын дәлелдей білуге үйрету)
- Ойын арқылы оқыту (дидактикалық ойындар, рөлдік ойындар, сөздік ойындар)
- Графикалық ұйымдастырушылар (кластер, инсерт, БББ, Венн диаграммасы)
- Мәтінмен жұмыс жасау әдістері (әңгіме құрастыру, мазмұндау, оқығанын талқылау)
- Креативті және сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту (проблемалық сұрақтар, зерттеу тапсырмалары)
Көркем әдебиетпен жұмыс:
- Оқылған мәтінді талдау және түсіндіру
- Кейіпкерлердің іс-әрекетіне баға беру
- Мәтінге қатысты өз ойларын жазбаша немесе ауызша жеткізу
- Ертегілер мен әңгімелерді сахналау
- Шығармашылық тапсырмалар (өлең шығару, әңгіме жазу, сурет салу)
Оқушылардың оқу дағдысын бағалау және қолдау:
- Қалыптастырушы бағалау әдістері (кері байланыс, рубрика, өзін-өзі бағалау)
- Оқу жетістіктерін қадағалау (жеке және топтық жұмыс нәтижелерін саралау)
- Оқушылардың қызығушылығын арттыру тәсілдері (мотивация, марапаттау, ынталандыру)
- Ата-анамен жұмыс (үйде оқу сауаттылығын қолдау әдістері)
Цифрлық технологияларды пайдалану:
- Интерактивті құралдар (смарт тақта, онлайн тесттер, цифрлық оқулықтар)
- Оқу сауаттылығын дамытуға арналған онлайн платформалар (BilimLand, Kahoot, Quizizz, LearningApps)
- Визуалды материалдарды қолдану (бейнероликтер, инфографика)
Оқу сауаттылығын дамыту – оқушылардың ойлау қабілетін арттыруға, өз пікірін еркін білдіруге және ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған үздіксіз үдеріс. Сондықтан тиімді оқыту әдістері мен технологияларын қолдану арқылы білім алушылардың оқу сауаттылығын арттыру – білім беру сапасын жақсартудың маңызды шарттарының бірі. Сондықтан оқу сауаттылығын жетілдіру – тек оқу бағдарламасының бір бөлігі ғана емес, сонымен қатар білім алушылардың өмір бойы үйренуіне негіз болатын маңызды құзыреттілік. Бұл дағдыны дамытуға бағытталған жүйелі жұмыс оқушылардың академиялық жетістігін арттыруға, сондай-ақ олардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға көмектеседі. Оқу сауаттылығы- бұл мақсатқа қол жеткізу, білім мен әлеуметтік дамыту, қоғам өміріне қатысу үшін жазбаша мәтінді түсіну, пайдалану, талқылау және онымен жұмыс жасау қабілеті екенін жете түсінді. Бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын дамыту – олардың болашақта білімді, сын тұрғысынан ойлайтын және ақпаратты дұрыс қабылдап, қолдана алатын тұлға болып қалыптасуының негізі. Бұл әдістемелік құралда ұсынылған тиімді әдістер: мәтінмен жұмыс, ой қозғау, сұрақ-жауап, кластер құру, рефлексия, логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың оқу дағдыларын дамытуға бағытталған. Әдістердің әрқайсысы баланың жас ерекшелігіне сай, қызығушылығын арттырып, оқу үдерісін жандандырады. Мұғалімдер осы тәсілдерді жүйелі түрде пайдалану арқылы оқу сауаттылығын ғана емес, оқушылардың тіл байлығын, ойлау қабілетін, өз ойын еркін жеткізу дағдыларын қалыптастырады. Сондықтан оқу сауаттылығын дамыту — сапалы білім берудің басты баспалдағы. Оқу сауаттылығын дамытуда мұғалімнің шеберлігі мен әдіс-тәсілдерді орынды қолдануы шешуші рөл атқарады. Бұл әдістемелік құралда берілген тапсырмалар мен жұмыс түрлері оқушының тек мәтінді түсініп оқуы ғана емес, сонымен қатар өз ойын айтуға, дәлелдеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйретеді. Оқушылардың оқу барысында алған ақпаратты талдап, қорытынды шығару қабілетін дамыту – қазіргі білім беру жүйесінің негізгі талабы. Құралдағы әдістерді сабаққа енгізу арқылы мұғалімдер оқушылардың белсенділігін арттырып, білім алуға деген ынтасын күшейтеді. Әсіресе оқуға деген жағымды көзқарас қалыптасып, білім алушы тұлға ретінде дамиды.
Сондықтан бұл әдістемелік құрал бастауыш сынып мұғалімдерінің тәжірибесін байытып, оқушылардың оқу сауаттылығын тиімді әрі жүйелі дамытуда таптырмас көмекші бола алады.
|
Білім беру ұйымының атауы |
|
|
|||||
|
Пәні: |
Әдебиеттік оқу |
|
|||||
|
Бөлім: |
Саяхат |
|
|||||
|
Педагогтің аты-жөні: |
|
|
|||||
|
Күні: |
|
|
|||||
|
Сынып: 2 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|
||||
|
Сабақтың тақырыбы: |
№99 сабақ. Демалыста жайлауда. |
|
|||||
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: |
2.2.6.1 кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалау 2.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы бөліктерге бөліп, жоспар құру |
|
|||||
|
Сабақтың мақсаты |
кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалау мұғалім көмегімен оқылған шығарманы бөліктерге бөліп, жоспар құру |
|
|||||
|
Құндылықтар: Мамыр айы: БІРЛІК ПЕН ЫНТЫМАҚ |
Апта дәйексөзі: «Бірлік жоқ болса ұйым жоқ, ұйым жоқ болса күнің жоқ» |
|
|||||
|
Сабақтың барысы |
|
||||||
|
Сабақтың кезеңдері |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|
||
|
Сабақтың басы
10 мин |
Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық ахуал қалыптастыру Оқушылардың назарын сабаққа аудару Үй тапсырма «Алатау» өлеңін жаттау |
Оқушылардың назарын сабаққа аудару Үй тапсырмасын Оқиды |
ҚБ: 1-10 балл Дескриптор: Өлеңді жатқа айтады-1б |
|
|
||
|
Сабақтың ортасы 25мин |
Жаңа сабақ Фс тапсырма 1-тапсырма Жайлауда болып көрдің бе? Жайлау туралы әңгімеле. Жайлау туралы әңгімелейді.
Жайлау-жазғы қоныс. Жайлаудың суы мол, шөбі шүйгін, маса-сона, шыбын-шіркей аз жерлерден таңдайды. Қазақ елінің дәстүрлі жайлауы Сарыарқа атырабы мен орманды, желді өлкелерде, Қазақстанның солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында Жетісу Алатауы, Іле Алатауы және Тянь-шань тауының солтүстік оңтүстігінде болды. |
Жазады |
ҚБ: 1-10 балл Дескриптор: Сурет бойынша әңгімелейді-1б Мағыналық байланысы бар сөйлем құрастырады-1б Сауатты жазады-1б |
|
|
||
|
|
2-тапсырма Өлеңді түсініп оқы. Демалысты жайлауды Демалыста жайлауда Жүрдік інім екеуіміз, Мезгілді тек ойнауда Өткізбедік бекер біз. |
Өлеңді түсініп оқиды |
ҚБ: 1-10 балл Дескриптор: Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқиды-1б |
|
|
||
|
|
ЕБҚ және ЕҚБ 3-тапсырма Өлеңге сүйеніп, ақын ойын жалғастырып әңгімелеңдер.
Сипатта.
Сипатта.
Оқиға ойластыр. Біз жазғы демалыста жайлауға бардық. Жайлауда көл бар. Көлдің толқындары қатты. Күнде көлге барып шомылдық, балық ауладық. Жайлаудың гүлдері өте әдемі, хош иісті, жұпар шашып тұрады, алуан түсті. Жайлаудағы жылқылар әдемі, күшті, қоңыр, қайратты. Жайлаудың жанында ну орман бар. Орман өте әдемі, ішінде алуан түрлі құстар көп. Жанынан өткенде бұлбұлдың дауысын естуге болады. Дауысы өте жағымды. |
Ауызша әңгімелейді |
ҚБ: 1-10 балл Дескриптор: Не көрдік? Әңгімелейді-1б Жайлауды сипаттайды-1б Оқиға ойластырады-1б Сұрақтарға жауап береді-1б Мағынасы бар, байланысқан әңгіме құрастырады-1б |
|
|
||
|
Сабақтың соңы 10 мин |
Үйге тапсырма Өлеңнен өзіңе ұнаған шумағын жаттап ал. Кері байланыс
|
Үй тапсырмасын алады Кері байланыс жасайды |
жарайсыңдар |
|
|
||
|
Білім беру ұйымының атауы |
|
|
|||||
|
Пәні: |
Әдебиеттік оқу |
|
|||||
|
Бөлім: |
Саяхат |
|
|||||
|
Педагогтің аты-жөні: |
|
|
|||||
|
Күні: |
|
|
|||||
|
Сынып: 2 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|
||||
|
Сабақтың тақырыбы: |
№100 сабақ. Жазғы саяхатқа дайындаламын. |

Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық ахуал қалыптастыру Оқушылардың назарын сабаққа аудару Үйге тапсырма Өлеңнен өзіңе ұнаған шумағын жаттап ал. |

ҚБ: 1-10 балл Дескриптор: Өлеңнен ұнаған шумағын жатқа айтады-1б |
|
|
||
|
Сабақтың ортасы 25мин |
Жаңа сабақ Фс тапсырма 1-тапсырма Жазғы демалыс жақындап келеді. Қайда, қалай демалатыныңды жоспарладың ба? |
Ауызша орындайды |
ҚБ: 1-10 балл Дескриптор: Сұраққа жауап береді-1б |
|
|
||
|
|
2-тапсырма Досым Мұратбай,міне, мен үшінші сыныпқа көштім. Енді бір-екі жұмадан соң ауылға барамын. Көп ұзамай сендерді көретін боламын. Ауыл көзіме елестеп тұр: айнала көгорай шалғын. Жан-жақтың бәрі желкілдеген көк шөп. Малдар рақаттана жайылып жүр. Ағама айт, менің күрең тайымды ешкімге бармесін. Барған соң өзім жуасытамын. Досың Назар. |
Мәтінмен жұмыс |
ҚБ: 1-10 балл Дескриптор: Мәтінді түсініп оқиды-1б |
|
|
||
|
|
3-тапсырма Сызба бойынша сөйле.
Назардан Досы Мұратбайға Сабақ аяқталатыны туралы,жазғы демалысын ауылда өткізетінін жазған. |
Ауызша орындайды-1 |
ҚБ: 1-10 балл Дескриптор: Сызба бойынша әңгімелейді- 1б |
|
|
||
|
|
ЕБҚ 4-тапсырма Назар жазғы демалысын қайда,қалай өткізбекші? Назар жазғы демалысын ауылда өткізбекші. Жайлауда. Мал бағып өткізбекші. |

ЕҚБ 5-тапсырма Мәтіннен жаз айының көрінісін білдіретін тиісті сөздерді теріп жаз. Көкорай шалғын Желкілдеген көк шөп Рахаттана жайылған |
Жазбаша орындайды |
ҚБ: 1-10 балл Дескриптор: Көп нүктенің орнына тиісті сөз қояды-1б |
|
|
||
|
Сабақтың соңы 10 мин |
Үйге тапсырма 6-тапсырма Назардың жазғанына қарап, алыстағы досыңа хат жолда. Кері байланыс

Жарайсың «Банкомат» әдісі |
|
|
||
|
Білім беру ұйымының атауы |
|
|
|||||
|
Пәні: |
Әдебиеттік оқу |
|
|||||
|
Бөлім: |
Саяхат |
|
|||||
|
Педагогтің аты-жөні: |
|
|
|||||
|
Күні: |
|
|
|||||
|
Сынып: 2 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|
||||
|
Сабақтың тақырыбы: |
№101-102 сабақ. Нені үйрендім? |

2.1.4.1 - сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану |
|
|||||
|
Сабақтың мақсаты |
Өткен сабақтардан алған білімдерін тиянақтау |

Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық ахуал қалыптастыру Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Үйге тапсырма 6-тапсырма Назардың жазғанына қарап, алыстағы досыңа хат жолда. |

ҚБ: 1-10 балл Дескриптор: Досына хат жазады-1б |
|
|
||
|
Сабақтың ортасы 25мин |
Жаңа сабақ Фс тапсырма 1-тапсырма
Мәтіндегі оқиғаны қимылмен көрсетіп бере аласың ба? Ол үшін:
Кейіпкерлердің іс-әрекетіне пікір білдіріп көр.
Зергер арам пиғылды адам. Өз пайдасын ойлады.
Шаруа қарапайым,аңғал,сенгіш адам. Зергерге бұйым апарғанда қажетті іс-әрекеттердің қатарын толықтыр.
Халық шығармаларының түрлерін, басты сипаттарын анықта. Ертегі,аңыз,жұмбақ,мақал-мәтел,айтыс, шешендік сөздер. |
Қимылмен көрсетеді |
ҚБ: 1-10 балл Дескриптор: Мәтінді оқиды-1б іс-қимылмен көрсетеді-1б сұраққа жауап береді-1б шығармалар-дың түрін анықтайды-1б зергер мен шаруаны сипаттайды-1б |
|
|
||
|
|
2-тапсырма Сәйкестендір.
|
Сәйкестендіреді |
ҚБ: 1-10 балл Дескриптор: Сәйкестендіреді -1б |
|
|
||
|
|
3-тапсырма Сөзжұмбақты шеш.
Тастапты атам шөгеріп. Өркеші бұлтқа тиеді, Бауыры жатыр көгеріп.
Жаз болса жайнап, Саясында ән салып, Құстар жүрген сайрап. (Ағаш)
Таудан құрап, Жатыр ағып Мөлдір бұлақ.
Таба алмас тұрақ жерден. (кит)
Сабау қамшы, Нөсерлетіп Жауар тамшы (найзағай)
Ғайыып болды сол шақта-ақ. (бұршақ)
Жасырынып күндіз, Қараңғыда ұшқан. (Жарғанат) Өз ойыңды білетін тірек сөздерің бойынша жеткізе аласың ба? Тексеріп көр. |
Жазбаша орындайды |
ҚБ: 1-10 балл Дескриптор: Сөзжұмбақты шешеді-1б |
Сөзжұм-бақ |
|
||
|
|
Топтық жұмыс 4-тапсырма Тірек сөздерді пайдаланып, сурет бойынша әңгіме құрастырыңдар.
Тірек сөздер: тізілген таулар,дариядай аққан су, дәмі тіл үйірген жемістер, таза бұлақ, жайқалған көк. |
Әңгіме құрайды |
ҚБ: 1-10 балл Дескриптор: Сурет пен тірек сөздерді пайдаланып әңгіме құрайды-1б Мағыналық байланысы болады-1б |
|
|
||
|
|
ЕҚБ 5-тапсырма Қазыбек бидің нақыл сөзін толықтырып айт. Алтын ұяң- Отан қымбат, Құт берекең –атаң қымбат Аймалайтын анаң қымбат Мейірімді апаң қымбат Асқар тауың әкең қымбат Кіндік кескен жерің қымбат Бәрінен де туып өскен елің қымбат. |
Жалғасын табады |
ҚБ: 1-10 балл Дескриптор: |
Оқулық |
|
||
|
|
ЕҚБ 6-тапсырма Жұптық жұмыс 4-тапсырмадағы суретті және оған қатысты сұрақтарды пайдаланып, диалог құрыңдар. -суретте нелер бейнеленген? -суретте табиғат бейнеленген. -таудан су қалай ағады? - Таудан су сарқырап ағады. - оның етегінде қандай жеміс ағаштары өскен? -өрік,алма ағаштары өскен. - жемістің дәмі қандай? -дәмі тіл үйірілген. - таудан аққан бұлақта не кездеседі? - дариядай аққан су. - оның қимыл-ерекшелігі туралы не айтар едіңдер? Сарқырап,құлап аққан су. |
Диалог құрастырады |
ҚБ: 1-10 балл Дескриптор: Диалог құрастырады-1б |
Оқулық |
|
||
|
|
7-тапсырма Жеке жұмыс Осы бөлімде қайда саяхат жасағаныңды есіңе түсір. Суретке қарап,тізбектеп айтып шық.
|
Сурет бойынша әңгімелейді |
ҚБ: 1-10 балл Дескриптор: Сурет бойынша әңгімелейді-1б Ойын жүйелі жеткізеді-1б |
Сурет |
|
||
|
|
8-тапсырма Жыл бойы оқып-білген мақал-мәтелдерді пайдаланып, туған жер туралы әңгімеле. Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас демекші туған жеріңе жететін жер жоқ. Туған елге, Туған жерге, Туған тілге деген ыстық сезімнің үздік үлгісі мен үшін осындай болмақ. Отан туралы ой толғасаң, жан толғанысын айтып тауыса алмассың, сірә. Туған жеріне деген шексіз махаббатқа ие жүрегіммен өзімнің сыныптас достарыма алда тұрған үлкен сын – ҰБТ-дан сүрінбей өтіп, өзі сүйген мамандықтың иесі болуын тілей отырып, Туған жердің – қазақ елінің қадірін біле жүрейік дегім келеді. |
Шығарма жазады |
ҚБ: 1-10 балл Дескриптор: Туған жері туралы әңгімелейді-1б |
Суреттер |
|
||
|
Сабақтың соңы 10 мин |
Кері байланыс
|
Кері байланыс жасайды |
ҚБ: 1-10 балл Дескриптор: |
|
|
||
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Бастауыш сыныпта оқу сауаттылығын дамытуға арналған тиімді әдістер "

шағым қалдыра аласыз