Материалдар / "Бастауыш сыныпта оқушылардың функционалдық сауатталықтарын дамыту"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Бастауыш сыныпта оқушылардың функционалдық сауатталықтарын дамыту"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту жолдарымен танысуға болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қараша 2018
1286
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту


Елбасы Н.Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды.

Жалпы, функционалдық сауаттылық дегеніміз не?

Функционалдық сауаттылық, кеңінен алғанда, тұлғаның мектепте алған білімі, білігі мен дағдысын адамзат қызметінің әртүрлі саласында, сонымен бірге тұлғааралық қатынастар мен әлеуметтік байланыстарда кездесетін тіршілік міндеттерін жан-жақты шеше білу қабілеті ретінде түсіндіріледі.

Қазақстан Республикасында оқушылардың оқу жетістігін сырттай бағалау аясында функционалдық сауаттылықтың мынадай түрлері бағаланады:оқу сауаттылығы; математикалық сауаттылық; жаратылыстану ғылыми сауаттылық.

Мұндағы басшылыққа алынатын сапалар:

-белсенділік;

-шығармашылық тұрғыда ойлау;

-шешім қабылдай алу;

-өз кәсібін дұрыс таңдай алу;

-өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады.

Мен осы функционалдық сауаттылықтың түрлерінің ішінен математикалық сауаттылыққа тоқталғым келіп отыр.

Математикалық сауаттылық-әлемдегі математиканың рөлін айқындау және түсіне білу, математикалық тұжырымдарды дәлелді негіздей білу және қызығушылығы бар, ойлы азаматқа тән қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін математиканы қолдана білу қабілеттері.

Математикалық сауаттылықтың мақсаты бүгінгі күн талабына сай, жан-жақты дамыған, белсенді, өмірге талпынысы, тұрақты қызығушылығы бар, алған білімді іс- әрекетте еркін қолдану дағдысы қалыптасқан тұлға.

Математика білім мазмұнының ең алғашқы бастамасы бастауыш буында жүзеге асатыны белгілі. Себебі, бастауыш буында жоғары сыныптарда оқылатын бүкіл пәннің іргетасы қаланып қана қоймайды, сонымен қатар білім алуға талпынушылық, яғни балалардың оқу әрекеті, танымдық белсенділік, жеке бастың адами қасиеттерінің негізі осы кезеңде қаланады. Сонымен қатар, осы кезеңде баланың белсенділігі, оның рухани және дене күші де дами бастайды. Осы жасқа лайықты мазмұн мен оны оқытудың әдісін саралау, бала жанына жақын қарым-қатынас арқылы оларды дамыту мәселесін ғылыми жолға қою оңай мәселе емес.

Бастауыш баласы үшін жаңа рөл - оқушы, жаңа әрекет - оқу болса, осы мәселелерге олардың шаршамай, жалықпай, қызығушылықпен араласып кетуіне, маңайы мен қарым-қатынасының күшеюіне жағдай жасау мұғалімнің шеберлігін және осы жастағы оқушының психологиялық ерекшелігін жете білуін керек етеді.

Оқушыда функционалдық математикалық сауаттылық қалыптастыру үшін ең алдымен пәндік сауаттылық қалыптасуы керек.

Математиканы оқыту мен математика пәнінен сауаттылықты қалыптастырудың негізгі мақсаттарына тоқталайық:

1) Математика –барлық ғылымдардың логикалық негізі – күре тамыры ретінде қарастырылады;

2) Математика, ең алдымен оқушылардың дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады, дамытады және оны шыңдай түседі;

3) «Математикалық сауаттылық» (ауызша және жазбаша) қабілетін қалыптастыру арқылы оқушының «математикалық сауаттылықты» меңгере білу қабілетінің болуы;

4) Математика әлемде болып жатқан түрлі құбылыстарды, жаңалықтарды дұрыс қабылдап, түсінуге көмектеседі;

5) Математиканың болашақ тұлғаны моральдық, эстетикалық және этикалық тұрғыдан да тәрбиелік мәні бар.

Мысалы: оқушылар нумерацияны оқып үйренгенде меңгеруі тиіс, қолдана білуі тиіс:

- біріншіден, санағанда әрбір сан алдыңғы санмен бірліктен, сондай-ақ сан мен бірліктен, қалай жасалатынын игеру мен қолдана білуі;

- екіншіден, әрбір сан қалай аталады және ол баспа және жазба цифрмен қалай белгіленетінін, сан мен заттың сәйкестігін білу;

- үшіншіден, әр сан санағанда тікелей өзінің алдында тұрған саннан қанша үлкен және тікелей өзіне кейінгі саннан қанша кіші болатынын білу;

- төртіншіден, әр санның сандар қатарында қандай орында тұратынын, оны санағанда қай саннан кейін және қай саннан бұрын айтатынын, реттілікті тұрмыс- тіршілікте қолдана білу.

Осы білімді ұғыну: санды жеке өзін емес басқа сандармен өзара байланысты қарастыру, санның натурал қатары жөнінде түсінігі оны тұрмыс- тіршілікте қолдана білуі, сан ұғымын саналы түрде игеруі тақырып бойынша функционалдық сауаттылығының көрсеткіші бола алады.

Математикалық ұғым – мәнді белгілері көрсетілген пән, құбылыс туралы логикалық өрнектелеген ой. Пәндік ұғымдарды игеру оқытудың негізін құрайды.

Ұғым көлемі – нәрселердің осы ұғымды тарату жиынтығы. Мысалы: «Үшбұрыш» ұғымының мазмұны үш қабырға, үш төбе және үш бұрыш, ал көлемі «барлық мүмкін болатын үшбұрыштардың» жиыны. Математикалық ұғымдарды қарастыра отырып, олардың ерекшеліктерін ескере отырып, математикалық сауаттылық ұғымдарды дұрыс ажырата білулерімен тығыз байланысты. Мысалы: «бірдей», «пішіндері әртүрлі» сөз тіркестерін, сондай-ақ «ұзын-қысқа», «жуан-жіңішке», «кең-тар», «биік-аласа», «үлкен-кіші», «жоғары-төмен», «ең ұзын- ең қысқа», т.б. ұғымдарын игеру жүзеге асырылады; «Тез фигура құрастыр», «Не өзгерді?», «Екі бірдей фигураны тап», «Қандай?», «Геометриялық лото» сияқты балалар ойындарын ойнатуға болады. Таратылатын материалмен (санау материалдары мен қағаз парақтары) жұмыс: жолақшаларды (ұзындығы және ені бойынша) салыстыру;

Бастауыш сыныпта математиканы оқытуда келесі пәндік және функционалдық сауаттылық қалыптасуы тиіс.

-ережелер мен үлгілерді және берілген алгоритмдерді математикалық материалда қолдану біліктігін;

-қоршаған ортада болып жатқан әртүрлі жағдайларда және аралас пәндерде математикалық білімін, біліктігін, есептеу, өлшеу және графиктік дағдыларын;

-ауызша және жазбаша есептеулерді тиімді пайдалана отырып, практикалық есептеу техникасын;

-математикаға тән ойлау стилін, оның абстрактылығын, дәлелденуін, қатаңдығын;

дәлелдемелі пайымдау жүргізу, логикалық негізделген қорытындылар жасау біліктігін;

-математикалық мәтінмен жұмыс жасау (талдау, қажетті ақпаратты алу), математикалық терминология мен символдарды қолдана отырып, өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық және нақты түсіндіру біліктігін;

- жоспар бойынша әртүрлі әрекеттерді жоспарлау орындау білігін;

- өзін-өзі бақылау жүзеге асыруды;

-өз іс әрекетін бағалауды;

-оқу қызметінің әртүрлі формаларында коммуникативтік қабілеттерін қолдана білуі қажет.

Сонымен қатар мен мен өз іс-тәжірибемде функционалдық сауатыллықты дамыту үшін ашық сабақтарымда, күнделікті сабақтарымда тапсырмалар, түрлі ойындар, логикалық есептер беріп, қолданған болатынмын.

Оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыруда логикалық есептерді өзімнің іс тәжірибемде қолданып келемін.

Егер фигура үшбұрыш болмаса, онда ол ақ түсті.

— Егер фигура шеңбер де, үшбұрыш та болмаса, онда ол ақ түсті.

Егер фигура көгілдір түсті болмаса және ол үшбұрышқа жатса, онда ол – шаршы.

Егер фигура қызыл сары түсті болмаса, онда ол шеңбер емес.

1.Бұтақта 10 торғай отыр еді. 6торғай ұшып кетті. Нешеуі қалды? 2. Асанда 9 теңге болды. Ол 1 теңге тауып алды. Неше теңге болды? 3. Сыныпта 9 ер бала, ал қыздардың 4 - еуі кем. Қыздар нешеу? 4. Үстелде 6 кітап және одан екеуі артық дәптер жатыр. Дәптер нешеу?

Математикалық сауаттылықты қалыптастырудың бастауыш сынып оқушылары үшін сыныптан тыс жұмыстар арқылы олардың қызығушылықтарымен пәндік, функционалдық сауаттылығын дамытуға болады. Мысалы: математикалық үйірмелерде сабақтан тыс уақытта тек математикалық сауатты оқу мен жазуға, ұғымдарды дұрыс қолданып дұрыс ажыратуға көңіл бөліп, тұрмыс тіршілікке қажет экономикалық есептерді шығаруға жаттықтыруда маңызы зор.

Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін білім беру жүйесінде басшылыққа алынатын нысандар анықталды:

-білім беру мазмұны (ұлттық стандарттар, оқу бағдарламалары); - оқыту нысандары мен әдістері;

-білім алушылардың оқудағы жетістіктерін диагностикалау мен бағалау жүйесі;

-мектептен тыс, қосымша білім беру бағдарламалары;

-мектепті басқару моделі (қоғамдық-мемлекеттік нысан, мектептердің оқу жоспарын реттеудегі дербестігінің жоғары деңгейі);

-барлық мүдделі тараптармен әріптестікке негізделген достық қалыптағы білім беру ортасының болуы;

-ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі белсенді рөлі.

Математикалық ұғымдарды біліп қана қоймай, оның қолдану ерекшеліктерін ұғуға, оларды іс- тәжірибеде қолдана алуға үйрету қажеттігі туындайды.

Математикалық ұғымдарды оқытуда, келесі мәселелерге көңіл бөлу қажет:

а) математиканы, қарапайым ұғымдарды мектепте оқытуда теориялық жақтарын таныстырумен бірге, іс- тәжірибеде қолдана алу бағытында жұмыс жүргізу;

ә) математикалық ұғымдарды үйретуді олардың жас ерекшеліктеріне байланысты күнделендіріп, алған білімді тұрмыс- тіршілікте қолдана білуге үйрету;

б) математикалық ұғымдарды қалыптастыруды сабақта, сыныптан тыс жұмыстарда жүргізу.
























«Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер» - деген екен Жүсіпбек Аймауытов. Сондықтан қазіргі таңда оқушыларға саналы тәрбие мен сапалы білім беру ісін жаңа талап тұрғысынан өзгертіп, оқыту тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруға міндеттіміз.

Олай болса шығармашыл тұлғаны қалыптастыру үшін әр сабағымызда біз тек оқулық шеңберіндегі білімді үйретумен шектеліп қана қоймай, кең түрде әр баланың талабына, деңгейіне сай жұмыстарды саралап, ыңғайластыруымыз керек.  Тұлға құзіреттілігін дамыту үшін, яғни бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыруда оқытудың 7 модулін қолдану, сабақ жоспарлауда Блумның ойлау дағдыларын –білу , түсіну, қолану, талдау, жинақтау, бағалау және сөйлеу әркеттерінің түрлері- оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалымды қолданып, бағалау критерилерін айқындаудың маңызы зор. Оқу процесінде қолданылған интербелсенді әдістерді қолдану кезіндегі оқушының іс-әрекеті критериалды бағаланып, рефлексия жүргізілсе онда біздің де алдымызда отырған оқушының да жұмысы, даму деңгейі бірден көрінеді және олардың функционалды сауатты болып дамитындығы сөзсіз. Интербелсенді әдісте оқушылар төмендегідей білім, білік, дағды, машықтарға үйренеді:

- терең ойлану, жеке рефлексиялық қабілеттерді дамыту;

- өз идеялары мен әрекеттерін талдау және оларға баға беру;

- ақпаратты өздігімен түсініп, жан-жақты талдап, таңдап алу;

- өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыру;

- пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдеу;

- шешім қабылдау және қиын мәселелерді шешу;

Сол себепті интербелсенді оқытуда оқушылар келесі әрекеттерді атқаруға дайын болу керек:

- бірлескен жұмыс;

- танымдық, коммуникативтік, әлеуметтік тұрғыдан белсенділік таныту.

Жұптағы ой қозғау. Оқушылар қандай да болмасын ақпарат туралы бар білгендерін жазбаша келтіреді. Бұл тапсырманы орындауға берілген уақыт 2-4 минут қана, оқушылар өз жұптарымен жазғандарымен бөліседі, сұрақтарға жауап береді, тізімдерін толықтырады.

          Кластерлер (жүзімнің шоқтары деген мағынада). Идеялар мен ақпараттардың арасындағы байланыстарды айқындауға арналған жазба кестелер. Негізгі тақырып немесе тірек тақтаның ортасындағы шеңберге жазылады да, одан туындаған тақырыпшалар оның жан-жағына жазылып, шеңберленеді, оқушылар оларды бір-біріне қосады да, өзара байланыстыру туралы әңгімелейді.

 Ойлан, жұптас, пікірлес – оқушыларға қандай да болмасын сұрақ, тапсырма берілгеннен кейін оларды тыңғылықты орындауға бағытталған тәсіл. Тақтада сұрақ, тапсырма жазылғаннан кейін әрбір оқушы жекеше өз ойлары мен пікірін берілген уақыт ішінде (2-3 минут)   қағазға түсіреді. Содан кейін оқушы жұбымен жазғанын 3 – 4 минут талқылайды, пікірлеседі. Мұғалім 2-3 жұпқа өз пікірлерін бүкіл сыныпқа жариялауын сұрануына болады.

       Алдын – ала берілген атаулар – мұғалім сабақ барысында жаңа тақырып бойынша тақтаға бірнеше атау (терминдер) жазып қойып (3-4 атау) оқушыларға олардың мағынасы, мазмұны және өзара қатынасы мен байланысы туралы ойлауын сұрайды. Бұл жұмысты оқушылардың жеке жұппен немесе шағын топ ішінде ауызша яки жазбаша орындалуы ықтимал. Содан кейін мұғалімнің бірнеше оқушының ойы мен пікірін тыңдауына болады

 Еркін жазу – оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын қағазға түсіруді талап ететін тәсіл. Оқушылар берілген уақыт аумағында (5-7 минут) тоқтамай жазуы керек.

Сабақтың негізгі бөлімінде мұғалім оқушыларға білім алудың белсенді тәсілдерін ұсынып, олардың өздігінен жаңа мәліметті жан – жақта қарастырып, зерттеп, игеруіне мүдделі. Оқушылар жекелей, жұппен, топпен жаңа ақпаратпен танысып, ол туралы өзіндік пікір қалыптастырады.

        Сұрақ қою қайтадан сұрақ қою – мәтіннің әр бөлігінен кейін оқушыларға бір – біріне немесе өзгеде оқушыларға белгілі бір жүйемен сұрақ қою тәсілі. Мәтіннің бірінші бөлігі оқылып жатқанда А оқушы В-ға бірнеше сұрақ жазбаша дайындайды. Мәтін оқылып біткеннен кейін В оқушы жауап береді. Екінші бөлімнен кейін керісінше В оқушы А оқушыға сұрақ қояды. Үшінші бөлімнен кейін екеуі С және Д оқушыларға сұрақ қояды.

       Жеке тұлғаны анықтау  атты ойынның да тиімді жағы көп. Жүргізуші (мұғалім) химик ғалымдардың портреті жапсырылған беттерді таратады.Оқушылар ғалымның фамилясын, химия саласындағы өмірін, жаңалықтарын есімімен байланысты оқиғалар т.б еске түсіру керек.Талдау ұзақтығы 5 минут.

       «Джигсо» әдісінің артықшылығы – топта жұмыс істеуге арналған құрылым ұсынып, сөйлеу және тыңдау дағдыларын  дамытуды қамтамасыз ететіндігі.

  • Мұғалім сыныпты шағын топтарға бөледі (әдетте, төрт адамнан). Мұғалім оларды сыныптың тепе-теңдігін сақтай отырып, жынысына, қабілетіне, қарым-қатынастарына қарап бөледі.

  • Құрылған әр топқа дәстүрлі тапсырма беріледі. Тапсырма үлестірме материалдар түрінде таратылады. Күрделілігі бойынша оқуға арналған материалдің тиісті күрделілік деңгейі сақталуы керек. Егер топ төрт адамнан тұратын болса, басты тапсырманың ішінде топтың әр мүшесіне бір сұрақтан төрт сұрақ немесе тапсырма болады. Сұрақтар немесе тапсырмалар топ ішінде оқушылардың өзара келісуі арқылы бөлінеді.

Сабақты бекітуге және үй тапсырмасына қолдануға болатын әдістер:

Ыстық орындық – Бір  оқушы  алға  шығып  өз  пікірін  айтып   және тақырып  бойынша  сұрақтарға  жауап  береді. Сұрақты  анағұрлым мазмұнды  қылу  үшін, оқушылар  белгілі бір  пікір бойынша  бірлесіп  алға  шығып  сөйлей  алады. Мысалы,  оқушылар  белгілі бір  рөлді  немесе  адамды   сомдай  алады .

Оңай және қиын сұрақтар кестесі. Бұл кестені оқушылар қандай да болмасын мәселе бойынша өз пікірін келтіру үшін немесее жаңа ақпаратпен танысқанда толтыра алады. Кестенің сол жағына олар түсініктері боцынша оңай, ал оң жағына қиын сұрақтарды келтіреді. Мысалы, оңай сұрақтар дегеніміз мәтінде жауабы бар саулдар, ал қиын сұрақтардың жауабы мәтінде жоқ, оларға тек өзіндік тұрғыдан ғана жауап беруге болады.

Алтын балық – барлық  сынып  алдында  өз  пікірін  білдіргені болмаса, қалған жағдайда «ыстық  орындық» сияқты. Олар алтын  балыққа  арналған  аквариумда  отырады, басқалары  оларға сұрақ  қойып,  түсініктеме беруді талап ете  алады және  т.б. Бұлардан өзге сабақтың бұл кезеңінде семантикалық карта, Венн диаграммасы, сөз жұмбақ, тәжірибе жасау, көру, есте сақтау диктанты т.б тәсілдерді пайдалануға болады.

Қорыта келе оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту – бүгінгі заман талабы. Осы ретте, бастауыш сыныпта сабақты дұрыс жүргізе білудің маңызы зор. Педагогтың шеберлігі, яғни шығармашылық пен жауапкершілікті ұштастырып сабақ өтуі, бұл заман талабынан туындап отырған мәселе. Жоғары деңгейде сабақ беретін оқытушының алдынан шыққан оқушы – өмір айдынындағы өз жолын адаспай табады, азамат болып қалыптасады. Бұл ұстаз үшін абыройдың үлкені, әрбір мұғалім осыған ұмтылса ұрпақ алдындағы қарыздың өтелгені. Жоғарыда айтылған жұмыстардың барлығынан көретін нәтижеміз, тұлғаның; сөздік қоры молаяды, ізденімпаздыққа үйренеді, ойлау қабілеті артады, ойын еркін айтады, белсенділігі артады, шығармашыл жұмыс істейді, қиялы ұшталады, тапқырлыққа үйренеді.

Сөзімнің соңында көнеден келе жатқан «Қыран-түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз-шәкіртіне талмайтын талап сыйлайды»,-деген даналық сөзіндей, ұстаз қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі. Қоғам тұлғаны қаншылықты жетілдірсе, жетілген тұлға қоғамды соншалықты дәрежеде дамытады. Сондықтан тұлғаны қалыптастыруда Елбасының биылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» жолдауын басты ұрандай ұстансақ артық болмас, өйткені болашақ тізгінін ұстайтын ұрпақтың функционалды сауатты болуын біз назарда ұстауымыз керек.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!