Материалдар / Бастауыш сыныпта оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыру жолдары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бастауыш сыныпта оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыру жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
мақала
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Наурыз 2024
502
6 рет жүктелген
2500 ₸
Бүгін алсаңыз
+125 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +125 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түркістан облысы Шардара ауданы «Қызылқұм жалпы білім беретін мектеп» бастауыш сыныптар бойынша оқу ісі жөніндегі меңгерушісі Мархабай Оразкул Амангелдіқызы

Бастауыш сыныпта оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыру жолдары

Бастауыш сынып оқушысының оқу сауаттылығын дамыту кезеңіндегі кездесетін қиындықтар мен кедергілерді анықтап,оны жоюдың жолдарын қарастыру. Сабақ барысында әдіс-тәсілдерді қолдану кезеңі арқылы оқушының оқу шапшаңдығын арттырудағы жұмыстарына талдау жасау.Бастауыш мектепті бітірген оқушылар оқу жылдамдығын толық меңгеріп шығуы тиіс. Оқушы үлгерімінің негізгі факторы –оқу жылдамдығы болғандықтан, мен бұл мәселені өзекті тақырып етіп алдым.Бастауыш сатыдағы «Әліппе», «Ана тілі», «Әдебиеттік оқу» пәндерінің басты мақсаты-оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру,байланыстырып сөйлеуге үйрету, балалар әдебиетінің озық үлгідегі шығармаларын жүйелі оқыту,оқырмандық мәдениетке баулу, оқушының әдеби сауатын ашу,рухани дүниесін байыту, талғамын арттыру, ізгілікті-елжанды дара тұлға тәрбиелеу. Осы мақсатта оқушының ең алдымен функционалдық сауаттылығын дамыту. Оқушының тұлғасы дамуының ерекшелігін оның оқудағы жетістігі, оқу іс –әрекетінің компоненттерін меңгеруі, жалпы оқу біліктілігі мен дағдыларының қалыптасу деңгейін анықтайды.Жалпы оқу дағдыларының бір саласы-оқу техникасы.
1-сыныпта әліппе, ана тілі пәндері - балалардың оқу сауаттылығының негізгі құралы. Оқуға үйрету әліппе кезеңінен бастау алады. Әліппені оқыту кезеңі басталғанда жеке оқушының дамуына дыбыс,буын сөз,сөйлемдерді саналы дұрыс,анық ,таза қалпында айтуға және оқуға үйретіледі. Оқушының оқу дағдысының қалыптасу деңгейін байқауға, мектепке дейін оқуды үйреніп келген оқушыларды анықтауға мүмкіндік береді.Алдын ала тексеру мұғалімге әліппемен жұмыс барысын жоспарлауға,оқушылардың оқу дағдыларын жетілдіру үшін сөздерді буындап айтуға дайындау және анықтап, таза айтуға үйрету жұмысына бағытталады. Осы кезеңде оқушының тілі жаттығу мақсатында мақал-мәтел,жаңылтпаш,жұмбақтарды жаттауға үйрету жүргізілгені жақсы.Жаңылтпашты қарқынмен оқуға үйретіп,оқу кезінде оқудың мәнерлілігіне көңіл аударылмайды.Бұл жаттығу артикуляфияны дамытуға арналған. Ол үшін оқу дағдысын қалыптастыру кезеңінде ашық буынды сөздерден тұратын мәтіндер беріледі, содан кейін бітеу буынды сөздері бар мәтіндер,соңында үш және одан да көп буыны бар сөздерден тұратын мәтіндер беріледі. Бұл оқушылардың оқу дағдысының қалыптасып кетуіне үлкен мүмкіндік беріледі. Сол кезеңде оқушының мәтінді күнделікті оқытуда «Мәтінді қайта оқыңдар,бірақ асықпай әдемі,мәнерлі оқуға тырысыңдар».Балалар мәтіннің өздеріне таныс емес бөлігін соңына дейін оқиды,мұғалім оларды тоқтатпайды.Осылай қадағалап оқыту барысында алға ілгерілеуін анықтап,байқап отыру керек.Балаларға қандай-да бір біліктілікті меңгертіп,оны дағды деңгейіне жеткізу үшін белгілі бір уақыт аралығында,олармен күнде-күнде көлемі шағын жаттығулар жүргізу керек.Оқушыға мәтін арасындағы абзацты оқып,мазмұнын айтып беруді тапсырып отыру керек. Мұндай дайындық жаттығуларды үлгерімі төмен оқушылармен көбірек жүргізгені абзал және үйге тапсырма ретінде де қосымша бергені дұрыс. Уақыт өте келе мәтіндер көлеміде күрделене түседі. Осы кезеңдерде әліппемен жұмыс барысын жоспарлауға,оқушының оқу дағдысын жетілдіру үшін қосымша әдебиеттер мен көркем шығармаларды тыңдауға мүмкіндік беру керек. Оған қосыла айтуды талап ету де керек.

Оқу жылының басынан соңына дейін буындап оқу,сөздерді тұтас оқу,дауыстап оқу, іштей оқу, ызыңдап оқу,көру диктанттарын оқыту арқылы жаздыру,өлеңді мәнерлеп оқу, шағын және көлемді мәтіндерді оқытуда оқу техникасын дамыту керек. Мәтіндегі сөздің мәніне,мағынасын білу және түсінуді талап ету керек. Мәтіндерді оқыту барысында сөйлемдер және сөйлемдер арасындағы байланысты түсіну,сол арқылы мәтін мағынасын түсініп,айтып беруге үйрену , сөйтіп түсініктерін айтуда біртіндеп күрделену бағытында мәнерлеп оқуды жетілдіру мақсаты көзделеді. Әрине, осындай маңызды ұғымдар бала санасында дайын күйінде қалыптаса салмайды. Міне, сондықтан оқу сауаттылығы пәндерінде мұғалім сабақ құрылымын құруда көркем сөздер арқылы тек баланың санасына әсер етуді көздемей,бірінші кезекте баланың сезіміне әсер етуге,оларды жақсылыққа қарай итермелеуге жағдай жасап, шығарма арқылы шынайы өмірге көпір салуға ұмтылуы тиіс. Міне, осындай кезеңде шағын өлеңдер,мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар,жұмбақтар жаттауға және шапшаң жаттап алуға дағдыландыру керек.Оқу үдерісінде дайындық жаттығуларының ұзақтығы емес,жиілігі маңызды. Бұл әдіс-тәсілдер оқушының оқу сауаттылығын қалыптастыруға үлкен үлесін қосады. Мұғалім оқушылардың оқу техникасын бақылу үшін оқу дағдысының тексеру кестесіне жүгініп,оқушылардың оқу деңгейін байқап отыру керек. Сонда оқушылардың оқу шапшаңдығының дамуы мен оқу дағдысының қалыптасып жатқандығы байқалады.
2-4 сыныптар үшін де оқу сауаттылығы- баладан тек оқуды терең меңгеруді ғана қажет етіп қоймай,басқа да мектеп бағдарламаларын игерудің негізі болып табылады. Сондықтан деңгейлеп-саралап оқыту әрбір оқушының оқу сауаттылығына қарқынын арттырады. Оқу барысында қабылдау,есте сақтау,ойлау қабілеттерінің ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік береді. Кез-келген деңгейлеп-саралап оқудың түпкі мақсаты-оқудың сапасын арттыру. Оқу жұмысын жандандыру кезеңінде оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында дауыстап оқу,іштей оқу,бәсең оқу,дауыстап оқу және қарқынын жылдамдатып оқу немесе баяулатып оқыту түрлерімен алмастыру керек. Сыныптан-сыныпқа көшкен сайын өзіндік оқудың көлемін ұлғайтып отыру керек. Сонда ғана баланың оқу сауаттылығы толыққанды дамуы туралы сөз болуы да мүмкін емес.
Оқушылар бастауыш мектепті бітірерде шапшаң оқу мен түсініп оқуды қамтып, талдап оқуға қалыптасып шығуы тиіс. Оқу дағдысының қалыптасу кезеңі ұзақ уақытты қажет етеді. Оқушының оқу дағдысын қалыптастыруда әдебиеттік оқу пәнінің сабағын өту барысында оқушының зейін деңгейін ұйымдастыру жұмыстарын жүргізту керек.
Оқу кезеңіндегі зейін адамның басқа да іс-әрекеттері сияқты маңызды роль атқарады. Өз ойын жинақтау, қорытындылау, орындалатын жұмыстың нәтижесіне әсер етеді. Сабақтар барысында әр оқушының оқу дағдысының қалыптасуы мен зейінінің дамуын бақылап отыру мұғалімнің көп тер төгуін қажет етеді. Көп жағдайда бастауыш сынып оқушыларына берілген ақпараттың қызықсыздығы баланың зейінін тұрақсыздандырады. Мұны мұғалімдер біледі.Сондықтан да өз жұмыстарында оқушылардың зейінін тұрақтандыру үшін ойлау қабілетін дамытуда әр түрлі жаттығулар мен тәсілдерді қолдану керек.Мысалы бір шумақ өлең жолын беріп,оқу және жаттауды тапсыру.Өлең жолын оқу барысында неше рет оқығанда жаттағанына мән беру,оқушының зейінін аударып , түсініп оқуына талап қою керек. Сонымен қатар диктант алу барысында да оқушы диктант мәтінімен толық танысып алған соң,жазу барысына көшу кезінде 6-7 сөздерден тұратын сөйлемді бір рет оқу кезінде есте сақтап,дәптерге оқушы іштей қайталау арқылы жазып шығуына да мән беру керек.Бұл тәсілде оқушының зейін деңгейінің дамуына ықпал етеді. Бұл жұмыста мұғалімнің басшылыққа алатыны-бағдарлама мен әр жарты жылдыққа арналған бағдарламалық талаптар. Міне,сондықтан мұғалімдер оқу техникасын ,яғни белгілі бір уақыт кестесіндегі баланың оқу техникасы бойынша білім,білік дағдысын бақылауға алып отыруы тиіс. Оқу машығын қалыптастырудың мақсаты-баланың өзі оқыған сөйлемін ,мәтінін толық түсінуі және сонда қолданылған сөздердің мағынасын меңгеруіне қол жеткізу. Мұны орындау үшін оқытушы баланың әрбір сөзі дұрыс ,анық оқуын үнемі қадағалап отыруы шарт. Әрбір сөзді дұрыс анық етіп оқыған бала сөзді түсінеді. Шапшаң оқудың алғы шарты орындалады. Осыдан шапшаң оқудың дұрыс оқумен, түсініп оқумен өте тығыз байланыстылығы көрініп тұрады. Оның үстіне сөзді дұрыс және түсініп оқу үшін мәтінді белгілі бір қарқынмен оқу қажет. Олай етпеген жағдайда мәтінді оқушы да,оны тыңдаушы да ештеңе түсінбейді. Оқу жылдамдығын қалыптастыру бастауыш сыныптан басталады. Осы кезеңде баланың дұрыс оқуы,әрі жылдам,әрі мазмұнды түсіне оқи білу-үлкен еңбектің жемісі. Сондықтан жылдам оқу-оқушы үлгерімінің негізгі факторы. Оқушының оқу жылдамдығы артқан сайын есте сақтау қабілеті артады.
Мектепте іштей оқу шапшаңдығы мен дауыстап оқу шапшаңдығын қатар алып отыру керек. Бұл дегеніңіз оқушының іштей оқу мен дауыстап оқу шапшаңдықтары 2 түрлі болатындығы көпжылдық тәжірибемнен белгілі,сол себепті де 2 оқу түрін қатар алып үйретілгені дұрыс.Іштей оқу-бұл дауыс шығармай көзбен оқу. Сондықтан оқушыны іштей оқуға да қалыптастырған міндетті. Бұл жағдайда бала ерін жыбырлатып немесе сыбырлап оқитын болса,ол іштей оқу әдісіне жатпайды. Сондықтан оқушыға іштей оқу техникасын мұқият түсіндіру керек және үйретілгені дұрыс.Тек көзбен жүгіртіп оқу көзделетінін түсіндірген соң және солай оқуға қалыптастыру керекте. Іштей оқу кезіндегі уақыт дауыстап оқу уақытынан төмен болып жатады. Міне,осы себепті оқушының оқу шапшаңдықтарын теңестіру үшін іштей оқу мен дауыстап оқу дағдысын қатар алып жүру жүргізілгені дұрыс.Іштей оқуды жақсы қалыптастырған оқушыда дауыстап оқудан оқу шапшаңдылығы асып түседі.Іштей оқу техникасын 2-сыныптан бастап үйретілгені дұрыс. Іштей оқу мен дауыстап оқудағы оқу шапшаңдығын дамыту барысында көптеген мәтіндердің өлең түрінде келетінін ескере отырып, шапшаңдыққа оқу дағдысын тексеру барысында өлең түріндегі мәтіндерді де қолданып отырған жөн. Өлең түріндегі мәтіндерді оқыту кезінде өлең оқу ырғағына, дауыс реңкіне, кідіріс қоя білуіне, эмоционалдық бояуына, бейнелі оқи білуіне мән беріледі. Мұндай мәтіндер мұғалімнің қалауы бойынша алынады.
Мұғалім оқушының оқу дағдысын қалыптастыруды жүргізу барысында түсініп оқуын қадағалаумен жалғастырады. Оқушының оқу техникасын тексеру кезінде мұғалім баланың оқу дағдысын түсініп және дұрыс оқуын ,оқу шапшаңдығын ,мәнерлеп оқуын қатар алып бақылап, сол оқу техникасына дағдыландырып,қалыптастыру керек.Сонымен қатар түсініп оқу кезінде мұғалім оқушының мәтіндегі жекелеген сөздердің,сөз тіркестерінің, сөйлемдерінің мағынасын түсінуіне көңіл бөлу керек.
Мұғалім оқушының оқу дағдысын қалыптастыру кезеңін жүргізу барысында тексеріпте отыру керек. Сол тексеріс барысында мыныдай ережелермен бақылау қажет. Оқушының буындап оқуы немесе сөзді толық оқуын анықтау. Одан кейін сөздердің дұрыс оқылуын ,қате немесе қатесіз оқуын анықтау.Оқу шапшаңдықтарын анықтауда талаптан төмен,талапқа сай,талаптан жоғары деңгейді көрсететін оқушыны анықтап отыру керек. Содан кейін оқушының мәнерлеп оқуын анықтау және мәнерлеп оқуға қалыптастыру керек. Оқушының оқу дағдысын жетілдіруге бағытталған жұмыс барысында жүйелі тексеріп қана қоймай,тексеру нәтижесін арнайы дәптерге белгілеп, жіберілген қателіктердің жолын қарастыру керек. Жіберілген кемшіліктерді жоюға бағытталған жеке жұмыс түрлерін жүргізіп отыру қажет. Ол үшін бұндай жағдайда мұғалім оқушыдан тақтаға бір шумақ өлең жолдарын жазу немесе тақтаға өлең жолдары жазылған плакатты іліп оқыту және жаттату керек. Сонымен қатар оқушыларға жекелей карточка түрінде үлестіріп, мәнерлеп оқуын немесе оқушының деңгейіне қарап жаттап беруін талап ету керек. Осы шумақ өлеңді неше рет оқығанда жаттағанына да мән беру керек.Тез жаттап алуға дағдыландыру керек. Оқушының жас ерекшелігін ескере жүріп ,өзіндік оқудың көлемін ұлғайтып отыру керек.
Мәтінді оқыту. Мәтіннің мазмұнын оқыту барысында да түсінгенін анықтау керек.Осы мәтінді оқыту барысында іштей оқу немесе дауыстап оқу тәсілдерін жүргізуге болады. Оқылған мәтін бойынша оқушының түсінігін сұрау көзделеді.Ол үшін мәтіннен нені түсінгенін бақылау үшін «Мәтін не туралы?», «Басты кейіпкерлерді ата», «Мәтіндегі ерекше есте қалған оқиғасы туралы әңгімеле» деген қысқа көлемді сұрақтармен тексеруіне болады. Сонда оқушыда оқу техникасының дамуының жұмыс нәтижесін байқауға болады.
Мәнерлеп оқуын бақылау барысында сөздің анықтылығына, нақтылығына, кідірістің сақталуына, логикалық екпіннің қойылуына, тиісті дауыс ырғағына келтіріп оқи білуіне, диалогтардың дұрыс оқылуына мән беру керек. Әр оқушының оқу дағдысын қалыптастыру мақсатында жоғарыда айтылған әдіс-тәсілдердің жүргізілген жұмыстардың нәтижесі сыныптан-сыныпқа көшу кезеңінде дами түседі.Оқушының оқу дағдысы дамып,оқу техникасы қалыптасады. Бұл жағдайда баланың оқу дағдысы толыққанды дамитыны ақиқат.
Бүгінгі таңда жалпы білім беретін оқу орындарындағы білім алу процесі мүмкіндігінше дамулы үстінде.Сынып оқушысын тұлғаға айналдыру ата-ананың балаға берген тәрбиесімен, мұғалімніңде берер тәрбиесі мен білім берудегі еңбегі зор.Сынып оқушысының тұлғасы дамуының ерекшелігін оның оқудағы жетістігі, оқу іс-әрекетінің компоненттерін меңгеруі,жалпы оқу біліктілігі мен дағдыларының даму және қалыптасу деңгейін анықтайды. Осы аталған дағдыны жоғары деңгейде қалыптастырмайынша оқушының әрі қарайда сапалы білім алуы қиындай түсуі әбден мүмкін. Оқушының бойында қалыптасуға тиісті дағды мен шеберлік стандарт талаптарына сәйкес болуы үшін кез келген мұғалім кемістіктерді жоюға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізіп отырса алынбайтын қамал жоқтығын іс жүзінде дәлелдеп ,еңбегінің нәтижесін көрері сөзсіз.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!