Материалдар / Бастауыш сыныпта қазақ тілін дамыта оқытудың тиімділігі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бастауыш сыныпта қазақ тілін дамыта оқытудың тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш снып мұғалімдеріне, дамыта оқытудың өз бетінше ізденуге, танымын дамытуға бағытталатындығы туралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Сәуір 2021
541
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ҚАЗАҚ ТІЛІН ДАМЫТА ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

ф.ғ.к Оразбаева Э.Б., Ашимова Ұ.И. магистр


Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Шымкент

.

Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Сондықтан қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына оқу үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Мектеп өміріне еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан-жақты дамыту. Бастауыш мектеп – оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезең.Сондықтан бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағы, қиын да жауапты іс. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс- тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.

Қазіргі заманның талабына сай болу және жаңа формация мектебінде жұмыс істеп жүрген педагогтардың алдында тұрған  проблемаларды шешу негізгі мақсат болып табылады. Олар:

  • баланы оқи білуге үйрету; 

  • баланы ойлауға үйрету;

  • баланың өзін-өзі тұлға ретінде дамуына жағдай жасау деп 3 мақсатқа негіздеп, жіктеген[1].

Бастауыш саты – бұл оқушы тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан бастауыш мектеп – оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. Елбасының жолдауында: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады» – деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз.

Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.

Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісінде жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салу.

Дамыта оқыту – білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдердің бірі.

Дамыта оқыту дегеніміз - түсіндірмелі және иллюстрациялық әдісті (типті) алмастыратын оқытудың жаңа, белсенді және белсенді әдісі (түрі).

Оқу – адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады. «Даму» ұғымы сөздікте  «... мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы» -деп түсіндіріледі.  «Даму» ұғымының психологиялық анықтамасы – жаңарту процесі жаңаның өмірге келуі, ескінің жоғалуы деген мағынаны білдіреді. Оқыту мен дамытудың арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылымы жеткілікті дәрежеде дәлелдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған көрнекті психолог  Л.С Выгодский.

И.Я Лернер «Даму» деген ұғымды педагоикалық заңдылықтарға негіздей отырып, адамның әртүрлі қиындықтардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы деп түсіндіреді. Мұндай анықтама интеллектуалдық іс-әрекетті жоғары орынға шығарады. Мәселе қаншалықты күрделі болса, оны шешуге жұмсалатын ақыл-ой қызметі де соншалықты кең, аумақты, демек даму деңгейі де жоғары болады.

Л.В. Занков ақыл-ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды іске асырады деп есептейді. Олар байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу, практикалық іс-әрекетті атқара білу. В.В. Давыдов ақыл ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысын есептейді.

Тұтас алғанда барлық авторлардың даму туралы ойлары оқыту барысында баланың психикасының жаңа сапалық деңгейге көтерілуі дегенге келіп саяды және оның басты шарты ретінде әрекет алынды деп тұжырымдалынған [2].

Бастауыш сыныптарға білім беруші педагог, Жаныбекова А. Т. «Бастауыш сыныпта дамыта оқыту технологиясының тиімділігі» атты мақаласында «Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда негізінен дамыта оқыту технологиясы басшылыққа алынады. Себебі қазіргі оқулықтар дамыта оқыту технологиясы негізінде жазылған. Сондықтан әрбір бастауыш сынып мұғалімі «Дамыта оқыту» технологиясындағы  сабақтың құрылымын, әдіснамалық негіздерін толық меңгеріп, өз іс-тәжірибесінде шығармашылықпен қолдана білуі тиіс» - деп, ең алғаш рет бала дамуының төмендегідей екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды. Олар:

1.Бала дамуының жақын аймағы – баланың тек үлкендердің көмегі арқылы атқара алатын істері.

2.Бала дамуының қол жеткен аймағы – баланың үлкендердің көмегінсіз істей алатын істері.

Бұл ұсынылған екі теориясында «Баланың дамуы бірінші аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады. Дамудың қол жеткен аймағы жақын аймақпен өзара қызметтесе отырып, оны игерген кезде дамуға өріс ашылады» деп баланың дамуы туралы пікір білдерген [3].

Мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл-ой жұмысының тәсілдері қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады. Оқушының дамуы мен шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз.

Мысалы, дамыта оқытудың статегияларының бірі «Ой шақыру» әдісін алып, қазақ тілі сабағында қолдануға болады.

1-тапсырма. Оқушыларға «Балқарағай, омарташы, қанағат, ұсынылатын» сөздеріндегі әріптерді пайдаланып, сөздер құрау тапсырылады.
Үлгі: «Балқарағай» сөзіндегі әріптерді пайдаланып, сөздер құрау
(Бал, қарағай, қара, бала, ағай, ара, ай, қар, балға, Арай, қарға, лақ, арал...)
Омарташы – ______________________________________________________
Қанағат – ________________________________________________________
Ұсынылатын - ____________________________________________________

Бастауыш сыныпта оқушылардың ойлау қабілетін жан-жақты дамытатын тапсырмалар бар. Мысалы, «Зат есім» тақырыбын өткенде мынандай ой қозғаушы жаттығуларды орындатқан тиімді.

2-тапсырма. «М»- дан басталатын сегіз сөз. Ол сөздер төмендегі заттардың атауы болсын:
1. Сұйық зат
: ....... , ............ , .............. , .............. , ............., ............. , ............. .
2. Зат немесе құбылыс атауы
....... , ............ , .............. , .............. , ............. ......

3. Дақыл атауы: ....... , ............ , .............. , .............. , ............., ........... ,..............
4. Жеміс аты: ....... , ............ , .............. , .............. , ............. , ............ ,...............
5. Қарудың аты: ....... , ............ , .............. , .............. , ............. , ........................
6. Өсімдік атауы: ....... , ............ , .............. , .............. , ............. , .......................
7. Адам аты: ....... , ............ , .............. , .............. , ............. .

Осылайша сапалы білім беруге бағытталған дамыта оқыту технологиясы – оқушының ақыл-ойын дамытуға арналған теориялық әдістерді қолдана отырып, бағдарланған оқыту жүйесі. Оқушылардың қазақ тілі бағдарламасына сай оқытылатын оқу материалдарын белсенді, өзінің ізденімпаз күш қабілетін іске қоса отырып меңгеруін ұйымдастыру – ақыл- ой қызметінің біртіндеп өз бетімен шешім табуға дағдылануын қалыптастыратын тиімді жол.

Тойбазарова Н.А «Бастауыш сыныпта қазақ тілін дамыта оқыту» атты монографиялық еңбегінде «Бастауыш сыныпта дамыта оқыту арқылы оқу материалдарын меңгерудің маңызды орны оқушының алдына қойылған проблеманы дұрыс шешуге ғана емес, келесі жолы сол проблеманы аз уақытта оптималдылықпен сапалы шешу жолын үйренуге жетелейтіндігінде.

Бастауыш сыныпты дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой  әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады» деп тұжырымдаған [4].

Білім беру саласында еңбек етіп жүрген бастауыш сынып мұғалімі Ибрагимова Ш. Ж. «Бастауыш сыныпта оқытудың жаңа технологияларын қолданудың тиімділігі» мақаласында «Дамыта оқытуда баланың ізденушілік – ойлау әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей 3 құрамдас бөліктерден тұратын болады.

1.     Оқу мақсаттарының қойылуы.

2.     Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.

3.     Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.

Бұл – үшеуі дамыта оқытудың Д.Б.Элконин – В.В.Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері» - деп жазған болатын.

Сонымен қатар, ол өз ізденіс жұмысында, «Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ процесін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам ролінде шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкііндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен әр бала жасаған еңбегінің нәтижесімен бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді» деп, дамыта оқыту технологиясының нәтижелерін:

1) түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі;

2) оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады;

3)  олардың әрқайсысының деңгейін анықтауға болады;

4)  оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік бар;

5) оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді;

6) оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады;

7) жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастырады деп жіктеді [5].

Бастауыш білім беру деңгейінде қолданылатын оқыту технологиялары төмендегі негізгі талаптарға сәйкес болуы керек.

  • Оқу үрдісінде білім алушылардың өздерін еркін сезінуіне жағдай туғызу.

  • Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын дамыту, күтілетін нәтижелерге жетуге талаптандыру.

  • Жеке бас дамытуға бағытталған әдіс-тәсілдерді қолдану.

  • Өз бетімен жұмыс істеп, шешім қабылдауға мүмкіндіктер туғызу талаптарына жіктелінген

Дамыта оқыту оқушылардың ізденгіштік-зерттеушілік іс-әрекетіне тән. Оған тән сипаттар:

- оқушының алдына ізденуді жүзеге асыру қажеттілігін тудыру керек,

- іс-әрекеттің бастапқы кезеңі – оқушылардың алдына олардың әрекет жағдайын жаңаша талдап, оны жаңаша түсінуді талап ететін оқу міндеттерін қою,

осы міндеттерді шешуді, яғни іздену іс-әркетін ұйымдастыру, мұнда үлгі көрсетуге болмайды, сондықтан мұғалім оқушыларды іздену іс-әрекетіне таратуы қажет ол үшін екі шартты орындау керек.

1) Мұғалім өзара ізденуге басқарушы болмай, шын мәнінде қатынасушы болу керек.

2) Ол оқушылар жүргізіліп жатқан ізденуді шын мәнінде жүзеге асыру керек, оларға дұрыс шешім көрсету керек.

3) Оқу міндеті шешілгеннен кейін мұғалім табылған шешімнің бағасын ұйымдастырып оның басқа міндеттрді шешу үшін қаншалықта пайдалануға болатынын түсіндіреді

Дамыта оқытуда мұғалімнің басты міндеті:

Оқу материалдарын оқушыға дайын күйінде көрсету емес, оқушымен бірлесіп, жалпы іс-әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған міндеттерді түсіндіру, оларды шешудің тәсілдерін, жолдарын іздестіру арқылы өз іс-тәжірибесінде қалай қолданады?

1) Оқу әрекетін қалыптастыру, айналадағы дүниемен белсенді әрекеттестік, этикалық, эстетикалық қарым-қатынасқа дайындау, дара тұлғалық адамгершілік нормаларын меңгерту;

2) Оқу барысында баланың бойындағы дамытуды қалыптастыруды дағдыға айналдыру;

3) Оқу мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу;

4) Сөздік қоры мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу;

5) Оқушының сезіміне әсер етіп, логикалық ойын дамыту;

6) Жалпы оқушының жан дүниесін дамыту [6].

Демек, дамыта оқытуда – оқушы өз іс-әрекетін өзі құруға, өзін-өзі дамытуға  білім өз бетімен меңгеруге, өз ойын еркін айтуға, дәлелдеуге,  шешімнің  дұрыс-бұрыстығын қабылдауға, өз бетімен іздену жұмыстарын жүргізуге ,өзін-өзі бағалауға үйретіледі.

Қорыта келгенде, дамыта оқытуда ойлау қаблеттерін бағыттау, ойлануға жетелеу, ойға берілу, сабаққа ынтасын, қызығушылығын арттырады. Оқушыны алдына қойған мақсатқа жетелейді, жауапкершілігін жетілдіреді, үлгірмеуші болмайды. Дамыта оқыту арқылы оқушылардың өзіндік танымын жетілдірсек, тек ақылды емес, сонымен қатар өз іс-әрекетін сараптап, жан- жүрегімен сезіне алатын, білімді ұрпақ тәрбиелей аламыз деген сенімдеміз.


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Бастауыш мектеп методикасы. Алматы.- 2000, 6-12 бет

  2. Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. — А., 1991.

  3. Жаныбекова А. Т. «Бастауыш сыныпта дамыта оқыту технологиясының тиімділігі» мақаласы http://www.ustazdar-alemi.kz/index.php/bastauysh-synyptar?start=275

  4. Тойбазарова Н.А «Бастауыш сыныпта қазақ тілін дамыта оқыту», Монография

  5. Ибрагимова Ш. Ж. «Бастауыш сыныпта оқытудың жаңа технологияларын қолданудың тиімділігі» мақаласы, https://bilimainasy.kz/

  6. Жұмабаева Ә.Е.  Бастауыш мектептегі тіл дамыту жұмыстарының әдістемесі.- Алматы. 2002 3-9 бет




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!