Бастауыш сыныпта «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту»технологиясын қолданудың тиімділігі.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бастауыш сыныпта «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту»технологиясын қолданудың тиімділігі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашақта еңбек етіп,өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары,мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады.Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр»деген болатын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бастауыш сыныпта «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту»технологиясын қолданудың тиімділігі.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашақта еңбек етіп,өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары,мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады.Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр»деген болатын.

Еліміздің экономикалық,әлеуметтік - мәдени саласы өскен сайын,қоғам дамуының барлық саласындағы болып жатқан өзгерістерге сай білім беру саласы да өзгеріп,жаңару үстінде.Осы орайда,білім ордасының табалдырығын жаңа ғана аттаған жас бүлдіршіндердің дүниетанымын қалыптастыру,жеке тұлға ретіндегі қасиеттерін шыңдап,тәрбиелеу барысында бастауыш білім сатысының орны ерекше екенін айтпасақ та белгілі.Дегенмен,бүгінгі дәстүрлі білім жүйесі өзінің айтарлықтай нәтижелігіне қарамастан,қоғамның өте жылдам,тез қарқынмен өзгеріп жатқан үрдістерінің аясында дағдарысқа ұшырап қалатыны да рас.Бұрынғы қолданыста жүрген оқу бағдарламалары оқытудың негізгі мәні адам тәрбиесі,жеке тұлғаның қалыптасуы екеніне жете көңіл бөлмегенін де енді аңғарып отырмыз.Себебі,дәл қазіргі уақыт,ең алдымен,адамның ақыл-ойы мен қабілетіне қойылар талапты өте күшейтіп жібереді.

Ендеше,бұдан шығатын қорытынды мектепте оқушының жеке тұлға ретінде дамуы мен тәрбиеленуіне тікелей ықпал тиетін жаңаша көзқарастарды батыл енгізу қажет болды.Бұл тұжырым Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңында»да айқын көрсетілген. «...Білім беру жүйесінің басты мақсаты - ұлттық және адамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау».

Мен бұл «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту»технологиясын 2016-2017 оқу жылынан бастап қолданып келемін. Осы жобамен ұйымдастырылған сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға,өз бетінше білім алуға,шығармашылығын қалыптастыруға зор ықпал ететінін бірден байқадым.Оқушылар үшін сабақтар қызықты,жеңіл өтіп,білімдерінің тереңдігі әрі тиянақтылығы арта түседі. Оқу мен Жазу арқылы Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы біздің көптеген тұйыққа тіреліп қалған көптеген оқыту мәселелеріне көмектесе алды.Бұл «Сын тұрғысынан ойлау»деп аталғаны сын көзқараспен қарау деген мағына емес,талдап,ойлаумен ұштастыра білім алуды бағыттайтын оқыту технологиясы.Бұрын да өзіміз білетін әдістерін пайдалану арқылы сабақты жүйелеп өтетінбіз.Дегенмен басты нысана мұғалім мен оқулық болатын.Оқушы тек қабылдаушы ретінде танылды.Ал қазір тың әдістерді жиі пайдаланып,оқушылардың білімге деген ынтасын арттырып,таным деңгейін кеңейту міндеті тұр.Оқушы мұғалімнің сөзін жалыға еш ұқпай тыңдаушыдан,белсенді,ізденуші,ойланушы дәрежесіне көтерілуі керек.Сын тұрғысынан ойлау - өте күрделі,маңызды құбылыс.Мұғалім осы әрекетті ұйымдастырушы,бағыттаушы.Оқушы әр түрлі ақпарат көздерінен сусындап,өз түйінін айта білуі керек.Кез-келген мазмұнды талдау барысында өз тобымен ұйымдасып,пікірлесіп,ең ұтымды жауапты іздеуі керек. «Сын тұрғысынан ойлау»бағдарламасының стратегияларын пайдалана отырып өткен сабақтардың әсері мол.Сабақта оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау негіздерін қалыптастырудың алғы шарттары мыналар,сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыру,үздіксіз түрде жүзеге асырылуы керек;оқыту үрдісін айқын түрде демократияландыруды қадағалау;

Бұл бағдарлама негізінен мұғалімдердің де оқушылардың да алдына міндеттер қояды.Соның бірі өзінің оқыту жүйесінде сын тұрғысынан ойлауды және өз бетімен білім алуға көмектесетін кестені қолдану.

1.Қызығушылықты ояту ( сұрақтар қою).Зерттелетін мәселені түсіндірумен шектеледі.

2.Мағынаны тану ( жауаптар іздеу,мәселені зерттеу).Оқушылар жұмысты талдайды,берілген сұрақтар бойынша өзіндегі білімдерді еске түсіреді,белсенді түрде жаңа мағлұматтарды ізденуге кіріседі.

3.Ой толғаныс (ойлау процесінің ең жоғарғы сатысында мәселені талқылау).Шешімі табылған мәселені жалпылау,алынған білімдерді пысықтау,жаңа материалды қайталау жүзеге асырылады.

Енді осы кезеңдердің мақсат-міндеттеріне толығырақ тоқталып өтейік:

Қызығушылықты ояту: Үйрену процесі - бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады.Үйренуші жаға ұғымдарды,түсініктерді,өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады,кеңейте түседі.Сондықтан да,сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі,не айта алатындығын анықтаудан басталады.Осы арқылы ойды қозғату,ояту,ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады.Осы кезеңге қызмет ететін «Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», «Жұпта талқылау», «Болжау», «Әлемді шарлау»т.б.деген аттары бар әдістер жинақталған.Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты - үйренушінің белсенділігін арттыру.Өйткені,үйрену –енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз.Оқушы өз білетінін еске түсіреді,қағазға жазады,көршісімен бөліседі,тобында талқылайды.Яғни айту,бөлісу,ортаға салу арқылы оның ойы ашылады,тазарады.Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды.Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап,оны байырғы біліммен ұштастырады.

Ойлану мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі - мағынаны тану (түсіне білу).Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады,тақырып бойынша жұмыс істейді,тапсырмалар орындайды.Оның өз бетімен жұмыс жасап,белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады.Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар.Соның бірі INSERT.Ол бойынша оқушыға оқу,тақырыппен танысу барысында V- «білемін»,- «мен үшін түсініксіз»,+ - «мен үшін жаңа ақпарат»,?- «мені таң қалдырады» белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады.INSERT - оқығанын түсінуге,өз ойына басшылық етуге,ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал.Бір әңгіменің соңына тез жету,оқығанды есте сақтау,мәнін жете түсіну - күрделі жұмыс.Сондықтан да,оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау,өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі.Мағынаны түсінуді жоғарыдай ұйымдастыру - аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі.

Үйретушілер білетіндерін анықтап,білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді.Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға,яғни байланыстар құруға дағдыландырады.Сурет арқылы бейнелесек:

Тақырып туралы ой – толғаныс - бағдарламаның үшінші кезеңі.Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру,өзіне,басқаға сын көзбен қарап,баға беруге үйретеді.Оқушылар өз ойларын,өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады.Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру,ой түйістіру,өз үйрену жолын,кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді.Бұл үйрену сатысы - ойды қайта түйіп,жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады.Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді.

Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған «Бес жолды өлең», « Венн диаграммасы», «Еркін жазу», «Семантикалық карта», «Т кестесі»сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне,ауыр - жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады.Жоба 60-қа жуық стратегиялардан тұрады.Солардың кейбірімен таныстыра кетеміз.

Джиксо - ұжымдық оқыту әдісі: Мақсаты - жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау.Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезінеді,оқуға деген жауапкершілігі артады.

Әдісті қолдану төмендегіше ұйымдастырылады.Алдымен ұжым адамнан тұратын топтарға бөлінеді.Бұл «жанұя»топтар деп аталады.Содан кейін 1,2,3,4-ке санау арқылы 1-лер бөлек,2,3,4 өз алдына «жұмыс »тобын құрайды.Оқуға ұсынылатын материалдың тақырыбы талқыланған соң осы мәтінді түсіну қажет екендігі ескертіледі.4 логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1-бөлігін 1-лер,2-бөлігін 2 санын алғандар,3,4 нөмірлі топтарға оқуға тапсырылады.Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға «жұмыс тобында»мәтіннің тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттілігін,өйткені сол бөлікті «жанұя топ» оқушыларына түсіндіруге жауапты екенін,мәтінді тұтас түсіну ір оқушының ыждағаттылығына байланысты екенін түсіндіру қажет.Келесі кезекте ұжым мүшелері бастапқы топтарымен қайта табысып,өздерінің үйреніп келген бөліктеріндегі мазмұнды ортаға салады.Осылайша ұжым мүшелері бірін-бірі оқытуға,сол арқылы ойлауға үйренеді.ДЖИКСО стратегиясы мазмұнды жоғары табыспен меңгеру,оқығанды есте сақтау үшін өте тиімді.Оқушының оқуға деген қызығушылығы артады,ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасады,саналы тәртіп орнайды.Сондай-ақ,мұғалімді,мектеп қызметкерлерін түсіну,оларға деген дұрыс көзқарасқа үйренеді.Екі түрлі түсініктеме күнделігі.Оқушылардан дәптердің бетін (не таратылып берген парақты) ортасынан вертикаль сызықпен бөлу сұралады.Мәтінді оқу барысында олар:әр оқушы мәтінмен танысып,күнделікті толтырып біткен соң жұпта,топта талқылау ұйымдастырады.Жұмыс аяқталған кезде мұғалім қорытуға арналған әзірлеп келген сұрақтарын қойып,жауаптар алады.Ол сұрақтар оқығанға баға беру,пікірін,көзқарасын білдіруге лайықтанып қойылғаны дұрыс.Мысалы:- Сіздің ойыңызда не сақталып қалды? –Автор оқырманды қалай қызықтырады? –Кейіпкерлердің іс-әрекетін сіз қалай бағалайсыз?т.б.түрінде.

Бұл әдіс те алдыңғы сияқты оқушыларды ұжым болып,жұмыс жасауға үйретеді.Ақпаратты өз бетінше меңгеруге жағдай жасайды.Сөз астарын,құдіретін түсінуге бағыттайды.Сондай-ақ,әдістің тиімділігі - сабақтан тысқары қалатын оқушы болмайды,оқыған мәтінді түсіну,оны түсінікті етіп айтып беру,оған қатысты ойын,пікірін білдіру арқылы оқушының тілі дамиды.Осылайша ұйымдастырылған оқу сабақтары арқылы сауатты оқырман қалыптастыру мүмкіндігі туады.

Еркін жазу.Бұл әдісті сын тұрғысынан ойлау жобасындағы сабақтың үшінші ой толғаныс кезеңінде пайдалану тиімді.Мұғалім сабақ бойына қарастырылған жаңа ақпарат жайлы,одан алған әсерін,не үйренгенін,нені әлі де біле түсу керек екенін т.б.жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады.Жазуға уақыт береді.Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады.Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады.Оқушыларды алған білімдерін қорытуға,оған сын көзбен қарап,ойын түйіндеуге үйрететін бұл әдісті кез келген сабақта қолдануға болады - Венн диаграммасы.Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін объектілердің сипаттамалары жазылады.Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар тізіледі.Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға слып,оқушылар қызыға толтырады,яғни салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясын меңгереді.

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту»жобасында жұмыс жасауды бастаған мұғалімдер бұл сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға,өз бетінше білім алуға,шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететіндігін атап өтсе,оқушылар оқудың қызықты,жеңіл өтетіндігін,ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін,білімнің тереңдігі,әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды.Мектеп өмірінде мұғалімдердің аталмыш жобамен жұмысқа дейінгі және кейінгі кезеңін салыстыру, оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының артуы.

Осындайда ойыма ұлы орыс педагогы К.Д. Ушинскийдің «Кімде-кім оқытамын десе,ол оқушы талабына,оның ішкі сырына көз салуы керек»,- деген сөзі оралды.

«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту»бағдарламасын қолдана отырып өткен сабақтарда оқушы сын тұрғысынан ойлап,дәлелдеуге тырысады,ой-өрісін кеңейтеді,еркін ойлай отырып,келе-келе мұғалімнің түсіндіргеніне қарағанда өз ізденісімен қызығу танытып,шығармашылық қабілеттері ұшталады.Сонымен қатар,жекелей жұмыстар,жұптық және, топтық жұмыстар жүргізу арқылы өз ойларын ашық айта білу,пікір айтуға үйрену,пікір таластыру,ойланып жауап беру,жолдастарының ойын тыңдау,жауаптарын бағалау білу,сыйластық,ұйымшылдыққа,білім деңгейлерінің жоғары болуына көп әсерлерін тигізеді.Оның ішінде ерекше бір жағдай:сынып бойынша көп сөйлемейтін,ойлау дәрежесі төмен оқушылардың да қызығушылығы туып,олардың өз мүмкіндіктеріне қарай топтар бойынша сабаққа қатысуға тырысуы байқалады.Сондықтан әр сабақта оқушының жан-дүниесіне еніп,бар білімді сан түрлі тәсілдер арқылы оқушы бойына дарытқан жөн.Өйткені,бала - өміріміздің болашағы.Оларды сусындатып,өмірге деген көзқарасын қалыптастырып,саналы азамат етіп тәрбиелеу - барша ұстаздың қасиетті міндеті.

Тірек - сигналдары арқылы оқыту технологиясы (В.Ф.Шаталов) теория және практиканы блок түрінде топтау,тірек - схема,тірек - конспект түрінде берілген теориялық материалдарды сыныпта меңгеру,үйде өз бетімен іздену,жұмыс істеуге жетелейді.

Ана тілі сабақтарында ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығын «Пікірлер ағашына» топтастыруға болады.Біздің басты мақсатымыз - білім сапасы.Білімнің сапалы болуы тікелей мұғалімге,оның білім дәрежесі мен іздену шеберлігіне байланысты.

Мұғалім - тікелей оқыту мен тәрбиелеу үрдісіне жаңалықты енгізуші,оқушымен бірлесе жұмыс істейтін белсенді әрекет иесі.Сондықтан да ол мектепке жаңалық енгізуде шешуші рөл атқарады.

Педагогикалық ғылым мен озық тәжірибенің бүгінгі даму деңгейінде болған оқыту әдіс-тәсілдерінің бәрін де еркін игеріп,әрбір нақтылы жағдайларға орай солардың бірнешеуінің жиынтығын түрлендіре үйлесімді,әрі шығармашылықпен қолдану ұстаз шеберлігінің басты белгісі болмақ.

Оқыту әдіс-тәсілдерін сапалы таңдап алуды осылайша түсіну оқытуда табысқа жетуге негіз жасап,сабақтың тиімділігі мен сапасын барынша арттыра түспек.

Оқушыларға терең білім беру үшін жаңа технологияларды қолдана отырып,төмендегідей

қағидаларды есте сақтаған жөн:

1.Мұғалім пәнді өзі жетік терең біліп,оны балаларға жай,қарапайым тілмен,өмірмен байланыстыра отырып беруі қажет;

2.Мұғалім оқушылардың жеке басының психологиясын ( жан дүниесін) жете біліп,әр оқушының жүрегіне жол таба білуі қажет;

3.Мұғалім әр оқушыға,бүкіл сыныпқа талап қоя білуі керек;

4.Мұғалім әр сабақта ғылым мен техника жаңалықтарын дұрыс қолдана білуі тиіс;

5.Мүмкіндігінше кейбір үлкен тақырыптарды топтап,жеке блоктар түрінде топтай білуі тиіс;

6.Балалардың есте сақтау қабілеттерін арттыру үшін жаңа сабақты тірек - конспектілері мен жеке тірек белгілері бойынша берген тиімді;

7.Сабақта балалардың пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін әртүрлі қызықты элементтерді пайдаланған жөн;

8.Әрбір сабақ өз дәрежесінде өтуі қажет.

Оқушының шығармашылық қабілеті практикалық әрекеттері,ізденімпаздығы арқылы дамиды.Шығармашылыққа үйрететін сабақтар - жаңа технологияларды қолдану болып табылады.Мұндай сабақтарда оқушыға ерекше ахуал бітеді,мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық қатынас қалыптасады.Мұғалім бұл жағдайда - білімді түсіндіріп қоюшы,бақылаушы емес,бағалаушы емес,танымдық іс-әрекетін ұйымдастыратын ұжымдық шығармашылық істердің ұйытқысы.Тек осындай оқыту ғана оқушы интеллектісінің көзін ашып,шығармашылығын дамытады.

Бастауыш сыныпта оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту»технологиясының маңыздылығы,пайдасы зор екеніне көзім жетті.Оған дәлел нәтижесі.

Қазіргі уақытта білімді,қабілетті,әдепті,іскер,мейірімді мұғалім ғана оқушысына жақсы қасиеттерді сіңіре отырып,сапалы білім бере алады.

Ол үшін оқыту мен білім берудегі жаңалықтарды жылдам қабылдап,оларды практикада қолдануда үлкен белсенділік таныту - әрбір мұғалімнің міндеті.



Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

1.Дүйсенбаев С.Жаңа педагогикалық технология - Бастауыш мектепте-2003.№9.

2.Ибрагимова Г.Оқытуда жаңа әдістерді пайдалану.Бастауыш мектебі.2001.№6

3.Иманбекова Ж.Жаңа технологиялармен оқыту әдістері.Қазақ тілі мен әдебиеті.2003.№7

4.К.Құнантаева , А.Алшымбаева. Бәсекеге қабілетті қоғамның негізгі - сапалы білім.Бастауыш мектеп.2007.№1

5.Ү.Жазықбаева.12 жылдық білім беру мерзіміндегі жалпы орта білімнің алғы шарттары.Бастауыш мектеп.2006.№1

6.И.Бикирова. Шығармашылық - нәтижелі оқыту негізі.Бастауыш мектеп.2006.№5






Қостанай облысы

Әулиекөл ауданы

Аманқарағай селосы

«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің №2 Аманқарағай орта мектебі»ММ

Бастауыш сынып мұғалімі







Реферат



Тақырыбы:

«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту»технологиясын қолданудың тиімділігі.










Орындаған: Рахметова Гульнар Каирканқызы

бастауыш сынып мұғалімі









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.06.2018
882
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі