Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж» КМҚК
Реферат
Тақырыбы: Бастауыш сыныптағы қазақ тілін оқытудағы жаңартылған білім берудің ерекшеліктері
Тобы: 42
Орындаған: Қабдығалымова Айдана
Семей 2020 жыл
Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың қазіргі жағдайы
Қазіргі таңда бастауыш буында білім берудің ерекшелігін ескеріп, оны жүзеге асыру үшін мектеп жағдайында әлде де болса, бірнеше мәселелердің шешімін табу міндеттері туындайды:
Біріншіден, мектеп мұғалімдерін қайта дайындау. Оларды теориялық тұрғыдан да, әдістемелік түрғыдан да қаруландыру. Бұл тұрғыдан Республикада азды -көпті жағдайлар жасалуда. Әсіресе, эксперименттік мектептер мұғалімдері соңғы 3 жыл ішінде бірнеше рет дайындықтардан өтті. Бұл жағынан Республиканың бүкіл облыс орталықтарының және эксперименттік сыныптары бар аудандары мен ауылдарындағы мұғалімдердің бәрі дерлік авторлар қауымымен тікелей кездесіп, бағдарлама мазмұны мен оқулықтар жайында өз пікірлері мен ойларын еркін ортаға салу дәрежесіне жетіп отыр. Олар алты жасар балалармен жұмыс істеудің біраз ерекшеліктерін меңгеріп қалды десек, артық емес.
Екіншіден, мұғалімдер қауымын оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету. Бұл турғыдан да біраз мәселе бастауыш сыныптарға байланысты жасалды. Әр пән бойынша оқу әдістемелік кешендер дайындалды.
Осы таңда, бейнелі суреттер, таратып беретін дидактикалық материалдар, қазақ тілінде лотолар (зоологиялық, био-логиялық т.б.), диафильмдер мен кино-фильмдер, хрестоматиялар шығаруға көңіл бөлінбей отыр. Оқу кешеніне оқулықпен бірге дәптер, әдістемелік нұсқау, ең жақсы деген жағдайда, кейбір пәндерден хрестоматия берілсе, соған қанағат етудеміз. Білімге аямай қаржы бөліп отырған жағдайда керекті құралдарға мұндай немқұрайлы қарауға болмайтындығы белгілі. Сондықтан да, бұл мәселеге Білім және ғылым министрлігі тарапынан көңіл бөлінуге тиіс деп ойлаймыз.
Қазір өркениетті елдерде білім берудін, аяқталған сипатынан үздіксіз білім беруге көшу қалыптасуда, қоғамның дамуына сәйкес мектептің бастауыш сатысында тұлғаны дамыту, оның жеке мүмкіндіктерін толық пайдалану қажеттігі туындауда.
Ғылыми-зерттеу барысында Еуропа елдерінде бастауыш білім берудің сапасының жоғары екенін байқадық. Еуропа елдерінде бастауыш білімді неғұрлым ерте жастан бастауға, балаға өмір сүру дағдыларын меңгерту ұстанымдарына басымдық беріліп, ал шет тілдерін екінші тіл ретінде кешірек оқыту ойластырылуда.
Жапония, Корея, Сингапур сияқты Шығыс елдері математика пәнін меңгеруден алдыңғы қатардан көрінуде. Австралия елдерінде кіші жастан көптілділік пен көпмәдениеттілік тәрбие беру өмір салтына айналған. Американдықтар балабақшада және бастауыш мектепте еркіндік пен тәртіп арасын теңестіруге тырысады. Олардың от басындағы бағаланатын құндылықтар мектепте жалғасын табады. Атап айтсақ, балалардың ақыл-ой жағынан аса жоғары дамыған болуы, тәуелсіз болуы, әр нәрсені білуге құштарлығы, ұшқыр қиялды, жақсы сыпайы мәнерінің қалыптасуы, әлеуметтендірілген, ынтымақтасуға дайын болуы жәнет.б. идеяларын қалыптастырады. Кіші жастан балаларды сөз бостандығына, өз пікірін, өз ойын айтуға, өз сөзін қорғауға уйретуге басты назар аударылып, сабақта өте көп сұрақтар қойылады, олардан өз сезімдерін әртүрлі айтулары сұралады. Мектептің алғашқы сатысынан бастап-ақ қазіргі американдық саяси жүйе бойынша сабақтар көптеп ұйымдастырылады. Мұғалім сабақта шығарманың, ойтолғаудың бағытын ғана анықтап береді, одан әрі оқушылар өз ойларын жеткізу түрлерін өздері таңдап, пікір сайыс, талқылаулар, рөлдік ойындар түрінде өткізеді. Пікір талас нәтижесі алдын ала жобаланбайды, оқушылар өздері бірлесіп айқындап, әр оқушы өзінше орындап, өз пікірлерінде қалады. Америка мектептеріндегі сұрақтар тасқыны, креативтілікті, ойлау қабілетін дамытады.
Америкада қазіргі ең белгілі оқыту әдісі- құрандылық жол (конструктивистік подход) кең тараған. Бұл әдістің тиімділігі бала өз қолымен жасағанды, ұзақ есте сақтайды, баланы өз қолымен білімге жетуге үйретеді. Ғылыми жобалау бағыты құрылған: балалар қандай эксперименттер көмегімен өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауап ала алатынын өз бетінше ойлап табады, берілгендерді сараптайды, қорытындылар жасайды, келесі проблемаларды айқындайды. Ал үлкендер (мүғалім, ата-ана, бекітілген ұстаз және т. б.) жолын айтады, кеңес береді, қауіпсіздігін бақылайды, бірақ дайын шешуін бермейді. АҚШ-та "негізгі өмірлік стратегиялық дағдыларды меңгеру "тұжырымдамасына негізделіп, бастауыш мектептегі бағдарламаны реформалау жүргізіледі. Олардың базалық мазмұны ең қажет деген оқу, жазу, есептеу, дағдыларын берік меңгеруді, АҚШ-тың әлеуметтік-саяси құрылысы туралы ілгері түсініктер қалыптастыруды, қоғамдық мораль мен мінез-құлық нормаларын, география, табиғат және оны қорғау туралы түсініктерді қарастыра-ды. Элективті курстар (таңдауы бойынша) ерте жастан орта сатыдағы білімге енуге дайындық база ретінде ойластырылған.
Жапонияда баланың жалпыға ортақ білімді меңгеруге және жеке қабілеттері, бейімі, мүдделері бойынша алынатын диверсификациялық білім беруге көңіл бөлінеді. Онда білім беру жүйесі демократиялық сипаттарға ие: қоғам мүшелерінің білім алудағы теңдігі, мектеп жүйесінің орталықсыздандырылуы, білім беру жүйесінің барлық сатыларының бір-бірімен сабақтастығын қамтамасыз ететін ашықтығы, оқу үрдісінің еркін, шығармашыл ойлап, жұмыс істей алатын адам қалыптастыратын сипатта ұйымдастырылуы. Бастауыш мектепте (1-6 сыныптар) жапон тілі мен арифметикаға оқытуға уақытының негізгі бөлігі берілген. Қалған уақыттарында жаратылыстану, қоғамтану, музыка, адамгершілік сабақтары, дене тәрбиесі, көркемөнер, қолөнері оқытылады Сонымен бірге, "өмір тура-лы" (сейкацу) интегративтік бағдарлама бойынша жаратылыстану және қоғамдық ғылымдар тығыз байланыста варитивті түрде оқытылады.
Қытайдағы бастауыш мектепте баланы дене жағынан, интеллектуальдық, моральдық, эстетикалық тұрғыдан дамытуға, тән саулығы мен ақыл-ойын тәрбиелеуге жағдайлар жасауды міндеттейді.
Қытайда бастауыш мектепте оқу жоспарының жаңа құрылымында мектептегі пәндердің кешенді жүйесі жетекші рөл атқаратындығына бағдарланған.
Өркениетті елдердің мектептің бастауыш сатысында пәндерді оқыту технологиясын жетілдірудегі тенденциялары айқындалды:
- ойын арқылы оқытуға басымдық беру;
- оқушының өз ойын, өз пікірін ескере отырып оқыту;
- зерттеу тәсілдеріне үйрететін инновациялық оқыту;
- оқытуға ақпараттык, және коммуникативтік технологияларды кеңінен пайдалану.
Ж.Аймауытовтың пікірінше оқыту - білім көбейту, ақыл күшейту. Бұл барлық пәндерді оқытуда еске ұстайтын қағида. Оқыту барысында оқушылардың өмір дағдылары жөнінде түсінігі қалыптасып, айналадағы өзін қоршаған орта жөнінде білімі кеңейіп, біртіндеп тұжырымдалып, реттелген сипатқа ие болады. Олар өмірде кездескен әртүрлі қиындықтардан, ситуациялардан алған білімдерін пайдалана отырып, өздері жол тауып шығуға дағдылануы қажет. Сонда оқушы өзі ойланып, өзі дұрыс шешім қабылдауға, өзін-өзі басқара білуге, өзінің ісіне өзі жауап беруге кіші жастан дағдыланады.
З.И.Калмыкова "Жеке басты дамыту, әсіресе интеллекті адамды дамыту тек іс-әрекет нәтижесінде жүзеге асады. Оқушылардың негізгі іс-әрекеті оқу, білім алу. Сондықтан, баланың дамуы оқу барысында болмақ "-деп пікір айтқан.
Л.С.Выгодский - баланың кешегі күнгі дамуы емес, ертеңгі күнгі дамуына қарау керектігін айта келіп, бірінші зона - бүгінгі қолы жеткен сатысы, екінші зона – оған жақын түрған зона, олардың бұрында алған білімдерінің негізінде оқу әрекеттерін күрделендіріп, түрлендіру қажеттігін алға тартады.
Ауыл мектебінің бастауыш сатысындағы оқыту процесінде білім беру іс-әрекет түрінде жүзеге асырылып, өмір дағдыларына қалыптастыру, шығармашылықпен жүмыс істеуге,балалардың өздерінің ізденуіне, зерттеу және тәжірибе жүргізуге бағыт беруі қажет.
2001 жылы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі мен ЮНЕСКО және Сорос-Қазақстан қоры бірлестікте пилоттық жоба аясында бастауыш білім сапасының мониторингі жүргізілді. Онда мемлекеттік стандарт пен бастауыш сатыда оқушылардың білім, білік және дағдыларының сәйкестігі зерттелді. Ғылыми-зерттеу нәтижесі бойын-ша эксперимент жүргізілген мектептерде білім жетістіктерінен 1 -сынып оқушылары бірінші орында, ал 2-сынып оқушыларының білім деңгейінің төмендігі байқалған. Сонымен бірге, ғылыми-зерттеу жұмысының қорытысында оқушылардың оқу бағдарламасын толық меңгеретіндіктері және білім жетістіктерінін, міндетті мемлекеттік білім стандартының талаптарына сәйкес келетіні анықталған. Дегенмен, ауыл мектептері оқушыларының білім жетістіктері қала мектептері салыстырғанда төмен екендігі байқалған.
Ауыл мектебінің бастауыш сатысында білім сапасын жетілдіру үшін әдіс-тәсілдер пайдаланылады:
- диалогтық: қарым-қатынас арқылы жаңаны түсіну (мүғалім - оқушы, оқулық - оқушы, оқушы - оқушы);
- эвристикалық: өз бетінше іздену, іс-әрекет жасау арқылы білім алуы;
- зерттеу: объектіні білу үшін тәжірибелер жүйесін жасау;
Оқу сапасын жетілдіруде оқытудың қазіргі технологиясын жетілдірудің маңызы ерекше. Қазіргі кезеңде ақпараттық баяндау технологиясынан іс-әрекеттік - дамытушы, баланың жеке сапаларын кең салада қалыптастыруға өте қажет болып отыр. Мұнда білім мазмұнын жетілдірумен қатар оны қабылдау тәсілдерін жетілдіріп, оқушының танымдық , шы-ғармашылық күштерін жетілдіру әдістеріне басым бағыт берілуде. Бастауыш сатыдағы баланың жетекші іс-әрекеті оқу әрекеті. Олардың даму ортасы құрбыларымен пікірлесу, мүғалімдерден білім-тәрбие алу, түрлі кітаптарды оқу болады. Олардың даму мақсаты өзін қоршаған ортаны танып , білу. Баланың қызығушылығын арттыру үшін: назарын аудару, еліктету, білуге ұмтылу, өзіне-өзі сенімді болу, тең қарым-қатынас жасауы қажет. Бастауыш сатыда жетекші іс-әрекет: пәндік, ойын, оқу, қарым-қатынас, бейімделу. Бұнда білім, білік, дағды бірінші орында. Базалық деңгейде білімді меңгеру - ойға тоқу, қолдану қажет. Баланы шектемей, оған еркіндік беру керек, сонда оның ой өрісі дамиды. Бала тез сөйлесе, оның дамуы тез болады. Ол оқу материалын тез меңгереді.
Ауыл мектебінің бастауыш сатысында пәндерді оқытудың қазіргі технологияларын жетілдірудегі проблемалар айқындалды:
- бастауыш сатыдағы оқу процесін ұйымдастырудың бір сарындылығы. оқытудың қазіргі технологияларын тиімді қолдану және оқыту әдістерін іс -әрекеттік тұрғыда жетілдіруде, нәтижеге бағдарлап оқытуда түсінбеушіліктің болуы қиындықтар туғызуда.
- мұғалімнің қазіргі технологияларды өзі оқып үйренуі үшін оқу-әдістемелік құралдардың жеткіліксіздігі;
- білімін көтеру мақсатында арнаулы курстардың аз ұйымдастырылуы, сонымен бірге семинарлардың өз дәрежесінде өткізілмеуі;
- мұғалімнің қазіргі технологияларды тиімді пайдалануды, оқыту әдістерін іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіруді, нәтижеге бағдарлап оқытуды өзі меңгеріп, оны одан әрі дамытып, нәтижесін тексеруге толық дағдыланбауы ;
Сонымен бірге, оқушыларды кіші жастан өз бетінше ізденуге, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне, топпен және дара жұмыс істеуге дағдыландырып, өзін-өзі тексеруге, өзін-өзі бағалауға, қорытынды жасай білуге, өз пікірін айта білуге, өмір дағдыларына бейімдеу қажет.
Мектептің материалдық базасын оқушыларға қажетті қазіргі талапқа сай көрнекі және техникалық , оқу-әдістемелік құралдармен және балалар әдебиетінің жаңа басылымдарымен толықтыру қажет.
Қорыта айтқанда, өркениетті елдер мен отандық тәжірибеде ауыл мектептерінің бастауыш сатысында пәндерді оқытудың қазіргі технологияларын зерделеп, ұлттық құндылықтарымызды ескере отырып, одан әрі жетілдіру арқылы еліміздегі оқушылардың білім деңгейін бәсекеге қабілетті елдердегі білім деңгейіне көтеруге болады.
Оқыту әдісі, оның түрлері
Оқыту әдістері - оқытудың мақсат-міндеттеріне сай оның мазмұнын оқушыларға меңгертуде мұғалім мен оқушылардың қолданатын амал-тәсілдері мен қуралдарының жиынтығы болып табы-лады. Мұғалім оқыту әдістерінің көмегімен оқушыларға білім беріп, олардың тәжірибелік әрекетін уйымдастыруда өзінің іс-әрекетін оқушылардың таным әрекетіне басшылық етумен байланыстырады.
Оқыту әдісін жүйелеу, топтастыру -үнемі айтыс туғызып келе жатқан педаго-гикадағы күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Оның өзіндік тарихы да бар.
ХХ-шы ғасырдың 20-шы жылдарында белгілі педагог ғалымдар Б.Е.Райков, К.П.Ягодовсжий, М.М.Пистрак т.б. оқытудың түсіндірме, практикалық еңбек, эвристикалық, зертгеу, лабораториялық әдістерін жасады. 30-шы жылдары М.М.Пистрак, П.Н.Шим-бирев, И.Т.Огородников оқытудың жаңа адістврін ұсынды. Бұларға әңгіме, әңпмелеу, көрсету, демонстрация, лекция.кітаппен жұмыс, лабораториялық жұмыс жатады.
1950 жылдардан бастап оқыту әдісін классификациялау мәселесіне айрықша көңіл бөлінді. Грузин педагогы Д.О. Лард-Кипанидзе оқыту әдістерін топтастырып, оны үшке бөлді: сөздік әдістер, кітаппен жұмыс істеу әдістері, оқыту тәжірибелік сабақтар адістері.
50-жылдардың аяғы мен 60-жылдардың басында кеңес дәуірінің дидактары Е.Я.Голант, СХ.Шаповаленко, Н.М.Верзилин білім көзін негізге ала отырып, оқыту әдісінің жаңа классификациясын усынып, оларды үш топқа бөлді:
1. Сөздік әдістер тобы: әңгімелеу, әңгіме, түсіну, лекция, кітаппен жұмыс;
2. Көрнекілік әдістер тобы демонстра-ция, иллюстрация, бақылау;
3. Практикалық немесе тәжірибелік әдютөр тобы лабораториялық, практикалық, графикалық жұмыстар, әртүрлі жаттығулар.
Ғылыми педагогикалық әдістерде топ-тастырудың жиырмадан астам түрі бар екен.
1. Оқушылардың таным белсемділігіне қарай (М.Н.Скаткин, И.Я.Лернер):
- түсіндірмелі хабарлау әдісі;
- репродуктив әдіс;
- проблемалық баяндау әдісі;
- эвристикалық әдіс.
2. Оқытудың мақсаттары мен құралдарына қарай (М.А.Данилов, Б.П.Есипов, Т.А.Ильина):
- жаңа білім беру әдісі;
- біліктер мен дағдылар қалыптастыру әдісі;
- техникалық қуралдармен жұмыс істеу әдісі,
• өзіндік жұмыс істеу әдісі;
- білімді тексеру әдісі;
- проблемалық, программаланған оқыту әдісі.
3. Тутас педагогикалық әрекеттің тәсілдеріне қарай (Ю.К.Бабанский):
- ой-танымдыл ық әрекеттерді уйымдас-тыру;
- - оқуға ынталандыру;
- оқытудағы бақылау және өзін-өзі ба-қылау әдістері.
4. Әдістің логикалық және психология-лық сипатына қарай (Р.Г.Лемберг);
• ауызша баяндау әдісі;
- есеп шығару әдісі;
- өнер құралдарын пайдалану әдісі.
5. Мұғалім мен оқушылардың жасайтын әрекетінің ерекшеліктеріне қарай (В.Оконь):
- жаңа білімді игеру әдісі;
- өзіндік білім әдісі;
- проблемалық әдіс;
- практикалық әдіс;
- керкем әдебиет пен өнер құралдарын пайдалану әдісі.
Солардың ішінде ең кәл тарағаны - білім берудің көздеріне сәйкес (ИХОгородни-ков, С.И.Перовский, Е.Я.Голант):
- сөздік немесе ауызша баяндау әдісі;
- көрнекілік әдістер;
- тәжірибелік әдістер.
Бұл әдістің ерекшелігі: егер мұғалім оқу материалын ауызша баяндаса, онда білім алу көзі мұғалімнің сөзі болып табылады.
Оқытудың жаңа технологияларын бастауыш мектепте қолдану
Бүгінгі таңда адамның қоғамдағы орны, оның әлеуметтік және рухани көзқарасы жаңа талаптарға сай жеке тұлғаны қоғамға жаңаша даярлауда, оның жалпы білімдік және кәсіпке даярлығын дұрыс жолға қоя білуінде. Осыған орай білім берудің тұтас жүйесін құру негізгі мәселелердің бірі болып, үздіксіз тәлім тәрбиеден, яғни от басынан бастап, қоғам саранысын өтей алатын жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.
Ал оқушылардың бойындағы білім негіздері бастауыш мектептен бастау алатыны түсінікті. Соңғы жылдарда білім беру туралы, әсіресе, үздіксіз білім беру туралы көбірек сөз қозғалып жүр. Сондықтан мәселені бұл тұрғыдан алғанда, бастауыш мектепте сапалы білім беру шешуші рөлдердің бірін атқаратыны даусыз. Бастауыш мектепте оқитын балалардың жасы төмен болғанына қарап, оларға білім беру де жеңіл болады деген түсініктен аулақ болу керек.
Қазақ тілін оқу-білу не үшін қажет? Себебі қазақ тілі — қазақ реслубликасының мемлекеттік тілі, ол онеркәсіп пен техниканың, ғылым мен мәдениеттің және қоғамдық-саяси өмірдің барлық саласын қамтып көрсететін бай лексикасымен, қалыптасқан жазу жүйесімен және әр түрлі стильдік тармақтарымен (қөркем сөз стилі, ғылыми стиль, публицистиқалық стиль және т.б.) сипатталады.
Қазақ тілінде көптеғен ғазет -журналдар шығады. Көркем әдеби шығармалар мыңдаған тиражбен басылып, таратылып отырады. Қазақ тілінде ғылыми әдебиеттер шығарылады, ғылымның алуан түрлі саласы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Соның нәтижесінде қазақ тілінің леқсикасы саяси және ғылыми-техниқалық терминдермен толығып баюда.
Қазақ тілінін өзі және оны оқыту әдістемесі арнайы ғылымның зерттеу объектісіне айналып, оның әр түрлі сөздіктері мен тұрақты оқулықтары жасалуда.
Қазақ тілі жалпы білім беретін мектептерде, жоғары жәнс арнаулы оқу орындарында арнайы пән ретінде оқытылуда. Қазақ тілінін жеке грамматикалық категорияларының өзі арнаулы ғылыми-зерттеу жұмысының объектісі болып, олар жөнінде көптеген ғылыми еңбектер жазылуда.
Еліміздің егемендікке қолы жеткеннен бері қазақ тілі орыс және басқа тілдерде жүретін мектептерде міндетті түрде оқытылуда.
Бастауыш сыныпта балалар қазақ тілі сабақтарында нені білуге тиіс?
Балалар бастауыш сыныптарда сауатын ашады, оқуға, жазуға үйренеді, ойын ауызша және жазбаша жүйелі дұрыс, анық, дәл жеткізе алатындай білім алады, оны іске асыру шеберлігін меңгеріп, дағдыланады, яғни дұрыс сөйлеуге үйренеді.
Сөйтіп, қазақ тілін университеттер мен институттардың Бастауыш
оқыту педагогикасы, әдістемесі факультеттерінде және педогогикалық училищелерде оқудағы мақсат – болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне қазақ тілін ("Әліппені", "Әдебиетті оқытуды", "Грамматиканы") оқыту әдістемесінің теориясы жайында жүйелі білім бере отырып, І-ІV сыныптардағы сабақтардын мазмұны мен көлемін,. оларды жүйелі де тиімді жүргізу тәртібін көрсетумен қатар, оны оқыту әдістемесінен орындалатын жұмыс түрлеріне үйрету.
Қазақ тілінің мектепте оқушыларға білім, тәрбие берудегі және оларды дамытудағы маңызы зор. Ана тілінің баға жетпес құдіреті мен қуаты, адамды ерлікке, Отанын, туған халқын сүюге тәрбиелеудегі күшін кезінде К.Д.Ушинский: "Халық тілі — тарих шекарасынан әлдеқайда әріректен басталатын, оның бүкіл рухани өмірінің еш уақытта солмайтын және өмір бойы қайтадан шешек атып тұратын тамаша гүлі. Тілде бүкіл халық, оның күллі елі — барлық, толық ойы мен сезімі туған елінің өлеңінде, әндерінде..-" деп көрсеткен болатын. Сондықтан да ана тілі бастауыш мектептерде ең негізгі пән болып есептеледі. Өйткені ана тілінде оқу-жазуға дағдылану арқылы басқа пәндерді оқып үйренуге жол ашылады. Бұл жөніндеде ұлы педагог К.Д. Ушинский: "Ана тілін толық менгермеген бала тарихты және жаратылыстану ғылымдарын үйренген кезде, теореманы, математиқалық бір есепті өз сөзімен айтып бере алмай, дәл осындай күйге ұшырайды. Ана тілі басқа пәндердің бәріне қатысы бар және олардың нәтижелерін өзіне жинақтайтын басты, өзекті пән екені енді түсінікті емес пе?" — деген болатын.
Балалар ана тілі арқылы адамгершілікке, еңбекке, патриоттық рухқа тәрбиеленеді.
Ана тілінде жақсы оқи алатын бала өзі оқыған немесе айтылған ойды да дәл түсінеді.
Ал мектепте оқытылатын грамматика, әдебиеттік оқу, тіл дамыту сабақтарының, бір жағынан, білімдік мәні, екінші жағынан тәрбиелік мәні, үшіншіден, баланың жеке басындағы қасисеттерді дамытып, олардың әлеуметтік бағдарларын айқындай түсуде орасан зор улес қосатыны мәлім.
Бастауыш мектепте ана тілінен оқушыларға білім, білік, тәрбие беруде және оларды дамытуда мынадай міндеттер іске асырылады:
1. Оқушыларды білімдік, тәрбиелік, дамыту жағынан құнды. Шәкірт ұғымына сай келетін, анық та дәл, көркем тілмен жазылған материалдарды іріктеп алып, қазақ тілі сабақтарында пайдаланып отыру;
2. балаларды дәл, анық, бейнелі сөйлеуге, жүйелі түрде. үнемі дағдыландыру;
3. көркем шығармалар арқылы білім бере отырып, балалардың сезімдеріне әсер етіп, адамға қажетті моральдық қасиеттер. адамгершілік мінез-құлықтардың қалыптасуына жағдай туғызу. Үздіксіз білім беру бастапқы процестен басталып, мемлекеттік жүйе және қоғамдық мекемелермен жалпы біліммен адамды мамандыққа даярлау нәтижесімен көрінісін беруі қажет. Үздіксіз білім беру жүйесі - бір жағынан ыңғайлы, екіншіден, әлеуметтік педагогикалық принцип XXI ғасырдағы тұтас жүйе болып табылады. Үздіксіз білім беру жүйесі адамның өмір бойы жалпы жүйеден, жүйелеп білім алуына бағытталған, білім беру мекемелерінен тұрады. Осы жүйеде мемлекеттік, мемлекеттік емес, жалпы қоғамдық базалы және қосымша білім беретін мекемелердің өзара байланысынан құрылған. Білім беруді тұтас басқару жүйесі: білім беру министрлігі, академиясы, мемлекеттік және ме
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Бастауыш сыныптағы қазақ тілін оқытудағы жаңартылған білім берудің ерекшеліктері

шағым қалдыра аласыз