Материалдар / Бастауыш сыныптарда логикалық тапсырмалар арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бастауыш сыныптарда логикалық тапсырмалар арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сыныптарда логикалық тапсырмалар арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулуға септігін тигізеді. Көптеген ауқымды тақырыптар талқыланады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Маусым 2022
496
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бастауыш сыныптарда логикалық тапсырмалар арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу







Қазақстан Республикасының білім беру стандартында білім берудің басты міндеті логикалық ойлауды дамыту болып табылатындығы атап айтылған.

Логика-адам ойының логикалық формалары жағынан және кіріспе білім алу үдерісі кезінде, ақиқатқа жетуін оның заңдары мен пәнін қалыптастырушы қажетті шарттарды реттейтін ғылым. Логика жалпы логикалық әдіс- тәсілдерді зерттейді. Логикалық әдістер адамның нақты өмірді тануында өте қажетті кұрал.

Логикалық ойлаудың қисындылығы олардың шындыққа сай келуінде. Логикалық ойлауға түскен құбылыстың себептері мен салдары, ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық ойлау жолымен ашылады. Пікір алмасу кезінде, әсіресе математикалық тұжырымдар кезінде пайымдау, ойлау заңдылықтарын немесе былайша айтқанда сол заңдылықтар мен формалары жөніндегі ғылым- логиканың көмегімен бір пікірден екінші пікірді шығарамыз. Логикалық тұжырым теориясының ең алғаш грек философы Аристотель негізін қалаған.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда логикалық тапсырмалар орындатудың маңызы зор. Логикалық тапсырмалар оқушыларды белсенділікке тәрбиелеу, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, сондай-ақ оқушыларды икемділік пен шеберлікке баулу мақсатында пайдаланылады.

Логикалық ойлаудың ерекшелігі — қорытындылардың қисындылығы олардың шындыққа сай келуінде.

Мысалы: математиканы оқытудың әрбір кезеңінде оқушылардың бағдарламалық материалды оқып үйренгендей қабылдауға терең де берік білімдеріне, іс-әрекеттеріне және дағдыларына, сонымен бірге, математиканы оқытудағы қызығушылығын дамытуға да байланысты болады. Оқушылар математиканы сүйіп оқиды. Сондықтан оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, кітапқа, оқуға, білім алуға деген құмарлықтарын арттыру мақсатында бастауыш сыныптан бастап логикалық есептерді шығару керек. Оқу еңбегінің қаруы ой болғандықтан логикалық жаттығуларды орындау баланың ақыл-ойын, қиялын, ой ұшқырлығын дамытады. Бұл оқушылардың түрлі мазмұнды есептерді шығаруда, есептің шартын құра білуге қалыптастырылады. Бір есептің бірнеше шешімдерін табуға жетелейді. Әрбір сабақ қызықты есептермен аяқталып, логикалық есептер оқушылардың жас ерекшелігіне қарай күрделене түсуі қажет.

Логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үш негізгі бағытта іске асырылады:

Қызығушылығын арттыру;

Ойлау және қабылдау қабілетін дамыту;

Шығармашылық ізденісін дамыту.

Логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатына негізделген дәріс моделін құрастыруға болады.

Мұндай сабақтардың құрылысы 4 кезеңнен тұрады:

1.Машық. Сергіту;

2.Оқушылардың шығармашылық қабілетінің негізі болатын психологиялық механизмдерінің дамуы (ес, зейін, қабылдау, ойлау);

3.Іздену тапсырмаларын орындату;

4.Оқушыларға белгілі түсінікпен жаңалықты көруге тәрбиелеу, мақсатында логикалық тапсырмаларды орындату.

Логикалық жаттығулар


Адамның ойлауы қандай формада жүзеге асырылса да, тілсіз мүмкін емес. Оқушыларға тапсырманы біртіндеп күрделендіре түссем, сонда логикалық ойлау қабілеттері қалыптаса бастайды. Бұл менің негізгі мақсатымның бірі деп логикалық есептердің үлгілерін ұсынамын:

1.Қайыңда 50 жаңғақ өсіп тұр. Қатты соққан желдің әсерінен бірнеше жаңғақ үзіліп түсті. Қанша жаңғақ қалды?

2. Бір кісі құйып тұрған жауынның астында қалды. Ол үйіне келгендеүсті малмандай су болды. Тек шашы ғана су болмапты. Себебі ...

3. Жетіні жетіге қосып, оны жетіге бөлсе қанша болады? 7+7:7 (жауабы:2)
4. Соңғы әрпі «Р» мен аяқталатын айларды атаңдар және олар есеппен санағанда нешінші? (Олар қаңтар, сәуір, мамыр; 1;4;5)

Осындай тапсырмалар орындау барысында оқушылардың пәнге қызығушылығы артады; ой-өрісі дамиды; шығармашылық пен дарындылық пайда болады.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда логикалық тапсырмалар мен жаттығулар орындатудың маңызы зор. Оқушының логикалық ойлауы ой әрекетінде, білімді меңгеру, тіл үйрену үстінде дамиды. Оқушылардың ақыл-ой белсенділігін өрістету олардың тұлға ретінде жетілуінің маңызды саласы болып табылады. Сондықтан оқушылардың шығармашылық тапсырмаларды орындау барысында ойлау қабілеттерін дамыту қажет. Оқушылардың ойлауын дамыту ойлау қабілеттерін меңгеруіне байланысты. Ендеше, оқушыларға тапсырмалар бергенде таңдауға, жинақтауға, салыстыруға, топтауға арналған тапсырмалар логикалық ойлауын дамытатындай болуы керек. Мысалы, сөздік-логикалық ойлаудың дамуына мынандай жаттығулар көмектеседі: «Артығын анықта» әдістемесі. Баланың маңызды бөліктерді бөліп көрсету, жалпылай білу дағдысын көрсетеді. Тапсырманы сурет не заттай немесе жазбаша түрде ұсынуға болады. Сонымен қатар ойлау әрекетін дамытатын тәсілдерді ойын түрінде қолдануға болады. Мысалы,«Керісінше айт» ойыны. Бұл ойында қарама-қарсы мағыналы сөздерді өткенде пайдалану тиімді. Мысалы, толық- жіңішке, қара-ақ, ыстық-суық, бос-толы, т.б. «Ұқсастық пен айырмашылық». Оқушыларға әртүрлі заттар мен ұғымдарды салыстыру ұсынылады. Бастауыш сынып оқушыларына өздеріне таныс заттар: сүт пен су, сиыр мен жылқы, ұшақ пен поезд (сурет түрінде ұсынуға болады). Ересек балаларға тапсырманы күрделі түрде: таң мен кеш, табандылық пен қыңырлық т.б. Дұрыс жауаптар, қателіктер, ұқсастық пен айырмашылық ара қатынасы, басым белгілер т.б айқындалады. «Басқа қырынан таны». Белгілі бір заттың басқа қырын ашу. Мысалы, сіріңке тек жанып, жарқырап қана қоймай, пішіні мен салмағы жағынан кішірейеді. Оқушыларға қарапайым заттардың: полиэтилен қақпақ, пенопласт т.б ерекше қасиеттерін ашу, анықтау ұсынылады. Ерекше жауаптар ескеріледі және ұсынымдарды талдауға да, пікірталас ұйымдастыруға да болады. «Ұқсастықтар іздеу». Белгілі бір зат немесе құбылыс айтылады, мысалы, «тікұшақ». Әртүрлі нақты белгілер бойынша тікұшаққа ұқсас заттарды жазу.Ұқсас заттарды қасиетіне қарай топтап жазуға да болады. Мысалы, «құс», «көбелек» (ұшады, қонады), «автобус», «поезд» (көлік) т.б. Бұл тапсырма заттардың қасиеттерін анықтау, оларды белгілер бойынша жіктеуге арналған. «Заттың қолдану тәсілдері». Жақсы танымал бір сөз беріледі, мыс: «кітап». Заттың қалыптан тыс неғұрлым көп қолдану аясын айту керек. Кітапты оқиды, бір нәрсенің астына қоюға болады, қажетті қағаздарды көзден таса зат ретінде жасыру мақсатында қолдануға болады т.с.с. сондай-ақ, тіс щеткасы, тоқыма сымы т.б ұсынуға болады. Бірақ заттарды адамгершіліксіз, жыртқыштық жолмен қолдану тәсілдерін айтуға тыйым салынады. «Заттардың қасиеті». Жүргізуші: «бұл доп «апельсин». Қазір біздер допты бір-бірімізге лақтырып, оның қандай апельсин екендеген атаймыз» Аталған сапаларды қайталауға болмайды. «Сөйлем құра». Өзара байланыспайтын 3 сөз алынады. Мыс, «көл», «қарындаш», «аю». Осы сөздерден сөйлем құрау қажет. Жауап қарапайым (Аю көлге қарындашын түсіріп алды) немесе күрделі (Бала қолына қарындаш алып, көлде шомылып жатқан аю суретін салды) болуы мүмкін. Соңынан ұнаған жауаптар талданады. Шығармашылықпен жазылған сөйлемдер мадақталады. «Артық сөзді тап». Кез келген 3 сөз беріледі. Мыс, «ит», «қазан», «күн». Белгілері арқылы ұқсастықтары бар 2 сөз қалдырылады да, артық сөзді алып тастау керек. Қалған екі сөздің өзара ұқсастықтарын алынып салынған сөзден айырмашылығын неғұрлым көбірек атау керек. Мыс, «ит» сөзі артық, «қызан», «күн» сөздері қалдырылады, өйткені олар: дөңгелек, қызғылт, адамдарға қуат береді. Қалыптан тыс нақты шешімдер қабылданады (бұлт, мақта, дән) т.б.

Осы сияқты әр-түрлі жаттығуларды мұғалім ретін тауып, оқу үрдісінде қолдана білсе, оқыту түрленеді, оның тиімділігі артады, оқушылардың ақыл-ойы жетіле түседі. Оқушыларға тапсырманы біртіндеп күрделендіре түссе, сонда логикалық ойлау қабілеттері қалыптаса бастайды.

Қорытындылай келе психологиялық тәсілдерді қолдана отырып, тренингтік жаттығулар орындату барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады, ой-өрісі дамиды, шығармашылық пен дарындылық қасиеті пайда болады. Сонымен қатар, оқу-тәрбие үрдісінде оқушылардың ойлау процестерін дамыту үшін жоғарыда ұсынылған тренингтік жаттығуларды ұйымдастыру қажет. Сондай-ақ, тренингтік жаттығулар оқушы білімінің деңгейін көтеріп қана қоймай, бір-бірімен жақындастырып, достыққа, адамгершілікке, еңбекке тәрбиелейді; жүйелі ойлап сөйлеуге, сөздік қорын молайтуға, қиялын ұштауға жетелейді.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!