Материалдар / "Бастауыш сыныптарда математика пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Бастауыш сыныптарда математика пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту"

Материал туралы қысқаша түсінік
алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қараша 2020
1137
5 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Математика сабақтарында  бастауыш сынып оқушыларының

функционалдық сауаттылығын дамыту»


Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы дегеніміз – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету,   яғни, оқушылардың мектепте алған білімдерін өмірде тиімді қолдануына үйрету.

Математика сабағында пәнаралық байланысты негізге ала отырып, сұрақ - жауап, баяндау, проблемалық ситуацияларды туғыза отырып оқушыларды алға қойған мәселені шешуге, шығармашылық жұмыстармен айналысуға, бірін - бірі бағалай алуға, өз ойларын нақты, толық жеткізе білуге көңіл бөлемін. Осы мақсатта маған «Логикалық тапсырмалардың және ойын арқылы үйретудің» көмегі тиюде. Өз тәжірибемде оқушылардың төмендегідей тапсырмаларды орындай отырып, функционалдық сауаттылығы дамып, ақпараттық мәдениеттілігі қалыптасуда.
Әртүрлі қызықты есептер адам ойының дамуына жетелейтіндігі сөзсіз. Оның ішінде логикалық есептердің де маңызы өте үлкен.

Мысалы:Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз?(шырпы) немесе Ахметтің анасының 3 баласы бар. Егер олардың үлкенінің аты – Қыркүйек, ортаншысының аты – Қазан болса, кенжесінің аты кім болғаны? (Ахмет)


Отбасында әрбір грамды, минутты есептей алмайтын және де есептегісі келмейтін баланың үй шаруасына да қыры болмайды. Баланың бойына рухани құндылықтарды қалыптастыруға, жағымсыз мінез - құлық әдеттерден арылтуға көмек беретін функционалдық сауаттылық ата - ана бойында да болуға тиіс. Ата – аналар баланың ұғынуына көмектесулері керек. Үйде жарық пен тұрмыстық приборларды дер кезінде сөндіру, токтан ажырату қажеттігін, есік алдағы су құбырының краны арқылы тамшыдан өзен құралып қайта ағып кетіп жатқанын бала білуге тиіс. Еңбектің бағасын білген бала оның нәтижесін де жақсы бағалай біледі. Осының бәрінде аса терең ата - ананың функционалдық сауаттылығы тұр.

Жалпы орта білім беру деңгейінде «Алгебра,математика,геометрия» пәндерін оқыту маңызды болып табылады, себебі оны оқып-үйрену барысында математиканың практикалық маңыздылығы, тұлғаның логикалық және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін қалыптастыру мен дамыту арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.

Мен математика пәнінен жүргізген «Геометриялық фигуралар және олардың өзара орналасуы » тақырыбына өткен сабағымда топқа бөлу үшін барлық оқушыларды бір қатарға, бірінің артынан бірін тұрғызып,соңғы балаларға шаршының,үшбұрыштың,дөңгелектің,тіктөртбұрыштың суретін саусағымен арқасына салдыру тапсырмасы берілді. Әрине қатарда тұрған оқушылар өздерінің арқасына дәл қай фигураның салынғанын дұрыс ажырата алмай шатасты.Бірақ оқушылар келесі осындай тапсырмаларда өздерінің зерек болуын қадағалауына үлкен сабақ болды.Сонымен қатар балалар фигуралардың суретін салып,оларды ажырата білуді үйренді.Ең бастысы ол фигуралар өмірде қандай жағдайларда қолданылатынын түсініп нақты айта алды.Мысалы:өзіміз тұратын үйдің шатыры үшбұрышты және төртбұрышты болады,ал қабырғасы тіктөртбұрыш несесе шаршы тәріздес орналасқан.Сонымен қатар оқушылар сыныптағы құрал жабдықтарды мысал етіп олардың қандай фигураға жататынын атап өтті(тақта,шкаф,стенд-тік төртбұрыш,гүлдің түбектері-шеңбер тәрізді).Оқушылар үйден ата-анасының көмегі арқылы фигуралардан уйдің,жануарлардың макеттерін құрастырды және фигураларды атап айтты.

Көбейту және бөлу амалдары тақырыбын түсіндіру үшін және бала тез,оңай жаттап алу мақсатында көбейтудің дөңгелек кестесін оқушыларға өз қолдарынан жасатып,сабақ үстінде қолданып жүрміз.Сонымен қатар саусақ арқылы көбейту де оқушыларға тез әрі оңай есептеуге көмектеседі.Көбейту амалдары күнделікті өмірде өте жиі қолданылады.Оның дәлелі ретінде балалар мектеп асханасынан тағамдар және оқу құралдарын сатып алуда олардың бағасын көбейту арқылы есептеуді мысал ретінде атап айтты.

Ал,өлшем бірліктер тақырыбына тоқталар болсам,балаларға салмақтың өлшем бірліктері:г,кг,ц,т екендігін,ал ұзындық өлшем бірліктері:мм,см,дм,м,км екендігін,уақыт бірліктері:сек,мин,сағ,тәулік,апта,ай,жыл ғасыр екендігін түсіндірдім.Балалар қай затты қандай бірлікпен өлшеу керектігіне өмірдегі жағдайлаға тоқтала отырып мысалдар келтірді.Атап айтар болсам,сыныптағы парта,тақтаны метр арқылы өлшеп көрсеттік.Сонымен қатар балалар қолындағы дәптер кітаптарын сызғыштың көмегімен сантиметр арқылы өлшеуді үйренді.Ал,үйде ата-аналарымен бірге бойларын салмақтарын метр,килограмм арқылы өлшеп көрсетті.

Бұл тақырыптар балалар үшін өте қызықты әрі пайдалы болды.Сабақтардан алған мәліметті өмірде қолданып жүргендіктеріне көздері жетті.Осы орайда бір мысал келтіріп кетер болсам,осы жерде тұрған партаны метрмен өлшеу арқылы оның ұзындығын анықтай аламыз.


Өз тәжірибе жұмыстарымды қорытындылай келе математикалық сауаттылықты қалыптастыру дағды мен іс әрекет негізінде өздігінен ізденетін,өздігінен шешім қабылдайтын,нарық заманында өмір сүріп,адал еңбектенетін,бәсекелестікке қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруға септігін тигізеді деп сенемін.






Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!