Бастауыш сыныптарда оқушы дәптерлерін жүргізу тәртібі
-
пәні
дәптер саны
Қазақ тілі
3
- 2 жұмыс дәптері;
- 1 жиынтық бағалауға арналған дәптері;
Әдебиеттік оқу
2
- 1 жұмыс дәптері;
- 1 жиынтық бағалауға арналған дәптері;
Орыс тілі
2
- 1 жұмыс дәптері;
- 1 жиынтық бағалауға арналған дәптері;
Ағылшын тілі
2
- 1 жұмыс дәптері;
- 1 жиынтық бағалауға арналған дәптері;
Математика
3
- 2 жұмыс дәптері;
- 1 жиынтық бағалауға арналған дәптері (бақылау жұмысы осы дәптерде орындалады);
Жаратылыстану
1
- 1 жұмыс дәптері (жиынтық бағалау осы дәптерде орындалады);
Дүниетану

Дәптер сыртын 1 сыныпта мұғалім, ал 2 сыныптың 2 жарты жылдығынан бастап үлгі бойынша оқушы өзі толтыруы керек:
орта мектебінің
3 «А» сынып оқушысы
Асылбек Досболдың
қазақ тілі дәптері
Оқушылардың қаламдары көк түсті сия болуы керек. 1, 2 сыныпта кіші жол дәптерлеріне, ал 3 сыныптың 2 жартыжылдығынан және 4 сыныпта үлкен жол дәптерге жазуы қажет. 3 сыныптың 1 тоқсанында көркем жазуға кіші жол дәптер арнаған жөн.
1-2-сыныпта кіші жол дәптердегі кіші әріптің биіктігі 4 мм, көмекші жолдың биіктігі 8 мм болады. Үлкен жолды дәптерде кіші әріптердің биіктігі 3 мм, бас әріптің биіктігі 6 мм болады.
Дәптердегі барлық жұмыстар төмендегі талаптарды, ережелерді сақтай отырып жүргізілуі керек:
- жазуы ұқыпты;
- оқушылардан әрбір әріпті дұрыс жазу, әрбір жаңа ойды абзацтан (жаңа жолдан) бастап жазу, жолды дәптердің түп жағынан (10-15 мм), оң жағынан (20 мм), тор дәптердің түп жағынан 2 тор, шектеу сызығына 1 тор жетпейтін бос орын қалдыру, біркелкі көркем жазу талап етіледі.
- 1,2 және 3 сыныптың 1 жартыжылдығында ай аты жазбаша, күн реті араб цифрымен жол ортасынан жазылады;
- 3 сыныптың 2 жартыжылдығынан және 4 сыныпта ай аты мен күн реті жазбаша жазылады.
- күн реті мен жұмыс түрінен соң нүкте қойылады.
Қазанның тоғызы. Қазанның 9-ы.
Сынып жұмысы. Сынып жұмысы
- Үй жұмысы сынып жұмысының жалғасы деп есептелінеді де, күн реті жазылмайды;
- 1 сыныптың 3 тоқсанынан бастап жаттығу сөзі толық жазылады. Мысалы:
15-жаттығу
- Тапсырмаға сәйкес сөздерді бағандарға бөліп жазғанда бірінші сөзі бас әріптен үтірсіз жазылады. Мысалы:
Бала
бақа
барыс
-
Сынып жұмысын немесе үй жұмысын орындағанда тапсырмалар арасында
жол қалдырылмайды;
- Мәтін азат жолдан басталады;
- Сынып жұмысы мен үй жұмысының арасында 2 жол қалдырылады;
- Талдау жасау тапсырмаларын орындағанда жақсы ұшталған қара қарындашпен орындаған жөн;
- Ереже, емлені белгілеу үшін жасыл сияны қолдануға болады.
Көркем жазу жұмыстары
Көркем жазуға әр сабақ сайын 5 минут бөлінеді. Тақтада түсіндіре отырып жазу үлгісі көрсетіледі. Көркем жазу жұмыстарының көлемі:
1-2 сыныпта-1-2 жол
3 сыныпта – 3 жол
4 сыныпта - 3-4 жол
Тексерген соң мұғалім 3 жолдан аспайтын түзетуге
бағытталған үлгі жазуды көрсетеді.
Бастауыш оқытуда 4 жыл бойына жүйелі түрде (міндетті) әріп
элементтерін дұрыс қосуға бағытталған жүйелі жұмыс
жүреді.
Сынып, үй жұмыстарын тексергенде дұрыс жазылмаған әріптерді түзетіп тұру қажет немесе дәптер шетіндегі қызыл сызықта арнайы көрсету қажет. Бұндай әріптер мен әріптер байланысуын түзету жұмыстарын жазуға беру керек.
Сабақтағы сөздік жұмысы
Сөздік жұмыс әр сабақтың міндетті кезеңі деп саналады. Сөздік сын жұмысы аптасына 1-2 рет бақылау үшін жүргізіледі.
Жазба жұмыстарын тексеру тәртібі
Жазба жұмыстарын тексергенде төмендегі ережелерді ұстану қажет:
- Қатенің астын сызу, түзету қызыл сиямен жүргізіледі;
- Қате жазылған әріп немесе тыныс белгісі көлбеу сызықпен сызылады, қажетті тыныс белгісі қойылады;
- Қате жазылған сөздің бөлігі, сөйлем жіңішке түзу сызықпен сызылып тасталады;
- 1,2 сыныптарда сызылып тасталғанның үстіне әріп, сөз, сөйлем жазылады;
- 3-4 сыныптарда (дәптер шетіне) жазылады (/)- емлелік қате, (V) – тыныс белгілерінен жіберілген қате;
- Баға тапсырманың сол жағына қойылады;
- Мадақтау жазулары жазылады;
- Ескерту, сұраулы ескертулер жазбаған жөн;
- 2,3,4 сыныптарда мазмұндамаларға, шығармаларға дәптерге 2 баға (әуелі мазмұнына, кейінгісі қатесіне) қойылады (журналда 1 баға мазмұнына қойылады);
- Жазба жұмыс дәптерлері күнбе-күн тексерілуі керек;
- Қатемен жұмыс жасалынады;
Үй
тапсырмасының көлемі сынып жұмысының 1/3 бөлігінен аспауы
керек.
3 сынып жұмысының көлемі сын жұмысы көлемінен (+,-) 5 сөз болуы
тиіс.
Сын жұмысын бағалау мөлшері
Жазба жұмыстарының критерийлері мен дескрипторларына сәйкес 10 балдық жүйемен қойылады. Мысалы: Диктант (грамматикалық тапсырмаларымен) жаздыру кезінде 6 критерий болса, сөздерді жазу барысында орфографиялық нормалардың түрлеріне қарай 10 балға дейін толықтыруға болады. Яғни, сын жұмыстарын орындату барысында пән ерекшелігіне сай оқу мақсаттары мен міндеттері ескеріледі.
|
Жұмыс түрлері |
Критерийлер/дескрипторлар |
|
Диктант (грамматикалық тапсырмаларымен) |
|
Қателер деп есептелмейтін жағдайлар:
- Сын жұмысы алынғанға дейін оқылмаған ережелерге
сәйкес сөздер, тыныс белгілері;
- Келесі сөйлем бас әріппен жазылып, бірақ нүкте қойылмаса;
- Мәтін мазмұны бұзылмайтындай етіп басқа сөзбен ауыстыру жағдайы
бір рет кездескенде;
- Тасымалдауда алдыңғы жолда сөздің бір бөлшегі келесі жолда
қайталанып жазылса;
- Бір сөзді қайталап жазып қойса.
Ескерту: бақылау сын жұмыстарын алғанда мұғалім бір орында тұрып оқу, жазғызу қажет. Әрі-бері жүріп, оқушылардың зейінін шашыратуға болмайды. Сөздерді артық қайталай беру де оқушының сауатты жазуына кері әсер етеді. Барлық жұмысты әдістемесін дұрыс сақтай отырып жазғызған тиімді.
Жазылатын сөздің мағынасын, мәнін анықтау. Мұғалім көшіруге ұсынған немесе оқып айту арқылы жаздыратын сөздерінің, сөйлемінің, текстің мағынасын оқушылардың анық түсінгеніне көз жеткізгеннен кейін ғана жаздырғаны жөн.
Сөздің айтылуына және жазылуына, грамматикалық формасына мұқият көңіл аудару; жазғандарын саналы түрде есте ұстауға жағдай жасау: оқы, ойлан, есіңе жазып ал, тыңда, зейін аудар, т/б.
Мектептің бастауыш сатысында шығармашылық жұмыстар үйретушілік сипатта болады. Сондықтан қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайда ол оқушылармен мұғалім жеке жұмыстар жасауға міндетті. Өте төмен баға журналға қойылмайды.
Жіберілген қателермен жұмыс жасау:
1. Жазғаныңды тексер, түзет, қайта жаз, осыған ұқсас мысал ойлан, т/б. оқушылардың белсенділігін көтеру және өздіктерінен жұмыс жасауға баулу.
2. Сөйлем мен сөзді талдау жұмысын жүйелі түрде жүргізіп отыру: салыстыру, талдау, жинақтау жұмыстары, “ неге? “ сұрағын көбірек қою.
3. Сөйлеу әрекетінің бірде-бір жағын естен шығармау керек: дыбыстық, әріптік талдау, сөз құрамына жаттығу, сөз таптары бойынша, синтаксис және байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмыстары. Орфографиялық жаттығуларды (көшіру, диктант) сөйлеу жаттығуларымен (мазмұндама, шығарма) кезектестіріп өткізу.
4. Грамматикалық жаттығуларды сөздік - орфографиялық жаттығулармен кезектестіру. Орфографиялық дағды жөнінде айтылғандар пунктуацияға да қатысты. Бірақ пунктуацияға үйрену жұмыстарының өзіне тән ерекшеліктері бар. Тыныс белгілерін қою да ережелерге бағынады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз