Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданы
Қызылжар негізгі жалпы білім беретін мектебі
«Бастауыш сынып оқушыларын ойын арқылы оқытудың тиімділігі»
(бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған)
Құрастырушы: І санатты бастауыш сынып мұғалімі
Игильманова Роза Каримовна
2017 жыл
Тақырыбы: «Бастауыш сынып оқушыларын ойын арқылы оқытудың тиімділігі»
Алғы сөз
Еліміздің ертеңі тәуелсіздігіміздің тұғыры-бүгінгі мектеп шәкірті. Егемен еліміздің тірегі- білімді ұрпақ. Қоғамда болып жатқан қарқынды өзгерулер мен жаңарулар білім саласына да тың серпін әкелуде. Білім берудің-қазіргі басты мақсаты-өзінің жауапкершілігін сезіне алатын, өздігінен әрекет ете алатын, қажетті ақпаратты іздеп, қоғамдағы бәсекелістікке төтеп бере алатын тұлғаны даярлау болып табылады. Қазіргі кезде білім берудің ұлттық үлгісі қарқынды қалыптасып педагогика ғылымында баланыфң жеке тұлға ретінде дамуына бағытталған білім берудің жаңа технологиялары көптеп жүзеге асырылуда.
Ғалымдарымыз Отандық және Шетел ғалымдарының тәжірибелерін зерттеп, озық үлгілерін таратуда. Мұның бәрі түптеп келгенде Қазақстандық білім беру саласын әлемдік өркениетке жақындату, білім беру сапасын жақсарту мақсаты болып табылады. Қазіргі кезде мектеп мұғалімдерінің алдында жауапкершілік өте үлкен. Әсіресе, қазақ тілінде оқып жатқан мектеп шәкірті-еліміздің, ұлтымыздың болашағы. Мұғалім өз білімін, күшін, сүйіспеншілігін оқушыға күнделікті беріп отырады. Ол күн сайын болашақ үшін еңбек етеді. Бүгінгі күні мұғалімдер өздерінің кәсіби міндеттері-білім беру саласы мен сапасын жетілдіру мақсатында жаңа педагогикалық технологияларды қолдануда. Барлық орта мектептерде байырға білім беру әдіс-тәсілдері өзгертіліп, жаңашылдық іс-әрекетпен білім беру қажеттігі туып отыр. Білім сапасын арттыру мақсатын көздеген мұғалімдер әр сабағын жаңашыл ізденімпаздықпен, оқушының білім алуына барлық жағдай жасалған деңгейде өткізілуде.
Менің өзекті тақырыбым:

Бұл өзекті тақырыпты алудағы мақсат, міндеттерім:
1. Оқушылардың шығармашылық белсенділігінің дамуына және өздігімен
жұмыс істеу арқылы өз білімін қалыптастыруға дағдыландыру;
2. Бала тәрбиесіне әсер беретін ойындар жүйесін қалыптастыру;
3. Зеректі, тапқыр, ойшыл болуға тәрбиелеу;
4. Танымдық қабілеттерін арттыру;
Нәтиже: Жалпы бастауыш сынып оқушыларының оқыту үрдісіндегі әрекеттері тікелей ойынмен тығыз байланысты.
Мен өз еңбек тәжірибемде көп қолданатын әрі оқушыға нәтижелі білім беруде септігін тигізетін әдіс-тәсілдердің бірі «Ойын арқылы оқытуды» сабақтарымда үнемі қолданамын. Себебі, бастауыш сынып балалары – ойын баласы. Олар өте қозғалғыш, әр нәрсеге еліктегіш болып келеді. Сондықтанда сабақтарымда қолданатын ойын түрлері оқушыны жалықтырмайтындай қызғылықты, қысқа да нұсқа болуына аса мән беріп отырамын. Ойын-балалр үшін күрделі әрекет. Ол білім мен ақылды ұйымдастыруды өажет етеді. Ойынның өз мақсаты, жоспары көптеген өзіндік ерекшеліктері болады. Бастауыш сынып балалары үшін ойын негізгі іс-әрекеттің бір түрі. Ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады, басты мақсат: ойын ойнау арқылы тиісті білімді алады. Бала зейіні қажет ететін әдейілеп ұйымдастырылған ойындар баланың ақылын, дүниетанымын кеңейтеді. Мінез-құлқын, ерік-жігерін қалыптастырады. Халқымыздың ұлыв ақыны Абай Құнанбаев «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» - дегеніндей бала өмірінде ойын ерекше орын алады. Балалар ойын барысында өзін ерекше сезінеді. Олардың ізденімпаздық, тапқырлық, шығармашылық, жылдамдық әрекеттері анықталады және қалыптасады. Ойын барысында бала әртүрлі қуаныш пен реніш сезімдерін бастан кешіреді. Яғни, ойын арқылы өтілетін сабақ тақырыптары дұрыс таңдалып, олардың жасына лайықталып, талабын шабыттандыратындай, ойын оятарлық іскерлігін дамытатындай, шығармашылығын арттыратындай, бастаған істің нәтижесіне жете алатындай нәрлі болуы тиіс. Сонымен қатар ойындарды балаға қай сәтте, не мақсатпен пайдаланатынымды жоспарлап алып, ойша сол ойынның жететін жетістігін мөлшерлеп алып отырамын.
Өзімнің 32 жылдық еңбек өтілімде байқағаным: ойынды сабақта тиімді пайдалану оқушының ой өрісін шыңдай отырып, жаңа сабақты тез меңгеруіне және ақпаратты белсенді қабылдауына үлкен септігін тигізеді. Ол үшін мұғалімнің шеберлігі де үлкен роль атқарады. Ойынды сабақ кезеңдерінің қажетті кезінде орынды пайдалану - педогогтан сауаттылықты қажет етеді. Ал, ойынды мәнсіз - мағынасыз қолдану сабақ түсінуге зиянын тигізеді. Сабақтағы қандай да бір дүниені дамытуға пайдалана білу керек деп ойлаймын. Кез келген ұстаздың басты мақсат-міндеті – оқушыларға сапалы білім беру, жан-жақты жетілдіру, оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Сабақ – бұл мұғалім мен оқушы арасындағы жұмыс немесе іс-әрекеттің аса маңызды түрі. Мұғалімнің аса маңызды ізденісі, білімі, әдістемелік-теориялық, ұстаздық біліктілігі осы сабақтарда көрініс табады. Оқушылардың білімді жүйелі түрде меңгеруіне және жеке оқушының қабілет деңгейлерін дамытуда ойын арқылы оқытудың маңызы зор.
Ойын кезінде:
-
Оқушыға еркін ойлауға мүмкіндік беріледі;
-
Ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелейді;
-
Оқушының тіл байлығы жетіледі;
-
Жан-жақты ізденеді;
-
Өз ойын ашық жеткізеді.
Атап айтқанда, сабақта қолданылған ойын түрлерінің көмегімен жеке тұлға ретінде жан-жақты дамыған шығармашылықпен ойлана отыра білімді меңгереді.
Яғни, сабақтарда ойын немесе ойын элементтерінің кез-келген түрін пайдалану, оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырып қана қоймайды. Сонымен бірге, сабақты жақсы ұғып-түсінуге ықпал жасайды.
Сондықтан да мен өз іс-тәжірибемде үнемі оқушыға берген білім сапасын ойын элементтері арқылы жетілдіру мақсатында, әрбір сабағымда түрлі рөлдік, сюжеттік ойындар, логикалық сөзжұмбақтар, ребустар, анаграмма, метаграмма, мақал-мәтелдер, тіл сындырғы жаңылтпаштар, әдеби-музыкалық ойындар, драмалық, дидактикалық ойындар және жаңашыл тренингтер пайдаланып отырамын. Дидактикалық ойындар баланың ақыл – ойын дамытып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады. Тіпті нашар оқитын балалардың өздері де ойын элеметтері араласқан сабаққа зор ынтамен ,жігерімен араласатыны анық.
Жаңа материалды меңгерудегі басты міндет-есте сақтау, түсіну, ал оның негізгі талабы-оқушының білімді жаттап алуы емес, санасына ұғып ұялатуы. Сол себепті әрбір сабақты түрлендліріп: саяхат сабақ, ойын сабақ т.б.етіп өткізудің оқушының сабақты қызықтап, зейінмен жақсыф ұғып, түсінуге ықпалы зор деп білемін. Өткізілген барлық сабақтарым осы үлгіде жоспарланып, өткізіліп отырады.
Жүйелі түрде берілген білім оқушы санасына берік болып қалыптасады. Бастауыш сынып арқылы алған танымдық әрекеттерін өмірде қолданады. Соның ішінде 1-сынып оқушыларының жалпы психофизиологиялық ерекшеліктері мен дүниетанымы әртүрлі дәрежеде болады. Сонымен бірге әртүрлі отбасынан келген балалардың мінез құлықтары да түрлі болып келеді.Оқу жұмысының ойдағыдай болуы мұғалімнің балларды жастарына сәйкес психологиялық ерекшеліктерін жақсы білуіне және соған сәйкес жұмыс түрін дұрыс іріктеуіне байланысты.
Ойын үстінде бала сұранысы мен мұғалімнің тапсырмасы өзара ұштасады. Балалардың сабаққа ынта-ықыласы артады. «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, фантазиясыз толық мәндегі ақыл-ой тәрбиесі деген болмайды»,-деп атақты педагог Сухомлинский ойынға ерекше мән берген. Ойынның ой дамытатынын ескере отырып, сабақтың мақсаты мен мазмұнына қарай ойын түрін іріктеп, оны жүзеге асыра білу мұғалімнен асқан шеберлікті талап етеді. Ойынның түрі де көп, оны сабақтың барлық типтерінде қолдануға болады. Осыған байланысты білім беру барысында оқытудың түрлі әдістерін пайдаланып, оқушылардың өздігінен жұмыс істеу қабілетін арттыру үшін аса тиімді жолдарын іздеу, соның нәтижесінде оқушылардың ойлау, ой қорытындысын шығара білу қабілетін дамытуға басты назар аударған жөн. Қызықты ойын түрлерінен кейін, олар тез сергіп, тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады. Яғни, бұл сабақ ішіндегі бой жазу, демалу болып табылады. Ойын арқылы оқушылардың өздігінен жұмыс істеуі, ойлау қабілеттері дамиды. Ойын үстінде балалардың ойындағы барлық дерлік психологиялық процестері, сезімдері, ерік-жігер қасиеттері шыңдалады, мінез-құлқы айқындалады, оқу тәрбие ісін жүргізудің тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану мүмкіндіктері туады. Бала өзіне жаңалық болып көрінген әр қилы нәрселерге еліктегіш келеді. Осы қасиеттерімен бойындағы сезім мен қабілет ерекшеліктерін аңғартады. Әр баланың мініезінің ұнамсыз жақтары да ойын кезінде байқалады. Сабақтарда пайдаланылған ойынның әр түрлі түрлері, тәсілдері арқылы бастауыш сынып балаларының айналадағы дүние, адам, табиғат және қоғам туралы білімдері қалыптасып, логикалық және бейнелі әрі шығармашылыпен ойлаулары жетіліп, сабаққа және білім көзі-кітапқа деген қызығушылығы мен ынта-ықыласы артып отырады.
Нақтылап айтар болсам, қазақ тілі және әдебиеттік оқу пәні бойынша сабақтарда: «Жалғастыр», «Сөз ойла, тез ойла», «Кім жылдам?», «Артық сөзді тап», «Сөз тізбегін аяқта», «Кімнің немесе ненің дауысы?», «Айырмашылығы мен ерекшелігін анықта», «Дыбысынан айыр», «Буыннан сөз құра», «Сөзден сөйлем құра», «Суреттер сөйлейді», «Сәйкесін тап» тағы басқа ойындарды пайдалану тиімді.
Бастауыш сыныптарға арналған ойын түрлері:
«Артық сөзді тап»
Шарты: сөздер мағынасы бір бағытта болуы керек.
-
Әке, ата, мұғалім, ана
-
Сүт, қаймақ, нан, ірімшік
-
Сағат, кеш, секунд, минут
-
Әли, Асқар, Медетов, Сағит
-
Көйлек, құлақ, мұрын, қол
-
Кітап, қалам, дәптер, ағаш
-
Қырау, шаң, жаңбыр, су
-
Арба, велосипед, машина, қайық
-
Көбелек, таражы, циркуль, қайшы
-
Чемодан, кітап, сөмке, дорба
«Кім жылдам?» ойыны.
1. «А» әрпінен басталатын қала аттарын жазыңдар. Мысалы: Алматы, Астана, Ақмола ... .(Ол қалалардың қай жерде орналасқанын картадан көрсетіп, қала туралы не білетінің сұрау).
2. Тек қана (а, е, ы, і) дауысты дыбысы бар сөздер ойлап жазыңдар. Мысалы: (а) бала, тамаша, қараша, ..., (ы) ыдыс, ыстық, қырық, мысық, сызғыш, ..., (е) ертең, керек, сен, кеше... .
3. Қай жағынан оқыса да мағынасы өзгермейтін сөздерді ойлап жазыңдар. Мысалы: Азиза, нан, қырық, қазақ, көк, ...
«Адасқан әріптер» ойыны. Дыбыстарды тіркестіріп сөз жасаңдар.
1. р, о, б (бор);
2. а, ш, а, ғ (ағаш);
3. п, е, т, м, е, к (мектеп);
4. о, ш, ы, қ, у (оқушы);
5. н, ы, п, ы, с (сынып).
«Кім тапқыр?»ойыны.
Ішінде антоним сөздері бар мақал-мәтелдер тауып жазыңдар.
1.Үйдің ... - ... қыс түскенде білерсің. (ыстық-суығын)
Кімнің ... - ... екенің іс түскенде білерсің. (дос-қас)
2.Ашу – ... , ақыл – ... . (дұшпан, дос)
3. Ақылдан жақын ... жоқ. (дос)
Ашудан жаман ... жоқ. (жау)
«Кім тез тауып оқи алады?» ойыны.
Төмендегі сөйлемде сөздердің орын тәртібі ауысып жазылған. Оны тиісті тәртібіне келтіріп, кім тез тауып оқи алады?
-
Біз сабағында математика неше түрлі есеп шығарамыз.
-
Сабағы кеше сурет болды.
-
Дене тәрбиесі спортзалда сабағы өтеді..
-
Отыр сабақта 25 оқушы.
-
Әкелдік кітап, дәптер, күнделік, қалам сабаққа біз.
«
Дүкен» ойыны
Дидактикалық мақсаты: Ауызша есептеуге қарапайым түрде
күнделікті өмірмен байланысты жаттықтыру. Ақшаны ұсақтап үйрену.
Құралдар: Дүкеннің өзіне тән заттар ,(көкөніс, оқу құралдары т.б.)
оның жазылып алынған бағалары, жасалған тиындар мен ақшалар.
Таразы, есепшот,әр түрлі бұйымдар.
Мазмұны: Оқушылардың ішінен сатушы, кассир, тексерушілер жеке
шығады.қалған балалар сатып алушылар болады.Бұйымдардың бәрінің
бағасын жазып ,іліп қояды.Сатып алушылардың қалаған заттарын
көрсетіп, чектерін алып келсе, соны есептеп затын беріп тұрады.
Бағылаушылар оларды тексеріп тұрады. Осылайша ойын жалғасып отырады.
Рольдерін ауыстырып отырса ойын қыза түседі.
Қызықты әзіл-есептер
-
Екі адам тоғызқұмалақты екі сағат ойнады. Әрқайсысы неше сағаттан ойнады?
-
Қосарлап жегілген ат-арбамен Жантілеу 25 шақырым жол жүрді. Оның әр аты неше шақырым жүрді?
-
4 жұмыртқа 4 минутта піседі. Бір жұмыртқа пісу үшін неше минут уақыт керек?
-
Бір килограмм темір мен бір килограм мақтаның қайсысы ауыр?
-
Дорбадағы 10 асықты 10 бала бір-бірлеп алды.Сонда бір асық дорбада қалды. Бұл қалай?
-
Түнгі сағат 10-да жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?
-
Батыржанның төрт ұлы, олардың әрқайсысының туған қарындасы бар. Батыржанның неше баласы бар?
-
8-наурызда екі шешей мен екі қызына, әжей мен немересіне үш орамал сыйға тартылды. Бұл қалай?
-
Айдың, аптаның күндерін атамай 5 күнді ретімен кім атап шығады?
-
Алдында 1, артында 2, артында 1, алдында 2, біреу екеуінің арасында және үшеуі бір қатарда қаз ұшып келе жатты. Барлығы неше қаз бар?
“Моншақ”ойыны
Ойынның мақсаты: Жуан, жіңішке түбірлі сөздерді
қайталау және ажырата білу.
Ойынның шарты: Қатты қағазға жуан және жіңішке түбірлі сөздерді
жазу. Сыныпты екі топқа бөліп, қағазға жазылған сөздерді тарату.
Белгіленген уақыттан кейін әр топ бір жуан, бір жіңішке түбірлі
сөздерден жіпке моншақ тізулері қажет.
Қай топтың моншағы бірінші тізілсе, сол топ
жеңеді.
Керекті сөздер: дәріхана, аурухана, дәрі, тамақ, астана, орман,
кезекші, үзіліс, оқушы, өшіргіш, қалам, күнделік, көктем, қыс,
балық, т. б.
“Қалалар” ойыны.
Ойынның мақсаты: Буыннан сөз құрастырып, дұрыс жазуға
дағдыландыру.
Ойынның шарты: Сыныпты екі топқа бөліп, тақтаға қала атауының
кез келген буынын жазу. Қай топ дұрыс сөзді бірінші тапса, сол топ
жеңеді.
Тапсырма үлгілері:
қар – Қарағанды
ас – Астана
алма – Алматы
тау – Көкшетау
рау – Атырау
кент – Шымкент.
“Сұрақ – жауап” ойыны.
Ойынның мақсаты: Сұрақтарға дұрыс, әрі тез жауап беруге
дағдыландыру.
Ойынның шарты :
Сыныпты екі топқа бөлу. Әр топқа сұрақтардың
жауаптары жазылған карточкалар тарату:. Сұрақ оқылғаннан кейін
оқушылар дұрыс жауабын көрсетеді. Қай топтың дұрыс жауаптары көп
болса, сол топ жеңеді.
С
ұрақтар:
1.
Сөмкеде не жатыр?
2. Бір аптада неше күн бар?
3. Асханада кім бар?
4. Сыныпта неше терезе бар?
5. Қолда неше саусақ бар?
6. Жазда ауа райы қандай?
7. Бір тәулікте неше сағат бар?
8. Мектеп неше қабатты?
9. Күзде не сарғаяды?
Керекті сөздер:
қалам, жеті, аспаз, үш, бес, ыстық, жиырма төрт,
үш, жапырақ.
“Соңы кім?” ойыны.
Ойынның мақсаты: Сөздерді өрбіту, толықтыру арқылы оқушылардың
сөздік қорларын молайту.
Ойынның шарты: Тақтаға кез келген сөз жазылады. Мұғалім бұл
сөзге байланысты басқа сөздер құрғызады. Соңғы сөзді құрған оқушы
жеңімпаз атанады.
Ойынды жургізу тәртібі:
Жаз
|
ыстық
|
жазғы каникул
|
тамыз
|
күнге күю
|
шомылу
“Сиқырлы ағаш” ойыны.
Ойынның мақсаты: Оқушыларды сұраққа жауап бере білуге
үйрету.
Ойынның шарты: Тақтаға қатты қағаздан жасалған алма ағашы
ілінеді.
Алмалардың сыртында бір сұрақтан жазылады. Тақтаға шыққан оқушы
алманы алып, сұраққа жауап береді. Егер оқушы сұраққа дұрыс жауап
берсе, алманы өзіне қалдырады. Мұғалім әр оқушының еңбегін бағалайды.
Бұл ойынды “ Мектеп “, “ Үй жануарлары”, “Асхана”, “ Балықтар”, және
т. б. тақырыптар бойынша өткізуге болады.
О
тбасы тақырыбы бойынша ойынды жүргізу үлгісі:
Сұрақтар:
1. Сенің отбасың қандай?
2. Отбасыңда неше адам бар?
3. Сенің әкең кім болып жұмыс істейді?
4. Сенің анаң кім болып жұмыс істейді?
5. Сенің анаң неше жаста?
6. Сенің әкең неше жаста?
7. Сенің әжең кім?
8. Отбасың тату ма?
9. Сен әкеңе қалай көмектестің?
“
Асхана” ойыны.
Ойынның мақсаты: “Асхана” тақырыбына байланысты сөздерді
қайталау.
Ойынның шарты: Тақтаға аспазшының суреті және тақырыпқа
байланысты сөздер ілінеді. Сынып екі топқа бөлінеді. Қай топ
тақырыпқа байланысты көп сөз тапса, сол топ жеңген болып
шығады.
Керекті сөздер:
Аспаз------------Балық
Шанышқы-----Тұшпара
Палау------------Ботқа
Тәрелке---------Кесе
Сүт---------------Шәйнек
Ет-----------------Қасық
Дәмді-----------Сорпа
Тәтті-----------Ас
Бұл ойынды әр - түрлі тақырыптар бойынша жүргізуге болады.
“Орныңды тап “ойыны.
Ойынның мақсаты: Сөздерге дұрыс сұрақтар қоя
білу.
Ойынның шарты: Тақтаға кім? не? қандай? деген сұрақтарды жазып
қою. Бұл сұрақтарға жауап беретін сөздерді қатты қағазға жазып,
оқушыларға тарату. әр оқушы тақтаға шығып, сөзіне қойылатын
сұрақтың қасына барып тұрады. Бұл ойынды ұпай беріп ойнауға
болады.
“Жоғалған әріптер” ойыны.
Ойынның мақсаты: Оқушыларды сауатты жазуға
дағдыландыру. Қазақ тіліне тән дыбыстарды
қайталау. Ойынның шарты: Сынып екі топқа
бөлінеді. Тақтаға 10 сөз жазу.
Мысалы: к... гершін
балдыр... ан
ән... ран
к... тап
к... ктем
... же
... ңгіме
о... ушы
айда... ар
а...
Қай топ керекті әріптерді дұрыс құрастырса, сол топ жеңіп
шығады.
“Қожанасыр қоржыны”ойыны.
Ойынның мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру.
Ойынның шарты: тақтаға қоржын ілінеді. Бұл қоржын Қожанасырдың
қоржыны, оның іші сыйлықтармен толы екенін айтып, оқушыларға
тапсырмаларды тарату. Егер оқушы тапсырманы дұрыс орындаса,
қоржыннан сыйлық ұтып алады.
Ойынның алдында сергіту сәтін өткізуге болады:
Кел, балалар, келіңдер,
Тамашаны көріңдер.
Бізде қызық ойын бар,
Барлығың ден қойыңдар.
Тапсырмалардың үлгілері: сөздерді қазақшаға аудар:
Кошка, дом, школа, библиотека, наш, большой, мы, огород, овощи,
рыба.
Сөзді септе: жолбарыс
Сандарды сөзбен
жаз:
25 + 7 = 32
150/30 = 50
10 + 3= 13
43 – 20 =23
90 – 40 =50
80 + 25 =105
«Кім тапқыр» ойыны
Жұмбақтың шешуін тап, жауабын қатыстырып ссөйлем құра:
“
Үйіңнің ол тұрағы,
Беті - қолын жуады,
Жолбарысқа түсі ұқсас,
Екі көзі қырағы.”
(
мысық )
Сөйлемдерді қазақша
жаз:
Это
школа. Она большая, высокая, красивая, двухэтажная. В школе много
учеников. Они учатся. Их учат учителя. Учителя дают ученикам
знания.
“Аукцион” ойыны.
Ойынның мақсаты: сөздік қорларын молайту. Пәнді сүюге
тәрбиелеу.
Ойынның шарты: сынып екі топқа бөлінеді. Тақтаға қағазға
жазылған сөзді іліп, бұл сөзге әр топ қанша ұпай беретінін анықтап
алу. Ең көп ұпай берген топқа сөзді ашып, дұрыс аудармасын
сұрау.
Егер команда дұрыс жауап берсе, берілген ұпайлар команданың қорына
көшеді. Дұрыс жауап бермесе, ұпай екінші командаға көшеді. Ең көп
ұпай жинаған команда жеңімпаз атанады.
“Сұрақ – жауап” ойыны.
Ойынның мақсаты: сұраққа дұрыс жауап беруге үйрету.
Ойынның шарты: қатты қағаздан 40 карта жасау. 20 картада сұрақтар,
қалған 20 картаға жауаптар жазу. Оқушылар шеңбер құрып отырады. Бір
оқушы сұрағы бар картамен жүреді. Келесі оқушы сұраққа жауап
беретін картамен басады.
Денсаулық туралы
мақал: «Жалғасын тап” ойыны.
Ойынның мақсаты: сөйлемдерді дұрыс құратуға
үйрету.
Ойынның шарты: оқушыларды екі топқа бөлу. Қатты қағазға
мақалдарды бөліп жазу. Оқушыларға карточкаларды таратып беру.
Оқушылар тақтаға шығып мақалдың басын оқиды. Мақалдың жалғасы бар
оқушы қасына барып, жалғасын оқиды.
“ Сиқырлы қоржын” ойыны.
Ойынның мақсаты: оқушыларды сұраққа жауап бере білуге үйрету.
Ойынның шарты:
тақтаға қоржынның суреті ілу. Қоржынның ішіне
сұрақтар салу. Оқушылар бір - бірден шығып қоржыннан сұрақтарды
алып оқиды.
Сұрақтар: Сен қайда тұрасың?
Сенің Отаның қай ел?
Қазақстан Республикасының рәміздерін ата.
Елтаңбада не бейнеленген?
Әнұранның авторлары кімдер?
Солтүстік Қазақстан неге бай?
Сен қай көшеде тұрасың?
Сен неше жастасың?
Сенің әкең кім болып жұмыс істейді?
Кім нан пісіреді?
Кім етік тігеді?
«Жаңа сөз
ойла»
Мақсаты:«А» дыбысы бар сөз ойлату,
сөздік қорын молайту.
Көрнекіліктер: қоржын, асықтар.
Ойынның барысы: Балалар «А» дыбысынан басталатын сөздер ойлайды.
«А» дыбысынан басталатын сөздерді кім көп ойласа, соған
асық беріледі. Асығы көп бала жеңімпаз
атанады.
«Орамал
тастамақ»
Мақсаты: өткен дыбыстарды қайталау, сөздік қорын молайту, ойлау
қабілетін, қиялын дамыту.
Көрнекіліктер: орамал, кеспе әріптер.
Ойынның барысы: Ойын кезінде өтілген дыбысты айтып, балаға орамал
лақтырады. Бала сөз ойлап, қайта мұғалімге лақтыру керек. Осы
дыбыстардан сөз құрап, тақтаға кеспе әріптер арқылы
жаздырады.
«Қай буынды
жоғалттым?»
Мақсаты: буын туралы түсінік беру, сөздерді буынға бөлуге үйрету,
ойын дамыту.
Көрнекіліктер: ойыншықтар, суреттер.
Ойынның барысы: Тақтаға ойыншықтардың суреттері ілінеді. Мұғалім
бір ойыншықтың бастапқы буынын айтады, оқушылар қай ойыншық екенін
айтады.
«Сөз ойла, тез
ойла»
Мақсаты: өтілген дыбыстар туралы балалардың білімдерін бекіту,
ойлау қабілетін, қиялын дамыту.
Көрнекіліктер:суреттер, ойыншықтар.
Ойынның барысы: Мұғалім өтілген дыбыстардың біреуін атайды, балалар
сол дыбысқа сөз ойлайды. Сөзді дұрыс айтқан балаға ұсақ
ойыншықтардан бір-бірлеп беріп тұрады. Сөзді көп әрі дұрыс ойлаған
болса, көп ойыншыққа ие болады. Кімнің ойыншықтарының саны артық
болса, сол бала ұтады. Балалар осы сөздерге сөйлем құрап,
әңгімелейді.
«Балықшы»
Мақсаты: алған білімдерін тиянақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
Көрнекіліктер: аквариумнің суреті, балықтар.
Ойынның барысы: Балалар суреттегі аквариумнан балықтарды аулап
алады да, балықтың артындағы қандай әріп екенін тауып, сол әріпке
сөз құрау қажет.
«Жоғалған әріптер»
ойыны
Ойынның мақсаты: оқушыларды сауатты жазуғадағдыландыру. Қазақ
тіліне тән дыбыстарды қайталау, сабаққа қызығушылықтарын
арттыру.
Ойынның шарты: Сынып екі топқа бөлінеді. Тақтаға 10 сөз жазу.
Мысалы: к…гершін, балдыр…ан, ән…ран, к…тап, к…ктем, …же, …ңгіме,
о…ушы, айда…ар, а…

«Заттың атын
ата»
Мақсаты: заттарды көріп сипаттау арқылы балалардың сезімталдығын
дамыту, қоршаған орта жайлы танымдарын кеңейту, сөздік қорын
дамыту. Заттарды сипаттау барысында сөздерді орынды қолданып,
дыбыстарды дұрыс айту арқылы баланың тілін жетілдіру.
Көрнекілік: ыдыс, суреттер (көкөністер, жемістер) мульяж,
қоржын.
Ойын шарты: Әр түрлі жемістер, немесе көкөністер суреттері,
мульяждары салынған ыдыстан бала бір затты алады. Сонан соң сол
затты жан-жақты сипаттайды және заттың атын атап, түр-түсін
ажыратады. Мысалы, бала ыдыстан немесе қоржыннан алманы алып,
пішінін, түсін, дәмін және қасиеттерін айтады. Немесе баланың көзін
байлап қойып, қоржыннан бір затты алғызады. Ол оны сипалап, не
екенін ажыратады да, сипаттайды, атын
айтады.
«Зообаққа
орналастыр»
Мақсаты: заттың көлеміне қарап, салыстырып, талдау жасауға үйрету.
Жабайы аңдар мен жануарлары, құстардың дене бітіміне қарап зообаққа
орналастырып, оларға қамқоршы болуға тәрбиелеу. Сөздік қорын
молайту, ауыз екі сөйлеуін жетілдіру.
Көрнекіліктер: зообақ торлары, әр түрлі жануарлар, аңдар,
құстар.
Ойын шарты: Зообаққа әкелінген аңдар мен құстар, үй жануарларын
торларға орналастыру қажет. Балалар пілді, түйені үлкен торға,
қоян, тиін, т.б. кіші торға орналастыруы керек. Бала неліктен олай
орналастырғанын, яғни піл үлкен, қоян кіші, сондықтан үлкен торға
пілді, қоянды кіші торға орналастырғанын
айтады.
«Сөзге сөз
қос»
Мақсаты: басталған сөзге сөз қосып, сөйлем құрастырып айта білуге
шапшандыққа, зейінділікке баулу. Балалардың шығармашылық тілдік
қызметін дамыту.
Көрнекілік: шар, алма, ойыншықтар.
Ойын шарты: Балалармен жеке немесе екі топқа бөлініп өткізуге
болады. Мұғалім сөзді айтады, балалар сөйлемді тез аяқтайды.
Мысалы:
Алма .
Сәуле .
Шар .
Ойын соңында жеңімпаз бала немесе жеңімпаз топ анықталып
аяқталады.
«Сұрақ – жауап»
ойыны
Ойынның мақсаты: сұрақтарға дұрыс, әрі тез жауап беруге
дағдыландыру.
Ойынның шарты: Сыныпты екі топқа бөлу. Әр топқа
сұрақтардың суретті жауаптары жазылған карточкалар тарату. Сұрақ
оқылғаннан кейін оқушылар дұрыс жауабын көрсетеді. Қай топтың дұрыс
жауаптары көп болса, сол топ жеңеді.
Сұрақтар:
1
.
Сөмкеде не жатыр?
2. Біраптаданешекүн бар?
3. Асханадакім бар?
4. Сыныптанешетерезе бар?
5. Бір қолда неше саусақ бар?
6. Жазда ауа райы қандай?
7. Мектеп неше қабатты?
8. Күзде не сарғаяды?
Керекті суреттер: қалам, жеті, аспаз, екі, бес, ыстық, үш,
жапырақ.
Математика
«Керуеншілер» ойыны
Дидактикалық мақсаты: Оқулықтағы пысықтауға арналған бағандардағы мысалдарды ауызша немесе жазбаша орындап, жаттығу кезінде пайдаланылады. Жарыса отырып, жылдам есептеуге жаттығады.
Керекті құралдар: Топ санына байланысты 2не 3 сақина не оның орына құрт, кәмпит, түйме т.б. қолда барды пайдалануға болады. (Әр қатарға бір-бір сақинадан болса ойын тез жүреді.).Мазмұны; Сынаптағы балалар 2 немесе 3топқа бөлінеді. Әр топқа бір-бірсақина беріледі.Әрбір қатар мысалдарды топтарға бөліп береді.Мұғалімнің командасы бойынша қолында сақинасы бар ойын бастаушылар бірінші мысалды шығарып, ойынды жалғастыра береді.Ойынды қай топ бұрын аяқтаса және дұрыс орындаса, сол топтың балалары ұтады .
«Ойлан
тап»
Шарты: Мына әріптерден
математикаға байланысты сөздерді тап.
к ғ а і з в ц а ы ұ к ғ ң
з ф с ы р п у з н ө ө ү һ
у і ғ с ы р е а д қ б қ І
а й ы р м а ң й ы о е о ы
я п б ы в а н ғ ғ с й с Л
а ғ ө а й ы р ы м ы т ы ғ
б ө л і н г і ш г н к л Ы
ә й і й т қ ы ш ә д і ғ ш
н а н а з а й т қ ы ш ы В
Д ө д ө а й ы р ғ қ ғ ш ц
і а і й ю р ь м ы х ы щ қ
Шешуі: ( азайғыш, көбейткіш, қосылғыш, қосынды, бөлінгіш, бөлінді,
азайғыш, айырма)
І. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастырудан
дидактикалық
ойындар.
«Үй құрастырайық»
Мақсаты: түстерді ажыратуға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін,
қабылдау, ес, зейін процесстерін дамыту.
Құрал-жабдықтары: баланың саны бойынша әртүрлі түсті жолақтар,
пішіндер, үй суретінің үлгісі.
Мазмұны: Балаларға үйдің суретінің үлгісін көрсету. Балаларға
әртүрлі жолақшаларды, пішіндерді таратып беру. Үлгіге қарап осы
пішіндерден үйді құрастыруды ұсыну.
***
«Өз үйіңді тап»
Мақсаты: түстерді ажыратуға жаттықтыру; қабылдауын дамыту; ойынның
ережесін сақтауға үйрету.
Құрал-жабдықтары: түрлі-түсті дөңгелектер.
Мазмұны: Балаларға түрлі-тісті дөңгелектер тарату, түсін атау.
Үйлерін көрсету. Белгі бойынша балалар дөңгелектерінің түсі бойынша
үлкен шеңберлерге тұра қалады.
***
«Сиқырлы қапшық»
Ойынның мақсаты: заттарды белгілі бір қасиеттері бойынша
салыстыруға, топтастыруға үйрету.
Ойынның құрал-жабдықтары: түсі, өлшемі, пішіні бойынша әр түрлі
ойыншықтар.
Ойынның мазмұны: Балалар «Сиқырлы қапшықтың» ішіндегі затты ұстап
көріп, пішінін анықтайды, ойыншықты алған соң атын атап, түсін
айтады.
«Жолға шығу» ойыны. Ойын айналадағы заттарға талдау жасауға мүмкіндік береді.Жолға шыққан жолаушы қандай заттарды алады? деген сұрақ қойылады.Бір топ керекті заттар тізімін айтады, екінші топ ол заттар не үшін қажет екенін айтып беруі керек.
«Кемпірқосақ» ойыны. Бір минут ішінде түстері әртүрлі бес түсті затты ретімен тез айтып шығуға тапсырма береді. Мысалы: қарбыз (қызыл), лимон (сары), аспан (көк), жапырақ (жасыл), топырақ (қоңыр). Кімде-кім түске сәйкес заттың атын таппай қалса, ойыннан шығады
«Еске түсіру» ойыны. Қатар отырған оқушылар бір-біріне теріс қарап отырады да, парталасының аты кім, көзінің түсі қандай, киімі қандай, аяқ киімі қандай, егер қыз бала болса юбкасының түсі қандай, құлағында сырғасы бар ма, осы сияқты белгілерді айтып шығады. Бұл ойын балалардың бір-бірін жақсы тануға, қарым-қатынасын реттеуге көмектеседі. Балалардың есте сақтау қабілеті, бақылағыштығы жақсарады.
ӘЗІЛ АРАЛАС
СҰРАҚТАР
Төмендегі сұрақтарға тиісті түрақты сөз тіркестерімен жауап
беріңдер.
1. Қар жана ма?
2. Адамның төбесі аспанға жете ме?
3. Сөйлегенде сөз ауыздан түсіп қала ма?
4. Адамның қолы, аяғы түрлі түсте болып келе ме?
5. Аузыңды бақ, көзіңе қара дейміз, ал мұрныңды бақ, құлағыңа қара
деп айта ма? Адам өз көзіне өзі қалай қарай алады?
6. Екі аяқ бір етікке сия ма?
7. Жұмыстың аяғы бола ма?
8. Бір қазанға симайтын қандай бастар?
9. Мәселенің қабырғасы бола ма?
10. Адамның қай
жеріне нан піседі?
11. Көз сатыла ма? Ол не деген сөз?
КІМ ДҰРЫС ПАЙДАЛАНА
АЛАДЫ?
Тұрақты сөз тіркестерін дұрыс пайдаланып, сөйлем құрау.
Аяғына отырғызбау. Қылшығы құрамау. Басыңнан сипамас. Ат ізін
салмау. Шаш ал десе, бас алу. Ит тұмсығы өтпейтін. Көзі қызару.
Қолын жылы суға малып отыру. Қол ұшын беру. Жең ұшынан жалғасу.
Ұзын бөрік кигізу. Төрт көзі түгел. Қабағы ашылу. Қызыл тақия
кигізу. Мойны жар бермеу. Тіс жармау. Бетінен қақпау. Басын бәйгеге
тігу. Инедей қадалу. Құлақ қою.
ЖАЛҒАСЫН ТАУЫП АЙТ
(лото ойыны)
Тұрақты сөз тіркесін кірістіріп сөйлем ойлау.
1. Көз ... 2. Тіл ... 3. Мойны ... 4. Іші ... 5. Бас ... 6. Қолы
... 7. Көзі ... 8. Місе ... 9. Дәті ... 10. Жақсы ... 11. Құйып ...
12. Жер ... 13. Басын ... 14. Үйтіп ... 15. Жатып ... 16. Салы ...
17. Біреу ойға ... 18. Түйе үстінен ... 19. Бұлаң құйрыққа ... 20.
Күле кіріп ...
1. Ілу. 2. Әкелу. 3. Босау. 4. Жылу. 5. Тарту. 6. Жеңіл. 7. Қараю.
8. Тұтпау. 9. Шыдамау. 10. Аттану. 11. Қойғандай. 12. Бетінен жою.
13. Жұту. 14. Жеу. 15. Ішер. 16. Суға кету. 17. Біреу қырға. 18.
Сирақ үйту. 19. Салу. 20. Күңірене шығу.
ТАУЫП АЙТ
Тұрақты сөз тіркесін кірістіріп сөйлем құрастыру.
1. тай ұшты, нан күлу, ыңды балта кеспейді
2. жұтқан, нің түгі бар, айну
3. ге ілмеу, іне шөп салмау, і тоймау, ге күйік болмау, іне көк ала
шыбын үймелету.
4. ын шүйіру, ын көкке көтеру, ына су жетпеу, ындық болу.
5. әлпеті қалай? Бір - өлең айтшы, ың жақсы екен. Көп – біріксе,
бір - жоқ болар (мақал). Қазан – ы жоғары.
6. салу, беру, сату, інде тұру, ұстау, ге келу, ден қалу, Қаһарлы –
қамал бұзады.
КІМ ДҰРЫС ТҮСІНДІРЕ
АЛАДЫ?
Тұрақты сөз тіркесінің мәнін түсіндіріп,
оларды сөйлем ішінде келтіріп айту.
Райынан қайту. Араға түсу. Қолды – аяққа тұрмау. Мойнын астынан
келтіру. Сілтідей тыну. Шаңырағына қобыз ойнату. Емшек сүті ернінен
кетпеген. Ана сүтін ақтау. Көмейіне тас тығылу. Теректі түбірінен
қопару. Сөз бұйдаға салу. Қырғи қабақ болу. өкшеңді көтер. Бір елі
ауызға екі елі қақпақ қою. Аузы ауыр. Мұрнының астындағыны көрмеу.
Қой үстіне бозторғай жұмырқалау. Құлақ тігу. Ат өтті қылу. Көзі
тоймау. Аузына құм құйылу. Қарасы өшу. Тілі бармау. Көкейіне қону.
Тостағанын жуу (шаю). Іші пысу. Кенеше жабысу. Жұлдызы қарсы болу.
Қытығына тию. Күлін көкке ұшыру. Қол жұмсау. Түн ұйқысын төрт
бөлу.
КІМ ТАУЫП ЖАЗА
АЛАДЫ?
Мына мақал – мәтелдердің жалғасын тауып
жазыңдар.
1. Қолы қимылдағанның ...
2. Көп жасаған білмейді ...
3. Кәріге құрмет, ...
4. Біреуге ор қазба, ...
5. Жақсы қыз ...
Жақсы жігіт ...
ЖҰМБАҚ – МАҚАЛДАР
А) Мына мақалдардың баламасын
тауып шешіңдер; Мұнда халық нені жек көріп, нені мақұлдайды?
Түйе бойына сеніп, жылдан құр қалыпты (аңқаулық, сенгіштік).
Көрмес – түйені де көрмес ( аңғармаушылық).
Кімнің тарысы піссе, соның тауығы ( жағымпаз қу).
Сыныққа сылтау.
Асықпаған артта қалады.
Бес саусақ бірдей емес.
Үй менікі демеңіз,
Үй артында кісі бар.
Темірді қызған кезде соқ.
Ә) Төмендегідей іс - әрекет, құбылыстар, ұғымдар қандай мақал –
мәтелдермен бейнеленген?
Қырағылық, сақтық
(Жау жоқ деме, жар астында.)
Кіші пейілділік, Ұрлық, өтіріктің зияны.
Өнердің пайдасы. Ананың балаға деген мейірімі.
Өзімшілдік. Отанды сүю.
Еңбектің пайдасы.
Халықтың қырығылығы.
Оқудың оңайлықпен табылмайтындығы.
Сөздің күші.Тілдің құдіреттілігі.
Баланың жақсы ісі мен жаман ісі.
НЕНІҢ ТҮБІ НЕ?
Еңбек түбі не? Тірлік түбі
не?
Көптің түбі не? Ұрлық түбі не?
Кәсіп түбі не? Уайым түбі не?
Бейнет түбі не? Тәуекел түбі не?
Ынтымақ түбі не? Жортуыл түбі не?
АНАСЫ НЕ?
Сөз анасы не? Су анасы не? Жол анасы
не?
КІМ – НЕ?
(ҚАНДАЙ?)
Ата не? Ана не? Бала не? Аға не? Іні
не?
СӘНІ НЕ?
СӘУЛЕТІ НЕ?
Жердің сәні не? Ердің сәні не? Елдің
сәулеті не?
Көлдің сәулеті не? Жауға беруге болмайтын ең асыл нәрсе не?
Қыс қайтіп (қалай) келеді?
Қорытынды: Қорыта келе айтарым, білім беру –оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үрдісі болса, қазіргі кездегі білім беру – оқушының пікірін бағалау, оқушыны тыңдай білу. Ұстаз бен шәкірттің бірлесе жасаған еңбегінің нәтижесі – сапалы білім болып табылады. Белгілі педагог В.А. Сухомлинский айтқандай: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, фонтазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды!». Ендеше, баланы ойынға қатыстырып үйрету арқылы ойыны қайсы, үйретуі қайсы екенін балалар айырмастай, сезбестей етіп сабақ өткізген ұтымды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Бастауыш сыныпта барлық пәндер бойынша оқыту. 2010-2017 ж.
-
Бастауыш сынып. Математика. Дидиактикалық материалдар. 2013 ж.
-
Бастауыш сынып. Математика. Дидактикалық ойындар. 2015 ж.
-
Бастауыш сынып. Қазақ тілі. Дидактикалық материалдар. 2016 ж.
-
Интербелсенді әдістер арқылы оқыту. Асхат Әлімов. 2015 ж.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Бастауыш сыныптарға арналған ойындар жинағы"

шағым қалдыра аласыз