бастауыш сыныптарға ережелер жинағы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

бастауыш сыныптарға ережелер жинағы

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдері үшін ережелер жинағы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бастауыш сынып 1-4

Қазақ тілінен ережелер жинағы

Тіл және сөйлеу

Тіл арқылы адамдар бір-біріне хабар береді,білмегенін сұрайды,кеңеседі.

Сөйлеу түрлері

  1. Ауызша сөйлеу

  2. Жазбаша сөйлеу

Ауыз екі сөйлеу-біз дыбыстап айтатын немесе құлағымызбен еститін сөйлемдер.

Яғни үн арқылы берілетін сөйлеу түрі

Жазбаша сөйлеу-жазу арқылы түсіндірілетін сөйлемдер


Дыбыстар

Дыбыстан екіге бөлінеді

  1. Дауысты дыбыстар

  2. Дауыссыз дыбыстар


Дауысты дыбыстар:а,ә,и,е,ё,ы,і,о,ө,ұ,ү,у,э,ю,я-15

Дауыссыз дыбыстар: б,и,г,ғ,д,ж,з,й,к,қ,л,м,н,ң,р,с,п,т,ц,ш,щ,ч,ф,х,һ-25

Белгілер: ь (жіңішкелік белгісі), ъ (айыру белгісі)


Дауысты дыбыстар екіге бөлінеді:

  1. жуан: а,о,ы,ұ

  2. жіңішке: ә,ө,і,ү

Орыс тілінен енген дауыстылар: э,ю,я,ё,

Дауыссыз дыбыстар үшке бөлінеді:

  1. қатаң

  2. ұяң

  3. үнді

қатаң: к,қ,п,с,т,ф,х,һ,ц,ч,ш,щ-12

ұяң: б,в,г,ғ,д,ж,з

үнді: л,м,н,ң,р,й,(у)


Дыбыстық талдау:

О-дауысты,жуан

Т-дауыссыз қатаң

Ы-дауысты,жуан

Н-дауыссыз үнді


Буын- сөзде неше дауысты дыбыс болса,сонша буынға бөлінеді.

Мысалы: қар-лыаш



Тасымал

Жолақшаға сыймай қалған сөз сызықша(дефис) арқылы келесі жолға бөлініп жазылады.

(Тасымал буын сызығы арқылы бөлінеді.)

Тасымал түрі: 1) құ-рылысшылар

2) құры-лысшылар

  1. құрылыс-шылар

  2. құрылысшы-лар

Сөз

Сөз-заттың,сапаның қимылдың,санның атауы.Сөздің мағынасы бар,сұрақ қойылады. Мысалы: Бала,жақсы,ойнады,тоғыз.

Сөз түрлері

  1. Қарама-қарсы сөздер: ақ-қара,жақсы-жаман,қараңғы-жарық,биік-аласа...

  2. Мағынасы жуық сөздер: әдемі,сұлу;батыр,күшті;мұғалім,ұстаз...

  3. Көп мағыналы сөздер: Бауыр,қас,жастық,жүз...

  4. Қаратпа сөздер: Әй,балам,шырағым,нағашы,Назым...

  5. Қысқарған сөздер: ҰБТ,АҚШ,МАБ,ОЖСБ,МАД,

  6. Қос сөздер:көп-көп,зор-зор,

  7. Күшейткіш мағынасы бар сөздер: Сап-сары,қып-қызыл,қап-қара...

  8. Негізгі сөздер: бал,от,гүл,су,ас,дос,тас

  9. Туынды сөздер: оқу+шы,бала+пан,ас+паз,ас+тық,өнер+лі....

  10. Түбірлес сөздер: сушы,сулы,сулық,суға...

  11. Біріккен сөздер: тасбақа,Сарыағаш,шаңсорғыш,Алмагүл...


Сөз құрамы

  1. Түбір

  2. Қосымша (жұрнақ, жалғау)


Түбір-сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігі.Мысалы: ас,су,өнер

Жұрнақ- сөздің мағынасын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейміз.Мысалы: ас+паз,су+шы,өнер+паз

Жалғау-сөз бенсөзді байланыстыратын қосымша.Мысалы: аспазшы,сушылар,өнерпаздар





Сөйлем

Сөйлем аяқталған ойды білдіреді.Сөйлемнен соң нүкте (.) белгісі,сұрау белгісі(?),леп белгісі(!) қойылады.



Сөйлемнің түрлері:

  1. Хабарлы сөйлем

  2. Сұраулы сөйлем

  3. Лепті сөйлем


Хабарлы сөйлем

Бірдеңенің жайын хабарлау мақсатында айтылатын сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз.Хабарлы сөйлемнің соңына нүкте қойылады.Мысалы: Оқушылар саяхатқа шықты.


Сұраулы сөйлем

Жауап алу мақсатында айтылатын сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз.Сұраулы сөйлемнің соңына сұрау белгісі қойылады.

Мысалы:

Сенің атың кім?


Лепті сөйлем

Адамның көңіл күйін,сезімін білдіретін сөйлемді лепті сөйлем дейміз.лепті сөйлемнің соңына леп белгісі қойылады.

Мысалы: Алақай,бүгін ауылға барамын!


Мәтін

Мәтін мағына жағынан өзара байланысқан екі не одан да көп сөйлемдерден құралады.Мәтінге ат қоюға болады.


Мәтіннің түрлері:

  1. Әңгімелеу мәтіні

  2. Сипаттау мәтіні

  3. Пайымдау мәтіні


Әңгімелеу мәтіні-бір нәрсе жөнінде баяндайды,хабарлайды.Не істеді?сұрағына жауап береді

Әңгімелеу мәтіні үш бөліктен тұрады:

  1. Басы

  2. Негізгі бөлімі

  3. Соңы


Сипаттау мәтіні

Бір нәрсені ,затты сипаттайды.Қандай? сұрағына жауап береді.


Пайымдау мәтіні

Бір нәрсе туралы неліктен солай айтылғанын дәлелдейді,түсіндіреді.Не үшін? сұрағына жауап береді.


Сөз таптары

  1. Зат есім

  2. Етістік

  3. Сын есім

  4. Сан есім


Зат есім

Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз.Сұрақтары: кім? кімдер? не? нелер?

Мысалы: Бала,қария,парта,балапан,жылқы,сағат


Зат есімнің түрлері

  1. Жалқы есім және жалпы есім

  2. Жекеше және көпше зат есім


Жалқы есім және жалпы есім

Кісінің аты-жөні,жер-су аттары,жан-жануарларға қойылатын атаулар жалқы есім деп аталады.Жалқы есімдер бас әріппен жазылады.Мысалы: Сәуле,Тараз,Сарыағаш, Келес,Ақтөс,Құлагер


Жалқы есімнен басқа зат есімдерді жалпы есім дейміз.Жалпы есімдер кіші әріппен жазылады.Мысалы: өзен,жылқы,ата,мұғалім,қыз,ит,қария


Жекеше және көпше зат есімдер

Кім?не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің жекеше түрі дейміз.Мысалы: Ата,құс,түйе



Кімдер?Нелер сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің көпше түрі дейміз.Мысалы: аталар,құстар,түйелер


Зат есімнің көпше түрі -лар,-лер,-тар,-тер,-дар,-де жалғаулары жалғану арқылы жасалады.Бұл көптік жалғаулары деп аталады.


Етістік

Заттың қимыл,іс-әрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз.Сұрақтары: Не істеді?неғылды?қайтті? Мысалы: келді,ойнады,күлді,жауды,орды,өсті...


Етістіктің түрлері

  1. Дара етістік

  2. Күрделі етістік


Дара етістік

Бір сөзден құралған етістік дара етістік деп аталады..Мысалы:келді,оқыды,көрді


Күрделі етістік

Екі не үш сөзден құралған етістік күрделі етістік деп аталады.Мысалы: келе жатыр,оқып отыр,көріп жүр...


Сын есім

Заттың сынын,түрін,түсін,сапасын білдіретін сөздерді сын есімдейміз.Сұрақтары: Қандай?қай?Мысалы: әдемі,үлкен,көк,тәтті,әдепті,жақсы


Сан есім

Заттың санын,ретін білдіретін сөздерді сан есім дейміз.Сұрақтары: қанша?неше?нешінші? Мысалы: бір,он,бес,төрт,үшінші


Сан есімнің түрлері

  1. Есептік сан есім: бір,екі,үш,жүз,мың(заттарды санау,есептеу үшін қолданылады)

  2. Реттік сан есім: бірінші,екінші,жүзінші (заттардың ретін білдіреді)

Реттік сан есімге-ыншы,-інші,-ншы,-нші деген жалғаулары жалғану арқылы жасалады.


Сөйлем мүшелері

Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беріп тұрған толық мағыналы сөздерді сөйлем мүшелері дейміз.


Сөйлем мүшелері екіге бөлінеді:

  1. Тұрлаулы мүшелер

  2. Тұрлаусыз мүшелер


Тұрлаулы мүшелер - бастауыш пен баяндауыштан құралады.Ол бастауыш пен баяндауыштың сұрақтарына жауап береді.


Тұрлаусыз мүшелер – бастауыш пен баяндауыштан басқа сөйлем мүшелерін тұрлаусыз мүшелер дейміз.Оларға қандай?кімге?неге?нені?қашан?қайда? т/б сұрақтар қойылады.

Мысалы: Жадыра қалаға келді.


Бастауыш та баяндауыш та зат есімнен жасалса,бастауыштан кейін сызықша қойылады.Әмір-күйші.Алматы-сәулетті қала.


Жалаң және жайылма сөйлемдер

Жалаң сөйлем

Бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлемді жалаң сөйлем дейміз.Мысалы: Жаңбыр жауды.


Жайылма сөйлем

Тұрлаулы мүшелерден басқа тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлемді жайылма сөйлем дейміз.Мысалы: Жаңбыр сіркіреп жауды.


Жай сөйлем

Бір ғана тиянақты ойды білдіретін жеке сөйлемді жай сөйлем дейміз.Мысалы: Қыс түсті.




Сандар

1.Жұп сандар:2,4,6,8,10,12,14,16,18,20,22,24,26,28,30,32,34,36,38,40...

2.Тақ сандар:1,3,5,7,9,11,13,15,17,19,21,23,25,27,29,31,33,35,37,39,41...


Бір таңбалы сандар:1,2,3,4,5,6,7,8,9

Екі таңбалы сандар:10,11,12,13,14,15,16,17,18,19,0,21,22,23,24,25,26,27,28,29,30,31,32,33,34,35,36,37,38,39,40,,,99

Үш таңбалы сандар:100,101,102,103,104,105,106,107,108,109,110,111,112,113,114,115,116,117,118,119,120,,,999


142-1жүзд 4онд 2 бірл

18-1нд 8 бірл

5- 5 бірл


Ондықтар:10,20,30,0,50,60,70,80,90

Жүздіктер:100,200,300,400,500,600,700,800,900

Мыңдықтар:1000,2000,3000,4000,5000,6000,7000,8000,9000


Геометриялық фигуралар

.DrawObject4 DrawObject3 DrawObject1 DrawObject2 нүкте түзу кесінді

DrawObject8 DrawObject7 DrawObject6 DrawObject5

Шеңбер

Тіктөртбұрыш шаршы

дөңгелек

DrawObject9


DrawObject11 DrawObject10


DrawObject14 DrawObject13 DrawObject12 сүйір бұрыш тікбұрыш доғал бұрыш


DrawObject16 DrawObject15

DrawObject17 текше

ромб көпбұрыш



Қосудың компоненттері Азайтудың компоненттері

40+60=100 90-30=60

40-қосылғыш 90- азайғыш

60-қосылғыш 30-азайтқыш

100-қосындының мәні 60-айырма



Көбейтудің компоненттері Бөлудің компоненттері

20*30=600 60:2=30

20-көбейткіш 60-бөлінгіш

30-көбейткіш 2-бөлгіш

600-көбейтіндінің мәні 30-бөліндінің мәні





Өрнек

20+30 қосынды немесе өрнек

50-20 айырма немесе өрнек

40*20 көбейтінді немесе өрнек

90:30 бөлінді немесе өрнек

Өрнек деп екі санның қосындысы немесе айырмасын айтамыз.Көбейтіндісі немесе бөліндісін айтамыз.


Теңсіздік < > теңдік =

Теңдеу

Теңдеу дегеніміз құрамында әрібі бар теңдік

Х*2 =60 оны шешу үшін әріптің орнындағы санды табу керек


Түрлері

Жай теңдеу-бір өрнектен құралған теңдік Х*3 =90

Күрделі теңдеу-екі өрнектен құралған теңдік 60: Х =20+10



Көбейтудің заңдылықтары

  1. Кез-келген санды 0-ге көбейтсең 0 шығады 0*5=0

  2. 0-ді кез-келген санға бөлсең 0 шығады 0: 4=0

  3. СDrawObject18 анды 0-ге бөлуге болмайды 0:4

  4. Кез-келген санды 1-ге көбейтсек те бөлсек те сол санның өзі шығады 9*1=9 9: 1=9

  5. Санды өзіне өзін бөлсек 1 шығады 8:8=1

Қосудың қасиеттері

  1. Ауыстырымдылық қасиеті

Қосылғыштардың орнын ауыстырғанмен қосындының мәні өзгермейді,бұл қосудың ауыстырымдылық қасиеті

40+50=90 50+40=90

  1. Терімділік қасиеті

Көршілес қосылғыштар жақшаға алынып,қосынды түрінде жазылады,бұл қосудың терімділік қасиеті

(30+20)+50 30+(20+50) (30+50)+20









Көбейтудің қасиеті

  1. Ауыстырымдылық қасиеті

Ауыстырымдылық қасиеті-көбейткіштердің орныны ауыстырғанмен көбейтіндінің мәні өзгермейді

4*5=20 5*4=20


  1. Терімділік қасиеті

Көршілес көбейткіштер жақшаға алынып,көбейтінді түрінде жазылады,бұл көбейтудің терімділік қасиеті

(6*2)*3 6*(2*3) (6*3)*2


  1. Үлестірімділік қасиеті

Қосындыны санға көбейту үшін әр қосылғыш сол санға көбейтіліп,көбейтінді түрінде жазылады

(3+7)*2= 3*2 + 7*2

P= периметр S= аудан V= көлем a= ұзындық в= ені c= биіктігі



Периметр табу

Формула P=a+в+а+в, P= 2*(a+в) тік төртбұрыштың периметрін табуға арналған

P=a+а+а+а, P=4*а шаршының периметрін табуға арналған

Периметр табу үшін барлық қабырғаларының ұзындықтарын қосу керек

Өлшем бірліктері: км,м,дм,см,мм


Аудан табу

Формула S=a*в

Аудан табу үшін ұзындығы мен ені көбейтіледі

Өлшем бірліктері: км2, м2,дм2,см2,мм2

Көлем табу

Формула V=а*в*с

Көлем табу үшін ұзындығын,енін және биіктігін көбейту керек

Өлшем бірліктері: км3, м3,дм3,см3,мм3





DrawObject19

V=а*в*с 3см*3см+3см=27см3





3см


3см



Қозғалысқа бағытталған формулалар

  1. Қашықтықты табу: s

  2. Жылдамдық : v

  3. Уақыт: t

Қашықтықты табу үшін ...s= v* t

Жылдамдықты табу үшін...v= s: t

Уақытты табу үшін...t= s: v

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
06.07.2018
7369
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі