Материалдар / Бастауыш сыныптарға латын әліпбиін үйретудің тәсілдері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бастауыш сыныптарға латын әліпбиін үйретудің тәсілдері

Материал туралы қысқаша түсінік
Біз, қазақ елі, уақыт көшіне ілесіп, қалып қоймай, әлемдегі өркениетті мемлекеттердің қатарына қосылу үшін, жалпы ұлт ретінде сақталып қаламыз десек, көп кешікпей, әліпбиімізді латын жазуына көшіруіміз керек. Бұл – бүгінгі күннің талабы. Латын жазуын қабылдағанда қол жетер нәтижеміз әрқайсымызға байланысты және бұл уақыт еншісінде.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Сәуір 2022
359
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

« №25 ЖББМ » КММ












Бастауыш сыныптарға

латын әліпбиін үйретудің тәсілдері










Бастауыш сынып мұғалімі:

Нурсакалова Карлыгаш Темиртаевна




















2022 жыл

Латын әліпбиінің өзгеруі және латын әліпбиіне көшу кезеңдері

2017 жылдың 11 қыркүйегінде латын жазуы негізіндегі қазақ әліпбиінің нұсқасы Парламент мәжілісінде талқылауға ұсынылғаннан кейін жалпы халық өз пікірін білдірді. Жаңа әліпби әріптерінің саны 25 болды. Онда және онда қайта өзгертілуі тиісті болды да, бір ай уақыттан кейін 2017 жылдың 26 қазанында Елбасыға латын әліпбиінің өзгертілген әліпбиде 32 әріп, 9 апострофпен белгіленетін әріп, 9 дауысты дыбыс болды.Екінші өзгертілген латын әліпбиінде кеткен қателіктерді түзетіп 2018 жылы 20 ақпанда қайта жаңа нұсқасы қабылданды. Яғни барлығы 32 әріп, 6 апострофпен жазылатын әріп бар. Дауысты дыбыстар саны 9, дауыссыз дыбыстар саны 23.

Латынға көшкенімізде ұтатын тұстарымыз:

*Біріншіден, тіл тазалығы мәселесі. Тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз.

*Екіншіден, қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелердің қысқаратыны, мектептен бастап барлық оқу орындарында оқыту үрдісін жеңілдетеді.

*Үшіншіден, латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді жолдар ашылады. *Төртіншіден, түбі бір түркі дүниесі, негізінен, латынды қолданады. Біздерге олармен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты, тығыз байланысты күшейтуіміз керек.

Елімізде алдағы уақытта жоспарға сәйкес, латын графикасын оқыту былайша жүзеге асады:

*0 – 1 сыныптар – 2020 жыл;

*0 – 1 + 2 сыныптар – 2021 жыл;

*0 – 2 + 3 сыныптар – 2022 жыл;

*0 – 3 + 4 сыныптар – 2023 жыл;

*0 – 4 + 5 – 9 сыныптар – 2024 жыл;

*0 – 9 + 10 – 11 сыныптар – 2025 жылы толығымен латын әліпбиіне көшіп боламыз деп жоспарланып отыр.


«Латын әліпбиіне көшу – мемлекеттің рухани-мәдени дамуындағы аса маңызды кезең. Оған әр азамат өз үлесін қосу керек», - дейді еліміздегі этномәдени орталықтардың өкілдері. Қазақстан Халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Алматыда өткен жиынға қатысушылар «Осыдан үш жыл бұрын Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады» деген болатын. «Латын қарпімен біздің тарихымыздың байланысы тереңде жатыр. Оның үстіне, жаңа әліпби заманауи технология тілімен үндес. Сондықтан, бұл – уақыт талабы. Ел руханиятындағы тарихи кезеңнің жауапкершілігі де үлкен»,-дейді Ассамблея өкілдері. 

Сондай-ақ, cеминарда баяндама оқыған ҚарМУ-дың қазақ тіл білімі кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Бектұрсын Қалиев латын әліпбиінің мынадай тиімділіктерін тізіп берді:

  • «Өткен ғасырларда түрлі тарихи, саяси жағдайларға байланысты дүниенің төрт бұрышына тарыдай шашылып кеткен қазақ баласының басын қосушы фактордың біріне айналар еді. Өйткені, бәріміз бір тілде сөйлегенімізбен, әртүрлі әліпбиді пайдаланамыз. Яғни, латын әліпбиі – әлем қазақтарының рухани бірлігінің негізі деп айта аламыз.

  • Біздің мұрағаттарда шаң басып жатқан көптеген мұрамыздың дені латын әліпбиінде жазылған. Латын әліпбиіне өту арқылы баға жетпес інжу-маржан, бай мұраларымызды кеңінен зерттеуге мүмкіндік алар едік. Мәселен, алаш арыстарының еңбектері.

ХХІ ғасыр – ақпарат ғасыры десек, бүгінгі компьютер заманында әлемдік ғаламтор жүйесіндегі ақпарат кімнің қолында болса, сол өз билігін емін-еркін жүргізе алады. Ал ақпараттың басты құралы – жазу. Яғни, ғаламтор жүйесінде үстемдік жасаушы – ол латын графикасы. Білім, ғылым, өндіріс саласына еніп жатқан жаңа технологияларға латын әліпбиі арқылы қол жеткізудеміз. Сондықтан, латын әліпбиіне көшумен халықаралық ақпараттық кеңістікке шығу жеңілдейді, яғни ғаламтор жүйесін халқымызға ана тілінде меңгеруге жол ашылады.

Сонымен, 2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліпбиімен басып шығара бастауға тиіспіз, 2022 жылы даярлық тобы мен бірінші сыныптан кезең- кезеңімен бастаймыз», – деген шешімге келді ғалымдар.

Міне, ҚР Парламентінің 2017 жылғы 26 қазандағы № 569 Жарлығымен бекітілген латын алфавиті.


9-дыбыс апостермен жазылатын түсіндіріп өту


Латын әліпбиін тәжірибеде қолдану

2018-2019 оқу жылының басында бекітілген ақысыз үйірме негізінде үйірмесін жүргізіп келемін. Бұл үйірменің мақсаты латын әліпбиін оқушыларға таныстырып, меңгерту. Балалардың қызығушылығы жоғары деңгейде екені әр сабақ сайын көрініп отырады. Тапсырмаларды орындауға, айналасындағы заттарды латынша жазуға әуестіктері басым.

Латын әліпбиін жатқа айту және жазу

Оқушылар өз аты-жөнін, дәптер сыртын жазуда, сөздерді, өлең шумақтарын, диктантты латын әріптерімен жазу.

Бастауыш сыныптарда әліпбиді танытуда ең бстысы әліпби, суретті әліппе, электронды оқулықтар арқылы және мұғалімнің тиімді әдістерді пайдалануы арқылы латын әліпбиін үйрете аламыз. Мысалы:

Шеттілдік сөздер емлесіне Керекті әріпті орнына қой.

байланысты тиісті әріпті жаз.

Латын әліпбиін үйрететін Qlatyn.kz сайтынан үйренуге болады. "Білім беру ұйымдарында латын әліпбиін үйретуді ұйымдастыру кезеңдері, ерекшеліктері", "Жаңа қазақ әліпбиін үйретудің нәтижеге бағытталған оқу әдістері", "Жаңа әліпбиді квест ойындар арқылы игерту", "Жазу дағдысын қалыптастырудың оңтайлы тәсілдері" және "Learning apps, appsGeyser платформаларында және электронды оқулық көмегімен жаңа әліпбиді үйретудің тәсілдері" атты модульдерді меңгертетін курстар ашылуда. Латын әліпбиіне көшу мемлекеттік тілдің қолданыс аясын одан әрі кеңейтуге мүмкіндік жасайды. Тіл тазалығы мәселесіне келсек, тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз. Қазақ тілін оқытуда басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелер қысқарып, мектептен бастап барлық оқу орнында оқыту үдерісі жеңілдейді.

Біз, қазақ елі, уақыт көшіне ілесіп, қалып қоймай, әлемдегі өркениетті мемлекеттердің қатарына қосылу үшін, жалпы ұлт ретінде сақталып қаламыз десек, көп кешікпей, әліпбиімізді латын жазуына көшіруіміз керек. Бұл – бүгінгі күннің талабы.

Латын жазуын қабылдағанда қол жетер нәтижеміз әрқайсымызға байланысты және бұл уақыт еншісінде.





Ё, ю, я, щ, ь, ъ – дыбыстары мүлдем жоқ, латын алфавитінен алынып тасталынғаны тулары айту


Тыңдалым, айтылым, жазылым дағдысы бойынша латын алфавитін тыңдату, айтқызу. Жазылу үлгілеріне мән бергізу. /Видео/

Есте қалған 10 сөзді жатқа жаздыру. Өз-өздеріне тексертіп, бағалату.


«Сен де латынша жазып көр!» деген тапсырмамен мына өлең шумақты латын қарпімен жаз.

Достығымыз достар арылмасын, 
Пейіміз кеңейсін тарылмасын, 
Жиі-жиі бас қосып сыр шертіссек 
Жүрегіміз қалайша жарылмасын

Латын алфавитімен мына өлең шумақты мәнерлеп оқы, -деп екі топқа беріледі.


Семинар-сабақты пысықтау

«Крестиктер мен нолдіктер»

  1. 1

    2

    3

    4

    5

    6

    7

    8

    9

    Латын әліпбиінде неше қаріп бар? (32)
  2. «Апостер» деген не? (үтір)

  3. Латын алфавиті қай күні бекітілді? (26 казан)

  4. Апостермен неше қаріп жазылады? (9)

  5. Латын әліпбиін қолданатын түркі тілдес мемлекеттерді ата.(Өзбекстан, Туркия, Әзербайжан, Түркіменстан)

  6. Кириллица алфавитінен мүлдем алып тасталынған әріптерді ата. (ё, ю, я, щ, ь, ь)

  7. Бұрынғы латын алфавитінде неше таңба болған? (25)

  8. Даярлық тобы мен бірінші сыныпқа латын қарпі қай жылы енгізілсін деді? (2022ж)

  9. 2017 жылы 26 қазақ күні нешінші жарлықпен бекітілді? (№ 569)












Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы.

2. Городкова Ю.И. Латинский язык. Учебник-6-е изд,

3. Боровский Я.М , Болдырев А. Учебник латинского языка изд-4

4. «Егемен Қазақстан» газеті, 18 қаңтар 2019жыл № 11 (29490) санында «Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері»

5. Ақпараттық көздер.


















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!