Материалдар / "Бастауыш сыныптарына арналған диалог түрлері"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Бастауыш сыныптарына арналған диалог түрлері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұсынылып отырған «Диалог түрлері» деп аталатын бағдарламада тіл үйренушілерге арналған бірнеше диалогтар бар. Диалогтар ауызша айту , жазбаша жазу және суреттер арқылы құрастыру әдістерімен жасалды.
Авторы:
04 Қаңтар 2024
502
17 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің

«Тобыл қаласы мектеп-гимназиясы» КММ









қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Сомтемирова Шынар Тойкеновнаның

«ДИАЛОГ ТҮРЛЕРІ»

тақырыбындағы баяндамасы






















Тобыл қаласы

2022 жыл





Диалогтық оқыту ұжымдық және өзара білім алмасуға жағдай және қолдау жасап оқыту әдісі болып табылады. Бұл әдісте оқушы тапсырманы мұғаліммен бірлесіп орындайды. Мұғалім және оқушы бір-бірін тыңдап, өз ойларымен , идеяларымен бөліседі.

Диалогтік оқытудың ерекшелігі – оқушылар қате жауап бергені үшін қорықпай , өз ойларымен еркін жеткізіп, бір-біріне өзара түсінікке жетулеріне көмектеседі.

Диалог – екі не бірнеше адамның кезектесіп сөйлесуі арқылы берілетін ауызекі тілдегі ерекше форма. Егер сөйлеушілер екеуден көп болса, онда ол «полилог» деп аталады.

Монологтан айырмашылығы диалогта сөйлеумен қатар, тыңдау механизмдері қатар жүреді.

Диалог барысында : мұғалім – оқушы, оқушы – оқушы , оқушы – мұғалім өзара сөйлесу арқылы жүзеге асады.

Диалогтік оқыту механикалық әңгіме, жауап алу, түсіндіру және талқылау сияқты әңгімелесуге үйретудің барынша дәстүрлі түрлерімен тығыз байланысқан.

Диалогтік оқыту сабақ барысында танымдық және өзара қарым-қатынасты қалыптастыратын стратегиялар жиынтығы.

Ұсынылып отырған «Диалог түрлері» деп аталатын бағдарламада тіл үйренушілерге арналған бірнеше диалогтар бар. Диалогтар ауызша айту , жазбаша жазу және суреттер арқылы құрастыру әдістерімен жасалды. Сонымен қатар, мәтінді оқып , мәтін бойынша сұрақтар – жауаптар да ұсынылған. Бағдарлама: «Еркін тақырып» , «Табиғат құбылыстары» , «Мәдени мұра» , «Еңбек адамдары» , «Адамгершілік» атты бес бөлімнен тұрады. Әрбір бөлімге қатысты диалогтар ұсынылған. Сонымен қатар, «Мен үйренген қазақша сөйлемдер» деп аталатын парақшаларды толтыру арқылы тіл үйренуші өзі меңгерген қазақша сөйлемдерді қолдау арқылы өз диалогын ұсына алады.

Бағдарламаның соңында сөздік және қолданылған әдебиеттер тізімі жасалған. Сондай-ақ тәжірибеде өтілген диалогтың видео нұсқалары да бар.

«Диалог түрлері» бағдарламасының басты ерекшелігі – диалогтар айтуға оңай және жеңіл үлгіде құрастырылды. Тіл үйренушінің қазақ тілін оңай меңгеруіне ауызекі сөйлеудің қарапайым түрлері таңдалып құрылды. Оқылым қабілетін дамытуға арналған шағын мәтін түрлері де енгізілген. Тіл үйренушінің сөздік қорын молайту мақсатында мәтіндердің күрделі түрі және оған сәйкесті сұрақтар да бар. Мәтінге қатысты сұрақтарға тіл үйренуші мәтіннен дұрыс сұрақты таңдап жазуға және айтуға тиіс.

Ұсынылып отырған жұмыстар тіл үйренушілерге және бастауыш сынып оқушыларына қазақ тілінде сөйлеуге пайдалы болады деген үмітіміз бар.

Қазақ тілін үйренушілерге сәттіліктер тілейміз!!!



***

МАҚСАТЫ: «Диалог түрлері» деп аталған бағдарламаның негізгі мақсаты – білім алушылардың қазақ тілінде ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту. Өзара сұрақ қою және сұрақтарға дұрыс жауап беруге үйрету осы бағдарламаның мақсаты болып табылады. Бұл бағдарламаның атауы «Диалог түрлері» деп атауының себебі – білім алушылармен жүргізілген бірнеше түрлі диалогтарды осы кітапшада жинақтап ұсынып отырмыз. Сұрақ – жауап арқылы білім алушының тыңдау , түсіну және айту яғни, қойылған сұраққа жауап беруін қалыптастыруға болады деген тұжырым жасадық. Бағдарлама бастауыш сыныптардың оқушыларына және тіл үйренушілерге арналған. Сұраққа жауап беру , ауызекі сөйлеу арқылы білім алушының қазақ тілі сөздік қорын молайту, қазақша сөйлеуге дағдыландыру – «диалог түрлері» атты бағдарлама арқылы жүргізілетін жұмыстардың мақсаты болып табылады.



***

МІНДЕТТЕРІ: 1. «Диалог түрлерін» айтып жаттықтыру;

2. «Диалог түрлерін» жазып жаттықтыру;

3. Ұсынылған диалог түрлерін күнделікті өмірде

айтып жаттығу ;


4. Сөйлеу барысында сөздерді анық және дұрыс айту;

5. Логикалық негізде жасалған диалогтарды құру;

6. Тілдік норманы сақтай отырып,

сұраққа толық жауап айту;


7. Білім алушы бағдарлама барысында оқу, тыңдау ,

жазу және айту әдістерін қатар қолдауы қажет.

8.Мәтінмен жұмыс арқылы сұрақтарға жауаптар табу.



9. Ұсынылған сөздікпен танысу, диалог барысында

қолдану;


10. «Мен үйренген қазақша сөйлемдер» деп аталатын

парақшаларды толтыру қажет.




***

https://ru.depositphotos.com/













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!