Бастауыш сыныптарына арналған үйірмелер

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бастауыш сыныптарына арналған үйірмелер

Материал туралы қысқаша түсінік
Мугалимдерге колдануга керек
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1


1

Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының
мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім
беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті














Бастауыш сыныптарға арналған оқу
жоспарының вариативті компоненті
бойынша ҥйірмелер
бағдарламасының
ж и н а ғ ы












Орал, 2016


Page 2


2

Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының мектепке
дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру
ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің сараптама
кеңесінде қаралып, облыс педагогтарына таратуға ұсынылды.

Хаттама № 2 6.06.2016 жыл






Қҧрастырушы:
Сагинаева Д.Қ. - БҚО ББ МДжЖОБББ әдіскері
Рецензент:
Хамзина А.О. –МДЖОТжКББҰООӘК директоры
Ғаббасова Б.Б.- «Ӛрлеу» БАҰО АҚ филиалы БҚО ПҚБАИ
«Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру» кафедрасының аға оқытушысы













Бастауыш сыныптарға арналған оқу жоспарының вариативті
компоненті бойынша үйірмелер бағдарламасының жинағы бастауыш
сынып мұғалімдеріне арналған. Жинақтағы үйірмелер оқушылардың
поэзияға деген қызығушылығын, ӛлеңге деген құштарлығын оятады, сӛз
ӛнерін сүюге, әдеби тілдің қыр–сырын білу жолдары арқылы бала
тәрбиелеуде кездесетін қиындықтарды жоюға, ӛз бетімен кітап оқуға
баулу, ӛзіндік ой- пікірін ашық айтуға, берік шешім қабылдауға, ойын
еркін жеткізуге сонымен қатар дарындылықты анықтауға, дүниетанымын
жетілдіруге тәрбиелейді.


Page 3


3

Мазмҧны


1. «Поэзия баспалдағы» (3 - 4 - сыныпқа арналған).
Құрастырушылар: З.Б.Ахметова., А.С.Рамазанова № 42
«Ақ ниет» МГ ................................................................4-62 бет

2. «Қызықты математика» (1-4 сыныпқа арналған).
Құрастырушы: Ж.Ч.Андирова №19 ЖОББМ ..........63-90 бет

3. «Ғажайып табиғат» (2 – 4 сыныптарға арналған) –
Құрастырушылар: Теректі ауданы Ақжайық ЖОББМ
А.К.Кунусова, Ж.И.Турегалиева, Г.Д.Каражанова.......91-166 бет

4. «Бізді қоршаған орта» (4 сыныпқа арналған).
Құрастырушы: Ақжайық ауданы Краснояр ЖББОМ
К.Б.Куспанова.........................................................................167-195 бет






















Page 4


4

Тақырыбы: «Поэзия баспалдағы»
3 - 4 - сыныпқа арналған ҥйірме бағдарламасы

Құрастырушылар: З.Б.Ахметова, А.С.Рамазанова
№42 «Ақ ниет» гимназиясының жоғары санатты бастауыш сынып
мұғалімдері
Рецензенттер: М.Ӛтемісұлы атындағы БҚМУ қазақ филология
кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты
А.Ә.Ниязғалиева,
№ 42 «Ақ ниет» гимназиясының жоғары санатты бастауыш сынып
мұғалімі А.Ж. Мұратова.

Кіріспе

Білім беру жүйесінің талаптары бойынша бастауыш сыныпта
әдебиеттік оқу пәнін оқыта отырып оқушылардың рухани дүниесін
байытып, оларға азаматтық, адамгершілік, елжандылық, кӛркемдік-
эстетикалық тәрбие беру және олардың ой-ӛрісін кеңейтіп, ауызша
сӛйлеу мен жазба тіл мәдениетін қалыптастыру кӛзделеді. Кӛркем
шығарманы оқып-талдау арқылы оқушылар халқымыздың ұлттық
құндылықтарын сӛз ӛнері тұрғысынан қабылдауға қажетті білім, білік
дағдыларымен қаруланады.
Қазіргі ақпараттық технологиялар дамыған заманда кӛркем
шығармаға қызығушылық азайып, оқушылардың оқу белсенділігі
тӛмендеп келеді. Ең алдымен мұғалімдер оқушылардың оқуға
қызығушылығын арттырып, әр түрлі оқытудың жаңа
технологияларын тиімді пайдаланып, адамның рухани құндылығын
арттыратын поэзиялық шығармаларды ӛз бетімен оқуға ізденуге
тәрбиелеуі тиіс. Осындай ӛзекті мәселелердің шешу жолының бірі
ретінде осы бағдарлама ұсынылды. Аталған бағдарламада белгілі
ақындардың поэзиясын тереңірек оқытуға және оларды мәнерлеп оқу
дағдысын жетілдіру кӛзделіп отыр.
Бағдарлама жалпы білім беретін мектептердің 3 және 4
сыныптарына арналған. Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасының
Парламенті бекіткен «Білім туралы» Заңының, Қазақстан
Республикасының «Білім» бағдарламасының, Мемлекеттік білім
стандартының талаптарын ескере отырып жасалды.
Бағдарлама 34 сағатқа жасалған. Апталық жүктеме – 1 сағат.
Кӛркем поэзияны оқыта отырып, заманға сай белсенділік кӛрсете
алатын, халқымыздың тарихын, дәстүрін, ӛнерін, әдебиеті мен
мәдениетін ұлттық құндылық ретінде бағалап, құрметтей білетін,
оқырмандық талғамы терең, жан-жақты дамыған дара тұлға
қалыптастыру кӛзделеді.


Page 5


5

Ҥйірме бағдарламасы «Поэзия баспалдағы»
3 және 4-сынып
Білім қҧрылымындағы таңдау курсының орны:

Мақсаты: жаңа ақпараттық технологияларды қолдану
арқылы оқушыларды қазақ ақындарының ӛлеңдерін мәнерлеп
оқуға дағдыландыру;
Оқушыға поэзияны оқыту, сол оқыған шығармасындағы
тілдік-кӛркемдік ерекшеліктерді таба білуге үйрету;
Әр түрлі жаңа технологияларды пайдалану арқылы
кӛркем шығарманың тілін түсінуге, сӛз мағынасымен
жұмыс жасауға дағдыландыру; Оқушылардың ӛз бетінше
ізденіп, шығармашылықпен жұмыс істей білуге үйрету;
Лирикалық шығарманы жан -жақты талдай білуге
дағдыландыру.

Міндеті:
 оқушыларды ӛз бетінше ізденіп, шығармашылықпен жұмыс
істеуге үйрету;
 бағдарламада беріліп отырған ақындардың ӛлеңдерімен
байланыстыра отырып, ақындар әлеміне енуге жағдай
жасау;
 зерттей оқу арқылы оқушылардың қызығушылығын
арттыру;
 жазушы шеберлігіне кӛз жеткізу;
 әдеби тіліміздің орфоэпиялық және орфографи ялық
заңдылықтарын, олардың бір-бірінен айырмашылығын,
байланысын меңгерту;
 оқушылардың кез келген кӛркем туындыны келістіре оқуын,
кӛркем шығармадағы сӛз сырын, мағынасын
ұғынуын,сӛйлеу құзыреттілігін қалыптастыруға тәрбиелеу.

Ӛзектілігі:
Қазақ әдебиетінің жыр әлемін,ӛмір шындығын кӛркем тілде
шеберлікпен жырға қосып жүрген асқан таланытты,кӛркем
сӛз шеберлерінің поэзия әлеміне ену.
Бастауыш сынып оқушыларының балалар әдебиетін,
ақындар поэзиясын тереңірек оқуын жан -жақты
қалыптастыру.


Page 6


6

Үйірме жұмыстарын шығармашылықпен ұйымдастыру
кӛзделеді.

Оқушыларға қойылатын талаптар:
-Поэзия тілі ӛркендеген мәдениет тілі,ғылым тілі екендігін
ұғыну;
-Кӛркем шығарманы оқығандағы мақсатының айқын
болуын білу;
-Кӛркем шығармаларды ерекше дауыс ырғағына,екпініне
қарай мәнерлеп оқып, негізгі кейіпкерлердің іс-әрекеттерін,
кӛңіл-күйін дәл бейнелей алуының қажеттілігін түсіну;
-Оқыған шығармаларына, ондағы кейіпкерлерге ӛзінше баға
беру;
Кҥтілетін нәтижелер:
 Кӛркем әдебиеттерді оқуға ынтасы артады;
 Кез келген әдеби шығармаға жан-жақты талдау жасай
алады.
 Берілген мәтіннен тілдік-кӛркемдік ерекшеліктерді
байқау қабілеті артады;

Ҥйірменің мазмҧны мен қҧрылымы:

«Поэзия баспалдағы» үйірме бағдарламасы 3-сынып.
Жылына 34 сағатты қамтиды. Үйірме жұмысы тӛмендегідей 5
бӛлімнен тұрады:

1.Талаптан да, ӛнер мен білім ҥйрен ( 4 сағат)
Мектеп. Ғасырдың ғажайып азаматы. Ана тілі. Ұстаз ӛлеңдері
топтастырылған.

2.Кӛркем сӛз- кӛрікті ойым (15 сағат)
Тырналар не деп тыраулар? Ӛ.Тұрманжанов Күзгі жапырақтар.
Қ.Шаңғытбаев. Диктант, Менің хатым, Менің бӛпем, Аурудың
аты, Жеткіншектерге тілек . А . Таубаева. Туған жер.
А.Бақтыгереева. Қазақстан жалауы Ӛ.Ақыпбекұлы. Абайдың
жыл мезгілдеріне жазған ӛлеңдері. Тәуелсіздік. Аққала-ақбала.
М.Мақатаев. Аязата келгенде.Т.Молдағалиев. Қиын
есеп.Қ.Баянбай ӛлеңдері енгізілді.


Page 7


7

3. Ата-бабам тарихы (7 сағат)
Хан Абылай.М.Әлімбаев. Отанға қорған боламыз. Ә.Табылдиев.
Батырлар жайлы. М.Әлімбаев. Ата ӛнегесі. Билер сӛзі-нақылдың
кӛзі тақырыптар жиынтығы берілді.

4.Сиқырлы сӛздер (4 сағат)
Әліппе ӛнегесі, Санамақтар Е.Ӛтетілеуов. Шарадалар
анаграммалар, жаңылтпаштар топтастырылды.

5.Ән шырқайық қосылып (4 сағат)
Бӛбектері әлемнің. Е.Ӛтетілеуов. Сен құрметте оны.
Ә.Сәрсенбаев ӛлеңдері берілді.



























Page 8


8

Кҥнтізбелік-тақырыптық жоспар
Поэзия баспалдағы. 3-сынып 34 сағат. (аптасына 1сағат )

№ Сабақтың
тақырыбы
Сағат
саны
мер
зімі
мақсаты Қолданылған
әдебиет
Талаптан да ӛнер
мен білім ҥйрен.
4
1 Мектеп 1 Білім ордасын құр-
меттеуге тәрбиелеу
Мӛлдір бұлақ,
2014
2 Елбасы Нұр ата 1 Елбасын
құрметтеуге баулу
Балдырған,
2014, №11, 3-
бет
3 Ана тілім Н.Айтұлы 1 Ана тілін қастер-
леуге үйрету
Ӛлеңдер мен
поэ-малар.
Алматы, 2008
4 Ұстазға 1 Ұстазға құрмет
кӛрсетуге баулу
«Ақ шағала»
Алматы, 2001
Кӛркем сӛзім -
кӛрікті ойым
15
1 Тырналар не деп
тыраулар?
Ӛ.Тұрманжанов
1 Қанатты достарды
қорғауға үйрету
Әд.оқу хрест.
18-бет
2 Күзгі жапырақтар.
Қ.Шаңғытбаев
1 Табиғат тамаша-
ларын сезінуге
баулу
Әд.оқу хрест.
16-бет
3 Диктант.
Қ.Мырза Әли
1 Ӛзін-ӛзі тексеруге
үйрету
«Жаңғалақтар»
Алматы, 2001
4 Менің хатым.
Қ.Мырза Әли
1 Бауырмалдыққа
баулу
«жаңғалақтар»
Алматы, 2001
5 Менің бӛпем.
Қ.Мырза Әли

1 Татулық, бауырмал
дық, туыс тықты
құрметтеуге дәріптеу
«жаңғалақтар»
Алматы, 2001
6 Туған жер.
А.Бақтыгереева
1 Туған жерін сүюге
баулу
«Ақ шағала»
Алматы, 2001
7 Қазақстан жалауы
Ӛ.Ақыпбекұлы
1 Рәміздерді қастер-
леуге, елінің патриот
азаматы болуға баулу
«Керек кітап»
Алматы, 2007
8 Абайдың жыл
мезгілдеріне жазған
ӛлеңдері
2 Табиғат лирикасын
Танытуға үйрету
Абай шығ-ң екі
томдық жинағы
Алматы, 2007
9 Тәуелсіздік 1 Ел тәуелсіздігін
қолдауға дәріптеу
Желтоқсан
кітабынан
10 Аққала-ақбала. 1 Табиғатты сүюге Әд.оқу хрест.


Page 9


9

М.Мақатаев баулу 44-бет
11 Аязата келгенде.
Т.Молдағалиев
1 Дауыс ырғағын қоя
білуге үйрету
Әд.оқу хрест.
41-бет
12 Аурудың аты.
Қ.Мырза Әли
1 Шыншылдыққа
тәрбиелеуге үйрету
«жаңғалақтар»
Алматы, 2001
13 Жеткіншектерге
тілек.
А .Б.Таубаева
1 Жерлес ақынның
балаларға арналған
шығармасымен
таныстыру
А.Б.Таубаева
«Жайықтың ақ
самалы»
Алматы,2001
14 Қиын есеп.
Қ.Баянбай
1 Әзілді түсінуге
тәрбиелеу
Ӛлеңдер
жинағы.
Алматы, 1993
Ата-бабам тарихы 7
1 Хан Абылай.
М.Әлімбаев
1 Тарихқа тағзым Қазақ
хандығының-550
жылдығына орай
балаларға түсінік беру
Балдәурен,
балалық.
Алматы, 2007
2 Отанға қо рған
боламыз.
Ә.Табылдиев
1 Отанды сүюге
тәрбиелеуге баулу
Қаз.балалар
әд.класс. үлгі.
Алматы, 2011
3 Батырлар жайлы.
М.Әлімбаев
2 Батырлар ӛмірін
дәріптеу
Балдәурен,
балалық.
Алматы, 2007
4 Ата ӛнегесі 2 Ата дәстүрді
құрметтеуге
үйрету
Қаз.бала-р
әд.класс.үлг-і.
Алматы, 2011
5 Билер сӛзінақылдың
кӛзі
1 Шешендік сӛзге,
сӛз мәдениетіне
баулу
Қаз.бала-р
әд.класс.үлг-і.
Алматы, 2011
Сиқырлы сӛздер 4
1 Әліппе ӛнегесі.
Е.Ӛтетілеуов
1 Сӛз құдіретін
түсінуге баулиды
Ең күшті адам.
Алматы, 2008
2 Санамақтар
Е.Ӛтетілеуов
1 Ой сергітуге баулу Ең күшті адам.
Алматы, 2008
3 Шарадалар.
Анаграммалар
1 Ой сергітуге баулу Ең күшті адам.
Алматы, 2008
4 Жаңылтпаштар 1 Тіл ұстартуға
баулу
Ең күшті адам.
Алматы, 2008
Ән шырқайық
қосылып.
4
1 Бӛбектері әлемнің.
Е.Ӛтетілеуов
1 Ұлттар досығына
үндейді
Ең күшті адам.
Алматы,
2008
2 Сен құрметте оны. 1 Соғыс ардагерлері Қаз.бала-р


Page 10


10

Ә.Сәрсенбаев не құрмет кӛрсету-
ге баулу
әд.класс. үлг-і.
Алматы, 2011
3 Қорытынды кеш 2 Поэзия кешін
ұйымдастыруға
үйрету


4-сынып. Жылына 34 сағат. Ҥйірме жҧмысы тӛмендегідей
7 бӛлімнен тҧрады:

1.Кәусар бҧлақ (9сағат)
Мәнерлеп оқу техникасы. Дикция. Екпін. «Білім күні».
Ӛ.Ақыпбекұлы.
«Ақжайыққа жыр арнағым келеді», Тапсырма (тіл аманаты),
«Ұстазыма» А.Бақтыгереева. «Мен қазақпын». Ж.Молдағалиев.
«Фариза, Фариза қыз, Фариза - ӛлең» А .Таубаева..1
«Мен - табиғат бӛбегі». Қ.Аманжолов.Тарихпен тілдесу. Қадыр
Мырза –Әли, А. Таубаева ӛлеңдері топтастырылды.

2.Сӛздер сӛйлейді (3сағат)
Логогриф-шараданың бір түрі, кӛбінесе ӛ леңмен
жазылады.Әуелі жұмбақтаған сӛзді табу қажет. Содан соң
табылған сӛзге бір не екі әріп қосып немесе алып тастау арқылы
жаңа сӛздер құрауға болады. Ерте заманнан қолданысқа ие.
Құрастырушылар қатарында Цицерон мен Апулей де болған.
Шарада-сӛзжұмбақ; жұмбақталған сӛздің әр бӛлігі ӛзінше
мағына береді,әр бӛлікті қосып оқығанда сӛздің негізгі мағынасы
шығады. Шарадаы қара сӛзбен де, ӛлеңмен де құрастыруға
болады.
Метаграммаларда белгілі бір сӛз жұмбақталады. Алдымен соны
табуға тиістіміз. Содан соң нұсқаған әріпті басқа әріппен
алмастырсаң, сӛздің мәні ӛзгереді. (М.Әлімбаев)
Сондықтан оқушылар осылар жайлы түсінік алып, ӛздері де
құрастыра алатын деңгейге жетеді.

3.Туған жер (4сағат)
Тәуелсіздік толғауы. Менің Қазақстаным. Қазақстан жалауы.
Ӛ.Ақыпбекұлы
Ауа-теңіз. М.Әлімбаев.


Page 11


11

4.Батырлар жыры (5сағат)
Қобыланды батыр, Алпамыс батыр хикаясы, ЕрТарғын, Қамбар
батыр (Электронды кітапхана )Оқушылардың қаhармандық
дастандарға қызығушылығын арттырады.

5.Балбҧлақ (5сағат)
Ӛгіз бен бақа, Бұлбұл мен есек, Қарға мен түлкі.
А.Байтұрсынов.Бүркіт
пен жапалақ.М.Әлімбаев. Достық ӛлкесінің заңы.Бұл ӛлеңдер
жаман әдеттен аулақ болуға, досқа адал болуға үндейді.

6.Байқап, кӛр (4сағат)
Ӛтірік ӛлеңдер.Е.Ӛтетілеуов.Ӛтірік ӛлең,жұмбақ,жаңылтпаш
құрастыру.

7.Ән шырқайық, қосылып (4сағат)
Ынтымық күні, Жеңіс күні.Ӛ.Ақыпбекұлы. Бұл шығармалар
оқушылардың
патриоттық рухын жігерлендіреді.




















Page 12


12

Кҥнтізбелік-тақырыптық жоспар
Поэзия баспалдағы. 4-сынып 34 сағат. (аптасына 1сағат )

№ Сабақтың
тақырыбы
Са
ғат
са
ны
мерзімі мақсаты Қолданылған
әдебиет


1
Кәусар бҧлақ.
Мәнерлеп оқу
техникасы.
Дикция.Екпін.
9


1
Мәнерлеп оқуға
үйрету
Х.Қажахметова.
Алматы, 1982
2 Білім күні.
Ӛ.Ақыпбекұлы
1 Білімге ұмтылды-
руға баулу
Керек кітап.
Алматы, 2007
3 Ақжайыққа жыр
арнағым келеді.
А.Бақтыгереева.

1
Туған жерге
сүйіспеншілікпен
қарауға дәріптеу
Ақ шағала.
Алматы, 2001
4 Тапсырма
(тіл аманаты)
1 Туған тілін құр-
меттеуге үйрету
Ақ шағала.
Алматы, 2001
5 Ұстазыма.
М.Әлімбаев
1

Ұстазды құрмет-
теуге баулу
Балдәурен,
балалық.
Алматы, 2007
6 Мен қазақпын.
Ж.Молдағалиев

1
Ӛз ұлтына құрмет
кӛрсетуге үйрету
Ӛлеңдер мен
поэмалар
жинағы.
Орал, 2009
7 Фариза, Фариза
қыз, Фариза – ӛлең
А.Б.Таубаева
1 Үлкенге, ақын
қыздарға, құрмет
кӛрсете білуге
баулу
«Жайықтың ақ
самалы»
Алматы, 2001
8 Мен- табиғат
бӛбегі.
Қ.Аманжолов

1
Табиғатты сүюге
баулу
Ӛлең ӛлкесі.
Алматы, 2009
9 Тарихпен тілдесу.
Қ.Мырза Әли

1
Тарихқа тағзым
ете білуге үйрету
Ӛлең ӛлкесі.
Алматы, 2009
Сӛздер сӛйлейді. 3
1 Логогриф.
М.Әлімбаев
1 Тіл ұстартуға
баулиды
Балдәурен,
балалық.
Алматы, 2007
2 Шарада
.М.Әлімбаев
1 Тапқырлыққа
баулиды
Балдәурен,
балалық.
Алматы, 2007
3 Метаграммалар.М.
Әлімбаев
1 Тапқырлыққа
баулиды
Балдәурен,
балалық.


Page 13


13

Алматы, 2007
Туған жер 4
1 Тәуелсіздік
толғауы
1 Ұлтжандылыққа
тәрбиелеуге
үйрету
Балдырған, 2015
2 Менің
Қазақстаным
1 Отанды сүюге
баулу
Мӛлдір бұлақ,
2014
3 Қазақстан жалауы.
Ӛ.Ақыпбекұлы
1 Рәміздерді қастер-
леуге үйрету
Керек кітап.
Алматы, 2007
4 Ауа-теңіз.
М.Әлімбаев
1 Туған жер табиға-
тын сүюге үйрету
Балдәурен,
балалық.
Алматы, 2007
Батырлар жыры 5
1 Қобыланды батыр 2 Қаhармандық
дастандарды
тыңдауға
дәріптеу
Батырлар жыры.
Электронды
кітапхана.
Алматы, 2009
2 Алпамыс батыр
хикаясы
1 Қаhармандық
дастандарды
тыңдауға
дәріптеу
Батырлар жыры.
Электронды
кітапхана.
Алматы, 2009
3 Ер-Тарғын 1 Қаhармандық
дастандарды
тыңдауға
дәріптеу
Батырлар жыры.
Электронды
кітапхана.
Алматы, 2009
4 Қамбар батыр 1 Қаhармандық
дастандарды
тыңдауға
дәріптеу
Батырлар жыры.
Электронды
кітапхана.
Алматы, 2009
Бал бҧлақ 5
1 Ӛгіз бен бақа.
А.Байтұрсынов

1
Жақсыны үйреніп,
жаманнан жире-
нуге баулу
Қаз.бала-р
әд.класс. үлг-і.
Алматы, 2011
2 Бұлбұл мен есек.
А.Байтұрсынов

1
Асыл мен
жасықты ажырата
білуге үйрету
Қаз.бала-р
әд.класс.үлг-і.
Алматы, 2011
3 Қарға мен түлкі.
А.Байтұрсынов

1
Мақтаншақтың
зияны туралы
ұғындыру
Қаз.бала-р
әд.класс.үлг-і.
Алматы,2011
4 Бүркіт пен
жапалақ.
М.Әлімбаев
1 Күш кӛрсету-
әдепсіздік екенін
үйрету
Балдәурен,
балалық.
Алматы,2007
5 Достық ӛлкесінің
заңы.

1
Адал достыққа
баулу
Эверестке шығу.
Алматы,2003


Page 14


14

М.Шаханов
Байқап, кӛр 4
1 Ӛтірік ӛлеңдер.
Е.Ӛтетілеуов
1 Тапқырлыққа
баулиды
Ең күшті адам.
Алматы, 2008
2 Ӛтірік ӛлең
құрастыру

1 Тіл ұстартуын
дамытады
Ең күшті адам.
Алматы, 2008
3 Жұмбақтар
құрастыру
1 Тапқырлыққа
баулиды
Ең күшті адам.
Алматы, 2008
4 Жаңылтпаштар
құрастыру
1 Шапшаңдық-қа
баулиды
Ең күшті адам.
Алматы, 2008
Ән шырқайық
қосылып
4
1 Ынтымақ күні 1 Халықтар досты-
ғын дәріптеу,
ынтымаққа баулу
«Керек
кітап»Алматы,
2007
2 Жеңіс күні 1 Ұлы Отан соғысы
ардагерлерін,
олардың ӛмірін
дәріптеу
«Керек
кітап»Алматы,
2007
3 Қорытынды кеш 2




















Page 15


15

3-сыныпқа арналған сабақ ҥлгілері
Сабақтың тақырыбы: Билер сӛзі –нақылдың кӛзі.

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың би-шешендердің сӛздері арқылы
тілін дамыту, тіл байлығын жетілдіру, мәнерлеп дауыс ырғағын
келтіріп оқуға тӛселдіру
2.Дамытушылық: Сезімтал, шешен болуға ұмтылдыру;
3.Тәрбиелік: Мақал – мәтелдер үйрету арқылы халқымыздың
әдеби бай мұраларын, шешендік ӛнерін, дәстүрін қадірлеуге
тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Қалыптан тыс-саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену т.б
Сабақтың кӛрнекілігі: сызбалары, кестелері, дидактикалық
материалдар т.б
Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру,
сыныптың тазалығына кӛңіл бӛлу. Оқушылардың зейінін сабаққа
аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген шешендік сӛздер туралы сұраймын оқушыларға
бірнеше сұрақтар қоямын

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Бүгінгі біздің ӛтетін сабағымыз осыған дейін ӛтілген
шешендік сӛздерді қаншалықты меңгергенімізді анықтауға
бағытталмақ. Яғни саяхат сабағын ӛткіземіз. Шешендік сӛздер
қашанда халықтың қажетті мұрасы болып табылған. Сонымен
бірге олар-тәрбие құралы. Қазақ халқы қандай ауыр жағдайда
ӛмір сүрмесін, ӛзінің би-шешендерінің сӛзін жадында сақтап,
жаттап айта жүруді, одан үлгі-ӛнеге алуды тоқтатқан емес.
Шешендер, билер әрқашан шындықты айтып, аз сӛзге аз мағына
сыйғызып, халықтың рухани қажетін ӛтеп отырған. Шешендіктің
негізгі мақсаты – адамдарды иландыру, айтқысы келген нәрсені
нақ айтып сендіру. Шешендердің сӛз тапқыш, сезімтал, суырып
салма ақын сияқты әр түрлі қасиеттері болған. Олар жалпы ӛмір


Page 16


16

туралы, ел қорғау туралы хабардар етіп отырды. Олар: Әйтеке би,
Тӛле би, Қазыбек би, Саққұлақ шешен т.б. Сабақты осыған
дейінгі ӛткен шешендер ӛмірі, олардың шешендік сӛздері,тӛрелігі
туралы алған білімдерімізді қорытындылау мақсатында
ӛткізбекпіз. Саяхат сабағының ӛту ретін жақсы білеміз. (мұғалім
сыныпты үш ауылға бӛліп,үш бидің атын қояды) Әр ауылдан
тиісті сұрақтарға жақсы жауап беретін, берілген тапсырмаларды
жақсы орындаған оқушылар ғана келесі ауылға бара алады. Ол
үшін әрбір ауылдың алдындағы кеспе қағазды алып, сол
қағаздағы сұрақтарға жауап бересіздер.
Бірінші ауылымыз-Тӛле бидің ауылы. Мына кеспедегі сұрақтарға
жауап беріңіздер.
1. Тӛле би кім?
Қазақ шешендік ӛнерінің тарихынан ерекше орын алатын би
– Тӛле би Әлібекҧлы 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысына
қарайтын Шу ӛзенінің бойындағы Жайсаң жайлау деген жерде
дүниеге келіп, 1756 жылы дүние салған. Әз Тәуке ханның «Жеті
жарғы» заңдар жинағын жасауға қатысқан, «Билер
кеңесінің» мүшесі болған. Тӛле биді әділдігіне, парасат-
тылығына қарап «Қарлығаш әулие», «Қарлығаш би» деп
атаған. Тӛле биден қалған кӛптеген нақыл, ӛсиет, шешендік
сӛздер, толғаулар бар
2. Тӛле бидің қандай толғау, шешендік сӛздері бар?
1-оқушы: Ұл ӛссе ұрпақ,
Қыз ӛссе ӛріс.
2-оқушы: Үй сыртында тӛбең болса,
Ерттеулі тұрған атың ғой.
Ел ішінде қарияң болса,
Жазулы тұрған хатың ғой.
Мұғалім: -Ия,балалар, біз сонымен Тӛле би ауылынан жақсы
ӛттік. Енді біздің келесі ауылымыз - Әйтеке би ауылы.
1. Әйтеке би жайлы не білесіңдер?
Қазақ халқының әйгілі де айбарлы билерінің бірі Әйтеке
Бәйбекҧлы 1644 – 1700 жылдары ӛмір сүрген. Әйтеке деген
есіммен ел арасына танымал болған бидің шын аты –
Айтық. Әйтеке би Тәуке ханның тұсында ӛмір сүріп, қазақ
жұртының бір орталыққа бағынып, іргелі ел болуына ісімен де
сӛзімен де зор үлес қосқан. Әйтекенің ел мҥддесін кӛздеп
сӛйлейтін, халықтың қамын ойлайтын ерекше қасиеті


Page 17


17

«Қасқакӛл дауында» жан-жақты танылады. Оның дәлелі –
Орманбет биге айтқан: «Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін,
батыр болсаң, жауға найзаң тисін. Бай болып елге пайдаң
тимесе, батыр болып жауға найзаң тимесе, елден бөтен үйің
күйсін» деген сӛздері.
2. Әйтеке бидің қандай толғаулары бар?
1-оқушы: Қысқаша Әйтеке туралы мәлімет береді.
2-оқушы: Бай болса халқыңа пайдаң тисін,
Батыр болсаң жауға найзаң тисін.
Бай болып еш пайдаң тимесе,
Батыр болып жауға найзаң тимесе.
3. Сұрақ Әйтеке бидің нақыл сӛздерінен нені аңғардыңдар?
Осылайша 3,4,5 сұрақтарға жауап береді. Мұғалім:-Біз, балалар,
Әйтеке бидің де ауылында болып қайттық. Ендігі біздің үшінші
ауылымыз Қазыбек би ауылы.
Қазақ халқының айтулы кемеңгер билерінің бірі – Қаз
дауысты Қазыбек би Сырдария жағалауында дүниеге келіп,
жастық шағын Қаратау, Ұлытау атырабында ӛткізген. Қазыбектің
әкесі Келдібек те кезінде елді аузына қаратқан би болыпты.
Қазыбек есімі «Ақтабан шҧбырынды, Алқакӛл
сҧлама» атанған Жоңғар басқыншылығына қарсы күрес
жылдары екі елдің арасын бітістіруші батыл елші, парасатты
мәмілегер ретінде әйгілі болған. Қалмақ ханына елшілікке
барғанда жасқанбай ӛз ойын жалынды сӛздермен бұршақтай
жаудырып, мірдің оғындай ӛткір сӛздерімен жоңғар ханының
аузын аштырмай тұтқындағы ұл-қыздарды босатып алады.
Қалмақ ханы Қазыбектің саңқылдағын даусына орай «Қаз
дауысты Қазыбек» деген ат береді.
Қаз дауысты Қазыбек бидің толғаулары, нақыл сӛздері,
ӛмірдегі сыйластық, татулық, қадір -қасиет, адамдар
арасындағы қарым-қатынастарға арналған. Мысалы, «Кім
жақын, не қымбат, не қиын?» деген сұраққа Қазыбек би аса
тапқырлықпен былай жауап берген екен:
(Оқушылар кеспе қағаздарды ретімен алып ондағы сұрақтарға
жауап береді.)
-Ал, енді үш ауыл әңгіме жарысына түсеміз. Ӛзіміздің
қаншалықты шешен,білгір екенімізді кӛрсетеміз. Үш ауылға
берілетін әңгіменің тақырыптары:
1. «Ана тілім» 2. «Туған жерім» 3. «Халқым»


Page 18


18

Соңынан әңгімелеріңді оқисыңдар,одан кейін бағалаймыз.
Мақалдар жарысы: «Жасырынған мақал» ойыны
«Жақсы сӛз жан семіртер» ...
«Досы кӛппен сыйлас» ...
«Отпен ойнама» ....
«Ер туған жеріне...» (әр ауылға 3-4 мақалдан беріледі.)
Білімді бекіту:
а) «Жиренше шешен», «Тӛле би», «Қазыбек би», «Әйтеке би»
шешендік сӛздерін мәнерлеп рӛлге бӛліп оқу.

ҚАЗЫБЕК ПЕН БҦХАР

Бұқар жыраудың ӛте қартайған кезінде кӛңілін сұрамақ
болып Қаздауысты Қазыбек би келеді.
Тӛсекте жатқан Бұқар жырау:
- Бірден онға дейін санның мағнасын маған ешкім айтып бере
алмады, Қазыбек, сен айтып берші,- деген екен.
Сонда Қазыбектің берген жауабы:
Бір дегеніңіз - бірлігі кеткен ел жаман.
Екі дегеніңіз - егесіп ӛткен ер жаман.
Үш дегеніңіз - үш бұтақты шідерден шошыған ат жаман.
Тӛрт дегеніңіз - тӛсекке шыға алмаған кәрілік жаман.
Бес дегеніңіз - білікті адамнан белгілі бала тумаған жаман.
Алты дегеніңіз - аймағын билей алмаған адам жаман.
Жеті дегеніңіз - жетем деген мақсатына жете алмаған жаман
Сегіз дегеніңіз - серкесіз бастаған қой жаман.
Тоғыз дегеніңіз - толғанғаныңыз.
Он дегеніңіз - ӛткеніңіз, о дүниеге жеткеніңіз.

ә) Жиренше шешеннің жауабын талдау.

Ағын судың ӛлгені -
Алты ай қыста қатқаны.
Асқар таудың ӛлгені -
Басын бұлттың жапқаны.
Ай мен күннің ӛлгені -
Еңкейіп барып батқаны.
Қара жердің ӛлгені -
Қар астында жатқаны.


Page 19


19

Ажал деген атқан оқ,
Бір алланың қақпаны.
Дүниеде не ӛлмейді?
Жақсының аты ӛлмейді.
Ғалымның хаты ӛлмейді.
Қазыбек бидің толғауы
Ӛркенім ӛссін десең,
Кекшіл болма -
Кесапаты тиер еліңе.
Елім ӛссін десең,
Ӛршіл болма -
Ӛскеніңді ӛшірерсің.
Басына іс түскен пақырға
Қастық қылма -
Қайғысы кӛшер басыңа.
Жанашыры жоқ жарлыға
Жәрдемші бол асыға,
Қиын - қыстау күндерде
Ӛзі келер қасыңа.
Бүгін сағы сынды деп,
Жақыныңды басынба!
Әйтеке би
Суалмайтын суат жоқ
Тартылмайтын бұлақ жоқ,
Құйрығы суда тұрса да,
Уақытысы жеткенде
Құрамайтын құрақ жоқ.
Дүние деген фәни бұл,
Баласы жоқта мият жоқ.
Бәрінен де қиын сол екен,
Артында жанған шырақ жоқ…

ЖАҚЫНЫҢ ҤШІН ЖАҚСЫНЫҢ ЖАҒАСЫНАН
АЛМА (Тӛле шешен айтты деген сӛз)

Шақшақұлы Жәнібек батыр Тӛле биге: «Түзу мылтық, ұш-
қыр құс, жүйрік ит, мақтаншақ жігіт, ұрыншақ ат - бесеуін жиып
қойдым. Боз бала болып ерлік қылайын ба? Үлгі алып, билік
құрайын ба? Елінде кәрің болса - жазулы тұрған хатың. Жайлаған


Page 20


20

кӛліңнің алдында тӛбе болса - ерттеулі тұрған атың деуші еді,
ақыл сұрайын деп келдім», - дейді.
Сонда Тӛле шешен:

- Менен ақыл сұрасаң
Ӛгізге ер салма,
Қанатың талар.
Наданға кӛзіңді салма,
Сағың сынар.
Досыңа ӛтірік айтпа,
Сенімің кетер,
Дұшпаныңа шыңыңды айтпа,
Түбіңе жетер.
Әйтеке би ӛзінің шешендік сӛздері арқылы ӛмірдің ӛтпелі
екендігін баса кӛрсеткен. Мысалы,

Суалмайтын суат жоқ,
Тартылмайтын бұлақ жоқ.
Құйрығы суда тұрса да
Қурамайтын құрақ жоқ.
Дүние деген фәни бұл
Баласы жоқта мият жоқ.
Бәрінен қиын сол екен
Артында қалған шырақ жоқ!

Сондай-ақ Әйтеке би сӛздері адамгершілік ұғымын насихаттауға
да арналған:

Ашу деген – ағын су
Алдын ашсаң арқырар.
Ақыл деген – дария
Алдын тоссаң тоқырар.
Кісі бірге туыспау керек.
Туысқан соң сӛз қуыспау керек.
Сӛз қуған пәлеге жолығады,
Жол қуған олжаға жолығады.

Би-шешендердің нақыл сӛздерін оқыту, мазмұндау, әділ баға бере
білуге даярлау.


Page 21


21

Мінеки,балалар, біз бүгін шешендік сӛз ӛнеріне саяхат жасай
отырып,шешендік сӛздер туралы ойымызды дамыттық. Үлкенді
сыйлауды,кішіге, қамқор болуды, кішіпейілділікке үйрендік.
Ерлікке,бірлікке шақырған осындай халықтың кӛңіліне ұнаған,
жадында сақталған сӛзі мәңгі ӛмір сүретіні с ӛзсіз
Оқушылырдың жауаптарына, сабаққа белсене қатысып
отырғандарына қарай білімдері мадақталынады.

Сабақтың тақырыбы: Хан Абылай.Мҧзафар Әлімбаев
Мақсаты: 1. Оқушыларға Абылай хан туралы түсінік беру.
Қазақ батырларының ерлігі туралы мағлұмат беру. Ӛлеңдегі
негізгі ойды анықтай білуге, ойын жүйелі түрде баяндай білуге
үйрету.
2.Ӛлеңді мәнерлеп оқуға баулу. Оқушылардың логикалық ойлау,
сӛйлеу дағдысын жетілдіру. 3. Ел намысын қорғайтын азамат
болуға тәрбиелеу.
Кӛрнекілігі: Қазақ батырлары, қару - жарақ суреті, интерактивті
тақта.

Сабақтың тҥрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, ойын.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық кӛңіл - күй.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Сабаққа қатысты құрал -
жабдықтарын даярлату.

ІІ. Оқушыларды жаңа тараумен таныстыру. Ата-баба тарихы

ІІІ. Жаңа сабақ.
Ой шақыру:.
- Батыр деп кімдерді атаймыз?
Ерлік жасаған, елін, жерін сыртқы жаудан қорғаған ер жүрек
батырларды айтамыз. Қабанбай, Бӛгенбай, Наурызбай, Алпамыс,
Қобыланды, Амангелді, Исатай, Махамбет деген кӛптеген


Page 22


22

батырларымыз бар.
Ендеше балалар, бүгін біз қазақ батыр Абылай ханмен
танысамыз.

Ахмет Иассауи кесенесінде жерленген

1711 жылы туған Сабалақ

Қоғам қайраткері Абылайхан Әділ хан

Ержүрек, сарбаз Тәсілгер


Еш теңдесі жоқ хан 1781 жылы дүние салды

Түртіп алу стратегиясы бойынша:

Білемін Мен ҥшін жаңа Білгім келеді
Әбілмансұр
Сабалақ
Абылайхан




ержүрек сарбаз,
батыл қолбасшы,
әділ хан,
Шарышты ӛлтірген,
Ахмет Иассауи
кесенесінде
жерленген
Абылайхан
ұрпақтары жӛнінде

Абылай қазақ халқының ханы болған. Абылай ханның шын
аты Әбілмансұр. Абылай 1711 жылы дүниеге келген. Абылай
ханның әкесінің аты Уәли. Түркістанда билік жүргізген. Абылай
хан жоңғарлармен, қалмақтармен шайқасқан. Тӛле, Қазыбек,
Әйтеке билердің ақылына жүгінген.

Үш бидің басын біріктірген кім?
- Абылай хан
1. Абылай хан туралы фильм кӛрсету.
Үш жүздің басын қосқан Абылай хан – Қабанбай, Бӛгенбай,
Наурызбай батырлардың ерлігіне сүйенген. Қазақ батырлары
атты ӛлеңді жазған Бұқар Жырау атамыз Абылай ханның
кеңесшісі, ақылшысы болған.


Page 23


23

Бұқар Жырау ӛлеңін мәнерлеп оқу.
Хан Абылай атандың,
Алтын тақтың үстінде,
Үш жүздің басын құрадың.
Жетім менен жесірге
Ешбір жаман қылмадың.
Әділдікпен жүрдіңіз,
Әдепті іске кірдіңіз,
Арманың бар ма, хош ием
(Бұхар жырау)

Мҧзафар Әлімбаевтың «Хан Абылай» ӛлеңімен танысамыз.

Жастай батыр атанды,
Айбары асқан алыстан.
Хан Абылай қаhарлы-
Дара кӛсем данышпан.
Кешіп түпсіз азапты,
Түршікпеген тірлікте.
Басын қосып қазақтың,
Елді бастап бірлікке.
Хан Абылай,Абылай!
Тӛбесіне ел кӛтерген
Жалауындай Абылай!

ІV. Сергіту сәті.
Мақал - мәтел жарысы:
Батыр бір рет ӛледі,
Қорқақ мың рет ӛледі.
Батыр туса – ел ырысы,
Жаңбыр жауса – жер ырысы.
Шешен сӛз бастар,
Батыр қол бастар.
Батыр майданда шынығады,
Болат қайнауда шынығады.

V. Ой толғаныс.
Ер қаруы – бес қару.
Қандай қаруларды қолданған?


Page 24


24

Батырларымыз елді жаудан қорғағанда мына
қаруларды қолданған. Садақ, найза, қылыш, айбалта,
шоқпар. Ер азаматтың – бес қаруы сақадай сай
болған.

V. Сандықтағы қҧпия сӛзді оқу.

Даналық сӛз. (Қазыбек би)
- Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай,
жай жатқан елміз. Елімізден қҧт – береке қашпасын деп,
жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға ҥкі таққан
елміз.Ешбір дҧшпан басынбаған елміз, басымыздан сӛзді
асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм- тҧзды
ақтай білген елміз, асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай
білген елміз.

«Хан Абылай» ӛлеңін мәнерлеп жаттау
Оқушыларды мадақтау.

Сабақтың тақырыбы: Әбу Сәрсенбаев «Сен құрметте оны»
ӛлеңі.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Әбу Сәрсенбаевтың «Сен
құрметте оны»ӛлеңімен таныстыру. Ұлы Отан соғысы кезіндегі
батырлардың ерлігін дәріптеуге, құрметтеуге тәрбиелеу
Кӛрнекіліктері: батырлардың суреттері (Әлия, Мәншүк,
Бауыржан Момышұлының портреттері, жергілікті Ұлы Отан
соғысына қатысқан ардагерлердің суреттері
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, әңгімелеу.
Сабақтың барысы:
Қызығушылығын ояту
Ел несі? боламыз (қорғаны)
Қандай? боп ӛсеміз. (ержүрек)
Қолға не? аламыз (қару)
Кімнің? жолын кесеміз. (жаудың)
-Бұл ӛлең не туралы?
Мағынаны тану
1. Қазақ халқының қандай батырларын білесіңдер?
2. 1941 - 1945 жылдары қандай оқиға болып ӛткен?
3. Ұлы Отан соғысына қатысқан қандай қаһармандарын


Page 25


25

білесіңдер?
Тақтада Қадыр Мырзалиевтің ӛлең жолдарынан үзінді жазулы,
оны мәнерлеп оқып, мүгедек, аяғы жоқ атаның суретін кӛрсету.
Соғыстың құны - кесілген білек
Соғыстың құны - тесілген жүрек
Соғыстың құны - лаулаған орман
Соғыстың құны - уланған арман
Соғыстың құны - ӛртенген аспан
Соғыстың құны - тӛгілген жас қан....
Сендердің үйлеріңде соғысқа қатысқан адамдар бар ма?
Ондай адамдарды кӛрген кезде сендерді қандай сезім билейді?
Бар болса, сендер ол адамдарға қандай кӛмек кӛрсетер едіңдер?
Оқушыларға Әбу Сәрсенбаевтың «Сен құрметте оны» ӛлеңін
мәнерлеп оқытып, мазмұнына және құрылысына қарай талдату.

Сен қҧрметте оны

Сен құрметте оны!
Түсіндін, бе, қарағым?
Ол ақшаға сатқан жоқ,
Тізеден кесіп аяғын.
Еріккеннен ұстап та жүрген жоқ,
Қолтықтағы ұзын таяғын.
Кеше елге қатер тӛнгенде
Ол жауға қарсы шапты,
Бізді жалмамақ болға нажалды
Ӛр кеудесімен қақты.
Ол арыстанша алысты,
Ӛлім соққысын ӛз үлесіне алды.
Денесін оқ пәршелесе де
Ел намысын қорғап қалды.
Сен құрметте оны!
Түсіндіңбе, қарағым?
Сенің келешегің үшін берді ол
Азаттық, жолында аяғын!

Ой толғаныс
-«Біз бейбітшілікті қолдаймыз» стендісін жасақтау (стикермен)
«Әрқашан күн сӛнбесін» әнін шырқау


Page 26


26


4-сыныпқа арналған сабақ ҥлгілері

Сабақтың тақырыбы: Ӛгіз бен бақа. А.Байтұрсынов.
Сабақтың мақсаты: білімділігі: А. Байтұрсынұлының ӛмірі мен
шығармашылығын таныстыру. Мысалдың мазмұнын меңгерте
отырып, идеясын ашу. Мәнерлеп жатқа айтуды меңгерту.
Дамытушылығы: Оқушыларды ӛз ойын ашық айтуға, еркін
сӛйлеуге, мәнерлеп оқуға дағдыландыру. Танымдық қабілетін
дамыту, ӛзіндік ой-пікірін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Жас ұрпақты жаман әдеттен жирендіру, білімділікке,
адамгершілікке, мәдениеттілікке баули отырып, кӛрсеқызарлық,
күншілдік сияқты жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Сабақтың тҥрі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: баяндау, мысалды талдау, мәнерлеп оқу, Венн
диаграммасы, инсценировка.
Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту сабағы.
Сабақтың кӛрнекілігі: А.Байтұрсынов, А.Құнанбаев, И.А.Крылов
портреттері, «Ӛгіз бен Бақа» мысалы негізінде иллюстрациялық
сурет, слайдтар.
Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу, дүниетану
Сабақтың барысы:
Қызығушылығын ояту. Адам бойындағы жағымсыз қылықтарды
жазып, тақтаға жапсыру.
Еріншек, қызғаншақтық, мақтану, ӛтірік айту т.б. (Әр қайсысына
тоқталу)
Бүгінгі сабақта біз Ахмет Байтұрсынұлының «Ӛгіз бен бақа»
мысалымен танысамыз. А.Байтұрсынұлы ақын, ғалым, ағартушы,
қоғам қайраткері, аудармашы.


Page 27


27


1. «Ӛгіз бен Бақаны» мұғалімнің оқуы.
2. Оқушыларға мәнерлетіп оқыту.

Ӛгіз бен бақа
Байтурсынов Ахмет

Бір Ӛгіз айдын шалқар кӛлге келді,
Жағалап суаты бар жерге келді.
Шілденің сарша тамыз ыстық кезі,
Бек қатты қаны қашып шӛлдеп еді.
Су ішіп, кӛлдің шықты жағасына,
Мал еді кӛз тоятын қарасына.
Артықша бір кӛлбақа күншіл екен
Сол кӛлдің бақасының арасында.
Ӛгізді суға тойған Бақа кӛрді,
Секіріп кӛршісіне жетіп келді.
«Боламын мен де сонау Ӛгіздей», - деп,
Жел тартып, ісіп-кеуіп, қарнын керді.


Page 28


28

Сұрады жолдасынан: «Толдым ба? - деп,
-Ӛгіздей анау тұрған болдым ба?» - деп.
Ӛгіз бен екеуіне қарап тұрып,
Жолдасы жауап берді сондай бүй деп:
«Ӛгіздей болу саған қайда, шырақ,
Араңыз екеуіңіздің тым-ақ жырақ.
Онымен бірдей болып толмақ түгіл,
Қалпыңнан асқан жоқсың артығырақ».
«Қарашы, енді қандай болдым?» - деді, -
Міне, мен жаңа әбден толдым», - деді.
Жолдасы тағы қарап денесіне:
«Қалпында қараң менен формың», - деді.
Дүниеде мұнан күншіл кем-ді Бақа,
Зорланды қарнын керіп енді Бақа.
Шыдамай жұқа қарын керуіне,
Жарылып сол арада ӛлді Бақа.
Күнәсі күндегеннің жаман қатты,
Күндеме біреуге Алла берген бақты.
Ӛгізді күндеп, сондай боламын деп,
Кӛлбақа онан қанша пайда тапты?!
Әуелде Құдай ӛлшеп берген дене,
Қаншама зорлағанмен артылмапты.
Нақыл сӛз «Әлін білмес әлек» деген
Осындай әуре болған жаннан қапты.

Оқытып болғаннан кейін сұрақтар қою арқылы түсінігін айтқызу.
1. Мысалда қандай мінезді адамдар сыналады?
2. Бақаны әлекке салған қандай сезім?
3. Қызғаныш пен ерегіске, күншілдікке бой алдырған Бақа
қандай күйге душар болды?
Осы сұрақтарға жауап алғаннан кейін компазияциялық
құрылымын талдау.
*Кейіпкер мінезін ашу
*Ой-тұжырым жасату
*Тілі мен суреттеу тәсілін тапқызу
*Мысал ӛлеңнің тақырыбы мен идеясын тапқызу
*Ақынның ӛлең жолын оқытта отырып, оқушылардың ӛз
ойын айтқызу.


Page 29


29

Қорытындылау. Оқушыларды мадақтау.
А. Байтұрсынұлының ӛмірі мен шығармаларын оқу. «Ӛгіз бен
Бақаны» жаттау

№ Компози
циялық
элементтер
Композиция
лық жоспар
Ой-пікір
мінездеме
Ой-тҧжы-
рым, Ма-
қал-мәтел,
нақылдар
Тілі Суреттеу
тәсілі
1 Оқиғанның
басталуы
Ӛгіздің
кӛлге келуі
Эпи
тет

2 Байланысы Бақанның
Ӛгізді
күндеуі
Күншіл,
іштар
Күншілдің
ӛлімі таяу
Монолог
3 Дамуы Мақтаншақ
Бақаның
Жолдасы
мен
пікірлесуі
Қызған
шақ
Қызғаншақ
ты
Қарақшы
ұрады
Теңеу Диалог
4 Шиеленісуі Бақаның
Ӛгіз сияқты
болуға
тырысуы
Мақтан
шақ
Ойы таяз
Ғылым
таппай
мақтанба
Теңеу
5 Шарықтау
шегі
Бақаның
ісіп-
қабынуы
Кӛрсеқы
зар
Азап шек-
кің келмесе
кӛрсе қызар
болса
Теңеу
6 Оқиғаның
шешімі
Бақаның
Жарылып
ӛлуі
Әлін
білмейтін
Әлін
білмеген
әлек

7 Автордың
Түйінді сӛзі
«Таласпа
жаным-ай.
Қолыңнан
келмеске.
Боларсың
бақадай,
Кӛп түссең
егеске»

8 Идеясы Күншіліктен
қызғаншақ
тықтан,
кӛрсеқызарл
ықтан
Аулақ болу


Page 30


30

Сабақтың тақырыбы: Шарадалар

Сабақтың мақсаты:а) білімділігі Сӛзжұмбақ, ребустар арқылы
оқушылардың тілін, дүниетанымын қалыптастыр. Топтық
жұмыстар арқылы дамыту.
б) тәрбиелілігі: Ұқыптылыққа, мәдениеттілікке, тазалыққа
тәрбиелеу.
В) дамытушылық: сӛздік қорларын, тіл байлығын, қисынды
ойлау қабілеттерін дамыту, Оқыған кезде дауыс ырғағын дұрыс
келтіруге баулу.
Кӛрнекілігі: кестелер, шараданың шешуінің суреттері,
сӛзжұмбақ.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бӛлімі: амандасу, сыныпты
түгендеу
Жаңа сабақ: Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын сол
жұмбақтардың шешуі арқылы, сӛзжұмбақ шешеміз.

1.Аяғыма байладым,
Қос таяқпен айдадым. (шаңғы)
2.Кӛктемде ақ гүлге оранады,
Күзде қолға доп боп оралады. (алма)
3.Үріп алып ойнауға болады,
Жинап алып, байлауға болады. (шар)
4.Ең ардақты жан. (ана)
5.Ақылгӛй сӛзіне синонимдес сӛз.(Дана)
6.Қалың майдан маймаңдап,
Қар астында қалған қап.
Кӛп ортайып кӛктемде,
Тұрды орнынан айқайлап. (аю)

Мағынаны тану.

Шарада дегеніміз сӛзжұмбақ, жұмбақ сӛздің әр бӛлігіне
ӛзінше мағына беріп, әр бӛлікті қосып оқығанда сӛздің негізгі
мағынасы шығады. Әдемі тұспалдап айтылған әр бӛліктің
мағынасына қарап табу қажет.
Шарадаларды кӛбінесе балалардың ой -ӛрісін дамыту
мақсатында ақындар кӛптеп құрастыр ады екен. мыс:
М.Әлімбаев, Ӛ.Тұрманжанов, Ӛ.Ақыпбекұлы т.б.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
22.00.2018
4649
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі