400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Бастауыш ұстазы үлгі сабак жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш ұстазы үлгі сабак жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түркістан облысының білім басқармасының

«№2 арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Логопед мұғалім: Агабекова Алия Сайлаукызы

Логопат: Пердебек Назарбек, 3 сынып

Диагнозы: Ринолалия


Тақырыбы: «М» дыбысын машықтандыру.

Лексикалық тақырыбы: Көлік түрлері.

Мақсаты: «М» дыбысы туралы түсінігін кеңейту, артикуляциялық қалпын еске алу, «М» дыбысын буында, сөзде, сөз тіркесінде, сөйлемде д дұрыс айтуға үйрету. «М» дыбысын «Көлік түрлерімен» байланыстыра отырып машықтандыру. Түзетушілік: Фонематикалық есту қабілетін, ұсақ қол моторикасын, кеңістікте бағдарлауын, есте сақтауын, көріп қабылдауын, ойлауын дамыту. Оқушының сөздік қорын молайту. Байланыстырып сөйлеуін дамыту.

  1. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, таныстыру

Көтеріңкі көңіл күймен

Бастайық біздер сабақты

Пайдаменен өткізейік

Бөлінген бізге сағатты.

  1. Самомассаж

  2. Тыныс алу жаттығуы (схема бойынша)

  3. Таңдай мен жұтқыншақ сақина

белсенділігін активтендіру жаттығулары

1. Баланың басын алға иіп, 2-3 рет түкірігін жұтқызу немесе жұтыну.

2. Сағыз шайнағандай қимыл көрсету.

3. Баланың басын кері шалқайта бергенде ауызбен дем алдырып, басын кері орнына келтірерде ауызбен дем шығару керек.

4. Таңдай шаю.

5. Сұйық тағамдарды тілмен жалау.

6. Тілді астыңғы ерінге қойып, жиі-жиі ауызбен дем алу.

7. Есінеу.

8. Жөтелу.

5.Тіл жаттығулары

Сағат тіс тазалау алтыбақан

6.Слайд бойынша көліктердің суреттерін көрсетіп, жаңа сабақтың тақырыбын ашу.

- Суреттегі заттарды бір сөзбен ата.

- Көліктер

7. Біз көбінде жерде жүргендіктен ең бастысы жолда ережелер бұзылмас үшін не керек?

Бағдаршам

Бағдаршам сөзінде М дыбысы бар ма, және сөздің қай жеріеде кездеседі?

М дыбысының профилімен танысу.Слайд.

Бағдаршам дегенде ең бірінші ойына не келеді?

8.1 тапсырма:

«М» дыбысын буында айтқызу.

«Бағдаршам» ойыны

Мақсаты: буындар қатарын түстер арқылы айтқызу.

Қызыл түсте – Ма

Сары түсте - Му

Жасыл түсте - Мо деп айтқызу

9.2-тапсырма: Поездың дыбысы.

- Ненің дыбысы?

«М» дыбысын сөзде айтқызу.

«Вагон» ойыны

Мақсаты: Шашыраған буындардан сөз құрау. Құралған сөздердің көпше түрін айтқызу.

Ма-та Мыл-тық

Ма-са Мақ-пал

Мақ-та Мы-сық

10. 3-тапсырма

Кескіндерден кеменің суретін жинау.

Саусаққа арналған жаттығу

Теңіз, өзен, көлдеде,

Кеме жүзіп келеді.

Зякірін ол тастаса,

Бірден тоқтай кетеді.

11. 4-тапсырма

Суреттердің арасынан «м» дыбысы бар сөздерді табу. «М» дыбысын сөздерде дұрыс айтқызып, сөздерге сұрақ қоя отырып сөз тіркесін жаздыру.

  1. Мотор Қандай мықты

  2. Камаз қандай үлкен

  3. Мотоцикл қандай жүйрік

  4. Аялдама қандай қауіпсіз

  5. Бағдаршам қандай түрлі-түсті

  6. Зымыран қандай жылдам

12. Сергіту сәті: қимыл, іс-әрекетімен көрсету

Жүк көлігін айдаймыз вум-вум-вум

Қайық болып жүземіз қане, қане, қане.

Ұшақ болып ұшайық бәріміз

Поезд болып жүрейік тізілеміз біз

13.5-тапсырма

«М»дыбысын сөйлемде дұрыс айтқызу. «Әуе шары»

Кеңістікті бағдарлау: Сызықтар арқылы «оң жақ, сол жақ» бұрыла отырып қорапшаға жету.

Ұсақ моторика: Қорапшаның жіптерін шешу.

Қораптың ішінен Әуе шары ұшып шығады.

Қораптың ішінде тағы не бар екен?

Хатты дұрыс оқу.

Сәлем Ернұр.

Менің атым Аман. Жасым сегізде. Мен үшінші сыныпта оқимын. Маған әуе шарлары өте қатты ұнайды. Болашақта әуе шарларын басқаруды армандаймын. Ал сенің арманың қандай?

14. Қорытынды

М дыбысы қандай дыбыс?

Көлік түрлерін ата, және ажырат?

Бағдаршам не үшін керек?

15. Үй жұмысы

Метро туралы ақпарат жинап келу.

16. Бағалау

Бағдаршам әдісімен, баланы өзін-өзі бағалату.










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
68
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі