«Бір белестен өттіңдер» бастауышпен қоштасу ертеңгілігі.
Мақсаты: 4-жыл бойы алған білім, біліктерін, ой-өрістерінің жемістерін,өнерлерін ортаға сала бастауыш сыныппен, алғашқы ұстаздарымен қоштаса отырып ,жоғарғы сынып мұғалімдеріне , ата-анасына әр оқушының өзіндік ерекшелігін таныту, сәт-сапар тілеп табыстау. Мектепті, білім ордасын, ұстаздарын құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Слайд « Бір белестен өттіңдер...», Оқушылар өмірінен түсірілген фото-суреттер,шарлар, гүлдер, әртүрлі деңгейлі дипломдар, мадақтама қағаздар,нақыл сөздер.
МҰҒАЛІМ: Қош келіпсіздер, құрметті ата-аналар, қымбатты әріптестер, қадірлі қонақтар!
Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол осыдан 4-жыл бұрын мектеп табалдырығын қымсына, жүрексіне аттаған балаларыңыз оқып-білім алып, ақыл-ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра біліп, қанаттары қатайып, бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.
Білім деген қауыздан гүл ашылған,
Оған керек таусылмайтын көп шыдам.
Бар білімнің, бар ілімнің атасы,
Бастау алар бастауыш сатысынан.
Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,
Жол табар қараңғыда адасқанда,
Мал озбас, біле білсең білім озар,
Ақыры керек болар адасқанда.
Білім бар білім десең баста піскен,
Қолда оқулық тасқа түскен.
Қоштасайық енді біз бастауышпен.
Толқимыз ,толқып тұрмыз баршамызда,
Мұндай күй болған сірә қаншамызда?
Қол соғып қошеметпен қарсы алайық,
4 «Б» сынып оқушыларын.
Расул:
Нұрсұлтан сен білесіңбе? Бүгін біз мына жерге не үшін жасыл түсті киіммен келдік?
Нұрсұлтан:
Себебі біз келер жылы яғни 5 сыныпта біз Жас ұлан ұйымына қабылданамыз. Және де биыл біздің елордамыз Астана қаласында Экспо-2017 Халықаралық көрме өтеді. Онда символ ретонды жасыл түс алынған.
Расул: Кеше ғана біз кіп- кішкентай бүлдіршіндер едік, биыл тауық жылы біз 4 жылды артқа тастап бастауыш сыныппен қоштасқалы тұрмыз.
Ондай болса бастайық.
Екеуі бірге: Сәлеметсіздер ме? Здравствуйте!
2-жүргізуші: Расул
Армысыңдар,аяулы да асыл жанды ата-аналарым! Аяулы да ,қымбатты ұстаздарым!
1-жүргізуші: Нұрсұлтан
Здравствуйте, дорогие учителя, мамы и папы! Здравствуйте, дорогие гости!
2-жүргізуші.Расул
Бір белестен өттіңдер! атты бастауышпен қоштасу мерекесіне қош келіпсіздер!
1-жүргізуші. Нұрсұлтан
А вот и мы.
Добрый день, дорогие друзья.
Хотим представить мы себя.
Четвероклашки нас зовут.
И мы нужны то там, то тут.
Расул
Экспо 2017 — Қазақстанның елордасы Астана қаласында Халықаралық көрмелер бюросымен (ХКБ) ұйымдастырылатын Халықаралық көрме. Көрме 2017 жылдың 10 маусым мен 10 қыркүйек дейін аралығында өтеді. Ұйымдастырушылармен таңдалған тақырып Future Energy (Болашақ қуаты) болып табылады. Астана ұсынған көрменің тақырыбы «Болашақтың энергиясы» деп аталады, ол баламалы энергия көздеріне және «жасыл» технологияға арналған.
Нурсултан
Экспо-2017 Астана — планируемая специализированная международная выставка, признанная Бюро международных выставок , которая состоится в столице Казахстана городе Астана в 2017 году. Тема выставки «Энергия будущего». EXPO-2017 ожидает участия более 100 стран и международных организаций и 2-3 миллиона посетителей.
Бесіктегі баланың ,
Күлгенін көрген бір мұрат,
Алдына түсіп ананың ,
Жүргенін көрген бір мұрат-дегендей бұндай күнді көру бақыт деп ойлаймын. Сіздердің алдарыңызда тұрған мына біздер 4-ші сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болсақ бүгін міне, ес біліп етек жиған шәкіртпіз.
1-жүргізуші. Нұрсұлтан
Сегодня очень радостный день для всех нас. Мы собрались вместе в этом зале, чтобы в торжественной и дружеской обстановке попрощаться с начальной школой и достойно перейти в старшее звено.
Расул: Бұл күнге жайдан-жай келе салғанымыз жоқ, бүгінгі күні сіздердің алдарыңызда рахаттана еске алатын сәттеріміз де аз емес. Сол сәттерден үзінділерге назар аударсақ
Нұрсұлтан:
Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгін өскен ойымызға.
Қош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар,
Бастауышпен қоштасу тойымызға.
Анель:
Балашаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге бой түзеткен сымбатты,
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге
Армысыңдар, ұстаздарым қымбатты
Бексұлтан:
Армысыздар, әжелер мен аналар,
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар.
Аяла:
Армысыздар өр тұлғалы әкелер,
Қыран құстай балапанын мәпелер.
Бүгін міне бастауышпен қоштасады,
Азамат боп, кешегі сәби – еркелер.
Әліби:
Армысың сен, алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағым,
Мектебіме арналады бұл әнім.
Айым:
Мектеп маңы толыпты жарасымға,
Ізгілік те, мейірім бәрі осында.
Қанат қағып кешегі балапандар,
Ақыл, білім жетіліп санасында.
Мәди:
Мектеп үйім, ұстаздарым, ата-анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.
Саяң ыстық сен мәуелі бәйтерек,
Тамырланып сан тарапқа тараған.
Еркебулан:
Мектебім – білім берер алтын ұям,
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.
Байлыған 4 жыл бойы ата-анамдай,
Әрқашан қасиетті атың маған.
Арада өтсе дағы дүркіреп жыл,
Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.
Өзіңе борыштармын өмір бойы,
Есейген шәкірттердің серті деп біл.
Баян:
Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.
Аяжан:
Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға,
Мектеп деген даналардың мекені.
Жібек:
Алтын ұя мектебім аялаған,
Бар балаға білім беріп, сая болған.
Үлкен жолға түсіріп шәкірттерін,
Жаманға да, жақсыға да пана болған.
Рамазан:
Еркелігін көтеріп әр баланың,
Сусындатып білімнің тұнығынан.
Саған қарыз бар пенде ғаламдағы,
Нәр алып, ұшып шыққан қойыныңнан.
Бексұлтан \орысша\
Анель \ағылшын\
Айым \ағылшын\
Еркебулан \орысша\
Нұрсұлтан \ағылшын\
Әліби \Ағылшын\
Жібек орысша\
Расул \ағылшын\
Хор «Учат в школе»
1-жүргізуші:Біз нені үйрендік?
Бексұлтан: оқуды, жазуды, есеп шығаруды, ән айтып би билеуді.
Мади :Үлкенді сыйлауды, кішіге қамқор болуды, жерімізге, елімізге жақсылық жасауды.
Еркебулан: Халқымыздың салт- дәстүрін, әдет- ғұрпын үйрендік.
2- жүргізуші: Біз нені сүйеміз?
Хормен: ата- ананы, халқымызды, жақынымыз бен алысымызды, құрбы құрдастарымызды, табиғатты, ел байлығын, ұстаздарымызды, алтын ұя мектебімізді!
-
жүргізуші: Бізді болашаққа не бастайды?
Хормен: Ұстаздың көрсеткен жолы, ата- ананың ақылы, болашаққа деген берік сезім.
-
жүргізуші: Біз кім боламыз?
Хормен: адал азамат, ақылды ару, ғалым, елін сүйген ер, нағыз адам.
Қыздар әні «Мектебім, аяулы мектебім!»
Ұлдар «Қазақ биі»
Қыздар биі «Радуга»
Ұлдар әні: «Бала махаббат»
Би: «Мамбо»
Ұстаз туралы тақпақ \слайд\
Ұстаз еңбегі ұлы еңбек. Сондықтан ұлы ақын Абай атаның
Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға,
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға -деп айтуында терең ой жатыр.
-Олай болса келесі тамашалайтын бөліміміз «Ұстаз ұлағаты» деп аталатын бөлімге де жетті.
Еркебулан
Маған ұстаз үйретті,
Әліппесін өмірдің.
Жан жүйемді билетті,
Күйі шалқып көңілдің.
Қиялымды кездірді,
Таптым ойдың тұрағын,
Маған ұстаз сездірді,
Алдағы өмір шырағын.
Рамазан:
Басса бұрыс, жол сілтеп, қате дейсің,
Әр балаға сен ана әкедейсің.
Болашақтың көктеген жас шыбығын,
Бағбанындай аялап, мәпелейсің.
Нұрсұлтан
Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,
«А» әрпін алғаш сенен жаттадым.
Ұстаздарым естен кетпес мәңгілік,
Мейіріммен жылы шуақ шашқаның.
Аяла:
Мектебіміздің басшысы да тірегі,
Барлығы оны мейірбан деп біледі.
Әрқашанда басшы демей ол өзін,
Ортамызда кұлім қағып жүреді.
Көріп жүрсін ауыл-елің нұрыңды,
Өзіңізге бақыт тілеп өмірде.
Мұхтар аға, жан аға
Рахмет сізге деп айтқымыз келеді.
Анель:
Білімді шәкірттерін аялаған
Жақсылығын ешкімнен аямаған
Саялы бақ жанашыры жас ұрпақтың
Кенжегүл апай бұл мектепте ардақты адам
Жақын тарттың жаныңа
«Шәкіртім» деп қуанып
Сипадың да басымнан
Тест парағын ұсындың
Бақытымның осыдан
басталғанын түсіндім
Рамазан:
Түзеттіңіз тентекті,
Тұрғызбай-ақ бұрышқа,
Индира апай ізгі кішілікті,
Көріп жүрміз өзіңнен кісілікті,
Бойлаттыңыз терең ғылымның,
Алғысымыз сізге де шексіз мың
Ұрпақ қамын анасындай ойлайды,
Болашаққа жетелейді, толғайды.
Өркениетті адам болам десеңіз,
Шет тілін білсең артық болмайды.
Болғандықтан қолында шәкіртінің болашағы,
Серікқайша ұстазым үйретті ағылшынды
Көп жасаңыз өмірге шуақ болып,
Тұғырында тұрыңыз биік болып
Айым:
Ей, балалар, балалар,
Болмаңдар сірә нанға тар.
Өмірдің алтын арқауы,
Бар қасиет нанда бар.
Нан қиқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп
Биікке оны қойыңдар
Деп айтады ұстазым Гүлсара апай
Пейілі кең қазақтың даласындай.
Аяжан:
Күнде бестік алсаң сен,
Онда басқа жоө арман,
Ал оқымай барсаң сен
Бір тал шашы ағарған
Руханияттың нәрлісін
Үйрендік осы ұстаздан
Тағзым етіп алдыңа
Ғалия апай ұстазым деп бас иемін.
Жібек:
Біз шәкірт, біз Отанның болашағы
Сондықтан үйренеміз ағылшынды
Атағы асқар таудай биік болып,
Әсия ұстаз осы тілді бізге үйретеді.
Ұстаздың тыңдап дәрісін,
Қиялым көкке самғайды.
Лондоннан алып білімді
Хат жолдаймын сізге мен.
Нурсултан:
Сурет салып сыздырар
Өнерге ол үйретер
Қос қолынан бал тамған
Көрген жанды тамсандырған
Сиязбек аға ұстазым.
Көңіліңіз болсын шуақты,
Өміріңіз болсын бақыттың
Осы біз ізгі тілекті
Аяулы ұстаз қабыл ал.
Әліби:
Ұлылықтың мықтылығы ағашынан
Шебердің күштілігі сабасынан
Ұстаның ұста болып атануы,
Үйреткен, тәлім берген ұстазынан
Биік тұлға байсалды
Серікжан аға ұстазым,
Шеберлікті үйреттің
Болсын деп өмірлік азығың
Бексұлтан:
Шынығамыз жүгіріп, ойнаймыз көп
Тартыламыз турникке қуамыз доп
Барлық бала ол пәнді жақсы көреді,
«Барлығымыз спортшы боламыз» деп,
Рауан аға жүрегің кең данасың ғой.
Қамқор болған бізге баласындай
Бас иіп рахмет айтпақ сізге ұстаз
Барлығымыз сіз сияқты боламыз деп ант береміз.
Расул:
Анамдайсыз, менің асыл ұстазым
Өтті бізбен көктем, күзің, қыс, жазың
Жылдар бойы тәрбиелеп аялап,
Кем көрмеймін сізді асыл анамнан
Сіздей адам дүниеде көп болсын,
Балалардың бақыты үшін жаралған.
Маржан апай ұстазым, мектептегі жан анам
Тілегім бар сізге айтар,
Беріңізші ән-күйден
Келер жылы бестікте.
Керек бізге әлі де:
Мінезіңнің күн шуағы
Жүрегіңнің батылдығы
Сезіміңнің ақындығы
Адамдықтың алтындығы.
\Алғыс хат ұсыну\
Ән «Ұстаз Ана»
Би «Украина»
Ардақты ана , аяулы ана қымбаттым,
Сәбиіңді әлдилеумен үн қаттың.
Ақ сүтіңмен тал бойыма нәр бердің,
Кең құшағың аясында гүл бақтың,
Келесі бөліміміз «Ата – ана махаббаты» деп аталады.
\Слайд\
Ата- аналарға арналған қызықты сұрақтар:
-
Балаңыз нешінші жылы мектеп табалдырығын аттады?
-
Жыл күнтізбесі бойынша балаңыз қай жылы дүниеге келді?
-
Сыныбында неше ұл? неше қыз?
-
ЭКСПО- 2017 не ол?
-
Қай қалада өтеді?
-
Басталуына неше күн қалды?
-
Балаңыз партада қай баламен отырады?
-
Балаңыздың бойының ұзындығы қанша?
-
Биыл қандай жыл?
-
Сабақ нешеде басталып? нешеде аяқталады?
Ата-аналарға алғыс хат ұсыну.
Оқушылардың орындауында «Вальс» биі.
Флэшмоб
Хор «Бастауышқа »
Ыстық лебіздерін білдіруге сөз кезегі ата-аналарымыз бен , ұстаздарға беріледі.
Оқу ісінің меңгерушісі: Ешмуратова Кенжегүл Назарқызы.
Тәрбие ісінің меңгерушісі: Екимбаева Индира Нығметжанқызы.
Ата-ана:
\Музыка ойнап тұрады\
Қаз, қаз балам, қаз балам
Қадам бассаң мәз болам
Қадамыңа қарайын
Қолымды бұлғап алыстан
Тілекші боп қалайын.
Білем деме шәкіртім
Білмейтінің көп шығар,
Көп білуге ұмтылсаң
Көп нәрсені тоқисың
Білім керек шәкіртім
Іске жақсы қарарға
Ақыл керек шәкіртім
Алтын бесік Отанды
Алыс жаудан қорғауға
Ата-анаңды құрметте
Қуант оны әр кезде
Ондай жақсы баланы
Ақындар да мақтайды
Әнге қосып жырлайды.
«Ұ» дегенім- ұстаз ғой
Ұстаз деген дана ғой
Мектептегі анаң ғой.
Ұстаздарды құрметтеу
Шәкіртке міндет қой.
Осы айтқан тілегім
Сендерге салған сара жол
Сара жолдан сүрінбей
Сәбиімдей шәкіртім
Сендерге берген батам ғой.
Қорытынды: Осымен ертеңгілігіміз аяқталды. Келгендеріңізге көптен- көп рақмет. Қош сау болыңыздар!
«К.Кадыржанов атындағы Қызылқия жалпы білім беретін орта мектеп» КММ
«Бір белестен өттіңдер..»
\Бастауышпен қоштасу ертеңгілігі\
4 «Б» сынып
Муратбекова М.С.
2016-2017 оқу жылы.
Хор: «Ұстазым»
1-жүргізуші.Аружан.
Ақ сүт берген ақ жаулықты аналарды,
Қастерлейік әрқашан бабаларды,
Қадірлейік аталар мен даналарды,
Сыйлайық барлығымыз аналарды.
2-жүргізуші.Аяжан.
Апарып алғаш мектепке,
Оқытқан сен өзіңсің,
«Білгір бол деп айтатын»,
Ойымда әлгі сөзің шын,
Шашымды өрдің қолыңмен ,
Киімімді кигізіп,
Қуантасың мені әркез,
Ақ бетіңнен сүйгізіп.
1-жүргізуші.Аружан.
Әкешім ұғып жанымды,
Ойладың әркез қамымды,
Тілеуімді тілеумен,
Атқыздың талай таңыңды.
Ән: «Әке туралы жыр» Аяжанның орындауында.
2-жүргізуші.Аяжан.
Өнер бар ма қазақ халқы құр қалған,
Өнер шыңы пәктігімен тұрды алдан,
Бал құрақтай көлге біткен балуаса,
Би құдірет мың бұралып ырғалған.
Би: «Танго» Айсезім мен Оралханның орындауында қошеметпен қарсы алыңыздар.
1-жүргізуші.Аружан.
Ардақты аналар, әкелер, әпкелер әжелер келесі шырқалатын тамаша ән сіздерге арналады.
Ән: «Аға» Ерханның орындауында Қабыл алыңыздар!
2-жүргізуші.Аяжан.
Өмірде ата-анамдай бауыр қымбат,
Тай-құлындай бірге өскен достар қымбат.
Сусындатып білім беріп үйреткен,
Ұмытылмас дара тұлға ұстаз қымбат.
Келесі әніміз алғашқы ұстаз Мяаш апайға және бастауышта білім берген ұстаздарға арналады.
Хор: «Мейірман ұстаздар»
2-жүргізуші.Аяжан.
Мұғалім ғазиз мұғалім,
Сарқылмас мәңгі бұлағым,
Аружан арнайды бұл әнін!
Ән: «Домбыра туралы баллада» қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші.Аружан.
Алғашқы ұстаз ерекше тұлға дар шың,
Ұмтылмастай көңілде мәңгі қалатын,
Сарғайып кеткен суреттерді парақтап,
Шәкірттерін оңошада еске алатын.
Біз барамыз артқа тастап 4 жылды,
Ұмытпаймыз ұстазымызды жаны ізгі,
Пана болған дара болған біз үшін,
Жанымыздан артық дер ем біз сізді. Сөз кезегі н алғашқы ұстазымыз Мяаш апайға беріледі.
Мұғалім кешті қортындылап , ата-аналарға рахметін айтып оқушыларды дипломдармен, ата-аналрды алғыс хаттармен марапаттайды.
2-жүргізуші.Аяжан.
Өтті біздің балалық,
Өтті бізден балалық,
Тезге салды ұатазым,
Ұстанғаны адалдық,
Текті мінез даналық,
Үйреткені адамдық,
Біз тілейміз ұстазға
Екеуі бірге: «Бақыт, табыс, амандық»
Ән: «Астанаға» Абайдың орындауында.
2-жүргізуші.Аяжан.
Ұмытпаймын еркелеткен күндеріңді,
Ұмытпаймын әрқашан күлгеніңді,
Әкешім аман –есен жүре берші,
Қалаймын ұзақ өмір сүргеніңді.
1-жүргізуші.Аружан.
Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,
Болармын күні ертең –ақ мақтанышың,
Білім алып еңбек етем,
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін.
Ән: «Сұранам» Рахаттың орындауында.
2-жүргізуші.Аяжан.
Би: «Көңілді күн» Айсезім мен Аружанның орындауында.
Екеуі бірге: Шуағын шашқан,
Нұрын төккен,
Дәнін еккен,
4- көктем-атты кешіміз аяқталды.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Бастауышпен қоштасу

шағым қалдыра аласыз