Бастауышпен қоштасу

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бастауышпен қоштасу

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы





Б А С Т А У Ы Ш Ы М - Б А Л Б Ұ Л А Ғ Ы М

Сабақтың мақсаты:білімнің сара жолы мектептен басталатынын,білім негізі бастауыштан қаланатынын,білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сезіндіру.

2.Ойнау,байқау қабілеттерін дамыту.

3.Білім ордасы-мектеп,ұстаздарды құрметтеп,еңбектерін бағалай білуге,ата-анасының,Отанының адал ұл-қызы болуға жетелеу.

Көрнекілігі: Шарлар, гүлдер,слайд.

Мұғалім:

550 жыл қазақ хандығын

70 жыл бейбіт көрдік таңды мына,

Ата заң Ассамблея 20 жаста

Құтты болсын мерей баршаңызға!

Міне,мемлекетіміздегі осыншама мерейтойларға тұспа-тұс келген жылда біздің сыныпта да бүгін мерейтой.Олай дейтініміз жан-жақтарына таңырқай қарап,жүрексіне мектеп табалдырығын аттаған кішкентай бүлдіршіндеріміз бүгін міне,бой түзеп,ойларына сана қосып,еліміздің саналы азаматтары болғалы отыр.



Құрметті ата –аналар ,ұстаздар мен оқушылар, Сіздер «Бастауышым- балбұлағым» атты бастауышпен қоштасу тойына жиналып отырсыздар. Қадамдарыңыз құтты болсын! Әр жанұяға береке, бірлік,табыс тілейміз! Бойға бой, ойға ой қосып, бастауышты аяқтап, жоғары сыныпқа өткелі отырған бүлдіршіндерімізге «Талаптарыңа нұр жаусын» деп ертеңгілігімізді ашуға рұқсат етіңіздер.



Мерей: Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар!

Білім іздеп инемен құдық қазғандар.

Сен ұрпақты тәрбиелеп оқытқан,

Өмір деген үлкен жолда тарландар.


Көз салып қараңдаршы бойымызға,

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға

Қош келіпсіз мейірбан ұстаздар,

Бастауышпен қоштасу тойымызға!


Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,

Көздерінен мейірім мен нұр тамар.

Алдарыңда жауқазандай құлпырған

Біз алаңсыз, балғын шақты балалар.


А.Аружан:Қош келіпсіз өр тұлғалы әкелер,

Қыран құстай болашағын мәпелер.

Бүгін міне, бастауышпен қоштасады

Азамат боп, кешегі ерке сәбилер.


Бүгін міне қоштасады бастауышпен балбұлақ,

Әні менен жырына тарландарым сал құлақ.

Кеше сәби, бүгін міне, жас ұлан.

Лаулап жансын болашағың шамшырақ.



Мұғалім: Енді бастауыш сынып бітіруші түлектерді ортаға шақырайық.

Сұлтан: Осыдан 4 жыл бұрын, бүгінгі кейіпкерлеріміз,біреуі анасымен, біреуі әкесімен, енді біреуі ата-әжесімен қол ұстасып мектеп табалдырығын аттап еді.


Сымбат:Олар алғашқы күннен бастап ұстаздарымен танысты, партаға қалай отыру керектігінбасқа да мектеп ережелерін үйренді.


Нұрдәулет: Қолдарына қалам ұстап, А әріпінен бастап, 42 әріпті танып, 1-ден 100-ге дейін, 1000000-ға дейінгі сандарды санай алатын дәрежеге жетті.


Алма: Содан бергі 4 жыл ішінде талай ілім мен білімді бойымызға сіңіріп үйрендік. Бүгін міне, соның айғағы ретінде, бастауыш мектеппен және бізді білім нәрімен сусындатқан аяулы ұстазымызбен қоштасқалы отырмыз.

Бастаушылар қосыла: Қош келіпсіздер, құрмметті қонақтар!

Хормен: Мектеп кеме, білім теңіз,

Барар жолға тез жетеміз.

Төрт жыл алған білім нәрін,

Азық етіп ер жетемін.


Нұрдәулет: Есімде ұстазым алғаш қарсы алға

Айқара есік ашып тастағаны.

Бір мереке думан болып осы маңда

Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны.

Енді міне,сағымдай боп өте шықты,

4 жыл уақыт, аз ба екен кім біліпті,

Ұстаз- ана жасады, мына білден

Ел танымас, азамат,бір-бір мықты.


Гүлзағира: Шаттанамын мен бүгін шаттанамын,

Ғылым сырын түсіндім мақтанамын.

Осы сырды үйреткен 4 сыныбым

Түстей болып,міне бүгін артта қалдың.

Өмірге жол бір өзеннен бастадым

Алфавитті алғаш сенен бастадым,

Ұстаз – ана естен кетпес мәңгілік,

Мейірім мен жауырымнан қаққаның.


Ермахан:Көрмеген артық сөйлеп артық күліп,

Шәкірттерін баулыды тәртіпті ғып.

Қоштасамыз біз бүгін ұстазбенен

Ұстаз әнін жаңғыртып айтып тұрып.


Ән:(хормен) «Балдырған»

Қажы: Тек үйрендім әзіл менен адалдықты

Жирендік, ажыраттық жамандықты,

Жалғастырар ақ жолын елім саған

Бар деп ұққан әрқашан балаң мықты.


Сымбат: Алғашқы ұстаз анамызбен тең келді,

Бар асылын бізге жиып мол берді.

Қанатымен су себелеп асыл жан,

Баласындай шын жүректен хан көрді.


Арслан: Есімді ерең ұстазым,

...........сыйлап өткенің

Аянбай бізге қыс –жазы,

Молынан мейір төккенің.


Бағдәулет: Балғын шақта келіп едім,

Бал қызыққа еніп едім.

Тағдырымның билігін де,

Сеніп сізге беріп едім,

Жүзің жылы құшағың кең

Сенен түлеп ұшқаныммен

Өзің берген біліміңмен,

Белестерге шығамын мен.


Ернар: Ақылшым, асыл ұстазым,

Жолымды айқын нұсқадың.

Қасыма кеп қанша сен,

Қамқор боп қалам үстадың.


Сұлтанбек: Мектепті дәріптеу

Өмірімнің көктемін,

Сенде өткіземін деп келдім.

Алтын – ұя мектебім!(хормен)


Армандарым көп менің,

Атқарамын деп келдім.

Асыл анам мектебім! (хормен)


Өнерпазың көп сенің,

Өнер табам деп келдім.

Өз – бесігім мектебім.


Сымбат:Ия, мектебімізге қандай жыр арнасақ та жарасады. Ендеше, сыныптастарымыздың мектепке деген жырларын тыңдайық.

Ұстазды дәріптеуі

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға, - деп Абай атаның айтқанындай ұстазымыз 4 жыл бойы білім нәрімен сусындатты хат танытты, еңбек ете білуге үйретті, білімге жетеледі. Әдептілікке үйретті сондықтан да алғашқы ұстазымызға мың алғыс айтып басымызды иеміз.

Ал, балалар осы білім отдасына келгенде алдымыздан күлімдем қарсы алған алғашқы ұстазымызға не тілек айтамыз?

Айлина: Сен менің әкемдейсің анамдайсың,

Мен үшін армандайсың,алаңдайсың.

Ұстазым, сенен артық ақылшым жоқ.

Адалдық пен патасаттан жаралғандайсың.

Байсалды мінезіңмен бір қалыпты,

Менің де көкейімде із қалыпты.

Ұстаттың қағаз, қалам қолыма өзің,

Ерінбей үйреттің де әр әріпті.

Беруші еңбізге айтып өлең тақпақ

Таласып алушы едік біздер жаттап.

Өзіңіз баға қойған күнделікті,

Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап.

4 жыл бойы бойы білім беріп мәпелеген,

Анамыздай біз сыйлаймыз қастерлеп

Рахмет сізге ұстаз апай мол алғыс.

Ұмытпаймыз, жүреміз де дәріптеп.

Бәрі: Мың алғыс сізге біздей түлектерден

Мың алғыс мына отты жүректерден



Ән(хормен) «Жас дәуірдің түлегіміз»

  • Достар, бізді болашаққа не жетелейді?

  • Ұстаздың көрсеткен жолы,

  • Ата –ананың ақылы,

  • Болашаққа деген сенім.

  • Достар, бүгін бізде мейрам. Бастауыш сыныпты бітіріп жатырмыз.

  • Бір-бірлеріңе қандай жақсы тілек тілер едіңдер?

Ж Арай: өмір деген сан саналы қиыр жол,

Адаспасаң одан да аларың мол.

Ұстаз,ана әкенің, құрбының да,

Саған достым тілеймін тек ақ жол!


Албина: жайнаса бал-бұл бүлдіршін,

Бір сынып тағы өрлесін.

Жайқалып тұрған көктемгі,

Өмірің сенің гүл болсын


Бекзат:Құтты болсын құрбыжан,

Алға аттаған қадамың

Білім деп соқсын жүрегің.

Жолыңабестік шашылсын.

Бекарыс:Шақырып алыс арманға,

Асулар күтіп тұр алда.

Өмірге ұлы самғауға

Жар бола көрсін бір Алла!

Алма: Ұстаздар жаққан шырақты

Өшірмейік балалар

Бәрін-бәрін білесің оқи берсең кітапты дегендей жоғары сыныпта өтілетін пәндерге негіз болатын, Ата тілі, математика, Дүниетану, Шет тілі пәндерін зер салып оқып үйрендік.

Ана тілі:Анашымдай сыр шерткен,

Ақыл білім үйреткен.

Ана тілін оқыдық,

Ерекше зор құрметпен.

Ана тілін сүйеміз құрметпен бас иеміз

Ана тілмен қоштасамыз

Әдебиетпен достасамыз.

Қазақ тілі: Қазақ тілі пәнінен

Білім алды балалар

Сөйлемді, сөз таптарын.

Етістіктің шақтарын.

Жалғаулар мен жұрнақтар.

Ережесін жаттадым.

Бесіншіге барған соң

Апайларым бағалар.

Математика:Ойланып есеп шығарып

Төрт таңба амалды білдірген,

Математика пәні бұл-

Ғылымдардың патшасы.

Дүниетану:Ой жіберсең бәріне,

Өмір сырын үйретер.

Жер байлығы көп екен

Игеруді қалайтын.

Осының бәрін білдірген

Дүниетану пәні де.

Шет тілі: Үйрендік біз жалықпай,

Ағылшын тілін шарықтай.

Тіл сындырып ән айтып,

Шаттандық біз қалықтай

.Махаббат апай тәлімі

Сәулесін шашқан жарықтай.


Гаухар:Бастауышпен қоштасу сәті бүгінгі,

Алғашқы ұстаз бағалайтын құныңды.

Әрбір ісің маған үлгі өнеге,

Әрбір ісің мәнеолі де ұғымжы.

Алғашқы ұстаз-ақ тауым,

Сіз арқылы бар білімді жаттадым.

Қалай ғана жеткіземін сіздерге,

Қоштасудың жүрегіме батқанын.

Айкен: Бастауыштан білім алып,

Кеңейді ой-санамыз,

Шаттыққа тол балалық шақ,

Шырқап әнге саламыз.


Бейбарыс:Қимастықтан жүрегіміз,

Ертегідей бүгінде.

Ораламыз біз өзіңе,

Ұмытпаймыз «Бастауыш»


Даниял: Қош бол, қош бол бастауыш,

Жаңғырады сан дауыс

Ешқашан да біз өзіңді,

Ұмытпаймыз бастауыш


Би: Вальс


Келесі кезекте: Көрініс

Ал енді ертегі тамашалаңыздар: «Ормандағы аңдар»


Алма: Нұр жүзінен жылы шуақ төгілген,

Шәкірттерін сүйген таза көңілден.

Тағлым беріп жпс ұрпаққа қашанда,

Өз соқпағын тапқан мына өмірден.

Дей келе оқушыларды құттықтау сөз мектеп директорына.


Нұрдәулет: Ана жанын ана болсаң ұғарсың,

Алдыңдағы ол бір биік құз бен шың,

Балаң үшін кеуде керіп қуанып,

Балаң үшін биіктен де құларсың,-деп Сөз кезегін ата-аналарға береміз.


Мұғалім:Құрметті оқушылар! Міне алғашқы басқыш бастауыш мектепті тәмәмдап, ортаңғы буынға көшкелі отырсыңдар. Қаумалаған көпшілік , ата – аналар, ұстаздар қауымы сендер не білді, нені үйренді, білім мен тәрбиені қалай меңгерді деп сынай қарап отырМіне балалар, сендер осы сыннан сүрінбей өттіңдер:

Қанаттарың қатайды,

Биікке енді самғаңдар.

Білім жолы – сара жол,

Ізденіңдер, талмаңдар.

(хормен) Қош бол, балғын балалық,

Қош бол, сүйікті бастауышым!

Мұғалім: Бастауыш мектеппен қоштасу салтанатын аяқтай келе 4 сыныпты сапалы білімдерімен аяқтаған оқушыларыма жоғары сыныпқа барғанда да осы сапалық құрамын сақтап, үнемі жақсы оқуымызбен болашақ Тәуелсіз еліміздің тірегі болар азамат боп өссіңдер деп тілек білдіремін.

Ал, ата-аналарға айтарым:

  • Қырандарыңыздың білім қанаттары талмасын, тек биікке самғасын дегім келеді.

Алдарыңда ұзақ жолың бар,

Оқумен өсіп толыңдар.

Қиындыққа мойымай,

Аман есен болыңдар,- деп бастауышпен қоштасу ертеңгілігін аяқтаймыз. Көріп тамашалағандарыңыз үшін көп-көп рахмет!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.12.2018
498
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі