Материалдар / Бастауышпен қоштасу сценарий 3

Бастауышпен қоштасу сценарий 3

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауышпен қоштасу сценарий 4-сынып Бастауышпен қоштасу сценарийі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Мамыр 2024
84
0 рет жүктелген
225 ₸ 250 ₸
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бастауышпен қоштасу мерекесі

«Қош бол, бастауыш» Мақсаты:А. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.Б.Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру,әр баланың ерекшелігін  таныта отырып, сәт – сапар тілеу.В.Білім берер ордасы- мектепті, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Көрнекілігі: «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы. Слайдтар.

1.НАЗЫМ:-Құрметті ұстаздар, аяулы достар, қадірменді ата - аналар! Бүгін бізде қуаныш, үлкен той. Бүгін 4 жыл бойы білім беріп, ой сананы дамытқан, адалдыққа тәрбиелеп, білімнің соқпағынан ғылымның арнасына кең жол ашқан бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр. Олай болса, 4 «А» сыныбының «ҚОШ БОЛ, БАСТАУЫШ» атты бастауышпен қоштасу кешіне қош келдіңіздер!

Мұғалім сөзі:  Осыдан төрт жыл бұрын, яғни 2015 жылдың 1 қыркүйегінде мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған, кіп-кішкентай болған бүлдіршіндер қандай болды екен? Олай болса, құрметті ұстаздар, ақ пейілді ата-аналар және қонақтар сол бүлдіршіндердің тәтті де бал күндеріне көз жүгіртейік. 
Экранға назар аударыңыздар (слайд)

ІҢКАР:Білім бізді қызғалдақтай гүлдетті, 
Бастауышты тәмәмдайтын күн жетті. 
Қошеметпен шақырамыз ортаға, 
Қадам басқан шәкірттерін құрметті - дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық! (ВАЛЬС биімен ортаға шығады)

ІҢКАР: Көз салып қараңызшы бойымызға, Ортақ боп бүгін өскен ойымызға. Қош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар, Бастауышпен қоштасу тойымызға.

Мұғалім: Мен үшін бәрің бірдейсіңдер қарақтарым, Орындалсын арман тілек талаптарың. Ақ парақтай келдіңдер сәби болып, Ұғындым, әрбіріңді парақтадым. Өткіздік талай күнді, талай айды, Уақыт сырғып артқа қарамайды. 4 жыл бойы сендермен бірге болдым, Өткіздік талай қызық, талай жайды. Ірге тасын қаладым, білім бердім, Саналы ұл-қыздарым бүгін менің. Ортада тұрған осы шәкірттердің, Көрейік тамашалап өнерлерін!

ДИЛЬНАЗ: Армысыздар, әжелер мен аналар, Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар. Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп, Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар. АЛЬХАМ: Армысыздар өр тұлғалы әкелер, Қыран құстай балапанын мәпелер. Бүгін міне бастауышпен қоштасады, Азамат боп, кешегі сәби-еркелер. ИМРАН: Армысың сен, алтын ұя мектебім, Саған айтар жыр алғысым көп менің. Жүректерге жаққан білім шырағым, Мектебіме арналады бұл әнім. АЗАМАТ: ӘЛІППЕмен аштым өмір есігін,Тербетемін білім бөбек бесігін.Өмір деген өрлі өзенге шомылып, Жаттап өстім ұстазымның есімін. ЖИБЕК: Есімде ерен ұстазым, Шашымнан сипап өткенің. Аянбай бізге қыс-жазы, Молынан мейір төккенің. АЙША:Арада өтсе дағы дүркіреп жыл, Әр күні балалықтай бір жүрек бұл. Өзіңе борыштармын өмір бойы, Есейген шәкірттердің серті деп біл. ҚАЙЫРЖАН:Мектебім – білім берер алтын ұям, Ер жетіп сенде сөзім, артты санам. Байлығын 4 жыл бойы ата –анамдай, Әрқашан қасиетті атың маған. АЛДИЯР: Ұстаз деген қасиетті адам бар,Біле білсең сенің екі анаң бар.
Бірі сенің туған анаң болса егер,Екінші анаң ұстаз деген данаң бар. МҰСТАФА: Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық, Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.Сүйкімді сенің күміс қоңырауың, Тұрады құлағымда сыңғыр қағып. МҰНАРА:Өмірге жол бір өзіңнен бастадым, Алфавитті алғаш сенен жаттадым.Ұстаз-ана естен кетпес мәңгілік, Мейіріммен жауырынымнан қаққаның.

ХОР:Мектеп – кеме, білім – теңіз, 
Барар жолға тез жетеміз. 
Адаспаймыз ұлы жолда, 
Ұстаз берген білім қолда.

ӘН: «МЕКТЕБІМ»





НАЗЫМ:- Күндіз-түні ойладыңыз бала қамын. Тынымсыз атып жатыр әрбір таңын. Басқарып директор боп осы ұжымды Баршаны аялаған алақанын

Ажырамай мектеппен бір елі сіз, 
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз. 
Сөз берелік құрметпен өзіңізге, 
Түлектерге арналсын тілегіңіз, - дей келе білім ордамыздың басшысы Әбілғазинов Мохаммед Наскенұлынасөз беріледі. 

ІҢКАР: Көңілін бар шәкірттің таба алатын, 
Кеуделерге намыс отын жаға алатын. 
Өзіңдей болса шіркін, барлық ұстаз, 
Жез таңдай, күміс көмей сөзі алтын, - дей келе келесі құттықтау сөз кезегі директордың оқу ісі жөніндегі меңгерушісі Тулеуова Алтын Байтенқызына беріледі.

МУЗЫКА (САХНАДАН ШЫҒУ керек)



НАЗЫМ: Мектебіміздің әнші қыздары Дильназ бен Мұнараның орындауында «ГҮЛ КӨБЕЛЕК» әнін қабыл алыңыздар.

НАЗЫМ:ҚАЗАҚ ТІЛІ пәнінен, Білім алды балалар.Сөйлемді, сөз таптарын,Етістіктің шақтарын,Жалғаулар мен жұрнақтар.Ережесін жаттадым 5-шіге барған соң, Мұғалімдер бағалар.

ІҢКАР: Ой жіберсең бәріне, ДҮНИЕТАНУ пәніне.Өмір сырын үйретер, Пәннің жақсы бірі де.Жер байлығы көп екен,Игеруді қалайды. Осының бәрін білдірген, ДҮНИЕТАНУ сабағы.

НАЗЫМ: Ортаға күйшілерді шақырамыз. «АРЫНҒАЗЫ» күйін тамашалаңыздар.

ІҢКАР: -Әр шәкіртің өз баласынан кем көрмей оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім - мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған. 

НАЗЫМ: -Иә, бұл туралы Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» деген екен. Олай болса келесі жырымызды ұстаздарымызға арнаймыз! 





(ШАР ұстап ортаға шығыды)

1.МҰНАРА: Байсалды мінезіңмен бір қалыпты,
Менің де көкейімде сіз қалыпсыз.
АЛТЫН БАЙТЕНқызы неткен мықты төзімдісіз,
Шәкіртім білім алсын, білсін дейсіз

2.ДИЛЬНАЗ: Жүрегі нұр АЛМА БАЯЗИТқызының
Сондықтан да бірөзіңеұқсадым. Адам жанынтәрбиелепаялар,
Құрметтеймізбізсіздіәрдайым.

3.ЖИБЕК:Жүрегімді КЛАРА апайбергенсабағы,
Өнбойыматамырланыптарады.
Ұмытпаймызбізгеүйреткенағылшынын Мәңгібақиесіміздеқалады.
Үйренеміз жалықпай,АҒЫЛШЫН ТІЛІН шарықтай.Тіл сындырып, ән айтып,Шаттанамыз қалықтай,КЛАРА апай тәлімі,Сәулесін шашқан жарықтай.

НАЗЫМ: АЛЬХАМның орындауында ӘН«АЛОН»

4.МҰСТАФА: МОНИТОР, пернетақта сөздің басы Өрмелейді компьютермен өрге тасың Бүгінде жаһандау заманында ЕРТАЙ ағай зор ғой бізге «қашанда»

5.ҚАЙЫРЖАН:Мектебімде ТӨЛЕГЕН ағай бар
Бізді секіртеді, жүгіртеді. Жаттығудыңнешетүрінжасатып,
Әрқашанденеңшымырболсындейді.

Кім білмейді мектепте ТӨЛЕГЕН ағайдыСпорт десе жоқтан ол бар жасайдыҚашанда спорт залдан табылатынСыйлаймыз біз шынықтырушы ТӨЛЕГЕН ағайды.

6.ИМРАН:Орысшаны жаттаймыз,Орыс тілінен қалмаймыз.
АЙГҮЛ ҚЫЛЫШБЕКовнаның арқасында
Орысша біз сайраймыз.Ұнатады ол енді
Орысшаны білгенді,Қысылмаймыз біз енді

ІҢКАР: ИМРАНның орындауында«ЛЕСНАЯ ПЕСЕНКА» әнін қабыл алыңыздар.





7.АЛЬХАМ:Ән салғызып, билетіп,Нотаны да үйретіп
Жаулап алат жүректі,Ән мен күйге бөлетіп
Хорға да бізді дайындап,Әрбір іске қарайлап,АЙГҮЛ АПАЙ тұрады, Көзінен күнде нұр ойнап. 8.АЙША: АНАР БАХШАР анашымдай аялаған,
Нұрланған шуағымсың саялаған.
Айналдықмейірімдіжүрегіңізден
Шәкірттен өз бақытын аямаған.

НАЗЫМ: Айшаның орындауында «СОНАТИНА» күйі қабыл алыңыздар.

9.АЗАМАТ: АЙНҰР апай түзеттіріпшалалықты,
Есейттіңіз балалықты.Сабырыңыз құрыштай
Жөн айттыңыз ұрыспай. Сізденізгікішілікті,
Үйрендікбізкісілікті. Алғысымызсізгебіздіңшексіз!
10.МҰНАРА: ЛАЗЗАТ апай нағыз биші ұстазсыз,
Сондықтан да бір өзіңе ұқсадым
Шаршасаң да, сездірмей күлімдейсіз,
Шәкіртім би үйренсін, білсін дейсіз.
. ХОР: БІЛІМ БЕРГЕН БІЗДЕРГЕ, РАХМЕТ, ҰСТАЗ СІЗДЕРГЕ!

ӘН: «Ардақты менің ұстазым» (ДИЛЬНАЗ, МҰНАРА)

НАЗЫМ: Бесіктегі баланың, 
Күлгенін көрген – бір мұрат. 
Алдына түсіп ананаң, 
Жүргенін көрген – бір мұрат, - деп ата – ананың өз баласына тек жақсылық тілейтіндігі баршамызға аян. Олай, болса, бүгінгі мерекелік кешімізге куә болып отырған – барша көрермендердің ыстық ықыласын тыңдайтын уақытта жеткен сияқты.Сонымен қатар үлкен алғысымызды ата-әжелеріміз бен ата-аналарымызға білдіргіміз келіп отыр. Біздің өміріміздегі асыл жандар ол - Сіздер. Бас иіп, шексіз алғысымызды ақ жаулықты аналарға және қадірлі әкелерге білдіреміз. ІҢКАР: Біздің қуанышымыз бен жеңісімізге ортақ болған, бізбен бірге уайымдаған — ата-ана. Олар бізге дүниедегі ең жақын қадірлі адамдар. НАЗЫМ: Құрметті ата-аналар, біз сіздерге алғысымызды білдіре отырып келесі әнді өздеріңізге арнаймыз.

Ән «АНАШЫМ»

Мұғалім: 4 жыл бойы мектеп өміріне белсене қатысқан үшін мына ата аналарды марапаттағым келеді. (ФАНФАРА , МАРАПАТТАУ)

ІҢКАР: Ортада Айшаның орындауында «Кішкентай кактус» күйін тамашалаңыздар.

НАЗЫМ: Альхамның орындауында «Қазақ елі» әні, қабыл алыңыздар.

ІҢКАР: «ӘЗІЛ ӘЛЕМІ» - ден үзіндіні тамашалаңыздар (Мұстафа, Имран)

«ӘЗІЛКЕШТЕР» әні

НАЗЫМ: Мың бұрала билейтін,
Биді жақсы көретін.
Өнеріміз бар біздің
ФЛЕШМОБ биін билейтін,- деп ортаға бишілерімізді шақырайық.

ІҢКАР: Оқушыларға ақ жол тілей отырып, орта буынға шығарып саламыз.



Мұғалім: Бір ұядан ұшты деп, Бөліп жармай қарадым
Қоштасатын сәт келді. Қош шәкіртім қарағым:
Жасыңа жас қосылды, Сыныпқа сыныбың
Көз алдымда өскесін, 225 ₸ - Сатып алу

Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!