«Қош бол, бастауыш»
Музыка ойнап тұрады.
Мұғалім:
Бүгін міне жақсы күн жарқыраған,
Көңілдер қуаныштан сарқыраған.
Қоштасатын күн келді бастауышпен,
Қиындау болып тұр-ау бүгін маған.
Кеше ғана алдыма келген еді,
Именіп ұлы ұяға енген еді.
4 жыл бойы сусындап білімменен,
Ұшатын қанат қағып келді кезі.
Олай болса 4 «Ә» сыныбының «Қош бол, бастауыш» атты бастауышпен қоштасу салтанатына қош келдіңіздер.
Бесіктегі баланың, күлгенін көрген бір мұрат.
Алдына түсіп ананың, жүргенін көрген бір мұрат, -
дегендей, бұл да бір қуанышты күн.
Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады.Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да, ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.
-
Бұл салтанат қуаныш баршамызға,
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,
4 «Ә» сыныбын
ортамызға.
1. Бос жіберме ешқашан уақытыңды
Аялай біл ақылың жақұтыңды
Қуаныш сен ел силар азамат бол
Болашақтан табарсың бақытыңды
2. Жаның бай, өзің сұлу ертегісің
Мінекей ұшып барат ерке құсым
Жақсы істі жүрегімен атқаратын
Айғаным сен елімнің ертеңісің
3. Айтар сөз, тілейтұғын тілегім бар
Сүйейтұғын арқаңды тірегің бар
Бейбарыс көңілің ақ, жүзің жылы
Кең дастархан сәбидей жүрегің бар
4. Алина адал жүрек алғырымыз
Сыйлаймыз жақсы қыз деп барлығымыз
Өнері бар бойында тұнып тұрған
Жолың болсын қашанда ақылды қыз
5. Еңбекқор, әзілкеш бойында бар
Қате ісі әрқашан мойындалар
Әр ісіне жауапты Серікжаным
Арманың болашақта орындалар
6. Мөлдірдің мінезі бар жанға жайлы
Ешкімді еш уақытта алдамайды
Күліп жүр өмірде де дәл осылай
Қиындыққа кездессең болма қайғы
7. Мереке көп болуда сүйікті елде.
Ақылды адам бәрінен биік пенде
Ал Мағжан болашағың биік болсын
Жұлдызың болсын әркез биіктерде
8. Жаның бай өзің сұлу ертегісің
Мінекей ұшып барат ерке құсым
Жақсы істі жүрегімен жасайтұғын
Нұрайжан сыныптағы көркемісің
9. Арландай баламызға мақтанамыз
Әніне рахаттанып шаттанамыз
Талантымен талайды тамсантатын
Арланға ақ тілекті ақтарамыз.
10. Қыз дегенің қылығымен сүйкімді
Ең бастысы жүректері сиқырлы
Әминадай ерке қыз арамызда
Өнеріне тамсанып қараңыздар.
11. Руслан біздің салмақты
Сабақтан бір қалмапты
Әрбір іске жауапты
Ешқашан сотқар болмапты.
12. Мереке көп болуда сүйікті елде
Ақылды жан бәрінен биік пенде
Толғанай болашағың жарқын болсын
Жұлдызың болсын әркез биіктерде.
13. Муратқа да мінекей кезек келді
Қызыл тілім жыр айтып безектеді
Жігіт болды айтсақ та сенбейді ешкім
Қаншама бұзық оны десек те енді.
14. Не жетеді көңілдің байлығына
Мойындатқан еңбекпен барлығында
Мектебі ниеттес боп қолын бұлғап
Сәттіліктер тілейді Дильназғада
Бастауыштың түлектеріне қол соғып, қошемет көрсетейік.
Алина: Бала шаққа болашақты жырлатты
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге
Армысыздар ұстаздарым қымбатты.
Әмина: Армысыздар әжелер мен аналар
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар
Ән «Мектебім» орындайтындар Аманғазина Әмина, Қайдарова Алина
Серікжан: Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма
Бастауышта айтылмаған сыр бар ма
Бастауышта алған білім жырларын
Азық болар мәңгі талай жылдарға
Толғанай: Бастауышым балбұлағым
Лаулап жанған шамшырағым
Өзің берген біліміңмен
Самғап ұшар тау қыраның.
Би «Флешмоб» өнер көрсететін Мөлдір Толғанай Айғаным
Руслан: Алтын ұя мектебім аялаған
Бар балаға білім беріп сая болған
Үлкен жолға түсіріп шәкірттерін
Жаманға да жақсыға да пана болған
Дильназ: Мектебім білім берер алтын ұям
Үйретіп сенде сөзім, артты санам
Баулыған 4 жыл бойы ата-анамдай
Әрқашан қасиетті атың маған
Арада өтсе дағы дүркіреп жыл
Әр күні балалаықтай бір жүрек бұл
Өзіңе борыштармын өмір бойы
Есейген шәкіртіңнің серті деп біл
Оқушылардың әзілдерін тамашалаңыздар.
Қайырымды бала (Әмина Алина)
Серікжан дүкенге барып кивидің атын ұмытып қалса (Серікжан Диьназ)
Жауабы өте қиын сұрақ (Арлан Нұрай)
Мурат сабақта алма жеп отырса (Мурат Айғаным)
Кішкентай маса (Мағжан Серікжан)
Шыбын (Мағжан Бейбарыс)
Ән: «Көңілді күн» орындайтындар Дилназ Алина Серікжан
Мұрат: Бастауышым балбұлағым
Алдым сенен балдың дәмін
Әріп танып білім алып
Рахметімді жаудырамын
Мағжан: Білім бар білем десең баста піскен
Қолда оқулық бәрі де тасқа түскен
4 жыл бойы саялы мекен еткен
Қоштасайық біз енді бастауышпен
Бастауыш мұнда өткен бала шағым
Соқпай кеткен бұл жерге қаласа кім
Еліміздің әу бастан ақ дайындауға
Саналы азаматын болашағын
Би «Вальс»
Қуаныш: Мектеп маңы толыпты жарасымға
Ізгілік пен мейірім бәрі осында
Қанат қағып кешегі балапандар
Ақыл білім жетіліп санасында
Арлан: Білім деген қауыздан гүл ашылған
Оған керек таусылмайтын көп шыдам
Бар білімнің бар ілімнің атасы
Бастау алар бастауыш сатысынан
Енді міне сағымдай боп өте шықты
4 жыл аз ба екен кім біліпті
Ұстаз ана жасады мына бізден
Ел таң қалар азамат бір-бір мықты
Көріністер:
Тарих сабағынан емтихан (Айғаным Мағжан)
Сабақтан әбден жалыққан балалар (Әмина және балалар)
Құлап қалған бала (Мурат Алина)
Барабан алғысы келген бала (Дильназ Руслан)
Емтихан (Серікжан Арлан)
Мамаңның аты кім (Арлан Мөлдір)
Балмұздақ (Мөлдір Нұрай)
Ән: «Ертегілер» орындайтындар Айғаным Әмина Толғанай Нұрай
Бейбарыс: Қағылды міне әуенге бөлеп
Қағылды соңғы қоңырау
Қалайша 4 жыл тез өтіп кеткен
Шындық па осы япыр-ау
Нұрай; Қоссаңдар бірді екіге үш болады
Деуші едік біліммен күш толады
Алғыр бол әдепті бол сабырлы бол
Ақылмен іс істесең оң болады
Беруші ең бізге айтып өлең тақпақ
Таласып алушы едік біздер жаттап
Өзіңіз баға қойған күнделікті
Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап.
Би «Деспасито»
Мөлдір: Тек үйреттің әділдікті адалдықты
Жирентіп ажыраттық жамандықты
Жалғастырар ақ жолды сенің салған
Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты.
Айғаным: Ұлылықты ардақ тұтар үнемі
Алтын ұя ақ босаға киелі
Қанат қаққан білім алып өзіңнен
Күллі шәкірт саған басын иеді
Мектебім алтын ұям нұрың жарық
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.
Ән «Ұстазым» орындайтындар Айғаным Мөлдір Толғанай
Кілт тапсыру
Алдарыңнан арман жолы
ашылады.
Сендерге бақыт гүлі шашылады.
Қимастықпен білімнің алтын кілтін
Ізін басар сыныпқа тапсырады.
Мағжан:
Құрметті, болашақ 1 сынып оқушылары. Біздер, яғни 4 сынып оқушылары, бүгін бастауыш сыныппен қоштасып, жоғарғы буынға қадам басқалы отырмыз. Сондықтан да сіздерге болашақта мектебімізді тек жоғарғы белестерден көрсетеді деген зор сеніммен білімнің алтын кілтін табыс етеміз. Қабыл алыңыздар!!!
1 сынып оқушысы:
Құрметті бастауыш сыныптың түлектері. Сіздер артқан үмітті ақтауға ант етеміз.
Талай шәкірт туған жерді түлеткен
Талай шәкір мектебіне гүл еккен
Бастауыштан қанат қаққан сіздерге
Сәтті сапар тілейміз шын жүректен.
Ант беру
Түлектер сендер енді жоғарғы сынып оқушысы боласыңдар. Маған алдағы уақытта орта буын оқушысы ретінде, достарыңа, ұстаздарыңа тік қарап тұрып, осы антты бұлжытпай орындауға серт беруге дайынсыңдар ма?
Тақта алдында қақпашыдай болып, барлық қиын сұрақты да оңай сұрақты да қағып алып, орындауға ант етесіңдер ме?
Бір-біріңе бауырдай қарап дос болуға, қиындықта тастамауға ант етесіңдер ме?
Мұғалімді ашуландырмауға, арттарыңнан жаман сөздер айттырмауға ант етесіңдер ме
Мектеп каридорында үзілісте тек 60км/с жылдамдықпен қозғалуға ант етесіңдер ме?
Аптасында кем дегенде 1 рет 17-ші кабинетке келіп тұруға ант етесіңдер ме?
Білімнің тұңғиық түбіне сүңгуге ант етесіңдер ?
Ән «Ұстазым» хор
Марапаттау.
Би «Флешмоб»
1. Алина:
Әмина:
2. Ән «Мектебім» орындайтындар Аманғазина Әмина, Қайдарова Алина
3. Серікжан:
Толғанай:
4. Би «Флешмоб» өнер көрсететін Мөлдір Толғанай Айғаным
5. Руслан:
Дильназ:
6. Қайырымды бала (Әмина Алина)

7. Ән: «Көңілді күн» орындайтындар Дилназ Алина Серікжан
8. Мұрат:
Мағжан:
9. Би «Вальс»
10. Қуаныш:
Арлан:
11. Көріністер:

12. Ән: «Ертегілер» орындайтындар Айғаным Әмина Толғанай Нұрай
13. Бейбарыс:
Нұрай;
14. Би «Деспасито»
15. Мөлдір:
Айғаным:
16. Ән «Ұстазым» орындайтындар Айғаным Мөлдір Толғанай
17. Кілт тапсыру
Мағжан:
1 сынып оқушысы:
18. Ант беру
19. Ән «Ұстазым» хор
20. Марапаттау.
21. Би «Флешмоб»
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Бастауышым - балбұлағым

шағым қалдыра аласыз